Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет38/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

Ғылым  нысаны ‒  әлемнің құрылысы мен жердегі тіршіліктің пайда болуынан бастап 

қоғамдық  өмір  мен  жеке  ғылымның  проблемаларына    дейінгі  адамзат  тарапынан 

жасалғандардың  барлығы.  Ғылым  мақсаты  –  жаңа  білімді  меңгеру  мен  оны  әлемді  тану 

тәжірибесінде  қолдану.  Ғылым  екі  маңызды  элементтерден  тұрады:  өз  ерекшеліктері  мен 

мақсаттары  бар  ғылыми  білім  жүйесі  мен  ғылыми  іс-әрекет.  Ғылыми  білім  жүйесі 

элементтері: теория, заң, гипотеза (болжам), ұғым, ғылыми әдістер. Ғылым спецификасы ‒ 

әлемді  түсіну  мен  оның  заң,  теория  күйінде  бейнелеуінде.  Ғылыми  теория  –  белгілі  бір 

теорияның  объектісіне  байланысты  ақиқаттың  аймағындағы  заңдылықты  беретін  ғылыми 

білімді  ұйымдастыру  формасы.  Ғылыми  теория  –  білім  жүйесі  бола  отырып,  айналадағы  

объективті  шындықты  танудың  негізгі  құралы  болады.  Ғылыми  теория  оқытушының  іс-

әрекетін 

танымдық 

деңгейде 

талдап, 


педагогикалық 

құбылыстардың 

өзара 

байланыстылығын  сипаттайды.  Осының  негізінде  кәсіби-педагогикалық  іс-әрекеттің 



теориялық негізі туралы ұғымды, теория мен практиканың өзара әрекеті негізінде оны одан 

әрі  дамыту  мүмкіндігін  айқындап  тереңдетеді.  Педагогикалық  теория  –  сан-алуан 

педагогикалық  құбылыстарды  зерттейтін,  бейнелейтін  және  түсіндіретін  білімдер  жүйесі. 

Педагогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек  практикаға ғана қатысты емес, 

оны  зерттеу  нәтижесінде  пайда  болатын  теорияны  алдын-  ала  болжауға  мүмкіндік  береді. 

Сонымен,  педагогикалық  теория  оқытушының  педагогикалық  тәжірибесін  жасаудың  негізі 

ретінде қарастырылады (М.А. Лукацкий, Ш.Т. Таубаева). 

Педагогикалық  теориялар:  Тұлға  теориясы.  Іс-әрекет  теориясы.  Құндылықтар 

теориясы. Басқару теориясы. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы. 



Ғылыми  заң  –  адам  санасында  бұрыннан  жинақталған  тәжірибелердің  объективті 

моделін беру, жинақтау. 



Гипотеза – (гипотеза – грек. hypothesis – негіздеме, алдын-ала  ұйғарым); тәжірибеде 

әзірге  белгісіз  құбылыстар  туралы  немесе  келешекте  белгілі  бір  жағдайда  пайда  болуға 

мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми болжам, білім. 

Ұғым – зат пен құбылыс объектісінің аталуы немесе олар туралы ой. 

Ғылыми әдістер – ғылыми мәселелерді шешу мақсатына жету жолы, амал-тәсілдері. 

Ғылым нәтижесі – білім. Білім ‒ адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдардың, деректер 

мен пайымдардың жиынтығы. 




жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет