Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет36/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

•  Қоғамдық  мақсаттар  ‒  әр  түрлі  топтардағы  адамдардың  қажеттілігі, 

қызығушылығы, қоғамдық көзқарасы түрінде қалыптасады; 

•  Инициативалық  мақсаттар  –  білім  берушілер  мен  білім  алушылар  тарапынан 

анықталады; 

•  Білімді,  іскерлікті,  дағдыны  яғни,  сана  мен  мінез-құлықты  қалыптастырушы 

мақсаттар; 

•  Ұйымдастырушылық  мақсаттар  –  басқару  қызметі  аймағына  қатысты  педагог 

тарапынан қойылатын мақсаттар; 

•  Әдістемелік  мақсат  –  оқыту  технологиясы  мен  оқудан  тыс  іс-әрекетті 

түрлендірумен байланысты; 

•  Шығармашылық  әрекетті  қалыптастырушы  мақсаттар  – 

нышан, 

білім 


алушылардың қызығушылығын дамыту ерекшеліктері, оларды жүзеге асыру. 

Педагогика  міндеттері  екі  типке  бөлініп  қарастырылады:  тұрақты  және  уақытша. 



Тұрақты міндеттер: 

1) Тәрбие,  оқыту,  білім  беру  аймағы  мен  білім  беру,  тәрбиелеу  жүйесін  басқару 

заңдылықтарын  ашу  міндеті.  Педагогикадағы  заңдылық  –  алдын-ала  ойластырылып 

жасалған  жағдайлар  мен  объективті  (нақты)  және  жеткен  жетістіктері  тәрбиелілік  пен 

білімділік болып табылатын жағдайлар арасындағы байланыс. 

2) Жаңа  әдістерді,  құралдарды,  формаларды,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  жаңа  жүйесін 

табу міндеті. 

3) Оқытудың болашағын болжау міндеті. 

4) Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу міндеті. 

Педагогика  ғылымының  қажеттіліктері  мен  тәжірибе  нәтижесінде  туындайтын 



уақытша міндеттер: 

1) Электрондық оқулықтар кітапханасын құру; 

2) Педагогикалық біліктілік стандарттарын жасау; 

3) Педагог жұмысындағы типтік стрессті анықтау; 

4) «Қиын» балаларды оқытудың дидактикалық негізін жасау; 

5) Педагогикалық шеберлік деңгейін диагностикалау; 

6) Педагог-білім алушы қарым-қатынасындағы типтік конфликтіні саралау. 

Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады: 

сипаттау немесе түсіндіру – озат әрі жаңашыл педагогикалық тәжірибені зерттеу; 



диагностикалық  –  педагогикалық  құбылыс  жағдайын,  педагог  пен  білім  алушы  іс-

әрекеттерінің  нәтижелілігі  немесе  тиімділігін  және  оларды  қамтамасыз  етуші  шарттар  мен 

себептерді айқындау; 

болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде 



тәжірибелік  зерттеуден  өткізу  және  оның  негізінде  сол  педагогикалық  болмыстың 

жаңаланған моделін құрастыру. 

Сонымен,  педагогиканың  зерттейтін  мәселелері:  жеке  тұлғаның  дамуы  мен 

қалыптасу  заңдылықтары,  мәні  және  олардың  тәрбиеге  әсері;  тәрбие  мақсатын  анықтау; 

тәрбие  мазмұнын  ашу;  тәрбие  әдістерін  зерттеу.  Педагогиканың  құрылымы.  Жалпы 

педагогиканың  құрылымы:  Педагогиканың  жалпы  негіздері.  Тәрбие  теориясы.  Дидактика 

(Оқыту теориясы). Мектептану. 



Педагогиканың  жалпы  негіздерінде  қарастырылатын  мәселелер:  педагогика  пәні, 

зерттеу нысаны, категориялары, салалары, пәнаралық байланыс, тұтас педагогикалық үдеріс, 

педагогика ғылымының пайда болуы, педагогикалық мамандықтың ерекшелігі т.б. 

Тәрбие  теориясының  негізгі  қарастыратын  мәселелері:  тәрбиенің  мазмұны,  үдерісі, 

формасы, құралдары, әдістері, түрлері, парадигмалары, заңдылықтары, ұстанымдары, тәрбие 

технологиялары  және  т.б.  Тәрбие  теориясының  негізгі  ұғымдары:  тәрбие,  қалыптастыру, 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет