Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
ғылым мен білімді интеграциялауда көп жылдық отандық және шетелдік тәжірибелерге арқа
сүйетін жаңа шарттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың
негізгі мақсаты жоғары кәсіби білім беруде маман даярлаудың ғылыми деңгейін көтеру және
оқуын ары қарай жалғастыру үшін талантты жастарды іріктеу, ғылыми- техникалық
прогрестің жаңа жетістіктеріне, экономикалық ойлау мен мәдени дамуға қол жеткізу
негізінде жоғары оқу орнында педагогикалық және ғылыми кадрлармен толықтыру.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
студенттердің сабақтары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының интеграциясын қамтамасыз
ету; студенттерді шығармашылық, ғылыми және кәсіби еңбекке баулу мен даярлаудың
органикалық бірлігін жүзеге асыру; студент жастардың жеке шығармашылық қабілеттерін
ашу және оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; студенттерді ғылыми жұмысқа тарту
және нәтижелілігін арттыру; ғылыми жұмыстарға деген қабілеті бар талантты жастарды
іріктеу; студентті ғылыми қызметкер ретінде қалыптастыру және дайындау; болашақ
мамандарда өндіріс орындары мен мекемелерде ғылыми негізделген кәсіптік жұмыстарды
алып кете алу шеберлігін, тез бейімделе алу қабілетін, алған білімін қолдана алу;
жоспарлаудың методологиясы мен практикасын меңгеру, нарықтық қатынас жағдайларында
маңызды шешім қабылдай білу; біліктілігін көтеруге және қайта даярлануға дайындығы мен
қабілетін қалыптастыру және дамыту; конструкторлық- жобалау жұмыстарына икемі бар,
өндірісте өзін-өзі басқару дағдысы қалыптасқан, нақты ғылыми-практикалық іс-шараларды
сауатты жасай алатын және жүзеге асыратын жоғары білікті маман, жетекшілер даярлау.
қоғам мен мемлекеттің қазіргі қателіктеріне байланысты ғылымның басым бағыттарына
студенттерді тартуда ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру; қаржыландыруды
жоғары оқу орнының инновациялық жұмыстарына байланысты басқа арналардан іздеу және
жүзеге асыру; елімізде, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерде жоғарғы оқу орындарымен
ғылыми байланыстарды дамыту.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары:
түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауда студенттер мен оқытушылардың бірлесе
жұмылуының арқасында оқу үдерісі сапасын көтеру; студенттердің қолданбалы, әдістемелік,
ізденушілік және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысуы; жоғары оқу орындарының
ғылыми мектептерінде ұрпақ ізбасарлығын қолдау және дамыту; студенттерде өз бетінше
тұжырымдар мен қорытындылар жасай білу қабілетін дамыту; студенттерге оқу үдерісінде
қазіргі ғылымның түрлі бағыттарында өз күштерін сынай білуге мүмкіндік беру;
студенттерді өнертапқыштық, шығармашылық жұмыстарға тарту; студенттердің оқу
жоспарынан тыс жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеңінен қатысуы;
студенттердің
ғылыми-зерттеу
жұмыстарының
ғылыми-техникалық
іс-шаралар
нәтижелілігін арттыру; студенттердің түрлі ұйымдастыру-құқықтық формаларының ғылыми-
шығармашылық бірлестіктерінде білім мен кәсіпкерлікті ұштастыру; студенттердің ғылыми-
зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жетекшілік етуде ЖОО оқытушылар құрамы мен
ғылыми қызметкерлердің қатысуын жандандыру.
Негізгі түрлері: Оқу үрдісіндегі арнайы ғылыми-зерттеу жұмысы. Оқу үрдісін
толықтырушы ғылыми-зерттеу жұмысы. Оқу үрдісімен қатар жүргізілетін ғылыми-зерттеу
жұмысы. СҒЗЖ негізгі ұйымдастырылып жүргізілетін тиімді түрлері: Оқу жоспары
негізіндегі оқу-зерттеу жұмысы. ҒЗЖ кейбір мәселелерін (элементтерін) жүргізілетін
дәрістерге қосу. Ғылыми бөліктерден немесе толықтай ғылыми зерттеуден тұратын
дипломдық жұмыстар. Профессор-оқытушылардың жетекшілігімен белгілі бір ауқымды
мәселелерді шешудегі студенттердің өзіндік зерттеу жұмыстары. ҒЗЖ іс-тәжірибелерге
енгізу. Берілген тақырыпқа байланысты орындалатын ғылыми реферат жұмыстар.
Студенттердің ғылыми үйірмелері. Студенттік құрылыс бөлімдері. Студенттік ғылыми-
Поделитесь с Вашими друзьями: |