Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет52/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

Соңғы  уақытта  педагогикалық  теория  мен  практикада  диалог,  ынтымақтастық, 

бірлескен әрекет, өзге адамның көзқарасын түсіну қажеттігі, тұлғаны құрметтеу және басқа 

да  идеялар  еніп,  көп  тұжырымдамалық  және  көп  парадигмалық  тұғырлардың  дамуына 

тікелей  ықпал  етті.  XX  ғасырда  таным  әдіснамасында  маңызды  өзгерістер  орын  алды.  Көп 

парадигмалық тұғыр да талқыланды. Педагогика ғылымы мен практикасында парадигмалық 

тұғыр,  парадигмалық  ұстаным,  көп  парадигмалық,  парадигмалық  бейне,  көп  парадигмалық 

үдеріс,  парадигманың  түрлері  және  осы  категорияны  зерттеушілердің  дүниетанымдық 

бағытына сәйкес, парадигмалық құбылыстар деген жалпы ұғым қалыптасты. Парадигманың 

түпнұсқалық  мазмұнына  педагогикалық  мәселені  қою  мен  шешудің  жалпы  қабылданған 

тұрпаты, педагогика ғылымы мен    практикасында    танымның  жалпыәдіснамалық негізі, 

таным  әрекетінің  негізгі  ұстанымы  және  іске  асыру  нысаны,  әдістердің,  мәселелік 

жағдаяттың  көздері  және  оларды  шешу  стандарттары,  педагогиканың  өткені  мен  бүгінін 

талдау енгізілді. 

Т.  Кун  ғылыми  пәннің  дамуында  парадигманың  кезеңдерін:  парадигмалық  кезең, 

парадигма  үстемдігі  кезеңі,  дағдарыс  және  революция  кезеңі  деп  бөлген.  Т.  Кунның 

парадигмалы  ғылыми  тұжырымын  талдай  отырып,  қазақстандық  ғалым  Ұ.Ж.  Әлиев  оның 

тұжырымдамасының  негізгі  қағидаларын  сипаттай отырып, ғылым  өз  дамуындағы  әр  түрлі 

кезеңдерді  басынан  өткізетіндігін  атап  көрсетті:  аномалды,  дағдарысты,  қалыпты.  Т.  Кун 

бойынша, ғылыми білімнің өсу заңдылықтары:  қалыпты ғылым (ҚҒ), ғылымдағы аномалия 

(ҒА),  жаңа  парадигма  (ЖП),  яғни  балама  теориялардың  бәскекелестігі  және  ескі 

парадигманың жаңа парадигмамен алмасуы, ғылыми революция (ҒР) қайтадан қалыптасқан 

ғылым (ҚҒ)  және  ары  қарай  дамудың  келесі  сатысы.  Т.  Кунның  тұжырымдамасына  сүйене 

отырып,  философ  Г.И.  Рузавин  парадигманы  қоғамда  қабылданған  қандай  бір  ғылыми 

саланың  белгілі  кезеңдегі  дамуын  қамтамасыз  ететін,  негізі  қаланған  теория  ретінде 

қарастырады. 

Ғалым  Г.Б.  Корнетов  «Педагогикалық  парадигма  –  теориялық  және  практикалық  іс-

әрекеттің  олардың  рефлексия  дәрежесіне  байланыссыз  мазмұнды  бірлігін  анықтайтын 

тұрақты  сипаттамалар  жиынтығы»  деген  мағыналы  анықтаманы  бере  отырып, 

педагогикалық парадигманың төмендегі түлерін анықтайды: авторитарлық, манипулятивтік, 

қолдау педагогикасы. 

Қазіргі  кезеңде  «білімді  адам»  парадигмасына  көшу  орын  алып  отыр,  жаңа 

парадигманың  артықшылығы  –  адам  еркін  ойлана  алады,  өз  ойын  шығармашылыққа 

ұштастыра  алады,  өз  бетінше  дами  алады,  интеллектуалдық,  тәндік  және  адамгершілік 

тұрғыда  өзін  қалыптастыра  алады.  Жаңа  парадигма  жаңа  білім  мен  ақыл-ойдың 

жалпыәлемдік принципіне сүйенеді, машиналық технологиядан әлеуметтік технологияларға 

өтуді  көздейді,  күтілетін  нәтиже ғылыми  білімді  меңгеру  емес, оны  өмірде  пайдалану  –  іс-

әрекеттік әдіснамасы болып табылады. 

Қазақстандық ғалымдар Ж. Наурызбай, А.П. Сейтешев, Қ.М.  Арынғазин    және  т.б.  

ҚР  білім  беру   жүйесіне  жаңа парадигманың қажеттілігін ашып көрсетеді. Мәселен, ғалым 

Қ.М. Арынғазин мағыналы      педагогиканы      ұсынса,      академик      А.П.      Сейтешев      

–  «суперобъектілер:  адам,  әлеумет,  өркениет»  және  білім  берудің  өзара  байланысын 

көрсетеді, ғалымдар «ғылыми зерттеулер барысында шешілетін нақты мәселелер мен оларды 

шешудің әдіс-тәсілдері» деген ұстанымды ұстанады.  

Парадигма ғылыми және білімдік деп екіге жіктеледі: 

Ғылыми  парадигма  –  барлық  ғылыми  қауымдастықтар  мойындаған,  жаңа  ғылыми 

зерттеулер  үшін  негіз  бола  алатын  ғылыми  жетістіктер  жиынтығы.  Ғалымдардың  берген 

анықтамасы бойынша, ғылыми парадигма бұл тек қана теория емес, ғылымдағы іс-әрекеттер 

тәсілі, зерттеу  міндеттерін шешудің үлгісі. Парадигма ғылымда екі жақты рөл атқарады; бір 

жағынан  ғылыми  мәселелерді  шешуді  жеңілдетеді,  ал  екінші  жағынан,  жаңа  идеяларды 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет