Диалогтік әңгіме - белгілі бір тақырыпқа бағытталған диалог жүргізуге негізделген
вербалды-коммуникативтік әдіс. Диалог барысында идеялар екі бағытта жүріп, оқушының
қарқынды білім алуына септігін тигізеді. Диалог барысында оқушылар (сондай-ақ олардың
мұғалімдері) тең құқылы серіктестер болып табылады. Олар бар күштерін келісілген нәтиже
алуға жұмсайды және Мерсер (2000) айтқандай, бірлескен білім алу немесе «пікір алмасу»
үдерісіне тартылады.
Зерттеушілік әңгіме – бұл әңгіме түрінде әркімнің идеясы пайдалы деп
қарастырылғанымен, олар егжей-тегжейлі бағалаудан өтеді. Зерттеушілік әңгімеге
қатысушылар бір-біріне сұрақ қойып, бір тоқтамға келу үшін оларға негізді жауап береді.
Алайда зертеушілік әңгімеде келісімге келу емес, керісінше оны іздеу үдерісі маңызды
болып табылады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |