Жұма, 19 мамыр 2017 жыл



жүктеу 335.75 Kb.

бет1/4
Дата07.09.2017
өлшемі335.75 Kb.
  1   2   3   4

Аудандық  қоғамдық - саяси  газет

Газет 1935 жылдан 

шығып келеді

ШҰҒЫЛА


Жұма, 

19 мамыр

2017 жыл

№ 20 (8091)

Е-mail: shugulazhanibek@mail.ru

www.facebook.com/ Жәнібек аудандық 

«

Шұғыла

»

 газеті

 2 - бетте

 4 - бетте

5 - бетте

-Күрделі  жөндеу  жұмыстары 

жүріп  жатырған  жиырма  шақы-

рымдық  жол  құрылысына  жалпы 

құны 2 млрд. 680 млн. теңге қаржы 

бөлініп, өткен жылы соның 1 млрд. 

572 млн. теңгесі игерілді, яғни 10,6 

шақырым  жол  асфальтталды. 

2017 жылға 1млрд. 108 млн. теңге 

қаралып  отыр.  Бұл  қаржыға  қал-

ған  9,4  шақырым  жол  жөнделетін 

болады.  Қазіргі  таңда  төрт  шақы-

рым жолдың беткі қабатын қырып, 

тегістеу  жұмыстары  жүріп  жатыр. 

Бас  мердігер  «РСУ-1»  ЖШС  бо- 

йынша  жұмысқа  20  техника  тар-

тылса,  50  «КамАЗ»  автокөлігі 

тіркемесімен  Орал  қаласынан  қа-

жетті құрылыс материалдарын та- 

сымалдауда,-деді  учаске  бастығы 

Тілеухан  Мұстафин.  Өз  кезегінде 

Алтай  Сейдірұлы  жолға  қажетті 

материалдар жеткілікті болған жағ-

дайда  құрылыс  мерзімі  аяқтала- 

тын  желтоқсан  айын  күтпей, 

соған  дейін  сапалы  түрде  аяқтау 

керектігін,  ол  үшін  қаражаттың 

жеткілікті екендігін жеткізді. 

Бұдан  соң  өңір  басшысы  Жә-

нібек  ауылының  шығыс  бетінде 

құрылысы  қызу  жүріп  жатырған 

тұрғын  үйлерге  бет  түзеді.  Мұнда 

қонақтарды  аудан  активі  мен  ар-

дагерлер  қауымы  қарсы  алды. 

А.Көлгінов  олармен  жылы  шы- 

райлы  амандасып,  хал-жағдай-

ларымен  танысты,  өткен  Ұлы  Же-

ңіс мерекесімен қызу құттықтады. 

-Құрметті  Алтай  Сейдірұлы, 

Жәнібек  жеріне  қош  келдіңіздер! 

Біздер,  ардагерлер  болып  осылай 

жиналып  тұрамыз.  Өткен  жолы 

себепті  жағдаймен  ауданымызға 

келе  алмағаныңызды  білеміз.  Ас-

танада  болып,  Елбасы  алдында 

ант  бергеніңіз  бізді  қуантады. 

Ел  үшін  атқарып  жатырған  жұ-

мысыңызға  Жәнібек  ауданының 

тұрғындары  риза.  Өткен  жылы 

Күйгенкөл  ауылдық  округінде  өзі-

ңізбен  кездескен  кезде  айтылған 

мәселелер  біртіндеп  іске  асыры- 

лып  жатыр.  Жәнібек  ауылына 

«Ақбұлақ»  бағдарламасы  бойын-

ша  таза  су,  Тау  ауылдық  окугінің  

И.Жұмаев,  Талов  ауылының  Май-

түбек  елді  мекендеріне  табиғи  газ 

тартылуда.  Құрылыс  жұмыстары 

да  қарқынды  жүруде.  Көршілес 

Ресейден  келетін  қонақтар  да  ау-

данымыздың  дамып,  көркеюіне 

байланысты  өз  ризашылықтарын 

білдіріп  жатады.  Былтыр  жерлесі-

міз,  мемлекет  және  қоғам  қайрат-

кері  Мұстақым  Ықсановтың  90 

жылдық  мерейтойын  атап  өткенде 

де  өзіңіз  келіп,  басы-қасында 

жүрдіңіз,  -  деген  аудандық  арда- 

герлер  кеңесінің  төрағасы  Аман-

гелді  Уәлиев  өңір  басшысына  ша-

ғын естелік сыйлықты тарту етті. 

Облыс әкімінің ауданымызға жұмыс сапары



облыс әкімі АлтАй көлгінов Жұмыс сАпАрымЕн ЖәнібЕк АудАнындА болды. АлдымЕн өңір бАсШысы ЧАпАЕв 

– ҚАзтАлов – ЖәнібЕк рЕспубликАлыҚ сАнАттАғы Жол уЧАскЕсіндЕ болып, Жұмыс бАрысымЕн тАнысты. 

Осы жерде аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуанәлиев А.Көлгінов-

ке  ауданда  «Нұрлы  жер»  тұрғын  үй  құрылыс  бағдарламасы  бойынша 

атқарылып жатырған жұмыстардың барысын баяндады. Әрі қарай Алтай 

Сейдірұлы  жеке  кәсіпкер,  аудандық  мәслихаттың  депутаты  Есқайыр 

Елемесов  басқаратын  «Символ»  ЖШС  салып  жатырған  тұрғын  үйде 

болып,  құрылысшылармен  тілдесті.  Серіктестік  басшысы  жергілікті 

тұрғындардан  отыз  бес  адамды  жұмыспен  қамтып  отырғанын,  құрылыс 

материалдарының  жеткілікті  екендігін  айтты.  Өңір  басшысы  ауданның 

құрылысына  үлес  қосып  жатырған  құрыш  қолды  құрылысшыларға  өз 

ризашылығын  білдірді.  Сондай-ақ  ол  осы  маңда  қаз-қатар  бой  түзеген 

жаңа тұрғын үйлерді абаттандырып, көркейту мәселесін де назардан тыс 

қалдырмай, жасыл желек отырғызу керектігін ескертіп өтті. 

Бұдан  кейін  облыс  әкімі  «Ақбұлақ»  бағдарламасы  бойынша  көшеге  

су  құбырын  тартып  жатырған  «Қазқұрылыссервис»  ЖШС-ның  жұмысы-

мен  танысты.  Алтай  Сейдірұлы,  өз  кезегінде  серіктестік  директоры 

Русланбек  Сейітмұратовқа  техника  қауіпсіздігін  қатаң  сақтау,  қазылған 

траншеяға балалардың, малдың түсіп кетпеуін қадағалау жөнінде ескерт-

ті.  Аудан  әкімі  Наурызбай  Қадырбайұлы  су  құбырлары  салынған  бойда 

траншеялардың  бітеліп  жатырғанын,  тұрғын  үйлерге  су  тарту  «қызыл 

сызыққа»  дейін  жүргізілетінін,  дегенмен  құрылысты  жүргізуші  мердігер- 

мен  жасалған  келісім  бойынша  олар  оны  үйге  дейін  жеткізіп  беріп 

отырғанын мәлім етті. 

-Жәнібек  ауданы  облыс  орталығынан  шалғай  орналасқан.  Биыл 

ауданға  3  млрд.  теңге  қаржы  қаралып,  Жәнібек,  Қамысты  ауылдық 

округтеріне таза ауыз су тарту, екі елді мекенге көгілдір отын кіргізу, 104 

пәтерлік 48 үйдің құрылыс, республикалық мәртебеге ие жолды күрделі 

жөндеу  жұмыстары  жүріп  жатыр.  Жәнібек  ауылында  тоғыз  көшенің  жо-

лы жөнделетін болады. Осының бәрі Елбасының тапсырмасы бойынша 

жүзеге асырылуда, мұны Үкімет өзінің бақылауында ұстап отыр. Сайып 

келгенде,  мұның  игілігін  жергілікті  тұрғындар  көретін  болады.  Бәрі  де 

халықтың  әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайларын  жақсарту  үшін  қолға 

алынып жатырған істер,-деді облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдары 

өкілдеріне берген сұхбатында. 

Мұнан  соң  өңір  басшысы  И.Жұмаев  және  Майтүбек  елді  мекендерін 

газдандыру  жұмыстарының  жобасымен  танысты.  Бұл  жұмыстарды 

мердігер  «Әлия-Сервис»  ЖШС  жүргізуде.  Серіктестік  директоры 

Әнуар  Марданов  газ  тарту  жұмыстары  алты  айға  жоспарланғанын, 

алайда  оны  мерзімінен  бұрын  аяқтайтынын  жеткізді.  Қамысты  ауылдық 

округінде болған А.Көлгінов «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су тарту 

мұнарасында болып, тұрғын үйлерге таза су тарту жұмыстарын салқын 

түскенге дейін, яғни мерзімінен бұрын аяқтау қажеттігін ескертті. Осыдан 

соң  өңір  басшысы  Е.Ниетқалиев  атындағы  мектепке  ат  басын  бұрып, 

оның тыныс-тіршілігімен танысты.



Асқар ҚұсАйынов

Еңбегіне қарай– 

құрмет, жасына 

қарай – ізет

«

Сайраған 



туған жердің 

бұлбұлымын

»

Жастар алқа  



мәжілісінде 

басқосты


Шұғыла

2

19 мамыр  2017 жыл



Аудан  әкімі  Наурызбай  Қарағойшин  ауданы-

мызда  еселі  еңбек  еткен,  білім  беру  саласында 

бел  шешпей  қызмет  атқарған,  елге  сыйлы  Болат 

Закаринді 75 жасқа толуына орай қабылдады. 

-«Сыйласаңдар  кәріңді,  жарылқайды  бәріңді» 

демекші,  біз  әрқашан  үлкенге  құрмет  көрсетіп,  

асыл  қазыналарымызды  ардақ  тұтамыз.  Сіз  ұзақ 

жылдар  бойы  аудандық  білім  беру  саласында, 

баспасөзде  абыройлы  қызмет  атқарып,  жас  ұр-

пақты  білім  нәрімен  сусындаттыңыз.  Сонымен 

қатар  әлі  күнге  дейін  қоғамдық  өмірде  белсенді- 

лік  танытып  келесіз.  Бүгінгі  торқалы  тойыңыз  құт- 

ты  болсын!  Деніңізге  саулық,  отбасыңызға  аман- 

дық  тілейміз,-  деп  аудан  әкімі  Наурызбай  Қа-

дырбайұлы  құттықтау  хат  табыс  етіп,  иығына  ша-

пан жапты. 

Болат  Закарин  1942  жылы  12  мамырда  Ақоба 

ауылында  дүниеге  келген.  1965  жылы  Орал 

қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық 

институтының  «тарих-филология»  факультетін 

тәмамдаған.  1965-1972  жж.  қазақ  тілі  пәнінің 

мұғалімі,  оқу  ісінің  меңгерушісі,  1972-1978  жж. 

Т.Жароков  атындағы  орта  мектептің  мұғалімі, 

1979-1992  жж.  аудандық  «Октябрь  туы»  газетінің 

жауапты  хатшысы,  1993-2005  жж.  аудандық  білім 

беру  бөлімінің  әдіскері,  2006-2011  жж.  аудандық 

ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  қызметтерін 

абыройлы  атқарып,  елге  еңбегі  сіңген  асыл  аза-

мат.  Қабылдауда  сөз  алған  Амангелді  Уәлиев 

жүрекжарды  тілегін  жеткізіп,  ардагерлер  атынан 

құттықтау  хат  пен  естелік  сағатын  сыйға  тартты.  

Өз  кезегінде  мерейтой  иесі  ақсақалын  ұмытпай, 

үлкенге  лайық  құрмет  көрсеткен  аудан  басшылы-

ғына зор алғысын білдірді. 



Арайлым кЕсЕковА

ЕңбЕгінЕ қарай – құрмЕт, 

жасына қарай – ізЕт

Талов  ауылдық  мәдениет  үйінде  ауыл  әкімін 

сайлауға  байланысты  жергілікті  қауымдастықпен 

Талов ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 

бойынша  консультация  өткізіліп,  оған  аудан  әкімі 

Наурызбай  Қарағойшин,  аудандық  мәслихаттың 

хатшысы Тахир Қадимов, аудан әкімі аппаратының 

басшысы Жақсылық Абдолов қатысты. 

-Аудандық  аумақтық  сайлау  комиссиясының  

2017  жылғы  25  сәуірдегі  №1  қаулысымен  9  мау-

сымға  Талов  ауылдық  округі  әкімінің  сайлауы 

тағайындалып,  ол  аудандық  «Шұғыла»  газетінде 

және  аудан  әкімі  аппаратының  сайтында  жария-

ланып,  ауыл  тұрғындары  алдын  ала  хабарланған 

болатын.  Осы  кезге  дейін  ауылдық  округ  әкімі 

қызметін  атқарып  келген  Марат  Мұхамбетжанов 

өзінің  берген  өтініші  бойынша  жұмысынан  бо-

сатылды.  Осыған  орай  заңды  түрде,  барлық 

талаптарға  сәйкес  Талов  ауылдық  округі  әкімі 

лауазымына  Мақсат  Нұрболұлы  Жаналиев,  

Бекжан  Байжанұлы  Неғметовтың  кандидатура-

ларын  ұсынамын,-деді  жиынға  төрағалық  еткен 

Наурызбай  Қадырбайұлы.  Бұдан  кейін  ол  жи-

налған  қауымды  кандидаттардың  өмірбаянымен 

таныстырып, оларға қысқаша мінездеме беріп өтті. 

Жиын  барысында  ауыл  тұрғындарынан  зей-

неткер  Мәруаш  Мұқатаева,  мәдениет  үйінің  ди-

ректоры  Жасұлан  Пайдин,  Ғ.Сарыбаев  атындағы 

ЖББОМ-балабақша  кешенінің  директоры  Серік 

Сидағалиевтер  сөз  сөйлеп,  пікірлерін  ортаға  сал-

ды,  кандидаттыққа  ұсынылғандар  ауыл  әкімі  бо- 

лып  сайлана  қалған  жағдайда  олармен  қоян-

қолтықтаса,  бірлесіп  жұмыс  істейтіндіктеріне  сен-

дірді. Өз сөзінде Ж. Пайдин аудан, ауыл әкімдері- 

нің  есепті  кездесуінде  ауылға  жаңа  музыкалық 

аппарат  алу  жөнінде  айтылған  мәселенің  бүгінде  

оң  шешімін  тапқандығын  жеткізіп,  аудан  басшы-

сына алғысын білдірді. 

Өз  кезегінде  Наурызбай  Қадырбайұлы  бұған 

дейін  ауылдық  округ  әкімі  лауазымын  атқарған 

М.Мұхамбетжановтың  өз  жұмысын  барынша  істе-

генін де атап өтті. 

Аудан әкімі жергілікті қауымдастықпен өткізілген 

консультация  соңында  кандидаттардың  сайлауға 

түсуге  келісімі  негізінде  Мақсат  Жаналиев  пен 

Бекжан  Неғметовты  Талов  ауылдық  округі  әкімі 

лауазымына кандидат етіп ұсынатынын жеткізді.

А. ЕсіркЕпов

тАловтыҚтАрғА тАныстырылды

Талантты, шығармашылықпен 

жұмыс  істейтін,  кәсіптік  біліктілі-

гін  көрсете  алатын  психолог- 

терді  анықтау,  қолдау  және  ма-

дақтау  мақсатында  облыстық  

«Жылдың  үздік  психологі»  бай-

қауы  оздырылды.  Екі  бөлімнен 

тұратын  байқауға  15  педагог-

психолог  қатысқан  болатын.  Ал- 

дын  ала  психологтардың  порт-

фолиосы  сырттай  қаралып,  ма- 

мандар 

байқау 


барысында 

өзін-өзі  таныстыру,  «Мектептің 

психологиялық 

қызметінің 

ШығармаШыл 

психолог


үлгісі»  атауымен  жұмыс  бағыттарымен  таныстырып,  шығармашы- 

лық тапсырмалар орындады. 

Байқау  қорытындысы  бойынша  аудан  намысын  қорғаған 

Х.Халиуллин  атындағы  ЖББОМ-ның  педагог-психологі  Гүлназым 

Оразбаева «Шығармашыл психолог» аталымына ие болды.

зәмзәгүл мАкиШЕвА,

аудандық білім беру бөлімінің 

әдіскері

Ұрп


А

қ тәрбиесі - 

ҰЛ

т бо


ЛАШАҒЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министр-

лігінің  жоспарына  сай  үстіміздегі  жылдың  12  мамыры 

күні республикалық ата-аналар жиналысы оздырылуға 

тиісті  болатын.  А.Оразбаева  атындағы  ЖББНМ-де 

жаңартылған  білім  беру  мазмұнын  енгізу  жөніндегі  бі-

лім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту мақсатын 

басты бағдар еткен жиналысқа ұстаздар қауымы, ата-

аналардан  бөлек  Жәнібек  ауылының  әкімі  Мұстахим 

Қабдысалиев,  аудандық  білім  беру  бөлімінің  әдіскері 

Мира Дүйсекенова қатысты.

Күн тәртібі бойынша мектептегі қамқоршылық кеңес-

тің жұмысы және демеушілік көмектері туралы әлеумет-

тік педагог Гүлжиһан Рамазанова баяндап өтті. Ол өз 

баяндамасында  қамқоршылық  кеңесінің  мазмұны,  

оның  дербес  заңды  тұлға  ретінде  өз  қызметінде  

басшылыққа  алатын  құжаттары,  мақсатттары  мен 

міндеттері, құзыреті, атқаратын қызметі туралы слайд-

пен егжей-тегжейлі түсіндірді. 

Елбасының  жас  жеткіншектердің  мектепке  толық 

баруын  қамтамасыз  ету  жөніндегі  тапсырмасын 

орындауда  әлеуметтік  жағынан    қорғалмаған  отбасы 

балаларын  міндетті  орта  біліммен  қамтамасыз  ету 

мақсатында    «Бақытты  балалық  шақ!»  ұранымен 

ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясы барысын- 

да көп балалы, аз қамтылған отбасындағы жеткіншек-

терге  көмек  қолын  созған  жомарт  жандар  туралы  да 

баяндамада қамтылды.

Оқу ісінің меңгерушісі Тахир Мусинов мектеп бітіру 

емтихандары,  білім  беру  жүйесіндегі  өзгерістермен 

таныстырып,  ата-аналарды  балаларының  емтиханал-

ды әзірлік пен емтиханға уақтылы, әзірлікпен келуін қам-

тамасыз ету жөнінде  бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Бастауыш  сыныптың  мұғалімі  Ақмарал  Дәулетова  

жаңартылған білім бағдарламасы бойынша атқарып жа- 

тырған тәжірибесімен бөлісіп, электронды журнал, оқу-

шыларды  бағалауға  қойылатын  талаптарды  түсіндір-

ді.


Мұстахим  Кенжебайұлы  мен  Мира  Ғалиқызы  ата-

аналар  тарапынан  қойылған  сұрақтарға  тұшымды 

жауап  беріп,  жаз  мезгілінде  балалардың  суға  шомы-

луы барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауы, поезға 

соғылып  қалудан  мұқият  болуын  қадағалауды  қатер-

леді.


меңдігүл ФАзыловА

Жол ережесі дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзу адам өміріне қауіп-қатер тудырады. Жолда 

жүру  ережелерін  дұрыс  сақтамау  нәтижесінде  көпшілік  арасында  қайғылы  жағдайға  әкеп  соқтырар  оқиғалардың 

кездесіп  жататыны  өкінішті-  ақ.  Осынау  жайттардың  алдын  алу  мақсатында  аудан  мектептерінде  бірқатар  жұмыс- 

тар атқарылуда. 

Жуырда  оқушылар  мен  жасөспірімдер  арасындағы  жол  жүру  ережесін,  тәртібін  сақтай  білуге  үйрету,  

жол  белгілері,  оларды  оқу,  тану  дағдыларын  қалыптастырып  дамыту  және  тұрмыстық  жарақаттардың  алдын  алу 

мақсатында  оздырылған  «Бағдаршам  –  2017»  аудандық  слетінде  Ғ.Абдуллин  атындағы  ЖББОМ-ның  «Бағдар- 

шам» жас инспекторлар тобы бас жүлдеге ие болып, олар облыста да аудан намысын абыроймен қорғап, жүлделі  

ІІ орынға ие болды.

Топ мүшесі Алшын Абзал «Жас реттеуші» бөлімінде ІІІ орынды қанжығасына байлады. Жеңістеріңіз құтты болсын!

әйгерім ЖЕңісҚызы,

аудандық білім беру бөлімінің

әдіскері  

«бАғдАрШАмнАн» ЖүлдЕмЕн орАлды


Шұғыла

3

19 мамыр  2017 жыл



Б

ұл  ретте  сауда-сат-

тыққа 

(конкурстарға, 



аукциондарға)  шыға-

рылатын  жерден  жер  учаскесіне 

құқық  беру  Жер  Кодексінің  43 

және  48-баптарында  айқындал-

ған тәртіппен жүзеге асырылады.

Яғни,  жер  телімін  алуға  ниет 

білдіруші  бекітілген  тізімдегі 

және  белгіленген  нысандағы 

құжаттар  топтамасын  тапсырған 

жағдайда  тиісті  комиссияның 

оң  қорытындысы  және  жерге 

орналастыру  жобасы  негізінде 

ауыл  шаруашылық  мақсаттағы 

жер  телімін  пайдалануға  құ- 

қық  беру  туралы  шешім  қа-

былданады.

Жер  учаскесiн  беруден  бас 

тарту  туралы  шешiм  комиссия-

ның  қорытындысы  шығарылған 

күннен  бастап  жеті  жұмыс 

күні  ішінде  комиссияның  теріс 

қорытындысы  негiзiнде  қабыл-

данады.

Жер  учаскесін  беруден  бас 



тарту уәжделген болуға тиіс.

Ауылдық  округтер  әкiмдерi- 

нiң  жер  учаскесiн  беру  туралы 

шешiмi  ауданның  жергiлiктi  ат- 

қарушы  органы  құратын  комис-

сияның  оң  қорытындысы  және 

жерге  орналастыру  жобасы  не-

гiзiнде қабылданады.

Ауылдық  округтер  әкiмдерi-

нiң  жер  учаскесiн  беруден 

бас  тарту  туралы  шешiмi 

комиссияның  теріс  қорытынды- 

сы  негiзiнде  комиссия  қоры-

тындысы  шығарылған  күннен 

бастап  жеті  жұмыс  күні  ішінде 

қабылданады. Жер учаскесін бе- 

руден  бас  тарту  уәжделген  бо-

луға тиіс.

Комиссия  қорытындысы  сұ-

ралып  отырған  жер  учаскесiн 

аумақтық  аймақтарға  бөлуге 

сәйкес  мәлiмделген  нысаналы 

мақсаты  бойынша  пайдалану 

немесе  жер  учаскесiн  алдын 

ала таңдауды ұсыну (елді мекен 

шегінде  объектілер  салуды  қос-

пағанда,  объектiлер  салу  үшiн 

жер  учаскесi  сұралған  кезде) 

мүмкiндiгi  туралы  ұсыныстарды 

уәкілетті орган комиссияға берген 

кезден  бастап  бес  жұмыс  күнi 

iшiнде  екi  данада  хаттамалық 

шешiм нысанында жасалады.

Комиссияның  оң  қорытын-

дысының  бір  данасы  бес  жұмыс 

күні  ішінде  жерге  орналастыру 

жобасын  дайындау  үшін  өтініш 

берушіге жіберіледі.

Жер  учаскелерiне  меншiк 

және  (немесе)  жер  пайдалану 

құқықтарының өздеріне берілуіне 

мүдделi  жеке  және  заңды 

тұлғалар өтініш берушіге өтініштің 

берілгенін  растайтын  құжатты 

беретін, жер учаскесi орналасқан 

жер бойынша ауданның жергiлiктi 

атқарушы  органына,  ауылдық 

округтің әкiмiне өтiнiш бередi.

Өтiнiште:  жер  учаскесiн  пай-

далану  мақсаты;  оның  болжам-

ды  көлемi;  орналасқан  жерi; 

сұралып  отырған  пайдалану 

құқығы;  басқа  жер  учаскесiнiң 

(осы  Кодекстiң  50-бабының  2-

тармағында  көрсетілген  жер 

учаскелерi  бойынша)  болуы 

(болмауы) көрсетiлуге тиiс.

Сұралып  отырған  жер  учас-

кесін  аумақтық  аймақтарға  бө- 

луге  сәйкес  мәлімделген  ны-

ауыл шаруашылық мақсаттағы 

жЕрлЕрді бЕру тәртібі

саналы  мақсаты  бойынша  пай-

далану  мүмкіндігін  айқындау  

үшін  жер  учаскесiне  құқық  бе-

ру  туралы  өтiнiш  жер  учаскесі 

орналасқан 

жер 


бойынша 

аудандардың  уәкілетті  орган-

дарына  үш  жұмыс  күні  ішінде 

келіп түседі.

Жер  учаскесіне  құқық  беру 

туралы өтінішті қараудың жалпы 

мерзімі  ол  түскен  кезден  бас- 

тап  екі  айға  дейінгі  мерзімді 

құрайды.

Егер  өтініш  беруші  жер 

учаскелері  мәжбүрлеп  алып 

қойылған  тұлғалардың  тізілімін-

де  тұрған  немесе  өтініш  беруші 

жер  учаскесіне  құқық  беру 

туралы не оны беруден бас тарту 

туралы  шешім  қабылдау  үшін 

қажетті  құжаттар  топтамасын 

толық  ұсынбаған  жағдайларда, 

жер  учаскесі  орналасқан  жер 

бойынша  аудандардың  уәкілет- 

ті  органдары  екі  жұмыс  күні 

ішінде  өтініш  берушіге  өтініш- 

ті  қараудан  бас  тартуды  жазба-

ша түрде береді.

Көрсетілген мерзiмге:

осы  Кодекстің  44-бабының  

3-тармағына  сәйкес  дайын-

далатын  жерге  орналастыру 

жобасын жасау;

осы  Кодекстің  44-бабының  

6-тармағында белгіленген келісу;

жергілікті 

жердегі 

жер 


учаскесінің  шекарасын  белгілеу 

кезеңдері кірмейді.

Жер  учаскесi  орналасқан 

жер бойынша ауданның уәкiлеттi 

органы  және  тиісті  жергілікті 

атқарушы  органдардың  сәулет 

және  қала  құрылысы  саласын- 

дағы  функцияларды  жүзеге 

асыратын  құрылымдық  бөлім-

шелері  сұралып  отырған  жер 

учаскесiн  аумақтық  аймақтарға 

бөлуге  сәйкес  мәлiмделген  ны- 

саналы  мақсаты  бойынша  пай-

далану мүмкiндiгiн айқындайды.

Сұралып  отырған  жер  учас-

кесін  мәлімделген  нысаналы 

мақсаты  бойынша  пайдалану 

мүмкіндігі  туралы  ұсыныстарды 

әзірлеу  мерзімі  өтініш  келіп  түс-

кен  кезден  бастап  он  жұмыс  кү-

ніне дейінгі мерзімді құрайды.

Ауданның жергілікті атқарушы 

органының,  ауылдық  округ  әкі-

мінің  жер  учаскелерiне  тиiстi  құ-

қықтар  беру  не  оларды  беруден 

бас  тарту  туралы  шешімінің 

көшірмесі  шешім  қабылданған 

кезден  бастап  бес  жұмыс  кү- 

ні  ішінде  өтініш  берушіге  тап-

сырылады (жіберіледі).

Жер  қатынастары  жөніндегі 

уәкілетті  орган  жер  учаскесіне 

құқық  беру  туралы  шешім 

қабылданған 

күннен 

бастап 


он  жұмыс  күнінен  кеш  емес 

мерзімде, сол шешімнің негізінде 

сатып  алу-сату  немесе  уақытша 

(қысқа  мерзімді,  ұзақ  мерзімді) 

өтеулі  (өтеусіз)  жер  пайдалану 

шартын жасасады.

Жергілікті  жердегі  жер  учас-

кесінің 


шекарасын 

белгілеу 

өтініш  берушінің  Қазақстан  Рес-

публикасының 

заңнамасында 

белгіленген  тәртіппен  өтініш  бе-

руі негізінде жүзеге асырылады.

Жер  учаскесіне  сәйкестендіру 

құжатын  дайындауды  және  бе-

руді  мемлекеттік  жер  кадастрын 

жүргізетін 

Мемлекеттік 

кор- 

порация  Қазақстан  Респуб-



ликасының  заңнамасында  бел-

гiленген  тәртiппен  алты  жұмыс 

күнi iшiнде жүзеге асырады.

Мемлекеттік  жер  кадастрын 

жүргізетін 

Мемлекеттік 

кор-

порация  беретін  мынадай  құ-



жаттар:

жер  учаскесi  жеке  меншiкте 

болған  кезде  -  жер  учаскесiне 

жеке меншiк құқығы актici

тұрақты  жер  пайдалану  ке-

зiнде  -  тұрақты  жер  пайдалану 

құқығы актiсi;

уақытша өтеулi жер пайдала-

ну  (жалдау)  кезiнде  –  уақытша 

өтеулi  (ұзақ  мерзiмдi,  қысқа 

мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) 

құқығы актiсi;

уақытша  өтеусiз  жер  пайда-

лану  кезiнде  -  уақытша  өтеусiз 

жер  пайдалану  құқығы  актiсi 

жер  учаскесiне  сәйкестендiру 

құжаттары болып табылады.

Жер  учаскесі  немесе  жер 

учаскесін  жалдау  құқығы  мем- 

лекеттік  меншіктегі  және  жер 

пайдалануға  берілмеген  жер 

учаскелерін  немесе  жер  учас-

келерін  жалдау  құқығын  беру 

сауда-саттықта  (конкурстарда, 

аукциондарда)  жүзеге  асыры-

лады.


Уақытша жер пайдалану мер-

зімі  аяқталып  келе  жатқан  ауыл 

шаруашылығы 

мақсатындағы 

жер  учаскелері  уақытша  жер 

пайдаланушы  жаңа  мерзімге 

уақытша  жер  пайдалану  туралы 

шарт  жасасудан  бас  тартқан 

жағдайда  ғана  сауда-саттыққа 

(конкурстарға, аукциондарға) шы- 

ғарылады.

Сауда-саттықтың 

(конкурс-

тардың,  аукциондардың)  жеңім-

паздарына  –  шетелдіктер  мен 

азаматтығы  жоқ  адамдарға  та- 

уарлы  ауыл  шаруашылығы  өн-

дірісін,  орман  өсіруді,  қосалқы 

ауыл  шаруашылығын  жүргізу 

үшін  жер  учаскелері  жиырма  

бес  жылға  дейiнгі  мерзіммен 

жалдау  шарттарымен  уақытша 

жер пайдалануға беріледі.

Жер  учаскесін  немесе  жер 

учаскесін  жалдау  құқығын  сату 

жөніндегі  сауда-саттықты  (кон- 

курстарды, аукциондарды) ұйым- 

дастыру  мен  өткізу,  оның 

ішінде  электрондық  түрде  ұйым- 

дастыру  мен  өткізу  тәртібін  ор- 

талық  уәкілетті  орган  айқын-

дайды.


Жергілікті  атқарушы  орган-

ның  жер  учаскесін  немесе  жер 

учаскесін  жалдау  құқығын  беру 

туралы  шешімі  сауда-саттық 

(конкурстар,  аукциондар)  аяқ-

талғаннан  кейін  екі  жұмыс  күні-

нен  кешіктірілмей  қабылданады. 

Жер  учаскесін  сатып  алу-сату 

немесе  жалдау  шарты  шешім 

қабылданған  күннен  бастап  бір 

жұмыс күні ішінде жасалады.

Сауда-саттықта 

(конкурс-

тарда,  аукциондарда)  сатуға 

ұсынылатын  жер  учаскелерінің 

тізбесіне  енгізілгендерді  қоспа-

ғанда,  жер  учаскелері  Қазақстан 

Республикасының азаматтарына 

жеке  меншікке  мынадай  мөл-

шерде тегін беріледі: 

1) 

ауылдық 


жерлерде 

өзiндiк  қосалқы  шаруашылық 

(үй  маңындағы  және  егiстiк 

телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу 

үшiн - суарылмайтын жерде 0,25 

гектар және суармалы жерде 0,15 

гектар; 

2)  жеке  тұрғын  үй  құрылысы 

үшiн - 0,10 гектар; 

3) 


бағбандық, 

сондай-ақ 

саяжай  құрылысы  үшiн  -  0,12 

гектар. 


Осы  Кодекстің  94-бабының 

4-тармағында 

көрсетілген 

жағдайларды  қоспағанда,  жер 

учаскелерін  аталған  мақсаттар 

үшiн  қайталап  тегiн  беруге  жол 

берiлмейдi.

Жер  беру  мәселелеріне  қа-

тысты  толық  ақпаратты  аудан-

дық  жер  қатынастары  бөлімінен 

(мекенжайы:  Жәнібек  ауылы, 

Ғ.Қараш көшесі, №63 үй 2 қабат, 

байланыс телефоны – (8-711-35) 

22-3-55,  электронды  мекенжай 

zhanibek-zemelni@mail.ru)  алуға 

болады.



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал