Жылына 4 рет шығады


ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН



жүктеу 10.91 Kb.
Pdf просмотр
бет20/29
Дата26.04.2017
өлшемі10.91 Kb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29

 
ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН 
 ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  соңғы  екі 
жылдан  бері  республика  мектептеріндегі  білім  беру  мен  тәрбие  жұмысын 
жақсартудағы  қатаң  талабы  бүкіл  республикамыздың  білім  саласын  жаңаша 
ұйымдастыру  міндетін  қойып  отыр.  «Бізге  экономикалық  қоғамдық  жаңару 
қажеттілігіне  сай  келетін  осы  заманғы  білім  беру  қажет»,-  деп  2006  жылғы                        
1  наурыздағы  «Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің 
қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетті [1]. 
Сондықтан  ел  экономикасы  жақсарып,  алға  қойған  мақсаттарымыз  айқындалған 
тұста білім беру жүйесінде өзгерістер мен қайта жаңартулар орын алуда. 
Ертеңгі  күннің  бүгінгі  күннен  асып  түсуіне  ықпал  етіп,  адамзат  қоғамын 
жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Заман талабы тұрғысынан жеке 
тұлғаны  дамытудағы  қоғамның  рухани  және  адамгершілік  құндылықтарын 
қалыптастыруда білім беру саласы – баса назар аударарлық мәселе. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  2007  жылғы               
28  ақпандағы  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында  «Білім  берудің  сапасын  жаңарту  мен  әлемдік  білім  стандарттарына 
сәйкес ұлттық білім беру жүйесін құру қажет» – деп атап көрсетті [2]. ХХІ ғасырда 
Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың білім беру жүйесіне 
енгізілуі уақыт талабы болып отыр. Қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық және 
саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет – халықтық 
білім  жүйесін  жаңаша  тұжырымдама  жасап,  жаңаша  талап  қоюды  қажет  етеді. 
Мектептердегі  нақты  міндеттердің  бірі  білім  беру  кезеңінде  балалардың 
физиологиялық,  психологиялық  деңгейінің  дамуын,  олардың  әрі  қарай  білім  алу, 
күрделі  білімді  жеткілікті  қабылдауын  дамыту,  әр  салада  болсын  біліктерін 
жетілдіру  негізінде,  еліміздегі  үздіксіз  білім  беру  білім  саласында  үлкен  жаңалық 
болып табылады.  
Бүгінгі білім жүйесінде «Үлкен өзгерістер басталуда. Ол маңызы жағынан, 
К.Коперниктің жаңалығына (Күн - астрономиялық орталық, басқа планеталар оның 
айналасында  шоғырланады,  оны  айнала  қозғалады)  тең  болып  отыр,  яғни  оқушы 
тұлғасы  орталыққа  айналып,  барлық  педагогикалық  әрекеттер  оның  айналасына 
шоғырландыра жүргізіледі». 
Осыған  сәйкес  дамыған  елдердің  білім  беру  жүйесінде  төмендегідей 
тенденциялар байқалып отыр: 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
 
181 
-
 
білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы; 
-
 
білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, 
-
 
білім беру жүйесінде жетілдірілген үлгілердің жасалуы; 
-
 
білім беруді басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы; 
-
 
жаңа білім технологияларының енгізілуі; 
-
 
оқытудың  дәстүрлі  тиімсіз  стилін  ығыстырып,  оқушылардың  танымдық 
белсенділігі  мен  өзіндік  ойлауын  қамтамасыз  ететін  дамытушы,  сындарлы  білім 
беру үлгісіне көшуі; 
-
 
терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;  
-
 
оқушы  жастарға  азаматтық-патриоттық,  рухани-адамгершілік,  көп 
мәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі; 
-
 
білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы. 
Біз  бүгінгі  күні  осындай  әлемдік  білім  беру  жүйесіне  негізделген  жаңа 
технологияның басым бағыттарын қарастырып отырмыз. 
«Білім  беру  реформасы  талабының  басты  өлшемі  –  тиісті  білім  мен  білік 
алған  еліміздің  әрбір  азаматы  әлемнің  кез-келген  елінде  қажетке  жарайтын  маман 
болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады. Біз бүкіл елде әлемдік стандарттар 
деңгейінде  сапалы  білім  беру  қызметіне  қол  жеткізуге  тиіспіз»  –  деген  болатын 
Елбасымыз өзінің Жолдауында. 
Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына 
байланысты  жаңа  бағыттағы  спорт,  дене  тәрбиесі  жүйесі  бойынша  мамандарға 
деген  сұраныстың  артуы,  оларды  даярлаудағы  білімділігі  мен  қабілеттілігі, 
біліктіліктің  қазіргі  талаптарға  сай  болуы  өте  үлкен  маңызды  жұмыстарды 
атқаруды  талап  етеді  және  болашақ  педагогтардың  кәсіби  даярлығын,  білім 
стандарттарына,  мазмұнына  сай  жетілдіру  мәселелері  көкейтесті  мәселе  болып 
отыр.  
Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей 
байланысты.  Дене  тәрбиесін  жүзеге  асыру  –  денсаулықты  нығайту,  білім  беру, 
дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі 
бола  отырып,  жеке  тұлғаның  денсаулық  деңгейін  арттыру,  табиғи  күш-қуатын 
нығайту,  дене  мүшелерін  гигиеналық  негіздері  мен  дене-қозғалыс  қабілеті 
мүшелеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі 
дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды. 
Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі 
мектеп  мұғалімінің  жеке  басы  мен  жоғары  оқу  орнындағы  теориялық  жеке 
тәжірибелік  даярлығының  дәрежесіне  тікелей  байланысты.  Осыған  орай 
оқушылардың  дене  тәрбиесі  жүйесін  жүзеге  асыру  жұмыстарын  ұйымдастыруға 
болашақ  мұғалімдерді  даярлау  ісін  кәсіби  даярлықтың  ажырамас  бөлігі  ретінде 
қарастыру  керек.  Дене  тәрбиесі  және  спорт  мамандары  күрделі  әлеуметтік 
міндеттерді 
шешуге 
араласумен 
бірге 
оқушылардың 
психологиялық 
ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де 
болуы тиіс. 
Қазіргі  кезде  дене  тәрбиесі  мұғалімі  биологиялық  (физиология,  анатомия, 
биохимия,  спорттық  метрология,  т.б.),  педагогикалық  (педагогика,  психология, 
дене  мәдениетінің  ілімін,  спорттық  жаттығу  негіздері,  дидактика,  т.б.)  пәндерді, 
философия,  әлеуметтану,  медицина,  математика  ғылымдарын  және  басқару  мен 
ұйымдастыруды  жете  меңгеру  керектігін  ескерсек,  дене  тәрбиесі  жүйесін  жүзеге 
асыруда  педагог  кадрлар  даярлау  мәселесінің  өзектілігі  айқындалып,  оның  түрлі 
бағыттары бойынша ауқымды зерттеулердің қажеттілігі байқалады. 
Бүгінгі  таңда  болашақ  мұғалімдерді  оқушылардың  дене  тәрбиесі  жүйесін 
жүзеге  асыруды  ескере  отырып,  дайындаудың  қажеттілігі  мен  бұл  мәселенің 
ғылыми-теориялық  тұрғыда  талданбауы  және  болашақ  мұғалімдердің  кәсіби 
дайындығын  ғылыми-әдістемелік  тұрғыдан  жеткілікті  деңгейде  қамтамасыз  ету 
сұранысы  мен  осы  уақытқа  дейін  дене  шынықтыру  және  спорт  педагогикасында 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
 
182 
аталған  мәселенің  арнайы  жүйе  ретінде  қарастырылмауы  арасында  қарама-
қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады. 
Бүгінде  жаһандану  заманында  жас  ұрпаққа  әлемдік  стандартқа  сай  білім 
беру  мәселесі  республикада  ғылыми-педагогикалық  тұрғыда  ізденіспен  әлемдік 
жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық 
ерекшеліктерді  ескере,  оқу  мен  тәрбиелеуді  жаңаша  ұйымдастыру  көкейкесті 
мәселе болып отыр.  
Дене  мәдениетін  қалыптастыру  мәселелерін  шығармашылық  тұрғыда 
шешуде,  өзгермелі  өмір  жағдайында  инновациялық  үдерістер  мен  жаңашыл 
бағыттарды  дер  кезінде  меңгере  отырып,  тәжірибеге  сын  көзбен  қарап,  дене 
тәрбиесі міндеттерін жүзеге асырудың маңыздылығы артуда. 
В.А.Сластенин, 
Л.С.Подымовалардың  пікіріне 
сүйенсек, 
адамның 
құндылығы 
оның 
ерекшелігімен, 
шығармашылығымен 
анықталады. 
Шығармашылық  дегеніміз  жаңа  көзқарас,  жаңа  шешім,  жаңаша  қарау,  күнделікті 
сызбалар мен мінез-құлық стереотиптерінен бас тартуға дайын болу, қабылдау мен 
ойлаудан, өзін-өзі өзгертуге дайын болу деген мағынаны білдіреді.  
 «Білім  беру  технологиясы»  –  бұл  оқушылар  мен  оқытушының 
қатысушыларға  жайлы  жағдайда  нақты  нәтижеге  жету  мақсатын  көздеген  білім 
беру  процесін  ұйымдастыруды  жобалау,  бағдарлау  және  түзету  бойынша  біріккен 
жұмысының процесті жүйесі (Т.Н.Шамова, Т.М.Давыденко). 
Педагогикалық технологияның белгілеріне:  
-оқыту әдістерінің тәсілдер жиынтығы; 
-мұғалім  мен  оқушылардың  арасындағы  өзара  байланысқан  процессуалды 
екіжақты сипаты; 
-оқу процесінің қатаң ғылыми жобалауы және ұйымдастыруы; 
-жайлы жағдайлардың болуы; 
-оқытудың  нақты  нәтижесінің  кепілденген  жетістігі  (зерттеушілердің 
көпшілігінің  ойынша  бұл  оқыту  әдістемесінен  педагогикалық  технологияның 
негізгі ерекшелігі); 
-оқыту мен бақылаудың дидактикалық, технологиялық құралдарын кешенді 
қолдану, т.б. жатады.  
Жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамыту  шеңберінде  білім  берудің  мақсаты  мен 
мәнінің  өзгеруі  «білім  беру  технологиясы»  деп  аталатын  жаңа  ұғымның  пайда 
болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мәнін білім беру үдерісін өздігінше дамытатын 
жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың қызметі жетекші фактор болып 
табылып,  оқыту  мұғалім  мен  білім  алушының  субъектаралық  өзара  әрекетін 
қарастыратын  және  олардың  мүмкіндіктерін  қамтамасыз  ететін  рефлексиялық 
басқару ретінде көрінеді. 
Білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  қазіргі  мектептің  тұлғалық-
бағдарлы  оқытуға  бет  бұруы  болашақ  мұғалімдердің  кәсіби  бағыттылығының 
даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі жаңа 
парадигмаға  өтудің  жолдарын  іздестірумен,  яғни  білім  берудің  жаңа  мақсатының 
жетістіктерімен байланысты. 
Жаңа  парадигманың  маңызды  компоненті  –  тұлғаның    өзіндік  даму 
тұжырымдамасы болып табылады. Өзіндік даму – бұл  ішкі және сыртқы әлеммен 
байланысу  қабілетін  қалпына  келтіру.  Тұлғаның  әртүрлі  саладағы  икемділіктері 
мен қабілеттерін дамыту оның дербес  ерекшеліктеріне өзіндік талдау, өзіндік баға 
беру  қабілеттеріне  байланысты,  мұның  өзі  әрбір  студентке  ерекше  қатынас  керек 
екендігін, оларға өзін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік жасау қажеттігін дәлелдейді. 
Сондықтан  біздің  зерттеуіміз  болашақ  мамандарды  дәстүрлі  формада  даярлаумен 
қатар жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жетілдіруді көздейді.  
Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар – оқу-тәрбие материалдарын 
үйретуге  арналған  есептеуіш  техника  мен  инструменттік  құралдардың жиынтығы, 
сол  сияқты  ол  есептеуіш  техника  құралдарының  оқу  процесіндегі  рөлі  мен  орны, 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
 
183 
оқытушылар  мен  оқушылар  еңбегін  жеңілдетуде  оларды  пайдаланудың  түрі  мен 
әдістері  туралы  ғылыми  білімнің  жүйесі.  Оқытудағы  жаңа ақпараттық  технология 
аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, 
оқу  процесін  тиімді  басқаруды  қамтамасыз  етеді.  Жаңа  ақпараттық 
технологиялардың  негізгі  ерекшелігі  ол  оқытушылар  мен  оқушыларға  өз  бетімен 
және  бірлесіп  шығармашылық  жұмыс  жасауға    көп  мүмкіндік  береді  және  оны 
педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына 
әсер  ете  отырып, оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. 
Ақпараттық  технологиялардың  білім  беру  саласына  енуі  педагогтарға  оқытудың 
мазмұнын, әдістері мен ұйымдық түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді.  
Инновациялық  процестердің  даму  аспектілері  шетелдік  көптеген 
ғалымдардың  зерттеулерінде  көрініс  тапқан,  солардың  ішінде  келесі  ғалымдарды 
атап  өтуге  болады:  Р.Акофф,  Б.Артур,  Г.Беккер,  В.Беренс,  Р.Драккер,  Д.Кларк, 
Р.Нельсон,  Б.Санто,  Г.Сильверберг,  А.Тоффлер,  Д.Фридман,  Т.Шульц  және  т.б. 
Олар  инновация  теориясының,  инновациялық  процестердің  дамуының,  олардың 
жекелеген  елдердегі  халық  шаруашылығында  және  кәсіпорындарда  алатын 
орындарының базалық концептуалды жағдайларын негіздеді. 
Білім  беру  жүйесінде  дене  тәрбиесінің  негізгі  мақсаты  ретінде  мектеп 
оқушыларының  дене  мәдениетін  қалыптастыру  мәселесі  көрсетілуде.  Бұл  мақсат 
үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  жекелеген  бөліктерінің  сабақтастық  принципін 
бейнелейді, онда мәдениет аясында жеке толыққанды өмірдің субъектісі сапасында 
өзін-өзі  анықтауға  бағытталған  перспективамен  оқыту  идеясы  да  айтылған. 
Осындай  интегративтік  мақсатпен  осы  мәдениеттің  индивидте,  оның  жалпы 
мәдениетінің  бөлшегі  ретінде  дамытудың  шикізаты  болып  мектеп  оқушыларында 
дене мәдениетін қалыптастыру алынады. 
 Қоғам  сұранысынан  туындап  отырған  талапқа  сәйкес  оқушының  ой-өрісін 
дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін 
арттыру,  ізденімпаз,  шығармашыл  тұлға  қалыптастырудың  бірден  бір  жолы  жаңа 
технологияны қолдана отырып білім беруге көшу екендігін тәжірибе дәлелдеуде. 
Әлемдік білім кеңістігінде оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа 
білім  мазмұны  шынайы  жарыс,  адал  бәсекеге  қабілетті  адам  тәрбиелеуді 
қамтамасыз етуге тиіс.  
Білім  беруді  жаңарту  –  үнемі  алға  қарай  ұмтылу  мен  даму  үрдісі,  білім 
беруде  кезең-кезеңмен  өтетін  және  алынған  нәтижелерге  сәйкес  түзету  енгізіліп, 
талданатын  өзгерістер.  Сонымен  қатар,  білім  беруді  жаңарту  үрдісі  салт-дәстүрді, 
мәдени  мұраны,  жалпыұлттық  құндылықтарды  көздің  қарашығындай  сақтауды 
талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады [3,4]. 
Білім жүйесінің жаңа бағыттарын жүзеге асыратын ұстаздар болғандықтан 
еліміздің ертеңі, болашағы осы ізгі жандардың парасатына, білімі мен біліктілігіне 
тәуелді екендігі сөзсіз. 
Білім  берудегі  стратегиялық  мақсатты  анықтау  жеке  тұлғаны 
философиялық  тұрғыдан  түсінумен  тікелей  байланысты.  Қазіргі  кездегі  кеңінен 
тараған  «әлеуметтендірілген    индивид»  туралы  ұғым  білім  беру  саласында  үдеріс 
ретінде білім берудің негізгі мақсаты оқушыны барлық қажетті біліммен «толтыру» 
деген  түсінікке  трансформацияланды.  Педагогикалық  оқытудың  бұл  жүйесі  өз 
бастауын  үш  ғасырдан  астам  уақыт  қайта  өрлеу  кезеңі  идеясының  ықпалымен 
Еуропадан алған болатын. Я.А.Коменский талаптары заманында педагогикалық ой 
діни оқытудан діни  емес, яғни ғылымға негізделген білімді үйрету туралы болып, 
негізгі мақсат жаппай білім беруге көшу болған [5]. 
Қазіргі  жүйе  «бәріне  барлығын  үйретуге»  бағытталған.  Қазіргі  заманғы 
динамикалық  қарқынмен  даму  кезеңінде  жылдан-жылға  білім  көлемінің  өсіп 
отыруы оқушылардың денсаулығына кері ықпалын тигізумен қатар, ондай «шексіз 
ақпарат  жинауға»  оқушының  мүмкіндігі  де  жете  бермейтіні  анық  болып  отыр. 
Сөйтіп,  білім  мазмұнын  жаңарту  мәселесі  алға  шығып  отыр.  Қоғамдағы  қазіргі 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
 
184 
кездегі  қайта  құрулар,  экономиканы  дамытудағы  жаңа  стратегиялық  бағдарлар, 
қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге 
қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің 
білім  беру  жүйесі  білім  берудің  мақсатын,  мазмұны  мен  технологияларын  оның 
нәтижесіне  қарап  бағалайтын  болды.  Білім  берудің  қазіргі  негізгі  мақсаты  білім 
алып,  әлеуметтік  және  кәсіби  біліктілікке  ақпаратты  өзі  іздеп  табу,  талдау  және 
ұтымды  пайдалану,  жылдам  өзгеріп  жатқан  бүгінгі  дүниеде  лайықты  өмір  сүру 
және жұмыс істеу болып табылады [6].  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына  Жолдауы  «Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің 
қатарына кіру стратегиясы». –Астана, 2006. Наурыз. 
2.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан». –Астана, 2007.-70 б. 
3.  Жексенбаева  У.Б.  Диалог  –  5.  Основные  направления  обновления 
содержания образования // Учитель Казахстана. -2006, 11 декабря. –С. 8.   
4.  Абылкасымова  А.Е.  Состояние  тенденции  развития  педагогической 
науки  Казахстана  прорывные  направления  приоритеты  //  Білім.  -2006.  -№2.  –  С. 
64-67. 
5.   Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М.  Педагогика.  – Алматы, 2002. -382 б. 
6.  Ұзақбаева  С.А.  В  образовании  мы  следуем  общемировым  тенденциям  // 
Central Asia Monitor. -2007, 22 июня. –С. 1-3. 
*** 
В  статье  рассматривается  использование  новых  технологий  в  учебном 
процессе. 
*** 
The  President  of  Republic  of  Kazakhstan N.  Nazarbayev,  during  two  last  years, 
demands  to  improve  education  in  schools  of  our  country  and  to  organize  new  ways  of 
teaching in sphere of education. 
 
ӘОЖ  796:378 
Баекесова Г.К.  
магистрант, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
 
КӘСІБИ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ ТАРИХИ ДАМУ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Кадрлар  қорын  дайындау  негіздерінің  бірі  -  дене  тәрбиесі.  Дене 
тәрбиелеудегі  басты  мақсат  -  денсаулығы  мықты, сапалы  кәсіби  маман  дайындау. 
Кәсіптік қолданбалы дене дайындығының мақсаты студенттер мен тыңдаушыларға 
нақты  қолданбалы  білім  беруді  қалыптастыру,  психикалық  қабілетін  жетілдіру 
және  дене-күш  қабілеттерін  арттыру  арқылы  болашақ  маманның  жұмысқа 
дайындығын қалыптастыру [1]. 
Елбасымыз  «Қазақстан  –  2030»  ұзақ  мерзімді  стратегиялық  даму 
бағдарламасында  мемлекетіміздің  алдында  тұрған  міндеттерді  айрықша  көрсетіп, 
даралап  берді.  Онда  ең  басты  жауапты  міндеттердің  бірі  -  еліміздің  өсіп 
өркендеуіне,  гүлденуіне  өз  үлесін  қосар  білімді,  мәдениетті  жастарды  тәрбиелеу. 
Бұл  игі  істердің  бәрі  ұрпақ  қамы.  Еңсесі  биік,  тұғыры  кең  болашақ  алып 
мемлекетіміздің  азаматтары  қандай  болуға  тиісті  немесе  қалай  етіп  тәрбиелеуіміз 
қажет. Бұл - қоғам талабы. 
Жастары,  болашақ  мамандары  әлсіз,  денсаулығы  нашар,  білімсіз,  зиянды 
әдеттерге  әуес,  жалқау,  тәрбиесіз  болса,  ол  мемлекет  қашан  да  әлсіз,  қорғансыз. 
Жастар  -  болашағымыз.  Ал,  бізге  болашағымыздың  айқындығы,  айбындылығы, 
асқарлығы, жарқындығы қажет. 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
 
185 
Республикалық 
оқу 
бағдарламасында 
тыңдаушылардың 
кәсіптік 
қолданбалы  дене  дайындығына  маңызды  орын  беріледі,  оның  міндеті  болашақ 
мамандарды жоғары сапалы кәсіби еңбекке дайындау. Тақырыптың өзектілігі, білім 
беру мен дене тәрбиесін бірге шешу проблемаларымен белгіленеді. Мысалы, кейбір 
жоғары  оқу  орындарында  дене  тәрбиесі  пәні  бойынша  сағаттар  қысқартылған. 
Сондықтан,  білім  алушылардың  дене-күш  дамуы  жағынан  шектеліп  қалып  қоюы 
байқалады.  Аталған  және  басқа  да  өзекті  мәселелерді  шешу  үшін  кәсіптік 
қолданбалы дене дайындығының пайдалана қоймаған әдістемелерін табу және оны 
одан әрі дамыту қажет.  
Дене  тәрбиесі  -  бұл  жас  ұрпақтың  денсаулығының  нығаюы,  ұлдар  мен 
қыздардың  дене  дайындығын  дамытып  жетілдіру,  Қазақстан  Республикасының 
қорғаныс  күшіне  және  еңбекке  дайындайтын  арнайы  педагогикалық  процесс. 
Қазақстанның  жоғары  оқу  орындары  студенттерін  дене  тәрбиесімен  ғылыми 
жағынан  қамту  шамамен  жақында  ғана  бастау  алды.  Алғашқы  диссертациялық 
зерттеу  жұмыстарында  әлеуметтік  педагогикалық  мағынасы  бар  мәселелер 
қозғалады. 
Белгілі  бір  кәсіби  қызметке  бейімделу  осы  қызметке  қажетті  білімді,  дене, 
психологиялық  және  жеке  сапаларды,  қозғалыс  машықтары  мен  шеберлікті 
оқытуды, тәрбиелеу мен қалыптастыруды көздейді [2]. 
Күресу  және  өзін-өзі  қорғау  машықтарын  қалыптастыру  кезінде 
оқушылардың  тәсілдерді  жетілдіру  жөніндегі  интенсивті  жүктемелерге 
дайындалған дене сапаларын дамытудың белгілі бір деңгейі болуы тиіс [3, 4]. 
Кәсіптік  қолданбалы  дене  дайындығы  кұралдары  арқылы  адамның  кәсіби 
қабілеттерін  мақсатты  қалыптастыру  оларды  мамандықтың  ерекшеліктерін,  еңбек 
жағдайын,  қызмет  сипатын,  адамның  жеке  ерекшелігі  мен  қабілетін  зерделеу 
негізінде жасалған жобаланған үлгі бойынша жандандыруды көздейді [4]. 
Кәсіптік  қолданбалы  дене  дайындығы  нысандарына  оқу  сабақтарын,  күн 
тәртібіндегі  дене  шынықтыру  жаттығуларын  орындауды,  өзіндік  және  дербес 
сабақтарды,  спорт  түрлері  бойынша  үйірмелік  сабақтарды,  жаттығу  залдарына, 
жүзу  бассейндеріне  немесе  ойын  алаңдарына,  көпшілік  дене  шынықтыру-
сауықтыру,  әскери-спорттық  және  спорттық  іс-шараларға  тұрақты  баруды 
жатқызған жөн [5]. 
Мәселен, 
жоғары 
оқу 
орындарын 
бітірушілердің 
барлығының 
жауапкершілік  сезімі,  ақыл-ойы,  шығармашылық  ойлауы  мен  ұқыптылығы  болуы 
тиіс.  Бірақ  әр  мамандықта  көрсетілген  сапалар  еңбек  нәтижесіне  әртүрлі  ықпал 
етеді.  Мұны  білмейінше  педагогикалық  процестің  терең  мақсатына  қол  жеткізу 
мүмкін емес [4]. 
Кәсіптік  қолданбалы  дене  дайындығының  жоғары  жаттығу  әсеріне  ойын, 
жарыс  жаттығуларын  және  нақты  қызмет  жағдайларына  дайындау  әдістерін 
қосқанда ғана қол жеткізіледі 
Дене  тәрбиесі  әрқашан  адамды  еңбекке  және  әлеуметтік  ортаға  баулу 
құралдарының  бірі  болды.  Ежелгі  дәстүрлі  көріністерде  аңшылық  пен  еңбек 
процестерін  ойын  түрінде  бейнелеу  -  қоғамның  дамуының  бастапқы  сатыларында 
адамдардың денесін шынықтыру мен еңбек дағдысын жетілдіру құралдарының бірі 
болды. Уақыт өткен сайын адамдар қарапайым ойындарда дене қозғалыстары мен 
еңбек  процестеріндегі  қолданылатын  әдістерді,  ережелері  бар  ойындар  түрінде 
және  қазіргі  заманғы  спорт  түрлері  мен  дене  тәрбиесі  жаттығуларында 
қолданылатын спорттық құрал-жабдықтарды, снарядтарды жасауға көшті. 
Қоғамның қажетіне сай әскери-қолданбалы дене дайындығы да қатар дами 
түсті,  әсіресе  құл  иеленушілік  пен  феодалдық  дәуірде  бұған  көп  мән  берілді.  Ол 
адамның  еңбекке  қажетті  қолданбалы  дене  дайындығының  мазмұны  мен 
әдістемесіне ықпалын тигізді. 
Орта  ғасырлардың  соңында  жастарды  кәсіби  еңбекке  тәрбиелеу  мен  білім 
беру  жүйесінде  арнайы  дене  дайындығына  мән  беріле  бастады.
 
XV-XIX
Ғ
.
  Ә
йгілі 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
 
186 
педагогтері Франсуа Рабле (1494-1553), Джон Лок (1632-1704), Иоганн Песталоцци 
(1746-1827),  Иоганн  Густс-Мутс  (1756-1839),  Жорж  Домени  (1850-  1917)  дене 
жаттығуларының рөліне көп көңіл бөлінді. 
Ертедегі Қазақстан жеріндегі өмір сүрген халықтар туралы, олардың ойын-
сауықтары,  мәдениеті  тағы  басқалары  жайындағы  деректерді  18-19-ғасырларда 
Орта  Азия  мен  Қазақстан  жерлерінде  болған  Европа  саяхатшыларының 
еңбектерінде  көптеп  кездеседі.  19-ғасырда  халқымыздың  әдет-ғұрпын,  ойын- 
сауықтарын,  ұлттық  және  спорт  ойындарын  зерттеуде  қазақтар  арасынан  шыққан 
Ешмұхаммед Букинді атауға болады. Оны дене тәрбиесінің қазақ жеріндегі тұңғыш 
ұстазы  деп  атауға  болады.  Е.  Букиннің  «Физическое  и  умственное  воспитание  у 
киргиз»  атты  еңбегінде  ол  бірінші  болып  «гимнастика»  деген  терминге  ғылыми 
түсініктеме береді,  дене шынықтырудың маңызын, оның жасөспірімдер үшін ғана 
емес,  ересектер үшін де үлкен маңызы бар екендігін баяндайды. Қазақтың ұлттық 
спорттық ойындарының да өзіндік тарихы, даму жолдары, қалыптасу кезеңдері бар. 
Бізге жеткен ұлт ойындарының барлығы сонау көне заманнан бастау алады. 
Ағылшын  ғалымы  Э.  Маккей  «шамамен  алғанда  5000  жылдар  бұрын 
көптеген  ұлттық  және  спорттық  ойындардың  біразы  Азия  елдерінде  тайпалы 
одақтардың  арасында  тарағанға  ұқсайды»  деген  болжам  айтады.  М.  Тәникеев,          
Б.  Төтекеев,  А.  Асарбаев,  т.б.  ұлттық  спорт  ойындары  дене-күш  қасиеттерін  ғана 
тәрбиелеп  қоймайды,  ол  жас  жеткіншектерді  өз  ұлтының,  рухани,  мәдени,  салт-
санасын, дәстүрін, тілін, дінін құрметтейтін құралы ретінде де қызмет атқарды деп 
мысалдар  келтіреді.  Ұлттық  спорт  ойындары  қоғамның  өзгеруі,  әлеуметтік-
экономикалық  жағдай  негізінде  толығып,  тұрмысқа  сіңіп,  өзгерістерге  ұшырап 
отырған. 
Қоғам  дами  келе  өнеркәсіпте  барынша  өнімді  жұмыс  істеу  мақсатында  әр 
жұмыс орнына бағыттарына қарай кәсіптік бейімдеу пайда бола бастады. 
ХІХ-ХХғ.  тоғысында  АҚШ-та  «тейлоризм»  атауын  алған  еңбекте  ғылым 
мен  техниканың  жетістіктерін  кеңінен  қолдана  отырып,  адамның  қызметтік 
мүмкіндіктерін  жетілдіріп  пайдалану  мақсатында  арнайы  өндірісті  ұйымдастыру 
мен  басқару  жүйесі  дамыды.  ХХғ.  20-30  жылдары  Кеңес  үкіметі  кезінде  еңбек 
дағдыларын  тез  және  сапалы  игеру,  еңбек  тиімділігін  арттыру,  белсенді  демалыс 
және  кәсіби  аурулардың  алдын  алу  үшін  дене  тәрбиесі  құралдарын  бағытты 
пайдалану  қарастырылған  еңбектер  жарияланды.  Кейінгі  жылдары  бұл  тәжірибе 
еңбекті  ғылыми  ұйымдастырудың  негіздерін  құрды.  Кәсіби  еңбектің  белгілі  бір 
түріне  адамның  арнайы  дене-күш  дайындығын  қалыптастырудың  өзіндік  бағыты 
пайда  болды.  Дене  тәрбиесінің  теориясы  мен  практикасында  мұндай  арнайы 
дайындық кәсіби-қолданбалы дене дайындығы (КҚДД) деген атауға ие болды. 
Болашақ маманға өз кәсібіне қажетті арнайы дене-күш дайындығы не үшін 
кажет?  Бұл  еңбектің  қазіргі  заманғы  технологияның  адам  тіршілігіне  ықпалымен, 
қазіргі  заманғы  өндірістік  процестерде  адам  рөлінің  өзгеруімен  байланысты. 
Ғылыми-техникалық жетістік неғұрлым дамыған сайын, адамды соғұрлым жасанды 
техникалық орта қоршайды. Медицина қызметкерлері мен биологтар адамның тек 
денсаулығына  ғана  емес,  сондай-ақ  оның  кәсіби  еңбек  қабілеттілігіне  теріс  әсер 
ететін  құбылыстар  қатарына  да  ерекше  назар  аударады.  Ол  өзгерістер:  қозғалыс 
белсенділігінің  аздығынан,  адамның  шынықпауынан,  әлсіреуінен,  күнделікті 
жұмыс процесіндегі эмоционалды жүктемелерден және сыртқы ортаның жағымсыз 
әсерлерінен  пайда  болады.  Бұл  факторлар  адамдарға  әр  түрлі  әсер  етеді,  бірақ 
адамның табиғи физиологиялық дағдылануы қазіргі заман жағдайларының өзгеруі 
мен қарқынының артуына ілесе алмайды. Осыдан келіп үнемі эмоционалдық қозу, 
жүйке  жүйесінің  шаршап-шалдығуы  салдарынан  еңбек  қабілеттілігінің  төмендеуі 
мен денсаулықтың әлсіреуі пайда болады. 
Қазіргі  заманғы  өндірістік  процестерде  адам  орны  мен  атқаратын  рөлінің 
өзгеруіне  байланысты  арнайы  дене-күш  дайындығына  ерекше  талап  қояды.  Егер 
бұрын еңбек процесінің қарқыны мен ритмін адам өзі басқарып отырған болса, ал 
 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
 
187 
қазіргі  таңда  адамның  еңбегін  өндіріс  технологиясы  анықтайды.  Бұл  адамның 
өндірістік  процестегі  орны  мен  рөлін  біршама  өзгертеді,  -  Адам  тікелей  еңбек 
күшінің  объектісі  болып,  үлкен  мөлшерде  заттанған  еңбекті,  күрделенген 
машиналарды,  автоматтық  жүйелерді  және  олардың  үнемі  жетілуін  саналы 
пайдаланумен  игерумен  байланысты.  Адамның  еңбек  нәтижесіне  жауапкершілігі 
арта түсуде. 
Еңбек  құрылымы  мен  адамның  рөлінің  өзгеруі  қазіргі  заманғы  өндірістегі 
дене  сезім-қозғалыс  қызметіне,  назарының  тұрақтылығына,  шапшаңдығы  мен 
дәлдігіне  қойылатын  талаптарды  күшейте  түсті.  Сонымен  қатар,  жоғары  дәрежелі 
қазіргі заман маманы тек техниканы ғана басқарып қоймай, адамдарды да басқара 
білуі  қажет.  Әлеуметтік  зерттеулер  нәтижесі  бойынша,  адамдармен  жұмыс  және 
оларды  басқару  адам  организмінің  тез  шаршап-шалдығуына  әкелетіндігі 
дәлелденді. 
Осының  бәрі  бағытталған  дене  жаттығуларын  белсенді  қолдану  негізінде 
психикалық  және  дене-күш  қабілеттердің  құрылуына  қосымша  талаптар  қояды. 
Спорт және әсіресе спорттық ойындар, күрес түрлері адамдардың деңгейде жұмыс 
атқаруға үйретеді. Спортпен үнемі шұғылдану процесінде қажетті дене қасиеттерін 
ғана  дамытып  қоймай,  сонымен  қатар  жастардың  ұжымға  бейімделуін,  олардың 
басшы  рөлін  атқаруын  қамтамасыз  ететін  психологиялық  қасиеттеріне  де 
дамытатын пайдалы ықпалын көрсетеді. 
Адамның  еңбек  қызметіндегі  арнайы  дайындығының  бағыты  мен 
мазмұнынан болашақ маманның кәсіптік дайындығының мазмұнына еңбек өзгерісі 
мен  бөлінісі  қажеттілігінің  ықпалы  көрінеді.  Өндірістің  техника-  технологиялық 
негізінің  үнемі  түрленуі,  экономика  мен  саясаттың  өзгеруі  мамандықты  ауыстыру 
қажеттілігіне  жиі  алып  келеді.  80-ші  жылдары  шыққан  халықаралық 
басылымдарда:  «2000  жылғы  әлем»,  «әрбір  жұмысшы  өмірінде  кемінде  үш  рет 
мамандығын  ауыстыратындай  жағдай  болады»  -  деп  тегін  айтылмаған.  Қазіргі 
таңда  бұл  болжам  өндірісшілердің  басым  көпшілігінде  орындалып  отыр. 
Мамандықты ауыстыру,  қайта  даярлау  -  қайта  жетілдіру  қажеттілігі  барған  сайын 
арта  түсуде.  Мұндай  қызмет  ауыстыру  арнайы  жан-  жақты  қабілетпен  қатар, 
арнайы дене шынықтырумен бірге психологиялық дайындықты талап етеді. 
Сондықтан  болашақ  мамандардың  таңдаған  кәсіби  еңбегіне  байланысты 
дене  күші  мен  психологиялық  қабілеттер  сенімділігін  қамтамасыз  ету  керек. 
«Маман  сапасы»  түсінігі  оның  тек  білімі  мен  кәсіби  саладағы  іскерлігі  ғана  емес, 
сонымен қатар дене дайындығы деңгейіне тәуелді. Жоғары оқу орындарында сабақ 
уақытында  студенттер  мен  тыңдаушылардың  жалпы  және  қолданбалы  дене 
дайындығын белгілі бір дәрежеге дейін арттыруға болады. Егер студенттің жоғары 
оқу орнына түспестен бұрын қажетті дене дайындығы болмаса және оған міндетті 
сабақ  уақыты  аздық  етсе,  ондай  жағдайда  ол  дене  тәрбиесінің  сабақтан  тыс 
түрлерін, оның ішінде қосымша өзіндік дайындық арқылы дене дайындық деңгейін 
көтеруі  керек.  Өйткені,  әлсіз  дене  дайындығы  салдарынан  оқу  және  өндірістік 
тәжірибеден  өту  кезінде,  студенттердің  ашық  далада,  жер  асты  және  басқа  да  аса 
қауіпті-күрделі  жағдайларда  жұмыс  істеуге  даярлайтын  факультеттерде  қолайсыз 
жағдайлар  тууы  мүмкін.  Дене  күші  және  психологиялық  жағынан  нашар 
дайындалған  түлектерді  мамандық  бойынша  өндірістің  аса  қауіпті  жауапты 
учаскелеріне  жұмыс  істеуге  жіберуге  болмайды.  Бұны  сонымен  қатар  кәсіби 
«қайтарымның»  аздығынан  немесе  мамандықты  мәжбүрлі  ауыстырудан  байқауға 
болады, ал ол болса, маман даярлаудың белгілі бір экономикалық және моральдық 
шығындарына  алып  келеді.  Бұл  туралы  экономикалық  әдебиеттерде  былай 
делінген:  егер  адамның  білімі  мен  кәсіби  тәжірибесі  бола  тұра,  еңбек  ету  үшін 
қажетті  дене  дайындығы  болмаса,  ол  адамды  еңбек  ресурсына  жатқызуға 
болмайды. Міне, сол  себептен  әрбір жасөспірім таңдаған мамандығына алдын-ала 
және белсенді дайындалуы керек. Өзінің болашақ мамандығына - кәсіби қызметіне 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
 
188 
сенімділігін анықтайтын дене қабілеттері мен психикалық қасиеттерін жүйелі түрде 
дамытуы керек. 
Алдын-ала кәсіби бағытталған дайындық мәселесі арнайы оқу орындарында 
ең өзекті мәселе болып отыр. 
Арнайы  әдебиеттерде  «кәсіби  қолданбалы  дене  дайындығы»  түсінігінің  әр 
түрлі  тұжырымдамалары  бар.  Кәсіби  қолданбалы  дене  дайындығы  (КҚДД)  -  бұл 
адамды  белгілі  бір  кәсіби  қызметке  дайындау  үшін  дене  тәрбиесі  мен  спорт 
құралдарының арнайы бағытты және оны пайдалану. 
Қазіргі  заманғы  еңбек  кез  келген  еңбек  саласында  ақыл-ой,  психикалық 
және дене күшін, жоғары қимыл-қозғалыс координациясын талап етеді. Бірақ әрбір 
мамандықтың  өзінің  даму  деңгейі,  кәсіби-қолданбалы  іскерлігі  мен  дағдысы  бар. 
Сондықтан,  егер  сіз  геолог  іздеуші  мамандығын  таңдаған  болсаңыз,  сізге  кәсіби 
қолданбалы  дене  дайындығының  бір  түрі,  ал  егер  сіз  биология  мамандығын 
таңдаған  болсаңыз,  онда  сізге  кәсіби  қолданбалы  дене  дайындығының  екінші  бір 
түрі  қажет.  Осы  айырмашылықтар  «Дене  тәрбиесінің»  дербес  тарауы  болатын 
кәсіби қолданбалы дене дайындығы мақсаты мен міндеттерінде бейнеленген. 
Сонымен,  кәсіби  қолданбалы  дене  дайындығы  мақсаты  -  табысты  кәсіби 
қызметке дене күші мен психикалық дайындық. Бұл мақсатқа жету үшін: 
-кәсіби оқудың сапасын арттыруға; 
-таңдаған мамандықта жоғары еңбек өнімділігіне жетуге; 
-кәсіби  аурулар  мен  жарақаттарды  алдын  алуға,  кәсіби  өмірлікті 
қамтамасыз етуге; 
-бос  уақыттар  мен  жұмыс  уақытында  жалпы  кәсіби  жүмыс  істеу 
қабілеттілігін қалыпқа келтіру үшін және белсенді демалыс үшін дене тәрбиесі мен 
спорт құралдарын пайдалануға; 
-  кәсіби  ұжымда  дене  тәрбиесі  мен  спортты  енгізу  бойынша  қызметтегі 
және  қоғамдық  міндеттерді  орындауға  -  болашақ  мамандардың  дене 
дайындығының алғы шарттарын тудыру қажет. 
Студенттердің  кәсіби  қолданбалы  дене  дайындығының  нақты  мақсаттары 
олардың болашақ кәсіби қызметтерінің ерекшеліктерімен анықталады және қажетті 
іскерлік  пен  дағдыларды  игеруден,  қолданбалы  арнайы  қасиеттерді  дамытудан 
тұрады.  Қолданбалы  білім  болашақ  кәсіби  қызметпен  тікелей  байланысты,  оны 
дене тәрбиесі процесінде,  «Дене тәрбиесі» пәні дәрістерінде, қысқаша әдістемелік 
сұқбаттасу 
кезінде, 
әдістемелік-тәжірибелік 
және 
жаттығу-машықтану 
сабақтарында әдебиетті өздігінен зерттеу арқылы алуға болады. Спорттық еңбекке 
қабілеттілікті  арттыру  заңдылықтары  туралы  білім  адамның  еңбек  саласында 
жоғары кәсіби еңбек қабілеттілігіне жетуі туралы біліммен біртұтас дене күш және 
психикалық негізде болатынын ескере кету керек. 
Мысалы,  спортшы-альпинистерді  алайық.  Өздерінің  спорттық  тәжірибесі 
кезінде олар таулы гипоксияның (оттегінің жетіспеуі) адам организміне әсері, оны 
анықтау жолдары жөнінде, т.с.с. көптеген мағлұматтар алады. Дәл осы білім тауда 
жұмыс  істейтін  геодезистер,  геологтар,  үшін  де  қажет.  Спорттық  тәжірибеден 
алынатын және әр түрлі саладағы мамандар қолданатын осындай қолданбалы білім 
туралы  мысалдарды  көптеп  келтіруге  болады.  Қолданбалы  іскерлік  пен  дағды 
тұрмыста және еңбектің белгілі бір кәсіби түрлерін орындауды қамтамасыз етеді. 
Өндірістік  мәселелерді  шешуде  тез  және  үнемді  алға  басуға  (суға  жүзу, 
шаңғы  тебу,  автомотокөлік  жүргізу,  ат  спорты  және  т.б.)  септігін  тигізеді.  Әрине, 
мұндай  іскерлік  пен  дағды  спорттың  қолданбалы  түрлері:  туризм,  автомотокөлік, 
су  спорты  және  ат  спортының  әр  түрлерімен  айналысатын  адамдарда  көбірек 
болады. 
Қолданбалы  дене-күш  қасиеттері  -  бұл  спорттың  әр  түріне  арналған 
сабақтар кезінде қалыптасатын әрбір кәсіби топ үшін қажетті қолданбалы дене-күш 
және психикалық қасиеттер тізімі. Қолданбалы дене күш қасиеттері - жылдамдық, 
күш,  төзімділік,  икемділік  пен  ептілік  және  жалпы  төзімділік  пен  шапшаңдық 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
 
189 
кәсіби  қызметтердің  көптеген  түрлерінде  мамандарға  еңбектің  сапалы  орындалуы 
үшін қажетті болады. Осы қолданбалы қасиеттерді дене тәрбиесі процесінде кәсіби 
қажет  деңгейіне  дейін  көтеру  үшін  алдын-ала  қалыптастыру  кәсіптік  қолданбалы 
дене дайындығының міндеттерінің бірі болып табылады. 
Болашақ  маманға  қажет  қолданбалы  психикалық  қасиеттер  мен  тұлғалық 
қасиеттер  оқу-жаттығу  сабақтарында  да,  өздігімен  дайындалу  барысында  да 
қалыптасады.  Адамды  тек  әңгімелесу  барысында  батыл,  ержүрек,  ұжымшыл  етіп 
тәрбиелеу мүмкін емес. 
Оны міндетті түрде осы қасиеттер керек болатын жағдайларға әкелу керек. 
Спорттық  жаттығулар,  дене  тәрбиесімен  өздігімен  үнемі  айналысу  кезінде 
табандылық,  шешімділік,  батылдық,  ұстамдылық,  өзін-өзі  бақылау,  өзін-өзі 
тәрбиелеу сияқты еріктік қасиеттерді көрсететін жағдайлар туады.  
Болашақ  мамандардың  кәсіби  қолданбалы  дене  дайындығының  нақты 
мәселелерін  шешу  барысында  жоғары  дайындықтың  негізі  жоғары  оқу 
орындарында жүргізілетін «Дене тәрбиесі» пәнінің негізі болып табылатын жалпы 
дене  дайындығымен  тығыз  байланыста  болатынын  үнемі  есте  сақтау  керек.  Бірақ 
зерттеулер нәтижесі бойынша, болашақ мамандардың тек жалпы дене дайындығы 
белгілі  бір  мамандыққа  арнайы  дайындықтың  мәселелерін  толық  шеше  алмайды. 
Кәсіби  қолданбалы  дене  дайындығы  студенттердің  жақсы  жалпы  дене 
дайындығына  сүйенуі  керек.  Жалпы  дене  және  кәсіби  қолданбалы  дене 
дайындықтарының 
қатынасы 
мамандыққа 
байланысты 
өзгеруі 
керек. 
Гуманитарлық  мамандықтар  өкілдері  үшін  болашақ  мамандыққа  психикалық 
дайындығына  қарағанда  жалпы  дене  дайындығы  жеткілікті  дерлік,  бірақ  та 
физиологтардың  соңғы  зерттеулері  бойынша,  ақыл-оймен  жұмыс  істейтін 
адамдарда  кездесетін  бас  айналу,  мойын  омыртқасының  остехондрозының  ерте 
байқалуы  тірек  аппаратының  шынықпауынан,  басты  ұзақ  уақыт  еңкейтуден 
болады.  Осының  бірі  мұндай  жағымсыз  құбылыстарды  емдеу  немесе  олардың 
алдын-алу  үшін  таңдалған  дене  жаттығуларын  өз  бетімен  қолдануға  білім  мен 
дағдыны қажет етеді. 
Оқу  процесі  барысында  студенттердің  КҚДД  тарауы  бойынша  даярлық  деңгейі 
«Дене  тәрбиесі»  пәнінің  оқу  бағдарламасында  көрсетілген  арнайы  нормативтерімен 
бақыланады. Әдетте бұл нормативтер әр түрлі факультет студенттері үшін әр қалай және оқу 
семестрі мен курсқа тәуелді айырмашылықтары бар. КҚДД бойынша даярлық деңгейі жеке 
бағаланады  және  теориялық  білім  мен  жалпы  дене  дайындығымен  қатар  «Дене  тәрбиесі» 
пәні бойынша кешенді бағаға кіреді. 
Физиолог  және  қозғалыс  белсенділігін  жақтаушы  академик  П.М.  Амосовтың 
пікірінше  [6],  организмнің  барлық  өмірлік  маңызды  жүйелерінің  өзара  әрекеті  бәрінен  де 
төзімділік  арқылы  көрінеді.  Төзімділік  негізі  -  жалпы  және  кәсіби  еңбек  қабілеттілігін 
арттырып,  көңіл-күйді  жақсартатындай  физиологиялық  жүйелердің  жұмысын  айқынырақ 
басқаратын  орталық  жүйке  жүйесіне  оң  әсер  ететін,  оттегіні  жақсы  қамтамасыз  ететін 
механизм. 
Зерттеу  жұмыстарының  көпшілігінде  КҚДД  мазмұнының  анықтамасында  жоғары 
кәсіби еңбек қабілеттілігін қамтамасыз етудегі жалпы төзімділіктің жетекші рөлі ескеріледі. 
Жекелеген қолданбалы жаттығуларды таңдаған кезде «төзімділікке» арналған жаттығуларға 
ерекше көңіл бөлген жөн деп атап көрсетуге болады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Анаркулов  Х.Ф.  Педагогика  физической  культуры  как  особая  отрасль 
научного  знания  //  Материалы  международной  конференции  «Проблемы  и 
перспективы развития физической культуры и спорта» - Бишкек, 2003. - С. 186 - 
191. 
2. Харлампиев А.А. Система самбо. - М.: ФАИР - ПРЕСС, 2002. - 528 с. 
3.  Шепетюк  М.Н.  Совершенствование  в  спортивной  борьбе:  учебное                  
J пособие. - Алматы: КазАСТ, 2005. - 228 с. 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
 
190 
4.  Асарбаев  А.К.,  Агадилов  А.Е.  Педагогические  основы  профессионально- 
прикладной  физической  подготовки  //  Труды  Международной  научно- 
практической конференции «Теориия и практика физической культуры и спорта» - 
Алматы: ННПЦФК, 2006. - С. 186-188. 
5. 
Закирьянов  К.,  Иванов  Г.,  Ордабаев  Н.,  Жаксылыков  М. 
Профессионально-педагогическая 
и 
прикладная 
физическая 
подготовка 
студентов:  учебно-методическое  пособие.  -  Усть-Каменогорск:  Изд-во  ВКГу, 
1998.-112 с. 
6.  Агаділов  Ә.  Е.,  Деңгелбаев  Б.Ш.  Өз  еркімен  жүргізілетін  сабақтардың 
мазмұны мен әдістері // Тәрбие құралы. - 2005. - №5. -55-56 б. 
7.  Амосов  П.М.  Раздумья  о  здоровье.  -  М.:  Физкульткра  и  спорт,  1987ж.             
-64 бет.        
*** 
Создание резерва кадров является одна из основ физического воспитания. 
Основной целью физического  воспитания является подготовка физически здорово-
го, качественного профессионального специалиста 
*** 
Creation of a reserve of shots is one of physical training bases.  A physical train-
ing main objective is preparation of physically healthy, qualitative professional expert 
 
 
ӘОЖ 37.01:371.03 (574) 
Исатаев М.И. 
магистрант, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 

жүктеу 10.91 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет