Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет44/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

философиялық  ілімдер,  тұжырымдамалар,  болжамдар;  3)  педагогикалық  таным  әдістері 

туралы ілімдер жатқызылады (В.И. Загвязинский) 

Ғылым  әдіснамасы, оның  ішінде  педагогика  әдіснамасы  көптеген  шетелдік,  отандық 

ғалымдар  тарапынан  жан-жақты  зерттелуде:  М.А.  Данилов,  А.М.  Арсеньев,  Ф.Ф.  Королев, 

Н.К.  Гончаров,  Э.И.  Моносзон,  В.Е.  Гмурман,  С.И.  Архангельский,  М.Н.  Скаткин,  В.С. 

Ильин,  И.Я. Лернер,  А.И.  Пискунов,  Г.В.  Воробьев,  Н.И.  Волдырев,  Я.С. Турбовской,  Л.И. 

Новикова,  Л.В.  Занков,  В.И.  Журавлев,  Я.  Скалова,  Х.И.  Лийметс,  Б.Т.  Лихачев,  А.Н. 

Кочетов,  Н.Д.  Никандров,  В.С.  Шубинский,  Б.  Битинас,  Ю.К.    Бабанский,  Н.В.  Кузьмина, 

В.В. Краевский, Е.В. Бережнова, В.И. Гинецинский, В.И. Загвязинский, Г.П. Щедровицкий, 

О.С. Анисимов, Б.С. Гершунский, Е.В. Бережнова, А.М. Новиков, Н.Д.Хмель,  ШТ.Таубаева  

және    т.б.    Қазақстандық  ғалым-зерттеуші  Ш.Т.Таубаева  педагогика  әдіснамасын  зерттей  

келе    оның    моделін    ұсынған.  Педагогикада  әдіснама-қағидалар  (принциптер),  әдістер, 

таным  формасы  мен  процедурасы  және  педагогикалық  ақиқаттың  шыңдалуы  туралы  ілім 

(П.И. Пидкасистый). Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді 

зерттейді.  Ол  педагогикалық  теория  тұрғысынан  негізгі  білімдер  мен  құрылымдарды  бір 

жүйеге  келтіреді.  Олай  болса,  әдіснама-  теориялық  жүйе  туралы  ғылым  мен  ілім  болып 

табылады. 

Педагогика  ғылымының  әдіснамасы:  біріншіден,  ғылымның  жалпы  әдіснамасынан 

туындайды; екіншіден, қоғамдық ғылыми жүйенің даму тенденциясын оқып үйренумен және 

зерттеумен байланысты туындайды; үшіншіден, педагогикалық құбылыстардың жағдайлары 

туралы  теориялық  қағидалармен,  олардың  зерттеу  әдістерін  қарастырады;  төртіншіден,  

жаңадан алынған білімдерді тәрбие, оқыту, білім беру тәжірибесіне енгізумен анықталады. 

Әдіснамалық білімдер құрылымын ғалым Э.Г. Юдин төрт деңгейге бөліп түсіндіреді, 

демек бүгінде педагогикада әдіснаманың 4 кезеңі қабылданған: 

философиялық  әдіснама  ‒  экзистенциолизм,  неотомизм,  позитивизм, неопозитивизм, 

прагматизм,  диалектикалық  материализм;  яғни  таным  мен  жалпы  ғылымның  категориялық 

құрылымы педагогика ғылымының түсініктік аппаратына қатысты сындарлы-сыни қызметті 

атқаратын,   құрылым  сәйкестілігі  мен  педагогикалық  зерттеу  мәнін,    олардың  әдіснамалық 

іргетасын  білдіретін  және  белгілі  бір  әлем  сипаты  тұрғысынан  педагогикалық  зерттеудің 

нәтижелерінің әлем танитын түсіндірмесіне қатысты жалпы қағидалар жатады; 



жалпы  ғылымилық  әдіснама  ‒  жалпы  ғылыми  қағидалар  мен  зерттеу  формаларын 

қамтиды  (жүйелілік,  кибернетикалық,  кешенді,  бағдарламалы-  мақсаттық  секілді  жалпы 

ғылыми  әдістер,  идеализация,  модельдеу,  эксперименттеу  секілді  жалпы  ғылыми  рәсімдер 

мен  тәсілдер  және  т.б.  қатысады).  Жалпы  ғылыми  әдіснама  ұстанымдық-бағыттаушы 

қызметті атқарады, себебі  дәл осы кезеңде зерттеудің қағидалық бағыты анықталады, оның 

стратегиясы, оның субъектісі мен пәнін анықтаудың әдістері қарастырылады; 



нақты  ғылымилық  әдіснама  –  педагогика  ғылымына  сай  келетін  зерттеу  әдістері, 

зерттеу  қағидасы  мен  рәсімдерінің  жиынтығынан  тұрады.  Ол  реттеуші  қызметті  атқара 

отырып,  бір-бірімен  нақты  зерттеулердің  ерекшеліктеріне  сәйкес  педагогика  әдістері  мен 

аралас  ғылымдарға  қажетті  жиынтықты  құруға  мүмкіндік  бере  отырып,  педагогикалық 

зерттеу  үдерісі  барысында  бір  мәнді  түсінуге  қажетті  психология,  әлеуметтану  және  т.б. 

ғылымдардың және педагогиканың ұғымдық-түсініктік аппараттың бірегейлігін қамтамасыз 

етеді, демек, нақты ғылым саласындағы теориялық концепцияларды туындатады; 

зерттеу  әдістемесі  және  техникасы  (технологиялық),  яғни,  бір    сипатты  және 

шынайы  эмпирикалық  материал  жинап,  оны  алғашқы  талдау  үшін  қажетті  болатын 

процедуралар  жиынтығы.  Оның  басты  функциясы  –  инструменталды  немесе 

инструменталды технологиялық. Бұл әрдайым нақты көрінетін нормативті сипаты бар, яғни 

тиісті формадағы жоғары мамандандырылған әдіснамалық білімнің деңгейі болып табылады. 

Аталған  деңгейдің  қызметтерінің  дұрыс  жүзеге  асырылуынан  көп  деңгейде  жеке 




 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет