Жылына 4 рет шығады


Б. ҚҰЛМАНОВ ЖӘНЕ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ



жүктеу 10.91 Kb.
Pdf просмотр
бет5/29
Дата26.04.2017
өлшемі10.91 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

 
Б. ҚҰЛМАНОВ ЖӘНЕ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ 
 
Біздің  еліміздің  тарихында  аты  қалған  батырлар,  қоғам  қайраткерлері, 
зиялы  қауым  өкілдері  өте  көп.  Әсіресе  аты  алты  Алашқа  әйгілі  -  Ә.  Бөкейханов,    
А. Байтұрсынов,  Халел  және  Жаһанша  Досмұхамедовтер,   Б. Құлманов сияқты 
зиялы  қауым  өкілдерінің  ерліктері  мен  еңбектерін  айтпасқа  болмас.  Олар  - 
өздерінің бар күш-жігерін халқының азаттығы үшін, елінің  егемендігі үшін, Алаш 
қозғалысын  құру  үшін  қасық  қаны  қалғанша  жанын  аямай  күрескен  батырлар, 
еліміздің біртуар азаматтары. Солардың бірі - Бақтыгерей Құлманов. 
Б.  Құлманов  -  ұлт  мүддесі    жолында  қызмет  еткен  Алаштың  белгілі 
қайраткері.  XIX  ғ.  екінші  жартысында  қазақ  халқы  өзін-өзі  билеу  құқығынан 
айырылып,  Ресейдің  отар  еліне  айналды.    Әсіресе,  қазақ  халқы  шұрайлы 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
41 
жерлерінен  айырылуы  шегіне  жеткен  кезде,  бұл  мәселені  тайсалмай  Ресей 
үкіметінің  алдына  қойып,  шешімін  табуды  талап  еткен  де  Б.  Құлманов  болатын. 
Қазақ  қоғамының  бұл  қасіретін  қазақтың  көзі  ашық  зиялы  қауым  өкілдері  жақсы 
түсінді.  Сондықтан  да  ұлтты  саяси  жағынан  қайта  құру  үшін  зиялы  топ  өкілдері 
қалыптаса  бастады.  Солардың  бірі  және  берегейі  ұлт  мүддесі  үшін  күрескен 
С.Петербург  университетінің  түлегі    Б.  Құлманов  болды.  Халық  мүддесін  өз 
мүддесінен жоғары  қойған ол  Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов,  Халел  
және    Жаһанша    Досмұхамедовтер  сияқты  зиялылармен  бірігіп,  Алаш  партиясын 
құруға атсалысады [1]. 
Б.  Құлмановтың  саяси  белсенділік    көрсетуі  1916  жылы айқын  байқалады. 
1916  ж.  25  маусымдағы  патша  жарлығы  халықтың  және  көптеген  қазақ 
зиялыларының  наразылығын  туғызады.  Әсіресе,  Бөкей  даласында  бұл  толқуларға 
ұласты.  Б.  Құлманов  патшаның  жарлығына  қатты  наразылық  танытып,  қазақтар 
арасында  үгіт-насихат  жұмыстарын  жүргізіп,  қарсылық  білдіруге  шақырды.                  
Б.  Құлмановтың  мұндай  әрекеттері  патша  өкіметінің  наразылығын  тудырды.  Осы 
себепті 1917 жылдың ақпан төңкерісіне дейін  Ақтөбе облысында айдауда болады.  
Б.  Құлманов  көптеген  қазақ  зиялылары  сияқты  Ақпан  төңкерісіне  үлкен 
үміт  артады.  Ақ  патшаның  тақтан  құлауын    Ресейдегі  самодержавиялық 
монархияның  күйреуін  демократиялық  өзгерістерге  кең  өріс  алар  зор  құбылыс 
ретінде  қабылдады.  58  жасқа  шыққан    Б.  Құлманов  қартаң  тартқан  шағына 
қарамастан  жаңа  өмірдің  саяси  қозғалыстарына  белсене  араласа  бастайды.  Өз 
елінде үлкен бедел иесі  саналатын ол халық арасында Ақпан төңкерісінің мақсат-
мұраттарын түсіндіріп, оның азаматтық идеяларын уағыздайды [2]. 
Б. Құлманов 1917 жылы 21-28 шілде айында Орынборда өткен бүкіл қазақ 
облыстарының құрылтай съезіне Бөкей облысына делегат болып сайланады. Мұнда 
ол Х. Досмұхамедов,  А. Байтұрсынов, С. Асфендияров сынды ұлт зиялыларымен 
бірге  қазақ  халқының алдында  тұрған  келелі  мәселелер  -  мемлекет  билеу  туралы, 
жер мәселесі, қазақ саяси партиясын құру мәселелерін талқылауға қатынасты. 
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов сынды тұлғалар Б.Құлмановты 
қазақ  зиялыларының  арасында  үлкен  бедел  иесі  санап,  съезд  жұмысына 
қатынасуын  өтініп,  М.  Шоқайұлы,  Халел  және  Жаһанша  Досмұхамедовтармен 
бірге  шақыру  қағазын  жібереді.  1917  жылы  5-13  желтоқсанда  Орынборда  өткен      
ІІ  жалпы  қазақ  съезінде    Б.  Құлманов  съезд  төрағасы  болып  сайланып,  оны 
жүргізуге  құқық  алады.  1917  жылы  Батыс  Қазақстандағы  Алаш  қозғалысын 
ұйымдастырушылардың бел  ортасында Б.Құлманов жүреді.  Алаш қозғалысы үшін 
белсенді  қимыл  жасайды.  Екінші  жалпы  қазақ  съезі  оны    Бүкілресейлік  құрылтай 
жиналысына депутаттыққа кандидат етіп ұсынады [3]. 
Алашорда  үкіметін  құрып,  егеменді,  біртұтас  қазақ  елі  болу  үшін  қазақ 
халқының ұлт бірлігін сақтауға және сол үшін жасаған іс-қимылдарынан батыл да 
шешімді,  көреген  де,  көсем  адамның  заңғар  тұлғасын  көреміз.  Ол  бүкіл  қазақ 
даласында  бірінші  болып  орыстардан  тәуелсіз  Қазақ  Автономиясын  жариялады. 
Бөкей Ордасында өз алдына дербес ұлттық үкіметтің орнағанын тек ел ішінде емес, 
бұрын ешқандай қымсынбай билігін жүргізіп келген орыс мемлекетінің алдында да 
паш етті. 
Съезд  төрағасының  жетекшілігіне  оған  делегат  болып  сайланған 
зиялылардың  ішінен  Б.  Құлмановтың  сайлануы  тектен-тек  болмаса  керек.  Бұл 
жерде  оның  сол  кездегі  жұмыс  дәрежесін  сонау  Петербургтегі  студент  кезінен  
қоғамдық  қозғалыстарға  қатынасқан,  империя  думасына  екі  мәрте  депутат  болып 
талай айтыстар мен талас-тартыстарды басынан өткізген мол тәжірибесі мен ғұлама 
білімділігі, жоғары парасатты азаматтылығы еске алынған болса керек. Осы съезде 
ол  Алашорда    өкіметінің  құрамына  еніп,  өкіметтің  бірінші  басшылығына  дауысқа 
түскен  үш  адамның  бірі  болды.  Осы  айтылғандардың  бәрінің  ақиқат  шындық 
екенін  1992  жылы  «Айқап»  баспасынан  жарық  көрген  Алашорда  жөніндегі 
құжаттар  жинағы  толық  куәландырады.  Олай  болса,  Б.  Құлмановты  Алашорда 
көсемдерінің бірі болды деуге толық негіз бар [4]. 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
42 
Б.  Құлмановтың  айналасына  топталып  Алашорда    қозғалысына  араласқан, 
қазақ    халқының  егеменді,  өз  алдына    тәуелсіз  ел  болуының  алғашқы  қадамы  -
Алашорда  ұлттық  үкіметін  құру  жолындағы  күресте    зор  рөл  атқарған  қоғам 
қайраткерлері  туралы  айтпасқа  болмас.  Мысалы,  Әлихан  Бөкейхановқа  келер 
болсақ,  уақытша  үкіметке,  сондай-ақ  кадет  партиясына  үлкен  үмітпен  қарады. 
Бірақ, оның бұл үмітінің  негізсіз екендігін көп ұзамай уақыттың өзі көрсетіп берді. 
Ол  -  1866  жылдың  25  наурызында  Семей  облысының  Қарқаралы  уезі  тоқырауы 
болысында  дүниеге  келген  қоғам  және  мемлекет  қайреткері,    ұлт-азаттық  және 
Алаш  қозғалысының  жетекшісі.  Алашорда  автономиялы  үкіметінің  төрағасы, 
публицист, ғалым аудармашы. Оның негізгі мақсаты ұлттық мемлекет құру болды.  
Орынборда  1917  жылы  шілдеде  өткен  Алаштың  алғашқы  съезінің 
депутаттығына  барлық  облыстардан  ұсынылған  81  адам  тізімінің  ішінде                     
1-ші  қатарда  қазақтың  ұлт-азаттық  қозғалысының  жұрт  таныған  көсемдері 
Ә.Бөкейханов,  А.  Байтұрсыновтармен  бірге  Бөкей  ордасынан  Б.  Құлманов  тұрды.  
ІІ жалпы қазақ съезінің ұйымдастыру ісін қолға алған осы Ә.Бөкейханов пен бірге 
А.  Байтұрсынов,  М.  Дулатов,  А.  Бірімжаров  сынды  тұлғалар  болды.  Алаш 
үкіметінің  билік  жүргізуші  органы  -  ұлт  кеңесінің    төрағасын  сайлау  мәселесін 
қойған кезде  Б. Құлмановтың есімі  Ә.Бөкейханов және А. Тұрлыбаевтармен бірге 
демократиялық  негізде  дауысқа  түседі.  Нәтижесінде    Ә.  Бөкейханов  -  4017,            
Б.  Құлманов  -  1929,  А.Тұрлыбаев  -  2027  дауысқа  ие  болып,  төрағалыққа                      
Ә.  Бөкейханов  ие  болады.  Ал,  Б.  Құлманов  Алашорда  үкіметінің  құрамына  мүше 
болып  енеді.  Кеңес  үкіметі  1919-1920  жж.  Алаш  қозғалысына  қатысқандарға 
жарияланған  кешірімнен кейінгі  уақытта да Ә. Бөкейханов өз принципіне сенімді 
күйде  қалды.  Кеңес  билігі  тұсында  ол  туған  елі  үшін  белсенді  қызметтен  бас 
тартқан  емес.  Ә.  Бөкейхановтың  назарынан  Кенесары  Қасымов  бастаған  ұлт- 
азаттық  көтерілісі  де  тыс  қалмаған.  Ә.  Бөкейхановтың  қазақ  елі  үшін  атқарған  ісі 
кейінгі  ұрпаққа  қалдырған  аманат-мұрасы  әлі  де  жан-жақты  талданып,  зерттеле 
түспек [5]. 
Алашорда  ұлттық  үкіметін  құру  жолындағы  күресте  Б.  Құлмановпен  бірге  
зор  рөл  атқарған  бөкейлік  қоғам  қайраткерлері  де  өте  көп.  Олардың  ішінде,                    
Б.  Ниязов,  У.  Танашев,  Ө.  Атаниязов,  С.  Меңдешев,  Х.  Досмұхамедов,                    
Ж. Досмұхамедов болған.  
Жоғарыда  аттары  аталған  қайраткерлер  ішінен  Батыр-хайыр  Ниязовқа 
келер  болсақ,  ол  -  Ордадағы  Жәңгір  мектебі  деп  аталып  кеткен  орыс  мектебінің 
түлегі. Ол 1872 жылы дүниеге келген, руы - ноғай-қазақ. Ол Петербургте кейіннен 
Алашорда  үкіметінің  басшысы  болған  Ә.Бөкейхановпен  бір  кезде  оқып  бітірген. 
Олардың  ортақ  түсінігі  бойынша  ұлттық  мүддені  қорғап,  қазақ  елін  басқа 
өркениетті  елдер қатарына алып шығатын жалғыз ғана жол - ұлттық, мемлекеттік 
құрылымның  болуы  еді.  Сондықтан,  ол  ХХ  ғ.  басында  қазақ  қоғамының  саяси 
өміріне белсенді араласқан. 1917 жылғы ұлттық қозғалыстың Алаш орда партиясы 
халыққа  ұсынған  саяси  бағдарламаны  Бөкей  ордасының  жерінде  іске  асыруға 
белсене кіріседі.  
Б.  Ниязов  Бөкейден  делегат  болып,  1917  жылы  Орынбор  қаласында  өткен 
жалпы  қазақтың  І,  ІІ  съезге  қатынасты.  Шілдеде  өткен  І  съезде  бөкейліктер            
Б. Құлманов, У. Танашев, Б. Ниязов болып үшеуі  Россияның қыркүйекте болатын 
учредительное  собрание  сайлауына  делегат  болып  сайланды.  Ал  желтоқсанда 
Алашорда  үкіметін  құрған  ІІ  съезде  Б.  Құлманов,  У.  Танашевтармен  бірге 
Алашорда  үкіметінің  құрамына  сайланады.  1917  жылы  Ақпан  төңкерісі  кезінде 
демалыста  болып,  съезде  комиссарлыққа  сайланғаннан  кейін  ғана  басшылықты 
қолына  алған.  Б.  Құлмановтың  орнын  жоқтатпай,  Бөкей  ордасында  халықты 
«Ханско-ставочный  комитетке»  қарсы  көтеріп,  уақытша  комиссардың  міндетін 
атқарған осы Б. Ниязов болды [6]. 
Уәлитхан  Танашев  Шаррафитдинұлы  1887  ж.  Бөкей  ордасы  ІІ  -  Теңіз 
жағалауы  округінде  дүниеге  келген.  Алаш  қозғалысының  көрнекті  қайраткері, 
заңгер  У.  Танашев  Кеңес  үкіметінің  алғашқы  күндерінен-ақ,  Алаш  қозғалысының 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
43 
көрнекті  өкілі  ретінде  оған  қарсы  шығып,  өзінің  туып-өскен  Бөкей  ордасымен 
жалпы  Батыс  Қазақстандағы  ХХ  ғ.  басындағы  қоғамдық-саяси  ахуалдың  бел 
ортасында  жүрді.  1917  жылы  сәуірде  Оралда  өткен  Бөкей  қазақтарының  съезінде  
У.  Танашев  президиум  төрағалығына  сайланады.  Съезд  қаулысымен  Б.  Құлманов 
Бөкей ордасының комиссары, ал У. Танашев Бөкей Земство управосының төрағасы 
болып  сайланған.  Осы  съезде  Бүкіл  Ресейлік  мұсылмандар  кеңесіне  өкіл  етіп 
ұсынылды  және  Ж.  Досмұхамедовпен    екеуі  Бүкілресейлік  мұсылмандар  съезінің 
атқару комитетіне мүше болып сайланды.  
1917  жылы  10  қыркүйекте  Ордада  қазақ  зиялыларының  жиналысы  өтті. 
Онда ішкі және сыртқы (Ресейдегі) саяси жағдай қаралды. Ресей жағдайы жөнінде 
У. Танашев Бөкейдегі жағдай жөнінде Б. Ниязов мәлімдеме жасады. 
Қазақ  мемлекеттілігі  туралы  мәселе  қараған  ІІ  жалпы  қазақ  съезі                  
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда ашылды. Автономия «Алаш» деп аталды. 
Жаңа  құрылған  өкімет  құрамына  Бөкейден  -  У.  Танашев    енді.  Съезге  төрағалық 
еткен Б. Құлманов болды. Ал осы съезде У. Танашев Алашорда үкіметінің министрі 
болып белгіленді.  
1922  жылы  9  қарашадан  бастап  ұлт  істері  жөніндегі  халық  комиссариаты 
жанындағы ҚАСР өкілеттігі басшысының орынбасары, кейін Федералды комитетте 
жер  мәселесі  туралы  жоғары  бақылаудың  ерекше  алқасында  қызмет  атқарды. 
Осыдан  кейін  У.  Танашев  Қазан  қаласына  қайын  жұртына  кетеді.  1949  ж.  55ж. 
Краснояр  өлкесінде  айдауда  болады.  1957  ж.  Татар  АКСР-нің  Жоғ.  Соты 
төралқасының шешімімен толық ақталды. У. Танашев Бөкей ордада Б. Құлманов ел 
басқарып  жүрген  кезде  де  онымен  бірге  жұмыс  жасап,  жақсы  қарым-қатынаста, 
сыйлас, пікірлес болған адамдар [7]. 
Осындай «Алаштың» тағы бір қайраткері - С. Меңдешев. Бөкей ордасының 
Қамыс-Самар  қисымы  жеріндегі    Нарынның  Жаңғала  жағындағы  қалың  құмды 
Қалмақ  шағыл  деп  аталатын  жерде  кедей  шаруаның  жанұясында  дүниеге  келген.  
С. Меңдешев  Ново-Казанкада бастауыш орыс мектебін бітіргесін Ордадағы Жәңгір 
мектебіне түсіп, оны 1901 жылы аяқтаған. Одан кейін ел басшысы Б. Құлмановтың 
ақыл-кеңесі  және  көмегімен  Ордадағы  уақытша  кеңестің  тағайындаған 
степендиясын  алып,  сол  жылы  Қазандағы  оқытушылар  даярлайтын  семинарияға 
түскен.    XIX  ғ.  аяғы  XX  ғ.  басындағы  барлық  қазақ  зиялылары  сияқты,    ол  да  - 
Қазан  төңкерісіне  дейін  таптық  күрес  жолын  емес,  қазақ  елінің  бостандығы  мен 
егемендігі үшін, алдымен халықтың бірлігін сақтау, содан кейін барып теңдікке қол 
жеткізу керек деген Алашордашылар көзқарасында болған адам.  
С.  Меңдешев  1917  жылғы  Ақпан  төңкерісіне  дейін  де,  кейін  де  Ордада 
Б.Құлмановтың    төңірегіне  топтасқан  бөкейлік  зиялылардың  бірі  болған. 
Б.Құлманов  С.  Мендешевтен  өзінің  көмегі  мен  қамқорлығын  аямаған.  Ордадан 
Қазанға  барып  оқуына  стипендия  тағайындатудан  бастап,  оның  жұмыс 
жағдайларында  Ганюшкинодан  Ново-Казанкаға,  одан  хан  ставкасындағы 
училищеге  ауысуларының  бәрі  Б.  Құлмановтың  араласуымен  болған.                           
С.  Меңдешев  оны  аға,  ұстаз  тұтқан,  қоғамдық  көзқарасы  да  оның  ықпалымен 
қалыптасқан.  Ордадағы  қазақ  зиялыларымен  бірге  бөкейлік  қазақтардың  өкілетті 
үкіметін  құру  үшін  съезд  шақыру  жұмысына  белсенді  араласып,  Б.  Құлманов  пен      
Б. Ниязовтың ең сенімді серіктерінің бірі болған.     
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Бірімжаров  Б.  Батыс  Қазақстан  тарихынан  XVIII-XIX    ғғ.  –Орал,  2002.  -
126-127 б. 
2.  Өзбекұлы  С.  Арыстары  Алаштың.  –Алматы:  Жеті  жарғы,  1998.  –  166  -
167 б. 
3.  Тілешов  Е.,  Қамзабекұлы  Д.,  Нұрахмет  И.  Алаш  қозғалысы.  –Алматы: 
Сардар, 2008. -120-121б. 
4.
 
 Мартыненко Н.  Алаш орда құжаттар жинағы. –Алматы: Айқап,1992.-  
63-75 б.  

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
44 
5.
 
Әнес Г., Әлиханұлы Д., Қасқабасов С., Қойгелдиев М., Құл-Мұхаммед М., 
Омаров  Б.,  Смағұлова С.  «Алаш.  Алашорда  энциклопедия»  Алматы:  Арыс,  2009.  -
108-110 б.  
6.
 
 Сүйінов С. Қайраткер Құлманов. –Алматы: Ғылым, 1997. -95-98б 
7.
 
Әнес  Г.,  Әлиханұлы  Д.,  Қасқабасов  С.,  Қойгелдиев  М.,  Құл-Мұхаммед  М., 
Омаров  Б.,  Смағұлова С.  «Алаш.  Алашорда  энциклопедия»  Алматы:  Арыс,  2009.  -
300-301 б.  
 
*** 
В 
этой 
статье 
рассматривается 
общественно-политическая 
деятельность  представителей  казахской  интеллегенции,  посвятившим    себя  в 
разные  годы  служению  своему  народу,  в  период  за  создание  правительства 
«Алашорда» и борьбе за  независимость нашей страны.   
 
*** 
This  article  is  devoted  to  the  social-political  activities    of  Kazakh  intelligence 
representatives, who dedicated themselves for the serving to  their people, at the time of  
"Alashorda" government creation and fighting for the independence of our country. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
45 
 
 
 
 
 
ПЕДАГОГИКА 
 
 
 
ӘОЖ 37.01 
Мұханбетжанова Ә.М. 
п.ғ.д., профессор 
 
КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ  
ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ  
 
Қазіргі  кезеңдегі  ең  өзекті  мәселенің  бірі  –  бәсекелестікке  қабілетті,  еңбек 
нарығында  сұранысқа  ие  бола  алатындай  кәсіби  мамандар  дайындау.  Бұл  жоғары 
оқу  орындарында білім сапасын арттыру, әлемдік  білім кеңістігінің тәжірибелерін 
игеру  арқылы  ғана  жүзеге  асатындығы  белгілі.  Осы  ретте  еліміздегі  жоғары  оқу 
орындарының  бағдарламалары  белгілі  дәрежеде  халықаралық  талаптарға 
сәйкестендіріліп,  жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  стандарттары  оқытудың 
кредиттік жүйесіне бағытталып жасалынуда. 
Европалық  білім  беру  кеңістігін  жасау  жоғары  білімнің  бәсекеге 
қабілеттілігін  арттыру  проблемасын  өзектейді.  Осы  қажеттілікті  сипаттайтын 
Болон  декларациясының  негізгі  қағидаларының  бірі  –  бірегей  және  үйлесімді 
дәрежелерді  дамыту  болып  табылады.  TUNING  жобасында  айтылғандай,  егер 
дәрежелердің иегерлері  орындауға қабілетті нәтижелерді салыстыру мүмкін болса 
және  сонымен  бірге,  сол  иегерлердің  академиялық  және  кәсіби  бейіндерін  де 
салыстыруға  болатын  жағдайда  дәрежелерді  салыстырмалы  және  үйлесімді 
түрлерге ажыратуға болады.  
Европадағы TUNING жобасы - осы проблемаларды өңдеумен айналысатын 
бірден-бір  жоба.  Жоба  өзінің  дамуында  екі  деңгейден  өткен  және  бірқатар  пәндік 
салаларды  қамтыған.  Олар:  іскерлік-әкімшілік  (бизнес  және  менеджмент), 
педагогикалық ғылымдар (білім), химия, геология, тарих, математика және т.б. Бұл 
жобаның  мақсаты  европалық  типтес  оқу  жоспарын  (базалық  оқу  жоспарларын) 
жасау  емес,  бағыт  беру  болып  табылады.  Айта  кететін  жайт,  Болон  клубына  ене 
отырып,  Қазақстандағы  академиялық  қызметкерлер  мен 
басқарушылар 
қазақстандық  мәдениет  және  білім  беру  дәстүрлерін  сақтай  отырып,  батыстың 
педагогикалық  практикасында  еркін  бағыт  алуы  тиіс.  Бұл  жерде  «білім  беру-
педагогика»    мамандарын  даярлау  үшін  жалпы  европалық  ұсыныстарды 
қалыптастыру  жайында  сөз  болады.  Батыс  европалық  сарапшылардың  пікірінше, 
мыналарды жасау қажет: 
-
 
нақты  мәдениет  және  әлеуметтік  мағынадағы  нормативті  шешімдерге 
байланысты  «білім  беру-педагогика»  бағыты  бойынша  оқытушылар  мен  түлектер 
орындауға тиісті кәсіптік рөлдерге талдау жүргізу; 
-
 
оқытушылар  мен  түлектердің  кәсіптік  міндеттеріне  (оқыту,  тұлғаны 
дамыту, кеңес беру, бағалау, инновациялық және зерттеу қызметі) талдау жүргізу; 
-
 
рөлдерді  (мысалы,  пәндік-арнайы  (кәсіби)  немесе  ауыспалы  (түйінді) 
құзыреттіліктерді)  орындауға  және  кәсіптік  міндеттерді  шешуге  қажетті 
құзыреттіліктерге талдау жүргізу; 
-
 
осы  біліктіліктерді  меңгеру  модельдерін  (оқыту  мәдениеті,  білім  беру 
ортасы, сабақ беру/оқыту стратегиясы) қабылдау;  
-
 
білім  беру  бағдарламаларын  белгіленген  кәсіптік  рөлдерді,  міндеттерді 
және біліктілікті орындауға бағыттап даярлау. 
Болон  процесіне  ену  нәтижесінде  жоғары  білім  жүйесіндегі  реформаларға 
сәйкес қойылған міндеттерді Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындары 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
46 
өз  беттерімен  шешуге  мүмкіндік  жасауда.  Жоғары  оқу  орнын  бітірушілердің 
біліктілігін  жоспарлау,  жасау  және  бағалауға  қойылатын  талаптар  да  өзгеруде. 
Бүгінгі  маманның  біліктілігі,  оның  білімінің  нәтижесі  құзыреттіліктер  болып 
танылуда.  
Педагогика ғылымында құзыреттіліктерді анықтау және жіктеу әдіснамасы 
қалыптаса бастады. Осы әдіснамаға сүйене отырып, құзыреттілік тұрғысынан білім 
беру процесінің студентке бағытталу сипаты айқындалуда. Осыған орай, білім беру 
технологияларына,  ұйымдастыру  формаларына,  оқытушылар  мен  студенттерге, 
студенттердің  жетістіктерін  бағалауға  жаңа  талаптар  қойылуда.  Білім  берудің 
мазмұнын жобалау  және  құзыреттіліктерді  белгілеу  мәселесі  академиялық  топтар, 
қызмет ұсынушылар мен бітірушілердің бірігіп әрекет етуін қажет етіп отыр.  
Әсіресе,  Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  білім  беруді 
дамыту  бағдарламасын  жүзеге  асыруға  орай  қазақстандық  ғалымдар  мен  білім 
беруді  басқарушы  органдарға  аталған  проблемаларды  шешу  бүгінгі  күннің  кезек 
күттірмейтін мәселесі болып табылады.  
Еліміздің  жоғары  білім  беру  жүйесінің  халықаралық  білімдік  кеңістікке  
интеграциялану  тетіктерінің  бірі  -  оқытудың  кредиттік  жүйесі  болып  отыр.  Бұл 
жүйенің  мәні  студенттердің  өз  бетімен  білім  алуына  басымдық  беріліп,  маманға 
«өмір  бойы»  оқу  дағдысын  қалыптастыруы  тиіс.  Республикадағы  жетекші 
университеттердің  білім  беру  процесін  ұйымдастырудағы  дәстүрлі  және  жаңаша 
көзқарастарын  салыстырмалы  талдау  негізінде  кредиттік  жүйенің  көптеген  тиімді 
жақтары негізделіп отыр. 
Атап айтқанда, академиялық еркіндіктің жоғары дәрежесі (курсты, меңгеру 
мерзімін  және  оқытушыны  таңдау);  студенттердің  оқу  әрекетінің  өзіндік  сипаты 
мен  оқытушының  оқыту  қызметінің  дамытушы  стилі  (консультация,  диалогтар, 
т.б.); студенттердің жеке  ізденістік  оқу әрекеті (дара білімдік бағыт бойынша алға 
ілгерілеу);  білімдік  бағдарламалардың  инновациялық  мазмұны  (алдыңғы  қатарлы 
ғылыми  жетістіктерге  бағдарлау);  білім  беру  бағдарламаларының  жоғары  оқу 
орындық  компоненті  көлемінің  ұлғайтылуы;  оқытудың  белсенді,  проблемалық-
ынталандырушы интерактивтік әдістері мен инновациялық технологияларының ара 
салмағының  өсуі;  сабақ  өткізудің  практикалық  формаларының  басым  болуы; 
студенттердің  оқу  жұмысының  жүйеленген,  қадамдық  мотивациясы;  білімді 
меңгерудің  жемісті,  зерттеушілік  деңгейі;  баламалық  курстарды  өз  қалауы 
бойынша меңгеру мүмкіндігі. 
Жалпы  алғанда,  кредиттік  жүйе  негізінде  білімдік  процесті  ұйымдастыру 
үздіксіз  оқу-ізденіс,  үнемі  өзін-өзі  жетілдіру  және  зерттеушілік  жұмысқа  деген 
жоғары мотивацияны қамтамасыз ету арқылы білім алушыларда құзыреттіліктерді 
дамыту міндетіне сәйкес келеді. 
Қазіргі  кезеңдегі  білім  берудің  мақсаттарының  жиынтығы  негізгі 
құзыреттіліктерді  дамыту  болғандықтан  оның  негіздеріне  көпмәдениетті  қоғамда 
өмір  сүруге  қабілеттілік,  білімді  практиканың  қажеттіліктерімен  байланыстыру 
іскерлігі,  өмірлік  жағдаятын  бара-бар  бағалай  алу  және  проблеманың  шешу 
жолдарын табу және т.б. жатады. 
Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан келуді 
жақтаушылар  күтілетін  нәтижелер  тұжырымдамасын  жасауда  негізгі  ереже 
сапасында таңдау жасайды.  
Құзыреттілік тұрғыдан келу қазіргі үздіксіз білім беру, соның ішінде кәсіби 
білім беруде, білімді дамытудың келесі тенденцияларын айқындайды. 
Біріншіден,  үздіксіз  білім  берудің  жалпы  жүйесінде  өздігінен  білім  алу 
кезеңдерінің  мәнділігі.  Сондықтан  білім  берудің  қазіргі  кезеңінде  білім 
алушылардың  өзбетіндік,  танымдық  және  практикалық  іс-әрекет  дағдысын 
қалыптастыру міндеті ерекше өзектеліп отыр. 
Екіншіден,  өздігінен  білім  алуды  дамыту  жағдайында  сөз  жоқ,  оқыту 
құралдарының  рөлі  артады.  Қазіргі  кезеңдегі  оқыту  технологиясында  оқытудың 
ақпараттық технологиясының құралдары ерекше мәнге ие болуда.  

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
47 
Үшіншіден,  білім  беруді  жүзеге  асырудың  даралап  оқыту  принципінің 
рөлін күшейтеді, әрбір білім алушы үшін оқу процесін даралауды жүзеге асыруды 
көздейді.   
Төртіншіден,  білім  беруде  пәндік-бағдарлық  жүйеден  жобалау    жүйесіне 
көшуге бағдарлайды.   
Сонымен,  құзыреттіліктердің  маңыздылығы  жөнінде  айтатын  болсақ,  
құзыреттіліктер  мен  дағдыларды  дамыту  білім  берудің  студентке  бағдарланған 
парадигмасына  сәйкес  келеді.  Бұл  парадигмада  студент,  яғни  білім  алушы  басты 
назарда  болады  да, ал  оқытушының  рөлі  өзгереді.  Мұндай  өзгерісті  оқытушының 
бағыт  беруші  рөліне  өтуі  ретінде  қарастыруға  болады.  Оқытушы  -  нақты,  айқын 
қойылған  міндеттерге жету жолындағы көмекші, бағыт сілтеуші. Қорыта айтқанда, 
бәсекеге  қабілетті  білім  беру  қызметі  және  оқытуды  ұйымдастырудың  тұрғылары 
студент қол жеткізуі тиіс нәтижеге бағыт алатын болып өзгеруі тиіс.  
Білім  берудің  тұлғаның  негізгі  құзыреттіліктерін  қалыптастыруға  және 
дамытуға  бағытталуы  оны  ұйымдастыруға  құзыреттілік  тұрғыдан  келудің  пайда 
болуын айқындады және ол қазіргі білім жүйесінің әдіснамасы және нақты білімдік 
технологиялардың  негізі  ретінде  тану  көзделуде.  Соңғы  жылдары  болашақ 
мамандардың  құзыреттіліктерін  сипаттап  көрсету  кәсіби  педагогика  мәселесімен 
шұғылданатын  ғалымдардың  талқылау  пәніне  айналып  отыр.  Бұл  құбылыстың 
философиялық,  психологиялық  және  педагогикалық  қырлары  қарастырылуда. 
Осыған  байланысты  жоғары  кәсіби  білім  берудің  (мемлекеттік)  мазмұнын 
айқындайтын  құжаттарда,  яғни  ЖКББМС-да,  басқа  да  құжаттарда  түйінді 
құзыреттіліктердің көрініс табу қажеттілігі туындап отыр.  
Жоғары  педагогикалық  білім  беру  жүйесінің  бүгінгі  қойылып  отырған 
талаптарға  сай  құзыреттіліктерді  студенттер  бойында  қалыптастыру  мен 
педагогика  ғылымының  категориалдық  аппаратына  түйінді  және  кәсіби 
құзыреттіліктерді  ендіру,  оған сәйкес теориялық және әдіснамалық көзқарастарды 
қалыптастыру міндеттері жүзеге асырылуда.  
Кез  келген  технологияны,  соның  ішінде  білім  беру  технологияларын  құру 
оның әдіснамасын таңдауды және негіздеуді талап етеді. Негізгі құзыреттіліктерді 
дамыту  теориясының  міндеттеріне  барынша  бара-бар  келетін  білімдік  әдіснама 
құзыреттілік  педагогикалық  тұрғыдан  келу  болып  табылады.  Бұл  тұрғыдан  келуді 
білім  берудің  тәжірибесіне  ендіру  және  негізгі  құзыреттіліктерді  дамытудың 
теориясын  жасау  әлемдік  педагогика  ғылымы  мен  практикасы  үшін  бүгінгі  күні 
барынша көкейкесті мәселеге айналуда. 
Егер  аталған  ұғымдар  білім  берудің  теориясы  мен  практикасының 
категориалдық  аппаратына  ендірілетін  болса,  онда  теория  саласында  негізгі 
құзыреттіліктер мемлекеттік білім беру стандарттары мен білімдік бағдарламалары 
ережесіне  сәйкес  меңгеруге  тиісті  білім,  іскерлік,  әрекет  тәсілдері  белгіленуі  
қажет.  Ал,  білім  беру  практикасы  саласында  олар  прагматикалық  сипатта  болады 
және  ол  төмендегілерге  бағытталады:  тәжірибеден  пайдалыны  ала  білу;  өзінің 
алған білімінің өзара байланысын ұйымдастыра білу және оларды тәртіпке келтіру; 
материалды  зерделеудің  өзіндік  тәсілдерін  жасау;  білім  алушылар  алдында  пайда 
болатын  міндеттерді  шеше  білу  икемділігі;  өз  білімімен  өзбетінше  айналыса  білу 
икемділігі және т.б. 
Педагогикада  аталған  көзқарас  бойынша  нақты  іс-әрекет  тәсілдерін 
меңгеруге  бағытталған  жұмыстар  М.Н.Скаткин,  И.Я.Лернер,  В.В.Давыдов, 
П.Я.Гальперин  және  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде  қарастырылған.  Бірақ,  бұл 
тұрғыдан  көзқарас  кәсіби  білім  берудің  мақсатын,  мазмұнын,  әдістерін  анықтауда 
көптеген жылдар бойы басты орын алмай келді. Құзыреттілік тұрғының теориялық 
базасын  жасау  (Н.В.Кузьмина,  В.А.Сластенин,  И.Ф.Исаев,  Е.Н.Шиянов  және  т.б.) 
жөніндегі  мұғалім  қызметінің  тұжырымдамасы  мен  моделін  (Е.А.Климов, 
А.К.Маркова,  Л.М.Митина,  Е.И.Рогов,  В.А.Сластенин  және  т.б.),  жоғарғы  білім 
беру деңгейіндегі кәсіптік құзыреттілікті белсенді зерттеу (Ю.Г.Татур, В.А.Адольф, 
Л.А.Петровская  және  т.б.),  жалпы  білім  беру  саласына  құзыреттілік  тұрғыдан 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
48 
келуді  зерттеу  (И.А.Зимняя,  Н.А.Гришанова,  А.И.Савинков,  т.б.)  зерттеу 
еңбектерінде қарастырылғандығы белгілі.   
Кәсіби  білім  берудегі  құзыреттілік  тұрғы  әртүрлі  құзыреттілік  түрлерінің 
жиынтығы  арқылы  күтілетін  нәтижені  қалыптастыруды  көздейді.  Тек  аталмыш 
тұрғыдан  келу  арқылы  ғана  кәсіби  салада  өнімді  өзбетіндік  және  жауапты  іс-
әрекетке  дайын  маман  даярлауға  болады.  Педагогтың  құзыреттілігін  жеке  тұлға 
қасиеттерінің  интеграциясы  ретінде  қарастыра  отырып,  кәсіби  педагогикалық 
құзыреттіліктер  моделін  анықтау  қажет.  Ресейлік  және  шетел  ғалымдарының 
еңбектерінде  педагогтың  құзыреттілігі  келесі  бағыттарда  қарастырылған:  кәсіби 
еңбек 
нәтижелілігін 
анықтайтын 
білім 
мен 
біліктердің 
жиынтығы 
(Е.П.Тонконогая); жеке тұлғалық сапалар мен қасиеттердің үйлесімі (Л.М.Митина); 
кәсіби және жалпымәдени көрсеткіштердің бірлігі (Т.Г.Браже, Е.А.Соколовская). 
Педагог  құзыреттілігінің  моделін  жасауда  Герцен  атындағы  РГПУ 
ғалымдарының  пікірлері  қызығушылық  тудыруда.  Олар  мұғалімнің  кәсіби 
құзыреттілігін  үш  құрамдас  бөліктердің:  түйінді,  базалық  және  арнайы 
құзыреттіліктердің  бірлігі  ретінде  қарастырады.  Болашақ  мұғалімнің  негізгі 
құзыреттілігі  оны  дайындау  құрылымының  басты  элементі  болып  табылады.  Ол 
нақты  кәсіби  іс-әрекетпен  байланысты  болмаса  да,  бірақ  ол  жалпы  және  кәсіби 
білім берудің арасындағы дәнекер тізбек ретінде алынады.  
Бұл тұрғыдан көзқарасқа сәйкес білім беру жүйесі түйінді құзыреттіліктерді 
қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Құзыреттілікті келесі сипаттық белгілеріне қарап  
түйінді деп қарастыруға болады: 

 
интегративтік  табиғатының  болуы,  яғни  біртекті  немесе  жақын  келетін 
білім мен іскерліктерді, мәдениет пен іс-әрекеттің ауқымын (ақпараттық, т.б.) өзіне 
қамтып алады. 

 
көпқызметтік, 
яғни 
оны 
меңгеру 
күнделікті 
өмірде 
әртүрлі 
проблемаларды шешуге мүмкіндік береді; 

 
пәнүстілік  және  пәнаралық  сипатта  болады,  яғни  әртүрлі  жағдаяттарда 
қолданылады; 

 
белгілі дәрежеде интеллектуалдық дамуды талап етеді; 

 
көпөлшемдік  (сыйымдылығы),  яғни  әртүрлі  ойлау  процестері  мен 
интеллектуалдық икемділіктерді қамтиды. 
Барлық  құзыреттіліктер  әртүрлі  типтегі  амал-әрекеттерді  талап  етуімен 
(қосымша және тек белгілі бір жағдайда көрініс табуы мүмкін) мәнді: 

 
автономды және рефлексивтік әрекет ету; 

 
әртүрлі құралдарды интерактивті қолдану; 

 
әлеуметтік-гетерогендік топтарға кіру жән оларда қызмет ету. 
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, білім мазмұнын дамытудың 
бүгінгі  жағдайын  есепке  ала  отырып,  Қазақстан  Республикасындағы  12-жылдық 
орта  білім  беру  стандартында  қабылданып  отырған  негізгі  құзыреттіліктерді: 
проблеманың  шешімін  табу,  ақпараттық  және  коммуникативтік  құзыреттіліктерді 
қалыптастырып  дамыту  көзделіп  отыр.  Олай  болса  болашақ  маман  аталған 
құзыреттіліктерді  оқушылар  бойында  қалыптастыруды  жоғарғы  оқу  орнының 
қабырғасында меңгеріп шығуы тиіс екендігіне ешкімнің дауы жоқ деп ойлаймыз.  
Мұның  барлығы  өз  тарапынан  жоғары  білім  берудегі  тиісті  құрылымдық 
қайта  құруды,  сондай-ақ  алдыңғы  қатарлы  әлемдік  беталысқа  сәйкес  болу 
мақсатында  білім  беру  жүйесінің  ішкі  түрлендіруін  қажет  етеді.  Бұл  білім  беру 
жүйесінің  сыртқы  ортаға  бейімделуі  жағдайында  және  оның  қазіргі  заманның 
келешекте  жасайтын  жаңа  қадамдарына  ұмтылысы  кезінде  ғана  мүмкін  болады. 
Осыған  сәйкес  білім  берудің  мәні  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқыту  нысандары  да 
түпкілікті  түрде  өзгеріп  отыр,  бұған  ең  алдымен  интерактивті  оқыту 
технологияларын  (іскерлік  ойын,  проблемалық  жағдай,  кейс  технологиялар) 
жатқызуға болады. Сонымен қатар, оқыту үдерісінде жобалық – ұйымдастырылған 
тәсілдерді қолданудың тиімділігін біздің өз тәжірибеміз де көрсетіп отыр. 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
49 
Атап  айтқанда,  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 
университеті  педагогика  және  психология  кафедрасында  кредиттік  оқыту 
жүйесінде  студенттердің  түйінді  құзыреттіліктерін  қалыптастыру  мақсатында 
инновациялық  технологиялар  мен  оқытудың  интерактивтік  әдістерін  пайдалану, 
оқу  жобаларын  жасау  бағытында  оқытушылар  ғылыми-әдістемелік  жұмыстар 
жүргізіп келеді.  
Кредиттік  оқыту  жүйесінде  дәріс  және  семинар  сабақтарын  жүйелі  және 
бірізділікпен  жүзеге  асыру  (әдістемелік  апталықтар,  ашық  сабақтар  өткізу,  кесте 
бойынша  өзара  сабаққа  қатысу,  әдістемелік  семинарлар  өткізу)  аудиториялық 
сабақтарды  өткізудің    құзыреттілікке  бағытталған  әдістемесін  жасауға  мүмкіндік 
берді.   
2004  жылдан  бастап  «Педагогика  және  психология»  мамандығында 
кредиттік  оқыту  жүйесінде  жаңа  интерактивтік  әдістер  эксперимент  жүзінде 
сынақтан  өткізіліп,  әдістердің  тиімділігі  анықталды.  Кафедра  университет 
оқытушыларына  арналған  «Кредиттік  оқыту  жүйесі  инновациялық  орта  ретінде» 
«Кредиттік  оқыту  жүйесіне  1  курс  студенттерінің  бейімделуі»  (2005)  атты  және 
т.б.  ғылыми-практикалық  семинарлар,  «Жоғары  оқу  орнындағы  оқытудың 
инновациялық 
технологиялары 
мен 
интерактивтік 
әдістері» 
(2006), 
«Педагогикалық  оқу  орнында  құзыреттілік  тұрғыдан  білім  беруді  жүзеге 
асырудың  өзекті  мәселелері»  (2007)  республикалық  ғылыми-практикалық 
конференциялар,  «Ұлттық  білім  беру  жүйесін  модернизациялау  және  оның  адами 
ресурстардың  жаңа  сапасын  қалыптастырудағы  ролі»  (2009)  халықаралық 
конференция,  «Интерактивтік  оқытуда  оқытушылар  мен  студенттердің  өзара 
қарым-қатынасы мен оқу коммуникациясын зерттеу», «Кредиттік оқыту жүйесінің 
студенттердің  ақпараттық  және  коммуникативтік  құзыреттілігіне  әсері»  атты 
зерттеу жобалары жүргізіліп, қорытындыланды.  
Жүргізілген 
зерттеулер,  өткізілген 
әдістемелік  семинарлар  мен 
конференциялар,  өзара  сабаққа  қатысу  нәтижелерін  талдау  негізінде  оқытудың 
интерактивтік  әдістерінің  ең  тиімді  түрлері  ұсынылды.  Осылайша,  дәріс 
сабақтарында  үлкен  щеңбер,  мозаика,  ассоциация,  инвентаризация  сынды 
интерактивтік  әдістерді  пайдалану  әдістемесі  жасалды.  Интерактивті  семинар 
өткізу  барысында  сын  тұрғысынан  ойлауды  оқу  және  жазу  арқылы  дамытудың 
«Эссе», «Сұраулы сөздер», «Жұптық жұмыс», «Ансамбль» және т.б. стратегиялары 
сынақтан өткізіліп, кредиттік оқыту жүйесіне бейімделген әдістемесі даярланды.  
Бүгінгі  таңда  диалогтық  жүйеде  ОСӨЖ-ді  өткізу  әдістемесі  жасалуда. 
Студенттердің  білімін  бақылаудың  ауызша  және  жазбаша  формалары 
жетілдірілуде.  Олар:  шағын-конференция,  шығармашылық  баяндама,  жеке 
әңгімелесу,  тренинг,  дискуссия,  іскерлік  және  дидактикалық  ойындар,  презентация, 
кейс  құру,  жеке,  топтық  жобалар  жасау  (нақты  шынайы  проблеманың  шешімін 
іздеу және оның нәтижелерін презентациялау) және т.б.  
Жоғарыдағы  аталған  оқыту  формаларын  жүзеге  асыру  барысында  студент 
өзінің жетістігін, интеллектуалдық қабілетін көрсете алатындай жағдай туғызылды 
және  бұл  оқыту  процесінің  нәтижелі  болуына  әсер  етіп  отыр.  Оқу  процесіндегі 
интерактивтік әрекет диалогтық қарым-қатынасты ұйымдастыруды және дамытуды 
жүзеге  асыра  отырып,  студенттердің  өзара  түсінісу,  өзара  әсерде  бірлесіп  шешім 
қабылдауға  мүмкіндік берді. Диалогтық оқыту нәтижесінде сыни ойлауға, күрделі 
мәселелерді  талдау  негізінде  шешуге  (проблеманы  шешу  құзыреттілігі),  балама 
пікірлер айтуға, дискуссияға қатынасуға, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға 
(коммуникативтік құзыреттілік) үйренді. 
Сабақ  кезінде  жеке,  жұптық  және 
топтық  жұмыстар  ұйымдастырылды,  зерттеу  жобалары,  рөлдік  ойындар 
қолданылды,  әртүрлі  құжаттармен,  ақпарат  көздерімен  (ақпараттық  құзыреттілік) 
шығармашылық жұмыстар жүргізілді.   
Қорыта  айтқанда,  бұл  әдістемелердің  қай-қайсысы  да  кредиттік  оқыту 
жүйесінде  негізгі  көзделетін  мақсатты  жүзеге  асыруға,  яғни  студенттердің 
құзыреттіліктерін дамытуға  мүмкіндік береді. 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
50 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту 
тұжырымдамасы. Астана, 2004. 
2. Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың 
Мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010.  
3.  Қазақстан  Республикасындағы  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім 
беру стандарты. Астана, 2007. 
4. В.И.Байденко   Болонский процесс: поиск общности Европейских систем 
высшего образования (Проект TUNING). 2006, -244 с. 
5.  Зимняя  И.А.  Ключевые  компетенции  –  новая  парадигма  результата 
образования // Высшее образование сегодня. 2003. №5. 34-42. 
6.  Равен  Дж.  Компетентность  в  современном  обществе:  выявление,  раз-
витие и реализация / Пер. с англ. М., 2002. 396 с. 
 
*** 
В  статье  рассматриваются  теоретические  основы  организации  компе-
тентностно-ориентированного обучения в кредитной системе. Автор предлагает 
методику развития ключевых компетентностей в вузе.  
 
*** 
In article theoretical bases of the organization of the competend-focused training 
in credit system are considered. The author offers a technique of development key compe-
tences in high school. 
 
 
УДК 378.147:004 
Ахметов А. К., д.п.н.,профессор, 
Калманова Д. М., к.п.н., преподаватель, 
Каспийский государственный университет  
технологий и инжиниринга им. Ш. Есенова 

жүктеу 10.91 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет