Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет54/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

•  Пәндік  салалар  парадигмалары  (педагогика,  педагогикалық  антропология, 

социология, физика, химия және т.б.). 

Парадигма  бастапқыдан  теориялық  қайта  құрудың  нысанасы  болғанымен,  нақты  да 

тұрақты  анықталған  шекарасы  жоқ.  Парадигма  ‒  ғылыми  жетістік,  ол  белгілі  бір  уақыт 

ішінде  ғылыми-  педагогикалық  мәселелерді  алға  қоюдың  моделінің,  оларды шешу  үлгісінің 

негізі  болып  табылады.  Демек,  парадигма  ғылымға  танымдық  және  қайта  құру  қызметінің 

негізгі  қағидаларын  және  осы  қағидаларды  іске  асырудың  үлгілерін  ұсынады.  Парадигма 

педагогикалық  теория  ретінде  басқа  зерттеушілер  үшін  белгілі  бір  ғылыми-педагогикалық 

мектеп  шеңберінде  орындалатын  зерттеулердің  әдіснамасы  қызметін  атқарады.  Мұндай 

теория  ғылыми-педагогикалық  мектеп  өкілдерінің  ғылыми  зерттеулерінің  бағыттары  мен 

тәсілдерін  анықтайды.  Адамзаттың  жаңа  постиндустриалды  дәуірге  өтуі  білімдегі  үш  жүз 

жылдан  астам  уақыт  қызмет  көрсетіп  келген  оқытудың  түбегейлі  жаңаша  құрылуын  талап 

етті. Қоғамның индустриалды қоғамнан екінші  – постиндустриалды қоғамға өтуі білім беру 

жүйесінде  түбегейлі  өзгерістермен  қатар  жүрді.  Постиндустриалды  мәдениетке  көшу 

барысындағы  еңбекке  деген  көзқарас  өзгеше  –  жұмысшы  өз  еңбегінің  нәтижесі  мен 

табысына  қанағаттанады.  Ол  материалдық  және  рухани  да  болады.  Еңбекке  деген  қарым-

қатынас  жаңа  типтегі  жұмысшының  еңбек  арқылы  өзінің  еңбегінің  құнын танытуы  ретінде 

болады.  Осылайша  адам  еңбек  үдерісінде  басты  өмірлік  қажеттілігінен  қанағат  тауып  ‒ 

өмірдің мәнін түсінеді. Өмір мен еңбек ұласады. Постиндустриалдық қоғамдағы оқу әрекетін 

ұйымдастыру  методологиясы  тұрғысынан  педагогика  және  педагогикалық  психология 

жаңаша қарауды талап етеді.  




жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет