Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
құрылым; функция (қызмет); элемент; мақсат; іс- әрекет; жеке тұлға. Жеке ғылыми яғни,
жоғары мектеп педагогикасымен тікелей байланысты ұғымдар, олар: даму; әлеуметтендіру;
жеке даралық; оқу іс-әрекеті; үйрету; меңгерту; іскерлік. Арнайы педагогикалық
категориялар: тәрбие, білім беру, оқыту. Жоғары мектеп педагогикасының негізгі
категориялары: ЖОО тәрбие, ЖОО оқыту, ЖОО білім беру, педагогикалық жүйе,
педагогикалық үдеріс, педагогикалық іс-әрекет, ғылыми-зерттеу іс- әрекеті, оқытушы және
студент (білім алушы) т.б.
Жоғары мектеп педагогикасының қазіргі заманғы мәселелері:
• Жоғары мектептегі оқыту, білім беру, тәрбиелеу мәселелері;
• ЖОО оқыту әдістері, құралдары, формаларының жаңа жүйесін табу; ЖОО оқытудың
инновациялық технологиялары; ЖОО оқытудың болашағын болжау;
• Жаһандану жағдайына сәйкес жоғары білімнің мазмұнын жетілдіру;
• Заманауи жоғары білім берудегі интеграциялық үдерістер;
• Жоғары білім беру аймағындағы салыстырмалы зерттеулер;
• Педагогикалық іс-әрекет контексіндегі құзіреттілік;
• Кәсіби білім берудегі тәрбие компоненттері;
• ЖОО білім алушыларды әлеуметтендіру;
• Жоғары мектепті басқару заңдылықтарын анықтау;
• Жоғары
педагогикалық
білім беруде
оқытушының
шығармашылық
құзіреттілігін дамыту мәселелері; Оқытушының ғылыми-зерттеу мәдениетін дамыту;
Оқытушының педагогикалық шеберлік деңгейін диагностикалау; Оқытушы-студент қарым-
қатынасындағы мәселелер; Оқытушының тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу; Оқытушының
кәсіби құзіреттілігі; ЖОО білім алушы тұлғасы;
• ЖОО академиялық ұтқырлықтың білім беру сапасын арттырудағы орны; ЖОО
дуальді білім беруді жетілдіру; ЖОО-ғы қос диплом мәселесі және т.б.
Поделитесь с Вашими друзьями: |