Жылдың қазан айынан шығады



жүктеу 478.59 Kb.
Pdf просмотр
бет4/5
Дата06.05.2017
өлшемі478.59 Kb.
1   2   3   4   5

Құдайберді БАҒАШАР

ЎЯТ –ИМАННАН



  Әдептілік әліппесі

СƏЛЕМ БЕРУ – СЇННЕТ БОЛСА, АЛУ – ПАРЫЗ

СƏЛЕМ БЕРУ – СЇННЕТ БОЛСА, АЛУ – ПАРЫЗ

1

1

0



0

Сәлемдесу  -  батыс  елдерінде  көбінесе  «Қайырлы 

таң, Қайырлы күн, Қайырлы кеш, Қайырлы түн!» бо-

лып келеді. Француздар сәнді қалпақтарын көтере бас 

изесіп, немістер оң қолын көңілдене көтеріп есендік іл-

типатын білдіреді. Шығыс елдерінде сәлемдесудің түрі 

тіпті көп, қызығы өз алдына. Мәселен, көне қытайдың 

халқы бір-бірімен амандасқанда 

«Чылым-ю?»  дейтін  болған. 

Онысы  «Тамақ  іштің  бе?»  де-

гені.  Сірә,  ашаршылық  жанына 

батқан бұқара «қарны тоқ болса, 

амандық сол» деп ұғынса керек. 

Алда-жалда  жапон  фирмасына 

жұмысқа тұра қалсаңыз, сізге ал-

дымен бір ай бойы кіммен қалай 

амандасу  керектігін  үйретеді 

екен.  Деңгейі  өзіңізбен  шама-

лас адамның қасында бірдей ғана бас иесіз, дәрежесі 

өзіңізден жоғары Че-ның, яғни, фирма директорының 

алдында  барынша  бүгіліп,  иіліп  сәлем  беруге  тура 

келеді.  Тіпті,  кейде  үлкен  басшының  алдында  жерге 

жығылып,  маңдайды  жерге  тигізетін  жайттар  әлі  де 

бар. Төс қағысу, құшақтау, бір тізерлеп отыра қалып, 

қолын  кеудесіне  қою,  маңдайдан  иіскеу,  қолынан 

сүю,  бетке-бетті  тигізу  де  осы  шығыс  халықтарына 

тән амандасудың дәстүрлері. Ал жалпы сәлемдесудің 

қоғамдық өмірімізде алатын орны қандай дегенге ке-

лейікші.  

Баянауыл  өңірінен  шыққан,  артына  30  томдық 

мол  мұра  қалдырған  үлкен  ислам  ғұламасы  Мәшһүр 

Жүсіп:


«Біздерге сәлем беру болды – сүннет,

Пайғамбар  сүннетін  тұт  болсаң  –  үмбет»  деп, 

сәлемдесудің ең әуелі Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың 

істеген істерін өнеге тұтатын, ізінен ерген мұсылман 

баласының  барлығына  тән  сауапты  іс  екенін  жұп-

жұмыр екі-ақ жол өлеңмен бедерлеп берген.  

Қасиетті Құранды ашсақ, бұл жайында мынандай 

әдемі аятқа көзіміз түседі:



«Егер  сіздерге  біреу  амандасса,  сәлемін  одан 

да  асыра,  не  дәл  солай  қабыл  алыңыздар!»  (Ниса 

сүресі, 86). 

Өйткені  сәлемдесу,  амандық-саулық  сұрасу 

–  адамдардың  бір-бірімен  тез  тіл  табысуына, 

әңгімелесуіне, араласуына, өзара сыйластық, татулық, 

бауырмашылдық,  жолдастық,  достық  құруына  жол 

ашатын кілт. 

Пайғамбарымыз  бір  хадисінде  «Сендер  толық 

иман келтірмейінше - жәннатқа кіре алмайсыңдар. Ал 

өзара  сүйіспеншілікте  болмайынша  -  толық  иманға 

келмейсіңдер.  Өзара  сүйіспеншіліктеріңді  арттыруға 

септігі тиетін нәрсені айтайын ба? Өзара сәлемдесіңдер, 

араларыңда  сәлемдесуді  жайыңдар!»  дейді.  Бұны 

естіген  сахабалар  үнемі  бірін-бірі  көрген  жерде 

ыстық  ықыласпен  сәлемдесу  арқылы  араларындағы 

сүйіспеншіліктерін, құрметтерін нығайтуға ұмтылған. 

Тіпті, мынадай қызықты әрі өнегелі жайттар да кездес-

кен. 


Бірде  Тұфайл  ибн  Ұбей  өзімен  бірге  базарға 

барғысы келген Абдуллаһ ибн Омарға:

–  Сіз  базарға  не  үшін  бармақсыз?  Бір  нәрсе  са-

тып  алатын,  не  бір  нәрсе  сатайын  деген  түріңіз 

байқалмайды. Одан да келіңіз, мына бір жерге отырып, 

біраз әңгіме-дүкен құрысайық,- дейді.

Сонда Абдуллаһ ибн Омар оған:

–  Біз  кейде  үйден  тек  сәлемдесу  үшін  шығамыз. 

Кездескен  кісілермен  амандасып,  есен-саулықтарын 

сұрасып қайтсақ болғаны,- деп жауап берген екен.  

Әнас ибн Мәліктің айтуынша, тағы бірде мынадай 

оқиға болады:

Бір күні Омар ибн Хаттабқа біреу келіп сәлем бе-

реді. Ол сәлемін алып тұрып, «Қалың жақсы ма?» деп 

әлгінің қал-жағдайын тәптіштей сұрады. Ол Құдайға 

шүкіршілік  айта  жауап  қатты.  Сонда  хазіреті  Омар 

«Менің сенен естігім келгені осы еді» деп, қай кезде 

де ең әуелгі сөздің Аллаһ Тағаланы еске алып, іле бас 

амандығы үшін шүкіршілік айту болғаны дұрыс екенін 

ұқтырды.


Сәлемдесу 

әуелі 


адамды 

кішіпейілділікке 

тәрбиелейді. Хадисте «Көлікте отырған адам – жаяуға, 

жаяу адам – отырғанға, аз адамдар – көпшілікке, жасы 

кіші – жасы үлкенге сәлем берсін» дегені де тегін емес. 

Неге десеңіз, көліктен түсіп барып жаяу адамға аман-

дасу өзіңді жаяудың қасында артық сезінбе, алдымен 

кішіпейілділікті сен таныт, оның көңіліне қаяу келме-

сін дегені. 

«Екі  мұсылман  кездескенде  бір-бірлерінің  қолын 

алып,  қал-жағдай  сұрасса,  Аллаһ  Тағала  сол  мезет 

оларға  жүз  рақымын  төгеді. 

Соның  тоқсан  тоғызы  сол 

екеудің  ең  кішіпейілдісі  мен  ең 

ізеттісіне,  анағұрлым  жылы  жүз 

танытқанына  бұйырады»,  «Екі 

мұсылман  баласы  кездескенде 

олар бір-бірімен амандасып, қол 

алысқанда Аллаһ Тағала олардың 

осы сәт бір-біріне тілеген тілек-

дұғаларын қабыл алады. Қолдары 

ажырамай  жатып,  күнәларын 

кешіреді» деген хадистер адамды иманжүзділікке, кі-

шіпейілділікке  тәрбиелеп  қана  қоймай,  сәлемдескен 

кезде  адамның  күнәлардан  арылатындығын,  сауапқа 

кенелетіндігін білдіруде. 

Сәлем беру – адамға жақсылық, есендік, саулық ті-

леу дегенді білдіреді. 

Жүсіп Баласағұн бабамыз өз өлеңінде: 

«Сәлем – жолы есендіктің адамға,

Сәлем бердің – саулық бердің аларға

Игі тілек, танытқанға мейірім – 

Аллаһ  сыйлар  деннің  саулық,  хайырын»  дейді. 

Ислам  дегеннің  өзі  сол  есендік,  татулық,  бейбітші-

лікті  бүтіндеуден  туады.  «Ассалаумағалайкум»  де-

ген  сөз  «Сізге  есен-саулық,  тыныштық  тілеймін» 

дегенді  білдіреді.  Ал  «Уағалайкум  ассалам»  болса 

«Маған тілеген есен-саулық, жақсылықты сізге де ті-

леймін»  дегендік.  Кейде  сәлемді  артығымен  қабыл 

алу  мақсатында  «Ассалаумағалайкум  уә  рахматулла-

хи»  (Сізге  Құдайдың  тыныштығы,  есен-саулығымен 

қатар, рақымын да тілеймін) деп, оған «Уаалайкумас-

салам уарахматуллахи уәбаракатуху» (Сізге Құдайдың 

тыныштығын, рақымын, оған қоса берекетін де тілей-

мін) деп те жауап беріліп жатады. 

Сәлем беру – сүннет болса, алу – парыз. Мұқағали 

ақынның:

«Бағамын деп әркімнің қас-қабағын,

Балам қабақ шытса да жасқанамын. 

Сәлемімді біреулер алмай кетсе, 

Екі  иығым  салбырап,  пәс  қаламын»  деп 

күйінгеніндей,  өкінішке  орай,  сәлемге  салқын 

қарайтындар  да  кездесіп  жатады.  Бірақ  ондайларға 

бола  іштей  ренжіп,  сәлемдесуден  суып  қалудың 

реті  жоқ.  Өйткені  пайғамбарымыз  «Сәләм  –  Аллаһ 

Тағаланың  көркем  есімдерінің  бірі.  Сәлем  беруші, 

сәлем  алушының  есіне  сәлемді  салғаны  үшін  бір 

дәреже  артық  сауапқа  ие  болады.  Байқаусызда  бі-

реу сәлеміңді алмаса, әрбір сенің сәлеміңді одан гөрі 

жақсырақ, абзалырақ періштелер алады» деген.    

Мұсылманшылықты болмысына сіңіре білген қазақ 

халқы  сәлемдесуге  үлкен  мән  берген.  «Әдептен  құр 

қалмассың,  Үлкенге  сәлем  бергенің»  деп  Керейұлы 

Ақтан  ақын  (ХІХ-ХХ  ғ.)  айтқандай,  сәлем  беруді 

мәні  терең  әдептілікке  балаған.  Амандасқанда  алыс-

жақынды  түгел  түгендеп  шұрқыраса  амандасқан. 

Берген  сәлеміне  қарап-ақ  адамның  қандай  адам  еке-

нін  таныған.  Тіпті,  келіннің  үлкендерге  иіліп  сәлем 

салып тұруы секілді оның жасқа, шамаға, жынысына 

қарай реттілігін де дәстүрге тамаша енгізе білген. Сөз 

қадірін биік қойған қазақ тіпті «Сәлем – сөздің анасы» 

деп баға берген.         

Оны  әйгілі  Бұқар  жыраудың  мына  бір  өлеңінен 

жақсы байқауға болады. Ол:

Әй, айташы, айтсаң айт!

...Құдіретімен жаратқан

Он сегіз мың ғаламды айт. 

Ақтан сия танытқан

Дәуіт пенен қаламды айт. 

Сөйлеу үшін жаратқан

Сөз  анасы  –  сәлемді  айт!  –  деген.  “Жақсы  адам 

алыстан  сәлем  береді”  деген  Мажар  мақалы  да  бар. 

Ендеше сәлеміміз түзу болсын, ағайын!

 

 



 

Құдайберді БАҒАШАР

 Есіңде болсын есен-саулық

АМАНДАСУ – АДАМДЫ КІШІПЕЙІЛДІЛІККЕ ТƏРБИЕЛЕЙДІ

Институтом  дистанционного  образования  совмест-

но с Отделом профориентации ДАВ (Абилхаир А.А) 28 

февраля  2013  года  проведен  «День  открытых  дверей» 

для выпускников относительно нового Колледжа пра-

ва,  экономики  и  нанотехнологий  (КПЭиНТ)  (Иксанов 

С.Ш.)


КПЭиНТ в 2013 году осуществляет выпуск по сле-

дующим специальностям:

- 1304000 – Вычислительная техника и программное 

обеспечение (45 чел.).

Согласно  Классификатора  специальностей  МОН 

РК выпускники КПЭиНТ по вышеуказанной специаль-

ности могут подавать документы на декларированные 

специальности КазНТУ:

- 5В070400 - Вычислительная техника и программ-

ное обеспечение;

- 5В070200 – Автоматизация и управление;

- 5В071900 – Радиотехника, электроника и телеком-

муникации;

- 5В070500 – Математическое и компьютерное мо-

делирование;

- 5В070300 – Информационные системы.

На  мероприятиях  присутствовали  исполнительный 

директор колледжа Хабибуллина Н.Х. и куратор Джан-

баев  Д.К.,  студенты  КПЭиНТ  более  50  человек  и  со-

трудники ИДО. 

Состоялась экскурсия по Университету, по музею.

В следующем учебном году ожидается первый вы-

пуск по следующим специальностям:

- 0210000 – Стандартизация, метрология и сертифи-

кация;

- 0902000 – Электроснабжение;



- 1305000 – Информационные системы;

- 1306000 – Радиоэлектроника и связь;

- 0514000 – Оценка;

- 0515000 – Менеджмент;

- 0516000 – Финансы;

- 0518000 – Учет и аудит;

ИДО благодарен: 

1. Отделу профориентации ДАВ,

2. Зав. историческим музеем.

3.  Коменданту  НК,  сотрудникам  конференц-зала 

НК,

4. Службе безопасности НК,



Заключено  Соглашение  о  сотрудничестве  между 

КазНТУ имени К.И. Сатпаева и КПЭиНТ.  

***

Институтом  дистанционного  образования  совмест-



но  с  Отделом  профориентации  ДАВ  (Абилхаир  А.А) 

26 февраля 2013 года проведены профориентационные 

мероприятия для выпускников Алматинского колледжа 

строительства  и  менеджмента    (АКСИМ)  (Азисханов 

Ж.Н.)

АКСИМ в 2013 году осуществляет выпуск по следу-



ющим специальностям:

- 1401000 «Строительство и эксплуатация зданий и 

сооружений» (40 чел.);

- 0402000 «Дизайн» (40 чел.);

- 0416000 «Архитектура» (40 чел.);

- 1405000 «Монтаж и эксплуатация оборудования и 

систем газоснабже-ния» (30 чел.).

Согласно Классификатора специальностей МОН РК 

выпускники  АКСИМ  по  вышеуказанным  специально-

стям  могут  подавать  документы  на  декларированные 

специальности КазНТУ:

- 5В042000 – Архитектура;

- 5В042100 – Дизайн;

- 5В075200 – Инженерные системы и сети;

- 5В070800 - Нефтегазовое дело.

На  мероприятиях  присутствовали  заместитель  ди-

ректора  АКСИМ  В.В.  Стороженко  и  куратор  Л.  Цой,  

студенты  АКСИМ  более  100  человек  и  сотрудники 

ИДО,  представители  кафедр  «Проектирование,  соору-

жение и эксплуатация газонефтепроводов, газонефтех-

ранилищ» (ПСиЭГГ), «Архитектура и дизайн»  (АиД): 

1. Бекжигитов Б. – ст.преп.кафедры «АиД» ИАиС;

2. Молжигитов С.К. – ст.преп.кафедры «ПСиЭГиГ» 

ГиНГД; 


3. Бекеева А.У. – специалист ИДО.

Будет  заключено  Соглашение  о  сотрудничестве 

между КазНТУ имени К.И. Сатпаева и АКСИМ.  

Ж. ОТАРБАЕВ,

 

 

директор инсти-

тута Дистанционного

 

 

 

образования КазНТУ

“ДЕНЬ ОТКРЫТЫХ ДВЕРЕЙ”

ПРОФОРИЕНТАЦИОННЫЕ 

МЕРОПРИЯТИЯ



ЎРЛЫЌ ТЇБІ – ЌОРЛЫЌ

ЎРЛЫЌ ТЇБІ – ЌОРЛЫЌ

11

Бұл оқиға ҚазҰТУ Ғылыми кітапханасында 1998-99 жылда-



ры болған еді. Ол кезде Ғылыми кітапхананың № 3 оқу залында 

жұмыс істейтінмін. Қыс айы, сессия кезі. Сенбі күні болатын, 

оқу залдары оқырмандарға толы, бос орын жоқ. Оқырмандар 

оқу  залына  кіру  үшін  оқырман  билетін  көрсету  керек.  Бір 

арықтау келген жас жігіт оқу залына үн-түнсіз кіріп барады. 

Оны  тоқтатып  оқырман  билетін  сұрап  едім,  “досымды  іздеп 

жүр едім, кіруіме бола ма ?!” –  деді. Мен рұқсат бермедім. Ол 

есіктің алдында біраз тұрды да, шығып кетті. Арада 15-20 ми-

нут өткеннен кейін оқырман залында отырған бір студент қыз 

«далаға  5  минутқа  шығып  кетіп  едім,  орындығымның  басы-

на іліп қойған қымбат тонымды ұрлап кетіпті, тауып бересіз, 

қайда қарап отырсыз, қазір ректорға шағымданамын!” деп шу 

шығарды. Мен оған: «Заттарыңызға ие болыңыздар, жоғалса 

кітапхана жауап бермейді» деген құлақтандыруды көрсетіп, ол 

үшін жауап бермейтінімді түсіндіріп әлекпін.

  Десе  де  бұл  ыңғайсыз  жағдай  ғой.  Есікті  ішінен  жау-

ып  алып,  милиция  шақырдым  да,  барлық  студенттерден 

сұрастырдым.  Олар  арықтау  келген  бір  жас  жігіттің  осы 

орынға  келіп  отырғанын  айтты.  Содан  бағанағы  ішке  кіргіз-

беген жігітім есіме түсіп, оны суреттеп айтып едім, тура сол 

жігіт  болып  шықты.  Студенттерге  кітап  іздеп  жатқанымда 

білдіртпей кіріп кеткен болуы керек. Шақыртуымыз бойынша 

милиция да келді, көрдім деген 2 студент пен мені фотобейне 

жасауға Бостандық ауданының ІІБ шақырды. Сол кезде бірге 

фотобейне жасауға барған студент бүгінде университетімізде 

оқытушы болып жұмыс істейді.

Түнімен  ұйықтамай,  өзімді  кінәлі  санап,  ертеңінде 

жұмысқа келсем, кітапхана директоры шақырады. Тонды өзім 

ұрлағандай  болып,  қобалжып    директорға  кірсем,  қасында 

милициядан келген Марат деген жігіт отыр екен. Мән-жайды 

білгеннен кейін: – Сіздердің оқу орындарыңызда бір айда 7-8 

ұрлық жасалыныпты, кабинеттерден де мұғалімдердің құндыз 

ішігі, тондар жоғалыпты. Сондықтан мен ол ұрыны тапқанша 

осында  боламын,  сіз  де  маған  көмектесіңіз,  оның  түрін  бі-

лесіз  ғой,  ұры  үйренген  жеріне  қайта  келеді,–  деді.  Мен  ол 

айтқандай алғыс алу үшін емес, өзімді «кінәлі» санағандықтан 

көмектесуге келісім бердім.

Сонымен,  үзіліс  кезінде  ылғи  да  студенттер  көп  қой, 

мен  болсам  дәлізге  шығып,  жан-жағыма  зер  сала  бастадым. 

Көргенімді еске сақтау қабілетім жақсы. Соған сеніп тұрмын. 

Арада бір апта өтті, екінші апта тағы өтті, ешқандай нәтиже 

жоқ. Бірде жан-жағыма қарап келе жатсам, іздеп жүрген ұрым 

2-ші қабаттағы оқу залының алдында тұр. Ол кезде ұялы теле-

фон жоқ. Бірінші қабатта оқу залында отырған милиционерді 

шақырайын десем ұрым кетіп қалуы мүмкін. Не істеуім керек? 

Оны қапыда қолға түсіріп, қалайда ұстап беруім қажет. Өзім 

қобалжып  тұрсам  да  ұры  жігіттің  қасына  барып,  күлімсірей 

қарап:  “Жас  жігіт,  1-ші  қабаттан  кітаптар  әкелу  керек  еді, 

көмектесе аласыз ба?” дедім жымиып. Жігіт жарайды дегені 

сол еді, қолтықтап алып, сөзге айналдырып, бірінші қабаттағы 

оқу  залына  дедектетіп  алып  келдім.  Милиционер  жігіт 

айтқанындай  орнында,  оқу  залында,  жан-жағына  бір  қарап, 

журналына  бір  қарап  отыр  екен.  Оған  ертіп  келген  жігітті 

“осы” деп ымдап көрсеттім-ау. Милиционер де даяр тұр екен, 

орнынан атып тұрып жігіттің қолынан ұстады да «сөйлесейік» 

деп алып кетті. Ұрыны ұстап берсем де, қорқып мен тұрмын. 

Ұрлығын мойындамай оны босатып жіберсе, кейін мені тау-

ып алып өлтіріп кететін шығар деймін де баяғы. Оның үстіне 

бөлім  меңгерушім  де  маған  ұрсып  жүр,  қалтасында  пышағы 

бар екен, өлтіріп кетсе қайтер едің дейді...

Ертеңінде  естігеніміз:  ұсталған  жігіт  расында  да  ұры  бо-

лып  шықты.  Өзі  әрі  наркоман  екен,  ұрлығын  мойындапты. 

Ұрлаған заттарын базардағы бір түрік әйеліне өткізіп тұрады 

екен. Жоғалған тондар табылды, бірақ менің оқу залымдағы 

қыздың  тоны  табылмады.  Қуанғанынан  болу  керек,  “Сол 

ұрыны  ұстауға  көмектесіп,  оны  тауып  берсеңіз,  Сізге  айтар 

алғысымыз бөлек” деп уәде берген милиционер ғана болмаса, 

тондары табылғандар мені іздеп келіп рахметтерін айтып, сый-

құрметтерін көрсетіп жатты. Десе де мен үшін ең үлкен сый 

– қолды болған заттары үшін қатты қапаланғандардың қабағы 

ашылған жайдары жүзі еді. 

Дария САХАН, 

Ғылыми кітапхананың

оқырмандарға қызмет көрсету

 бөлімінің меңгерушісі

Болған оқиға ізімен

ЎРЫНЫ ЌАЛАЙ 

ЎСТАДЫМ?

Адам  өміріндегі  маңызды  шешім,  жауапты 

кезеңнің  бірі  –  мамандық  таңдау.  Себебі,  адам  өз 

болашағын  таңдаған  кәсібімен  байланыстырады. 

Мамандық  таңдау  –  болашақ  тағдырыңды  таңдау 

деген  сөз.  Өз  ісіне  сенімді,  мамандығын  дұрыс 

таңдаған  адам  өзін  қашанда  бақытты  сезініп,  биік 

жетістіктерге  жететіні  анық.  Жетістікке  жеткен 

сайын  еңбекке  деген  қабілеті,  күш-қуаты  артып, 

өз  жұмысын  зор  шабытпен  атқарады.  Шабытпен, 

ерекше  ықыласпен,  қызығушылықпен  жасалған  іс 

әрқашан жетістікке, табысқа жеткізетіні белгілі. 

Мектепті  аяқтаудың  алдында  тұрған  түлектер 

қауымын  «алдағы  сынақтан  қалай  өтемін?», 

«армандаған оқуыма түсе алам ба?» деген сұрақтар 

мазалап  жүргені  анық.    Әлемде  40  мыңға  жуық 

мамандық бар екен. Әрине, көптеген мамандықтың 

ішінен  өзіңе  таңдау  жасау  оңай  нәрсе  емес.  Адам 

баласы  өз  кәсібіне  әр  түрлі  жолмен  келеді.  Біреу-

лері бала күнінен армандап, өз қызығушылығымен 

келіп, қалаған мамандығының иесі атанса, енді бі-

реулері  ата-анасының  айтуымен  келеді,  келесі  бі-

реу жинаған балына сәйкес мамандықты таңдайды, 

әйтеуір  бір  мамандықты  алып  шығу  керек  болған 

соң, кез-келген мамандыққа тапсыра салатындар да 

бар. 


Жүсіпбек  Аймауытов:  «Қазақ  жастарына 

мамандықтың  жаманы  жоқ,  бірақ,  мұның  кез  кел-

геніне  икемділік  қажет,  бұл  жәй  күнелту,  тамақ 

асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор ше-

берлікті  қажет  ететін  процесс»  -  деп  салмақты  ой 

түйген  екен  кезінде.  Әрине,  мамандық  таңдау  ба-

рысында  адам  ең  алдымен  өзін,  өзінің  тұлғалық 

қасиеттерін, қабілетін, бейімін толық зерттеуі тиіс. 

Мамандық  таңдау  кезінде  жастарға  өзі  қалаған, 

жаны сүйетін мамандықты таңдауға мүмкіндік беру 

керек  сияқты.  Өйткені  осы  жолда  қателесіп,  кейін 

өкініп  жүрген  адамдарды  күнделікті  өмірде  кезде-

стіріп те жүреміз. 

Университет  қабырғасында  білім  алып  жүрген 

бір  қызбен  етене  араласпасақ  та, 

көрген  кезде  сәлеміміз  түзу,  та-

ныс  болатынбыз.  Білім  алушы 

деген  аты  ғана  болмаса,  заты 

жоқ.  Сабаққа  екі  күн  келсе,  үш 

күн  қалатын.  Оқуға  деген  ынта-

ықыласы  мүлдем  жоқ.  Басқа 

студенттер  сияқты  оқу  орнында 

өткізіліп  жатқан  мерекелік  іс-

шараларға қатыспақ түгілі, мұндай 

істерге мүлдем жоламайтын. Үйге 

берілген  тапсырмаларды  ақысын 

төлеп, жақсы оқитын студенттерге 

тапсырады.  Сабақ  үстінде  немен 

айналысып  отырғаны  түсініксіз, 

басқа 


әлемде 

отырғандай 

көрінетін.  Былай  қарағанда  ақыл-

есі  түзу,  қазақтың  қара  көз  қызы. 

Бұл  қылығына  таңқалып  жүрдік. 

Сабақ арасындағы жарты сағаттық 

үзіліс кезінде үш қыз бірге түстенетін болдық. Ара-

мызда жаңағы қыз да бар. Әңгіме барысында одан 

не  үшін  бұлай  жүргенін  сұрағанымызда:  «Мен 

мұнда өз қалауыммен келген жоқпын. Арманым – 

сәнгер болу болатын.  Ата-анам сәнгер болғанымды 

қаламады,  мұғалім  боласың  деп  осында  оқуға 

түсірді»  -  деді.  Мұғалімдердің  ескертулері  жиілей 

берген соң, ол қыз ақыры оқудан шығарылды. Өзі 

ақылы бөлімде оқитын. Уақыты да, қаражаты да зая 

кетті деген осы.  

«Адам  өз  өмірінде  екі  нәрсені  таңдауда 

қателеспеуі  керек:  біреуі  –  жар  таңдау,  екіншісі 

– мамандық таңдау» - деп, ақиық ақын  М.Мақатаев 

бекер  айтып  кетпесе  керек-ті.  Мамандықтың  бәрі 

қоғамға керек. Қандай кәсіпті таңдаса да, әр адам 

өз ісінің шебері болса, өзінің, өзі өмір сүріп отырған 

қоғамның    ілгері  жылжуына  үлкен  үлесін  қосады. 

Сондықтан егемен еліміздің игілігіне қызмет ететін 

еңбексүйгіш,  талапты,  білікті  мамандар  саны  арта 

берсін!                                                             

                       Эльмира ОРАЛБАЕВА

Көкейтесті

МАМАНДЫЌ  ТАЅДАУ – ЖАУАПТЫ СƏТ

Ата-бабамыз  аңсаған  тәуелсіздікке  қолымыз 

жеткелі 22 жыл болды. Еліміз коммунистік жолдан 

нарықтық  даму  жолына  түсті.  Нарық  ұғымымен 

қоса жаһандану  ұғымы да табалдырығымызды ат-

тады. Осы ұғым біздерге тиімді ме, тиімсіз бе? «Ақ 

бар  жерде  қара  да  бар»  дейді  ғой  дана  халқымыз. 

Жаһандану дегенде бірде қуанып қалсам, бірде ойға 

батамын. Жаһандану барысында елімізбен қоса же-

ріміз де көркею үстінде. Дамыған мемлекеттермен 

тереземіз тең. Үш тұғырлы тіл саясаты арқылы жа-

старымыз емін-еркін шет ел азаматтарымен ақпарат 

алмаса  алады.  Медицинамызда  да  ауыз  толтырып 

айтарлықтай  жетістіктеріміз  бар.  Заманауи  құрал-

жабдықтар    халқымыздың  денсаулығын  жоғары 

деңгейде  қадағалауға  мүмкіндік  береді.  Білім  са-

ласында мемлекеттік грант арқылы оқу жүйесі ен-

гізілген.  Сонымен  қоса  үздік  оқитын  студенттерге 

шәкіртақы тағайындалған. Шет елде білім аламын 

десе де жол ашық. 

Ал,  ұлттық  тәлім-тәрбиемізге,  тарихымызға 

жаһанданудың  зардабы  бар  тәрізді.  Қазақ 

халқымыздың  баға  жетпес  ұлттық  ойындарын 

айтсаңызшы!  Миды  шынықтырудың  бір  тәсілі 

–  шахмат  ойыны  дейді.  Шахмат  ойынының  тарих 

төріне  шыққанына  4000  жыл  болыпты.  Ал,  тоғыз 

құмалақ ойынына 5000 жыл болыпты. Осыған қарап 

отырып шахмат ойынының атасы тоғыз құмалақ  па 

деп қаласың. 

Көкпар,  ақсүйек,  қыз  қуу,  алтыбақан  тәрізді 

ойындарымызды  бәріміз  дерлік  білеміз.  Ұлттық 

символымыз  –  ою-өрнек  түрлерінің  ұмыт  қалып 

бара жатқаны өзекті өртейді. Ұлттық нақыштағы ки-

імдерді кию Маңғыстау облысында кең таралғанын 

білемін.  Осы  үрдіс  республика  көлемінде  қолға 

алынса, баршамыз үшін игі іс болар еді.

Біз дамыған мемлекетке айналамыз дейміз. Алай-

да  ұлттық  тәрбиеңді,  тарихыңды,  мәдениетінді, 

тілің  мен  дініңді  ұмытсаң,  дамыған  мемлекет 

болғанымыздан  не  пайда?  Күн  Шығыс  елінде 

жасөспірімді  13  жасқа  дейін  ана  тілінде  оқытып, 

ұлттық  тәрбиесімен  тәрбиелейді  екен.  Бізге  осы 

нәрседен үлгі алу керек деп ойлаймын. Сөзімді дана 

халқымыздың  мына  бір  сөзімен  аяқтағым  келіп 

отыр: «Ел боламын десең  - бесігіңді түзе».




жүктеу 478.59 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет