Жылына 4 рет шығады



жүктеу 10.91 Kb.
Pdf просмотр
бет14/29
Дата26.04.2017
өлшемі10.91 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
§
 
география  пәнінің  әртүрлі  проблемаларына  қатысты  ғылыми  жобаларды 
қорғау  арқылы  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  әдістерін  қолдануға  мүмкіндік 
беру; 
§
 
туған өлке материалдары негізінде экологиялық сауаттылығын арттыру; 
§
 
әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. 
Ғылыми жобадан күтілетін нәтиже:  
География  пәні  мазмұнын  жақсы  меңгерген,  өз  бетімен  шығармашылық 
тұрғыда  жұмыстанатын,  алған  білімін  әртүрлі  проблемаларды  шешуде  тиімді 
қолданатын,  коммуникативтік  икемділігі  қалыптасқан  жеке  тұлға.  М.Өтемісов 
атындағы  БҚМУ-нің  география  кафедрасының  осы  бағытта  жүргізген  жұмысына 
тоқтала келе, келесі тұстарын айта кетуге болады.  
2008 жылдың 24-28 наурыз аралығында аталмыш университеттің география 
кафедрасында  мектеп  оқушыларының  арасындағы  «Менің  өмірімдегі  география» 
атты  облыстық    ғылыми  жоба  бойынша  конкурс  өтті.  Конкурсқа  түскен  ғылыми 
жобаның  жалпы  саны  -  39.  Соның  ішінде  10-ы  ауыл  мектептерінен  қатысты  (6  – 
Тасқала ауданының жалпы білім беретін мектептері, 4 – Казталовка ауданынан: 2 – 
Ғ.Қараш  атындағы  Қараоба  мектеп  гимназиясы,  2  –  М.Жүнісов  атындағы  жалпы 
білім  беретін  орта  мектеп).  29  ғылыми  жоба  жұмыстарын  қала  мектептерінің 
оқушылары ұсынды (№6, 20, 43, 24, 42, №28, №33, №16, №34, №13, №21, №35, №8, 
№12, №44, №5).  
Ғылыми  жоба  бойынша  жұмыстанған  оқушылардың  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының  28,2%  –  экологиялық  проблемаларды,  7,6%  -  демографиялық 
жағдайларды,  25,6%  –  туризмді  дамыту  проблемаларын,  7,6%  –  климатты 
болжауды,  ал  31%  –  саяси-экономикалық  география  бөліміне  қатысты 
проблемалардың ерекшеліктері мен бүгінгі күннің маңызды мәселелерін зерттеуді 
басты объект ретінде алған.  
 Жобаны қолдануда оқушылардан күтетін нәтиже ретінде проблемаларды өз 
беттерімен шығармашылық тұрғыда шешуге қабілетті оқушылардың:   

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
121 
- ақпарат құралдарымен сауатты жұмыс жасауы; 
- алған білімін практикада қолдануы;  
- өз білімі мен мәдени деңгейін көтере алуы;  
- коммуникативтік икемділіктің нормаларын көрсете білуі қарастырылады. 
Оқушылардың  жобалық  жұмысқа  деген  қызығушылығын  арттыру  үшін, 
әртүрлі  арнайы  әдіс-тәсілдерді  қолдану  арқылы  олардың  жоба  тақырыбына  деген 
мотивтерін  тудырып,  материалды  түсінуін  қамтамасыз  ету  қажет.  Болашақта  осы 
сияқты  жұмыстарды  ұйымдастыруда  облыстық  және  қала  мектептеріне  жоба 
туралы нақты ақпаратты уақытылы жеткізуді қолға алу керек деп есептеймін.  
Мектеп  қабырғасында  оқушыда  зерттеу,  іздеу,  анықтау,  дәлелдеу,  т.б. 
дағдылары  қалыптасып,  жобалау  әдісі  негізінде  оқушы  уақытты  ықшамдауды 
үйренеді.  Бұл  келешекте  оқушының  өз  өмірінің  менеджері  болуына  аса  қажетті 
икемділіктің  бірі  деп  айтуға  болады.  Қорыта  келе,  бұл  жобаның  болашақта 
оқушыға берері зор деп ойлаймын, себебі оқушы болашақ студент ретінде ғылыми 
жұмысқа  қызығушылығын  арттыра  отырып,  ғылыми  ізденіс  бағытында 
жұмыстануға тәжірибе жинақтайды. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасы, Білім-Образование, №1, 2004.  
2.
 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ережелер. – Астана, 2006. 
3.
 
Бахишева  С.М.  «Педагогикалық  білім  беру  жүйелерін  басқарудағы 
жобалау.  Конференция  материалдары».  Орал,  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ, 
2007. 
*** 
В данной статье рассматривается проектный метод обучения как основа 
научно-исследовательской  работы  учащихся  общеобразовательных  учреждений. 
Метод  проектов  направлен  на  освоение  учащимися  способов  деятельности,  со-
ставляющих коммуникативную, информационную компетентность и компетент-
ность разрешения проблем как результаты 12-летнего среднего общего образова-
ния.   
*** 
This  article  discusses  the  design  method  of  instruction  as  the  basis  for  the  re-
search work of students of educational institutions. 
Method  of  projects  aimed  at  developing  students  ways  of  constituting  the  com-
municative, informational competence end problem-solving competence as the results of 
twelve-year secondary education. 
 
 
ӘОЖ 371.3:371.23 
Ауелбаева Н.Ж. 
оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ  
 
КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК 
ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың 
ережесіне  сәйкес,  кредиттік  оқыту  технологиясы  дегеніміз  -  білім  алушы  мен 
оқытушының  оқу  жұмысы  көлемінің  біріздендірілген  өлшем  бірлігі  ретінде 
кредитті  қолдану  арқылы,  білім  алушының  пәндерді  таңдауы  және  реттілікпен 
оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде оқыту. 
Қазіргі  кездегі  ақпараттық  қоғам  жоғарғы  оқу  орындарының  алдына  өз 
бетінше керекті білімін ала алатын және оны практика жүзінде қолдана  алатын; өз  
бетінше  сынмен  ойлауға,  нақты  жағдайда  туындайтын  мәселелерді  көре білетін 
және  оларды  шешу  жолдарын  іздей  алатын;    ақпаратпен  сауатты  жұмыс  істеуге 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
122 
қабілетті;  әр  түрлі  әлеуметтік  топтарда,  ұжымдарда  жұмыс  істей  алатын;  өз   
бетінше          ой-өрісін,    мәдени          деңгейін        дамыта          алатын          қабілетті  
мамандарды тәрбиелеуді талап етеді [1].   
Кредиттік  оқыту  технологиясын  пайдалану  арқылы  оқу  үдерісін 
ұйымдастырудың  басты  міндеттерінің  қатарына:  білім  көлемін  біріздендіруді, 
оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызуды, білім алушылардың өзіндік 
жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейтуді, білім алушының оқудағы шынайы 
жетістіктерін  оларды  тиімді  бақылау  рәсімдері  негізінде  анықтауды  жатқызамыз. 
Кредиттік  оқыту  технологиясының  негізгі  міндеттерінің  ішінде  -  оқытудың 
интерактивті  әдістерін  пайдалану,  білім  беру  бағдарламаларын  меңгеруде  білім 
алушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыруды атап өткен жөн. 
Кредиттік технологиялық оқыту үдерісінің сапасын көтеруі мен сол үдерісті 
реттеу  үшін  студенттердің  өзіндік  жұмысын  ұйымдастырудың  мәні  өте  зор. 
Студенттің  дербес  ойлауын,  танымдық  белсенділігін  туындату  үшін  жағдай 
жасайтын  кез  келген  жұмыс  түрі  өзіндік  жұмыс  деп  аталады.  Кең  мағынада 
алғанда,  өзіндік  жұмыс  дегеніміз  –  студенттің  оқу  аудиториясындағы  және  одан 
тыс та, оқытушының қатысуымен және оның қатысуынсыз да дербес орындалатын 
барлық  жұмыстары.  
Студенттердің өзіндік жұмыстары: 
1.
 
Негізгі  аудиториялық  сабақ  барысында  –  дәрістерде,  практикалық, 
семинар сабақтарында, зертханалық жұмыстарды орындауда; 
2.
 
Оқытушының  бақылауымен  жүргізілетін  өзіндік  жұмыстар  -  оқу 
мәселелері  бойынша  жоспарлы  кеңестер  беруде,  шығармашылық  байланыстар, 
сынақ, емтихандар, академиялық қарыздарын жою кезінде, т.б; 
3.
 
Кітапханада,  үйде,  жатақханада  оқу  және  шығармашылық,  жеке  үй 
тапсырмаларын,  ғылыми-ізденушілік  жұмыс  орындау  барысында  жүзеге 
асырылатын өзіндік жұмыс. 
Өзіндік  жұмыстарды  құрылымдық  2  бөлікке  бөлуге  болады:  оқытушының 
жетекшілігімен  жүргізілетін  өзіндік  жұмыс  және  оқытушының  тікелей 
бақылауынсыз  студенттің  өз  қарауы  бойынша  ұйымдастыратын  өзіндік  жұмысы 
(дәріске,  лабораториялық,  практикалық  сабақтарға,  коллоквиумға  әзірленуі,  т.б). 
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмыс студенттің кәсіби өзін-өзі 
дамытуға  нысаналы  даярлығын  дамытуды  педагогикалық  тұрғыда  қамтамасыз 
етеді.  СӨЖ-ның  мақсаттары  –  студенттерде  өзіндік  шығармашылық  еңбекке 
дағдыларын  қалыптастыру,  қазіргі  заманғы  құралдарды  пайдаланып,  кәсіптік 
тапсырмаларды  шеше  білу,  өзінің  білімін  үздіксіз  жетілдіру,  жұмыс  уақытын 
жоспарлау және ұйымдастыру тәжірибесін алу және ой-танымын кеңейту. 
СӨЖ-ын ұйымдастыру технологиясының элементтері: СӨЖ-ын жоспарлау, 
әдістемелік  қамтамасыз  ету,  бағалау  және  тексеру,  талдау  жасау  мен    оны 
жетілдіру.  СӨЖ-ын  ұйымдастыру  үдерісі,  оның  технологиясы  мына  факторларға 
тәуелді:  СӨЖ-ның  дәріс  және  практикалық  сабақтарға  бағытталуы,  пәннің  нақты 
тақырыбын  қарастырғанда  СӨЖ-ның  орнын  белгілеу,  СӨЖ-ның  нысандарын 
дұрыс талдау,тапсырманы орындау үшін қолданатын әдістемелік нұсқаулар, СӨЖ-
ның әртүрлі сабақтармен сәйкестігі [2]. 
Кредиттік    оқыту    жүйесі    бойынша    студенттің    өзіндік    жұмыстарының  
(СӨЖ)  әр  алуан  түрлері  ұйымдастырылады.  Ол  -  оқу-әдістемелік  әдебиеттерді  өз 
бетінше  оқу,    аудиториялық      сабақтарға      дайындалу,  рефераттар,  сырттай  оқу 
бөлімі  студенттерінің  бақылау  жұмыстары,  шығармалар,  есептер,            тесттерді    
дайындауды    қарастыратын  сабақ  түрі,  жеке  консультациялар,  кейбір 
тақырыптардың  тереңдетіліп  оқытылуы,  коллоквиумдар,  интернет  желісіндегі 
жұмыс, т.б. 
СӨЖ-ның аудиториядан тыс түрлері әр алуан:  берілген тақырып бойынша 
рефераттар,  баяндамалар,  т.б  жазба  жұмыстарын  орындау.  Студентке  тақырып 
таңдау  құқығын  ұсынған  дұрыс.  Үй  тапсырмаларын  орындау  –  жаттығулар 
орындау, есеп-тапсырмаларды шешу (мысалы, ситуацияларды, казустарды), мәтінді 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
123 
аудару, глоссарий құру, әдеби дереккөздерді  іріктеу, оқу, сызбанұсқалар, кестелер 
тәрізді  әртүрлі  графикалық  жұмыстар  орындау,  студенттің  дербестілігі  мен 
бастамашылдығын  дамытуға  арналған  әртүрлі  жеке  тапсырмалар  орындау.  Жеке 
тапсырма  әрбір  студентке  немесе  студенттердің  бір  бөлігіне  берілуі  мүмкін: 
курстық  жұмыстарды  орындау,  ғылыми-теориялық  конференцияларға,  байқаулар 
мен олимпиадаларға қатысуға әзірлену, т.б. Студенттердің аудиториядан тыс СӨЖ-
на  оң  көзқарасын  қалыптастыру  үшін  СӨЖ-ның  әрбір  кезеңінде  жұмыс  мақсатын 
түсіндіру, бұл мақсаттарды студенттердің ұғынғандығын бақылау қажет, біртіндеп 
олардың өзінде мақсат таңдау, міндет қою іскерліктерін қалыптастыруға болады. 
Жоғарыда  атап  өткендей,  аудиториялық  өзіндік  жұмыс  негізінен  дәріс  оқу 
кезінде,  практикалық,  семинар  сабақтарын  жүргізу,  лабораториялық  практикум 
орындау  барысында  жүргізіледі.  Дәріс  курсын  оқу  кезінде  проблемалық  сұрақтар 
қою  арқылы,  нақты  тақырып  бойынша  сұрақтармен,  тестілік  сұрақтармен 
студенттердің  материалды  игеруін  бақылау  қажет.  Практикалық,  семинар 
сабақтарында  СӨЖ-ның  әр  алуан  түрлерін  қолдану  оқу  үрдісін  қызықты  етеді, 
студенттердің  белсенділігін  көтереді.  Сондықтан,  семинар  сабақтарында 
интерактивті  оқыту  әдістерін  қолданған  жөн.  Лабораториялық  практикумдарды 
орындауда да белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдануға болады [3]. 
Әр  пәннің  СӨЖ-ның  түрін  және  нысанын  таңдау  пәннің  талаптары  мен 
мақсатына сай болу керек. СӨЖ  қазіргі заманғы мамандар дайындау талаптарына 
сай  болуы  үшін  кафедраның  оқытатын  пәндері  бойынша  жоспарлаған  СӨЖ 
нысандарының  тізімі  алуан  түрлі  интерактивті  оқыту  әдістерін  (кафедраның 
мамандануына сай) қолдану керек.  
Студенттердің  өзіндік  жұмыстары  –  оқу  үрдісінің  ең  маңызды 
компоненттерінің  бірі  болғандықтан  оған  үлкен  көңіл  бөлудің  маңызы  зор.  СӨЖ 
жоспарлау,  ұйымдастыру,  бақылау  және  сараптау  оқу  үдерісін  ғылыми 
ұйымдастырудың  маңызды  құрамды  бөлігі  болып  табылады,  ол  оқу  жұмысының 
толық  басқарылуын  және  қажетті  тиімділігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді. 
СӨЖ үдерісі инновациялық технологияларды пайдалануға негізделуі қажет.  
Интерактивтік  оқыту  әдістері:  «Миға  шабуыл»,  «Класстер»,  «Шағын 
топтарда  жұмыс  істеу»,  «Бұрыштар»,  «Құндылық  желісі»,  «Галереяға  шарлау», 
«Презентация»,  «Рөлдік  ойындар»,  «RAFT»,  «Автор  үстелі»,  «Жаттығулар 
(логикалық  есептер)»,  «Топтық  мозаика»,  «Тор»,  «Қос  жазба  күнделігі»,  «Мен 
зерттеймін»,  «Т  кестесі»,  т.б.  Интерактивті  оқыту  білім  алушылардың  бірнеше 
қабілеттерін  дамытады:  өз  пікірін  құру  және  оны  айту,  басқа  адамның  пікірін 
сыйлау, оқу материалын нақты зерттеу; оқу материалына шығармашылық көзқарас, 
үлкен  аудиторияның  алдында  сөйлеу  және  өзінің  көзқарасын  дәлелдеу,  алынған 
ақпаратты талдау, өзіндік және табысты жұмыс істеу қабілеттілігін дамыту, өзінің 
жеке даралығын  көрсету. 
СӨЖ  материалдары  кафедраның  профессорлық–оқытушылық  құрамымен 
құрастырылады  және  мынадай  құжаттардан  тұрады:  пәнді  оқудың  барлық 
кезеңдеріне  есептелген  СӨЖ  тақырыптары;  типті  және  оқу  жұмыс 
бағдарламаларының  негізгі  бөлімдеріне  сәйкес  келетін  тапсырмалар  жүйесі;  эссе, 
баяндамалар,  проблемалық  тақырыптар,  аннотациялар  және  т.б.  жұмыстардың 
тақырыптары;  негізгі  және  қосымша  әдебиеттің  тізімі;  кеңестік  көмектің  түрлері, 
бақылау  түрлері;  бағалау  критерийлері,  жұмыстың  ұсынылатын  көлемі,  оны 
орындаудың ұсынылатын мерзімдері.  
Студенттердің  өзіндік  жұмысына  тапсырмалар  ауызша  және  жазбаша 
нысандарда  берілуі  мүмкін.  Студенттердің  өзіндік  жұмысы  үшін  тапсырмалардың 
мысалдары:  
1. Жазбаша жұмысты дайындау ( эссе, баяндама, бақылау тапсырмасы). 
2.Библиографиялық мәліметтерді өңдеу (картотека құрастыру), кітаптарды, 
мақалаларды, препараттарды аннотациялау.  
 3. Іздеу-зерттеу сипаттағы тапсырмаларды орындау (интернет арқылы).  
4. Салыстырмалы-баламалы кестелерді дайындау. 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
124 
5.  Проблемалық  мақала  бойынша  ғылыми-әдістемелік  әдебиеттерді  терең 
сараптау.  
6.  Семинар  жұмысына  қатысу:  семинардың  баяндамасының  конспектісін, 
рефераттарды дайындау, тапсырмаларды орындау.  
7.  Лабораторлы-практикалық  сабақтар:  нұсқауларға  және  әдістемелік 
нұсқауларға сәйкес экспериментті өткізу және қорытындысын шығару.  
8.  Өзіндік,  бақылау  жұмыстарын  орындау  барысындағы  СҒЗЖ,  ғылыми 
жобаны  дайындау  және  теориялық  қорытындылардын  қолдану  (ғылыми 
конференция арқылы).  
9.  Практика  барысында  материалдарды  бақылау  және  жинақтау  бойынша 
тапсырмаларды орындау: альбомдар, хаттамаларды құрастыру, т.б.   
Студенттердің  өзіндік  жұмысын  орындауға  оқытушының  жетекшілігі 
мынадай  жолдармен  жүргізіледі:  ағымдағы  сұхбат  және  бақылау,  кеңестер, 
оқытушының  СӨЖ-ын  түзетуі,  студенттердің  қарама–қарсы  рецензиялауы, 
дискуссия, сараптама, рецензиялау, оқытушының бағасы, қорытынды шығару және 
т.б.  
СӨЖ  қорытындылары  жазбаша  эссе,  глоссарий,  баяндама,  бақылау, 
жазбаша  жұмысы,  ғылыми  мақала,  аудио-бейне  есептер,  шығармалар  және  т.б. 
түрінде;  сонымен  қатар  практикалық  тапсырма  альбомдар,  хаттамалар, 
аннотациялау,  лабораторлы  тәжірибені  енгізу  және  т.б.  түрінде  тапсырылуы 
мүмкін.  СӨЖ  қорытындылары  студенттердің  ғылыми  конференциясында, 
студенттердің  ғылыми  ұйымының  отырыстарында,  олимпиадаларда,  сабақтарда, 
кафедра сайтының СӨЖ бөлімінде көрсетілуі мүмкін.  
Оқытушылар  әр  пәннің  оқу-әдістемелік  кешенінде  студенттердің  өзіндік 
жұмыстары  бойынша  өзіндік  жұмыстарды  тексеру  нысандарын,  СӨЖ-ді  орындау 
талаптары  және  одан  күтетін  нәтижелері  мен  тапсыру  уақытын,  консультациялар 
уақытын, әр түрлі тапсырмаларды бағалау критерийлерін көрсетеді [4]. 
Өзіндік  жұмысқа  студенттердің  емтихандарға  әзірлігі  де  жататындықтан, 
пәннің  оқу-әдістемелік  кешендерінде  емтихан  сұрақтарымен  қатар  емтиханға 
дайындалуға  арналған  оқытушының  әдістемелік  нұсқаулары  да  болу  қажет  деп 
санаймын. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Убаева  Ж.Қ.,  Тынымкулова  Г.Ж.  Кредиттік  оқыту  жүйесінде 
студенттер білімін бақылауда жобалар әдісін қолдану. Ақтөбе қ.,2008. 
2.
 
Сүгірбекова  Г.К.,  Таубаева  Р.С.,  Мадалиева  Э.Б.  Кредиттік 
технологиядағы студенттердің өзіндік жұмысының рөлі. Тараз қ., 2006. 
3.
 

Основы  кредитной  системы  обучения  в  Казахстане

  Гамарник  Г.Н., 
Абдрасилов Б.С. /МОН  РК. Астана, 2004. 
4.
 
Полат  Е.С.    Новые  педагогические  и  информационные  технологии  в  
системе  образования. Москва: Академия, 2001.   
 
*** 
В 
статье 
рассматривается 
значение 
и 
виды 
организации 
самостоятельных работ при кредитной технологии обучения. 
                                                        
*** 
The  article  considers  the  meaning  and  kinds  of  self-work  organization  in  credit 
technology of training. 
 
 
 
 
 
 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
125 
 
 
 
ӘОЖ 372:57         
Ихласова Ж.М.  
  оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
 
МЕКТЕПТЕ БИОЛОГИЯДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ 
ЖҮРГІЗУ 
 
Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі – жастардың білімінің тереңдігімен 
өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. 
Бүгінгі таңда ғылымның өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-
жақты  дамытуда,  білім  беруде  ғылымның  соңғы  жетістіктерін  қолданып, 
шығармашылық  жұмыстарды  жасауға  қабілетті,  дүниетанымдық    көзқарасы  кең, 
рухани  бай    тұлға  дайындау.  Мектепте  биологиядан  жүргізілетін    сыныптан  тыс 
жұмыстар курсы «050113-Биология» мамандықтарында  жүргізіледі. 
Мектепте  биологиядан  жүргізілетін    сыныптан  тыс  жұмыстар  пәнінің 
мақсаты студенттерге болашақ мұғалімдер ретінде білім мен білік қалыптастырып, 
мектепте  биологиядан  оқу-тәрбиелік  жұмыстарды  жүргізуге  дайындап,  өз  бетімен 
жұмыс  жасауын    және  шығармашылық  жағынан  дамыту.  Жаратылыстану 
бағытында студенттерге ғылыми негізде дәлелденген  нақты, терең білім беру.  
Мектепте  биологиядан  жүргізілетін    сыныптан  тыс  жұмыстар  курсының 
биология мамандығында оқитын студенттер үшін маңызы өте зор. Себебі, болашақ 
мұғалім  ретінде  педагогикалық  сараманға  барады.  Сараман  кезінде  студент-
машықкердің  әрекеттері  алуан  түрлі  қызметтермен  сипатталады:  ақпараттылық, 
дамытушылық,  ұйымдастырушылық,  жан-жақтылық,  ғылыми-зерттеулік,  т.б. 
Сондықтан  да,  сараман  кезінде  бақылау,  талдау,  мұғалімнің  сабақтарына  қатысу, 
биологиядан сыныптан тыс жұмыстар жүргізу қызметтерін атқарып, мұғалімге тән 
тұлғалық-кәсіби қасиеттерді меңгереді.                                                                                                                      
   Мектеп 
– 
оқушылардың 
ғылыми-материалистік 
көзқарасын 
қалыптастырып, еңбекке деген қажетті практикалық білімі мен білігін тауып, жаңа 
білімді  өздігінен  игеруге  құштарлығын  дамытып,  зерттеу  жұмысына  деген 
қызығушылығын,  т.б.  іс-әрекеттерді  жүзеге  асырады.  Оқушының  жан-жақты 
дамыған жеке тұлға болып қалыптасуында мектептік биология курсы үлкен қызмет 
атқарады.  Күнделікті  биология  сабағынан,  зертханалық  және  сарамандық 
сабақтардан  оқушылар  тірі  табиғат  туралы  және  ауыл  шаруашылығы  саласында 
биологиялық заңдылықтардың қолданылуы туралы терең де берік білім алады [3]. 
 Биологияны оқыту барысында тек білім беріліп қана қоймай, оқушыларды 
патриоттық 
тәрбиеге, 
эстетикалық 
талғамға, 
табиғатты 
қорғауға, 
еңбексүйгіштікке,т.б. бағытта тәрбиеленеді. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны 
оқу  бағдарламасымен  шектелмейді,  оқушының  қызығушылығына  негізделе 
отырып, сабақ бағдарламасынан тыс материалдарды да қамтиды.   
Мектепте  биологиядан  жүргізілетін  сыныптан  тыс  жұмыстар  жіктеледі: 
жеке форма, топтық форма, жалпы форма [2]. 
 Сыныптан  тыс  жұмыстың  жеке  формасы,  барлық    сыныптан  тыс  жұмыс 
түрлерінде  қолданылады  және  барлық  мектептерде  байқалады.    Сыныптан  тыс 
жұмыстың  жеке  формасы  бұл  –  табиғатты  тануға  және  зерттеуге  қызығушылығы 
бар  оқушылар  мен  жүргізілетін  жұмыс  түрі.  Мұғалім  оны  ақыл-кеңес  беру  
үрдісінде жүзеге асырады. Жеке  оқушыға әдебиеттер ұсынады, бақылау жүргізуге 
қызықтырады,  тәжірибе  қояды,  жұмысына  қорытынды  жасайды.  Егер  оқушыда 
биология  пәніне  қызығушылығы,  бейімділігі  байқалса  ғана,  сыныптан    тыс 
жұмыстың жеке формасы сол уақытта ұйымдастырылады.  
Жеке  форма  -  жеке  оқушының  биологияға  қатысты  қызығушылығынан 
туған сұрақтарға жауап береді. Тәжірибелі биолог мұғалім - өз алдына белгілі бір 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
126 
мақсат  қойады  және  оған  жету  үшін  оқушының  қызығушылығын  анықтап,  жеке 
тапсырма  беріп,  оны  сол  немесе  басқа  бағытта  дамыту  үшін  тапсырма  мазмұнын 
күрделендіріп, кеңейтіп қадағалап отырады. Жеке тапсырманы орындау оқушының 
зерттеу жұмыстары кезінде білім мен біліктілігін арттырады. Жеке  сыныптан тыс 
жұмыстың  негізгі  түрлеріне:  табиғаттағы  өсімдіктер  мен  жануарларды  бақылау, 
оқу-тәжірибе  аймағындағы,  тірі  табиғат  бұрышындағы,  құсқа  жасанды  ұя  жасау, 
реферат даярлау, т.б. тәжірибелер мен бақылаулар жатады. 
Мектептегі  сыныптан тыс жұмыстардың  келесі формасы - топтық. Топтық 
форма  бұл  –  анықталған  белгілі  бір  уақыт  (2-3жыл)  аралығында,  биологияға 
қызығушылығы  бар  тұрақты  оқушылар  тобымен  жүргізілетін    жұмыс.  Топтық 
кластан  тыс  жұмыстың  эффектілігі  мен  маңыздылық  дәрежесі  оны  дұрыс 
жоспарлауға  байланысты.  Кластан  тыс  жұмыстың  топтық  формасы  жоспарланған 
мақсаты,  материалдары  бар  әр  түрлі  жұмыс  түрлерімен  толықтырылады.  Жұмыс 
жоспары сондай жұмыс түрін қамту керек, нақтылы жағдайда оқушылардың күші 
жететіндей.  Топтық  жұмысқа  мектептегі  үйірме  сабақтары  жатады.  Мысалы, 
мектепте  биология  пәнінен  көрнекіліктер  аз  делік,  оны  шешу  үшін  көрнекіліктер 
жасайтын  үйірме  жұмысын  ұйымдастыруға  болады.  Үйірме  жұмысы  көптеген 
тапсырмаларды  шешеді.  Бұл  эстетикалық  тәрбие,  кеңістіктік  және  көлемдік 
бейнелеу  шегінің  дамуы,  бақылаушылық  және  ойлауды,  қолмен  жұмыс  жасау 
біліктілігінің  жетілуі,  ең  бастысы  оқушы  өз  жұмыстарының  нәтижесін  көреді. 
Топтық  жұмысқа  мектепте  жүргізілетін  және  ұйымдастырылатын  барлық  топтық 
шаралар  жатады:  құстар  күні,  көңілді  тапқыштар  клубы  (КВН),  орман  күні, 
денсаулық  күні,  бау-бақша  күні,  т.б.    Бұл  жұмыстарды  жүзеге  асыру  үшін,  ең 
алдымен  мұғалім  биологияға  қызығушылығы  бар  оқушылардан  топ  құрайды,  осы 
топқа  орындалуға  тиісті  жұмыстарды  тапсырады.  Негізінде  бұндай  топтар  осы 
немесе  басқа  да  топтық  шаралардың  жұмыстарын аяқтағаннан  кейін  тарап  кетеді, 
кейін  басқа  бір  топтық  шараларды  жүзеге  асыру  үшін  қайта  құрылады.  Жаңадан 
құрылған  топта  оқушылар  саны  өзгеріп  отыруы  мүмкін,  бұрын  қатысып  көңілі 
толмаған  оқушы  шығып  қалса  керісінше,  бұрын  шараға  қатыспаған  басқа  оқушы 
топқа  қосылады.  Топтық  жұмыс  мұғалімнің      ұйымдастыруымен  туған  өлке 
табиғатын зерттеу мақсатында да  өткізіледі. 
Мектептегі  сыныптан  тыс  жұмыстардың  бірі  -  жалпы  формасы.  Жалпы 
формаға  -    бірнеше  оқушылардың  жиынтығымен  жүргізілетін  жұмыс  түрлері 
жатады.  Олар  тәрбиелік  бағыттағы,  қоғамдық-пайдалы  бағыттағы  жұмыстар. 
Жалпы  жұмыс  натуралистік  бағытта  биология  пәні  мұғалімінің  ұсынысымен 
ұйымдастырылады.  Жалпы    сыныптан  тыс  жұмысқа  бірнеше    сыныптың  немесе 
бүкіл мектептің  оқушылары тартылады. Жалпы  сыныптан тыс жұмыстар қоғамға 
пайдалы  бағыттағы  сипатқа  ие.  Мектепте  мынадай  жалпы  бағыттағы  шаралар 
ұйымдастырылады:  бау-бақша  апталығы,  орман  апталығы,  биология  апталығы, 
ағаштар  мен  бұталардың  тұқымдарын  жинау,  құстар  үшін  қысқа  азық  жинау, 
ағаштар  отырғызу,  ауылшаруашылығы  зиянкестерімен  күрес,  жас  балық 
шабақтарын күту, дәрілік өсімдіктерді жинау, атақты биолог-ғалымдарға арналған 
кештер,  биологиялық конференциялар, т.б. жатады [1] . 
Жоғарыда  аталған  барлық    сыныптан  тыс  жұмыс  формалары  мен  түрлері 
өзара  байланысты  және    бір-бірін  толықтырып  отырады.  Жұмыс  формалары 
араларындағы байланыстың дамуынан белгілі педагогикалық заңдылық байқалады. 
Мектепте  шараны  ұйымдастыру  бөлімі,  бір  ай  бұрын  өткізілетін  шара  туралы 
хабарландыру  жазып,  барлық  мектеп  оқушыларын  белсенді  қатысуға  шақырады. 
Әрбір  мектептік  жалпы    сыныптан  тыс  жұмысты  жүргізер  алдында,  үйірмеге 
қатысушылар  жұмыстың  мазмұнын  және  көлемін  анықтайды,  керекті    нұсқауды 
алады,  қажетті  білім  мен  білікті  қалыптастырады,  кейін  барлық  оқушыларға 
таныстырады.  Мысалы,  тұқым  мен  жемістерді  жинау  керек  болса,  алдын  ала 
оларды  қайдан  жинау  керектігін  біледі,  оқушы  соған  сәйкес  ағаш  немесе 
бұталармен  танысады,  тұқым  немесе  жемістерінің  сыртқы  құрылысымен  оларды 
жинауға,  сақтауға  байланысты  арнайы    қабырға  газетін  шығарады.  Жұмыстардың 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
127 
өзіндік  ерекшелігіне  байланысты,  кейбір  қоғамдық  жалпы  жұмыстар  жыл  бойына 
жүргізіледі.    
Мектепте  сыныптан  тыс  мерекелердің  ұйымдастырылып  өткізілуіне  көп 
көңіл  бөлу  керек.  Дәстүрлі  мерекелік  шаралардан  басқа  да,  әртүрлі  биологиялық 
бағыттағы  кештердің  өтуін  қадағалайды.  Қандай  болмасын  мектепішілік, 
мектепаралық шараларды өткізуде мұғалім алдымен тақырып таңдайды. Кез-келген 
мерекені  жоспарлауда  мұғалім  жұмыс    түрін  нақты  анықтап,  өткізу  жоспарын 
құрып  оны  орындайтын  оқушыларға  тапсырманы    түсіндіреді.  Мерекелік  кешке 
дайындық  қысқа  мерзімді  және  ұзақ  мерзімді  болуы  мүмкін.  Жалпы  мектепішілік 
демалыс  күнгі  тұқым  және  жемістерді  жинау  ұзақ  дайындықты  қажет  етпейді. 
Бұндай  жұмыстарға  оқушыларды  тарту  үшін  шара  ішіне  ойын  элементтерін, 
жарыстар,  т.б.  енгізуге  болады.  Мысалы,  тұқымы мен  жемісі  ең  көп  жерді  табуға 
тапсырма беру, ол үшін конкурс жариялап, топтар немесе звенолар арасында жарыс 
ұйымдастырылады. Ал, керісінше Егін мерекесін өткізу үшін оқушылар жыл бойы 
дайындалады  [4].  Бұл  жеке  немесе  тұтастай    оқушының  жылдық  жұмыстарының 
қорытындысын  демонстрациялауға  мүмкіндік  береді.  Оқушылар  жылдық 
бақылауларын күнделікке жазып жүреді. Егер мүмкіндік болса фотосуретке түсіріп, 
суреттерін салып, егіске есеп жүргізіп, көрмеде демонстрациялауға болады. 
Дәстүрлі түрде өткізілетін мерекелік шараның құрылымы: 
1. Мерекенің салтанатты ашылуы және қатысушыларды құттықтау; 
2. Мектеп ұжымының жетістігі туралы қысқа хабарлама; 
3. Мектеп юннаттарының жасаған жұмыстары туралы хабарлама (есебі); 
4.  Мектеп  көрмелерін  тексеру  (әрбір  мектеп  өсімдіктер  экспонаты  бар 
стенды көрсетеді);              
5.  Мерекелік  концерт,  карнавал  (мектеп  мереке  тақырыбына  байланысты 
бірнеше нөмірлермен шығады);   
6. Үздік  қатысушыларды марапаттау (іріктеуді арнайы комиссия жүргізеді, 
олар  көрмені  тексереді,  жүргізілген  жұмыстарының    есебін  тексереді  және  әдеби 
өзіндік іс-әрекеттері тексеріледі) [5]. 
Бұндай  шараларға  ғылыми-зерттеу  орталығынан  және  мәдени  өсімдіктер 
өндіруде еңбек еткен басқа да сыйлы қонақтар шақырылады. Олардың кеңестерін, 
ұсыныстарын оқушылар ерекше қабылдайды.  
Өткізілген сыныптан тыс жұмыстар мына бағытта талданады: 
1.
 
Сыныптың тәрбие жұмысы жүйесіндегі орны, тақырыбы және  мақсаты.  
2.
 
Тақырыптың өзектілігі және оқушылардың жасына, жеке ерекшеліктеріне 
және оған сәйкестігі. 
3.
 
Шараны  дайындау  әдісі:  жоспар  құру,  тапсырманы  түсіндіру,  басқару 
және бақылау әдістері. 
4.
 
Тақырыптың ғылымдылығы, ақпараттылығы және оны өткізу әдісі. 
5.
 
Оқушылардың тәртібі, белсенділігі, шараның түріне қатысы. 
6.
 
Мұғалімнің  сөйлеу  мәнері,  дауысы,  шешендігі,  оқушылармен  қарым-
қатынасы. 
7.
 
Сыныптан 
тыс 
жұмысты 
ұйымдастыру, 
өткізу 
барысындағы 
қиыншылықтар, жетістіктер және олардың себебі.  
8.
 
Шараның  оқушылардың  білімін  толықтыру,  ой-өрісін  кеңейту  және 
тәрбие беру бағытындағы маңызы. 
9.
 
Қорытынды, кеңес, ұсыныс, бағалау. 
  Мұғалім мектеп  оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты шараны әр 
түрлі бағытта ұйымдастыра алады. 
Қорыта  айтқанда,  мектепте  биологиядан  жүргізілетін  сыныптан  тыс 
жұмыстар курсы барысында студент мынадай біліктіліктерді меңгереді: 
-
 
биологиядан сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау; 
-
 
сыныптан  тыс  сағаттар  және  тәрбие  жұмыстарының  конспектілерін 
дайындау; 

 
                     
Вестник
 

1-2011
г

 
128 
-
 
мектеп  оқулықтарымен  және  әдістемелік  әдебиеттермен  жұмыстану, 
материал  жинақтау,  сыныптан  тыс  жұмыстарға  көрнекілік,  техникалық  құралдар 
таңдау; 
-
 
сыныптан тыс жұыстарды өткізуде жаңа инновациялық технологияларды 
таңдау; 
-
 
сыныптың  даму  деңгейіне,  олардың  жалпы  іскерлігі  және  дағдыларына, 
даму дәрежесіне диагностика жүргізу; 
-
 
ғылыми-ізденіс іс-әрекеттерін жүзеге асыру. 
  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Никишов    А.Н.  Внеклассная  работа  по  биологии.  –  М.:  Просвещение, 
1974г. (стр.7-24). 
2.
 
Панкина      М.И.  Молодому  учителю  биологии.  -    г.  Уральск,  1998.                  
(стр.51-56). 
3.
 
Захлебный    А.Н.  Экологическое  образование  школьников  во  внеклассной 
работе. -М. : Просвещение, 1984г. (стр.18-25) . 
4.
 
Трайтак  Д.И. Как сделать интересной внеклассную работу по биологии.  
-  М.: Просвещение, 1979. (стр.5-15). 
5.
 
Задорожный    К.Н.  Предметная  неделя  биологиив  школе.    -  Ростов-на-
Дону: «Феникс», 2001г. (стр.10-20).   
*** 
В статье рассмотрены формы и методы проведения внеклассных работы 
по биологий.  
*** 
The article deals with forms and methods of conducting extra – curricular work 
in Biology.   
 
 
ӘОЖ 372.851:512 
Мухамбетова Ғ.Г. 
оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 

жүктеу 10.91 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет