Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
4. Реферат жазылатын материалдағы басты ойды ықшамдап береді, оған өз пікірін
қосуға болмайды.
5. Рефераттың мазмұны түпнұсқада берілген жүйемен, ізбен баяндалады.
«Дөңгелек үстел» әдісі ең біріншіден студенттердің өзара пікір алмасу формасы
ретінде көрініс табады. «Дөңгелек үстел» барысында оның қатысушылары берілген бір
мәселе бойынша баяндама жасап қана қоймай, пікірлерімен алмасып, әрқайсысының
позициясын айқындайды. Дөңгелек үстел – шағын топ ішінде студенттердің қарастырылып
отырған тақырып (сұрақ, мәселе, идея, тұжырым, т.б.) бойынша белгіленген уақыт
аумағында өз ойларын ортаға салу тәсілі.
Дөңгелек үстелде сөз бір студентке бірнеше рет айналып келуі мүмкін. Келесі
сөйлегенде студенттер алдындағы ойларын қайталамай, оларды ары қарай жалғастыруы
және басқалардың пікірін ескеріп отыруы қажет. Дөңгелек үстел жазбаша да өтуі ықтимал,
онда өз ойларын белгіленген уақытта жазып, бір-біріне оқытады. Жазбаша өткізілген
дөңгелек үстелде барлық студенттер бір мезгілде жұмыс жасайды.
Поделитесь с Вашими друзьями: