Жүйесі комитетінің бастамасы. Аталмыш комитеттің діни экстремизмге қатысы бар



жүктеу 0.71 Mb.

бет2/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6

қАлың қАлАй, қызылЖАр?

Қазағы  –  31,9  пайыз,  орысы  –  49,7 

пайыз,  украины  –  40,6  пайыз  Солтүстік 

Қа зақстан облысының жайын түсінуге бо­

лар. Дегенмен облыс әкімі Серік Біләлов­

тің  бастамасымен  Қызылжар  ауда нында 

шеттен келген қандастарымызға арналып 

Бәйтерек деген ауыл салынып жатыр екен. 

Былтыр Мағжан Жұмабаевтың 115 жыл­

дығы  дүркіретіп  тойланды.  Біле  білсек, 

Мағжан Жұмабаев – қазіргі облыс әкімінің 

немере ағасы. Алайда Мағжанның ескерт­

кішінің  сын  көтермейтінін,  «атыңды  Қы­

зыл жар деп бабам қойған» деп жыр лай­

тын  Қожаберген  жырауға  бір  ескерткіш 

бұйырмай тұрғанын зиялы қауым айтып­

ақ жүр. Петропавлдың 257 жылдық тари­

хын да  шаһарды  басқару  бақытына  ие 

бол ған  жалғыз  қазақ  әкім  Ерік  нұрақаев 

мыр заның  қала  гербіндегі  кресті  алып 

тастауға  батылы  жетер  ме  екен?  Шіркін, 

Мағ жан ның  немере  інісі  Серік  Біләлов 

мырза  Петропавлға  Қызылжар  атауын 

қай тарса, күллі Алаш арыстарының аруа­

ғы бір аунап түсер­ау. 

АлАШқА кЕрЕгі – кЕрЕку 

Қазақтың талай академиктері шыққан 

Павлодар  облысында  Қаныш  Сәтбаевқа, 

Майра  Шамсудинованың  зиратына  ес­

керт кіш белгі орнатамыз деп уәде бергелі 

он  шақты  жылдың  жүзі  болды.  Қаланың 

Кереку деген тарихи атауын Парламентте 

немесе  бүкілхалықтық  референдум  ар­

қылы қайтарса жөн болар еді. 

қоС АСтАнАны 

қАзАқтАндырғАн

Елбасының  тапсырмасымен  «Мәдени 

мұраға»  даңғыл  жол  салған,  ару  Алматы 

мен  әсем  Астананы  қазақтандырған,  әр­

дайым ұлт зиялылары мен дарынды жас­

тардан көмегін аямаған иманғали Тасма­

ғам бетовтың  ұлттық  рух  пен  мем лекеттік 

идеологияны  қалыптас тырудағы  еңбегі 

зор.  Алматы  қаласының  әкімі  Ахметжан 

Есімов шаһардың тарихшылар тайға таңба 

басқандай  дәлелдеген  мың жылдық  ме­

рей тойын  ұйымдастырса,  нұр  үстіне  нұр 

бо лар еді. 

АйТАРыМ БАР...



Елбасына қолдаушы,

жәрдемші 

болуымыз керек

Қазақтың арғы­бергі тарихында елімді 

қалай көгертсем, жерімді қалай көр кейт­

сем  деген  талай  асыл  да  дана  басшылар 

өткен.  Солардың  қай­қай сысы  да  өзінің 

туған  елі  үшін  жасаған  ұшан­теңіз  еңбе­

гінің,  жанқиярлығы  мен  қайраткерлігінің 

арқасында  хал қымыздың,  бүгінгі  ұрпақ­

тың  жадында  мәңгілік  сақталып  қалды. 

«Ерім  деген  ел  болмаса,  елім  деген  ер 

қайдан  бол сын»  дейтін  ұлағатты  сөз 

осындайда еске түседі.

нұрсұлтан  назарбаев  та  –  сондай 

тұлға.  Қазақтың  тарихында  тұңғыш  пре­

зидент болып қана қоймай, осы абыройлы 

да жауапты қызметті қа пы сыз, қалтқысыз 

ат қарып  келе  жатқан,  қазаққа  әлемді  та­

нытқан,  қазақты  әлем ге  танытқан  –  осы 

нұрсұлтан. 

Осыдан  кейін  ел  ішінде  Прези дент тің 

өкілеттігін  ұзарту  туралы  ұсыныс­пікірдің 

туындауы  да  заңды  деп  ой лаймын.  Ел­

басымыз  Ақтөбеге  бар ғанда,  бұл  пікірді 

ақтөбелік  бір  про фессор  бауырым  да 

айтты. 

Жақында  «нұр  Отан»  партиясы  бас ­



шыларының  бірі  Дархан  Қале таев тың 

«нұр сұлтан  назарбаев  –  ұлттың  көшбас­

шысы.  Мемлекет  басшысының  өкі леттігін 

ұзарту  туралы  мәселені  заң дық  қалыпқа 

салып қоюға болмайды. Бұл қоғам, мем­

лекет деңгейінде кеңі нен талқылануы тиіс» 

деген пікірін оқы дым. 

Расында да, нұрсұлтан – қазақтың тұң­

ғыш  президенті  ғана  емес,  қазақ  хал қы­

ның,  ұлтының  көшбасшысы.  Сон дықтан 

оның  мемлекет  пен  халық  алдындағы 

ұлан­ғайыр еңбегін ешбір заңға сыйғыза 

алмайсың.  Және  заң  да  қатып  қалған 

дүние емес. Елбасының еңбегінің бағасын 

тарих,  бүгінгі  қоғам  беріп  те  қойған. 

Сондықтан  біз  әр дайым  оның  маңайына 

топтасып,  Елбасының  халық  үшін  жасап 

жатқан  игі  істеріне  қолдаушы,  жәрдемші 

болуымыз керек. 

Егемен ел, Тәуелсіз мемлекетке ай нал­

ған  қазақ  халқының  күні  енді  ешқашан 

батпақ емес. Мен осы елдің бір перзенті, 

зиялысы ретінде осыған кәміл сенемін.

Әзілхан нҰрШАйықов, 

қазақстанның халық жазушысы

Соңғы кездері ақпарат 

құралдарында н.назарбаевтың 

президенттік өкілеттігін ұзартуға 

байланысты әңгіме көтеріліп 

жүр. осыған байланысты өзімнің 

жазушылық, ақсақалдық, 

азаматтық парызым ретінде мен 

де пікір білдіргенді жөн көрдім.

СА

яСА

ттың  

А

лты  

А

уызы

герхард ШрЕдЕр, Германияның экс-канцлері:

«Мен Қазақстанның ЕҚыҰ­ға төрағалық етуін қол­

даушы  саясаткерлердің  бірі  болдым  және  осы  ұста­

нымымды  әлі  де  өзгерткен  жоқпын.  Қазақстанның 

қарқындап дамушы ел екенін ескерсек, сын тудырып 

отырған  мәселелерге  көз  жұмуға  да  болады.  Екін­

шіден, Қазақстанның діни ландшафтына көз салсақ, 

бұл жерде түрлі конфессия өкілдеріне қандай жақсы 

қарым­қатынас  жасалып  отырғанын  көрер  едік.  Бұл 

себеп Қазақстанның ЕҚыҰ­ға төраға болуына жетіп­

артылады.  Ал  Қазақстандағы  демократия  стан дарттарына  сәйкес  кел­

мейтін кейбір мәселелер туралы айтар болсақ, мұны билік өкілдерімен 

жеке әңгіме барысында талқылаған дұрыс деп есептеймін». 

(Кеше Астанада Энергетика апталығы шеңберінде өткізілген

баспасөз мәслихатында айтқан сөзінен)

125  жылдығы  атап  өтіліп,  ескерткіштері 

орнатылды. 

үмБЕтовтің 

«үлгЕрімі» ЖАқСы 

Талдықорғанда Қадырғали Жалайы ри 

ескерткіші бой көтеріп, Қабанбай ба тыр    ға 

қаланың  шығысында  алып  ескерт кіш 

тұрғызылды.  Әкім  Серік  Үмбетовтің  тіке­

лей  қолдауымен  Жетісу  өңірі  қымыздың 

отаны  мен  аламан  бәйгелердің  мекеніне 

айналды. 



қАрАғАнды 

АлАШ мҰрАСынА 

оң көзБЕн қАрАСА... 

Кеншілер аймағы Алаш ардақтылары­

на  кенде  емес­ті.  Бір  жақсысы,  облыста 

жыл сайын Тәттімбет Қазанғапұлы, Қасым 

Аман жолов,  Жүсіпбек  Елебеков,  Мәди 

дағы даулы аймақтарды татуластыру, бей­

біт  жол  іздеу  басты  мақсаттардың  бірі 

екенін тілге тиек етті. 

Ауқымды жиын жалпылама жағдайға 

ықпал етумен қатар, құрлықтағы маңызды 

саяси  ұйымдардың  жұмысына  ұйытқы 

болады.  Бұл  жайында  Мәжіліс  төрағасы 

Орал Мұхамеджанов сөз саптады. «Бедел­

ді  азиялық  партиялар  өкілдерінің  өзара 

қарым­қатынастарды  жан­жақты  дамыту 

үшін  әлі  де  толық  ашыла  қоймаған  мүм­

кіндіктері мол. Тәжірибесі жетерлік, тари­

хы  терең  азиялық  әріптестерімізге  біздің 

де  ұсыныстарымыз  бар.  Мәселен,  осы 

форум  Қазақстан  Президенті  нұрсұлтан 

назарбаевтың  бастамасымен  құрылған 

Азия дағы өзара іс­қимыл мен сенім шара­

лары жөніндегі кеңестің жұмысын парла­

менттік және партиялық жағынан жандан­

дыруға өз үлесін әбден қоса алар еді», – 

деді Мәжіліс төрағасы. АСПХК Бас Ассам­

блеясының  күн  тәртібіндегі  тақырып  – 

«Азия ны дамыту». Талқыланатын мәселе­

лер қата рында – Жер шарындағы ғалам­

дық  саясат  пен  экономикадағы  алдыңғы 

қатарлы  Азия  елдерінің  рөлі,  сондай­ақ 

Азия мемлекеттерінің мүмкіндігі тақы рып­

тары  бар.  Сонымен  бірге,  кеңес  кезінде 

Азия дағы  қауіпсіздік,  қауіпсіздік  пробле­

ма  ларын шешудегі өзара әрекет, ядролық 

қаруды таратпау мәселелері талқыланады. 

Жиын аясында үш арнайы секция бойын­

ша  талқылау  өтеді.  Олар:  «Әлемдік  эко­

номикалық  дағдарысты  еңсеруде  саяси 

партиялардың рөлі», «Әйелдердің саясат­

тағы  рөлі»  және  «Жас  саяси  көшбас шы­

лардың  рөлі».  Басқосу  мәресіне  жеткен 

соң АСПХК Бас Ассамблеясы 5­жиынының 

қорытынды құжаты – «Азияны жаңғырту» 

Астана декларациясы қабылданады. 

 Астана

Мансұр Х


АМ

и

Т (фо



то)

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№168 (168) 



26.09.2009 жыл, сенбі

www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz



? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Әке таяғы қызына қалай көшті?

«Тұңғыш» театрының тартуы не?

Осыдан біраз уақыт бұрын «Отырар сазының» бас дирижерлігі мен көркемдік 

жетекшілігіне  Нұрғиса  ағамыздың  қызы  –  Динара  Тілендиева  тағайындалған 

екен. Біздің білуімізше, Динара әуелде фортепьяно аспабы бойынша маманданып 

жүретін. Динараның оркестрдің дирижерлігі іспетті өте жауапты жұмысқа қалай 

келгенінің жай-жапсарын білгім келеді... 

Ақерке НҰРҒАЛИЕВА, Талдықорған қаласы

«Алматыға Қырғыздың «Тұңғыш» атты жастар театры гастрольдік сапар-

мен  келді»  деп  естіп  едім.  Ол  қандай  театр?  Спектакльдерін  қашан,  қалай 

көруге болады?

Нұржан ЕСІМБЕК, Алматы қаласы

Қасиетті  Құран  Кәрімде  «...Алла  сен­

дерге түнді, ұйқыны тынығу етіп, күндізді 

кәсіпке  тарқау  мезгілі  қылды»  делінген. 

«Ерте тұрған еркектің ырысы артық» дейді 

емес пе халық даналығы да.

Ал «күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмейтін» 

жастарымызды  ел  болашағы  деп  қайтіп 

айта аламыз? Ұлы орыс ақыны Пушкин де 

өзінің бір шығармасында думанды өмірге 

үйренген Евгений Онегинді «уж полдень, 

а он еще в постеле» деп мысқылдайды.

Мұндай  проблема  әрбір  отбасында 

кез деседі.  Әр  отбасы  онымен  өз  бетінше 

кү ресуге  мәжбүр.  Бұл  проблеманың  қо­

ғам  дық маңызы зор болғанымен, оны мен 

күресуде мемлекетіміздің рөлі әлсіз.

Түнде  «өмір  сүретін»  адамдарды  не 

күтетінін өздеріңіз білесіздер. Ұйқысының 

бұзылып, денсаулығына кері әсер ететінін 

айтпағанда,  қылмыс  атаулының  көбі  осы 

түнде орын алады. Сондықтан ойын­сауық 

орындарына барған жастар қандай да бір 

Басы 1-бетте

Ой-КөКпар



Жақып АСАНОВ, 

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты

Тимур НАзхАНОВ, 

кәсіпкер

Түнгі ойын-сауық 

орталықтарын жабу керек пе?

қылмыстың,  ішкілік  пен  нашақор лық тың 

құрбанына  айналуы  әбден  мүм кін.  Сон­

дай­ақ ол қаржылық жағынан да қалтаға 

кәдімгідей  салмақ  салады.  Мәселен,  Ас­

танада  түнгі  клубтарға  бір  барғанда  кемі 

7­8 мың теңге жұмсалады. Өркениетті ел­

дерде бұл жағдай қалай жолға қойылған? 

Мәселен, Германияда түнгі клубтар тек қа­

на жұма­сенбі күндері жұмыс істесе, Қы­

тай  астанасы  Пекинде  түнгі  10­нан  кейін 

тіршілік  тоқтайды  да,  қала  тегіс  ұйқыға 

кетеді.  Ал  бізде  керісінше,  тіршілік  түнде 

қызады. Даңғұр­дұңғыр әуен таңға дейін 

толас тамайтын  клуб  атаулының  дені  тұр­

ғын үйлерге жақын орналасып алған және 

олардың  ешқайсысын  сол  үйдің  тұрғын­

дарының  түнгі  ұйқысы  толғандырмайды 

да. Одан қалса, сол төңіректегі дүкен дерде 

ішімдік  саудасы  қызады.  Демек,  бұдан 

шығатын қорытынды мемлекет осылайша 

жастардың түнгі тіршілігіне жақсы жағдай 

туғызып  жатқандай.  Ал  біз  халық  қалау­

лылары  осы  орайда  жас тарымызға  мұн­

дай  өмірдің  дұрыс  емес тігін  түсіндіруіміз 

қажет.  Салауатты  өмір  салтын  қалыптас­

ты ратын  спорт  залда рын,  стадиондарды, 

сол  секілді  мәдени  орындарды  көбейту 

шарт.  Осыған  орай  мүдделі  мемлекеттік 

органдар  мен  үкі мет тік  емес  ұйымдар 

өкілдерінен,  депу таттардан  тұратын  жұ­

мыс  тобын  құру  ке рек.  Ол  топ  дамыған 

елдердің  тәжіри белерін  меңгеріп,  түнгі 

мекемелердің жұмысын заң арқылы рет­

теуге тиіс.

Олай  болса,  алдымен  соларды  ауыз­

дықтау керек. Ал шын мәнінде, жастардың 

тәртіпсіздік жасауына жол бермейін десек, 

онда  құқық  қорғау  органдары  мен  салық 

комитеттері  өз  қызметтеріне  қатаң  түрде 

кірісуі керек, ал мемлекет солардың құзы­

рын күшейту керек.

Түнгі клубтарды жауып тастадық делік, 

онымен жастар проблемасы шешіліп, қыл­

мыс азая қала ма? Барлық нәрсені жан­жа­

ғынан қарастыру керек қой. Мәселен, сол 

жерлерде  даяшы,  бармен,  күзетші,  ыдыс 

жуушы, тамақ әзірлеуші, т.б қызметкерлер­

дің дені жастар. Өзінің күнделікті нәпақасын 

тауып жүрген солар жұмыссыз қалмай ма? 

Мынадай қаржылық дағдарыс кезінде біз­

ге жұмыссыздар санын арттыру тиімді ме? 

Сосын жастар кешкі уақыттарын қайда өт­

кізеді? Үнемі сабақ оқи бермейді, жұмыстан 

да шаршайды, сондай уақытта қайда ба ра­

ды?  Мейлі,  денсаулығын  жақсартатын  са­

лауатты  өмір  салтын  қалыптастыратын 

жер лерге барсын дейік. Бірақ фитнес клуб­

тарға баруды екінің бірінің қалтасы көтер­

мейді  ғой,  бағасы  өте  қымбат.  Екіншіден, 

олардың саны өте аз. Стадиондар да жет кі­

ліксіз. Бұрын әрбір үйдің ауласында футбол 

ойнап,  хоккей  тебетін  арнайы  алаңдар 

болушы  еді,  олар  тып­типыл  болғалы  да 

қай заман? 

 Сондықтан түнгі клубтарды жабу деген 

оңтайлы шешім емес. Себебі жастар жағы 

көңіл  көтеремін  десе  бәрібір  оның  ретін 

табады.  Қайта  тыйым  салған  сайын  жас­

тар дың  оған  деген  қажеттілігі  мен  құш­

тарлығы  артады.  Яғни  бұның  соңы  түнгі 

клубтардың жасырын түрде жұмыс істеуіне 

алып барады. Ал ол кезде олардың бағасы 

тіпті  шарықтап  кетуі  мүмкін.  Себебі  олар 

қат  қой.  Және  де  түнгі  клубтар  ол  кез де 

мемлекетке  салық  төлемейтін  бола ды. 

Мәселен,  кезінде  казино  мен  ойын  ав­

томаттарына  тыйым  салып,  жауып  тас та­

ды.  Ал  солар  тынши  қалды  ма,  жоқ,  ке­

рісінше жасырын жұмыстарын қыздырып 

жүр. Демек, біз тыйым салу, жауып тастау 

арқылы мәселенің шешілмейтінін кази но­

лардың  тәжірибесінен  көріп  отырмыз. 

Олай  болса,  біз  бұл  мәселеге  байыппен 

қарайық.  Біріншіден,  меніңше  жастары­

мыздың тәртібін қатаң бақылауға алайық, 

екіншіден,  түнгі  клубтарды  құқық  қорғау 

органдары  қадағалауға  алып,  есірткі 

заттарының сатылмауын қадағаласын, ал 

сондай­ақ  салық  органдары  да  қызметін 

күшейтсін. 

К

ӨГ



іл

Д

ір э



К

рА

н



Өркениет

«Өшпес дауды өспес елдің балалары қуады» дейді қазақ. Біздің 

мақсатымыз аталған мәселені өршелендіріп, өшпес дауға айналдыру 

емес, керісінше, тезірек оны біржақты ету үшін жан-жақты пікірлерді 

ортаға салып, содан бір қорытынды шығаруға ықпал жасау. Қайткен 

күнде де біз өркениеттің өркешіне ұмтылған тегеурінді елге айналуға 

тиіспіз. Жастарымыз «мемлекет маған не береді?» деп емес, «мен 

мемлекетке не беремін?» дейтін жағдайға қашан жетер екенбіз? Егер 

де жауқазын жастығымызды түнгі клубтарда ішімдікпен уласақ, онда 

әлгіндей ұлттық сананы қалыптастыру екіталай емес пе?..

Әзірлеген Мәриям ӘБСАТТАР 

ҚОР

ы

Ты

НД

ы

Мұхаммед ЖАНОВ, 

жүргізуші:

– Еліміз көпұлтты ғой. Біз сол халықтар татулығы 

арқылы  мақтана  аламыз.  Осы  жетістікті  өз  хаба­

рымызда  насихаттаудың  артық  бол майтынын  ес­

керіп, әр бағдарламамызға түрлі ұлттық орталықтар 

өкілдерін  кезек­кезек  қо наққа  шақырып  отыр­

мақпыз. Бұрын мен жас тарға арналған музыкалық 

хабарлар  жүргіздім.  Жас  ерекшелігіме  қарай  енді 

салмақты  теле хабарлар  жүргізуді  қолға  алдым. 

Уақыт  өте  ке ле  өзімнің  дұрыс  таңдау  жасағаныма 

көзім жетеді деп ойлаймын.

Тән мен жанды үйлестіретін 

тележоба эфирге шықты

Ұлттық арнаның бесінші студиясында­

ғы  ең  көрікті  декорация  маңында  қар­

балас. Сарапшылар – модельер­дизайнер, 

жеке  сән  үйінің  иегері  Құралай  нұрқа­

ділова, мейк­ап әртіс Марина рузахунова, 

хэйр­стилист  Шахизат  Әлпішева,  рок­

скрип  кашы Жәмила Серкебаева және Қа­

зақстан  корейлер  қауымдастығы  вице­

президенті  Герман  Ким.  Ал  «жұлдыз­кө­

рермендер» арасында «Мистериос» және 

«Слэнг» аты жас топтар болды. 40 минутқа 

созылған  бағдарлама  барысында  студия 

қонағы  –  Корей  мемлекеттік  респуб ли­

калық музы калық комедия театрының ди­

ректоры, іскер әйел любовь нидің бет­әл­

петі,  шаш  және  киім  үлгісі  оның  пси хо­

«Қазақстан» ұлттық арнасы әдемілік пен ізгілікке

жаңашылдыққа құштар көрерменін, әсіресе, қыз-келіншектерді 

жұма күні экран алдына жиып алатын болды. «Сен сұлу» атты 

жаңа әлеуметтік ток-шоудың арқасында жұмадағы 22.00-дің 

шамасы прайм-таймға айналды. Биылғы жаңа телемаусымда 

бағдарламаның орыс тіліндегі нұсқасы да эфирге шықты.

логиясына жақын стильге сай өзгеріп шы­

ға келді. Де мек, бағдарлама өзінің басты 

мақ сатына  жетті.  наурыздың  жетісі  күні 

алғаш  эфирге  шыққан  «Сен  сұлу»  әлеу­

меттік  те лежобасы  осылайша  адамдық 

негізі сана латын әйел атаулының өз стилін 

табуына, оның өз­өзіне деген оң көзқарас 

қалып тастыруына, сондай­ақ жал ғыз бас­

ты  қыз­келіншек тер дің  өмірлік  серік  жо­

лық  ты руына  ық пал  етуді  көздейді.  Бағ­

дарлама студияға келген кейіпкерлер ар­

қылы  эк ран  алдын да  отырған  басқа  да 

мың даған 

жаулық тының 

көкейіндегі 

сауал ға  жауап  іздейді.  Оларға  сән  әлемі 

шеберлерінің тегін ке ңесін жеткізеді. Ток­

шоу  продюсері  Дүрия  Даниярованың 

айтуынша,  қазіргі  уақытта  хабарға  қа ты­

суға  ниет  білдіріп  жатқан  қыз­келін шек­

тер де  есеп  жоқ.  Ағылған  хат тардың  ара­

сынан  тағдыры  алаңдатар лық  адамдар 

ға на іріктеліп алынады екен. Олардың қа­

тарында оң жақта отырып қалған қыз дар, 

жұмыс сыздар,  тұрмыс  пен  бала  тәрбиесі 

шыр мауынан  шыға  алмай  жүр гендер, 

ажы  расып кеткен келіншек тер, бү гінгі қо­

ғам ның өзекті мәселелерінің бірі – семіздік 

ауруына  шалдыққандар,  басқа  да  түрлі 

қиындыққа  кезіккен  әйел дер  бар.  «Сен 

сұлу»  оларға  титтей  де  болса  қол  ұшын 

созып,  өмірге  құлшынысын  арт тырғысы 

келеді. Хабар 18­дегі бойжет кен ге де, 75­

тегі кейуанаға да тартымды. 

Болатбек МҰхТАРОВ

Қазақтың  ұлы  композиторы,  дом бы­

рашы, дирижер нұрғиса Тілендиевтің қызы 

– Динара шынымен де әуелде К.Байсейіто­

ва атындағы музыка мектебінің фортепья­

но класын бітірген. 8 сыныпта оқып жүрген 

кезінде әкесі дүниеден өткен Динара, мақ­

сатты  түрде  домбырада  ойнап  үйренеді 

және  композиция  класы  бойынша  сабақ 

ала  бастайды.  Мектепті  бітірісімен  кон­

серваторияның 

дирижерлік 

бөліміне, 

Төлепберген Әбдірашевтің класына түседі. 

Динараның бір кездегі «әкемнің оркестрінде 

жұмыс  істесем»  деген  бала  арманы  бекіп, 

енді  «жолын  жалғастырсам»  деген  берік 

байламға  ұласады.  Әкесінің  көзі  тірісінде 

пианиношы, кейіннен домбырашы ретінде 

танылған  балауса  қыз,  консерваторияға 

түскеннен  бастап  дирижерлікті  шындап 

қолға алады, концерттерге шығады. Биылғы 

сәуірден  бастап  дирижер  ретінде  жұмыс 

істей бастаған Динараны Мәдениет министрі 

М.Құл­Мұхаммед арада көп уақыт өтпей­ақ 

«Отырар  сазының»  жауапты  қызметіне  та­

ғайындайды. Жиырма төрт жасында оркестр 

басшылығына бекітілген жас музыкант үшін 

бұл – әрине, үлкен жауапкершілік. Дегенмен 

кішкентайынан көз алдарында өскен Ди на­

раны  оркестр  мүшелері  өте  жылы  қабыл­

дапты. Қазан айында кезекті маусымы ашы­

латын «Отырар сазы», алдағы уақытта Сауд 

Арабиясына  гастрольдік  сапармен  ба руға 

дайындалуда.  Ал  келесі  жылы  –  нұрғиса 

Тілендиевтің  85  жылдығы.  Дина раның  сө­

зіне жүгінсек, бұл мерейтойды оркестр му­

зыкалық  ірі  фестиваль  өткізу  арқылы  атап 

өт пек. 

Қырғыз ағайындардың жастар театры 

Алматыға  Қала  күні  мерекесіне  орай 

келген.  Театрдың  жетекшісі  –  Қырғыз­

станның  халық  әртісі,  Мемлекеттік  сый­

лықтың  лауреаты  Жамал  Сейдахметова. 

Алғашқы өнер жолын бастаған жері бол­

ғандықтан  да  актрисаға  Алматы  ерек ше 

ыстық  көрінеді.  Өйткені  ол  18  жасында 

«Қазақфильмнің» «Высоко в горах» атты 

картинасына  түскен.  Төл  театрын  Алма­

тыға  гастрольге  алып  келу  оның  көптен 

бергі арманы болыпты. Журналистермен 

болған кездесуде: «Сіздерде небір тамаша 

актерлер бар. Мен солардың көпшілігімен 

киноға  бірге  түстім  де»  деп  ағынан  жа­

рылды актриса. Ол сондай­ақ «Қазақстан 

мен Қырғызстанның мәдениеті өте жақын. 

Сондықтан  біз  міндетті  түрде  араласып, 

достық  қарым­қатынаста  болуға  тиіспіз» 

деп есептейді. 

Қырғыз  әртістері  Алматы  көрер­

мендеріне  «Алай  патшайымының 

көз  жасы»  спектаклін  тарту  етпекші. 

Бұл  –  талай  фестивальге  қатысып, 

көптеген  жүлделерді  жеңіп  алған 

таңдаулы қойылым. Басты рөл – пат­

шайым  Құрманжан  Датқа  бей несін 

Жамал  Сейдахметова  кейіптейді. 

Туған  ұлын  құрбан  ете  отырып,  қол 

астындағы  халқын  геноцидтен  құт­

қарып қалған Құрманжан Датқа есімі 

қырғыз халқы үшін ерекше қастерлі. 

Қырғызстан  тарихының  осы  бір 

трагедиялық сәтін сипаттайтын атал­

мыш  спектакльді  28­29  қыр күйекте 

Ғ.Мүсірепов  атындағы  жас өспірім­

дер мен балалар театрынан тамаша­

лау ға болады.

Дүрия ДАНИяРОВА, 

бағдарламаның продюсері:

– Дағдарыс кезеңіндегі барлық қиындық әйел өмі ріне тіке­

лей әсерін тигізбей қоймайды. Әйел – ана, әйел – жар, әйел 

– ұлттың тәрбиешісі. Сол себепті біз нәзік жандардың тұрмыс­

тық­әлеуметтік  мәселелерін  шешуді  мақсат  тұттық.  Қыз  тәр­

биесі мен әйелге көзқарас дұрыс болса, қоғам да мықты. Бұл 

құн дылықтар  еліміздегі  барлық  халыққа  ортақ.  Сондықтан 

бағдар ламада түрлі ұлттың әйелін кейіпкер ете отырып, ортақ 

мәселелерді бірігіп талқылауға шақырамыз, сол арқылы ұлттар 

тату лығын нығайтуға үлес қоспақпыз. Жалпы, хабар сұлулық, 

ізгілік, бірлік сияқты игі қасиеттерді насихаттайды.



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал