Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет101/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

негізде  практикада  тиімді  қолданылуының  динамикалық  бірлігі  ретінде  инновациялық 

процестер мәселесі педагогика теориясының өзекті мәселесіне айналды. Себебі бүгінгі  күні 

білім беру жүйесінің дамуы инновациялық процестер және оларды жобалау арқылы жүзеге 

асуда.  

Педагогикалық жобалау көптеген ғалымдардың зерттеулерінде әр қырынан көрсетілді 

(В.С. Безрукова, Н.В. Борисова, А.Н. Дахин, В.В. Краевский, В.А. Болотов, Е.И. Исаев, В.И. 

Слободчиков,  Н.А.  Шайденко,  Т.К.  Смыковская,  Е.А.  Крюкова  және  басқалар).  Аталған 

авторлардың  еңбектері  мен  басқа  да  педагогикалық-психологиялық  зерттеулерді  талдау 

олардың көпшілігінде «жобалау» түсінігінің «жоспарлау», «болжау», «құру» түсініктерімен 

байланыстырылатыны  байқалды.  Мәселен,  В.С.  Безрукова  педагогикалық  жобалауды 

«оқушылар  мен  мұғалімдердің  алда  тұрған  іс-әрекетінің  негізгі  детальдарын  алдын  ала 

жасау»  [6]  ретінде  қарастырады.  Бұл  анықтама  мұғалімнің  педагогикалық  процесті 

жоспарлауының жалпы алгоритмін көрсетеді. В.В. Краевскийдің айтуынша, «педагогикалық 

жобалау әлеуметтік мақсат қоюдың өзіндік формасы болып табылады». 

Дегенмен,  бұл  анықтама  бойынша,  «жобалау»  және  «жоспарлау»  іс-әрекеттері  бір-

бірімен  сәйкестендіріледі,  ал  олардың  әрқайсысының  өзінің  жеке  мағынасы  бар  іс-әрекет 

екендігі көрсетілмейді. Себебі педагогикалық жобалау – тек мұғалімнің сабақты жоспарлауы 

ғана  емес,  ең  алдымен  оқу-тәрбие  процесінің  логикалық  құрылымын  жасау.  Ғылыми 

әдебиетте  «жобалау»  ұғымына  бірқатар  өзіндік  анықтамалар  берілген.  Мәселен, 

В.А.Болотов,  Е.И.Исаев,  В.И.Слободчиков,  Н.А.Шайденко  педагогикалық  жобалауды 

«педагогтар,  оқушылар  қауымдастығының  жаңа  формаларын,  білім  берудің  жаңа  мазмұны 

мен  технологияларын,  педагогикалық  іс-әрекет  пен  ойлаудың  жаңа  әдістері  мен 

технологияларын жасау» контексінде анықтайды.  

Н.В.  Борисова  жобалаудың  білім  беру  жобаларын  жасауға  және  іске  асыруға 

бағытталған  іс-  әрекет  екендігін  көрсетеді.  А.Н.Дахин  болса,  жобалауды  «қандай  да  бір 

жүйені,  объектіні  немесе  модельді  құру  (жасау,жоспарлау,  құрастыру)  жөніндегі  іс-әрекет» 

деп  біледі.  Т.К.Смыковская  «педагогикалық  жобалау  –  жүйелердің  қызмет  етуінің, 

дамуының,  жетілдірудің  міндеттерін  шешуге  бағытталған  педагогиканың  және 

ұйымдастырылатын  практикалық  іс-әрекеттің  қолданбалы  бағыты»  деп  есептейді.  Бұл 

анықтамада жобалаудың міндеттерінің әрқилылығы бірден көзге түседі.  

Е.А.Крюкованың  айтуынша,  педагогикалық  жобалау  дегеніміз  –  білімдер  жиынтығы 

ретінде  қарастырылатын,  нақты  педагогикалық  объектіні,  құбылысты  немесе  процесті 

көрсететін белгілі бір педагогикалық жүйені іске асырудың шарттарын анықтау жөніндегі іс-

әрекет  болып  табылады.  Ендігі  кезекте  «педагогикалық  жобалау  қандай  принциптерге 

сүйенеді?»  деген  сұраққа  жауап  беру  керек.  Бұл  жерде  Н.Г.Алексеева,  Е.А.Крюкова  және 

Т.К.Смыковскаялардың пікірлерін негізге алуға болады. Олардың айтуынша, педагогикалық 

жобалау  принциптері:  ғылыми  ұсыныстарға  сүйену;  жаңа  жүйенің  жобасы  идеяларының 

көздерінің  толықтығы;  жобалау  идеяларының  еркін  генерациясы  (жобалаудың 

шығармашылық  сипатын  қамтамасыз  етуге  бағыттайды);  жобалаудың  бірлігі  мен 

сабақтастығы.  Г.П.Щедровицкий  педагогикалық  жобалауды  көптеген  «практикалық  іс-

әрекеттер»  актілерінен  тұратын,  кейін  талдау  объектісіне  айналатын  іс-әрекет  ретінде 

анықтай  отырып,  келесі  принциптерді  бөліп  көрсетеді:  қосымшалығы  (жүйені  жетілдіруге 

мүмкіндік  беретін  қосымша  шарттарды  енгізу  және  жүйенің  дамуына  кедергі  келтіретін 

жағдайларды шығару мүмкіндігі); іс-әрекет пен қарым- қатынастар бірлігі (кез келген емес, 

тек  тұлғаның  жетілуіне  мүмкіндік  беретін  іс-әрекеттерді  меңгеру).  Ендігі  кезекте 

инновациялық  процесті  жобалау  іс-әрекетінің  логикасына  тоқталу  керек.  Себебі 

педагогикалық  жобалаудың  нәтижесі  белгілі  бір  деңгейдегі  инновация  болып  табылады. 

С.Д.Ильенкованың  пікірінше,  инновациялық  процесті  жобалау  инновациялық  өзгерістерді 

даярлауда кешенді тұтастықты құрайтын өзара байланысты фазалардан тұрады және ғылыми 




 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет