Жылына 4 рет шығады


ҚАЗАҚСТАН  ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІН ҚҰРУДЫҢ ЗАҢДЫҚ



жүктеу 10.91 Kb.
Pdf просмотр
бет4/29
Дата26.04.2017
өлшемі10.91 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

 
ҚАЗАҚСТАН  ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІН ҚҰРУДЫҢ ЗАҢДЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
 
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылысының алғашқы кезеңінде 
егеменді  мемлекеттің  әскерінің  нормативтік-құқықтық  негізін  қалау  ең  өзекті 
мәселенің  бірі  болды.  Бұл  кездейсоқ  емес-ті.  КСРО  кезінде  қабылданған  заңдар 
бойынша тәуелсіз мемлекетте өмір сүруге болмайтын еді. Әскери қызметшілердің 
дәрежесі,  әскери  қызметтің  түрлері,  мерзімі  және  мазмұны,  әскери  атақтардың 
тағайындалуы,  қызмет  бабы  бойынша  ауыстырулар,  т.б.  мәселелер  заңдық 
бірмәнділік пен түбегейлі шешімді талап етті. Ал әскердің өзі заңмен қорғалуы, заң 
шеңберінде  қызмет  атқаруы  тиіс.  Жаңа  қағидалы  заңдық  негіздерді  жасау 
армияның  механизмін  еске  ала  отырып,  республиканың  ерекшелігіне  және 
географиялық  жағдайына  байланысты  қайта  құруды,  айтарлықтай  материалдық 
шығындарды қажет етті.  
Жас мемлекеттің әскери құрылыс саласындағы алғашқы қадамы қауіпсіздік 
жүйесінің  ұйымдарының  құрылымын  құру,  олардың  қызметі  мен  міндеттерін 
анықтау болды. 
Осы  мақсатта  1991  жылы  25  қазанда  Қазақ  ССР-нің  Президентінің 
Жарлығы бойынша Қазақ ССР-нің  Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды 
[
1,297 
б.
]
,  кейіннен  бұл  республиканың  қорғаныс  мәселелерін    шешуде  толықтай 
өзбеттілікке  көшуіне  орай,  Қазақстан  Республикасының  Қорғаныс  министрлігі  
болып өзгертілді. 
Қазақстанның  тұңғыш  Қорғаныс  министрі,  генерал  С.К.  Нұрмағамбетов: 
«Мемлекеттік  қорғаныс  комитетінің  алғаш  құрылған  сәтінен  бастап,  оған  «әскери 
жасақтарға  бақылауды»  жүзеге  асыру,  сонымен  бірге  әскерлердің  орын 
алмастырып,  әр  түрлі  әскери  жаттығулар  жүргізуін,  әскери  мүліктердің 
республикадан  тысқары  жерлерге  тасымалдануын,  армияның  әскери  қызметіндегі 
басқа  да  бағыттарды  «назарда»  ұстау  міндеті  жүктелді»  деп  еске  алады  [2,43-44 
бб.].  
  «Қазақстан  Республикасы  өз  тәуелсіздігі  мен  территориялық  тұтастығын 
қорғау  мақсатында  өзінің  Қарулы  Күштерін  құруға  хақылы»  деп  айқындаған 
Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігі  туралы  Конституциялық  Заңына  сәйкес 
заңды  түрде  1992  жылы    7  мамырда  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерін  құру  туралы»  
Жарлығымен  бекітілді  [3,  6  б.].  Елбасының  бұл  жарлығы  тәуелсіздік  алғалы  бері 
егеменді  мемлекеттің  тұғырын  биіктетер  маңызды  құжат  екендігі  даусыз.  Осы 
сәттен бастап Қазақстанның әскери ұйымын құрудың іргетасын қалаған заңдар легі 
жарық  көре  бастады.  Жас  республиканың  Отан  қорғау  мәселелері  жөніндегі 
алғашқы заңдары өз уақытында және тиісті деңгейде дайындалды. 
1992    жылы  22  желтоқсанның  өзінде-ақ  «Қазақстан  Республикасының 
Қарулы Күштері және Қорғаныс туралы»  Заңы қабылданды. Бұл құжатта мемлекет 
қорғанысының  ұйымдасу,  қорғаныс  мәселелерін  шешудегі  мемлекеттік  билік 
органдарының  өкілеттілігі  және  басқару  негізін  ғана  емес,  сонымен  қатар  жалпы  
қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жүйесіндегі  Қарулы  Күштердің  орны  мен  рөлі, 
міндеттері бекітілді. Аталмыш құжат Ұлттық қауіпсіздік  стратегиясы мен Әскери 
Доктринаға негіз  болды. 
Қазақстан  Республикасының  ұлттық  мүдделерін  жүзеге  асыру  әскери 
қауіпсіздікті қамтамасыз етумен  ықтимал  ішкі және сыртқы әскери  қауіп-қатерге  
әскери  күш-қуатты    өз  әлеуетіне  бара-бар  деңгейде  сақтау  әрі  ұстаумен  тығыз 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
31 
байланысты.    Қазақстан  Республикасының  әскери  қауіпсіздік  саласындағы 
қызметінің  негізгі  бағыттарының  ішінде    әскери  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудің 
заңдық негіздері мен құқықтық кепілдемесін құру ерекше орын алады. Қауіпсіздікті 
қамтамасыз  ету,  елдің  қорғаныс  және  әскери  ұйымдарының  құрылысының  
құқықтық  реттелу  негіздері  Қазақстан  Республикасының    территориясының 
біртұтастығымен 
қолсұқпаушылығын 
қамтамасыз 
етіп, 
конституциялық 
құрылыстың негіздерін қорғауда мемлекеттік билік органдары мен  азаматтарының 
міндеттерін бекіткен ҚР Конституциясында көрсетілген [4] (8 бап, 36).  
ҚР  Конституциясының  8-бабында  келтіргендей,    Қазақстан  Республикасы 
халықаралық  құқық  қағидалары  мен  нормаларын  қадірлейді,  мемлекеттер 
арасындағы  ынтымақтастық  және  тату  көршілік  қарым-қатынас,  әскери 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін теңгерімді шешу, бір-бірінің ішкі істеріне 
қол сұқпау, халықаралық даулардың бейбіт келісіммен шешілуі саясатын жүргізеді, 
бірінші болып күш қолданудан бас тартады. 
Егеменді  Қазақстанның  Қарулы  Күштері  құрылғаннан  бастап,  заңнамалық 
негіздерге және  қазіргі заман талабына сай, жаңа әскери Жарғының жасалу үрдісі 
басталды.  Әскери  терминологияны  мазмұнына  нұқсан  келтірмей  жасаушы  тіл 
маманының,  әскери  тарихшының  жетіспеуінен,  дайындалған    құжаттарды 
мемлекеттік  тілге  аудару  барысында  қиындық  туды.  Дегенмен  де  1998  жылы  ҚР 
Президентінің  (№  4156)  Жарлығымен  27  қарашада  ҚР  Қарулы  Күштерінің    ішкі, 
гарнизондық,  қарауылдық  қызметтер  Жарлықтары,  Тәртіптік  және  Саптық 
Жарлықтары өз күштеріне енді [5,1 б.]. 
  
Тәуелсіз  еліміздің  алғашқы  әскери  доктринасы  1993  жылы  ақпанда 
қабылданып,  бұғанасы  қатая  қоймаған  Қарулы  Күштердің  қалыптасуы  мен 
орнығуы  кезеңінде  Қазақстанның  әскери  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудің  шаралар 
кешенін  айқындап  берген  еді.  Халықаралық  жағдайдың  құбылмалы    жағдайында  
доктрина  Қазақстанның  сол  жылдардағы  әскери  құрылысының  негізгі  бағыттары 
мен  мазмұнын  айқындады.  Аталған  құжат  егемен  мемлекеттің  қаз  тұрып, 
қалыптасу  кезеңінде,  әскери  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуде,  әскери  құрылыста  оң 
рөл атқарғанымен, кейінгі жылдары оның кейбір ережелері Қазақстанда және оның 
айналасындағы жағдайлардың күрт өзгеруіне байланысты өзектілігін жоғалтты. 
Дүниенің түкпір-түкпірінде орын алған шиелініс ошақтары аймақтағы және 
әлемдегі  геосаяси  ахуалды  түбегейлі  өзгертті.  Әлемдік  өркениет  халықаралық, 
трансұлттық  лаңкесшілдікке  тап  келді.  Аймақтағы  ахуалды  тұрақсыздандыратын 
және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жаңа факторлар пайда болды. Мемлекет 
шекараларына жақын маңда әскери шиеленістің ықтимал ошақтарының бар болуы, 
елдің 
территориясына 
қаруланған 
экстремистердің 
және 
халықаралық 
террористердің  қарулы  құрамаларының  еніп  кету  мүмкіндігі,  аймақта  жаңа 
ядролық  мемлекеттердің  пайда  болуы  –  осының  бәрі  мемлекеттің  әскери  саясаты 
мен  әскери  ұйымдарын  бүгінгі  таңдағы  болмысқа  бейімдеу  мақсатында  бірқатар 
Заңнамалар мен Қаулыларды қайта қарау қажеттілігі мәселесін қойды. 1999 жылы 
желтоқсанда  елдің  қорғанысы  мен  қауіпсіздігін  одан  әрі  нығайтуға  арналған 
Қауіпсіздік  Кеңесінің  отырысында  «1999-2005  ж.ж.  арналған  Ұлттық  қауіпсіздік 
стратегиясы»  қабылданды. 
Стратегияда  елдің  сыртқы,  әскери,  экономикалық,  экологиялық  және 
ақпараттық  қауіпсіздік  жағдайы  талданып,  ұлттық  қауіпсіздікке  ықтимал  қауіп-
қатерлер  көрсетіліп,  оларды  жою  жолдары  анықталды.  Оның  ішінде 
республиканың  шекаралық  периметрі  бойынша  жергілікті  әскери    қақтығыстар 
ошағының  пайда  болуы  ерекше  назарға  алынды.  Аталмыш    құжатта  2000  жылы           
10 ақпанда ҚР Президентінің №334 Жарлығы бойынша Қазақстанның жаңа Әскери 
доктринасы  бекітілді
 
[
6,  2  б.
]
.  Мұнда  қазіргі  бар  және  әлеуетті  қауіп-қатерлерді 
ескере  отырып,  қазақстандық  армияны  реформалаудың  жалпы  бағыттары 
жасалынды;  әскери  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  бойынша  Қарулы  Күштердің 
міндеттері нақты түрде айқындалды.  

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
32 
Әскери  доктрина  ҚР  Ұлттық  қауіпсіздік  стратегиясының  әскери  саладағы 
негізгі  ережелерін  нақтылай  түскен.  Сондай-ақ,  мемлекеттік  шекара  шебінде 
қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету,  агрессия  төнген  жағдайда  елдің  қорғанысын 
ұйымдастыру,  сонымен  қатар  ұжымдық  әскери  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету 
бойынша  одақтас-мемлекеттермен  күш  біріктіруде  келісімге  келуге  бағытталған. 
Еліміздің  әскери  доктринасы  қазақстандық  армияны  реформалаудың  жалпы 
бағыттарын  анықтайды.  Мұнда  ҚР  үшін  әскери  қауіп-қатерлердің  негізгі  шығу 
көздері  айқындалып,  белгіленген.  Доктрина  жалпы  барлық  стратегиялық 
бағыттарда мүмкін болатын әскери қауіпсіздікке сай әрекет жасайтын, таулық және 
шөл  соғыстарына  даярланған  шағын,  алайда  соғысқа  қабілеттілігі  жоғары 
деңгейдегі арнайы әскерлері бар оңтайлы армия құруды көздейді. 
Әскери  доктринаның  ережелерін  Ұлттық  қауіпсіздік  стратегиясының 
құрамды  бөлігі  ретінде    Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен    әскери 
құрылыс,  қорғаныс  және  еліміздің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  міндеттері 
жүктелген  барлық  лауазымды  тұлға,  мемлекеттік  ұйымдар  мен  мекемелерге 
орындау міндеттеледі. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдық актілеріне сәйкес 
Әскери  доктрина  Қазақстан  Республикасындағы  қорғанысты  басқаруды 
ұйымдастырудың  қағидаларын  айқындаған.  Осы  қағидалар  негізінде  Қарулы 
Күштердің  құрылымы,  Қарулы  Күштердегі,  басқа  да  бөлімдердегі  және  әскери 
құрамалардағы  ішкі  қарым-қатынастың  ұйымдасу  әдістері  мен  нысандары, 
әскерлерді басқару, құбылмалы саяси және экономикалық жағдайдағы бейбіт және 
соғыс уақытына экономиканы дайындау қызметтері анықталды. 
Қазақстандық армияның құқықтық негізін құру мен реформалауды одан әрі 
жетілдіру мақсатында  қорғаныс пен әскери құрылыс мәселелері бойынша маңызды 
құжаттар  қабылданды.    Олар:  Қазақстан  Республикасының  Қауіпсіздік  кеңесінің 
отырысында  құпталып,  Президентіміздің  Жарлығымен  «Келісім  шарт  бойынша 
әскери  қызмет  туралы»  №167-П  Заңымен    бекітілген  «Әскери  реформаның 
тұжырымдамасы»,  «Қазақстан  Республикасындағы  2005    жылға  дейінгі  әскери 
құрылыстың  мемлекеттік  бағдарламасы».  Бұл    құжаттар  мемлекеттің  әскери 
ұйымын дамытудың кезеңдері мен бағыттарын анықтап берді. 
Сондай-ақ,  еліміздің  ұзақ  мерзімді  дамуында  ұлттық  қауіпсіздік  бірінші 
және маңызды басымдық болып белгіленген 1997 жылы қабылданған  «Қазақстан -
2030»  стратегиялық  бағдарламасы    еліміздің  қорғаныс  саясатын  нығайтуда  сүбелі 
үлес қосты [7,4 б.]. 
Соңғы  жылдары,  қазақ  мемлекеттілігінің  қалыптасу  барысында  әскери 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету  саласындағы қатынастарды реттейтін бірқатар заңдық 
және  нормативтік  құқықтық    актілер  қабылданды.    Реттейтін  құқықтық 
қатынастардың сипатына қарай құқықтық актілерді үш топқа бөлуге болады.  
Бірінші  топты  әскери  қауіпсіздіктің  негізгі  ережелерін  анықтайтын, 
қауіпсіздікті  қамтамасыз  ететін  барлық  күштер  үшін,  әсіресе    Қазақстан 
Республикасының  әскери  ұйымдарының  мүшелері  үшін    маңызы  зор  жалпы 
мәндегі  нормативтік  құқықтық  актілер  құрайды.  Негізгі  құқықтық  актілерге: 
«Қазақстан  Республикасының  қорғанысы  және  Қарулы  Күштері  туралы»  ҚР  Заңы 
[
8
]
,  «Әскери  жағдай  туралы»  ҚР  Заңы 
[
9
]
,  «Жалпыға  бірдей  әскери  міндеттілік 
және әскери қызмет туралы» ҚР Заңы 
[
10
]
,  «Әскери  келісімшарт  бойынша  әскери 
қызмет туралы»  ҚР Заңы 
[
11
]
, «Әскери қызметшілердің және олардың отбасының 
мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы» ҚР Заңы 
[
12, 105 б.
]

Қазақстандық  заңнама  қорғаныс  саласындағы  субъектілерді  санамаламай, 
қорғаныс  жөніндегі  Заңның  құқықтық  межесін  ғана анықтайды.  Бұл  нормативтік-
құқықтық актіге субъектілер саны бойынша да, олардың міндеттері мен қызметтері 
бойынша  да  өзгертулер  енгізуде  ыңғайлы.  Аталмыш  құжаттан  ҚР  Қауіпсіздік 
кеңесі мен  оның өкілеттілігі туралы  ережелер алынып тасталды; олар өзге заңмен 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
33 
реттеледі.  Қорғаныс  туралы  Заңда  территориялық  қорғаныс  жөніндегі  мәселелер 
көтерілген. 
Екінші  топты    әскери  қауіпсіздіктің  жеке-жеке  салаларында  қорғаныстың 
дайындығы  мен  дамытудың    нақты  бағыттарындағы    мемлекеттік  билік 
органдарының  қызметін,  әскери  құрылысты  жүргізу,  әскери  қауіпсіздікті 
қамтамасыз  етудегі  құқықтық  қатынастарды  реттейтін  нормативтік-құқықтық 
актілер  құрайды. 
Үшінші  топқа  әскери  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  саласындағы  атқарушы 
билік органдарының, сондай-ақ мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және әскери 
құрамалардың жүргізу пәнін және өкілеттілігін анықтайтын құқықтық және заңдық 
актілер  кіреді.  Мұнда  әскери  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  бойынша  мемлекеттік 
саясаттың  негізгі  қағидалары  мен  бағыттарының  нормативтік  құқықтық  бекітілуі 
жалпы көрініс алған. 
Уақыт  тегершігі  тынымсыз  алға  жылжыған  сайын,  заманның  алға  тартар 
талабы  да  өзгеріп,  жаңа  қырынан  қойылады. Қарулы  Күштеріміз  құрылған  сәттен 
бастау  алған  қорғаныс  мәселелер  жөніндегі  заңдық  база  еліміздің  қазіргі  таңдағы  
өмірдің  ақиқат  шындығына  сәйкес  келтірілген  және  тұтастай  алғанда  өзіне 
жүктелген міндеттерді атқаруда. 
Қазақстан  армиясы  -  біздің  қоғамымыздың  бір  бөлігі  және  нақты 
нормативтік-құқықтық базасы негізінде кез-келген қол сұғушылықтан мемлекеттің  
қауіпсіздігін  қорғай алады деп сеніммен айта аламыз. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қ.Аманжолов,  А.Тасболатов.  Қазақстанның  әскери  тарихы.  –  Алматы: 
Білім,1999. – 320 б.  
2.
 
Г.В.Носоновский. Военное наследие Сагадата Нурмагамбетова // Ориен-
тир. – 2004. – №1.  
3.
 
О  создании  Вооруженных  Сил  Республики  Казахстан  //  Казахстанская 
правда. – 1992.– 8 мая.  
4.
 
Конституция Республики Казахстан. Принята на референдуме              30 
августа 1995. – Алматы.–  2006. – с.48.  
5.
 
ҚР ҚК Жарғыларын бекіту туралы //«Егемен Қазақстан» газеті. – 1998. 
11 желтоқсан. 
6.
 
Военная доктрина Республики Казахстан от 2000 года: Указ Президента 
Республики Казахстан от 10 февраля 2000  года // Казахстанская правда. –  2000. 
12 февраля. 
7.
 
Б.Ертаев.  «ХХІ  ғасыр  армиясын  жасақтау  –  басты  міндет»//«Егемен 
Қазақстан» газеті. – 1998 жылы. 23 сәуір. 
8.
 
Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан: Закон Респуб-
лики Казахстан № 29-III от 7 января 2005// www.base.zakon.kz
9.
 
О военном положении: Закон  Республики Казахстан № 391-II(с изм. вне-
сенными  законом  РК  от  08.07.05  г.  №  70-III)  от  5  марта  2003  года  // 
www.base.zakon.kz. 
10.
 
О воинской обязанности и воинской службе: Закон  Республики Ка-
захстан № 74-IIІ от  8 июля 2005 года// www.base.zakon.kz
11.
 
О военной службе по контракту: Закон  Республики Казахстан от 
20 марта 2001 года// www.base.zakon.kz. 
12.
 
О статусе и социальной защите военнослужащих и членов их семей. 
Закон Республики Казахстан // Законодательство Республики Казахстан об орга-
нах  обороны,  правосудия,  безопасности  и  правопорядка.  -  Алматы.  1996.  С.141-
161. 
*** 
В  статье  рассматривается  создание  нормативно-правовой  базы 
Вооруженных Сил Республики Казахстан. 
*** 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
34 
In this article is considered the creation normative -legal base of Armed Forces 
of the Republic of Kazakhstan. 
 
 
 
ӘОЖ  925: 94 (574) 
Майманова Н.Н. 
 магистрант, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
 
ӘБІЛМӘМБЕТ БОЛАТҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ 
 
Қазақ тарихындағы күрделі тұлғалардың бірі – Орта жүз ханы Әбілмәмбет 
Болатұлы.  Бүгінге  дейін  оның  қоғамдық-саяси  қызметі,  тарихи  портреті 
талқыланбай,  тиянақты  бағасын  ала  алмай  келеді.  Егемендік  алуымызбен  оның 
тарихы қайтадан саралана бастады.  
  ХVІІІ  ғасырдағы  зерттеушілер  П.И.Рычков,  ХІХ  ғасырдағы  зерттеушілер 
А.И.Левшин,  қазақстандық  тарихшы  ғалымдар  И.В.Ерофеева,  Ж.Қасымбаев,                                
Р.Б.  Сүлейменов,  В.А.  Моисеев,  Н.Г.Аполлова,  Ә.Қ.Мұқтар,  т.б.  зерттеулері 
Әбілмәмбет ханның  ата – бабасын, өмір сүрген заманын, қоғамдық-саяси қызметін 
толықтыра түседі.  
Мәселен,  Әбілмәмбет  Болатұлының  қоғамдық-саяси  көзқарасының 
қалыптасуына  ата-бабасы,  олардың  қазақ  қоғамындағы  атқарған  қызметтері, 
көршілес халықтармен, мемлекеттермен байланыстары сөзсіз ықпал жасады.  
ХVІ-ХVІІІ  ғасырларда  Қазақ  хандығында  негізгі  орталық  билік  Жәдік 
сұлтан  ұрпақтарының  қолында  болып,  қазақ  хандары  осы  әулеттен  сайланып 
отырды.  Оның  үстіне  Қазақстан  территориясындағы  Жәнібек  хан  ұрпағынан 
тараған  қазақтың  билеуші  әулетінің  басым  көпшілігін  Жәдік  сұлтанның  көптеген 
ұрпақтары  құрады.  Ол  туралы  1910  жылы  Қазан  қаласында  жарық  көрген 
Құрбанғали  Халидтың  «Тауарих  хамса»  (бес  тарих)  еңбегінде:  «Орыс  хан  ұлы 
Жыңхан, ұлы  Бадақұл,  Барақ  хан,  ұлы  Жынтекей  хан,  ұлы  Жәдік  хан,  ұлы Сығай 
хан, ұлы Есім хан-бір әйелден. Сығай ханның екінші әйелінен екі ұлы бар: Сейітқұл 
және Оннан хан. Бұл Оннан батыр болды, қызыл ту астынан шығып, өзінше дербес 
ақ ту көтерген. Есім хан ұлы Жәңгір хан, ұлы Тәуке хан бір әйелден жеке. Мұның 
ұлы  Болат  хан,  ұлы  Әбілмәмбет  хан,  ұлы  Әбілпейіз  хан  қызыл  тулы  төрелердің 
бабасы.  Болат  баласы  Әбілмәмбетті  қызыл  ту  беріп,  өз  орнына  қойып,  Абылайға 
жасыл ту беріп, кейбір тайпаларға уәли (басшы) қойған.  
Екінші бір нақыл: Барақ хан, ұлы Бадақұл, ұлы Жәдік хан, ұлы Сығай, ұлы 
Есім, ұлы Жәңгір, ұлы Тәуке, ұлы Болат, ұлы Әбілмәмбет, ұлы Әбілпейіз хан» [1, 
103-104  бб.]  делінсе,  1911  жылы  Орынбор  қаласында  басылып  шыққан  «Түрік, 
қырғыз-қазақ  һәм  хандар  шежіресінде»  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  Әбілмәмбетті 
Қасым  ханның  баласы  Жәдіктен  таратып,  қазақ  хандығының  соңғы  ханы  – 
Болаттың үлкен ұлы, Тәуке ханның немересі деп тұжырымдайды [2, 52-53 бб.]. 
Ерофеева  И.В.  «Родословные  казахских  ханов  и  кожа  XVIII  –  XIX  вв.» 
еңбегінде  «Сығай  хан,  ұлы  Есім,  ұлы  Жәңгір,  ұлы  Тәуке,  ұлы  Болат,  ұлы 
Әбілмәмбет, ұлдары - Әбілпейіз, Жошы, Сарт» деп баяндайды [3, 164-165 бб.]. 
Қазақтың  құймақұлақ  жандарының  бірі  Кіші  жүздің  атақты  батыры  табын 
Бөкенбайдың  айтуы  бойынша,  ХVІІІ  ғ.  30-шы  жылдары  ресейліктер  алғашқы  рет 
қазақ  руларынан,  Шыңғыстан  тарайтын,  хан  тұқымының  шежіресін  жазып  алған. 
Кейіннен  Орта  жүз  ру  басшылары  мен  Ұлы  жүздің  билері-батырлары  қосқан 
деректерге  байланысты  бұл  мәліметтер  толықтырылды.  1748  жылы  бір  жүйеге 
түсті. 
К.Тевкелевтен  кейін  қазақ  шежірелерін,  соның  ішінде  қазақ  төрелерінің 
мұрагерлік  жолын,  ескі  хандардың  үрім-бұтақтарын  зерттеуді  князь  В.Урусов 
жалғастырды. 1740  жылы Ор кездесуінде князді қызықтырған көптеген сауалдарға 
Орта жүз Нияз батыр жауап берген. Ол деректердің ішінде Шыңғыс ханнан бастап 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
35 
Әбілмәмбетке дейін тарататын хандар шежіресі бар. Орынбор басшыларының қазақ 
төрелерінің шығу тегі мен тарауына, жол тәртібіне қатты қызығуы Ресейдің саяси 
жоспарларына тікелей байланысты болса керек деп жорамалдауға болады. 
Қазақ  ішінде  қалыптасқан  хан  сайлау  дәстүрлері  жөнінде  ХVІІІ  ғасыр 
бірсыпыра  дерек  береді.  1740  жылы  князь  Урусовпен  болған  сұхбатта  Жәнібек 
батыр  Әбілмәмбетті  Түркістанда  1739  жылы  хан  сайлағандарын,  оны  сүйеген 
арғын-алтай, керей-уақ сияқты әулетті елдер екенін мәлімдеді. Қазақтың таңдаулы 
билері ақ киізге салып көтерген, көп мал сойылған. Ақ киізді жиынға қатысқан ел 
қылдай  қылып  бөліп  әкеткен.  Ханға  ең  сенімді  болатын  рулар  сол  ақ  киізбен 
көтергендер болмақ. Ханның жеке басының қасиетіне, не ата мұрасына байланысты 
хан-сұлтанның  үлесіндегі  ел  әр  шамада  болады  [4,  155,  404-408,  578  бб.]  делінсе, 
Орта жүз ханы болуға көп  ұмтылған  сұлтанның бірі Тұрсын болатын. Қазақ ханы 
Жәнібектің  бір  баласы  Жәдік  болса,  оның  баласының  бірі    Шығай  хан  еді.  Сол  
Шығай  ханның  ұрпақтары  ер  болғанда  балалары  Күшік  пен  Барақ  әкесінің  ісін 
жалғастырып хандықтан дәмесін үзген жоқ. 1724 ж Орта жүз ханы Болат Тәукеұлы 
қайтыс  болған  соң  Сәмеке,  Әбілмәмбет  сынды  Тәуке  хан  ұлдары  хан  болғанда  да 
олар  тек  Орта  жүз  ғана  емес,  Орта  жүздің  бірнеше  рулары  бағынатын  Кіші  жүз 
ханымен де қырғи – қабақ болады... Алайда Әбілқайыр ханмен құдандалы жағдайда 
болғаны  себепті,  жегжаттық  қатынасы  да  болды...  Күшлік  сұлтанның  бір  қызы 
Әбілқайырдың үлкен баласы Нұралыға ұзатылған. 
Отарлық  қамытты  сезініп,  «орыстардың  башқұрттарды  талқандап, 
үлкендерін  өлтіріп,  жастарын  солдатқа  алып,  балаларын  шоқындыруды 
бастағандығын» алға тартқан 40 башқұрт елшісі 1737 жылы 30 сәуірде Әбілмәмбет 
сұлтанға келген. 1737 жылы тамызда Ноғай жолының башқұрттары Әбілмәмбетке 
келіп, Абылай сұлтанды өздеріне хан ретінде тағайындауын сұрады.  
Әбілмәмбеттің  өзі  ұлысына  45  түтін  қабылдады.  Ресейдің  түрлі  уәдесін 
тыңдап  қана  қойған  Әбілмәмбет  пен  Абылай  В.Н.  Татищев  пен  А.  Тевкелевтің 
«қазақ  рулары,  соның  ішінде  арғын,  найман  рулары  бізге  бағынбайды,  олардың 
өздері  Еділ  қалмақтарының  шабуылын  күтіп,  қауіптенуде»  деп  жауап  қайтарып, 
башқұрттардың  қайтару  ұсыныстарының  жүзеге  аспайтындығын  сездірген  [5,  248 
қ., 17 т., 1164 кітап, 769 п.]. 
Орыс  тарихшысы  А.И.Левшин  «1739  жылы  Орта  жүзде  Сәмеке  ханның 
орнына хан сайланудан бұрын Әбілмәмбет хандық билік жүргізген», – деп жазады 
[6, 198 б.]. Ш.Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.  
 Қазақстандық тарихшы Ә.Қ.Мұқтар «Орта жүздегі Сәмеке Тәукеұлы Болат 
хан  қайтыс  болған  соң,  1723-1738  жылдары,  одан  кейін  Әбілмәмбет  Болатұлы 
хандық  таққа  1739  жылы  отырды.  Әбілмәмбеттің  Орта  жүз  хандығына  сайланған 
1739-1748 жылдары Әбілқайырдың орыс үкіметімен байланысының күрделі кезеңі 
болатын.  Мұрағат  деректерінде  Әбілмәмбет  Сәмеке  ханның  тірі  кезінде  үнемі 
жанынан табылды» [7,32-33 бб]. 
Әбілмәмбет 
туралы 
айтылатын 
жыр-дастан, 
әңгіме-аңыздар 
да 
Әбілмәмбеттің  есімімен  байланысты  болып  келеді.  Мысалы,  ел  бірлігі  мен 
татулығын көксеген көреген Қожаберген жыраудың жырларында былай делінген: 
  «Орта жүзді төрелер, 
  Екі бөліп билеген. 
  Алдап момын қауымды, 
  Нан есепті илеген. 
  Бөлшектеп елді басқарды, 
  Әбілмәмбет пен Сәмеке. 
  Бір хандық төртке бөлінсе, 
  Бола ма халқым береке? 
Әбілмәмбет солқылдақ, 
Ақ балшықша борпылдақ. 
Келіспейді ерлермен, 
Қабандарша қорсылдап. 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
36 
Соңына халқын ерте алмай, 
  Шепті бұзып өте алмай. 
Әбілмәмбет хан қиналды, 
Қоршаудан шығып кете алмай. 
Шағырмақ күнім түн болды, 
Хан, сұлтандар жым болды. 
Сәмеке, Болат, Барақтың, 
Әлсіздігі  шын  болды»  [8,  62,78  бб.],  -  деген  өлең  жолдарының  өзін  жан-
жақты  саралап,  құжаттармен  салыстырған  өте  дұрыс  пікір.  Өйткені,  Әбілмәмбет 
1748-1767 жж. бас хан болды. 
Н.Мұқаметқанұлының  «Ана  тілі»  газетінде  жарық  көрген  «Абылай  хан 
арандатудың  құралына  айналмайды»  атты  мақаласында  «1738  жылы  10-шы 
тамызда  Әбілқайыр  ханның  Ресей  патшасына  жазған  хатында:  «...Орта  жүздің 
сұлтаны  Әбілмәмбет  пен  Абылай  бұл  күнде  қазақ  даласында  көшіп  жүр.  Жер 
шалғай болған соң, ант беру рәсімінен өткен жоқ...», 1740 жылы 19-шы тамыз бен 
1-ші қыркүйекте Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының – Орынбор қаласына келген 
өкілдерімен  В.Урусов  жүргізген  келіссөздің  хаттамасында:  «кешке  қарай  генерал 
В.Урусов  Әбілмәмбет  хан  мен  Абылай  сұлтанға  тілмаш  Максутов  арқылы  бір 
үлкен  шатыр  жіберді...».  1740  жылы  8  қыркүйекте  Орынбор  комиссиясының 
бастығы  В.Урусовтың  Сыртқы  істер  алқасындағы  мәлімхатында:  «Сыртқы  істер 
алқасынан биылғы 3 мамырда маған Орта жүздің билеушілері Әбілмәмбет хан мен 
Абылай сұлтанға тапсыру үшін грамота жіберілген еді. Грамотада олар ел ағалары 
деп  аталған.  Ал  ежелгі  хан  тұқымдарынан  шыққан  Әбілмәмбет  пен  Абылай 
қашаннан  сұлтан  деп  аталатын  көрінеді.  Мына  Әбілмәмбет  бұл  күнде  халықтың 
сайлауымен  Орта  жүздің  ханы  болып  отыр...»,  деген  қорытындыға  келеді  [9,  3-4 
бб.]. 
ХVІІІ  ғасырдағы  зерттеушілер  П.И.Рычков,  Н.П.Рычков  «1740  жылғы 
тамыздың   28-ші жұлдызында Орта жүздің Әбілмәмбет ханы мен  Абылай сұлтан 
барлық рубасыларымен және білікті адамдарымен Орынбор қаласында өткен қазақ-
орыс  келіссөзінде  қабылданады.  Орта  жүз  ханы  Әбілмәмбет  және  Абылай  сұлтан 
осы кездесу үстінде «Ресейдің қоластына қараймыз, оған сенімді боламыз» деп ант 
бергенімен,  олардың  Ресеймен  қарым-қатынасы  Кіші  жүзге  қарағанда  әлдеқайда 
нашар  және  тұрақсыз  болды»  [10,  25  б.].  Кеңестік  тарихнамада  А.Сабырханов 
«...Орта жүз сұлтандарының Ресейге қосылуына байланысты енді патша үкіметінің 
Қазақстандағы ықпалы одан әрі күшеюге тиіс еді» [11, 49 б.].  
1741  жылы  ақпан  айының  соңында  жоңғарлар  «барлық  қазақ  Ордаларын 
түбірімен  жою  үшін»  Орта  жүзге  басып  кірді.  Оның  себебін  Сібір  губернаторы 
П.И.Бутурлин  Сыртқы  істер  алқасына  «қазақтар  Қалдан-Сереннің  туысын  ұстап 
алып өлтірді, одан кек алу үшін әскер аттанды» деп түсіндірді [12, 75 б.]. 
1742  жылы  Әбілқайыр  ханға  келген  Қалдан  Серен  елшілері  Қошке  мен 
Бұрын  28  тамызда  Орынбор  комиссиясы  басшысы  И.Неплюевпен  кездесуінде 
Абылайдың  «Жоңғарларда  атақты  және  Қалдан  Сереннің  жегжатын»  өлтіргені 
үшін  арнайы  қолға  түсірілгені,  бірақ  қазақ  сұлтанының  «ізетпен  ұсталуда» 
екендігін  жеткізеді.  Қошке  нойонның  айтуынша,  Ұлы  жүздің  8  жылдан  бері 
Жоңғарияға  аманат  беретіндігін,  1741  жылдың  күзінде  Әбілмәмбет  хан,  Барақ 
сұлтан,  Жәнібек  батырдың  Қалдан  Серенге  елші  жібергендігін  айтады.  Аталған 
кезеңде  Ұлы,  Орта,  Кіші  жүздер  басшылары  үнемі  өзара  кеңестер  өткізіп, 
ақылдасып  жоңғар  билеушісімен  келіссөздер  жасауды  жақтайды.  Әбілқайыр 
ханның  айтуынша,  1741  жылы  Әбілмәмбет  хан  мен  Барақ  сұлтан  өзімен  «Ресей 
бағыты  жөнінде»  ақылдасса,  көп  ұзамай    1742  жылы  көктемде  өзі,  Әбілмәмбет, 
Күшік, Барақ, Есет, Жәнібек, Алтабай, Терек, Жапақ, Төм батыр, .б. бірігіп, төменгі 
қалмақтар билеушісі Зайсанг Будангюкпен келісімге келіп, соғысты тоқтатады. 
  Орыс елшілігі Жоңғарияға аттанған тұста, Әбілмәмбет хан, Барақ сұлтан, 
Қазыбек  би,  т.б.  қазақтар  арасында  өткен  Кеңес  қорытындысы  бойынша  аманат 
мәселесін  іс  жүзіне  асырады.  Орыс  үкіметі  қаншалықты  кедергі  жасауға 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
37 
тырысқанымен,  Әбілмәмбет  хан  ұлы  Әбілпейіз  сұлтанды  Нияз  батырмен  бірге 
аттандырып  жібереді.  Оларды  арғын  Бәсентиін  Малайсары  батыр  бастап  барған. 
Мұны  естіген  И.Неплюев  1742  жылы  18  қарашада  сыртқы  істер  Коллегиясына 
Әбілмәмбет  ханның  кіші  баласын  Жоңғарияға  жібергенін,  ал  үлкені  үйінде 
қалғанын,  мүмкін  болса,  қолға  түсіріп  Ресейге  алдырту  қажеттігін  ұсынады. 
Орынбор  комиссиясы  басшысы  осындай  әрекет  жүзеге  асса,  Әбілмәмбет  хан  тек 
бір  бағытта  «Жоңғарияға  ғана»  тәуелді  болмайды,  бізбен  де  есептесуге  мәжбүр 
болады деп келтіреді [6, 38, 57-60 бб.].  
Ерәлі  сұлтанның  қарамағындағы  Керей  руында  болған  И.Лапин  мен 
М.Аксаковтар  1743  жылдың  шілде  айының  екінші  жартысында  Әбілмәмбет  ханға 
Абылай сұлтаннан бес елші келіп, «оның тұтқыннан босап, елге бағыт алғандығын 
және жанында 30 жоңғар елшілері бар екендігін» хабарлады [13, 122 қ., 1743 ж., 3 
іс, 122 п.]. 
1742-1743 жылдары Жоңғария мен Қазақ Ордасы арасында тығыз байланыс 
пайда бола бастады. Әуелі Абылайды тұтқыннан босату керек болғаны мәлім, кейін 
келе  қазақтар  қара  қалмақтан  Түркістан  қалаларын  сұрады.  Осы  мәселелердің 
шешімі тағы да «Ақ үйлі аманатқа» байланысты. Алдыменен аманатқа Әбілмәмбет 
баласы Әбілпейіз аттанды.  
ХVІІІ  ғасырдың  40–70  жылдары  Түркістан  қаласы  Қазақ  ордасының  ұлы 
ханы  Әбілмәмбетке  қарады.  Түркістанның  төңірегінде  орналасқан  қалалар 
Әбілмәмбет пен Сәмекенің балалары арасында бөлінді, қалалардың көпшілік бөлігі 
Орта жүздің әйгілі сұлтаны Барақ сұлтанға, ал кейіннен оның балаларына бағынды. 
Мұрағат  құжаттары  мен  қазақтың  халық  аңыздарында  Әбілмәмбет  хан  мен 
Сәмекенің  ұлы  Есім  сұлтан  арасында  Түркістан  үшін  туған  өте  келеңсіз  жағдай 
туралы айтылады. «Орта қырғыз-қайсақ ордасының» бұрынғы ханы Сәмеке қайтыс 
болғаннан кейін сол Орта орданың ханы болып Әбілмәмбет сайланды, содан кейін 
ол Түркістанға да хандыққа шақырылды, бірақ сол екі арада Түркістан қаласының 
көптеген  уездік  қалалары  Түркістанда  бұрынғы  Сәмеке  ханның  балаларынан  хан 
болуын іштей тіледі... [14, 188 б.].  
П.И.Рычков,  Н.П.Рычков  «Орта  жүздің  ханы  Әбілмәмбет  орданың  басқа 
сұлтандарымен  бірге  Түркістан  жаққа  көшіп  кетті.  Мұның  бәрі  бұлардың 
толқымалығын  білдірсе  де,  олар  да,  ол  жердегі  басқа  қазақтың  бәрі  де  тыныш 
тіршілік етті. 
Өткен  жылы  ордадан  Түркістанға  көшіп  кетті  делінген  Орта  жүздің  ханы 
Әбілмәмбет биыл жазда ордасына бет бұрып, келіп жеткеннен кейін Орынбордағы 
құпия  кеңеске  хат  жолдады.  Онда  Түркістанға  құдайға  құлшылық  етіп  қайтуға 
барғанын,  ал  енді  өз  ұлысына  оралып,  әмірін  орындауға  дайын  екенін  білдірді. 
Алайда күз түсе тағы сол жаққа кетіп, ордасында ұлы Болат сұлтанды қалдырып, ол 
да жұрт алдында адалдық антын берді...», деген қорытындыға келеді [10, 40-41 бб.].  
Левшин былай деп жазады: «Орта жүздің ханы Әбілмәмбет Әбілқайырдың 
түрлі қастандығынан сақтану үшін, 1744 жылы Түркістан қаласына шегініп барды. 
Сөйтіп,  шекара  үкіметінен  байланысын  бүкілдей  үзіп  кетті.  Бұдан  тыс  оның 
Ресейдің көмегіне болған қажетті, ол баласын кепілге беріп отырған жоңғарлардың 
қолдауына  ие  болу  қажетіне  әлдеқайда  жетпейді.  Әбілмәмбет  тіпті  жоңғарлар 
билеп тұрған Түркістан қаласының ханы болуға бет бұрды» [6, 209 б.]. 
1743  жылы  25  қыркүйекте  Орынбор  губерниясының  губернаторы  және 
құпия  кеңесші  Неплюев  Әбілмәмбет  ханға  Самараның  қазағы  Мансур  Асановтан 
хат  жіберген  болатын.  1744  жылы  24  маусымда  Мансур  Асанов  елге  оралып, 
кеңесшіге: «...Хан Түркістанға хандық құруға барады, тек Түркістанға хандық құру 
үшін  емес,  сонымен  бірге  Үлкен  Орда  мен  Ташкентке  де  хан  болып,  ұлы 
императорға  бағынышты  болуды  міндетіне  алады.  Бірақ  ол,  Мансур  ханмен 
бармайтынын айтқан кезде хан генералға емес, сонымен қатар императордың өзіне 
жеткізетінін  айтады.  Алайда  Түркістанға  Мансур  ханмен  бірге  барады.  12  күндік 
жол  жүреді.  Ал  Әбілмәмбет  хан  қалаға  жақындаған  кезде  қаланың  барлық  халқы 
ханды  қарсы  алады.  Арнайы  салтанатты  жиын  өтеді.  Хан  қалаға  кірген  бойда 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
38 
орталық  мешітке  барады,  содан  соң  қайын  атасы  Хожа  Бабаның  үйіне  барып 
тоқтайды.  Хан  оның  қызына  жеті  жыл  бұрын  үйленген  болатын. Түркістан  халқы 
Әбілмәмбет  ханды  қуанышпен  қарсы  алды.  Бұрын  халық  Сәмеке  ханның  баласы 
Сейіт ханды жас көріп қабылдамаған болатын. Содан соң Түркістан тұрғындарына 
арнайы  жиын  өтіп,  халық  Сейіт  ханды  хандықтан  тайдырып,  Әбілмәмбетті 
хандыққа сайлауға келіседі...», – дейді [15, 33-34 бб.]. 
Түркістан  қаласы  әлі  де  Әбілмәмбеттің  меншігінде.  Хан  кейде  қаланың 
өзінде тұрса, кейде маңында көшіп жүреді. Қанша жерден қаланы биледі дегенмен 
қазақ  сұлтандары  мен  билерінің  көшпелі  тұрмыстан  қол  үзіп  кетпегенін  деректер 
анық дәлелдейді. 
  1761  ж.  Әбілмәмбет  хан  мен  елбасылары  арасындағы  реніштің  себебі 
Түркістан  қалалары  болды.  Хан  елбасыларының  алым-салықты  көбейту  талабына 
қарсы  шықты.  Егер  сарттарға  алымды  күшейтсек,  қолындағысының  бәрін  тонап 
алсақ олар азып, қаланы тастап кетеді деген ханның уәжін ел басылардың көпшілігі 
тыңдаған  жоқ.  1762  ж.  Түркістан  үшін  Әбілмәмбет  пен  Сәмеке  ханның  ұлы  Есім 
арасында  дау  басталды.  Сарттар  Есім  сұлтанды  қолдап    Әбілмәмбетті  қаладан 
айдап  шықты.  Ақыры  1762  ж.  қаракесек  ұлысында  Қаз  дауысты  Қазыбек  би  бұл 
даудың  шешімін  айтып,  хан  мен  сұлтанды    татуластырып,  екеуіне  Түркістан 
уәлаятын  қылдай  қылып  тең  бөліп  берді.  Сарттар  арасындағы  наразылыққа 
байланысты 1734 ж. Жолбарыс ханның өлуі, 1751 ж. Иқанда Барақ сұлтанның қожа 
қолынан  екі  баласымен  уланып  өлуі,  т.б.  оқиғалар  қалаларды  билеу  тым  оңай  іс 
емес  екенін  көрсетсе  керек.  Оңтүстіктегі  қалалық  өңірге  қазақ  сұлтандарының 
билігі XVIIIғ. соңына дейін жүрді. 
Әбілмәмбеттің  некесі  туралы  деректерде  кездеспейді.  Оның  бірінші 
әйелінен: Болат, Әбілпейіз, Тәуке, Әбілтеке деген балалары болған. 40-жылдардың 
басында Түркістан тұрғыны Хожа-Бабаның қызына үйленгендігі туралы [16, 115 б.] 
баяндайды. 
1757  жылы  Қытай  қолбасшылары  Фу  Дэ,  Чжао  Хой  бастаған  әскер 
Қазақстан  шекарасына  басып  кірген  болатын.  Цин  әулетімен  әскери-саяси 
тартыстың  қазақ  елі  үшін  қауіптілігін  түсінген  Әбілмәмбет,  Абылай,  Әбілпейіз 
ақылдаса  келе,  Қытай  мемлекетімен  арадағы  кикілжіңді  келіссөзбен  шешуге  бел 
байлады.  Сөйтіп,  ХVІІІ  ғасырдың  20-30  жылдарында  жоңғарлар  басып  алған 
шекаралық  аймақтағы  жайылым  жерлер  дипломатиялық  жолмен  қайтарылып 
алынды. 
ХVІІІ  ғасырда  қазақтар  мен  қырғыздар  арасындағы  алғашқы  қақтығыстар 
туралы  белгілі  орыс  тарихшысы  А.И.Левшин:  «1760  жылы  Орта  жүздің  қырғыз-
қайсақтары жабайы қырғыздарға немесе  буруттарға жорық жасап, үлкен шығынға 
ұшыратты», – деп жазды. 1760 жылы 19 қаңтардағы орыс армиясының полковнигі 
Т.Томастың Сібір әскерінің бригадирі фон Фрауендорфқа берген рапортында 1759 
жылы  Орта  жүз  сұлтандары  Әбілпейіз  бен  Ханбабаның  15 000  қазақ  әскерімен 
қырғыздарға  жорық  жасағандары  және  бұл  жорыққа  қазақтардың  малдарын 
қырғыздардың  айдап  кетуі  сияқты  түрлі  қылмыстық  әрекеттері,  Қытаймен  және 
Ташкентпен  сауда-айырбас  жасауы  себеп  болғандығы  туралы  айтылған.  Бұл 
мәліметтен  көріп  отырғанымыздай,  қазақ  және  қырғыз  феодалдарының  өзара 
келіспеушіліктеріне  Синьцзян  мен  Ташкент  сауда  қатынастарына  үстемдік  етуге 
деген  бәсекелестік  те  себеп  болған.  Орыс  деректеріне  қарағанда,  1762  жылы 
күзінде Баркөл маңында орналасқан Цин әскерлерінен Әбілмәмбет хан мен Абылай 
сұлтанға  елшілер  келген.  Бұл  елшілік  Абылай  мен  Әбілмәмбеттен  Цин  әскерінің 
Самарқант пен Түркістанды басып алу үшін 1763 жылы жасамақ болған жорығына 
бірге  аттану  үшін  қазақ  жасақтары  дайын  тұруын талап  еткен.  Қазақ  билеушілері 
өзара  ақылдаса  келіп,  жаңа  көршілерінің  бұл  талаптарын  орындаудан  бас  тарту 
туралы шешімге келген. 
Қазақтардың  жорықтары  туралы  1765  жылы  сәуір  айында  генерал  – 
поручик  Шпрингердің  шет  елдер  істері  жөніндегі  коллегия  атына  «Орта  жүз 
сұлтаны  Әбілпейіздің  қырғыздарға  қарсы  жасаған  жорығы  туралы»  жолдаған 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
39 
рапорты  көп  мәлімет  береді.  Бұл  рапортта  1765  жылы  қазақтардың  қырғыздарға 
жорыққа  аттануына  қырғыз  билеушісі  Қарабұта  бидің  қол  астындағы 
қырғыздармен Ташкент саудагерлерінің керуендерін Орта жүз аумағына жібермей, 
талап – тонаулары себеп болғандығы айтылады. 
  Бірақ  Абылай  хан  қырғыздарға  жорық  жасау  туралы  түпкілікті  шешімді 
Әбілмәмбет ханмен кездесуден кейін ғана қабылдаған. Мұның алдында Әбілмәмбет 
қырғыздарға  қарсы  бірігіп  жорық  жасау  туралы  Абылайға  хат  жолдаған  болатын. 
Көптеген  рубасылары  қырғыздармен  даулы  мәселелерді  бейбіт  жолмен  шешуді 
ұсынғанымен, Абылай хан қырғыздарға жорық жасау туралы шешім қабылдады. 
  1762 жылдың өзінде-ақ Абылай сұлтан мен Әбілмәмбет хан Орта Азияны 
басып  алуға  бара  жатқан  Қытай  армиясын  өз  иеліктері  арқылы  өткізуден  бас 
тартқан  еді.  Ақсақалдар  кеңесінде  «Қытай  әскерлеріне  қарсы  аттанғанда 
түркістандықтар  және  самарқандықтар  болсын...  қазақтар  солармен  бірге 
соғыссын» деген шешім қабылданды [17, 26-27 бб.]. 
1758  жылы  Орынбор  кеңсесі  жіберген  М.Шихов  былай  деп  жеткізген: 
«Үлкен орда қазір өз ханы Төле бидің иелігінде болып отыр, ол Сайрамға ... жақын 
жерде  көшіп  жүреді,  ал  Түркістан  қаласына  Әбілмәмбет  хан  билік  етіп  отыр,  ол 
Абылай  сұлтанның  ағасы  және  оның  Орта  ордасы  көбінесе  соны  тыңдайды,  ол, 
Әбілмәмбет  хан,  Түркістанға  жақын  жерде  көшіп  жүреді.  Ал  көбінесе  Түркістан 
қалашығының  өзінде  де  тұрады  және  оның  тұрғындарынан  барлық  адамдарды 
жинап алады». 
Әбілмәмбеттің мәртебесі екі жақты болды. Бір жағынан, ол жоғарғы хан деп 
есептеле  берді  және  Ұлы  жүз  бен  Орта  жүз  қоныстарын  тексеру  сапарына  жиі 
шығып  тұрды.  Ханмен  бірге  Түркістан  қаласына  сапар  шеккен  М.Асанов  «оның, 
ханның  дағдылы  жүрісі  сияқты,  өте  баяу  жүріс  болды,  өйткені  қандай  киіз  үй 
кездессе де, соған барып, әрқашан қонып қалады» деп хабарлады. Екінші жағынан 
Әбілмәмбет  Абылайсыз  бірде-бір  елеулі  шешім  қабылдамайтын,  тіпті  оларды 
ықпалды сұлтанға тапсыра салатын. Мәселен, 1763 жылы Орталық Азия елдерінің 
циндерге  қарсы  одағына  қосылуға  шақырып,  өзіне  жолданған  хатты  ол  Абылайға 
жіберген. 
1762  жылы  Әбілмәмбет  өзінен  Сәмекенің  ұлы,  хан  атағынан  дәмелі  Есім 
содан  4  жыл  бұрын  алып  қойған  Түркістан  қаласын  Абылай  сұлтан  мен  Қазыбек 
бидің арада жүруі арқасында ғана қайтарып алды деп көрсетеді [14, 151-262 бб.]. 
Әбілмәмбет  хан  есімі  орыс  деректерінде  соңғы  рет  1768  жылдың 
желтоқсанында  аталады.  Ол  бойынша  Орта  жүзден  барлаудан  оралған  К.Юсупов 
пен  У.Аслаев  1768  жылы  27  қарашада  Орынборға  келіп,  Әбілмәмбет  ханның 
амандығын жеткізді [18, 3 қ., 98 іс., 281-283 п.]. 
Сондан  кейін  мұрағат  қорынан  кездеспейді.  Қытай  деректемелерінде  1768 
жылы  Әбілпейіз  «қазақтың  ел  ағасы»  ретінде  атала  бастады  [19,  379  б.].  Соған 
қарағанда  Әбілмәмбет  көп  ұзамай  қайтыс  болған.  1769  жылы  Шың  патшалығы 
үкіметі  «Әбілмәмбеттің  асына  200  тұяқ  жылқы  ақтық  салып,  арнаулы  адам 
жіберген»  [9,  60  б.]  деп  жазса,  И.В.Ерофеева  «Әбілмәмбет  1771  жылы  Түркістан 
қаласында қаза тауып, сонда жерленеді» деп көрсетеді  [16, 115 б.].  
Қорыта келгенде, Әбілмәмбет хан тарихы – егемен еліміздің тар жол тайғақ 
кешу  кезеңіндегі  жүріп  өткен  жолы.  Одан  сабақ  алу,  бар  өмірін  қазақ  жауларын 
тұмшалауға арнаған Әбілмәмбеттің ұлан-байтақ халқымыз бен территориямыздың 
тұтастығын сақтаудағы рөлін мойындау, ұрпаққа үлгі ету, ұлықтау маңызды. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Халид  Құрбанғали.  Тауарих  хамса  (Бес  тарих)  /  Ауд.  Б.  Төтенаев,                         
А. Жолдасов. –Алматы: Қазақстан, 1992.–304 б. 
2.
 
Құдайбердіұлы Ш. Түрік қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. – Алматы: 
Қазақстан; Сана, 1991. – 80 б. 
3.
 
Ерофеева  И.В.    Родословные  казахских  ханов  и  кожа  XVIII  –  XIX 
вв.(история, историография, источники). – Алматы: ТОО «Print-S», 2003. – 178 с. 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
40 
4.
 
Казахско-русские  отношения  в  ХVI–XVIII  веках  (Сборник  документов  и 
материалов). –Алма-Ата: АН КазССР, 1961. – 744 с. 
5.
 
РМКАМ. 248 қ., 17 т., 1164 кітап, 769 п. 
6.
 
Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей 
/ Под общей ред. М.К Козыбаева.–Алматы: Санат, 1996.–656 с. 
7.
 
Мұқтар Ә.Қ. Тарих тұңғиығындағы тұлғалар. –Алматы: «Арыс», 2008. – 
240 – б.  
8.
 
Әбуталиев  Н.  Ордабасы  Қожаберген.  Тарихи  очерк  және  дастандар.-
Алматы: Жеті жарғы, 1995.-104 б. 
9.
 
Мұқаметқанұлы  Н.Тарихи  зерттеулер:  шежірелік  деректер.–  Алматы, 
1994. – 144 б. 
10.
 
Рычков П.И., Рычков Н.П. Капитан жазбалары. – Алматы: «Ана тілі», 
1995. – 104 б. 
11.
 
Сабырханов  А.  Қазақстан  мен  Россияның  XVIII  ғасырдағы  қарым-
қатынасы. – Алматы: «Ғылым», 1970. – 140 б. 
12.
 
Русско-джунгарские отношения (конец ХVІІ-60-е гг.- ХVІІІ вв.). – С.75  
13.
 
 РИССМ. 122 қ., 1743 ж., 3 іс, 122 п. 
14.
 
 Көне  заманнан  бүгінге  дейінгі  Қазақстан  тарихының  3  томы.  –  
Алматы, 2002. – 768 б. 
15.
 
 Нәсенов  Б.  Әбiлмәмбет  ханның  Түркістанға  хан  сайлануы  //  Қазақ 
тарихы. – 2007. – №5.  
16.
 
 Ерофеева И.В. Казахские ханы и ханские династия в XVIII –  середине 
XIX  в.в.  //  Культура  и  история  Центральной  Азии  и  Казахстана:  проблемы  и 
перспективы  исследования.  Материалы  к  Летнему  Университету  по  истории  и 
культуре  Центральной  Азии  и  Казахстана.  Алматы:  Издание  Института 
философии МН-АН РК, 1997, - 46-144 с. 
17.
 
 Әлшекенов Е. Абылай ханның қырғызға жорықтары // Қазақ тарихы. 
– 2007. – №1.  
18.
 
 ОРОММ. 3 қ., 98 іс., 281-283 п. 
19.
 
 100  құжат  (Қазақ  хандығы  мен  Чиң  империясы  арасындағы  қарым-
қатынастарға байланысты құжаттар). – Алматы, «Санат», 1998. – 176 бет. 
 
*** 
В  статье  рассматривается  политическая  деятельность  и  биография 
Абильмамбет хана. 
*** 
The biography and political status of Abilmambet Han is looking on the article. 
 
 
 
 
ӘОЖ  925:94(574) 
Куанышбаева Г.С. 
магистрант, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 

жүктеу 10.91 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет