Жылына 4 рет шығады


АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНЫП АЛГЕБРАЛЫҚ



жүктеу 10.91 Kb.
Pdf просмотр
бет15/29
Дата26.04.2017
өлшемі10.91 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29

 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНЫП АЛГЕБРАЛЫҚ 
ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУДІҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Қазіргі  уақытта  оқыту  үдерісін  ақпараттандыру  ҚР  Білім  беру  жүйесін 
дамытудың 2015 жылға дейінгі мемлекеттік тұжырымдамасы мен бағдарламасына 
және электрондық үкімет құру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Жоғары 
оқу  орындарында,  сонымен  қатар  жалпы  және  орта  арнаулы  білім  беретін 
мектептерде  пәндерді  оқытуда  жаңа  оқыту  технологияларын  қолдану    бүгінгі  күн 
талабы болып табылады.  
Әр  түрлі  компьютерлік  бағдарламалардың    пайда  болуы  және  оның  әрі 
қарай  жетіліп  дамуы  таным  үрдісінде  пайда  болған  әртүрлі  қолданбалы  есептерді 
жуықтап  шешу  әдістерін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  берді.  Теңдеу  және  теңдеулер 
жүйесін  шешу,  интегралдың  мәнін  табу,  дифференциалдық  теңдеу  шешу,  т.б. 
қолданбалы  есептерді  шешуді  қазіргі  заманғы    Turbo  Pascal,    Borland  Delphi  
программалау тілдері, MS Exсel  электрондық редакторы және MathCAD, MatLab, 
Maple,  т.б.    инструментальды  құралдардың  көмегімен  жүзеге  асыруға  болады. 
«Информатика»  және  «Математика»  мамандығы  бойынша  білім  алатын 
студенттерге оқытылатын  «Сандық әдістер» пәнінде жоғарыда аталған қолданбалы 
есептерді  шешу  қарастырылады.  Сол  есептердің  ішінен  теңдеу  шешу 
математиканың жиі  кездесетін қолданбалы есептерінің бірі болып табылады. Орта 
мектептің  информатика  пәні  бойынша  “Программалау  тілін  тереңдетіп  оқыту” 
бағдарлы курсының бағдарламасында да кейбір сандық әдістер элементтері, соның 
ішінде сызықтық теңдеулерді және теңдеулер жүйесін шешу, т.б. жоспарланған.  

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
129 
Жоғарғы оқу орындары мен мектептерде алгебралық теңдеулерді шешудің 
дәстүрлі  сандық  әдістері  ғана  қарастырылады.  Бұл  студенттер  мен  оқушылардың 
математикалық білім, икемділіктерін заманауи технология негізінде құзыреттілікке 
бағдарлап  тәрбиелеуде  жеткіліксіз  болып  табылады.  Ақпараттық  технологияны 
қолдану  студенттер  мен  оқушылардың  өз  іс-әрекетіне  деген  сенімділігін  туғызып, 
оларды  өз  бетінділікке,  шығармашылыққа,  ізденімпаздыққа  тәрбиелейді.  Төменде 
ақпараттық  технологияны  қолданып  алгебралық  теңдеулерді  шешудің  түрлі 
жолдары салыстырмалы түрде қарастырылады.  
Бір  белгісізі  бар  f(x)=0    (1)  түріндегі  сызықтық  емес  алгебралық  теңдеу 
берілсін  делік.  Берілген  теңдеудің  түбірін  табудың  бірнеше  сандық  әдістері  бар. 
Мысалы, аралықты қақ бөлу  әдісі, Ньютон әдісі, қарапайым итерация әдісі, хорда 
әдісі,  т.б.      Берілген  теңдеудің  түбірін  аралықты  қақ  бөлу  әдісімен  шешуді 
қарастырайық. f(x)  функциясы [a, b]  аралығында үздіксіз және  
f(a)*  f(b)<0  болсын.  Теңдеудің  түбірін  табу  үшін  [a,b]    кесіндісін  қақ 
бөлеміз  де,  бастапқы  жуық  түбір  ретінде 
2
0
b
a
x
+
=
  нүктесін  аламыз.  Егер  f(x
0
)=0 
болса,  онда  x
0
  нүктесі  берілген  теңдеудің  түбірі  болып  табылады.  Керісінше 
жағдайда, яғни   f(x 
0
)

0  болса, онда  [a,x
0
],  [x
0
,b] кесінділердің қайсысының шеткі 
нүктелерінде  f(x)    функцияның  мәні  қарама-қарсы  таңбаға ие  болса,  сол  кесіндіні 
аламыз. Бұдан соң алынған кесіндіні тағы да қақ бөлеміз де, жоғары айтылғандай 
зерттеу  жұмысын  жүргіземіз.  Процесс  берілген  функция  шеткі  нүктелерінде 
қарама-қарсы таңбаға ие болатын кесіндінің ұзындығы алдын-ала берілген өте аз 
ε
 
санынан кіші болғанға дейін жалғаса береді. 
1-мысал:  0.25x
3
+x-1.2502=0  теңдеуінің  [0,2]  аралығындағы  шешімін 
ε
=0,0001 дәлдікпен аралықты қақ бөлу әдісін қолданып табыңдар. 
Төменде  берілген  теңдеуді    Turbo  Pascal  программалау  тілінің  көмегімен 
жүзеге  асырудың  программа  листингісі  берілген.  Қолданушының  функцияны, 
аралық пен дәлдікті басқа мәндерге алмастырып, бұл программа арқылы кез келген 
теңдеуді шешуіне болады. 
Program Aralikti_kak_boly; 
Var a,b,x1,y,e:real; 
function f(x:real):real;  {берілген функцияны ішкі программа - функция  
                                       арқылы ұйымдастыру} 
begin 
f:=0.25*x*x*x+x-1.2502 
end; 
begin a:=0; b:=2; e:=0.0001; {берілген аралық және дәлдікті енгізу} 
x1:=(a+b)/2; 
repeat 
if f(a)*f(x1)<0 then b:=x1; 
if f(x1)*f(b)<0 then a:=x1; 
x1:=(a+b)/2;  y:=f(x1); 
until ywriteln('tendeydin tybiri=', x1:5:4); 
end. 
Программаны орындату нәтижесінде tendeydin tybiri=1,0001  мәні шығады. 
Бір  белгісізі  бар  теңдеулерді  шешу  үшін  Microsoft  Office  дестесіндегі  MS 
Excel  кестелік  редакторының  Параметрді  іріктеу  (Подбор  параметра  )  құралын 
қолдануға  болады.  Бұл  құрал  меню  қатарының  Сервис  пунктінде  орналасқан.  Ол 
бір  айнымалыдан  тәуелді  теңдеуді  сандық  шешудің  алгоритмін  жүзеге  асырады. 
Бұл процедура арқылы теңдеуді шешу процесі  екі этаптан тұрады: 
1.  Теңдеудің  шешімі  болатын  мәннен  тұратын  (әсер  етуші  ұяшық)  және 
теңдеу  формуласынан  тұратын  (тәуелді  немесе  мақсатты  ұяшық)  ұяшықты 
толтыру; 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
130 
2. Параметрді іріктеу сұқбат терезесінде әсер етуші ұяшық және мақсатты 
ұяшық  адресін  енгізіп,  есептің  жауабын  алу  (немесе  теңдеудің  шешімі  жоқтығы 
туралы хабарлама алу). 
 Жоғарыда берілген мысалды осы құрал көмегімен шешуді қарастырайық. 
Ол  үшін  MS  Excel-дің  А1  ұяшығына  теңдеудің  жуық  түбірін  енгіземіз. 
Мысалы: А1=0.5 
B1 ұяшығына теңдеудің сол жағындағы формуланы енгіземіз. 
=0.25*A1^3+A1-1.2502 
Сонан  соң,  меню  қатарынан  Сервис\  Параметрді  іріктеу  құралын  іске 
қосып, сәйкес атты сұқбат терезесіне мәндер енгіземіз.  
 
Ok  батырмасын  басу  нәтижесінде  теңдеудің  шешімі  шығады.  Оның 
алгоритмі қолданушыға көрінбейді, жасырын түрде орындалады. 
Нәтижеде  А1=1,000101    B1=-2,3Е-05  мәндері  шығады.  Теңдеудің  түбірі 
х=1,000101.     
Теңдеудің  түбірін  графикалық  әдістің  көмегімен  де  анықтауға  болады.  Ол 
үшін (1) теңдеуді  оған теңбе тең f
1
(x)= f
2
(x) (2)  теңдеуге алмастырамыз. Сонан соң,   
f
1
(x)  және  f
2
(x)    функцияларының  графигі  салынып,  бұл  графиктердің  қиылысу 
нүктесі  анықталады.    Ол  нүктенің  х  координатасы  берілген  теңдеудің  шешімі 
болып табылады.  
2-мысал:  cosx-2+x=0  теңдеуінің түбірін [0,5] аралығында табу керек. 
Берілген теңдеуді y=cosx, y=2-x  түрінде 2 бөлікке бөліп, берілген аралықта  
екі функцияның MS Excel-де мәндер кестемін толтырамыз (1- сурет). 

y=cosx 
y=2-x 



0,5  0,877583 
1,5 
 1 
0,540302 

1,5  0,070737 
0,5 

-0,41615 

2,5  -0,80114 
-0,5 

-0,98999 
-1 
3,5  -0,93646 
-1,5 

-0,65364 
-2 
4,5 
-0,2108 
-2,5 

0,283662 
-3 
1- сурет. Функциялардың берілген аралықтағы мәндер кестесі 
Сонан соң, кесте мәндері бойынша екі функцияның графигін саламыз.  
(2-сурет).    Графиктердің  қиылысу  нүктесінің    x  =3  мәні  берілген 
аралықтағы теңдеудің түбірі болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
-3
-2
-1
0
1
2
3
0
1
2
3
4
5
6
x
y
y=cosx
y=2-x

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
131 
 
 
 
2-сурет. Функциялардың графигі 
 
Кең  қолданылатын  MathCad,  MatLab,  Maple,  т.б.    инструментальды 
құралдар теңдеу шешудің әртүрлі мүмкіндіктерін жүзеге асырады.  
MathCAD (MATHematica (математика) және CAD(Computer Aided Desing – 
автоматты  жобалау  жүйесі)    программасы  сандық  және  сонымен  қатар 
аналитикалық  формадағы  математикалық  есептеулерді  орындауға  мүмкіндік 
беретін физика- математикалық десте болып табылады.  
f(x)=0  түріндегі  бір  белгісізі  бар  теңдеулерді  шешу  үшін  MathCad-тың 
root(өрнек,  айнымалы  аты)  қондырылған  функциясы  қолданылады.  Ол  есептеуді 
итерациялық жолмен жүзеге асырады. Функцияның жазылуының екі типі бар: 
1.  root(f(x), x) 
2.  root(f(x), x, a, b) 
Мұндағы,  f(x)- теңдеуді анықтайтын скаляр функция, 
                    x- теңдеудің шешімі болып табылатын скаляр айнымалы, 
                    a, b- түбір ізделінетін аралық шекарасы. 
root() функциясының 1-типі х айнымалысына алдын-ала қосымша бастапқы 
мән  беруді  талап  етеді.  Сондықтан,    х-ке  қандай  да  бір  мән  меншіктеу  керек. 
Нәтижеде теңдеудің түбірі берілген мәнге жақын жерден ізделінеді.  
1-мысалда  берілген  теңдеудің  түбірін  MathCad  программасының    root() 
функциясы  арқылы  шешуді  қарастырайық.  MathCad  жұмыс  аймағында  келесі 
командалар теріледі. 
x
0.5
:=
f x
( )
0.25 x
3

x
+
1.2502

:=
k
root f x
( ) x
,
(
)
:=
k
=
 
Нәтижеде  берілген  теңдеудің  түбірінің    шамамен  1.0001-ге  тең  екендігі 
шығады.   
Сызықтық емес теңдеулерді шешу үшін сонымен қатар, MathCad жүйесінде 
Given директивасы арқылы ашылатын есептеу блогы қолданылады. 
Оның жазылуының жалпы түрі: 
Бастапқы шарт 
Given 
Теңдеулер 
Шектеу шарттары 
Find, Minerr 
Мұндағы,  бастапқы  шарт  ізделінді  айнымалының  бастапқы  мәнін 
анықтайды және меншіктеу командасы арқылы беріледі.  
Given блогында келесі функциялардың біреуі қолданылады: 
Find(v1,v2,…vn)-  дәл  шешім  үшін  бір  немесе  бірнеше  айнымалы  мәнін 
қайтарады. 
Minerr(v1,v2,…vn)-  жуық  шешім  үшін  бір  немесе  бірнеше  айнымалы  мәнін 
қайтарады. 
Жоғарыда қарастырған 2-мысалда  берілген теңдеуді Given блогында Find()  
функциясы көмегімен шешуді қарастырайық.  MathCad жүйесінің жұмыс аймағына 
келесі блокты тереміз: 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
132 
x
0
:=
Given
cos x
( )
2

x
+
0
x0
Find x
( )
:=
x0
=
 
 Нәтижеде  берілген теңдеудің шешімінің 2,988-ге тең екендігі шығады. 
Төменде  Find()    функциясын  қолданып  1-мысалда  берілген  теңдеудің 
түбірін  есептеудің  MathCad жүйесіндегі фрагменті берілген. 
x
0
:=
Given
0.25 x
3

x
+
1.2502

0
x0
Find x
( )
:=
x0
=
 
 
х
2
=3  теңдеуінің шешімін Minerr() фунциясын қолданып шешуді 
қарастырайық. 
MathCad- та  есептеу блогы төмендегіше жазылады: 
x
10
:=
Given
x
2
3
x0
Minerr x
( )
:=
x0
=
 
Берілген теңдеудің шешімінің 1,763-ге тең екендігін көруге болады. 
Cонымен,  заманауи  компьютерлік  бағдарламалар  арқылы  алгебралық 
теңдеулерді шешу студенттер мен оқушылар бойында келесі білім мен  икемділікті 
қалыптастыруды жүзеге асырады: 
-
 
алгебралық теңдеулерді шешудің әртүрлі сандық әдістерін меңгеру; 
-
 
теңдеу шешудің сандық әдістерін программалау;  
-
 
теңдеу шешуде  MS Excel кестелік редакторының  Параметрді іріктеу 
құралын пайдалану; 
-
 
теңдеуді графиктік әдіспен шешу;  
-
 
арнайы программалық орталардың (мысалы, MathCad  инструментальды 
құралы)  теңдеу шешуге қолданылатын функцияларын үйрену. 
Студенттер  мен  оқушыларға  алгебралық  теңдеулерді  шешудің  дәстүрлі 
сандық  әдістерін  меңгертіп  қана  қоймай,  оны  жаңа  ақпараттық  технологияның 
көмегімен  инновациялық  тұрғыдан  қарастыру  бүгінгі  күннің  басты  талабы  болып 
табылады.  Мұндай  оқытудың  әдіс-тәсілдері  студенттің  (оқушының)  білімді 
меңгеру  үдерісін  тиімді  ұйымдастыруға  мүмкіндік  туғызады.  Сонымен  қатар, 
олардың  бойында  алгебралық  теңдеулерді  шешудің  түрлі  компьютерлік 
бағдарламалар  негізінде  жүзеге  асыру  жолдарын  пайдалану  икемділіктері 
қалыптасады,  әрбір  студент  (оқушы)  тұлғалық  қасиеттеріне  сәйкес  өзіне  лайық 
тәсілді  таңдай  алады    және  есептің  нәтижесін  тексеруді  қолданылған 
бағдарламадан  басқасы  арқылы  зерттей  алады.  Бұл  жайт  студент  пен  оқушының 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
133 
тақырыптық  есеп  шығару  икемділігін  бекітуге,  білімді  меңгерудің  тиімділігін 
арттыруға    және  кәсіби  құзыреттілік  негіздерін  бойына  қалыптастыруға  себін 
тигізеді.  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Лапчик М.П., Рагулина М.И., Хеннер Е.К.  “Численные методы”, М., 
Academia, 2004 г. 
2. Дьяконов  В.П.  “Учебный  курс.  MathCad 2000”, Питер – 2000г. 
 
*** 
В этой статье описаны методы решения алгебраических уравнений с 
помощью различных компьютерных программ и эффективность их применения в 
обучении. 
*** 
The methods for solving algebraic equations with the help of computer programs 
and their use in training is described in this article. 
 
   
ӘОЖ 378;340 
Наурзалиева С.М. 
оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ 
ЖАҒДАЙЛАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Құқықтық  нигилизм,  құқықтық  мәдениеттің  төмендігі,  заңдарды  сақтамау 
және оларды бұзу жастар арасында көптеп орын алып жатыр. Мемлекеттік жастар 
саясатын  іске  асыру  барысында  мемлекет  алдында  тұратын  қазіргі  заманғы 
проблемалардың    арасында  ең  өзектісі  –  бұл  жастар  арасындағы  қылмыстылық. 
Жастармен  жасалатын  қылмыстар  саны  көбейіп  бара  жатыр,  әкімшілік  құқық 
бұзушылықтар саны да аз емес,  ал тәртіптік құқықбұзушылықтардың саны шексіз.  
Студент  жоғары  оқу  орнына  келген  күнінен  бастап  белгілі  бір  құқықтық 
жүйеге  енеді.  Бұдан  басқа,  ол  Қазақстан  азаматы  ретінде,  Конституцияға  сәйкес, 
«негізгі  құқықтар  мен  бостандықтарды»  тумысынан  иемденеді  (Конституция  12-
бап, 2-б.). Сонымен қатар, оның кейінгі өмірі, соның ішінде ересек жылдары белгілі 
бір  құқықтық  кеңістікте  өтеді  және  нақты  құқық  салаларымен  немесе  жекелеген 
заңдармен,  заңға  негізделген  актілермен  реттеледі.  Оларға  халықаралық 
ұйымдардың  құқықтық  актілерін  (Жалпыға  ортақ  адам  құқықтарын  қорғау 
декларациясы (1948ж.), Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті 
(1966ж.) және т.б.), Қазақстанның ағымдағы заңнамалары мен кейбір ведомстволық 
нормативтік  актілерді  жатқызуға  болады.  Жастардың  басым  көпшілігі  бұл 
құжаттардың  мазмұнымен    таныс  емес  деуге  болады,  мемлекеттің  құқықтық 
жүйесін  дұрыс  түсінбейді,  қоғамда  қалыптасатын  құқықтық  қатынастардың 
субъектісі ретінде өзінің құқықтарын пайдалану мен міндеттерін атқару саласында 
мүлдем  сауатсыз.  Көбіне  жастарда  заңға  сәйкес  тәртіптің  дұрыс  құқықтық 
модельдері  болмайды.  Негізінен  өмірде  олар  жеке  интуициясын,  не  шындыққа 
сәйкес келмейтін немесе құзыретті емес кеңестерді басшылыққа алады.  
Қалыптасқан жағдайда жастарды оқытушыдан оның теориялық-әдістемелік 
негіздерді  терең  білуін,  сондай-ақ  адамгершілік-құқықтық  мәдениеттің  жоғары 
деңгейін талап ететін адамгершілік-құқықтық тұрғыдан тәрбиелеу мәселесі ерекше 
ушығады. Қазіргі жағдайларда жастарда келесі қасиеттердің жетіспейтіндігі сөзсіз: 
-
 
жаңа  жағдайларда  өмір  сүруге  және  еңбек  етуге  құқықтық  және 
адамгершілік дайындығы; 
-
 
өмірдің  қиын  жағдаяттарынан  сүрінбей  шығуына  білімдері  мен 
тәжірибелері; 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
134 
-
 
азғындаушылықтан,  бұрыс  шешімнен  тұлғаны  сақтайтын  моральдық 
принциптері.     
Студенттерді  құқықтық  тәрбиелеудің  басты  міндеттердің  бірі  –  оларда, 
дұрыс ұстанымды сақтап қалу үшін қажетті ерік қасиеттерін қалыптастыру. Олар – 
мақсаттылық,  яғни  қоғамдық  пайдалы  мақсаттарды  таңдау  және  оларға  жету; 
дербестік,  яғни  өзінің  әрекеттерін  негіздеу  мен  шешімдерді  қабылдау 
қабілеттіліктері,  өзінің  ішкі  сеніміне  сүйене  отырып,  әлеуметтік  нормалар 
жүйесінде бекітілген, жалпымемлекеттік мүдделерге сәйкес әрекет жасау.  
Құқықтық  тәрбиенің  міндеті  –  әрбір  адамның  құқықтық  нормаларды 
мәжбүрлеу қорқынышы арқылы емес, тек өзінің ішкі қажеттіліктері күшімен, өзінің 
адамгершілік  ұстанымдары  арқылы  сақтайтындай  құқықтық  сана  деңгейіне  қол 
жеткізу болып табылады.   
Студенттердің құқықтық тәрбиесіне көптеген факторлар әсер етеді, оларды 
бірнеше топтарға жүйелеуге болады: 
1.
 
Жеке психикалық факторлар: мінез-құлықтың жеке бас сипаттамалары. 
2.
 
Жеке  соматикалық  факторлар:  соматикалық  аурулар,  көбіне  жеткіліксіз 
дене дамуы. 
3.
 
Әлеуметтік оқу факторлары: ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуал, 
топтағы әлеуметтік мәртебе, оқу орнындағы оқыту деңгейі. 
4.
 
Микро және макро ортаның ықпалы.  
Құқықтық тәрбие процесі құқық туралы белгілі бір білімдерді қабылдаумен 
шектелмей, құқықтық мазмұны бар тәжірибелік мәселелерді  шешу үшін тұлғаның 
әр алуан тәсілдер мен әдістерді ұғуын қамтамасыз ету қажет. 
Құқықтық  тәрбиенің  теориясы  мен  әдістемесі  педагогиканың,  тұлға 
психологиясының  және  әлеуметтік  психологияның,  криминологияның,  этиканың, 
эстетиканың маңызды жетістіктерін, сондай-ақ тәрбиелеудің сан алуан түрлері мен 
бағыттарының,  яғни  патриоттық,  еңбек,  отбасы  және  т.б.  әдістемелері  мен 
нысандарын  игеріп,  қабылдауы  қажет.  Құқықтық  тәрбиенің  процесі  келесі 
аспектілерден тұруы қажет:   
-  құқықтық  білім  беру,  оның  өзі  тұлғаның  құқыққа  қарсы  мінез-құлқын 
болдырмауға қабілетті, маңызды алдын  алушы фактор болып табылады. Тәжірибе 
мен  зерттеулер  жасалатын  әрекеттердің  құқықтық  салдарын  болжаудың  өзі  тежеу 
шарасы  екенін    көрсетеді.  Бірақ,  өкінішке  орай,  адамға  көбінесе  осындай  болжау 
жетіспейді. Ал бұл құқықтық сауатсыздықтың нәтижесі болып табылады, өйткені болжау дәлме-дәл 
құқықтық білімге сүйенеді;  
-  құқықтық  нормаларға  адекватты  қатынасты  тәрбиелеу  және  тұлғаның  құқықтық  мінез-
құлқының  тұрақты  дағдысын  қалыптастыру.  Қатынастардың  қалыптасқан  жүйесі  бағалаушы  және 
реттеуші факторлардың рөлін атқарады: өзінің мінез-құлқын құқықтық тұрғыдан бағалау және реттеу; 
- қоғамға пайдалы құқыққолданушылыққа өзінің жеке үлесін қосу үшін азаматта құқықтық 
сана-сезімін тәрбиелеу.   
  Құқықтық  тәрбие  өзінің  мақсаты  ретінде  адамның  өзін,  оның  құқықтық 
сана-сезімін  және  құқықтық  мәдениетін  дамытуды  қояды.  Құқықтық  тәрбиелеуде 
негізгі  үш  буынды  тізбекке  сүйеніш  жасалады:  заңдарды  білу  –  оларды  сақтау 
қажеттілігіне сену – құқықтық әлеуметтік-белсенді мінез-құлық. 
  Құқықтық  тәрбие  –  бұл  заңға  құрметтеушілік  қатынасын  қалыптастыру, 
заңды  үлкен  әлеуметтік  құндылық  ретінде  көру,  жауапкершілік  сезімін,  сыбайлас 
жемқорлыққа, құқыққа жат мінез-құлыққа төзбеушілікті дамыту. 
  Тәрбие біртіндеп  сана-сезімге айналады, одан кейін азаматтардың жалпы 
құқықтық мәдениетін қалыптастырады. 
Құқықтық тәрбие мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет: 
1)
 
Сауалнама, 
сұрау, 
тест 
жүргізу 
арқылы 
студенттердің 
қызығушылықтарын және құқық саласында білім деңгейлерін зерттеу; 
2)
 
Студенттердің құқықтық санасын қалыптастыруына ықпал ететін әдеби 
қорын жинақтау; 
3)
 
Студенттерге оларға қажетті құқық саласынан білім беру.  

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
135 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Горшенин Л. Г.  Правовое обучение и воспитание учащихся: проект кон-
цепции. - http://ecsocman.edu.ru/direktor/msg/16853349.html. 
2.   Ибраева  А.С.  Правовая  культура:  проблемы  теории  и  практики.  Алма-
ты, 2002. 
3.  Қазақстан  Республикасында  жалпыға  бiрдей  құқықтық  оқуды 
ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
қаулысы. 1995 жылғы 21 маусым N 2347.  
4.  Проблемы  правового  воспитания  в  современных  условиях  Казахстана  - 
http://legal-clinic.ru/articles.html?id=34. 
* * * 
В  данной  статье  рассмотрены  проблемы  правового  воспитания 
студентов  в  условиях  современного  ВУЗа.  Раскрыты  понятия  правового 
воспитания,  факторы  влияющие  на  правовое  воспитание  студентов  и  пути 
достижения целей правового воспитания. 
*** 
This article  has  considered  the  problems  connected  with  legal  education of  stu-
dents in the up-to-date Institute of High Education. There have been studied conceptions 
of students, factors exerting influence on it and means of achieving its goal.  
 
 
ӘОЖ 21:375 
Кенжегулова Ә.А. 
оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
 
СТУДЕНТТЕРДІ ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТА ДАЙЫНДАУ 
ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДІНТАНУ ПӘНДЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Дін  -  рухани  мәдениеттің  ерекше  формасы  ретінде  алғашқы  қауымдық 
кезеңнен  бері адам өмірінде маңызды орын алады.  Адамзат тарихы барысында әр 
түрлі  діни  формалар  өмір  сүрді,  адамдар  әр  түрлі  құдайларға  сыйынды.  Кейбір 
наным-сенімдер  тарих  қойнауына  сіңіп  кетсе,  басқалары  әлі  күнге  дейін  маңызын 
жойған жоқ, ал тағы бірі жаңа заманға бейімделсе, енді бірі жаңадан пайда болуда. 
Діннің  құрылымы  өте  күрделі  болып  келеді:  сенім,  адамның  дүниеге  деген  
көзқарасы  және  ондағы  өзінің  маңызы,  ұстанымдар,  құндылықтар,  идеалдар, 
қарым-қатынастар, сыйыну, сонымен қатар, ұйым, иерархиялық құрылым, қасиетті 
жазбалар,  дәстүрлі-мәдени  іс  шаралар  жиынтығы.  Діннің  адамзаттың  күнделікті 
өміріне  енгені  соншалық,  ол  мәдениетпен  ұштасып,  тек  мамандардың  ғана  емес, 
қарапайым  адамдардың,  әсіресе  жастардың  назарын  аударуда.  Діни  ренессанс 
жағдайында  адамның  дінге  деген  қарым-қатынасы  саналы  болмақ.  Айта  кететін 
жайт,  бүгінде  қоғам  мен  адамның  дінге  және  діни  мәселелерге  қарым-қатынасы 
күрделі.   Фундаменталистік, экстремистік  бағыттардың дамуы, дәстүрлі  емес діни 
ұйымдар  мен  секталардың  пайда  болуы  мен  көбеюі  діни  құбылысқа  басты  назар 
аударуды  талап  етеді.  Бұл  қызығушылыққа  жауап  ретінде  «Дінтану»  пәнін  алуға 
болады [1]. 
Дінтану  –  бұл  әлеуметтік-гуманитарлық  білім  кешені.  Ол  өзіне 
философияны және дін әлеуметтануын, дін тарихы мен дін психологиясын қосады. 
Оның басты мақсаты – діннің мәнін, қайнар көзі мен пайда болу себептерін, оның 
даму сатыларын, қоғам мен адам өміріндегі рөлі  мен маңызын, мәдениеттің басқа 
формаларымен  өзара  қарым-қатынасын  зерттеу.  Гуманитарлық  білімнің  ерекше 
облысы  ретінде,  дінтану  басқа  да  гуманитарлық  пәндермен  бірге  философия, 
әлеуметтану, психология, антропология, тарих, этнография, тіл білімімен шектеседі 
және  адамзаттың  әлеуметтік-тарихи  және  мәдени  дамуы  кезеңіндегі      дінді 
зерттеуді өзінің мақсаты етіп қояды. Дінтану діннің барлық болмысын қарастыруға 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
136 
мүмкіндік береді және білім беріп қана қоймай  сонымен қатар, діннің мәнін, адам 
өміріндегі орнын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл курсты студенттерге оқыту қоғам 
мен мәдениеттің  қазіргі кезеңдегі дамуында өзекті қажеттілік болып отыр [2]. 
Бұл  курстың  мақсаты  студенттерді  діни  бағытта  тәрбиелеу  немесе  діни 
догматика  мен  іс-тәжірибені  насихаттау  болмауы  керек.  Дінтануды  оқыту  ҚР 
Конституциясына  сәйкес,  фундаментальдық  принциптерден  бастау  алуы  қажет. 
Негізгі  заң  мемлекеттің  зайырлы  сипатын  бекіте  отырып,  шіркеуді  мемлекеттен, 
мектепті  шіркеуден  ажыратады.  Конституция  өзінің  барлық  азаматтарына  ар 
еркіндігін,  Құдайға  сену  немесе  сенбеу  еркіндігін,  кез-келген  діни  сенімді  таңдау 
еркіндігін  береді.  Осындай  сипатта,  азаматтық  қоғамның  негізгі  құндылықтары 
заңды  түрде  бекітіледі.  «Дінтану»  оқу  пәні  студенттердің  осы  конституциялық 
құқығын шектемеуі керек [1]. 
Дінтануда дүниетанымдық, танымдық, аксиологиялық аспектілерді міндетті 
түрде  бөліп  көрсету  қажет.  «Дінтану»  оқу  курсы  ретінде  ауқымды  тәрбиелік 
потенциалды  қамтиды,  студенттердің  рухани  және  адамгершілік  сипаттарына 
ықпал ететін маңызды фактор болып табылады. Дінтану діннің атқаратын қызметі, 
дін  және  ғылым,  дін  және  философия,  дін  және  мораль,  дін  және  саясат  сияқты 
мәселелерді  зерттеумен  айналысады.  Дінтану  ұлттық  және  әлемдік  діндердің 
тарихи  дамуын  қарастырады  және  әрбір  діннің  халықтар  өміріндегі  маңызын, 
құндылығын,  мәнін,  орнын  ашып  көрсетеді.  Діннің  мәдениеттің  әртүрлі 
формаларымен  бірігіп  және  өзара  әрекеттестігін  қарастыра  отырып,  дінтану 
студенттердің  дүниетанымдық  көзқарасына,  олардың  рухани  әлемінің  негізгі 
құндылықтарының  қалыптасуына  белсенді  түрде  әсер  ете  отырып,  студенттердің 
сана  көкжиегін  кеңейтеді  және  оның  рухани  мәдениетінің  барлық  түрін 
қабылдауына  жол  ашады.  Сектанттықтың  мәнін  түсіндіре  отырып,  дінтану 
студенттердің  назарын  мынаған  аударады:  діни  секта  өз  ұстанымының,  адамның 
әлемнен  ажыратылғандығын,  басқа  адамдардан  оқшауландырылғандығын 
дәлелдегісі  келеді  және  соған  сәйкес,  адамдар  арасында  жаулық,  бір-біріне 
сенімсіздік тудырады. Дінтану белгілі бір діни сенімдерді адамдарға күштеп таңуға, 
басқа  діни  бағыт  өкілдеріне  жаулық  көзқарас  тудыруға  тыйым  салуды  көздейді. 
Бұл пән дін өкілдері мен конфессиялар арасындағы қарым-қатынас төзімділік пен 
келісімге  негізделуін  басты  назарда  ұстайды.  Ол  студенттер  бойында 
толеранттылық пен төзімділікті қалыптастыруға, басқа дін өкілдерінің сенімдеріне 
сыйластықпен  қарауын  үйретуге  бағытталған  және  конфессияаралық  келісімді 
әртүрлі  діни  сенімді  ұстанатын  адамдар  мен  атеистік  бағыттағы  адамдар 
арасындағы қарым-қатынас нормасы ретінде бекітуге ықпал етеді.  
Дін  өзіне  адамгершілік  ілімді  қосады,  ол  адамдардың  мінез-құлық 
ережелері  мен  нормасына,  адамдардың    тұрмысының  жақсаруына,  адамдар 
арасындағы бейбітшілік пен келісімге  бағытталған. Дінтану студенттердің назарын 
адамгершілік  нормалары  мен  принциптерінің  сипатына  аударады,  дін  олардың 
қайнар  көзі  Құдай  деп  есептейді  және  Оның  өсиет  түрінде  көрініс  тапқан  түрлі 
тыйымдар  мен  жазуларын  көрсетеді.  Діни  моральдың  ерекшелігі  оның    Құдайға 
деген  сеніммен  тығыз  байланыстылығында.    Сенім  болмаса  адамда  адамгершілік 
мінез-құлықтың  болуы  мүмкін  емес.  Ал  дін  адамгершілік  қарым-қатынастардың 
маңызды  факторларының  бірі  болып  табылады.  Оның  этикалық  идеалдары  мен 
құндылықтары  жалпы  адамзаттық  сипатта  болады,  ол  әрбір  адамға  жақын, 
түсінікті,  оның  мүмкіндіктері  мен  табиғи  қабілеттеріне  сәйкес  келеді.Ол  адамның 
қолынан  келмейтін  нәрсені  талап  етпейді.  Дінтану,  діннің  адамгершілік 
мазмұнының  гуманистік  мәнін  аша  отырып,  оның  адам  дамуы  мен 
қалыптасуындағы ауқымды потенциалын көрсетеді [3]. 
Дінтанудың  философия,  саясаттану,  тарих,  мәдениеттану,  психология 
сияқты  көптеген  гуманитарлық  пәндер  үшін  маңызы  зор.  Философия  курсында 
Ежелгі  Үнді,  Қытай,  ортағасырлық  Батыс  Еуропа,  Шығыс    Арабия  елдерінің  діни 
философиясы маңызды орын алады. Олар діннің қажеттілігін негіздеп қана қоймай, 
діни  ойлардың  мәнін,  мазмұнын  жан-жақты  талдап  көрсетуді  өздеріне  мақсат 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
137 
тұтқан.  Студенттер  дін  мен  қасиетті  жазулардың  пайда  болуы  мен  дамуының 
тарихи,  әлеуметтік,  мәдени  алғышарттарын  білмей  тұрып  діни-философиялық  ой 
тұжырымдауы мүмкін емес. Философия үшін дінтану кіріспе пән болып табылады. 
Бір жағынан, дінтану діни философияны жан-жақты да тереңірек оқуға көмектессе, 
ал екінші жағынан, философия діннің мән-мағынасын ұғындыруға мүмкіндік береді 
[3]. 
Дін  –  қоғамның  өте  маңызды  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Ол 
әлеуметтік  қарым-қатынастар  мен  әлеуметтік  іс-әрекеттерді  реттеуші.  Дін  мен 
әлеуметтік институттардың өзара әрекеттесуі, діннің әлеуметтік қызметі – дінтану 
мен  әлеуметтанудың  пәні  болып  табылады.  Дін  адамға  қоғамның  әлеуметтік 
құрылысын  дәл  сол  күйінде  қабылдауға  үйретеді.  Дінтану  -  әлеуметтік  тәртіп  пен 
тұрақтылықты сақтауға бағытталған діни сана мен әдептің әлеуметтік мәнін ашып 
көрсетеді.  Бұл  пән  діннің  қызметінің  әлеуметтік  механизмін,  оның  қоғамдық 
қатынастар  жүйесіндегі  орнын  анықтайды.  Соған  сәйкес,  дінтану  әлеуметтанумен 
де тығыз байланыста болады [3]. 
Сонымен қатар, қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі – дін мен саясаттың 
өзара  әрекеттестігі.  Тарихта  дін    саяси  мақсаттарға  жету  құралы  ретінде 
пайдаланылды  және  оның  нәтижелі  болғандығын  да  көреміз.  Ал,  қазіргі  уақытта, 
дін  саяси мәселелерді шешудегі экстремистік әдістерді ақтау құралы болып отыр. 
«Дінтану»  курсындағы  басты  мәселе,  діннің  мәні  –  қандай  мақсатта  болмасын, 
жаулық  пен  күштеу  еместігін  түсіндіру    болып  отыр.  Дін  керісінше,  адамдар 
арасындағы  бейбітшілік  пен  келісімді  басты  орынға  қояды.  Дінтануда  сонымен 
қатар, басты назар аударылатын нәрсе - өз қызметтерінде діни идеяларға сүйенген 
ұйымдар,  партиялар,  саяси  қозғалыстар.  Бұл  пән,  діни  тәжірибе  мен  діни  ілімнің 
маңызын аша отырып, діни лозунгтар арқасында жүзеге асқан саяси мақсаттар мен 
саяси  идеологиялардың  мәнін  көрсету.  Бұл  жағдайда  дінтану  саясаттанудың 
мүддесін алға қойып отыр. Дінтануды курсы  студенттердің   діни сипаттағы саяси 
оқиғаларға қатысты ойланып, саналы түрде шешім қабылдауына көмектеседі [4]. 
Қазақстан тарихын оқу барысында тарихи дамудағы діннің рөліне де басты 
назар  аударған  жөн.  Діннің  арқасында  көшпенді  халық  табиғатпен  гармониялық 
байланыс орнатып, шаруашылық өмірлерін, қандық-туыстық қарым-қатынастарын 
саналы  түрде  ұйымдастыра  алды.  Діни-мифологиялық  дүниетаным  қазақ 
мәдениетінің  рухани  негізіне  айналды.  Ол  өз  кезегінде  қазақ  халқының  өнерінің, 
әдебиетінің, ауызша шығармашылығының ерекшелігіне әсер етті. 
Осындай сипатта, дінтану дінді жан-жақты қарастырып қана қоймай, басқа 
пәндердің  білімдік,  танымдық  мәселелерін  шешуге  көмектеседі.  Жоғары  білімді 
маман  дайындау    жан-жақты  гуманитарлық  білімді  талап  етеді.  Дінтану  курсы 
арқылы  студенттер  мәдениет,  тарих,  қоғам,  адам  туралы  жалпылама  білім  алады 
және  ол студенттің кәсіби мәдениетін шыңдауға септігін тигізеді. Дінтануды білу, 
сонымен  қатар  маман адамның  діни  сезімі  мен  көңіл-күйін  түсінуі  үшін  де  қажет 
болмақ  [4] .  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Введение в общее религиоведение.- М. 2001. 
2. Гараджа В.И. Социология религии. -  М. 2007. 
3. Религия и общество: Хрестоматия по социологии религии.- М. 1996. 
4. Аринин Е.И. Религиоведение. – М. 2004. 
*** 
В  статье  рассматривается  роль  и  место  религиоведческих  дисциплин  в 
системе 
гуманитарного 
образования 
и 
показаны 
мировоззренческая, 
аксиологическая  значимость  религиоведения  и  раскрыты  воспитательные 
возможности этого курса в подготовке специалистов. 
*** 
Іn this article the role and place of religious discipline consideration in the sys-
tem of humanitarian education and shows peaceful meaning of religious. 
 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
138 
   
ӘОЖ  373.1:378           
Кусаинова М.Г., оқытушы, 
  Махимова А.Қ., оқытушы, 
М.Өтемісов  атындағы БҚМУ 

жүктеу 10.91 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет