көзқарасын білдіруі. Монологтік сөйлеу дегеніміз – бір адамның өз ойын, пікірін ұзақ
уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы. Монологтік сөйлеуге оқушылардың белгілі бір
тапсырманы түсіндіруі, мұғалімнің жаңа тапсырманы баяндауы, хабарлама, баяндама
жасауы жатады.
Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:
1.Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайып жатуды тілейді;
2.Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, тек әңгімелесуші адамдардың
өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, «келе жатқан тоғызыншы» деген сөйлемге
осындай нөмірлі автобусты күтіп тұрған адамдар ғана түсіне алады.
3.Диалогтік логикалық жағы (жоспарлылығы, дәлелдігі, т.б.) кемдеу болады;
4.Диалог сөз ым-ишаралармен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың,
ауыздың, көздің, қабақтың қозғалысы т.б.) толықтырылады;
Поделитесь с Вашими друзьями: |