Жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына арналады. Посвящается 65-летию Победы в Великой Отечественной войне



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет3/44
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

ГЛЕБОВ  Аркадий  Григорьевич,  22.03.1922  жылы  Красив  ауданында  туған. 
Орыс. 02.06.1945 жылы шақырылған және 1945 жылы Красив АӘК-на есеп-
ке  тұрған.  97  арт  полкте  қызметін  атқарған,  Жапониямен  соғысқа  қатысқан. 


Қатардағы  жауынгер.  «Германияны  жеңгені  үшін»,  «Жапонияны  жеңгені 
үшін» медальдарымен марапатталған.23.07.1987 жылы қайтыс болды. Хмель-
ницкое селосында жерленген.
ГЛУхОВ Филипп Фомич, 1905 жылы Преснов ауданының, Заградовка село-
сында туған. Украин. 1927 жылы Преснов АӘК арқылы 2 жылға шақырылған 
және 1948 жылы Заградов с/с есепке тұрған. 1941 жылдың тамыз айында қайта 
шақырылған.  5-ші  штурм.  инженер.  саперн  бригадада,  XI.  1944  –XI.1945  ж. 
317-ші  сапер.  барлау.батальонда  қызметін  атқарған.  Қатардағы  жауынгер. 
«Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. 1969 жылы қайтыс бол-
ды. Тимирязево селосында жерленген.
ГОЛОВиН Павел Семенович, 1925 жылы Октябрь ауданының, Марьевка се-
лосында туған. Орыс.1941 жылы шақырылған және 1942 жылы (жаралануына 
байланысты)  Октябрь  АӘК-на  есепке  тұрған.  575  АП-де  қызметін  атқарған. 
Қатардағы жауынгер. «Германияны жеңгені үшін», медалімен, мерекелік ме-
дальдармен марапатталған. 1988 жылы қайтыс болды. Ақсуат селосында жер-
ленген.
ГОЛУБчиНОВ Алексей Дмитриевич, 20.04.1918 Минск обл, Минск селосын-
да туған. Орыс.1941 жылы шақырылған және 1946 жылы Минск ҚӘК-на есепке 
тұрған. Белорус майданында қызметін атқарған. Аға сержант. II дәрежелі Отан 
соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», медальдарымен, 
мерекелік медальдармен марапатталған. 09.03.1981 жылы қайтыс болды. Це-
линное селосында жерленген.
ГОРмиДОРОВ Дмитрий Иванович, 1927 жылы Винницк обл, Бар ауд, Журав-
левка селосында туған.Украин. 05.1944 жылы шақырылған және 05.1945 жылы 
Винницк  обл,  Бар  АӘК-на  есепке  тұрған.  22-ші  гв.дивизияда,  2-ші  Белорус 
майданында  қызметін  атқарған.  Қатардағы  жауынгер.  «Германияны  жеңгені 
үшін», медалімен марапатталған. 29.02.1988 жылы қайтыс болды. Мичурино 
селосында жерленген.
ГРАБОВСкий  Андрей  Карлович,  1919 жылы  Омбы обл, Омбы  қаласында 
туған. Неміс. 1941 жылы шақырылған және 1945 жылы Октябрь АӘК-на есепке 
тұрған (жаралануына байланысты). 276 атқыштар полкінде қызметін атқарған. 
Атқыш. Қатардағы жауынгер. Жараланған. «Германияны жеңгені үшін», ме-
далімен марапатталған. 1976 жылы қайтыс болды. Ақжан селосында жерлен-
ген.
ГРиСькО Митрофан Петрович, 1922 жылы Винницк обл, Копайгор ауд, Ко-
маринцы деревиясында туған. Украин. 09.1941 жылы шақырылған және 11.1942 
жылы (жаралануына байланысты) Майкоп АӘК-на есепке тұрған. 946 АП-де 
қызметін  атқарған.  Қатардағы  жауынгер.  «Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  ерен 
еңбегі  үшін»  медалімен,  мерекелік  медальдармен  марапатталған.  08.05.1987 
жылы қайтыс болды. Дзержинское селосында жерленген.
ГУБАРькОВ  Константин  Герасимович,  1919  жылы  Октябрь  ауданының, 
Марьевка  селосында  туған.  Орыс.1939  жылы  қарашада  шақырылған  және 
1944  жылы  (жаралануына  байланысты)  Октябрь  АӘК-на  есепке  тұрған.  9- 
шы  гвардияның  ВД  полкінде,4  гв.  ВД  қызметін  атқарған.Курск  шайқасына 
қатысушы.  Сержант.  Отан  соғысы  орденімен,  «Ерлігі  үшін»,  медалімен 
марапатталған. 2004 жылдың қыркүйегінде қайтыс болды. Тимирязево село-
сында жерленген.

25
ГУДкОВА  Анна  Семеновна,  1924  жылы  Мураманск 
қаласында  туған.  Орыс.  17.05.1942  жылы  шақырылған 
және 25.05.1945 жылы Мураманск ҚӘК-на есепке тұрған. 
2-ші  Украин  майданында,  6-шы  гвард.банк  армиясында 
қызметін  атқарған.  Қатардағы  жауынгер.  «Жауынгерлік 
ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», медальдарымен 
марапатталған. 14.11.2009 жылы қайтыс болды. Ақсуат се-
лосында жерленген.
ГУЛЫНиН Иван Кузьмич, 1908 жылы Қорған обл, Петухово селосында туған. 
1941 жылы шақырылған және 1945 жылы Октябрь АӘК-на есепке тұрған. Ұлы 
Отан  соғысына  қатысушы.  Қатардағы  жауынгер.  Мерекелік  медальдармен 
марапатталған.  14.06.1964  жылы  қайтыс  болды.  Степное  селосында  жерлен-
ген.
ГУНяГА Григорий Иванович, 1925 жылы Октябрь ауданының, Дмитриевка 
селосында туған. Орыс. 1943 жылы шақырылған және 1944 жылы (жаралануы-
на байланысты) Октябрь АӘК-на есепке тұрған. Ұлы Отан соғысына қатысушы 
Қатардағы  жауынгер.  Мерекелік  медальдармен  марапатталған.  1975  жылы 
қайтыс болды. Дмитриевка селосында жерленген.
ГУРиН Николай Алексеевич, 1908 жылы Гроднин обл, Карельческ ауд, Мо-
тевичи селосында туған. Белорус. 1941 жылы шақырылған және 1945 жылы 
Витебск обл, Карельческ АӘК-на есепке тұрған. Партизан отрядында, Қиыр 
Шығыс майданында қызметін атқарған. Қатардағы жауынгер. Қызыл жұлдыз 
орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», медаль-
дарымен марапатталған. 1979 жылы қайтыс болды. Ленинское селосында жер-
ленген.
ГУцАЛ Федор Семенович, 1897 жылы Хмельницкий обл, Смотрический ауд, 
Смотрич селосында туған. Украин.1943 жылы шақырылған және 05.1945 жылы 
(жаралануына байланысты) Приморье өлкесі Гробков АӘК-на есепке тұрған. 
Жапон интервенттерімен Хасан көлінде шайқасқан. Мерекелік медальдармен 
марапатталған. 1982 жылы қайтыс болды. Дзержинское селосында жерленген.
ГУщЕНкО Семен Васильевич, 03.09.1922 жылы Краснодар өлкесінің Кущин 
ауданында туған. Орыс. 15.12.1941 жылы шақырылған және 1945 жылы Ле-
нинград АӘК-на есепке тұрған. 115 АП, 75 АД-да қызметін атқарған. Атқыш. 
Аға сержант. Мерекелік медальдармен марапатталған. 09.01.2000 жылы қайтыс 
болды. Тимирязево селосында жерленген.
ДАНиШкиН Мұқаметқали, 1905 жылы Октябрь ауданының, Ынтымақ ауы-
лында туған. Қазақ. 1941 жылы шақырылған және 1943 жылы Октябрь АӘК-
на  есепке  тұрған  (жаралануына  байланысты).  1002  АП,  305-АД-да  қызметін 
атқарған. III дәрежелі Даңқ орденімен,мерекелік медальдармен марапатталған. 
1980 жылы қайтыс болды. Ынтымақ ауылында жерленген.

26
ДОБРЫНиН  Федор  Григорьевич,  1903  жылы  Орынбор  обл,  Покров  ауда-
нында  туған.  Орыс.  26.08.1941  жылы  шақырылған  және  1942  жылы  Покров 
АӘК-на есепке тұрған (жаралануына байланысты). 120 АП–де атқыш болған. 
Қатардағы  жауынгер.  Мерекелік  медальдармен  марапатталған.  20.04.1988 
жылы қайтыс болды. Тимирязево селосында жерленген.
ДОСАЕВ Беген Бибусұлы, 1926 жылы Тумен обл, Новозаим ауданында туған. 
Қазақ. 25.09.1942 жылы шақырылған және 1950 жылы Новозаим АӘК-на есеп-
ке тұрған. 101-ші АП, 5-ші танк корпусы, 41 танк бригадасы, 20 запастағы арт 
полкте, 179-шы далалық авиажөндеу базасында қызметін атқарған. Қатардағы 
жауынгер.  «Ерлігі  үшін»,  «Германияны  жеңгені  үшін»,  медальдарымен 
марапатталған. 1988 жылы қайтыс болды. Ынтымақ ауылында жерленген.
ДОцЕНкО Сергей Николаевич, 15.05.1913 жылы Октябрь ауданының, Дмит-
риевка селосында туған. Украин. 07.1941 жылы шақырылған және 10.04.1944 
жылы  (жаралануына  байланысты)  Октябрь  АӘК-на  есепке  тұрған.  Атқыш. 
Қатардағы жауынгер. Ұлы Отан соғысына қатысушы. II дәрежелі Отан соғысы 
орденімен,  «Ерлігі  үшін»,  «Германияны  жеңгені  үшін»,  «Берлинді  алғаны 
үшін»,  медальдарымен,  мерекелік  медальдармен  марапатталған.  02.11.2000 
жылы қайтыс болды. Степное селосында жерленген.
ДУБик Михайл Павлович, 1923 жылы Киев қаласында туған. Украин. 06.1943 
жылы  Киев  АӘК  арқылы  шақырылған  және  05.1945жылы  Октябрь  АӘК-на 
есепке тұрған. 2-ші Белорус майданында, 57340-шы полкте, 186-шы танк бри-
гадасында қызметін атқарған. Нысанашы. Қызыл жұлдыз орденімен, мерекелік 
медальдармен марапатталған. 05.01.1998 жылы қайтыс болды. Мичурино село-
сында жерленген.
ДьякОНЕНкО  Дмитрий  Александрович,  10.08.1926  жылы  Көкшетау  обл, 
Красноармейский  ауданының,  Многоцветное  селосында  туған.  Украин. 
21.12.1944  жылы  шақырылған  және  03.1953  жылы  Красноармейск  АӘК-на 
есепке тұрған. Қантемір дивизиясында қызметін атқарған. Сержант. «Герма-
нияны  жеңгені  үшін»,  медалімен,  мерекелік  медальдармен  марапатталған. 
21.04.2006 жылы қайтыс болды. Дружба селосында жерленген.
ДюШкОВ  Алексей  Григорьевич,  09.02.1926  жылы  Кострома  қаласында 
туған. Орыс. 10.09.1942 жылы шақырылған және 1945 жылы Кострома ҚӘК-
на есепке тұрған. 285 батальонда, 171 отрядта, 3-ші Прибалтика майданында 
қызметін атқарған. Қатардағы жауынгер. «Ерлігі үшін», медалімен, мерекелік 
медальдармен марапатталған. 2002 жылы қайтыс болды. Тимирязево селосын-
да жерленген.
ЕВДОкимОВ Андрей Лукьянович 1921 жылы Қорған облысының Лебяжье 
селосында туған. 23.06.1941 жылы шақырылған және 1943 жылы (жаралануы-
на байланысты) Лебяжье АӘК-на есепке тұрған. Ұлы отан соғысына қатысушы. 
Қатардағы  жауынгер.  Мерекелік  медальдармен  марапатталған.  1989  жылы 
қайтыс болды. Хмельницкое селосында жерленген.
ЕВТУШЕНкО  Василий  Федорович  15.10.1925  жылы  Преснов  ауданында 
туған. Украин. 16.01.1943 жылы шақырылған және 1945 жылы Преснов АӘК-

27
на  есепке  тұрған.  27-ші  жекелеген  байланыс  ротасында  қызметін  атқарған. 
Байланысшы.  Сержант.  «Ерлігі  үшін»  медалімен,  мерекелік  медальдармен 
марапатталған. 2003 жылы қайтыс болды. Ақжан селосында жерленген.
ЕГОРОВ  Василий  Архипович  26.12.1915  жылы  Калинин  обл.,  Кунинск 
қаласында  туған.  Орыс.  1941  жылы  шақырылған  және  1942  жылы  Кунинск 
АӘК-на есепке тұрған. Ұлы отан соғысына қатысушы. «Ерлігі үшін» медалі-
мен, мерекелік медальдармен марапатталған. 21.09.1970 жылы қайтыс болды. 
Тимирязево селосында жерленген.
ЕДиНцОВ  Алексей  Михайлович  1923  жылы  Азербайжан  ССРі,  Баку 
қаласында туған. Орыс. 1942 жылы Баку ҚӘК арқылы шақырылған, 14.10.1942 
жылы (жаралануына байланысты) Баку ҚӘК-на есепке тұрған. 80 гв. АП, 32 
гв. АД-да қызметін атқарған. Атқыш. Қатардағы жауынгер. II дәрежелі Отан 
соғысы орденімен, «Кавказды қорғағаны үшін» медалімен, мерекелік медаль-
дармен марапатталған. 1997 жылы қайтыс болды. Тимирязево селосында жер-
ленген.
ЕПАНиШНикОВ Дмитрий Захарович 1922 жылы Октябрь ауданының, При-
ишим селосында туған. Орыс. 09.1941 жылы шақырылған және 04.1947 жылы 
Октябрь АӘК-на есепке тұрған. 1036 артил. полкінде, 161 атқ. Дивизиясында, 
40 армияда қызметін атқарған. Артиллерист. Сержант. «Германияны жеңгені 
үшін»  медалімен,  мерекелік  медальдармен  марапатталған.  1980  жылы  СҚО 
Жамбыл ауд., Кладбинка селосында қоныс аударған.
ЕРмЕНЕВ Қажығали 1908 жылы Октябрь ауданының, Дмитриевка селосында 
туған. Қазақ. 1941 жылы шақырылған және 03.09.1945 жылы Октябрь АӘК-на 
есепке тұрған. 398 жекелеген зенит.арт.батальонда, 95 арт.дивизияда қызметін 
атқарған. Артиллерист. Қатардағы жауынгер. 1989 жылы қайтыс болды. Дмит-
риевка каласында жерленген.
ЕСкЕНДІРОВ  Баязит  1926  жылы  Октябрь  ауданының,  Ынтымақ  ауылын-
да туған. Қазақ. 11.1944 жылы шақырылған және 1945 жылы Октябрь АӘК-
на  есепке  тұрған.  200  ә.б.,  410  оператив.полкте  қызметін  атқарған.  Мерген. 
Қатардағы  жауынгер.  26.08.1997  жылы  қайтыс  болды.  Мичурино  каласында 
жерленген.
ЖАқСЫБАЕВ Серікбай 1913 жылы Октябрь ауданының, 
Дмитриевка  селосында  туған.  Қазақ.  06.1941  жылы 
шақырылған және 09.1941 жылы (жаралануына байланыс-
ты)  Октябрь  АӘК-на  есепке  тұрған.  1077АП,  314  АД-да 
қызметін  атқарған.  Атқыш.  Қатардағы  жауынгер.  Мере-
келік медальдармен марапатталған. 07.1990 жылы қайтыс 
болды. Ынтымақ ауылында жерленген. 
ЖАқЫПОВ Нұрғали, 1907 жылы Көкшетау обл, Рузаев ауд, Сарыадыр ауы-
лында туған. Қазақ. 1938 жылы шақырылған және 1945 жылы Көкшетау обл, 

28
Рузаев  АӘК-на  есепке  тұрған.  362-ші  шекара  отрядында,  13-ші  арт  полкте, 
395-ші артполкте, 436-шы арт полкте, 488-ші қарауыл әскерінің батальонында 
қызметін атқарған. Қатардағы жауынгер. «Германияны жеңгені үшін» медалі-
мен, мерекелік медальдармен марапатталған. 1965 жылы қайтыс болды. Тими-
рязево селосында жерленген.
ЖАНБОЛСЫНОВ Сәлік 20.03.1921 жылы Преснов ауд., Жарқын ауылында 
туған.  Қазақ.  30.04.1944  жылы  шақырылған  және  18.03.1945  жылы  (жарала-
нуына байланысты) Преснов АӘК-на есепке тұрған. 202АП, 314 АД-де, Бело-
рус майданында қызметін атқарған. Атқыш. Кіші сержант. III дәрежелі Даңқ, II 
дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін» медальдар-
мен, мерекелік медальдармен марапатталған. 11.03.2008 жылы қайтыс болды. 
Жарқын ауылында жерленген.
ЖДАНОВ  Николай  Васильевич  18.06.1911  жылы  Воро-
неж обл., Павлов ауданында туған. Орыс. 05. 1941 жылы 
Павлов АӘК арқылы шақырылған және 11.1941 жылы (жа-
ралануына  байланысты)  Октябрь  АӘК-на  есепке  тұрған. 
Смоленск бағытындағы шайқастарға қатысқан. Қатардағы 
жауынгер.  Мерекелік  медальдармен  марапатталған. 
15.02.1989 жылы қайтыс болды. Ақсуат ауылында жерлен-
ген.
ЖЕкСЕНБАЕВ Жанғали 15.04.1919 жылы Қостанай обл., 
Урицк ауданында туған. Қазақ. 05.1940 жылы шақырылған 
және  1945  жылы  Урицк  АӘК-на  есепке  тұрған.  Шекара 
әскерлерінде  Қиыр  Шығыста  қызметін  атқарған.  Шека-
рашы.  Қатардағы  жауынгер.  «Жауангерлік  ерлігі  үшін» 
медалімен,  мерекелік  медальдармен  марапатталған,  2006 
жылы  қайтыс  болды.  Қорған  обл.,  Макушин  ауданының 
Журавлевка селосында жнрленген.
ЖОЛДАякОВ  Мәлік  1917  жылы  Қорған  обл.,  Тонколь  ауданында  туған. 
Қазақ.  1938  жылы  шақырылған  және  1945  жылы  Макушин  АӘК-на  есепке 
тұрған. 426 АП-де қызметін атқарған. Атқыш. Қатардағы жауынгер. «Сталинг-
радты қорғағаны үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Праганы азат еткені үшін», 
«Будапешті алғаны үшін» медальдарымен марапатталған. 1980 жылы қайтыс 
болды. Ынтымақ ауылында жерленген.
ЖОЛДЫБАЕВ Төлеген 1898 жылы Преснов ауд., Жарқын ауылында туған. 
1943  жылы  шақырылған  және  1945  жылы  Преснов  АӘК-на  есепке  тұрған. 
Ұлы Отан соғасына қатысушы. Жаяу әскер. Қатардағы жауынгер. Мерекелік 
медальдармен  марапатталған.  1980  жылы  қайтыс  болды.  Жарқын  ауылында 
жерленген.
ЖУДРА Адам Григорьевич 1924 жылы Гомель обл., Лельчин ауданы Замо-
шье селосында туған. Белорус. 05.1944 жылы шақырылған және 10.1944 жылы 

29
Лельчин АӘК-на есепке тұрған (жаралануына байланысты). 209 АП, 162 АД-
да қызметін атқарған. Атқыш. Аға сержант. Отан соғысы орденімен мерекелін 
медальдармен марапатталған. 1999 жылы қайтыс болды. Тимирязево ауылында 
жерленген.
ЖУкОВСкий  Иван  Войтынович  27.12.1920  жылы  Каменец-Подольский 
обл.,  Лиховец  ауд.,  Адамовка  селосында  туған.  Украин.  1941  жылы  Ақмола 
обл., Молотов АӘК арқылы шақырылған және 05.1946 жылы Кокшетау обл., 
Арық-балық АӘК-на есепке тұрған. Оңтүстік- Батыс майданда, 3-ші Украин 
майданында қызметін атқарған. Бөлімше командирі. Старшина. Қызыл Жүлдыз 
орденімен, «Жауынгерлік ерлі үшін», «Германия женгені үшін», «Будапешт-
ті  алғаны  үшін»,  «Венаны  азат  еткені  үшін»  медальдарымен  марапатталған. 
01.06.1982 жылы қайтыс болді. Степной селосында жерленген.
ЖУмАГАЗиН  Есқожа  10.01.1921  жылы  Ленин  ауданы,  Өрнек  ауылында 
туған, қазақ. 1941 жылы шақырылған және 1945 жылы Ленин АӘК-на есепке 
тұрған. 152 АБ, 3- батальонда қызметін атқарған. Атқыш. Қатардағы жауынгер.
Отан соғысы орденімен, «Германия женгені үшін» медалімен, ерекелік медаль-
дармен марапатталған. 2007 жылы қайтыс болды. Есіл аудананың Өрнек ауы-
лында жерленген.
ЖУмАғАЛиЕВ Жұқа 15.05.1913 жылы, Октябрь ауданының Бағанаты ауы-
лында тұған, қазақ. 15.07.1941 жылы шақырылған және 15.05.1945 жылы Ок-
тябрь АӘК-на есепке тұрған. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Қатардағы жа-
уынгер. II дәрежәлі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі 
үшін»  медальдарымен,  мерекелін  медальдармен  марапатталған.  05.12.1987 
жылы қайтыс болді. қайтыс болді. Шал ақын ауданының, Бағанаты ауылында 
жерленген.
ЖУРОВ Владимир Филлипович 1908 жылы Октябрь ауданының, Дмитриевка 
селосында туған. Орыс. 06.1941 жылы шақырылған және 1943 жылы Октябрь 
АӘК-на есепке тұрған. Ұлы Отан соғасына қатысушы. Қатардағы жауынгер. 
мерекелін медальдармен марапатталған. 1983 жылы қайтыс болды. Дмитриев-
ка селосында жерленген. 
ЗАВьяЛОВ  Андрей  Степанович,  1921  жылы  Ростов  обл,  Русскопрохоров 
ауд, Зверево станциясында туған. Орыс. 1941 жылы шақырылған және 06.1946 
жылы Русскопрохоров АӘК-на есепке тұрған. 210-шы барлау батальонында, 
61-ші  барлау  батальонында,  61-ші  мотополкте  қызметін  атқарған.Барлаушы. 
Сержант  «Германияны  жеңгені  үшін»,  медалімен,  мерекелік  медальдармен 
марапатталған. 1984 жылы қайтыс болды. Дзержинское селосында жерленген.
ЗАГРУТДиНОВ  Юнус  Садреевич,  1914  жылы  Куйбышев  обл,  Камышев 
ауданы, Татар Байтуғаны селосында туған. Татар. 08.1941 жылы шақырылған 
және 1945 жылы Петропавл ҚӘК- на есепке тұрған. 78 АП, Брянск бағытында 
қызметін  атқарған.  Сапер.  Қатардағы  жауынгер.  Мерекелік  медальдармен 
марапатталған. 2008 жылы қайтыс болды. Дзержинское селосында жерленген.
ЗАймАк Иван Васильевич, 05.12.1925 жылы Полтава обл, Макюв ауданында 
туған. Орыс. 20.03.1925 жылы шақырылған және 1945 жылы Ленинград АӘК-

0
на есепке тұрған. НКВД-ның 16 байланыс бригадасында қызмет атқарған. Бай-
ланысшы. Ефрейбор. «Будапешті алғаны үшін», «Праганы азат еткені үшін» 
медальдарымен мерекелік медальдармен марапатталған. 09.1986 жылы қайтыс 
болды. Тимирязево селосында жерленген.
ЗАйцЕВ Григорий Федорович, 1925 жылы Брянск обл, Брасов ауд,Алешенко 
селосында туған. Орыс. 15.08.1943 жылы шақырылған және 1943 жылы (жара-
лануына байланысты) Брасов АӘК-на есепке тұрған. 181 зап АП, 2-ші Белорус 
майданында қызмет атқарған. Атқыш. Қатардағы жауынгер. II дәрежелі Отан 
соғысы  орденімен,  «Совет  одағының  маршалы  Жукаев  Г.К.»,  «Германияны 
жеңгені үшін», медальдарымен, мерекелік медальдармен марапатталған. 2004 
жылы қайтыс болды. Москворецкое селосында жерленген.
ЗАйцЕВ Иван Федосеевич, 1923 жылы Брянск обл, Брасов ауд, Алешенко се-
лосында туған. Орыс. 1943 жылы шақырылған және 1943 жылы (жаралануы-
на байланысты) Брасов АӘК-на есепке тұрған. 438 АП, 129 АД-да қызметін 
атқарған. Санитар. Қатардағы жауынгер. «Отан соғысы» орденімен, мерекелік 
медальдармен марапатталған. 1999 жылы қайтыс болды. Москворецкое село-
сында жерленген.
ЗиНчЕНкО Федор Максимович, 27.03.1916 жылы Донецк обл, Дебальцево 
станциясында туған. Украин. 23.06.1941 жылы шақырылған және 1959 жылы 
Дебальцев  АӘК-на  есепке  тұрған.  1-ші  Украин  майданында  мотопехотада 
жүргізуші  болған.  Сержант.  Мерекелік  медальдармен  марапатталған.  1980 
жылы қайтыс болды. Хмельницкое селосында жерленген.
ЗОЗУЛя Дмитрий Кириллович, 1924 жылы Октябрь ауданының, Дмитриевка 
селосында туған. Орыс. 20.04.1944 жылы шақырылған және 1945 жылы Ок-
тябрь АӘК-на есепке тұрған. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Сержант. «Ерлігі 
үшін», «Германияны жеңгені үшін», медальдарымен, мерекелік медальдармен 
марапатталған. 1985 жылы қайтыс болды. Дмитриевка селосында жерленген.
ЗУБАРЕВ Александр Михеевич, 1915 жылы Пермь қаласында туған. Орыс. 
1936 жылы шақырылған және 1950 жылы Пермь АӘК-на есепке тұрған. 991 
АП, 258 АД- да қызметін атқарған. Батальон командирінің орынбасары. Ка-
питан. Қызыл жұлдыз орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Сталинград-
ты қорғағаны үшін» медальдарымен, мерекелік медальдармен марапатталған. 
2006 жылы қайтыс болды. Тимирязево селосында жерленген.
иБРАЕВ Арын, 1907 жылы Октябрь ауданының, Ынтымақ ауылында туған. 
Қазақ.1941  жылы  шақырылған  және  1945  жылы  Октябрь  АӘК-на  есепке 
тұрған.1205 ә/б, Калинин майданында атқыштар полкінде қызметін атқарған. 
Атқыш. Қатардағы жауынгер. III дәрежелі Даңқ, I дәрежелі Отан соғысы ор-
денімен,  «Германияны  жеңгені  үшін»,  медалімен,  мерекелік  медальдармен 
«Тың  және  иыңайған  жерді  игергені  үшін»  медалімен  марапатталған.  1991 
жылы қайтыс болды. Ынтымақ ауылында жерленген.
иБРАЕВ Жүніс Ибрайұлы, 1906 жылы Октябрь ауданының, Ынтымақ ауы-
лында туған. Қазақ. 1941 жылы шақырылған және 1943 жылы (жаралануына 


байланысты) Октябрь АӘК-на есепке тұрған. 314 атқ. дивизиясында ,миномет-
шілер полкінде қызметін атқарған. Минометші. Қатардағы жауынгер. «Герма-
нияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін», медальдарымен, мерекелік медальдармен 
марапатталған. 1982 жылы қайтыс болды. Ынтымақ ауылында жерленген.
иБРАЕВ Қамза, 1915 жылы туған. Қазақ. 1939 жылы шақырылған және 1946 
жылы Октябрь АӘК-на есепке тұрған. Қиыр Шығыс майданында, 9 атқ.пол-
кінде,  1553  АП,Суворов  орденді  81  гв.дивизияда,  2-ші  Украин  майданында 
қызметін  атқарған.  Атқыш.  Қатардағы  жауынгер.  Қызыл  жұлдыз  орденімен, 
«Жауынгерлік  ерлігі  үшін»,  «Сталинградты  қорғағаны  үшін»  «Германияны 
жеңгені үшін», медальдарымен, мерекелік медальдармен марапатталған. 1965 
жылы қайтыс болды. Ынтымақ ауылында жерленген.
иБРАЕВ Сапар, 1920 жылы Преснов ауд, Пресновка селосында туған. Қазақ. 
1941 жылы шақырылған және 1945 жылы Преснов АӘК-на есепке тұрған. Ұлы 
Отан соғысына қатысушы. Қатардағы жауынгер. 2002 жылы қайтыс болды. До-
кучаево селосында жерленген. 
иВАщЕНкО Николай Афанасьевич, 1925 жылы Октябрь ауданының, Марь-
евка селосында туған. Орыс. 1944 жылы шақырылған және 1945 жылы Октябрь 
АӘК-на есепке тұрған. Ұлы Отан соғысына қатысушы, 49381 ә/б құрамында 
болған. Қатардағы жауынгер. «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен мерекелік 
медальдармен  марапатталған.  1995  жылы  қайтыс  болды.  Ақжан  селосында 
жерленген. 
иГЕНБАЕВ  Тілеген  Игенбайұлы,  05.03.1925  жылы  Октябрь  ауданының, 
Бағанаты ауылында туған. Қазақ. 23.01.1943 жылы шақырылған және 09.1946 
жылы Октябрь АӘК-на есепке тұрған. 851 АП, 278 АД-да қызметін атқарған. 
Атқыш.  Қатардағы  жауынгер.  «Германияны  жеңгені  үшін»,  .  «Жапонияны 
жеңгені үшін» медалімен мерекелік медальдармен марапатталған. Тимирязево 
селосының Кооператив көшесінің 17 үйінде тұрады.
иЛьяШОВ Павел Кондратьевич, 1919 жылы Киев обл, Киев қаласында туған. 
Орыс.  1941  жылы  шақырылған  және  1945  жылы  Киев  обл,  Еменск  АӘК-на 
есепке  тұрған.  62  гвар.автобатальонда,  6  автополкте,  54  танк  дивизиясында 
қызметін атқарған. Жүргізуші. Сержант. «Кавказды қорғағаны үшін», «Варша-
ваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», 
медальдарымен,  мерекелік  медальдармен  марапатталған.  1980  жылы  қайтыс 
болды. Дзержинское селосында жерленген.

жүктеу 2.8 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет