Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет104/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

Кредиттік  жүйе  -  қандай  көлемде  және  қай  салада  жоғары  білім  алғанын  көрсететін 

жүйе.  Міндетті  кредит  саны,  бөлінетін  міндетті  курстар  бар  екендігіне  сөз  жоқ,  бұл  ең 

біріншіден, мамандық саласындағы пәндер. Қай бір курстар мемлекеттік стандарт бойынша 

және  кредиттің  қандай  да  бір  белгілі  саны  университеттің  немесе  институттың  өзінің 

қарастыруына  берілген.  Сонымен,  кредиттік  оқыту  жүйесінің  мақсаты:  ұлттық  білім 

бағдарламасының халықаралық дәрежеде танылуын қамтамасыз ету; білім сапасын әлемдік 

дәрежеге көтеру; студенттің өз іс-әрекетін ұйымдастыра лау және білімін жетілдіру қабілетін 

дамыту.  Бірізді  емес  оқу  жүйесінің  бірізді  жүйеден  негізгі  айырмашылықтары:  студенттер 

оқу  жоспарында  қамтылған  пәндерді  еркін  таңдай  алады;  студент  жеке  оқу  жоспарын 

жасауға  тікелей  қатыса  алады;  бірізді  емес  оқу  жүйесінде  білім  алушы  кейбір  қосымша 

кредитті  өздерінің  қалаған  уақыттарында  алуға  құқығы  бар.  Білім  алушы  өзі  қалаған 

ғалымдардан  дәріс  алады;  кредиттік  технология  бойынша  оқытуда  әр  оқытушының  оқу 

жүктемесін есептеу өткізілген материалдар көлеміне, яғни кредитке байланысты болады. 

Кредиттік  технологияның  негізгі  ерекшелігі-  студенттің  жекелей  оқу  жоспарын 

құруында  болып  табылады.  Студенттің  жекелей  оқу  жоспары  дегеніміз  эдвайзердің 

көмегімен  әр  оқу  жылына  берілген  форма  бойынша  әрбір  жеке  оқушының  білім 

траекториясын айқындауы. Студенттің жекелей оқу жоспары факультет деканының қолымен 

бекітіледі,  біреуі  оқу  жоспарын  орындауы  туралы  деканатта  сақталады,  ал,  екіншісі 

студенттің қолында болады. 

Кредиттік оқу жүйесі бойынша жоғары оқу орындарында қызмет атқаратын оқытушы-

профессордың  атқаратын  қызметтері-  ассистент,доцент,профессор  деп  аталады.  Жоғары 

және  жоғары  кәсіптік  білім  беру  білімдік  кәсіптік  бағдарламаның  негізгі  мазмұны 

Мемлекеттік  білім  стандарты  және  оқу  жоспарлары  негізінде  іске  асады.  Оқу  жоспары  үш 

түрлі формада қамтылады: типтік оқу жоспары; жұмыс оқу жоспары; жекелей оқу жоспары-

әрбір  жеке  студентің  білім  траекториясын  анықтайды.  Типтік  оқу  жоспарын  Қазақстан 

республикасы  Білім  және  Ғылым  министрлігіне  қарасты  оқу-әдістемелік  бірлестіктер 

жасайды. Жұмыс оқу жоспары - Қазақстан Республикасы Білім стандартты және типтік оқу 

жоспары негізінде жасалады.  

Кредиттік  оқу  жоспары  білім  бағдарламасының  мазмұнын  меңгеруге  байланысты 

пәндердің үш тобын қамтиды:  

А тобына – міндетті және жүйелі түрде енетін пәндер жатады;  

В тобына – міндетті түрде оқылатын пәндер кіреді, бірақ жүйелілік сақталмайды;  

С  тобына  -  кез-келген  академиялық  кезең  барысында  студенттің  қалауы  бойынша 

өтілетін пәндер кіреді. 

Жұмыс  оқу  жоспарына:  жалпы  білім  беретін  циклға  кредиттің  25  пайызы  беріледі. 

Жұмыс оқу  жоспарына  енетін  міндетті  негізгі  пәндер:  Қазақстан тарихы,  философия,  қазақ 

(орыс)  тілі,  шет  тілі,  математика  (мәдениет  және  гуманитарлық  мамандықтардан  басқа), 

информатика,  өмірқауіпсіздігі  негіздері,  экология,  дене  тәрбиесі.  Дене  тәрбиесі  пәні 

оқытудың қосымша түрі негізінде іске асады, оған типтік оқу жоспарында кредит берілмейді.  

Жалпы  білім  беретін  цикл  бойынша  таңдау  пәндерге  әлеуметтану,  саясаттану, 

мәдениеттану,  құқық  негіздері,  экономикалық  теорияның  негіздері,  психология,  педагогика 

пәндері  жатады.  Базалық  пәндерге  жалпы  кредиттің  50  пайызы,  яғни,  64  кредит  беріледі. 

Оның 50 пайызы студенттің таңдауы бойынша өтілетін пәндерге беріледі. Кәсіптік пәндерге 

–  жалпы  кредиттің  25  пайызы  беріледі.  Оның  30  пайызы  студенттің  таңдауы  бойынша 

өтілетін пәндерге беріледі. Міндетті өтілетін пәндер типтік оқу жоспарында берілген пәндер 

негізінде  жүргізеледі,  ал,  таңдау  пәндерін  институт  ғылым  кеңесі  шеше  алады.  Кредиттік 

оқыту жүйесі бойынша кредиттер арнайы және кәсіби пәндерге толығымен беріледі. 

Кредиттік  оқыту  жүйесінің  негізі  –  студенттің  өз  бетімен  дамуына  мүмкіндік  туғызу. 

Студенттің  іс-әрекетін  ұйымдастыра  алуы  және  білімін  жетілдіруге  қабілетін  дамыту 




 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет