Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет112/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

барлық  сатыларында  тәрбие  сапасын  көтеру.  Тәрбиенің  үздіксіздік  қағидасы  жеке  тұлға 

ғұмырының барлық кезеңдерінде оның жан-жақты дамуын болжайды: оның шығармашылық 

әлеуетінің  үдемелі  баюын  және  күш-қуаты  мен  қабілетін  толық  пайдаланып,  кәсіби 

шеберлігі  мен  мәдени  өсуін  мөлшерлейді.  Демократияландыру  қағидасы  тәрбиеші  мен 

тәрбиеленушінің  өзара  іс-әрекеттеріне,  педагогикалық  бірлестікте,  ынтымақтастыққа  және 

бірлескен  авторлыққа  негізделген  жүйені  шамалайды.  Ол  сондай-ақ,  педагогикалық 

басшылық,  өзін-өзі  басқару,  бірлесіп  басқару  және  жеке  реттеу  жүйесінің  құрылымына 

кіретін өзара байланысты, өзара келісуді болжайды. Бұл қағида студенттерді еркіндік, жеке 

адамгершілік  рухында  тәрбиелеуді  қарастырады.  Вариативтілік  қағидасы  білім  беру 

мекемелерінде  жүзеге  асырылатын  кең  таралымды,  көп  үлгідегі  тәрбие  бағдарламаларын 

мөлшерлейді,  білім  алушының  жеке  тұлғалық  дамуының  дербес  траекториясын  анықтауды 

көздейді.  

Жеке  тұлғаның  қалыптасуы  ең  алдымен  үш  сферада  жүзеге  асады:  іс-әрекет,  қарым-

қатынас, өзіндік сана. Осы 3 сфераның мәні - индивидтің әлеуметтік байланысының сыртқы 

әлеммен байланысын кеңейту. Іс-әрекет әлеуметтену процесі бойында индивид іс-әрекетінің 

кеңейтілген  «каталогымен»  байланысады,  демек  іс-әрекеттің  жаңа  түрлерін  меңгереді. 

Осылайша,  үш  ерекше  маңызды  үдеріс  жүзеге  асады.  Олар,  біріншіден,  әр  түрлі  іс-әрекет 

туралы  арасындағы  байланыс  жүйесіндегі  бағыт-бағдар.  Бұл  үдерістің  нәтижесі  –  жеке 

тұлғаның  іс-әрекет  түрін  таңдап  алуы.  Осының  салдарынан  екінші  үдеріс  пайда  болады  – 

басты  іс-әрекеттің  орталықтануы  (шоғырлануы),  оған  басқа  іс-әрекет  түрлерінің  бағынуы. 

Үшінші үдеріс – іс-әрекетті меңгеру барысында жеке тұлғаның жаңа рольдерді меңгеруі мен 

олардың  мәнін,  маңызын  сезінуі.  Екінші  сфера  –  қарым-қатынас  -  әлеуметтендіру 

контексінде оны тереңдету мен кеңейту жағынан қарастырылады, өйткені қарым-қатынас іс-

әрекетпен  тікелей  байланыста.  Қарым-қатынастың  кеңеюін  –  адамның  басқа  адамдармен 

байланысын  көбейту,  қарым-қатынастың  тереңдеуі,  монологтық  қарым-қатынастың 

диалогтық қатынасқа децентрациясы деп түсінеміз. Әлеуметтенудің үшінші сферасы  – жеке 

тұлғаның өзіндік санасының дамуы. Жалпылай алғанда, әлеуметтену процесі адамда «Мен» 

бейнесінің  қалыптасуын  береді.  Сонымен,  жеке  тұлғаны  әлеуметтендіру  (лат.-  socialis  – 

қоғамдық)  әлеуметтік  құндылықтар  мен  әлеуметтік  нормаларды  меңгеру  негізінде  жеке 

тұлғаның  қоғамдағы  әрекетке  қабілеттілігін  қалыптастыру.  Әлеуметтендіру  әлеуметтік 

ақиқатты жеке тұлғаның меңгеруі. Әлеуметтендіру процесінде адам әлеуметтік нормаларды 

меңгереді,  әлеуметтік  ролдерді  орындау  тәсілдері  мен  қоғамдық  мінез-құлық  дағдыларын 

игереді.  Әлеуметтендіру  жеке  тұлғаға  қоғамда  тең  құқылы  мүше  санатында  болуына 

мүмкіндік  береді.  Әлеуметтендіру  жеке  тұлғаны  жан-жақты  қалыптастыру,  жеткіншек 

ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу процесінде белгілі бір тәртіпке келтіріп, жинақталған қажетті 

ғылыми  білімдерді,  дағды-іскерліктерді,  біліктілікті,  рухани  байлықтарды,  мүдделер  мен 

салт-дәстүрлерді,  әдет-ғұрыптар  мен  жол-жоралғыларды,  адамгершілік  пен  мінез-құлық 

нормаларын  меңгеру  арқылы  оларды  біртіндеп  өздері  өмір  сүріп  отырған  қоғамның 

әлеуметтік экономикалық құрылысына сәйкес әлеуметтік рөлдер жүйесіне қосу.  

А.В.Мудрик  бойынша  жеке  тұлғаның  әлеуметтенуіне  әсер  етуші  факторлар. 

Мегафакторлар  (мега  –  өте  үлкен,  жалпы).  Космос,  планета,  ғылыми-техникалық  прогресс 

деңгейі,  демографиялық  жағдай.  Макрофакторлар  (макро  –  үлкен).  Мемлекет:  әлеуметтік-

экономикалық  жүйе,  қоғамдық  психология,  қоғамдық  сана  (идеология,  саясат,  саяси  және 

құқықтық  мәдениет,  мораль,  дін,  өнер,  ғылым).  Мезофакторлар  (мезо  –  орта,  аралық). 

Табиғи-географиялық  жағдайлар,  ұлттық  –  мәдени  және  діни  нормалар,  дәстүрлер,  мекен-

жайы  (аймақ,  қала,  село),  әлеуметтік  топ,  мәдени  –  білім  беруші  сфера,  бұқаралық  ақпарат 

құралдары.  Микрофакторлар  отбасы,  еңбек,  оқу  және  т.б.  ұжым  мен  топтар,  құрбылар, 

көршілер, діни ұйымдар, микросоциум. Жеке тұлғаны әлеуметтендірудің негізгі бағыттары: 

Тәрбие  және  тәуелсіз  (еркін)  тұлғаны  әлеуметтендіру.  Өзіндік  сананың  жоғарғы  деңгейі. 




 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет