Жезқазған тарихи-архиологиялық музейінің 35 жылдық мерейтойы аясында
«Музей: Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеудегі жаңа әдістер» атты ғылыми-тәжірибелік
конференция, музей қызметкерлерінің «Уақытпен үндестік тапқан» атты салтанатты кеші,
«Жезқазған мыс пен ғарыш аймағы» атты жалпы шолу және музей жобалары аясында
безендірілген тарих залдарына экскурсиялар ұйымдастырылды.
Конференцияға Алматы қаласы-
нан тарихшы, мәдениеттанушы Ма-
рат Сембі, Отырар мемлекеттік ар-
хеологиялық музей-қорығының ди-
ректоры, тарих ғылымдарының кан-
дидаты Ержан Есжан және музей
қ
ызметкері Қуаныш Шоқай, ҚарМУ
доценті, тарих ғылымдарының кан-
дидаты Маулен Жакин, Қарағанды
облыстық бейнелеу өнері музейінің
директоры Бибігүл Құдабаева, Те-
міртау қалалық тарихи-өлкетану му-
зейінің директоры Наталья Скори-
кова және аға ғылыми қызметкері
Ғалия Ақпанбекова, облыстық тари-
хи-өлкетану музейінің бас сақтау-
шысы Меруерт Орысбаева, Қазақ-
стан Республикасы Тұңғыш Прези-
дентінің тарихи-мәдени орталығы
директорының орынбасары темір-
таулық Төлеутай Естекбаев, «Әзі-
рет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-
мәдени қорық мұражайының ғылы-
ми қызметкерлері Әшіркүл Егеубае-
ва және Нұржамал Әшірбекова,
«Ұлытау» мемлекеттік қорық-му-
зейінің директоры Бақтияр Қожахме-
тов қатысып, өз ойларымен бөлісіп,
музейаралық шығармашылық қаты-
нас, өзара көрмелер және экскурсия-
лар ұйымдастыру туралы пікірлесіп,
келісімге қол қойды.
Кездесудің екінші жартысында
Жезқазған тарихи-археологиялық
музйінің директоры Зинаида Чума-
кова бастаған топ музей жобалары
аясында безендірілген Қазақ жол
қ
атынастары университетінің Жез-
қ
азған филиалының оқу аудито-
рияларына және С. Қожамқұлов
атындағы музыкалы-драма театры
мен медициналық колледждің тарих
залдарына экскурсия жасады. Сон-
дай-ақ, қонақтар қазақтың тарихын
зерделеу жөніндегі ведомстворалық
жұмыс тобының кеңейтілген оты-
рысында Қазақстан Республикасы-
ның Мемлекеттік хатшысы Марат
Тәжин бүгінгі заман тарих ғылымы-
ның алдында жаңа талаптарды, ба-
сқаша көзқарасты қойып отырғанын
тарихқа арқа сүйемесе болашақ
бұлдыр екенін баса айтты. Сонымен
қ
атар, музейлердің алдына қойған
мақсаттары жайында әңгіме қоз-
ғады.
Іс-шараның екінші күнінде «Му-
зей: Қазақстанның ұлттық тарихын
зерделеудегі жаңа әдістер» атты
ғылыми-тәжірибелік конференция
өтті. Конференция Жезқазған қала-
сының әкімі Серік Шайдаровтың құт-
тықтау сөзімен ашылды. Сондай-ақ,
«Нұр Отан» ХДП Жезқазған филиа-
лы төрағасының бірінші орынбаса-
ры Гүлмира Қаженова, «Қазақмыс»
корпорациясы ЖШС жанындағы Қа-
рағанды филиалы төрағасының бі-
рінші орынбасары Қанат Балма-
ғамбетов та өздерінің жылы лебіз-
дерін білдірді. Конференция модера-
торы тарихшы, Жезқазған қалалық
мәслихатының депутаты Хансейіт
Бөлен болды.
Пленарлық мәжілісте Алматы қа-
ласы, Қарағанды және Оңтүстік Қа-
зақстан облыстарындағы музей
қ
ызметкерлерінің баяндамалары
тыңдалды. Пленарлық мәжіліс аяқта-
лған соң қонақтар музейдің көрме
залында ашылған «Жанданған та-
рих іздері» атты музейдің 35 жыл-
дығына арналған көрмеге экскурсия
жасады. Түскі үзілістен кейін конфе-
ренция өз жұмысын секциялық оты-
рыстарда жалғастырды. Оған қонақ-
тармен қатар, тарихшылар, архео-
логтар, этнографтар, өлкетанушы-
лар, мәдениеттанушылар, суретші-
лер қатысты. Секция қатысушыла-
ры Қазақстанның археологиялық
зерттеулері жайында әңгіме қозғап,
ұ
лттық тарихи санасын қалыптас-
тырудағы өлкетану зерттеулерінің
атқаратын ықпалына назар аудару-
дың қажеттігіне және халықтың
дәстүрлі тарихи жадын қалыптасты-
рушы мәдени мұралар екенін баса
атап көрсетті.
Іс-шараның үшінші күнінде
Қ
. Сәтбаев атындағы тарихи-өнді-
рістік музейіне, қала ішіне арналған
«Жезқазған - мыс пен ғарыш айма-
ғы» атты жалпы шолу экскурсиялар
өтті.
Ақтоты ТОҚМЕТОВА.
Суреттерді түсірген:
Айгүл Нұрмағанбетова.
Сарыарқа. - 2013. - 2 тамыз. (№30). - 9 б.