Жүйесі комитетінің бастамасы. Аталмыш комитеттің діни экстремизмге қатысы бар



жүктеу 0.71 Mb.

бет6/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6

– өзіңіз ақынсыз, баспа ісімен айна-

лысып, кітап шығарасыз. Қалай ойлай-

сыз, ақпараттық технологиялар дамы-

ған сайын бүгінгі адамдар кітап қа көп 

жүгіне  бермейтін  сияқты...  Әсі ре се, 

көр кем әдебиеттің оқылуы тө мен.

–  Бүгінде  көркем  әдеби  кітаптардың 

көп  оқылмайтын  себебі  –  кітапты  алмас­

тырған өзге де ақпарат алу көздері көбейді. 

қазіргідей  ала­құла  қоғамда  адамдар 

оқы р маннан гөрі көрерменге айналып ке­

т ті.  Біз,  әсіресе,  жас  ұрпақты  кітап  оқуға 

бейі м деуіміз қажет. Өйткені кітап адамның 

жан дүниесін тәрбиелейді. ал оны ешқан­

дай жаңа технология, ешқандай электрон­

ды құрал алмастыра алмайды. Бүгінгі жас­

тардың  көбінде  көркем  дүниеге  ұмтылыс 

байқалмайды.  Отандық  телеарналарды 

алып қарасаңыздар да, ұлт рухын көтеретін 

жөні  түзу  бір  жобаны  таппайсыз.  Ойлан­

дыратын тағы бір мәселе – ашық­шашық 

интернет  арқылы тарайтын теріс ақпа рат­

тар мен анайы құбылыстар ұрпақтың сана­

сына біртіндеп сіңірілуде. Әрине, интернет 

жү йе  сі  жедел  ақпарат  алмасуға  қолайлы 

бол ғанымен, идеологиялық тұрғыдан қа­

ра ғанда, қауіпті тұстары жетерлік. Теле ди­

дар да соның ар жақ, бер жағында. Экран­

ға көз салсаңыз, қаптаған атыс­шабыс пен 

эро тика. Бұған қарсы тұратын негізгі құрал 

–  ұлттық  рухты  тәрбиелейтін  көркем 

әдебиет.

–  Бізде  кітап  шығару  бар  да,  оны 

тарату, елге, оқырманға   жеткізу меха-

ни  з мдері  жетілмеген  сияқты.  ол  үшін 

не істеу қажет?

–  қазіргі  уақытта  республикамызда 

кітап  шығарумен  айналысатын  300­ден 

ас там баспа бар. Оның барлығы да жеке­

меншік  баспалар.  Мемлекеттік  тапсы     рыс­

пен  болсын,  жекелеген  адамдардың  қа­

лауымен болсын, елімізде кітап шығару ісі 

жақсы  дамып  келе  жатыр.  Бірақ  мәселе 

кітап шығаруда ғана емес, мәселе қандай 

кітап  шығаруда.  ал  осы  баспалардың 

шығарып  жатқан  өнімдерін  заңдық  тұр­

ғыда  қадағалап,  оның  мазмұндық  сипа­

тына  мән  беріп,  жалпы,  кітап  тарату  ісіне 

бақылау  жүргізіп  отырған  бірде­бір  құ­

зырлы  мекеме  жоқ.  қазір  кез  келген  ақ­

шасы бар адамның өзі туралы, ата­бабасы 

жайлы  кітап  шығарып  «жазушы»  атануы 

оңай  болып  кетті.  Осыдан  келіп  түкке 

тұрмайтын  дүниелерге  «көркем  әдебиет» 

деп айдар тағылуда. Біздегі кітап нарығын 

әбден  «халтура»  жайлап  алған.  ал  бы­

лайғы жұрт көркем әдебиет деген осы екен 

ғой деп ойлайды. Осының кесірінен, шын 

мәнінде, талғамы биік, мықты дүниелерге 

толы кітаптар оқылмай қалып жатады. 

Әңгімелескен Алмат ИСӘділ

АлАш АзАмАты

аЛаШ­ақпаРаТ

Жүздеген 

жер телімі 

мемлекетке 

қайтарылды

Жер телімдері төңірегіндегі 

дауы көп Алматыда 300-ден 

астам учаске мемлекетке 

қайтарылды. Бұл туралы кеше 

қалалық мәслихаттың 

отырысына қатысқан Қалалық 

жер қатынастары 

басқармасының бастығы 

Қуанышбек Қашқынбаев 

хабарлады.

Шенеуніктің мәліметінше, бұрын түрлі 

нысандар құрылысы үшін жер телімін бөлу 

туралы  шығарылған  қорытындылардың 

332­сі қайтарылып алынған. Соның арқа­

сында оңтүстік астананың 2700 гектардан 

астам  аумағы  мемлекет  меншігіне  өтіп 

отыр. қ.қашқынбаевтың сөзіне қарағанда, 

биыл  2006  жылы  қабылданған  жер 

телімін  сату  туралы  171­қаулының  күші 

жойылыпты.  Бұған  құрылыс  компания­

лары ның  қаржылық  қиындықтарға  ұшы­

рап,  аталған  аумақтарды  тиісті  келісімге 

сай  игермей  қалуы  себеп.  Биыл  небәрі 

төрт жер телімі сатылыпты. Олардың жал­

пы аумағы – 1,783 га. ал осыдан екі жыл 

бұрын  құрылыс  мақсатына  1564  га  жер 

телімі берілген. Жер қатынастары басқар­

масының мәліметінше, биылғы сегіз айда 

коммерциялық,  өндірістік  және  басқа  да 

мақсаттар үшін сатылған жер телімдерінен 

қала  қазынасына  1  млрд  157  млн  184 

мың теңге түскен. 

Болатбек МұхТАров

қОғаМ ЖӘНЕ ӘдіЛЕТ



Құқықтық 

кеңеске 

көк тиын 

шықпайды

Кеше Астанада Әділет 

министрлігінің өкілдері «халыққа 

қызмет көрсету орталығынан» 

тағы бір жаңа қызмет түрінің 

ашылғанынан хабардар етті. 

«Енді әрбір азамат халыққа 

қызмет көрсету орталығына 

барып, қажетті заңға қандай 

өзгеріс еніп жатқаны туралы тегін 

ақпарат алып, өзіне қажетті кез 

келген заңмен танысып, 

мамандардың кеңесіне жүгіне 

алады», – дейді «Заң» деректер 

базасы бойынша сарапшы 

Батырхан Қасымбеков. 

қазір  заңға  өзгеріс  енгізу  «әдетінің» 

белең алғаны сонша, сол заңдардан қара­

пайым халық тұрмақ, заңгерлердің өзі сү­

рі ніп­жығылады. қай заңға қандай өзгеріс 

енгізілгенінен де бейхабар болып жатады. 

Сол олқылықтардың орнын толтыру мақ­

сатында осы «Заң» деректер базасы орна­

тылып отыр. Бір ерекшелігі, бұған дайын­

далып жатқан заң жобалары да қо йы латын 

болады. қызығушылық танытқан жұрт сол 

заң  жобасына  өзінің  пікірін  білдіріп, 

ұсынысын  да  жасай  алады.  Бұл  дегеніміз 

– заң шығару ісіне халықтың да араласуына 

мүмкіндік бар деген сөз. 

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бү­

гін гі таңда «Заң» деректер базасы респу б­

лика  бойынша  40  Халыққа  қызмет  көр­

сету  орталығына,  соттарда  жасалған  20 

ақпараттық­анықтамалық  киоскілерде, 

35 ЖОО­да, 79 ғылыми кітапханада орна­

тылған.  «Мұнда  әр  қажетсінген  адам  қР 

Заңдарын, президент Жарлықтарын, Үкі­

мет қаулыларын және нормативтік­құқық­

тық  актілердің  мәтіндерін  не  электронды 

нұсқасын тегін ала алады. Компьютер тілін 

білетін кез келген адам деректер базасын­

дағы  заңнамаларды  өз  бетімен  көре 

алады», – дейді Батырхан алжығанұлы.

Салтан СӘКЕн, 

Астана


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№168 (168) 



26.09.2009 жыл, сенбi

www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

дода

Сенбі күнгі Сұхбат



Нұрғазы сасаев

күреС


Шайб

а

лы хоккей



? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Суретте кім?



Жұлдызды жазбай таныңыз

«Жұлдызды  жазбай  таныңыз»  ай дары 

тұрғысынан  келер  болсақ,  осы  апта  өте 

жемісті болды. редакциямыз ға хабарласқан 

оқырмандарымыздың  тым  көп  болғанын 

былай  қойғанда,  олардың  ешқайсысы  да 

дұрыс жауаптан жаңылысқан жоқ. Қоңырау 

шалғандар дың  көбісі  «Қалай  танымасқа, 

мына  сары  шашты  бала  бүгінде  еш  өзгер­

меген  ғой.  көзінен  мейірімділіктің  нұры 

шашып тұр. бұл – төрткүл дүниеге аты мәш­

һүр  велошабандозымыз  александр  Вино­

куров» деп қуантып жатты. тіпті дұрыс нұс­

қасын көрсетпес бұрын алыс тан орағытып, 

Винокуровтың өмірбаяны мен жетістіктерін 

тізбектеп тізіп шыққан оқыр ман дарымыз да 

аз  болған  жоқ.  бұл  да  әлемге  аты  шыққан 

велосаңлағы мызды  білмейтін  жан  кемде­

кем екенін аңғартса керек. Сондай­ақ нәзік 

жанды лар арасында да Винидің жанкүйер­

лері  көп  болып  шықты.  Солардың  бірі, 

алматылық  гүлім  Сылтаубаева  редак ция­

мызға ең бірінші болып хабар лас ты.

Томпиып тұрған мына 

бүлдіршінді кішкентайында 

көрсеңіздер, болашақта спортшы 

атанады деп ойламас едіңіздер. 

Бірақ бала кезінен спортқа құмар 

болып өскен бұл саңлақ тіпті 

Олимпиада жүлдегері атанып та 

үлгерді. ал ең құндысы – спорттың 

бұл түрінде Олимпиада 

ойындарының жүлдесіне іліккен 

ТМД-ның алғашқы спортшысы 

атанды. Қай спортшы туралы 

айтып отырғанымызды түсінген 

шығарсыздар? егер 

түсінбесеңіздер, түріне үңіліңіздер. 

соншалықты өзгере қоймағанын 

өздеріңіз де аңғарасыздар. 

бразилия құрамасының бесаспап ша­

буылшысы  ромарио  шынымен­ақ  сая­

сатқа бет бұрды. ол өз елінде Социалистік 

пар тияның  құрамына  өтті.  ромарионы 

партия қатарына алу рио­де­Жанейроның 

орта лы ғын да  салтанатты  түрде  өткізілді. 

43 жастағы әйгілі футболшы 2010 жылғы 

сайлау  кезінде  осы  партияның  атынан 

пар ламент  құрамына  енуді  көздейді. 

негізі мақсаты бұзақы балалар мен жет­

кіншектер үшін футбол мектептерін ашып, 

соларды дұрыс жолға салу екендігін паш 

етіп  те  жүр.  ал  рио­де­Жанейро  Социа­

лис тік партиясының төрағасы але шандре 

кардос  әйгілі  футболшыны  футбол  жан­

күйер лерінің барлығы дерлік қолдарына 

сенімді.


Өкінішке қарай, жақында ромарионың 

жеке өмірінде келеңсіз жағдай орын ал­

ды.  алимент  төлеуден  жалтарып  жүр ген 

ро мариоға сот алдында жауап беруге ту­

ра  келді.  осыған  орай  ол  4,37  миллион 

бейресми ақпараттарға сүйенсек, бүгінгі таңда мадридтік команданың 

қарызы 327 миллион евроны құрайды. Яғни аҚШ долларына шаққанда 

–  481  миллион  көк  қағаз  деген  сөз.  бұл  қарыздар  клуб  президенті 

Флорентино  Перестің  жазғы  трансферлік  маусымда  жұмсаған  қар­

жысынан  кейін  өскені  анық.  Дегенмен  уайымдамаңыз.  Флорентино 

Перестің айтуынша, 2010 жылдың соңына қарай «реалдың» бюджеті 422 

миллион евроны құрамақ. Өздерінің жұлдыздары арқылы табыс табуды 

көздеп  отырған  клуб  басшылығы  «басты  табысты  жейделерді  сатудан, 

жарнама және телетрансляциялар арқылы табамыз» дейді. 

ромарио неге саясатқа бет бұрды?

Футболдан  Бразилияның  әйгілі  шабуылшысы  Ромарио  саясатқа  ойысты 

деп  естідім.  Өз  елінде  бір  саяси  партияның  мүшесі  болған  көрінеді.  Мүмкін 

болса, осы мәлімет жайлы толығырақ білгім келеді. 

Жасұлан НұРғалиев, атырау қаласы

дол лар ға  пент хаусын 

сатуға да мәжбүр бол­

ды.  кейбір  ше телдік 

басылымдар 

ро ма­


рио ның сая  сатқа ойы­

суын  осы мен  бай­

ланыстырып  та  жүр. 

Се бебі  пар ламент  де­

путаты  болса,  али­

ментті  уақытында  тө ­

ле мегені үшін жауапқа 

тартыл майтын  кө рі­

неді. 

естеріңізге 



сала 

кетейік,  бразилия  құ­

рамасының  сапында 

80  ойын  өткізіп,  70  гол  соққан  сыралғы  сұрмерген 

үлкен  спорт   пен  футболшы  ретінде  былтыр  ғана 

қоштасқан болатын.

«реал» қарызданып қалған ба?

Мен  испандық «Реал» футбол клубының жанкүйерімін. Жақында 

шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарынан сүйікті командамның 

қарызға  белшесінен  батқанын  оқып  қалдым.  «Реалдың»  қарызы 

қанша? енді оны қалай өтемек?

Мейрам БейсеМБекОв, 

Астана қаласы

а) арман ШылманоВ

Ә) Әбілсейіт айҚаноВ

Б) бақтияр байСейітоВ

в) алтынбек ҚоразбаеВ

бұл қазақтың теңбіл «барысы» мен 

татардың  «ак  барсының»  оныншы 

кездесуі  еді.  бұған  дейін  екі  «барыс» 

Қхл­дың  өт кен  маусымында  жеті  рет 

кездесіп, И.рамазан атындағы дәстүрлі 

турнирде екі рет жолдары түйіскен. осы 

тоғыз  кездесуде  де  татарстан  клубы 

басым  болды.  Сон дықтан  астанада 

өткен осы жолғы ойында елордалықтар 

жеңіске  жетуді  көздеп,  бар  күш­

жігерлерін  салды.  зерек  жанкүйерлер 

де  дәл  осы  жолы  «барыстан»  жеңіс 

күтті. Себебі «ак барс» биылғы доданы 

Қхл­дың өткен маусымдағы жеңімпазы 

(не месе  гагарин  кубогы  иегері)  деген 

атына  сай  бастай  алмай,  5  ойыннан 

бар  болғаны  4  ұпай  еншілеген­ді. 

Спорттық  баптарына  келе  алмай  жүр 

ме, белгісіз, әйтеуір көсіле шаба алмай, 

көш  соңында  шабан­шалағай  жүрген 

жайы  бар­ды.  ал  «барыс»  керісінше, 

биылғы маусымды тәп­тәуір бастады. 5 

ойыннан  10  ұпай  олжалап,  көш 

басындағы  командалардың  ізіне  түсті. 

Премьер, президент және 

министр тамашалаған ойын

Құрлықтық хоккей 

лигасы аясындағы 

алтыншы кездесуінде 

Қазанның «ак Барсын» 

қабылдаған елордалық 

«Барыс» ойынның негізгі 

уақыты мен овертаймда 

тең түссе де, буллитте 

бағы жанбай, жеңіліске 

ұшырады. есеп – 4:5.

осыдан болар, қазақтың теңбіл «барысы­

ның»  делебесі  қозған  жанкүйерлері  ала­

қан дарын  ысқылап,  қонақтарды  қарға 

аунатуға асықты.

обалы  нешік,  біздің  «барыс»  аянбай 

айқасты­ақ.  Әрине,  қонақтар  айдын 

иелерінің  ырқына  көне  салмай,  қарсы­

ласып  бақты.  нағыз  табан  тірескен  тар­

тысты ойын болды. «барыс» төрт рет алға 

шықты.  ойынды  тамашалауға  келген 

көрер мендер  арасында,  лауазымды  қо­

нақтарға  арналған  «Қазақстан»  спорт 

сарайының төрінде Қр Премьер­министрі 

кәрім мәсімовтің, Қр қорғаныс министрі 

Әділбек Жақсыбековтің және Қр шайбалы 

хоккей федерациясының һәм «Қазақ стан 

күрес түрлерінен Хернингте өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер 

арасындағы еркін күрестен тағы бір қола медальға қол жеткіздік. 63 келі 

салмақ дәрежесінде белдескен елена Шалыгина үшінші орынға ие болды.

Шалыгина тағы бір қола әперді

бейжің олимпиадасында да дәл осындай 

нәтижеге  қол  жеткізген  қызымыз  жартылай 

финалда  жапон  қызынан  айласын  асыра 

алмады.  Шамасы  елена  бұған  дейінгі 

белдесулерінде  бар  күш­жігерін  сарқ  еткен 

болуы керек, мио нишимакиға еш қарсылық 

көрсете  алмады.  Жалпы,  бүгінде  әйелдер 

арасындағы  еркін  күрестен  күншығыс  елі 

қыздарының  алдыңғы  қатарда  екендігі 

белгілі. Десек те, елена екі кезеңде 0:3 және 

0:5  есептерімен  ойсырай  ұтылады  деп 

ойламаған едік. алайда нишимаки финалға 

жолдама  алғандықтан,  елена  қола  жүлде 

үшін  белдесуге  мүмкіндік  алды.  Әзірбай­

жандық  олеся  замуламен  кілемге  шыққан 

Шалыгина  бірінші  кезеңде  қарсыласын 

кілемге алып ұрып, таза жеңіске қол жеткізді. 

елена  жартылай  финалға  дейін  италиялық 

мариа  Диананы  екі  кезеңде  3:1  және  1:0 

есебімен  ұтып,  украиналық  Юля  остапчукті 

1:0  және  2:0  есебімен  жеңген­ді.  Дәл  осы 

белдесу  елена  үшін  ауыр  болып,  бар  күш­

жігерін сарқа жұмсап жібергенге ұқсайды. 

ал  қалған  екі  салмақтағы  бойжеткен­

деріміз  іріктеуден  өте  алған  жоқ.  55  келі 

салмақтағы айым Әбділдина қырғызстандық 

нұрзат Шайловаеваны жеңіп, одан соң моң­

ғол  қызы  умира  гандалжарды  ұтып  еді. 

алайда  ширек  финалда  канадалық  тони 

Вирбекпен болған белдесуде жарақаттанып 

қалды. бірінші айналымда ұтып жатып, екін­

ші  кезеңде  әдіс  қолданамын  деген  сәтте 

қабырғасын ауыртып алды. Соның салдары­

нан чемпионаттан шығып қалды. 

59 келі салмақтағы ольга калинина әуелі 

француз  Селлум  меруиемді,  бұдан  соң 

белорус  катерина  Янушкевичті  ұтқан  бо­

латын.  бірақ  ширек  финалда  украиналық 

ганна Василенкодан ұтылды. ганна жартылай 

финалда  поляк  қызына  есе  жібергендіктен, 

ольга  үшінші  орын  үшін  белдесу  мүм­

кіндігінен де шет қалды. 

Телжан күДеРОв

– Қайырлы күн, Николай Абрамұлы!

– бізде таң енді атты. Жаңа ғана таң­

ғы  асымызды  ішіп  болдық.  менің  қазір 

Швей царияда  әлем  чемпио натын да 

жүргенімді білетін боларсыздар. Қазақ­

станмен  салыстырғанда  шамамен  төрт 

сағат  айырмашылық  бар.  бірақ  ерте 

оянып алдық.



– «Астана» командасының бас 

менеджерлігіне жаңа тағайындалған 

Джузуппе Мартинеллиді «Қазақстан 

спортының игілігіне жұмыс жасай 

алады» деп айта аламыз ба?

– ол өте білікті маман. мартинеллиді 

таныстырып  жатудың  қажеті  шамалы 

болар.  басқа  шәкірттерін  былай  қой­

ғанда,  атақты  марко  Пантаниді  баптап 

шығарғанын  айтсақ  та  жеткілікті.  ал 

Пантаниді  білмейтін  жан  велоспорт 

әлемінде  кемде­кем.  лэнс  армстронг 

арасындағы  бәсеке  бәріңіздің  есіңізде 

деп ойлаймын. тіпті талай мәрте атақты 

америкалықтың алдын орап кеткенін де 

білеміз. бірақ мезгілсіз келген ажал ақы­



синьор Мартинелли қандай адам?

«астана» велоклубында менеджер ауысып, бельгиялық маман 

йохан Брюнельдің орнына италиялық бапкер Джузуппе Мартинелли 

келгенін жазғанбыз. енді келесі жылдан бастап команда жоспары 

түбегейлі өзгеретіні түсінікті. Бірақ бізді ойландыратын мәселе ол 

емес. Бүгінде өздеріңіз білесіздер, «астананың» велоспорт әлеміндегі 

беделі өте жоғары. Бүкіләлемдік рейтингте бірінші орында тұр. 

көптеген турнирлерді бағындырды. ендігі кезекте италиялық маман 

«астананы» осы деңгейде ұстап тұра ала ма? Міне, мәселе сонда. 

Осы сұрақтар шындап алаңдатып, кеше түске таман Қазақстан 

велоспорт федерациясының вице-президенті Николай ПРОскуРиНДі 

сұхбатқа тартқан едік.

теміржолы» 

ұлттық 

компаниясы» 



акционерлік қоғамының президенті асқар 

мәминнің  байыз  таппай,  тақым дарын 

қысып  отырғанын  олар  да  жете  түсінді, 

әрине.  «Қазақстан»  спорт  сарайын  5200 

адамның  лық  толтыр ғанын  да  байқады. 

алайда  «ак  барс»  хоккейшілері  «е, 

басшыларыңыз келіпті ғой, онда жарайды» 

деп жеңісті бере қойсын ба? Жо­жоқ. төрт 

рет алға шықса да, тәжірибелері нің мол­

дығының  арқасында  төрт  рет  таразы 

басын  теңестірді.  осылайша,  ойынның 

негізігі  уақыты  тең  аяқталып,  овертайм 

бастал ды.  алайда  «барыс»  5  минуттық 

овертаймның  тең  жартысында  қорғану­

мен болды. Өйткені төрешілер клоучекті 2 

минутқа  алаңнан  қуып,  «барысқа» 

қонақтардың  шабуылына  тойтарыс 

беру қажет болды. абырой болғанда, 

тар  жол  тайғақ  кешумен  өткен 

овертайм  да  аяқталып,  буллитке 

жүгінуге тура келді.

буллитте «ак барстың» бас бапкері 

зинэтула билялетдинов айласын асы­

рып  кетті.  ол  65  минут  бойы  қақ­

пашыға  сай  хас  шеберлік  таныт қан 

швед м.теллквистің орнына тың 

С.гали мовті  шығарды.  галимов  бул­

лит те  Жайлауов тың  соққысына  тос­

қауыл  бола  біліп,  Штумпел  бар 

болғаны 1­2 миллиметрге қателесуге 

мәжбүрледі.  «барыстың»  сұр мергені 

ұрған  шайба  қақпа  баға насына  тиіп, 

кері қайтты. ал 65 минут бойы 40 рет 

«ак  барс»  хоккей шілерінің  меселін 

қайтарған  (осынша  соққы ларына 

тойтарыс  берген)  Дж.гласс  буллитте 

Песонен  мен  морозовтың  соқ­

қыларынан көз жазып қалды. Сөйтіп, 

екі  «барыс»  арасындағы  дербиде 

қазандықтар  оныншы  рет  жеңіске 

жетті.

«Барыс»  (астана)  –  «ак  Барс» 

(Қазан) – 4:5 (2:1, 1:2, 1:1, 0:0, 0:1)

Голдар:  немировски  (летовски), 

2:45  (1:0).  Песонен  5:22  (1:1).  ко­

решков  (немировски),  8:27  (2:1). 

терещенко  (зарипов),  21:12  (2:2). 

глазачев  (Подградски,  Даллмэн), 

28:43 (3:2 – артық құрам). морозов 

(зарипов,  терещенко),  35:50  (3:3). 

Штумпел  (клоучек),  43:44  (4:3  – 

артық  құрам).  зарипов  (морозов), 

49:23 (4:4).



Қақпашылар:  гласс  –  теллквист 

(галимов – буллитте).



айып  уақыты:  8  минут  –  8 

минут.


соққылар:  34  (10+9+13+2)  – 

44 (15+14+11+4).



Буллит:  Песонен  («а­б»)  –  0:1. 

Жайлауов  («б»)  –  0:1  (қақпашы). 

морозов  («а­б»)  –  0:2.  корешков 

(«б»)  –  1:2.  Иммонен  («а­б»)  –  1:2 

(қақпашы).  Штумпел  («б»)  –  1:2 

(қиыс кетті).

ры Пантаниді алып тынған еді. та лант ты 

шәкіртінен  айырылған  марти нелли  де 

спорттан біраз уақыт қол үзіп қалған. тек 

Италия  жастар  құрамасын  баптаумен 

ғана 

айналысып 



келді. 

Дегенмен 

велоспорт әлемінде беделі орасан.

–  Түсінікті.  Сонымен,  неше  жылға 

келісімшарт жасастыңыздар?

– Әлі ешқандай келісімшартқа отыр­

ған  жоқпыз.  Құжаттар  дайындау  үстін­

деміз.  бір­екі  күнде  барлығы  шешіледі. 

Сол  кезде  Джузуппе  марти неллимен 

жеке  отырып,  келісімшарт  жасасамыз. 

Әзірге мартинелли «астананы» бір жыл 

бас қаратын  болады.  Содан  кейін  нәти­

же леріне  қарап,  келісімшартты  ұзартуы­

мыз мүмкін.



– Джузуппе Мартинелли 

«Астанаға» өзімен бірге бір топ 

италиялық велошабандозды ертіп 

келетін шығар?

–  Жоқ,  барлығы  осы  қалпында 

қалады.  мартинелли  қолда  бар  спорт­

шыларына  риза.  тек  алдағы  уақытта 

Италиядан екі велошабандозды шақыра­

мыз. бірақ оларды командаға шақыруды 

мартинел лиге  дейін­ақ  шешіп  қой­

ғанбыз.


– Синьор Джузуппенің Италияда 

беделі өте жоғары екенін білеміз. Енді 

«Астана» үшін «Джиро Д‘Италия» 

көпкүндігін жеңу қиынға соқпайтын 

шығар?

–  оның  мақсаты  –  тек  «Джироны» 

ғана  жеңу  емес,  басқа  да  турнирлерде 

топ жару. «астананы» әлемдік рейтингте 

әрдайым  алда  ұстап  тұру  болмақ. 

Өздеріңізге белгілі, басты күшімізді «тур 

де  Франсқа»  саламыз.  ал  аппенин 

түбегінде өтетін жарысты жеңе алмасақ, 

ол үшін аса қайғыра қоймаймыз.

–  Швейцарияда  өтіп  жатқан  әлем 

чемпионатын Мартинелли де бақылап 

отырған болар?

– Иә, әрдайым біргеміз ғой. Қазір де 

ол менің жанымда отыр. осы жерде айта 

кетейін,  брюнельмен  болған  түсініс пеу­

шіліктер  мартинеллимен  қайталанбай­

ды. ол – керемет тұлға.



– Енді әлем чемпионатына көшсек. 

Жекелей сындағы Винокуров пен 

Кашечкиннің көрсеткішіне қандай 

баға бересіз?

–  Вини  жарады.  алғашқы  ондыққа 

ілігетін  шығар  деп  үміттеніп  едім. 

Сегізінші  орыннан  көрінді.  бұл  керемет 

жетістік. теледидардан көрген болсаңыз­

дар,  оның  жылдамдығы  сағатына  50 

шақырымды  құрады.  мұндай  жылдам­

дыққа тіпті командалық жарыста да қол 

жеткізу қиын. Жарыстан кейін өзі «бұдан 

да  жылдамырақ  жүріп  өтуге  болар  еді» 

деп тісін қайрады. Демек, оның күші әлі 

сарқылған жоқ. ал кашечкин екі жылдық 

үзілістен  кейін  алғаш  рет  велоспиед 

ершігіне отырды. Қорытынды есепте 25­

орыннан  көрінді.  бұл  да  тамаша 

көрсеткіш.  осы  жақта  жүрген  шетелдік 

мамандардың барлығы екі саңлағымызға 

мадақтарын жаудыруда. Сондай­ақ мені 

Словения  атынан  шыққан  «астаналық» 

Янец брайкович те таң қалдырды. менің 

ойымша, брайкович жыл бойы жинаған 

күшін  әлем  чем пионатына  пайдаланған 

сияқты.

Бас бәйгені ешкімге бермеген 

Фабиано Канчеллара туралы не 

айтасыз? Оған жету шынымен де 

мүмкін емес пе еді?

–  Желден  жүйрік  спортшы  ғой. 

маған  кеше  боран  соғып  тұрса  да, 

Фабиано  сол  боранға  жеткізбей  кете 

алатын  сияқты  көрінді.  басқа  қандай 

теңеу қолданарымды да білмеймін. тіпті 

сөзім жетпейді.

– Енді бар үмітімізді командалық 

жарысқа артамыз. Осыдан біраз 

бұрын сұрағанымызда «команда лық 

жарысқа Винокуров пен Ка шечкин 

қатыспайды» деген бола тынсыз. Енді 

жексенбі күні команданы кім 

бастайды?

– Саша мен андрей жексенбі күні де 

жарысқа  түсетін  болды.  бар лығымыз 

ойлана  келе,  солай  шештік.  Вини 

капитандық  міндетті  атқарады.  бар 

үмітімізді соған артып отырмыз. Сондай­

ақ  Дмитрий  Фофонов  та  өз  бабында. 

бірақ жүлделі орындардан үмітті емеспіз. 

барлығына реалистік тұрғыда қарауымыз 

керек. 


– Олай болса, спортшы ларымызға 

тек жеңіс тілейміз!

Әңгімелескен азиз ЖұМаДіл

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№168 (168) 



26.09.2009 жыл, сенбі                  

www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

думан

№168 (168) 



26.09.2009 жыл, сенбі                 

www.alashainasy.kz

8

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет



e-mail: info@alashainasy.kz



Шығуы 

 

        Ұзақтығы   

          Батуы

   7.06  

 

        11.57 

 

          19.04       

Бүгін:

Әзіл-шыны аралас

Бір жігіт дүкен әкімшілігіне шағымданып жатыр:

– Сіздер неге халықты алдайсыздар?

– Жала жабуға болмайды, біз не деп алдадық?

– Сіздер кір жуатын ұнтақтың қорабына, «сыйлық ретінде 

100  грамм  тегін  аласыз»  деп  жазып  қойыпсыздар.  Ашып 

қарадым,  ішінде  ұнтақтан  басқа  ештеңе  жоқ.  100  грамы 

қайда?

***


Нан дүкенінде сауда жасап тұрған адам дүкеншіден:

– Маған бір нан беріңізші? – деп сұрады.

Қара нан берейін бе, әлде ақ нан берейін бе?

– Бәрібір, өйткені нанды соқырларға апарып беремін?

Ке

зекшi  ред



ак

тор –


 Ж

анс


ая 

Ә

Бді



Бе

Ков


А

Республикалық қоғамдық-саяси  ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ  Бас ред

ак

тордың бiрiншi орынб



ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН  Бас ред

ак

тордың орынб



ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


ау

апты х


атшы

Талға


т КIРШIБ

А

ев



  – 

ж

ау



апты х

атшының орынб

ас

ары


Нұрлыб

ай ИТ


еКБ

А

ев



  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫП

ов

А – 



аға к

оррек


тор т

ел.: 


388-80-76

Бөлiм редакторлары: Құб

аш М


еҢ

д

IҒА



ЛИ

ев

 – с



аяси бюро т

ел.: 


388-80-72

Берiк ӘШIМ

ов

 – нарық т



ел.: 

388-80-69

Қалд


ар КӨМ

еКБ


А

ев

 – қоғам т



ел.:

 388-80-65

Алма


т ИСӘ

д

IЛ – өрк



ение

т т


ел.: 

388-80-64

Нұрғазы СА

СА

ев

 – дод



а (спор

т) т


ел.: 

388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АР

ов



 – ж

аңалықт


ар т

ел: 


388-80-68

Қу

анышбек ҚАРИ – меншiк



тi 

тiлшiлер қосыны т

ел.: 

388-80-62

Астана филиалы: Мек

енж


айы: Сейфу

ллин көшесi, 31

Те

л.:


 +7 (7172) , 54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Жандос БӘДЕЛҰЛЫ –  

ст

ана филиалының ж



ет

екшiсi)


besbogda@mail.ru besbogda@y

ahoo.c


om

Мұр


ат А

ЛМА


СБ

еКҰЛЫ – тiлшi

Салт

ан СӘК


еН – тiлшi

Бүркiт НҰР

А

СЫЛ – тiлшi



Аймақтағы тiлшiлер:

Атыр


ау – Нарғыз ҒАБ

д

УЛЛИНА т



ел.: 8702 5876587

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ т


ел.: 8777 3909779

Қос


танай – Алмагүл 

СҰЛТ


АН

ов

А



 те

л.: 87774067903

Қ

ызылж


ар – 

ерб


ақыт 

А

МАНТ



АЙ

 те


л.: 

8 7054418255

Қызылорд

а – Әділж

ан 

ҮМБ


еТ

 те


л.: 87777054466

Өск


емен – Ж

азир


а 

СҰЛТ


АНҚЫ

зЫ

 те



л.: 87775797090

Шымк


ент – Шадияр М

о

Л



д

АБ

еК т



ел.: 8705 9877799

Газ


ет 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

ат 

 

минис



трлiгiнде 

тiрк


елiп, 

бұқар


алық 

ақпар


ат 

құр


алын 

есепк


е 

қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Ред

акция 


авт

орлар 


мақаласы 

мен 


ж

арнама 


мазмұнына 

ж

ау



ап 

бермейдi.

Авт

орлар қо


лж

азб


асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi 

екi 


компью

терлiк 


бе

тт

ен 



(14 

кег


ль) 

ас

атын 



ма

териалд


ар 

қабылд


анб

айды.


«Алаш 

айнасынд


а» 

ж

арияланған 



ма

териалд


ар 

мен 


суре

тт

ердi 



көшiрiп 

немесе 


өңдеп 

бас


у 

үшiн 


ред

акцияның 

ж

азб


аша 

рұқс


аты 

алынып, г

аз

етк


е сiлт

еме ж


ас

алуы мiнде

ттi.

Құрылтайшысы және меншiк 

иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Тар


ат

у қызме


тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

Алма


ты  қаласы «

дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд

аяқов көшесi, 17-үй. Т



ел.: 

(727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №3551

Ас

тана  қаласы «А



ст

ана-По


лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

(7172) 37-05-59

Тапсырыс – №1540

Шымк

ент қаласы «



о

ңтүс


тiк по

лигр


афия» б

аспалар үйi» ЖШС

Байтұрсынұлы  көшесi, 18-үй. Т

ел.: 


(7252) 30-03-30, 30-03-31

Тапсырыс – №9291

Бағасы  к

елiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газ


ет сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

ла



ш а

йн

ас



ы» г

аз

ет



е ж


аз

ыл

у и



нд

ек

сi: 6



42

59

Ре



да

кц

ия



ны

ң м


ек

ен

ж



ай

ы: 


Ал

ма

ты қ



ал

ас

ы, Б



ег

ал

ин к



өш

ес

і, 1



48 а

Те

ле



ф

он

8



(7

27)

38

8-

80

-6

0, ф

ак

с: 



8(

72

7)

38

8-

80

-6

1

e-

m



ai

l: in



fo

@

al

as

ha

in

as

y.

kz

Газетіміздің №167 (167) санында жарияланған сканвордтың жауабы 

ЖҰЛДЫз-ЖОРАМАЛ

ТОҚТЫ

іскерлік  белсен ділігі-

ңіз бүгін өте төмен. Соның 

салдарынан  соңғы  кезде 

өзіңіз көп көңіл бөліп жүр-

ген  жобаларға  деген  қы-

зы     ғушылығыңызды  жо ға л    та-

сыз.  Сол  үшін  бұл  күнді  өз 

қалауыңызға  қарсы  келмей, 

жан қалауыңызға арнаңыз. 



ТОРпАҚ

Бүгінгі  күніңіз  жарқын 

романтикалық   толқыны с  -

тарға  толы  болады.  Тіпті 

жеке  өміріңізде  айтар-

лықтай  өзгерістер  болуы 

да әбден мүмкін. Бұл күні сіз 

әдеттегіден  гөрі  әсершілсіз, 

сол  үшін  кездейсоқ  кезде су-

ден сезімге берілесіз. 



ЕГізДЕР

Сіз  үшін  бұл  күн  ал-

дам   шы  сезімдерге  толы 

бо ла ды. Сондықтан жаңа 

бас  тамалар  үшін  қолай-

сыз,  әрі  бұл  үшін  сіздің 

күшіңіз жеткіліксіз болуы мү м  -

кін.  Алайда  осы  күні  көпке 

созылған істердің соңғы нүк-

тесі қойылады.



ШАяН

Бүгін  сіздің  назары-

ңыз да болатын басты мә-

селе  қаржыға  қатысты 

болады. Жұмыстағы жағ-

дай ауа райындай құ был-

 ма лы  болады,  сондықтан 

сізге  өте  қиынға  соғады.  Тез 

арада  шешімін  табуды  талап 

ететін жағдай туындайды.



АРЫСТАН

Таңертеңнен көңіл күй-

і   ңіздің тұрақсыздығын се-

зінесіз.  Соның  әсерінен 

жос парларыңызды да ер   -

кі  ң ізден  тыс  өзгертіп  тас-

тайсыз. осы күні болатын оқи-

ғалардың  бәрін  ақылы ңызға 

емес,  көңіл  күйдің  сер пініне 

бағындырасыз.



БикЕШ

Бүгін  сіздің  іскерлік 

бел  сенділігіңіз  төмен,  сол 

үшін  өз  міндеттеріңізді  ат-

қару  көңіліңізді  көте ре тін-

дей қызық іс болып көрін-

бей ді. есесіне, жеке өмі       рі ңіз де 

елеулі және жағы мды өз ге рі с-

тер орын алады. Қаржы мәсе-

лесі сәтті шешіле ді.



ТАРАзЫ

Сізге  бүгін  қалағаны-

ңыз ға қол жеткізу үшін та-

бандылық қажет. егер ашу 

мен  уайымға  салынбаса-

ңыз, барлық қиындықтар-

ды  оңай  жеңе  аласыз.  Сіз  тек 

қана  еңбегіңіздің  және  шы-

дам ды лығыңыздың  арқасын-

да табысқа жетесіз.



САРЫШАяН

Бұл күннің қаншалық-

ты  жемісті  болатыны  ең 

әуелі  сіздің  пысық тығы-

ңы з ға,  мақсатқа  жету 

жолындағы  күрес керлігі-

ңізге  байланысты.  Бәсекеге 

қа білетті болсаңыз ғана жақсы 

көрсеткіштерге  жете  аласыз. 

Кәсіби өсуіңіз де мүмкін.



МЕРГЕН

Сізді  бүгін  өте  жақсы 

әрі  жанға  жағымды  күн 

күтеді.  Ал  бұл  –  сіз  кез 

келген  алға  қойған  мақ-

саттарға қиналмай жетесіз 

деген сөз! Сол секілді күнделікті 

қайталанып отыратын тапсыр-

маларды ойнап жүріп тын ды-

ратыныңыз анық. 



ТАУЕШкі

Жақсы  күндердің  бірі! 

Бүгін  жұлдыздар  сізді  қол-

дайды  және  жағымды  то-

сын  сыйлықтарымен  қуа н    -

тады.Алдыңыздан аш ы  лған 

мүмкіндіктерді уы сыңыз дан шы-

ғарып  алмаңыз.  Қалып тас қан 

дә с түрді  көз  жұ мып  қайта лай 

бермеген жөн.



СУҚҰЙҒЫШ

осы сенбіде сізге ойы-

ңызды  адамдарға  нақты 

және  түсінікті  етіп  жеткізе 

алатын қабілетіңіз көмек-

теседі. Келіссөздер өткізу-

ге, құжаттарды рәсімдеуге, ке-

лі сімге қол қоюға қолайлы.Әрі 

бүгінгі  қызықты  кеште  қуа-

нышқа кенелесіз. 



БАЛЫҚТАР

Бұл  күн  сізге  қызықты 

идея  алып  келеді,  бірақ 

оны жүзеге асыруға әлі ер-

те. Міндетті түрде жа қын-

дарыңызбен  ақыл да сы-

ңыз,  әсіресе,  әңгіме  қар   жы ға 

ғана  тіреліп  тұрған  жа ғ  д айда.

Үйде 

спиртті 


ішім дік терге 

тыйым сал ғаныңыз аб зал. 



Қыркүйек

Сс

Ср



Бс

Жм

Сб



Жс

дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сб

Жс

дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сб

Жс



дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сб



Жс

дс

Сс



Ср

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

16

17



18

19

20



21

22

23



24

25

26



27

28

29



30 

Бұл қандай ғимарат?

ЖҰМБАҚ СУРеТ



Ауа райы

     


оңтүстiктен  ұзақ  соққан  жел  бағытын  өзгертiп,  шығыстан  соқса,  ауа 

райы жақсарады да, батыстан соқса, ауа райы қатты бұзылады.



Халық болжамы



+16 +18



о

 



 +11 +12



о



 



+19 +22

о

 



 



+12 +14

о

 



+14 +18

о

 

 



+7 +11

о

 



+17 +18

о

 



  +11 +12



о



 +22 +25



о

 



 +16 +18



о

 



+20 +22

о

 

 



+15 +16

о



+12 +14



о

 



 +7 +8



о



 +14+17



о

 

 



+5 +8

о

         



+14 +15

о

 

 



+8 +11

о



 +19 +22



о

 



 +13 +14



о

 



+20 +24

о

 

 



+15 +16

о

 



+20 +23

о

 

 



+14 +16

о

 



+15 +19

о

 



 +10 +11



о



 +14+18



о

 



 +9+10



о



 



+16 +21

о

 



 +10 +12



о



 +16 +20



о

 



 +10 + 11



о



 



+19 +22

о

 

 



+13+15

о



 +17 +20



о

 



 +13 +14



о



 

Сіз еСТідіҢіз Бе?



Америкалық музыкант, өз есімімен аталатын рок топтың жетекшісі 

Мэрилин Мэнсон шошқа тұмауын жұқтырды. Егер ауруынан 

айықпаса, оның қарашаның 13-інде Мәскеуде өтуі тиіс концерті 

кейінге қалдырылмақ.

Шошқа тұмауы шоу-бизнесті баудай 

түсіріп жатыр

Жаңа зеландияның Окленд қаласында дәстүрлі 

порножұлдыздар шеруі өтті. 90 мыңға жуық адам 

тамашалаған көңілді шараның бас кейіпкері қос анары 24 келі 

тартатын Челси Шармс болды. 

Төсі 24 келі болатын жұлдыз 

шеруге шықты

Салбыраған  төсін  емін-еркін 

көтеріп  жүре  алмайтын  порно-

жұ  л дыз  шеруге  машинаның  тө-

бе  сіне  отырып  шықты.  оның 

көлі  гінің  со ң ына  мотоцикл,  күй-

ме,  ті п ті  танк  мінген  «ересектер 

өнерінің»  ондаған  қас  шебері 

ілесті.  Шеруді  ұйымдастырушы, 

әл е мдік 

порноиндустрияның 

май         т а  л маны  Стив  Кроу  биыл 

биз н е стің бұл саласы аса табысты 

болмай  тұрғанын  айтты.  деген-

мен  келешекте  порнографияға 

қайта сұраныс артатынына сенім 

білдірді. оның айтуынша, биыл-

ғы  шеруді  тамашалаушылар  да 

аз.  Былтыр  жаңазеландиялық 

«тән  мере  кесін»  жүз  мыңнан  ас-

там адам тойлаған екен.

Австралиялық  Undercover  музыкалық-ақ па-

рат тық порталына берген сұхбатында әртіс өзіне 

дәрігерлердің  A/H1N1  тұмауы  диаг нозын  қой-

ғанын  ресми  түрде  растайтынын  айтты.  Қазір 

музыканттың  денсаулығы  жақсы.  «Әзірше  өлім 

қау пі  төніп  тұрған  жоқ.  Жазылып  кетемін  деп 

ойлаймын», – деп күлді әнші. Ал егер оның ау ру-

  ханада емделуі ұзаққа созы лып кетсе, қара шада 

Ресей  астанасында  өте тін  шығар машылық  кеші 

кейінге қалды рылуы мүмкін. Айта кетейік, мұның 

алдында  қауіпті  вирусты  британдық  Ka sa bian 

тобының  бар лық  мүшесі  жұқтырған  еді.  Қазір 

рок музы канттар Сиднейде емделіп жатыр.



көЛДЕНЕңіНЕН: 

Каземат. Нәзипа. «оғызнама». Нина. Шторм. Наз. Аккит. ойран. Маш. Ана. Негр. Азап. оптант. Сейм. орда. 



ТіГіНЕН:

 Тарғытай. есе. округ. Мензурка. Ром. Мән. Мина. Қазан. НАТо. Тимин. Мазар. Панама. Анд. Жуа. Аз. Шыпта. 



Суреттің жауабы: 

1) Астанадағы Ұлттық кітапхана;

2) Алматыдағы Жамбыл Жабаев ескерткіші. 

Газетіміздің №163 (19.09.2009) санында 

жарияланған  суреттердiң дұрыс  шешімін 

тапқан оқырман: 

1) досымбек ЖАППАРов, Атырау қаласы; 

2) Самал дҮТБАевА, Алматы қаласы. 

Сонымен, зер 

салып, мұқият 

қарап, суреттiң 

қай қаладағы 

қандай ғимарат 

немесе кiмнiң 

ескерткiшi 

екенiн тауып, 

газетiмiзге 

хабарласыңыз-

дар!

ҚҰРМЕТТI ОҚЫРМАН!

Газетімізде әр сенбі сайын  «Жұмбақ сурет»  айдарымен еліміздегі 

көпке танымал ғимараттар мен ескерткіштердің бір бөлігін тұрақты түрде  

жариялап келеміз.  Осыған байланысты редакциямызға оқырмандар 

тарапынан көптеген хаттар келіп түсуде.  көпшілігі өз аты-жөндерін көрсетуді  

тағы да ұмыт қалдырған. Осы жағына бей-жай қарамауларыңызды өтінеміз, 

себебі жұмбақ суреттің шешуін тапқан адамның аты-жөні мен жасырылған 

ғимараттың толық көрінісін газет бетіне жариялап отырамыз.

Қыркүйектің 26-сы

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНвоРд


Қожанасыр

Италия


ф/клубы

Ағылшын


ақыны

Сүт,


айран

допинг


Шырмауық

өсімдік


Чех ав-

токөлігі


Қаракүйе

Шығыс


діни

парыз


Шырынды

жеміс


Үш әнші

Беріктас


Перзент

Бнгладеш


ақшасы

М.Горкьий

романы

Қарт


Шұбат

Сарқынды


су

Жаргон


Жеті жасар

бүркіт


Бас терісінің

ауруы


Серт

Аңға шығуға

қолайлы

күн


Солқылдақ

ағаш


Қыртыс

Жыл


атауы

Грузия


ақшасы

Әйгілі


сиқыршылар

әулеті


Жарылғыш

зат


...

Поплав-


ская

Суретті


кілем

Жылқыларды

зерттейтін

ғылым саласы



Туған күн иелері

кеңес Биекенов (1933) – әлеуметтану ғылымының докторы, 

профессор, академик;



Мамыш Дәндібаев (1944) – Алматы облыстық жолаушылар 

көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы; 



Уәлихан  Ережепов  (1953)  –  оңтүстік  Қазақстан  облысы 

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы



Қажымұқан Арынов (1956) – техника ғылымының докторы, 

профессор;



Марфуға Бектемірова (1958) – ақын.

Ғабдул Хәкім Жәшібеков 

(1959) – әділет генерал-майоры;



Жамбыл  Байғонов

  (1959)  –  оңтүстік  Қазақстан  облысы 

Сарыағаш ауданының әкімі;

Асқар Жанкин (1963) – Көлік және коммуникация министр-

лігінің  Солтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша  департаментінің 

бастығы;

Назым Сапарова (1964) – «ҚазМұнайТеңіз» компаниясы бас-

па сөз қызметінің жетекшісі;



Ақерке  Абылайхан  (1976)  –  Білім  және  ғылым  министрлігі 

Халықаралық  бағдарламаларды  іске  асыру  басқармасының  бас-

тығы;

Айбар Теменов (1983) – Астана қаласы есіл ауданы әкімінің 

орынбасары.



Қыркүйектің 27-сі

Алаштың атаулы күні

• Халықаралық туризм күні.

• Саңыраулардың халықаралық күні.

• Машина жасаушылар күні.



Туған күн иелері

Нұрғали Мамыров (1938) – экономика ғылымының докторы, 

профессор, академик;



Нұрмахамбет  Айтуғанов  (1947)  –  Ауыл  шаруашылығы  министрлігі 

Алматы аумақтық инспекциясының бастығы;



Найман Қалабаев (1950) – Білім және ғылым министрлігі Білім және 

ғылым  саласындағы  бақылау  комитетінің  төрағасы,  техника  ғылымының 

докторы, профессор;

Жиенай  Абытов  (1954)  –  Маңғыстау  облысы  Маңғыстау  ауданының 

әкімі;


Фархат Әбдіхалықов (1958) – Қазақстанның Белоруссиядағы елшілігі-

нің өкіл-кеңесшісі;



Төлеген закариянов (1961) – Павлодар облысы әкімінің орынбасары;

Мұхтар Тінікеев (1963) – Мәжіліс депутаты;

Ескендір Бейсембетов (1966) – «Қазақстан-Британ» техникалық уни-

вер ситетінің ректоры;



Нұрлан кенжебеков (1977) – «Қазақстан теміржолы» компаниясының 

Әзірбайжан және Кавказ аймағындағы өкілдігінің жетекшісі;



Бекбол  Баймаханов

  (1979)  –  Жоғарғы  сот  аппарат  басшысының 

көмекшісі.

Қыркүйектің 28-і

Туған күн иелері 

Жабағы Тәкібаев

 (1919) – физика-математика ғылымының докторы, 

профессор,  академик,  Қазақстан  ғылымының  еңбек  сіңірген  қайраткері; 

Шерхан  Мұртаза  (1932)  –  Халық  жазушысы,  Мемлекеттік  сыйлықтың 

лауреаты;



Герой Жолтаев (1940) – геология-минерология ғылымының докторы, 

профессор, академик;



Вячеслав Чупров

 (1949) – Президент мұрағаты директорының орын-

басары,

Қайрат ищанов (1950) – сенатор;

Қайрат  Бөкенов  (1952)  –  «Республика»  зейнетақы  жинақтау  қоры 

дирек торлар кеңесінің төрағасы;



Нұртас Наурызбаев (1952) – Патриоттар партиясы орталық комитетінің 

аппарат жетекшісі, полковник;



Төлеген  Хамитов  (1956)  –  Қарағанды  облыстық  санитарлық-эпиде-

миологиялық мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы;



Серік Естай (1967) – «Интергаз орталық Азия» АҚ бас директоры;

Марат кәрімов (1972) – «ҚазМұнайТеңіз» компаниясы бас дирек торы-

ның бірінші орынбасары;



Жанатбек Бәйтеков (1974) – әртіс;

Саят  Нұрахметов  (1976)  –  «Қазақстан»  республикалық  телерадио 

корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары;



Жақсылық  Әдішев  (1980)  –  «Қазақстан»  республикалық  телерадио 

корпорациясы  ақпараттық-сараптамалық  бағдарламалар  дирекциясы 

директорының орынбасары.

Мерейлеріңіз үстем болып, 

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

көңіЛ АЙТУ

Атырау  қаласының  тұрғыны,  ҚР  мәдениет  қайраткері,  бард 

әнші, ақын, сазгер Табылды досымовқа 

анасы Нағиманың 

қайтыс  болуына  байланысты  қайғысына  ортақтасып,  көңіл 



айтамыз. 

Курстас достарынан

Document Outline

  • 1.pdf
  • 2.pdf
  • 3.pdf
  • 4.pdf
  • 5.pdf
  • 6.pdf
  • 7.pdf
  • 8.pdf


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал