Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет34/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   150
umkd


Антропология  тарихы  мен  теориясы.  –  Алматы:  Ұлттық 



аударма бюросы, 2018 жыл – 240 бет. ISBN 978-601-7943-

16-5 


 



Майерс  Д.,  Туенж  Ж.  Әлеуметтік  психология.  12-



басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 648 

бет. ISBN 978-601-7943-08-0 

 



 



4. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 

 

Дәріс тезистері 

 

1.1 (1-дәріс). Педагогика – тәрбие мен оқыту жөніндегі ғылым. 

Жоспары:  

1. Педагогикалық ғылымның міндеті мен қызметі.  

2. Педагогиканың негізгі категориялары.  

3. Педагогикалық ғылымдар жүйесі.  

4. Жоғары мектеп педагогикасы – педагогика ғылымының саласы ретінде. 

 

«Педагогика»  термині  неміс  тілді,  франкотілді,    скандинавиялық  және  батыс 



еуропалық  мемлекеттерде  қолданыста.    Ағылшын  тілді  мемлекеттерде  ол  қолданыста  жоқ, 

аталған мемлекеттерде  бұл ұғымның орнына «білім беру туралы ғылым (немесе ғылымдар)» 

термині қолданылады. Еуропада,    Ұлыбританияда,  АҚШ-та кеңінен таралған «education» 

термині  (білім  беру  дегенді  білдіреді)  «образ»  деген  түбірі  болмағанмен,  алайда  білім  беру 

үдерісіне  қатысушылардың  өзара  әрекеттесуінің  барлық  аспектілерін  қамтып,  мазмұны 

бойынша  кең  ұғым  болып  табылады.  Кейбір  мемлекеттерде  «андрогогика»  атты  ғылым 

саласы  бар.  Андрогогика  (гр.  аndros  ‒  ересек  адам,  ‒  басшылыққа  алу,  тәрбиелеу)  – 

ересектерге  білім  беру,  оқыту,  тәрбиелеудің  теориялық  және  практикалық  проблемаларын 

қамтитын  педагогикалық  ғылым  саласының  аталымы,  онда  ересектерді  оқытудың 

принциптері  ашып  көрсетіледі  және  дамытылады.  Ұғымды  немістің  тарихшысы  К.  Капп 

(1833ж.)  енгізген.  Ересек  адам  ‒  физиологиялық,  психологиялық,  әлеуметтік,  адамгершілік 

жағынан    толысқан,  өмірлік  тәжірибесі  бар,  экономикалық  тәуелсіз,  өзінің  мінез-  құлқын 

басқара  алатын  адам.  Әйтсе  де,  ересек  адам  да  тұлға  ретінде  үнемі  дамуы  қажет. 

Андрогогиканы  зерттеуші  ғалымдардың  бірі  ‒  ересектерді  оқытуға  арналған  ғылым  десе, 

екіншілері  –  білім  беру  жүйесіндегі  қарқынды  дамып  келе  жатқан  жаңа  бағыт  деп 

түсіндіреді. 

Ғылыми  айналымда  бүгінде  педагогикаға,  оның  зерттеу  пәніне,  нысанына  берілген 

анықтамалар да әр түрлі:  

«Пидагогика» ‒ грек елінің сөзі: бис – бала, агогі – жетектеу  деген сөзден  құралған.  

Баяғы  Грецияда  балаларды  бағып,  мактабқа  алып   келіп жүретін кәрі құлдар пидагог деп 

аталған.  Пидагог  деген  аттың  бұрын  мақтаулы  болмағаны  осыдан  көрінеді.  Бірақ  соңғы 

заманда  фән,  ғылым  өсіп,  адамзат  өнерленген  сайын,  пидагог  деген  ат  қадірлі,  қасиетті 

болып барады» (М. Жұмабаев); 

«Педагогика  –  мақсатқа  жетуге  бағытталған,  арнайы  ұйымдастырылған  білім  беру 

жүйесінде  өскелең  ұрпақ  пен  ересектерді  оқыту  мен  тәрбиелеу  туралы  ғылым»  (К.Д. 

Ушинский); 

«Педагогика  –  адамды  тәрбиелеу  туралы  ғылым;  ол  тәрбиенің  мәнін,  мақсатын, 

міндеттерін, заңдылықтарын, оның қоғам өміріндегі және жеке адамның дамуындағы алатын 

орнын анықтайды» (Кеңестік энциклопедиялық сөздік); 

«Педагогика  –  тәрбиені,  оқытуды,  білім  беруді  зерттейтін  теориялық  және 

қолданбалы ғылымдардың бірлігі» (Педагогикалық энциклопедия); 

«Педагогика  –  білім  берудің  мәнін,  заңдылығын  ашатын  ғылым  саласы»  (Ресейлік 

педагогикалық энциклопедия,1999ж.); 

«Педагогика  –  тәрбие  туралы  ғылым,  өйткені  оның  пәні  «қоғамның  ерекше    

функциясы        –        тәрбие        болып        табылады»        (Ю.К.            Бабанский  «Педагогика» 

оқулығы,1983ж.); 

«Педагогика – адамды тәрбиелеу туралы ғылым» (Г.М. Афонина, И.П. Подласый); 

«Педагогика – өскелең ұрпақты тәрбиелеудің жетілген жолдары мен әдістері бойынша 

адамзаттың құнды тәжірибесі жинақталған ғылымдардың бірі» (В.П. Беспалько,1995ж.); 




 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет