Жылдың қазан айынан шығады



жүктеу 12.61 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата15.09.2017
өлшемі12.61 Mb.
  1   2   3   4   5

ЎЛЫСТЫЅ ЎЛЫ КЇНІ ЌЎТТЫ БОЛСЫН!

Қ. И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  ГАЗЕТІ

ГАЗЕТА  КАЗАХСКОГО НАЦИОНАЛЬНОГО ТЕХНИЧЕСКОГО  УНИВЕРСИТЕТА имени К. И. САТПАЕВА

2000  жылдың 

қазан айынан шығады

№3 (117)


наурыз

2012 жыл


РУХАНИЯТ. АДАМГЕРШІЛІК. САМҒАУ.        РЕАЛЬНОСТЬ. АНАЛИЗ. СТРАТЕГИЯ.

Көптен  күткен  көктем  де  келіп  жет-

ті.  Көктеммен    таласа  келетін  екі  бірдей 

қос  мереке  бар.  Бірі  –  8-Наурыз  аналар  мей-

рамы  болса,  екіншісі  ұлыстың  ұлы  мейра-

мы  –  22-Наурыз.  Баршаңызды  ұлыстың  ұлы 

күнімен    –  әз-Наурызбен  шын  жүректен 

құттықтаймын! 

22-наурыз    қазақ  халқы  үшін  ерекше  ме-

реке  саналады.  Күн  мен  түн  теңесіп,  жыл 

басы  осы  күннен  басталады.  Жаңару,  жа-

сару, ынтымақ пен бірлік мерекесі бұл. Оны 

халық бар жөн-жоралғысын жасап мерекеле-

ген.  Ұлыстың ұлы мейрамы – Наурыз мере-

кесі  құтты  болсын!  Молшылық  болсын,  әр 

үйге  құт-береке  дарысын,  шаңырақтарыңыз 

шаттыққа  толсын  демекпін.  Еліміз  ты-

ныш,  бейбіт  заман  болсын!  Алға  қойған 

мақсаттарыңыз 

орындалып, 

толағай 

табыстарға кенеліңіздер!

 Ізгі ниетпен,

 ректор                      Жексенбек   ӘДІЛОВ

Бїгінгі нґмірде:            Сегодня в номере:

Ќўрметті əріптестер! 

Ўстаздар ќауымы мен студенттер!

Су жылтырап бїрін ашќан жас талдан,

Бу бўрќырап ќатып ќалєан тастардан.

Кїн кїркіреп, жасын ойнап аспаннан,

Бар тіршілік Наурыздан басталєан!

 

Ел де тыныш!



Жер де тыныш – бўл кїні,

Кґреміз тек ќуаныш пен кїлкіні.

Табысќан жўрт таныс тауып жатады,

Жамалєандай жїректердіѕ жыртыєы!

 

Сап тыйылып Сарыарќаныѕ бораны,



Кїн ґрлейді кїмбезінен жоєары.

Наурыздыѕ жиырма екісі толєанда,

Тоєысады тоєыз жолдыѕ торабы...

Жылєалардан су аќќанда сырєанап,

Шаѕ-тозаѕнан тазарады нўрлы алап.

Толтырады шаѕыраќтыѕ шаттыєын –

Наурызбай, Ўлысжандар – іѕгəлап?!

 

Жалєасады жаќсылыќтар – «Иə, сəт!»



Ќарлыєаштар їй сыртына ўя сап –

Жїрсе,Баќыт ќонатынын хабарлап,

Бўлт кґшеді аќ жаѕбырын ќўя сап!

 

Жат боп бўрын бастары ешбір ќосылмай,



Жїрген жандар таныс тапса – досындай.

Ол – осынау Наурыздыѕ арќасы! –

«Ўлыс кїнніѕ» шапаєаты осындай!

Бар тіршілік Наурыздан басталєан



Мақсұт НЕТАЛИЕВ, 

ақын 

Коллажды  жасаған   Д. Сәрсенбеков 

2-бет.  Дарынды  балаларды 

аныќтау олимпиадасы

3-бет. Тəуелсіздігіміздіѕ 

туы 

 биікте

5-стр. Большая заслуга 

академика О.Байконурова

6-бет.  Наурыз  наќыштары 

немесе  ќазаќтыѕ  ќыздары 

ќандай əдемі!

7-бет.  Студент  ќыз  жазєан 

жыр


8-9 бет. Аќпараттыќ жəне теле-

коммуникациялыќ  технология-

лар институтына - 50 жыл

10-бет. Тґрт тілдегі техникалыќ 

термин сґздігін жасаєан ќазаќ


   ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫЌТАУ ОЛИМПИАДАСЫ

   ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫЌТАУ ОЛИМПИАДАСЫ

2

ҚазҰТУ  ректоры  Ж.М.Әділовтың 

бастамасымен  бір  мақсатты  көздеген 

бірнеше кездесу өтті. 

Оның  бірі  ҚазҰТУ-да  Елбасының 

Қазақстан       халқына       Жолдауындағы 

басты  бағыттар  мен  Н.Назарбаевтың 

Германияға  сапары  барысында  келі-

сілген  мәселелерді  негізге  ала  отырып, 

әлемдік  нарыққа  отандық  инновациялық 

жобалармен    шығуды,  сондай-ақ  ел  эко-

номикасын 

шикізатқа 

тәуелділіктен 

құтқаратын  жаңа  жоғары  технологи-

ялы  өндірістерді  құру  мәселелерін 

көтерген  кездесу  болды.  Жиынға  ректор 

бастаған  оқу  орнының  мамандары  мен 

автоматизация  және  электротехникалық  

жабдықтау салаларында қызмет көрсетуге 

мамандандырылған  «BEA  Elektrotechnik 

und  Automation  Techniche  Dienste  Lausi-

tz  GmbH»  (ГФР)  сынды  белді  компания 

өкілдері қатысты. Кездесу барысында ав-

томатизация,  тау-кен  ісі,  электротехника 

салаларында  бірлесе  жұмыс  жасау  және 

осы салалар бойынша білікті маман даяр-

лау мәселелері талқыланды. 

Еуропа  мен  Азия  елдерінде  жобала-

рын жемісті жүзеге асырып отырған   BEA 

компаниясының  18  сәуір  күні  Алматыда 

өкілдігі ашылады деп жоспарланып отыр. 

Ал екінші «Ислам әлемінің инновация 

атласы»  халықаралық  жобасы  аясында 

өткен  жиынның  да  көтерген  мәселелері 

молынан  болды.  Статистикалық  инсти-

тут  (SESRIC),  Түркияның  ғылыми  және 

технологиялық  зерттеулер  бойынша 

кеңесі (TUBITAK), Ислам ынтымақтастық 

ұйымының өкілдері, сондай-ақ ҚР Индус-

трия    және  жаңа  технологиялар  минис-

трлігі      Өнеркәсіп комитетінің Ұлттық  

технологиялық  болжау  орталығының 

(ҰТБО)  өкілдері,  индустрия  және  сау-

да  министрінің  кеңесшісі  Құралбай 

Бұхарбаев  пен  отандық  ғалымдардың 

қатысуымен  өткен  бірқатар  кездесулер 

20-25 ақпан аралығында болды. 

«Қазақстанның  инновация  атласы» жо-

басын құру Ислам ынтымақтастық ұйымы 

басшылығының  бастамасымен  2010 

жылдың  қазан  айының  2-5  жұлдызында  

өткен  жиын  қорытындысында  мәлім 

болды. Бұл жоба ғылым мен техниканың 

дамуына  қосымша  инвестициялар  алуға, 

сондай-ақ Ислам әлемі мен Еуропаның же-

текші  ғылыми  орталықтары  арасындағы 

байланысты  кеңейтуге  үлкен  мүмкіндік 

туғызады.  Кездесу  барысында  Ислам 

ынтымақтастық  ұйымына  мүше  елдердің 

технология  мен  ғылымда  жеткен  жеті-

стіктерін,  олардың  негізгі  бағыттарын 

анықтау,  саралап-сараптау  мақсатымен 

ҚазҰТУ ғалымдары мен сарапшылар ара-

сында түрлі сауалнамалар жүргізілді. 



Құралай МҰРАТҚЫЗЫ,

«Экономика» газеті, 

8-14 наурыз, 2012 жыл

ҚазҰТУ-ға 

Қазақстан 

Респуб-

ликасы  Ауылшаруашылығы  ми-

нистрлігі  Орман  және  аңшылық 

шаруашылығының  төрағасы  Ерлан 

Нұрәліұлы  Нысанбаев  келіп,  уни-

верситеттің  профессор-оқытушылар 

құрамымен,  студенттерімен  кезде-

сті.  Кездесуде  Елбасы      Нұрсұлтан   

Назарбаевтың 

 

«Әлеуметтік-эко-

номикалық  жаңғырту  –  Қазақстан 

дамуының  басты  бағыты»  атты  

биылғы  жылғы  Жолдауы  насихатта-

лып,  әлеуметтік  және  экономикалық 

салаларды  қамтитын  басты  бағыттар 

жан-жақты талқыланды.  

Елбасы 


Нұрсұлтан 

Әбішұлы 


Назарбаевтың  биылғы  Жолдауы  да 

халықтың  көңілінен  шыққаны  белгілі. 

Ақпан айының басында университетіміз-

де  кеңейтілген  Ғылыми  кеңес  мәжілісі 

өткізіліп,  онда  Жолдауды  насихаттау 

және  оны  жүзеге  асыру  барысындағы 

міндеттер 

талқыланған-ды. 

Жолда-

уда  айтылған  10    бағытқа    қатысты  



әлеуметтік-экономикалық 

мәселелер 

жайын жан-жақты талқылаған басқосулар 

еңбек  ұжымдарында  әлі  де  жалғасын 

тауып  келеді.  Осындай  маңызды 

жиындардың  бірі  университетімізде 

наурыздың бесі күні өткізілді. ҚазҰТУ-ға 

ҚР  Ауылшаруашылығы  министрлігі  Ор-

ман  және  аңшылық  шаруашылығының 

төрағасы  Ерлан  Нұрәліұлы  Нысанба-

ев  арнайы  ат  басын  бұрып,    Елбасы 

Жолдауының  мәні  мен  маңызын  наси-

хаттайтын  кездесу  өткізді.  Басқосуды 

университет  ректоры,  академик  Жексен-

бек  Мәкейұлы  Әділов  сөз  сөйлеп  ашты. 

Жолдаудан  туындайтын  міндеттерге 

орай  университетте  атқарылып  жатқан 

шараларға қысқаша тоқталып өтті. Жиын 

барысында  еліміздің  әлеуметтік  өмірі 

мен  ауылшаруашылығы  саласындағы 

қордаланған мәселелер жайлы жан-жақты 

сөз қозғалды. Соңынан Ерлан Нұрәліұлы 

Нысанбаев залда отырған көпшіліктің са-

уалдарына  жауап  берді.  Университеттің 

Жастар  ісі  жөніндегі  комитетінің 

төрағасы  Өрден  Баймолла  «Жасыл  ел» 

қозғалысының  бүгінгі  жұмысы  мен 

алда  тұрған  міндеттеріне  қатысты  сұрақ 

қойды.  Тағы  бірнеше  адам  Жолдауда 

айтылған  әлеуметтік  мәселелер  және 

ауылшаруашылық  саласына  қатысты  өз 

көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап 

алды.    

Нәзира ӘБДІМАНАПҚЫЗЫ

БАСЫМ  БАЄЫТТАР  ТАЛЌЫЛАНДЫ



  Жолдауға – қолдау!

Жолдауға – қолдау!

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУЛЕР

Үстіміздегі  жылы  ақпан  айында 

ҚазҰТУ базасында мектеп оқушыларының 

математика,  физика,  химия,  информа-

тика  және  биология  пәндері  бойынша 

2-ші  аймақтық  Олимпиада  өткізілген 

болатын.  Оған  Алматы  қаласының 

Алмалы,  Медеу,  Әуезов,  Бостандық  

ауданының  бірқатар  мектептері  мен  ли-

цей  және  мектеп-гимназиясының,  Ал-

маты  облысы  Қарасай  ауданының  мек-

тептері мен Қапшағай қаласындағы № 5 

мектептің 10 және 11 сынып оқушылары 

қатысып,  білім  бәсекесіне  түскен  бо-

латын.  Олимпиаданың  негізгі  мақсаты 

–  білімді  насихаттау,  дарынды  балалар-

ды анықтау үшін қажетті жағдайлар жа-

сау,  оқушыларды  білім  жүйесі  бойын-

ша  өткізілетін  пәндік  Олимпиадаларға 

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға оқуға 

түсуге даярлау.

Олимпиадаға  жалпы  1150  оқушы 

қатысты.  Оның  ішінде  математика 

пәнінен  – 394,  физикадан  –  397,  хими-

ядан  –  85,    информатика  пәнінен  –  25, 

биология пәнінен – 249 оқушы қатысып, 

––

бақтарын сынады. Олимпиаданың бірін-



ші  кезеңі  мектепте,  ал,  екінші  кезеңі  18 

ақпанда  ҚазҰТУ-да өткізілді.

Олимпиада    қорытындысы  және  

қазылар алқасының шешімі бойынша 10 

жеңімпаз және 24 жүлдегер анықталды.

Жеңімпаздарды  ҚазҰТУ  ректоры, 

академик  Ж.М.Әділов  құттықтады  және 

Олимпиаданың  Ережесі  бойынша  11 

сынып  оқушылары  арасында  жеңімпаз 

атанғандарға  бір  жылдық  ректор 

шәкіртақысының  сертификатын,  1-ші 

дәрежелі диплом мен ақшалай сыйлықты 

қоса тапсырды.

Екінші    және    үшінші  дәрежелі  ди-

пломдар  мен  құнды  сыйлықтарды 

ҚазҰТУ-дың оқу-әдістемелік жұмыстары 

мен халықаралық байланыстар жөніндегі 

проректоры  С.С.Жүсіпбеков,  Ғылыми 

және  инновациялық  қызмет  жөніндегі 

проректоры Е.И.Көлдеев, Тәрбие жұмысы 

жөніндегі  проректор  Г.Ә.Сәрсенбекова 

салтанатты жағдайда табыс етті.

Олимпиадаға белсенді қатысып, терең 

білімімен  ерекшеленген  оқушыларға 

университет 

атынан 


Грамотаны 

Ө.Байқоңыров  атындағы  Тау-кен-ме-

таллургия  институтының  директоры 

Қ.Б.Рысбеков,  жеңімпаздарды  даярлаған 

ұстаздарды 

және 


Олимпиаданы 

ұйымдастыруға  қолдау  көрсеткені  үшін 

Алғыс  хат  пен  сыйлықты  Ә.Бүркітбаев 

атындағы 

Өнеркәсіптік 

инженерия 

институтының  директоры  Ә.Тұрдалиев 

тапсырды.

Сегіз  мектеп  директоры  Алғыс  хат-

пен,  10  мұғалім  Құрмет  грамотасымен 

марапатталды.

Салтанатты кеш ән-күймен өріліп от-

ырды.

Марат СӘРСЕНҰЛЫ

ЕКІНШІ АЙМАЌТЫЌ 

ОЛИМПИАДА ЖЕЅІМПАЗДАРЫ

Ақпан  айының  соңында      Базалық  

білім 

беру 


институты 

Қоғамдық 

пәндер 

кафедрасының 



ұйымдастыруымен      тарих-

шы  әрі шығыстанушы ғалым, 

академик    Р.Б.Сүлейменовты 

еске 


алуға 

арналған  

«Р.Б.Сүлейменов және қазіргі 

заман»  атты  дөңгелек  үстел 

өтті.

Дөңгелек  үстелге  ҚазҰТУ-



дың 

оқытушы-ғалымдары-

мен  қатар,  Ш.Уәлиханов 

атындағы  Тарих  және  этно-

логия  институтының  және 

Р.Сүлейменов  атындағы  Шығыстану 

институтының 

ғалымдары 

мен 

қызметкерлері 



қатысты. 

Дөңгелек 

үстелді  университетіміздің  оқу-тәрбие 

ісі жөніндегі проректоры Г.Сәрсенбекова 

сөз сөйлеп ашты. Ол ректор Ж.Әділовтың 

атынан  келген  қонақтарға  алғыс  айтып, 

дөңгелек үстел жұмысына сәттілік тіледі. 

Бұдан соң Ш.Уәлиханов атындағы Тарих 

және этнология институтының директоры, 

профессор  Х.Әбжанов  Р.Сүлейменовтың 

өмірі  мен  ғылыми  шығармашылығы 

жөнінде баяндама жасады. Оның ғылыми 

еңбегіне  тоқталып,  тарихшы  ретінде 

батыл  қадамдарға  барғанын  жеткізді. 

Мәселен,  цензура  күшейіп  тұрған  Кеңес 

өкіметі  кезінде-ақ  Р.Сүлейменов  Абы-

лай  ханның  өмірі  туралы  еңбек  жазып, 

Алаш  азаматтары  жайлы  ашық  пікір 

айтқан  болатын.  Тарихшылардың  ара-

сында ол кісінің «пахарь» деген лақап аты 

болғанын да айтты. Бұл Р.Сүлейменовтың 

аса  еңбекқор  жан  болғанын  көрсетсе  ке-

рек. Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану 

институты  директорының  орынбаса-

ры  Ғ.Мұстафин  аталмыш  институттың 

бүгінгі  тыныс-тіршілігі  мен  атқарып 

жатқан  жұмысына  тоқталды.  ҚазҰТУ-

дың  Қоғамдық  пәндер  кафедрасының 

меңгерушісі,  профессор  К.Бегалино-

ва  өз  баяндамасында  Р.Сүлейменовтың  

Қазақстандағы  қоғамдық-гуманитарлық 

ғылымдарды  дамытудағы  еңбегін  сөз 

етті.  Бұдан соң Р.Сүлейменовтың шәкірті 

профессор  А.Қапаева  ғалымның  ұшан-

теңіз мұрасын зерттеу мәселесін көтеріп, 

ұстазы  жайлы  естеліктер  айтты.  «Белгі-

лі  тарихшы  М.Қозыбаев  Р.Сүлейменовті 

«тарих  ғылымының  тарланы»  деп 

атаған екен. Дуалы ауыздан шыққан осы 

теңеудің  дәл  айтылғанын  өмірдің  өзі 

көрсетті»  деп  тебіренді  ол.  Шығыстану 

институтының  ғылыми  қызметкері,  про-

фессор Н.Сағындықова осындай дөңгелек 

үстел  ұйымдастырып  отырған  ҚазҰТУ 

ұжымына, оның ішінде, әсіресе, Қоғамдық 

пәндер кафедрасының ұжымына алғысын 

білдірді. Басқосу соңында  Ш.Уәлиханов 

атындағы 

Тарих 

және 


этнология 

институтының  директоры,  профессор 

Х.Әбжанов  Р.Сүлейменовтың  өмірі  мен 

ғылыми  еңбегі  туралы  жазылған  бірне-

ше кітапты ҚазҰТУ кітапханасына сыйға 

тартты. 


Дөңгелек  үстелді  жүргізіп  отырған 

Қоғамдық 

пәндер 

кафедрасы 



та-

рих  секциясының  жетекшісі,  доцент 

Д.Салқынбек  қатысушыларға  алғыс  ай-

тып, қорытынды сөз сөйледі. 



Нәзира СӘРСЕК

ТАРИХ ЄЫЛЫМЫНЫЅ ТАРЛАНЫ



Ол осындай еді...

    Ə Л - Ф А Р А Б И   Е Ѕ Б Е К Т Е Р І   Ї Л К Е Н   Р У Х А Н И - М Ə Д Е Н И   М Ў Р А

Ə Л - Ф А Р А Б И   Е Ѕ Б Е К Т Е Р І   Ї Л К Е Н   Р У Х А Н И - М Ə Д Е Н И   М Ў Р А

3

Выступление  академика  НАН  РК  Досмухамеда 

КШИБЕКОВА  на  республиканской  научно-тео-

ретической  конференции,  посвященной  20-летию 

Независимости Республики Казахстан и 105-летию 

со дня рождения Акжана Машани на тему: «Духов-

но-культурные  основания  Казахстанской  государ-

ственности»

Одним из лучших форм человеческого обществен-

ного  бытия  является  государство,  выдержавшее  про-

верку  тысячелетиями.  Семья,  род,  племя,  народность 

являются  предпосылками  становления  такой  формы 

организации людей. Относительно того, какие теории 

существовали о происхождении государства были ска-

заны в наших тезисах, опубликованных в материалах 

конференции.  Это  божественная  теория  происхожде-

ния  государства  (Фома  Аквинский),  теория  о  земном 

происхождении государства (Томас Гоббс), классовый 

подход о происхождении государства (К. Маркс, Ф.Эн-

гельс) и др. 

Английский философ XVII века Джон Локк писал, 

что государство должно выполнять три вещи: а) При-

нимать законы; б) Наказывать нарушителей права; в) 

Защищать  граждан  от  внешнего  нападения.  Мы  по-

лагаем,  что  он  в  основном  правильно  отразил  задачи 

государства.

Для того, чтобы государство выполнило эти задачи, 

оно должно быть независимым. Независимость – суть 

государства.  Зависимое  Государство  это  не  государ-

ство, а его бутафория. 

Что такое независимость? Это быть самостоятель-

ным, свободным в решении своих экономических, по-

литических и культурных задач. Ни от кого не зависеть, 

не оглядываться, делать, что ему полезно, быть реши-

тельным  в  своих  действиях.  Таким  самостоятельным 

независимым  стал  Казахстан  после  16  декабря  1991 

года. За последние 20 лет он стал членом ООН, сотруд-

ничает со многими странами, с которыми считает не-

обходимым  заключить  экономическую  и  культурную 

связь.  Ведет  многовекторную  политику.  С  Казахста-

ном хотят контактировать близкие и дальние страны. 

Казахстан  сегодня  успешно  развивается.  Наш  Прези-

дент верит, что он станет индустриальной державой.

Для того, чтобы отстоять свою независимость лю-

бое государство должно иметь свою территорию, зем-

лю, на которой оно стоит, развивать свою экономику 

и культуру. Как нам известно, в истории всякие войны 

и с образованием нескольких независимых государств 

– Казахстана,  Киргизии, Узбекистана, Таджикистана и 

Туркмении. Не мог же каждый из них построить себе 

дорогу до России, так и между собой, поскольку такая 

связь им была жизненно необходимой. Но такая связь 

существовала.  Поэтому  пришлось,  им,  как  и  раньше, 

пользоваться  готовой  железной  дорогой.  Но  как  экс-

плуатировать,  поддерживать,  обеспечивать  ее  бес-

перебойную работу. Кто, какую долю нагрузки будет 

нести? Тоже самое можно сказать о реках Сыр-Дарья, 

Аму-Дарья, Урал, Иртыш, Или. Они так же пронизыва-

ют территории разных республик. В связи с этим воз-

никают проблемы. Но если сегодня они не заметны, то 

это результат мудрости, которая своевременно и спра-

Гегель  говорил:  «Основанием  государства  явля-

ется  -  сила  разума».  Название  нашей  конференции 

«Духовно-культурные основания Казахстанской госу-

дарственности»  соответствует,  сказанному  Гегелем. 

Благодаря  разумному  руководству,  наше  государство 

спокойно живет и развивается ускоренно.

Нам  необходимо  единство,  о  чем  постоянно  под-

черкивает Н.Назарбаев. В прошлом были факты, когда 

из-за отсутствия единства некоторые народы потеряли 

свою  государственность.  Например,  после  окончания 

второй  мировой  войны  на  территории  Ирака  образо-

валась Курдская Автономия. Но внутренняя клановая 

борьба привела к тому, что курды потеряли ее. Когда-

то евреи имели свою государственность. Потом они ее 

потеряли. Наконец, Израильское государство на земле 

Палестины было создано в 1948 году. Первые руково-

дители его были представители из Советского Союза. 

Потом инициативу перехватили Соединенные Штаты 

Америки при поддержке ООН. До этого была создана 

в Биробиджане еврейская автономная область в Хабар-

Французские философы XVIII века говорили: «По-

скольку  нравственность  зависит  от  государственного 

устройства, постольку путь к истинной добродетели в 

замене законов вредных для народа законами полезны-

ми».  Тогда  речь  шла  о  реакционных  феодальных  по-

рядках. Сейчас таких проблем нет. Но забота о жизни 

людей всегда в центре внимания нашего Президента. 

О чем говорит хотя бы последнее его Послание. Оно 

состоит из 10 разных проблем, но 8 из них посвящены 

Желаем нашему независимому государству быть в 

авангарде прогресса.    

Независимость и Государство



Ақпан  айында  ҚазҰТУ-да  Ақжан  Машани 

атындағы Базалық білім беру институты Қоғамдық 

пәндер 

кафедрасының 

ұйымдастыруымен 

Қазақстан 

Тәуелсіздігінің 

20  жылдығына  және  Ақжан 

Машанидің  105  жылдығына 

арналған 

«Қазақстан 

мемлекеттілігінің рухани-мәдени 

негіздері»  деген  тақырыпта 

республикалық 

ғылыми-

теориялық  конференция  болып 

өтті. 

К о н ф е р е н ц и я н ы 

университеттің  бірінші  прорек-

торы,  профессор  Шыныбай  Бай-

ысбеков  ашты.  Ол  өз  сөзінде  

бұл        конференцияның        маңыз-

дылығына, 

мемлекеттілігіміздің 

рухани-мәдени 

негіздеріне 

қатысты  мәселелерге  қысқаша 

тоқталып  өтті.  Бұдан  соң  фило-

софия  ғылымдарының  докторы, 

академик  Әбдімәлік  Нысанбаев 

«Ұлттық идея және мемлекет» атты тақырыпта баян-

дама  жасады.  Философия  ғылымдарының  докторы, 

академик  Досмұхамед  Кішібеков  өз  баяндамасында 

тәуелсіздік  пен  мемлекет  ұғымдарына  түсінік  беріп, 

осы мәселелерге қатысты пікірін білдірді. 

Конференцияны        жүргізіп    отырған  А.Машани 

атындағы  Базалық  білім  беру  институтының  дирек-

торы Рәт Бердібаев Алматы қаласы әкімінің орынба-

сары  Серік  Сейдумановтан,  Парламент  Сенатының 

депутаты  Ғарифолла    Есімнен  және  т.б.  белгілі  аза-

маттардан  конференция  жұмысына  сәттілік  тілеген 

құттықтау  хаттар  келгенін  айтып  өтті.  Сондай-ақ, 

Қазақстандағы  әзірбайжан  мәдениет  орталықтары 

Одағының президенті тарих ғылымдарының докторы, 

профессор  Видади  Салахов  сөз  алып,  конференцияға 

қатысушыларды Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл 

толуымен  құттықтап,  жүрекжарды  лебізін  білдірді. 

Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін мақтанышпен 

жеткізді. «Нұр-Мүбәрак» ислам университеті Исламта-

ну факультетінің деканы Мұхаммед Махфуз осындай 

шараны  ұйымдастырып  отырған  ҚазҰТУ  ұжымына 

алғыс білдірді, конференция жұмысына сәттілік тіле-

ді. Ұлы бабамыз әл-Фарабидің 

еңбектері  бәрімізге  ортақ 

рухани-мәдени  мұра  екенін 

еске  салып,  «Нұр-Мүбәрак» 

ислам  университеті  ұжымы 

мен  ғалымдары  оны  насихат-

тауда  аянбай  еңбек  ететінін 

айтты.  Қазақстандағы  Түрік 

мәдениеті қорының президен-

ті  Ахмет  Дагдуран  да  өзінің 

игі тілегін жеткізді. 

Келесі 


кезекте 

тарих 


ғылымдарының докторы, про-

фессор  Уахит  Шәлекенов, 

Қазақстан 

Республика-

сы  Президенттік  мұрағаты 

директорының  орынбасары, 

профессор 

З.Айдарбеков, 

философия 

ғылымдарының 

док-торы, 

әл-Фараби 

атындағы  ҚазҰУ-дің  профессоры  Бекет  Нұржанов, 

саяси ғылымдардың кандидаты, доцент Рәт Бердібаев 

өздерінің баяндамаларын жиналған жұртқа таныстыр-

ды.  Ары  қарай  конференция  өз  жұмысын  үш  секция 

бойынша  жалғастырды,  қатысушылар  үшін  семинар-

тренинг өткізілді. Бұдан соң конференцияның жұмысы 

қорытындыланып, шешім  қабылданды.  



жүктеу 12.61 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет