Топтық зерттеу (бірлескен жұмыс) – семинар немесе практикалық сабақтарда
студенттердің бірлесе отырып белгілі бір проблеманы графикалы түрде шешу тәсілі.
Оқытушы тақырып бойынша шешуді талап ететін проблеманы студенттерге ұсынады.
Студенттер шағын топтарға бөлініп, аталған проблеманы шешу жолдарын талқылап,
өздерінің шешімін плакатқа түсіреді. Студенттер өздігінен мазмұн мен тапсырма
орындаудың формасын таңдайды, ақпарат жинастырады, оларды талдап, бағалайды. Содан
кейін плакат қабырғаға ілінеді де, топ атынан спикер шығып жұмысты қорғайды. Қорғау
соңында топ мүшелері басқаларының сұрақтарына жауап береді, олардың өз шешімдеріне
түзету енгізуі де мүмкін. Оқытушы әр топқа жеке тапсырма беруі немес топтар тапсырманы
өздері де таңдап алуы мүмкін.
Тест студенттердің оқу жетістіктерін, олардың білім, білік, дағдыларының жиынтығын
обьективті түрде өлшеу мүмкіндіктерін береді. Тесттерді әдетте ашық және жабық деп екіге
бөледі. Жабық тест дегеніміз – келтіріліген жауаптардың ішінде біреуі дұрыс болатын
тапсырма, студенттер бұл жауапты таңдап көрсетуі тиіс. Ашық тесттер дайын күйде
берілген бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды іздестірмей, шығармашылық тұрғыдан
Поделитесь с Вашими друзьями: |