Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет50/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

саласының  негізгі  басымдылықтары  ретінде  нәтижеге  бағытталған  білім  тұжырымдамасы 

даярланып, оның негізгі көрсеткіші ретінде құзыреттлік тұғырына көшу бағыты айқындалды.  

Педагогика  ғылымында  құзыреттілік  тұғыр  негізінде  тұлға  игеруге  тиісті  таным, 

тәжірибе,  әрекет  тәсілдерінен  басқа  құзыреттіліктерді  қалыптастыруға  бағытталады. 

Құзыреттілік  тұғыр  –  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру,  ол  субъектінің  іс-әрекеті  арқылы 

(оқу, таным, ойын және. т.б) өзін-өзі жүзеге асыру құқығына, құзыреттілікті меңгеруге және 

пайдалануға  негізделген.  Ж.К.Түймебаевтың  бас  редакторлығымен  құрастырылған 

Эициклопедиялық  сөздікте  «құзыреттілік  тұғыр  -  мұғалімдердің  кәсіби-педагогикалық 

әрекетінің  нәтижелігі  және  жоғары  деңгейде  кепілдік  болуы  арнаулы,  жалпы  және  негізгі 

құзыретті белгілеу негізінде мұғалімдерді дайындау үдерісінің мақсатын белгілеу, мазмұнын 

таңдау,  ұйымдастырушылық  және  технологиялық  тұрғыдан  қамтамасыз  ету»  делінген. 

Құзыреттілік  тұғыры  білім  алушының  іс-әрекетінің  нәтижеге  бағытталуын  және    негізгі 

құзыреттіліктерді  белгілеуге  жағдай  жасайды.  Негізгі  құзыреттіліктер  –  өмірдегі  мәселелер 

мен  жағдайларды  шешуде  іс-әрекеттің  сапалы,  табысты  өтуін  қамтамасыз  ететін  жеке 

тәжірибеге енген білім, білік, дағды, қабілеттің жинағы немесе әмбебап жүйесі.  

Білім саласына қатысты  құзыреттілік  (латын тілінде competencia – адам 

жақсы  хабардар  болған,  білім  мен  тәжірибеге  ие  мәселелер  шеңбері, 

өкілеттіктер  мен  құқықтар)  дегеніміз  –  бұл  білім  беру  мазмұнын  игерудің 

ықпалдастырылған  нәтижесі,  ол  оқу-тәрбие  үдерісіне  қатысушылардың 

практикалық  және  теориялық  міндеттерді  шешу  үшін  нақты  өмірлік  жағдайда 

игерілген  білімді,  дағдылар  мен  қызмет  тәсілдерін  пайдалануға  дайындықты 

білдіреді.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  құзыреттерді    социум  талабы,  ал 

құзыреттілікті – осы талаптардың көрініс табуы ретінде қарастыруға болады. 

Сонымен  қатар  қазіргі  таңда  негізгі  құзыреттердің  бірыңғай  келісілген 

анықтамасы  мен  тізбесі  жоқ,  ал  Еуропа  Кеңесінің  «Еуропа  үшін  негізгі 

құзыреттер»  симпозиумында  олардың  үлгілік  тізбесі  келтірілген:  зерделеу, 

іздеу, ойлау, ынтымақтасу, іске кірісу, бейімделу. 

Білім беру мазмұнын жалпы метапәндік (барлық пәндер үшін), пәнаралық 

(пәндердің немесе білім беру салаларының циклы үшін) және пәндік (әрбір оқу 

пәні  үшін)  деп  бөлінуіне  сәйкес,  А.В.  Хуторской  тиісті  құзыреттердің 

иерархиясын келесі түрде атап көрсетеді: 

1. Негізгі  құзыреттер  –  білім  берудің  жалпы  (метапәндік)  мазмұнына 

қатысты; 

2. Жалпы  пәндік  құзыреттер  –  оқу  пәндері  мен  білім  беру  салаларының 

белгілі бір шеңберіне жатады; 

3. Пәндік  құзыреттер  –  қысқаша  сипаттамаға  және  оқу  пәндерінің 

шеңберінде  қалыптастыру  мүмкіндігіне  ие  құзыреттердің  алдыңғы  екі 

деңгейіне қатысты жеке құзыреттер. 




жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет