Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет132/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   150
umkd
Бағдар  картасы  –  белгілі  бір  тапсырма,  сондай-ақ  жалпы  сабақ  көлемінде  оқудың 

соңғы  нәтижесіне  жетуге  бағытталған  және  оқушыларға  арналған  қадамдап  көрсетілген 

нұсқаулық;  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  істеу  қабілетін  дамытады,  оқушыларды 

шығармашылықпен  ойлауға  бағыттайды,  тапсырмаларды  орындауда  қолданылатын 

креативті тәсілдерді дамытады. 

Блум таксономиясы – 1956 жылы америкалық психолог Бенджамин Блум ұсынған 

танымдық  саладағы  оқытудың  педагогикалық  мақсаттарының  жіктелуі.  Оған  ойлау 

дағдыларының алты деңгейі кіреді: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. 

Білу  -  деректерді,  жағдайларды,  негізгі  тұжырымдамалар  мен  жауаптарды  көрсету 

арқылы өтілген материалдың есте сақталғанын растау. 



Түсіну - негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту 

арқылы деректер мен идеяларды түсінгенін көрсету. 



Қолдану  - жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада қолдану. 

Талдау–  біртұтас  объектіні  жақсылап  зерттеу  немесе  оның  мән-мағынасын  түсініп-

білу мақсатында ұсақ құрамдас бөліктерге бөлу үдерісі. 



Жинақтау - алғашында бөлінген ұғымдарды біртұтас біріктіру үдерісі. 

Бағалау–  объектінің  құндылықтарын,  кемшіліктерін,  маңыздылығын  және  басқа  да 

сипаттамаларын белгілі бір критерийлер мен стандарттар негізінде анықтау үдерісі. 



Қорытынды  -  бір  нәрсенің  негізінде  жасалған  қорытынды  немесе  бір  нәрседен 

туындаған салдар болып табылатын пайымдау, ой-пікір, тұжырым. 




жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет