Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет115/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

үрдісі  менеджерінің  еңбек  пәні  басқару  субъектісінің  іс-әрекеті,  ал  еңбек  өнімі  оқу-тәрбие 

үрдісі  туралы  ақпараттар,  еңбек  құралы  –  оның  сөзі,  сөйлеуі,  еңбек  өнімі  педагогикалық 

менеджмент  нысанының, яғни білім  алушылардың дамуы мен білімділік, тәрбиелік  деңгейі 

болып табылады.  

«Педагогикалық  менеджмент»  немесе  «Білім  саласының  менеджері»  деген  атау  қазір 

кезде  жиі  қолданылатын  болды,  өйткені  ол  білім  саласын  жетік  меңгерумен  қатар, 

қарамағындағылармен  кикілжіңсіз  тіл  табыса  жұмыс  істей  алатын  педагогика  және 

психология ғылымдарымен қаруланған маман.  

Білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаты өмір сүріп отырған замандағы адамзаттық 

өркениеттің  прогрестік  даму  ерекшеліктеріне,        қоғамдық  –  тарихи,  саяси  –  әлеуметтік, 

экономикалық  жағдайларға  бейім  жеке  тұлғаны  оқытып,  тәрбиелеп  шығару.  Сондықтан 

қазіргі кезде менеджент білім беру жүйесіне де еніп отыр. 

В.П.Симонов  «Педагогикалық  менеджмент»  -  деп  педагогикалық  жүйелердің  өмір 

сүруін  жетілдіру  мен  дамытуға  бағытталған  басқарудың  технологиялық  тәсілдері  мен 

ұйымдастыру формаларының, әдістерінің, ұстанымдарының кешенін түсінеді.   

Ж.Қ.Түймебаевтің  бас  редакторымен  шыққан  «Білім  және  ғылым»  атты 

энциклопедиялық  сөздікте:  «Педагогикалық  менеджмент  –оқу-тәрбие  процесін,  оның 

тиімділігін  арттыруға  арналып  бағытталған,  басқару  принциптерінің,  әдістерінің,  ұйымдық 

формалары мен әдістемелік тәсілдерінің кешені» деп анықтама берілген.  

К.Өстеміров,  Н.Шәметов,  И.Васильев  үш  автордың  бірлескен  оқулығында: 

«Педагогикалық  менеджмент  –  бұл  білім  беру  үрдісін  басқарудың  кешенді  принципі  мен 

технологиялық  тәсілдер,  ол  тек  білім  мекемелеріне  тиімді  басшылықтың  творчестволық 

потнецялын көрсетіп қана қоймай, педагогтер, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән 

міндеттер ауқымын жүктейді – деген анықтама берілген.

  

«Педагогикалық  басқару»  ұғымы  «бiлiм  берудi  басқару»  ұғымынан  кең,  өйткенi  ол 



тәрбие  мен  оқытуды  жүргiзетiн  басқа  мемлекеттiк  және  қоғамдық  құрылымдарда  (отбасы, 

қоғамдық  ұйымдар,  мамандықты  көтеру  жүйесiнiң  мекемелерi,  т.б.)  қызмет  етедi,  яғни 

педагогикалық басқарудың кез-келген «адам – адам» жүйесiнде орны бар.  

Педагогикалық  басқарудың  бiлiм  беру  жүйесiндегi  басты  нысаны  –  өсiп  келе  жатқан 

ұрпақтың  іс-әрекетi.  Оларды  оқыту  мен  тәрбиелеудi  басқару  не  тiкелей  (мұғалiмдер, 

тәрбиешiлер арқылы), не жанама – мемлекеттiк қоғамдық ұйымдар арқылы жүргiзiледi.  

 

Әдебиеттер 

1.  Янушкевич  Ф.  Технология        обучения  в  системе  высшего  образования.  /  Пер.  с 

польск. - М.,2006. 

2.  Брежнова  Е.В.,  Краевский  В.В.  Основы  учебно-исследовательской  деятельности 

студентов. – М., 2005. 

3. Шамова  Т.И.  Управление  образовательным  процессом  в  адаптивной  школе / Т.И. 

Шамова, Т.И. Давиденко. – М.: Центр «Педагогический поиск», 2001. – 384 с.  

 

 




жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет