Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет103/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   150
umkd
Әдебиеттер 

1.  Шалғынбаева Қ.Қ., Албытова Н.П., Сламбекова Т.С. Жоғары мектеп педагогикасы. 

Алматы: «Эверо», 2014, -272 бет. 

2.  Мынбаева    А.К,  Садвакасова  З.М.  Инновационные  методы  обучения  или    Как 

интересно переподавать. Алматы,  2009  - С.341 

3.  Полат  Е.С.,  Бухаркина  М.Ю.  Современные  педагогические  и  информационные 

технологии в системе образования. - М: «Академия», 2007. 

 

2.7  (12-дәріс). Қазақстанның жоо-дағы оқытудың кредиттік технологиясы   

Жоспары: 



 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

1. Жоғары мектепте бақылауды ұйымдастырудың қағидалары.  

2. Бақылаудың негізгі қызметтері. Бақылаудың әдістемелік қызметтері.  

3. Білімді бақылау және тексеру жүйесі.  Бақылаудың негізгі түрлері.  

4. Бағалау өлшемдері және оларға сипаттама.  

5. Педагогикалық өлшеу педагогикалық бақылау әдісі ретінде.   

6. Отандық білім беру жүйесін реформалау және жетілдіру.  

7. Қазақстандағы оқытудың кредиттік технологиясының ерекшеліктері.  

8. 

Оқытудың 



кредиттік 

технологиясы 

жағдайындағы 

оқу 


үдерісінің 

ұйымдастырушылық  құрылымы.  Оқу  үдерісін  әдістемелік  қамтамасыздандыру.  Білім 

алушылардың білімін бақылауды ұйымдастыру.  

8. Оқытудың кредиттік жүйесіндегі кәсіби практика. 

9.    Кеңсе  тіркеушісінің  іс-әрекеті/қызметі.    Оқытудың  кредиттік  жүйесі  жағдайында 

оқытушының қызметтері.  



 

Кредиттік оқыту жүйесін 1869 жылы Гарвард университетінің президенті Чарльз Элиот 

енгізген. Бұл жүйе Америкада білім сапасын жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғары 

оқу орындарына дейін енгізілді. 1988 жылдан бастап Еуропа елдері де кредиттік жүйеге ене 

бастады. 1999 жылы 18-19 маусым айында Еуропалық мемлекеттердің білім министрлігінің 

бірлескен отырысында кредиттік оқытудың еуропалық жүйесін қабылдады.  

Халықаралық  білім  кеңістігінде  жоғары  білім  бойыншакредиттік  оқытудың  іргелі  4 

жүйесі бар:  

1. Еуропалық жүйе –ESTS. 

2. Американдық жүйе – USCS. 

3. Британдық жүйе – CATS. 

4. Азия мемлекеттері және тынық мұхиты кеңістігіндегі жүйе – USTS.  

Қазақстанның  білім  беру  жүйесі  негізінен  Еуропалық  кредиттік  жүйеге  енуді  көздеп 

отыр.  Еуропалық  кредиттік  жүйе  бойынша  еуропадағы  Ұлыбритания,  Франция,  Испания, 

Германия, Италия, т.б. іргелі мемлекеттерде білім беріледі. 

Республика  білім  беру  жүйесінің  кредиттік  технологияға  көшудегі  басты  мақсат  - 

Қазақстан білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен біріктіру. Қазақстан Республикасы Білім 

және  Ғылым  министрлігі  ұсынып  отырған  кредиттік  оқыту  жүйесінің  Ережесі  министрлігі 

ұсынып  отырған  кредиттік  оқыту  жүйесінің  Ережесі  Болон  декларациясының  негізгі 

ұстанымдарын басшылыққа алып жасалынған. Біздің көздеп отырған мақсатымыз- кредиттік 

оқытудың  Еуропалық  жүйесіне  ену.  Әлемдегі  12000    университетте  жоғары  білім  беру 

Еуропалық кредиттік оқыту жүйесі негізінде іске асырылуда. 

Кредиттік  оқыту  жүйесінің  негізгі  ұстанымдары:  Бакалавриат  (аяқталмаған  жоғары 

кәсіптік білім)  – 4 жыл, төмендегі сатысы  – 2 жыл; жоғары сатысы  – 2 жыл. Магистратура 

(жоғары кәсіптік білімнің екінші сатысы) екі траекторияда іске асады: кәсіптік магистартура, 

3  триместрді  қамтиды  –  1  жыл;  ғылыми  магистратура  –  2  жыл.  Докторлық  бағдарлама  – 

жоғары кәсіптік білімнен кейінгі докторлық бағдарлама екі траекторияда іске асады: кәсіптік 

магистратурадан  кейін  –  3  жыл;  ғылыми  магистратурадан  кейін  –  2  жыл.  Халықаралық 

ұлттық  білім  беру  жүйесінің  бағдарламасына  сәйкес  жоғары және  кәсіптік  білімнен  кейінгі 

білім берудің кредиттік технология негізінде үш деңгейлі академиялық дәрежелер енгізілді: 

“бакалавр”, “магистр”,”доктор”.  

Кредиттік  оқыту  жүйесі  бірізді  емес  оқыту  жүйесіне  жатады.  Бірізді  емес  оқыту 

жүйесіне оқу процесін жекелей жоспарлау арқылы жүйелі түрде ұйымдастыру тәсілі жатады. 

Кредиттік  оқыту  жүйесіне  өтуге  оқыту  түрі  бірізді  оқыту  жүйесі  деп  аталады.  Бірізді 

оқыту жүйесі – оқытудың логикасына сәйкес білім алушы кәсіптік білім бағдарламасындағы 

пәндерді жүйелі түрде берілген сағаттық көлем негізінде белгілі уақытта оқытуды айтады. 




 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет