Жер телімін инфрақұрылымды жасағаннан кейін ғана жекеге беру тұрғын үй саласын дамытуға кедергі келтіре ме?


ұмыт қалдырған сияқтымыз. Өндірістік



жүктеу 0.68 Mb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата14.02.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

ұмыт қалдырған сияқтымыз. Өндірістік 

ошақтардың біразы бүгінде іске 

қосылды. Енді сол салынғаны және 

кейін салынатыны бар, өнеркәсіп 

орын дарының қоршаған ортаға тигізер 

зиянын барынша азайту үшін нені 

ескеру қажет? 

– Иә, ондай мәселе бар. Дегенмен әре-

кетсіздіктен гөрі, жұмыс істеген дұрыс қой. 

Сондықтан ол бағдарламаны уақытында 

бастағанымыз өте орынды болды. Қазір 

оны жоғары технологиялар аясында тағы 

бір мәрте қарап шығуға болады. Ол 

технология тек бүгіннің ғана емес, ертеңгі 

күннің талаптарына да сай болуы тиіс. 

Қазақстан технология жағынан біраз уа-

қытқа қалып қойды. Бізге осыдан 15-20 

жыл бұрын шыққан технологияны алып 

келсеңіз, ол аса заманауи деп танылады. 

Ал, шын мәнінде, қазіргі технологиялар 

одан да дамып кеткен. Меніңше, жаңа 

технологияларды Үдемелі индустриялық-

инновациялық даму бағдарламасын іске 

асыру барысында да енгізуге болады. 

Басты талап – экологиялық қауіпсіздік. Осы 

уақытқа дейін Қазақстандағы халықтың өз 

денсаулығына қанша ақша шығарғанын 

ешкім есептеген емес. Ал бала өлімі, зей-

неткерлік жасқа дейін жетпеуден мем ле-

кетке келетін шығынды санасақ, жаңа тех-

нологиялар мәселесінде ақша үнемдеудің 

ешбір пайдасы жоқ деп ойлаймын. Оған, 

ең алдымен, қазақ халқы мүдделі болуы 

шарт. 


– Отандық энергетиканы дамытуға 

қатысты жеке көзқарасыңызды біл-

дірсеңіз?

– Ұлыбритания кезінде көмір жақты. 

Уақыт өте келе, ол да осы саладағы стра-

тегиялық саясатты түбегейлі өзгертіп, кө-

мірден газға көшті. Біз де солай істей 

аламыз. Оған мүдделі болу қажет. Қазір 

бізде газ шығып жатыр, бірақ оны шетелге 

сату халыққа жасаған қиянатпен бірдей 

ғой. Сондықтан бүгінде біз газдандыру 

жұмысы бойынша үлкен серпіліс жасауы-

мыз қажет деп ойлаймын. Бұл – біріншіден, 

отандық энергетиканың тұрақтылығын 

қамтамасыз етсе, екіншіден, ел экологиясын 

барынша сақтай алады. Әрине, Үдемелі 

индустриялық-инновациялық бағдар-

ламасына қосымша энергия көздері қажет. 

Бірақ бұл мәселе тек жылу электр стансы-

ларын салумен ғана шешілмеуі тиіс. 



– Үкімет дайындап жатқан жаңа 

бағдарламада атомдық энергетика да 

бар. Сіз осы саланың даму болашағына 

қалай қарайсыз?

– Қазақстан – ядролық тарихы бар 

мемлекет. Әрине, оның экологиялық зар-

дабы қатты болды. Бірақ бұл тәжірибенің 

басқа жағы да бар ғой. Ақтауда жұмыс іс-

теген атомдық реактор соның айқын дәлелі 

бола алады. Ол жерде бірде-бір төтенше 

жағдай болған жоқ. Сондықтан Қазақстанда 

атом энергетикасын дамытуға болады. Ол 

да, бір жағынан, ел эконо микасын әрта-

раптандыруға көмектессе, екінші жағынан, 

ядролық ғылымды дамытуға мүмкіндік 

береді. Мен атом энергетикасын дамыту 

аса қажет деп білемін.



– Бүгінде Назарбаев университеті 

отандық білім беру саласының көш-

басшысы әрі ел экономикасының ғы-

лыми әлеуетін дамытатын орталық 

болып қалыптасып жатыр. Демек, осы 

жерде білім алған мамандар ертең 

Қазақстан экономикасын алғы шепке 

шығарады деген үлкен үміт бар. Әрине, 

ол үшін мықты ғылыми орта қажет. 

Өзіңіз басқарып отырған Энерге 

ти-

калық зерттеулер орталығында ондай 

орта бар ма? Орталықтың қазіргі 

жұмысы мен ғылыми жобалары туралы 

айтып берсеңіз?

– Иә, бүгінгі таңда біздің негізгі мақ-

сатымыз – Батыстың оқ бойы озық тұрған 

бі лім беру технологияларын Қазақстанға 

әкелу. Ғылыми-зерттеу жұмыстары да осы 

мақсатты көздейді. Біздің ғалымдар ше тел-

дің үздік универ ситеттері жанындағы ғы-

лыми институттармен бірлесіп, сан алуан 

зерттеулерді жүргізеді. Бұл жерде тағы бір 

мәселені атап өтпесек, болмайды. «Бола-

шақ» бағдарламасы бойынша шетелде 

оқыған жас мамандар Қазақстанға келген 

кезде, 30 жылға кейін шегінгендей болады. 

Былайша айтқанда, біздің ғылымымыз, 

әсіресе, оның материалдық-техникалық 

жағдайы біраз уақытқа қалып қойды. 

Назарбаев университеті осы олқылықтың 

орнын толтыруға тырысып келеді. Мәселен, 

бізде қазір «Болашақ» бағдарламасының 

40 түлегі және 20-дай PhD ғылым кан-

дидаты бірге жұмыс істеп, өзіндік ғылыми 

ортаны қалыптастырып жатыр. Әрине, 

зерттеу жұмыстарына ғылыми база қажет. 

Біз оны ғылыми ортамен бірге қалып тас-

тырып келеміз. Бұдан басқа, жас ғалымдар 

біздің стратегиялық әріптестеріміз – ше-

телдің жоғары оқу орындарымен тығыз 

байланыс орнатып, ол университеттердің 

негізінде өз жобаларын іске асырып жатыр. 

Былтыр біз қанатқақты жобалардың серия-

сын бастадық. Оның бәрі тек энергетика 

мен физика саласында ғана емес, био-

логия, химия және тағы басқа ғылымдарды 

қамтиды. Себебі бүгінде ғылымды бөлек-

бөлек дамыту деген жоқ. Бәрін бір арнада 

жүргізген кезде ғана мультипликативті 

нәтижеге қол жеткізуге болады. 

Энергетикалық зерттеулер орталығы 

қолға алған жобалардың бірі материалтану 

саласына арналған. Оның аясында біз күн 

энергетикасы үшін аса тиімді болатын ма-

териал – органикалық пленкаларды зерт-

теп жатырмыз. Бұл күн батареяларының 

озық үлгісі десе болады, арзан әрі кең қол-

данысқа ие бола алады. Біз Қазақстанның 

энергетикалық секторының модельдік үлгі-

лерін жасап шықтық. Ол да – біздің жоба-

мыз. Оның негізінде отандық экономиканың 

даму жағдайы зерттелді, яғни белгілі бір 

салаға басымдық берген кезде, Қазақ-

станның экономикалық көрсеткіштері қан-

дай болатындығын анықтадық. Осы зерт-

теуде де біз көмір энергетикасын саралап, 

газ энергетикасын дамыту болашағын да 

ашық көрсеттік. Жел энергетикасы бойынша 

ауылдық аймақтарға қажетті шағын энер-

гетикалық модульдеріміз бар. Ондай 

электрстансыларды жеке шаруа қожа лық-

тары кеңінен қолдана алады. Бұдан басқа, 

биомедицинада біз қатерлі ісік (туберкулез) 

диагностикасын дамытып келеміз. Бүгінде 

бұл ауруды жеті күнде анықтайды. Бірақ 

әлемде ондай диагностиканың үш сағаттық 

тәжірибесі бар. Осы тәжірибе бойынша 

бүгінде біздің жас ғалымдар жұмыс жасап 

жатыр. Онкология саласында да біз жеткен 

жетістіктер жоқ емес. Меніңше, екі жылдан 

кейін біз өз жобаларымызды практика 

жүзінде іске асыруды бастаймыз. 

– Университетте маман даярлаудың 

өзгеше бір жүйесінің қалыптасқанын 

жақсы білеміз? Оның ерекшелігі 

неде?

– Ұстаздар мен студенттерге қойылатын 

талаптарды бәрі біледі ғой. Атап өтер жайт: 

біздің академиялық ортамыз теңдікті 

көздейді. «Аға», «көке» деген жоқ. Мен 

шә кірт тер үшін «аға» емеспін, әріптесі бо-

ла мын. Міне, осындай ортада ғана идеялар 

туады. Бұл тәжірибе болашақта барлық 

жоғары оқу орындарына тарайды деп 

сенемін. Біз сол үшін еңбек етіп жа-

тырмыз. 

Сұхбаттасқан 

Арман АСҚАР

Биыл «Жер сағаты» шарасы қай күні өтеді? Еліміздің 

қанша қаласында жарық жаппай өшірілетін болады?

  

Азамат 

ЗЕЙНУЛЛИН, 

Алматы облысы

ҚР Қоршаған ортаны қорғау 

министрлігі мамандарының мәлі-

метінше, Қазақстанда «Жер 

сағаты» шарасы наурыздың 31-і 

күні сағат 20.30-дан 21.30-ға 

дейін болады. Жергілікті тұрғындар 

осы бір сағат ішінде электр 

жарығын өшіріп, символды түрде 

еліміз бен ғаламның табиғатына 

деген жанашырлық танытуы тиіс. 

«Жер сағаты» шарасы Орталық 

Азияда тұңғыш рет Қазақстанда 

осымен төртінші жыл аталып өтеді. 

Жабайы табиғат бүкіләлемдік 

қорының бастамасын қазақ-

стандықтар қызу қолдап келеді. 

Биыл шараға еліміздің 60-тан 

астам қаласы және 9 млн-нан 

астам қазақстандық қатысады деп 

күтілуде.

АЛАШ АЗАМАТЫ



Балқашта газ немесе 

атом электрстансысын 

салу керек

ҰСЫНЫС


Наурызды қазақ халқы атам 

заманнан барлық жаңашылдық-

тың басталатын күні ретінде 

есептеген. Қыстан шыққан 

егіншілер мол өнім алу ниетімен 

егін егуге кіріскен, малшылар 

қойларын қырқып, жылқы-

ларына таңба басып, табынға 

қосқан. Жалпы дәстүр бойынша, 

Наурыз мейрамын көшет немесе 

гүл отырғызудан, арықтарға су 

жіберуден бастаған. Бүгінде 

аталмыш мейрамды тойлау тұсы 

сақталғанымен, ізгі амалдар 

жасау жағы ұмытылып бара 

жатқандай.

Қазақстанда Наурыз мемлекеттік мей-

рам ретінде үш күн бойы аталып өтіледі. 

Осы үш күннің бір күнін пайдалы істер 

жасауға арнаса артық болмас еді. Мысалы, 

бұрын асар жасау жақсы жолға қойылған-

ды. Жағдайы төмен адамдарға асарлатып 

там соғып берген. Кедей-кепшік бүгінгі 

қоғамда да жоқ емес, демек, соларға қол 

ұшы берілсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Лениннің туған күнінде өткізіліп жүрген 

сенбілік бұрынғы қазақтарда Наурызда 

өтетін. Арықтар тазаланып, ағаш көшеттері 

отырғызылатын, гүл егілетін. Кейбір шығыс 

халықтарында бұл күн әлі күнге дейін су 

немесе гүл мейрамы деп аталады. Ағаш 

егу кейбір ауылдарда жүргізілгенімен, 

жап пай қолға алынбай келеді. Бұл игі амал 

арқылы елімізді көгалдандыру ісіне зор 

үлес қосуға болар еді. 

Көктем шыға елімізде су тасқыны бо-

лып, еріген қар сай-салаға кетіп, халық ты 

мазалауда. Мамандар мұны көше бойын-

дағы су ағатын арықтар, жолдардың асты-

мен өтетін суағарлардың мерзімінде таза-

лан бауынан көреді. Егер су ағатын арықтар 

дер кезінде қардан, күл-қоқыстан аршыл-

ғанда, су жан-жаққа жайылмай, өз жолы-

мен ағар еді. Демек, Наурыздың бір күні 

арқылы зардабы бәленбай айға жетер лік 

апаттың алдын алуға болады екен. 

Сапарғали ЖОЛАУШИН, 

ардагер ұстаз:

– Ертеректе Наурыз мейрамы тек тойлау 

ғана емес, көптеген пайдалы іс-шара-

лармен өткізіледі екен. Мұның бәрін ұмыт-

тырған Кеңес өкіметі ғой. Наурызды жоюға 

тырысты, біздің бала кезімізде кейбір ауыл-

дарда аталып өтетін, онда да арақ ішуден 

арыға бара қоймайтын. Сон дықтан Нау-

рыз да жасалатын игі амалдарды жаңғырту 

қажет. Ұрсысып қалған адам дарды тату-

ластыру деген – өте жақсы дәс түр. Ренжісіп 

қалып, кешірім сұраудың ретін таппай 

жүргендер қаншама?!.

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

Қызылжар

Наурызды 

тойлаймыз деп ізгі 

амалдарды ұмыт 

қалдырмайық

ОҚИҒА


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 

мамандарының хабарлауынша, жек-

сенбіден кеше сағат 01.30-ға дейінгі 

аралықта «Әулиекөл-Сурган» тас жолының 

Қостанай облысы аумағындағы бөлігінде 

жүзден астам автокөлік пен 270 адам 

жолда тұрып қалған. Құтқарушылар, жол 

жөндеу мекемесі жұмысшылары мен жол 

полицейлері қар құрсауында қалғандардың 

бәрін  Октябрьское елді мекеніндегі мек-

тепке, аурухана мен мешітке әкеліп 

орналастырды. Жолаушылардың барлығы 

аман. Осы облыстағы «Әулиекөл-Жал-

дама» автожолында сол күні тағы 169 

адамның жолы болмады. Қарға кептелген 

төрт автобус жолаушыларының 15-і – 

балалар. Жолда қалғандарды Наурызым 

ауданының төтенше жағдайларға жауапты 

мамандары құтқарды. Жексенбі күнгі 

алапат боранда Ақтөбе облысында да 

барар жеріне жете алмаған жолаушыларға 

дер кезінде көмек берілді. «Ақтөбе-Орск» 

тас жолында 30 көлік пен 75 адам, 

«Самара-Шымкент» жолында алты көлік 

пен 58 адам тұрып қалған болатын.

Болатбек МҰХТАРОВ

Жолда қалған 

жүздеген адам 

құтқарылды 

Еліміздің оңтүстік-

шығысында күн жылы 

болғанымен, батыс аймақтарда 

боран соғып тұр. Өткен 

тәуліктерде Ақтөбе мен 

Қостанай облыстарында ауа 

райының жайсыздығына 

қарамай жолға шыққан 

жүздеген адам қар құрсауында 

қалды.


№49 (731) 

27.03.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДОДА


МАСҚАРА!

Қазақстан Әнұраны 

мазаққа айналғаны қалай?

АБЫРОЙДАН АЛТЫН АРТЫҚ 

БОЛҒАНЫ МА?

Жалпы, бұл жағдайдан кейін кейбір 

спортшыларымыздың Мемлекеттік Ән ұра-

нымызды білетініне күмәндана бастадық. 

Патриоттық сезімінің жоқтығынан ба, әлде 

білместігінен, «Бораттың» «әнұраны» ай-

тылып жатқанда мергеніміз Мария Дмит-

риенко жеңіс тұғырынан түсіп кетуге бат-

пады. Қайта жеңісіне мәз болып, күліп,  

қолын жүрегіне қойып, «Әнұранымызды» 

ұйып тыңдап тұрды. Ар тынша өзге жүл-

дегер лермен бірге суретке түсті де. Шынын 

айтсақ, Мария Ән ұранымыздың шатасып 

кеткенін білмеді дей алмаймыз. Мемле-

кеттік Әнұранымыз дың қай елде болма-

сын, қазақ тілінде шыр қалатынын білмей-

ді емес, білуі қажет. Ау, сонда егер патриот 

болса, «бұл біздің Әнұран емес» деп жеңіс 

тұғырынан түсіп кетпей ме? Әлде ел абы-

ройынан алтын жа латылған медаль артық 

болды ма? Бұл жағдайға байланысты 

Штат тағы ұлттық командалар дирекциясы-

ның баспасөз хатшысы Ардақ ТОҒЫМОВ 

былайша түсінік берді:



– Оның қылығы бізді де күйдірді. 

Әнұранымызды білмейді емес, біледі 

ғой. Ақымақтық жасады. Сол кезде 

наразылық танытып, медальді тастап 

кетіп қалса да болар еді. Оның орны-

на мәз болып тұрды. Бүгін кешкісін 

Кувейт тен мергендер келеді. Сол кез-

де Аста наға шақыртып, шұғыл жина-

лыс өткі 

земіз. Осының барлығын 

талқыға сал мақ пыз. Тіпті бас бапкері-

мен қосып, ұлт тық құрамадан қуатын 

да шығармыз. Қазақстан азаматына 

лайық емес қы лық жасады. Ал жина-

лыста одан бөлек, спортшылардың 

патриоттығы жайында көптеген 

мәселелер талқыға салынады. Еліміз-

де өткен VII қысқы Азия ой ындары 

кезінде көк туымыздың табан астында 

тапталғанын да ұмытқан жоқ пыз. Жи-

налыс барысында бір шешім қа-

былданатын болады.

Нұрлан ӘМІРБЕКОВ, Стенд ату 

спортынан мемлекеттік бапкер:

– Дмитриенконы ақтайын деп тұр-

ған жоқпын. Бірақ оларды додадан 10 

минут өтер-өтпестен марапаттау рәсі-

міне шақырыпты. Бұл кезде спортшының 

жеңістен әлі басы айналып тұрған кезі. 

Оның үстіне, екінші және үшінші орын 

алған қарсыластарын бұған дейін 

ешқашан жеңе алмай келген. Сондық-

тан эмоциясын тыя алмай, Әнұранымыз-

дың орнына басқа ән орындалғанда ол 

қорқыныштан не істерін білмей қалған. 

Бұл уақытта бапкерлер ұйымдастыру-

шы ларға жүгіріп барған. Әлгі әнді тоқ-

татпақ болыпты. Ертеңінде Кувейт шей-

хінің өзі ұлттық құрамамызды шақырып 

алып кешірім өтінген. Телеарналар ал-

дында да Қа зақ стан тарапынан кешірім 

сұрап, мұн дай жайттың қайталанбай-

тынын айт қан. Ал одан кейін тағы бір 

спортшы мыз Ангелина Мищук жеңім-

паз атан ғанда оны марапаттамай тұ-

рып, ортаға Дмитриенконың өзін ша-

қы  рып,  Мемлекеттік  Әнұранымызды 

дұ рыстап  шыр қатқан.

– Енді Астанада осы жайтқа байла-

нысты үлкен жиын өтіп, Мария Дмит-

риенконы үлкен спорттан аластату 

мәселесі қаралмақ. Қалай ойлайсыз, 

кешірім жасаған дұрыс па, әлде мер-

генді қатаң жазалау керек пе?

– Әрине, бұл жерде спортшы 

мемлекетіміздің беделіне нұқсан кел-

тірді. Жеңіс тұғырынан түсіп кетуі керек 

еді. Дегенмен бір жағынан Әнұранның 

ауысып кетуіне Мария кінәлі емес қой. 

Оның үстіне, оған қанша қаржы құйыл-

ды. Өзін халықаралық аренада енді 

ақтап, жоғарғы көрсеткіштерге қол 

жет кізіп келе жатыр еді. Адамгершілік 

тұрғысынан алғанда, спорттан аластат-

ШАЙБ


А

ЛЫ ХОККЕЙ

Милан клубы «Баку оттарын» өшіруге айналды

WSB аясындағы жартылай финалдың бірінде «Астана арландарының» 

Мәскеудің «Динамосын» 3:2 есебімен ұтқанын теледидардан көрдім. Ал екінші 

жартылай финалдық кездесу қалай аяқталды екен?

Жасұлан НҰРҒАЛИЕВ, Атырау қаласы

Еуропадағы мәртебелі екі теңбіл доп додасы, яғни Чемпиондар лигасы мен Еуро-

па лигасы болашақта бірігуі мүмкін дейді. Сол рас па? Егер, екі лига бірігіп кетсе, 

жанкүйер қауым үшін қызықсыз болып қалмай ма?!

Ернұр БАЗАРҚҰЛ, Ақтөбе қаласы

Жуырда УЕФА президенті Мишель Пла-

тини Батыстағы ең қызықты футбол додала-

ры: Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын 

біріктіру туралы ойын ортаға салды.

Егер бұл жоба іске асатын болса, 2015 

жылы «Еуропа суперлигасы» тұсауын кесуі 

мүм кін. «Еуропа суперлигасында» 80 коман-

да сынға түсіп, олар төрт командадан 20 топқа 

бөлінбек. Англия, Испания, Франция, Ита-

лия, Германия сынды футбол жақсы дамыған 

елдерден алты клуб қосу жоспарланған. Ол-

ардың төртеуі тікелей топтық турнирге шық са, 

қалған екеуі іріктеуден өтулері керек. Чемпи-

ондар лигасы мен Еуропа лигасын біріктіруге 

мәжбүрлеп отырған фактор – Еуролигадан 

түсетін қаражаттың аздығы. Чемпиондар лига-

сы мен Еуропа лигасындағы көк қағаздардың 

арасы жер мен көктей. Мәселен, былтырғы 

Еуролига жеңімпазы «Порту» командасы 

7,84 миллион еуро пай да тапса, Чемпиондар 

ли га сында үздік шық қан «Барселонаның» та-

бысы 51 миллион еуро ға жеткен.

Бұл идея жүзеге аса ма, жоқ па, бел-

гісіз. Ал әзірше 2014 жылғы Чемпиондар 

лигасы мен Еуропа лигасының финалдық 

ойындары өтетін қалалар анықталды. 

Алғашқысы Лиссабонның «Да Луш» ста-

дионында өтсе, Еуропа лигасының 2014 

жылғы ақтық ойынын туриндік «Ювен-

тустың» жаңа аренасы қабылдайды. Ита-

лия 


лық Gаzetta Della Sport басылымы 

«2015 жылы Еуропа лигасы соңғы рет 

ойнатылатын болады» деп жазған. Се-

бебі жоғарыдағы екі лиганың да демеу-

шілермен 2015 жылға дейін келісімшарт 

жасалған көрінеді. Осыған сүйене отырып, 

ресейлік басылымдар да осы ақпаратты 

жарыса таратуда. Қазақ «жел тұрамаса, 

шөптің басы қимылдамайды» дейді, кім 

біледі, мүмкін, футболды, шынымен-ақ, 

ауқымды өзгерістер күтіп тұрған шығар.

Екінші жартылай финалдық кездесу Ита-

лияда өткен. Онда жергілікті «Milano 

Thunder» клубының боқсшылары Әзірбай-

жаннан келген қонақтарын 5:0 есебімен 

ойсырата жеңді. Сөйтіп, Милан боксшыла-

ры біздің жігіттердің қолдарынан келмеген 

істі тындырып, қарсы ластарын күй рете жең-

ді. Енді олардың фи налға шыға тындарына 

күмән келтіруге де болмас. Ал бұл жұптағы 

қарымта кездесу 30 наурыз күні Бакуде 

өтеді. 


«Dolce&Gabbana Milano Thunder» – 

«Baku Fires» – 5:0

54 келі: Винченсо Пикарди – Гаирбек Гер-

маханов – 2:1

61 келі: Браномир Станкович – Мадади 

Нагзибеков – 3:0

73 келі: Виллиам Млауглин – Осман Али-

ев – 3:0

85 келі: Имре Сзелло - Ватан Гусейнли – 3:0

+91 келі: Клементе Руссо – Гаджи Мурту-

залиев – 2:1

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы біріктіріле ме?

Бірінші топ та біз ойлағандай емес

Бұл топтағы алты команда келесі жылы 

кіл мықтылар арасында, яғни жоғарғы ди-

визионда өнер көрсетуге құқық беретін 

жалқы жолдамаға таласады. Біздің қызда-

ры мыздың да мақсаты – жоғарғы топқа 

қайта оралу...

Естеріңізде болар, былтыр Александр 

Мальцев жаттықтыратын Қазақстан құра-

масы Швейцарияда өткен әлем чемпиона-

тында бес ойын өткізіп, бесеуінде де жеңі-

лістің кермек дәмін татып, жоғарғы топ-

тағы орнынан айырылып қалған. Жоғар ғы 

топта қалу үшін былтырғы чем пио наттың 

екі аутсайдері, яғни Қазақстан және Сло-

вакия құрамалары екі қайтара кездесіп, 

екеуінде де словак қыздары басым түскен. 

Есеп – 0:1 және 1:2 (буллитте).

Жалпы, біздің қыздар әлем чемпиона-

тына 2000 жылдан бері қатысып келеді. 

Төрт рет (2001, 2005, 2009 және 2011 

жылдары) жоғарғы дивизионда ойнаған. 

Тек 2009 жылы ғана 6-орынға ие болып, 

кіл мықтылар сапында қалған. Қалған 

үшеуінде қайтадан бірінші дивизионға 

түсіп қалды. Демек, 2009 жылғы 6-орны-

мыз – әлем чемпионаттары тарихындағы 

ең жоғарғы жетістігіміз.

Қыздарымыздың бұдан басқа жетістік-

теріне тоқталар болсақ, үнемі Александр 

Мальцевтің тәрбиесінде болған арулары-

мыз 2002 жылы қысқы Олимпиада ойын-

дарына қатысқан.

1996 жылдан бері бес рет қысқы Азия 

ойындарына қатысып, бесеуінде де жүл-

деге ілігіп, олжалы оралды. Атап айтқанда, 

алғашқы екеуінде (1996 және 1999 жыл-

дары) қола медаль иеленіп, соңғы үшеуін-

де (2003, 2007 және 2011 жылдары) ал-

тын мен апталып, чемпион атанды.

Енді Латвияда өтетін биылғы бүкіл әл-

ем дік додаға келсек, биыл бұл топта осал 

команда жоқ. Басты бәсекелестеріміз Нор-

вегия және Жапония қыздары дегеніміз-

бен, қалғандары да оңай шағылатын жаң-

ғақ емес. Мысалы, бірінші дивизионның 

былтырғы біріншілігінде Қытай қыздары 

соңғы орынға ие болып, екінші дивизионға 

түсіп қалды. Ал Қытай қыздарының қалай 

ойнайтындарын былтыр өз көзімізбен 

көргенбіз. Өткен жылы VІІ қыс 

қы Азия 


ойындары аясындағы Алматыда өткен 

тартысты додада Қытай қыздары да өрнекті 

ойын үлгісін көрсете білген. Сон дықтан 

биылғы әлем чемпионатында Қазақ стан 

қыздарына ешбір ойын жеңіл бол майды. 

Қарсыластарының бәрі де – жыл сайын 

жетіліп келе жатқан құрамалар. Тіпті бы-

лтыр екінші дивизионда топ жарып, биыл 

бірінші дивизионда бақ сынау құқы ғына 

қол жеткізген Чехия қыздарының өздері 

қарымды-ақ. Бұл елде шайбалы хок кейді 

қалай құрметтейтінін және оның шежі-

ресі өте бай екенін өздеріңіз де біле-

сіздер.


Осы сөздеріміздің дәлелі сол, Қазақстан 

құрамасы Вентспилстегі алғашқы кезде-

суінде Латвия қыздарынан ұтылып қалды. 

Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең 

аяқталып, овертаймда екі құрама да гол 

соға алмады. Ал буллитте айдын иелерінің 

бақтары жанды. Қазақстан құрамасы са-

пынан А.Фукс, Г.Шу және З.Тухтиева сын-

ды тәжі рибелі қыздарымыз латыш қақпа-

шысы Л.Андирсевскадан айлаларын асы-

ра алмады. Ал латыштар сапынан И.Кока 

біздің Д.Обыденованы сан соқтырып кетті. 

Сөйтіп, 3:2 есебімен Латыш қыздары 

жеңіс ке  жетті.

Әлем чемпионатының бірінші күнгі 

қал ған екі кездесуінде Норвегия қыздары 

Австрия құрамасын 7:2 есебімен тізе бүк-

тірсе, Жапония арулары Чехия хоккейші-

лерін 4:3 есебімен әзер ұтты. Енді біздің 

қыздарға қалған ойындарда ұпай жоғалт-

пай, жеңіске жету қажет. Сонда ғана жо-

ғар ғы дивизион жолдамасына ие бола 

ала ды. Ал латыш қыздарының әлі ұпай жо-

ғал тарына шүбә келтіруге болмайды. Үмі-

тіміз көмескі болса да, қыздарымыздың 

жа уапты сәттерде жанкештілік таныта ала-

тындықтарына сенеміз... 

Бүгін Қазақстан құрамасы Австрия ару-

ларымен кездеседі. Ал 28 наурызда – Нор-

вегия, 30 наурызда – Чехия, 31 наурызда 

Жа пония қыздарымен додаға түседі. 

Жексенбі күні Латвия-

да шайбалы хоккейден 

әйелдер арасындағы әлем 

чемпионаты басталды. 

Вентспилс мұз айдынында 

бірінші дивизиондағы ко-

мандалар бақ сынауда.

Нұрғазы САСАЕВ

БОКС


«Астана арландары» елорда төрінде Мәскеудің «Динамосымен» 

кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл Бүкіләлемдік бокс сериясы 

аясындағы жартылай финалдық кездесудің алғашқысы болатын.

Күйрете жеңе алмай, күйіндік

54 келі: Міржан Рақымжанов – Влади-

мир Никитин – 0:3

Бұл жекпе-жекте Міржан өзінен бірер 

жас кіші қарсыласынан айласын асыра 

алмады. Никитин – айылын тартпай, алға 

қарай ентелей беретін боксшы. Соққы лары 

да мығым, пәрменді. Міржан бастыр ма ла-

тып, бірнеше соққы жұмсағанда, ол бір-ақ 

соққысын діттеген жеріне дөп тигізіп, жіге рі-

мізді құм қылды. Міржан алғашқы раунд-

тарда шаршы алаңда жорғадай желіп, 

жеңіл жү ріп еді. Артынан титықтап қалып, 

сол ши рақ қимы лынан да қалды. Біздіңше, 

бұл жер де бап керлер қателесті. Олар Ники-

тинге қар 

сы қайтадан өзбек боксшысы 

Рофикжон Сұл 

тоновты шығарғанда, ол 

Мәскеуде кет кен есесін қайтаруға тырысар 

еді. Әрі ол Мәс кеуде Никитиннен жеңілген 

жоқ та еді. 



61 келі: Мерей Ақшалов – Вазген Са-

фа рянц  –  3:0

Вазген Сафарянц – «Динамо» намысын 

қорғайтын Беларусь боксшысы. Осыдан 

біраз уақыт бұрын Мәскеуде өткен топтық 

кездесуде Ержан Мұсафировті ұтқан. Бұл 

кедесуді бокс мамандары асыға күтті. Се-

бебі осетин жігітінің Мерейден дене бітімі 

әлдеқайда ірі және салмағы ауырлау. Алай-

да өз жерімізде ешкімге есесін жі бер меген 

Мерей үміт 

ті ақтады. «Динамоның» ең 

үздік бокс шы ларының бірін күмәнсіз жеңді. 

Әдет тегі дей аянбай айқасты. Ал Сафарянц 

нашар жігіт болып шықты. Ұтыла бастаған 

соң бокс ережелеріне тыс әрекет терімен 

Ме рей ді басымен, шынтағымен ұрып, зы-

ғыр 


данымызды қайнатты. Осын 

дай жат 


қы лық тарымен  Мерейдің  маңда йын  қана-

тып, қабағын жарды. Ал Мерей оған бола 

жасы май, жуантық осетин жігі тінен жас-

қан бай, төмпештей берді. Нық соққы лары-

мен өзі нің одан жоғары екен дігін дәлелдеп 

шық 


ты. Рингтегі шеберлігі жағынан да, 

адам гер шілігі жағынан да одан асып түсті. 



73 келі: Мирас Байырханов – Виталий 

Бандаренка – 3:0

Мирасқа риза болдық. Табан тіресе 

шайқасты. Өзінен салмақты, өзінен ірілеу 

Бандаренкадан басым түсті. Жалпы, осы 

Ресей клубының бапкерлері салмақ қуу 

мәселесіне бапандай ма, әйтеуір, боксшы-

лары – біздің боксшылардан әлдеқайда 

ірі. Мирасқа да денесі жуантық, аяқ-қолы 

балғадай боксшымен айқасуға тура келді. 

Баз-базында ешкімді де елең қылмай, 

атойлап алға қарай ентелейтін Байырханов 

бұл жолы да жұдырығын ала жүгірумен 

болды. Бос өзеуремей, соққыларын дітте-

ген жерлеріне тигізіп, қарсыласын біраз 

төпе леді. Мирастың жеңіске деген жігері 

басым болып, жанкештілік таныту жағынан 

қарсыласынан асып түсті.



85 келі: Рамжон Ахмедов – Даниил 

Швед – 3:0

Өткен жолы айтқанымыздай, биыл 

Рам жон ысыла түсті. Әр жекпе-жегі сайын 

сауатты бокс үлгісін көрсетіп, көпшілік көңі-

лінен шығып жүр. Негізі, Рамжон да Мәс-

кеу 

де өткен топтық кездесуде тап осы 



Даниил Шведтен ұтылып қалған. Алайда 

ұтылды деуге аузымыз бармайды. Бірақ 

төрешілер өзегімізді өртеп, Ресей аста-

насында Шведтің қолын көтеріп еді. Бұл 

жолы Ахмедов есесін еселеп қайтарды. 

Бас 


тапқы раундтарда оның басымдығы 

анық байқалып тұрмаса да, соққылары 

өтіп, ұпай санымен ұтып жатқан. Бірақ 

«Дина мо» бапкерлерінің сырын білетін 

Рамжон соңғы раундтарда Шведті аяусыз 

төпелеп, бетін қанатты. Сөйтіп, қарсыла-

сының аптығын басып, жеңілгенін 

мойын дауға мәжбүр етті. Ал «Динамо» 

бапкерлері тілдерін тістеп, Шведтің 

бетіндегі жарақатқа қарай алмай, 

бастары салбырап кетті. Рам жонның соң-

ғы раундтағы қимыл-әрекетіне риза 

болып, айызымыз қанды. Оның соңғы 

раундтардағы пәрменді соққылары қонақ-

тарымыздың дандайсыған бапкерлерін 

сабасына түсірді. 



+91 келі: Рустам Мырсатаев – Сергей 

Калчугин – 0:2

Есеп 3:1 болып, рингке аса ауыр сал мақ-

тағы алыптар шыққанда, қуанышы мызда 

шек болған жоқ. Себебі Русланға шүбәсіз 

сен дік. Калчугинді қалпақтай ұшы рып, төр-

тінші жеңісті қалтамызға салып беретін дей 

қайқайып отырдық. Оның үсті не, жекпе-жек 

басталған бетте Руслан өзінен әлдеқайда 

биік Калчугинді жағынан ба, иегінен бе, бір 

ұрып, селт еткізді. Русла ны мыз Калчугинді 

тоқ соққан дай дір еткіз ген сол қуатты соқ-

қысын «тағы қайталаса екен» деп, тықыр-

шыдық. Бірақ секундтар сыр ғып өткен сайын 

біздің асыға күткен жеңі сіміз де сағымдай 

бұлдырап, алыстай берді. Ресейліктер Рус-

ланға қарсы жақсы лап дайындалса керек, 

еңгезердей Калчу гин салмағымен басып, 

Русланды әбден шаршатты. Ал Руслан қал-

баңдаған  қарсы ла  сын  жақсылап  тұрып 

қонжитып, түбін кескен теректей сұлатып 

сала алмай, ти тық тады. Тіпті Вазген Сафа-

рянц сабаздан көр 

гені ме, қарсыласын 

басы мен сүзгілеп, ес керту де алды. Әйтсе 

де, өзі бір кезде ұтқан Кал чугиннен ұтылуы 

жанымыз ға батты. Өзе гімізді өртеп, бір өксік 

өңе ші мізге  тірелді.

Осылай, бар болғаны 3:2 есебімен ғана 

жеңіске жеттік. Қарымта кездесу – 30 нау-

рыз күні Ресей төрінде. Көңіл күпті, арты не 

болар екен, ә?..

Айқын ЖАППАР

Моңғолия астанасы Улан-Баторда әйелдер боксынан Азия чемпионаты 

аяқталды. «Сарықұрлық» біріншілігінен қазақ қыздарына бұйырғаны – екі 

күміс, екі қола.

Алтын жоқ, күміс пен қола – қос-қостан

Азия чемпионаты демесек, биыл бұл 

біріншіліктің маңызы сонша зор болмады. 

Себебі боксшы қыздардың бәрі Олимпиада 

лицензиялары сарапқа салынатын әлем 

чемпионатына дайындалуда. Содан болар, 

ауыр салмақтарда қатысушылар саны аз 

болыпты. Бұл біздің қыздарға жақсы бол-

ды, екі күміс еншіледік. Нақтырақ айтқан-

да, 81 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған 

Жұл дыз Маматқұлова жартылай финалда 

шар шы алаң иесін ойсырата ұтқанымен, 

фи 

налда қытайлық Янг Менюнгке есе 



жіберіп, күміспен күптелді. Ал аса ауыр 

сал мақтағы Ләззат Күнгейбаева жартылай 

фи налда үнді қызынан басым түсіп, ақтық 

ай қаста қытайлық Ли Юн Фейден ұтылып, 

екін 

ші орынға ие болды. Ал жартылай 



финалда 54 келі салмақ дәрежесіндегі Гүл-

жан Әкімова – Үндістан қызынан, 64 келі 

сал мақтағы Феруза Шәріпова Моңғолия 

бокс шысынан ұпай санымен ұтылып, екеуі 

де қола медаль иеленді. 

Өкініштісі, олимпиадалық үш салмақ-

тағы қыздарымыз жүлдеге ілінбек түгіл, 

іріктеуден өте алмай, жасытты. 51 келі 

сал 

мақта үміт артқан аруымыз Жайна 



Ше 

кербекова іріктеу бәсекесінде жапон 

қызы нан ұтылып қалды. «Лондон Олим-

пиа дасына барып қалар» деп жүрген қы-

зымыз жапон қызына есе жіберіп алды. 

Енді мамыр айында Қытайда өтетін лицен-

зия лық әлем чемпионатында қалай болар 

екен?! Сол секілді, 75 келі салмақтағы 

«Азия чемпионы» деген дардай атағы бар 

жер лесіміз Дариға Шәкімова да қытайлық 

қар сыласынан ойсырай ұтылды.

Қазақстан құрамасының құрамы:

қақпашылар – Дарья Обыденнова 

(18.11.1990 ж.), Айжан Раушанова 

(16.01.1988), Луиза Фомина 

(22.12.1993);



қорғаушылар – Ольга Конышева 

(29.05.1972), Виктория Сазонова 

(30.08.1983), Дәрия Молдабай 

(23.01.1993), Виктория Мұсатаева 

(25.04.1981), Галина Шу (27.11.1986), 

Мәрия Түсіпжанова (29.03.1980), Екате-

рина Скобелкина (9.06.1983), Дарья 

Долгашова (17.11.1993);



шабуылшылар – Зарина Тухтиева 

(18.06.1987), Наталья Яковчук 

(29.07.1975), Лариса Свиридова 

(23.09.1985), Альбина Супрун 

(28.03.1988), Татьяна Королева 

(29.03.1986), Алена Фукс (1.05.1987), 

Вера Назырова (23.12.1986), Ғалия 

Нұрғалиева (27.01.1992), Меруерт 

Рыспек (5.02.1994), Арай Шегебаева 

(27.12.1991), Бұлбұл Қәртенбаева 

(30.07.1993), Кристина Шаншина 

(29.09.1993), Анастасия Матусевич 

(8.08.1994), Наргиз Асимова 

(17.11.1994), Инна Шутова 

(16.08.1993).

Бас бапкер: Александр Мальцев

Жаттықтырушы: Сергей Соловьев

ҚР Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев AIBA-ның вице-

президенті болып тағайындалды.

AIBA-ны қазақтар «жаулап алды»

AIBA-ның Лозаннадағы штаб-пәте рін-

де өткен алқалы жиында осы халық ара лық 

қауымдастықтың президенті Чин Ко Ву 

мырза арнайы жарлыққа қол қойып ты. 

Тимур Асқарұлы алдағы уақытта AIBA-ның 

әлемдік боксты дамытудағы ар найы бағ-

дарламасына енетін үш бағыт тың екеуіне 

басшылық жасайтын бола ды. Яғни AIBA-

ның кәсіпқой боксын (AIBA Profes sio nal 

Boxing) және AIBA-ның Бүкіләлемдік бокс 

сериясын (WSB) дамы туға күш салатын 

болады. Үшіншісі – Олим пиадалық әуес-

қой бокс (AOB).

Сонымен қатар Тимур Құлыбаев AIBA 

атқару комитетінің мүшелігіне енді. Құлы-

баевтан басқа, аталмыш халық 

аралық 


қауым дастықтың сапында AIBA-ның тех-

никалық комиссиясында Серік Қонақ баев, 

жаттықтырушылар комиссиясында Юрий 

Цхай, әйелдер боксында Жанболат Сәр-

сенов, WSB жобасында Алмасадам Сат қа-

лиев, медициналық комиссиясында Юсуп 

Шамузов сынды жерлестеріміз бар. 

Енді бір жағымды жаңалық, ҚР бокс 

фе 

дерациясының аппараттық басшысы 



Бекжан Бектенов APB-ның атқару мүше-

лігіне сайланды. Сөйтіп, AIBA құрамындағы 

отандастарымыздың саны артты. Ал біз 

AIBA сапындағы осыншама жерлесіміз 

қазақ боксшыларының Лондон Олимпиа-

дасында сәтті өнер көрсетуіне жағдай жа-

саса екен деп тілейміз. Бәрі жабылып, бір 

Бекет Махмұтовтың игілікті ісін қайталаса, 

нұр үстіне нұр болар еді.

Бекжан ҚАЛМҰХАМЕД

Басы 1-бетте

Р.S.

Әлбетте, бұл жерде шешім – 

біреу. Мейлі ол қазақ болсын, 

мейлі өзге ұлттың өкілі болсын, 

Мемлекеттік рәмізімізді 

сыйламаған спортшыларға 

ешқандай да кешірім болмауы 

тиіс. Көк туымыз бен 

Әнұранымызды қастерлемеген 

спортшы халықаралық аренада 

Қазақстан үшін қам жемейтіні 

де түсінікті. Ал спорттық феде-

рацияларымыз халықаралық 

турнирлерге аттанғанда ар-

найы бір өкіл қосып жіберудің 

артықтығы жоқ.

са, Дмитриенкоға обал болар еді. 

Бірақ өзін ұлтжандымын деп санай-

тын Қазақ стан азаматтары үшін мұн-

дай медальдің құны көк тиын екенін 

түсінемін.

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

№49 (731) 

27.03.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

 



  

№49 (731) 



27.03.2012 жыл, 

сейсенбі


8

Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Наурыздың 27-сі

Алаштың атаулы күні

• 1930 жылы Жетісудың Лепсі, Ақсу аймағы қазақтарының Кеңес 

өкіметі ұжымдастыру саясатына қарсы көтерілісі болды. Көтерілісті 

Егеубек Жанбайұлы, Қалдыбай Қылиұлы және Ғали Сатырбайұлы 

басқарды. Көтерілісшілер Ақсу елді мекенін басып алып, мемлекеттік 

мекемелерді өртеді, телеграф бағаналарын қиратты.

• 2 жыл бұрын (2010) Алматыда КСРО және Қазақ КСР халық әртісі, 

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «театрдың анасы» атанған 

Сәбира Майқанованың құрметіне мемориалдық ескерткіш тақта 

ашылды.


• Халықаралық театр күні.

Туған күн иелері

Болат Қарақұлов 

(1942) – өнертану докторы, профессор;



Шыныбай Байысбеков (1949) – Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 

профессоры, техника ғылымының докторы;



Ғалымқайыр Мұтанов (1957) – Әл-Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық университетінің ректоры, техника ғылымының докторы, 

профессор, академик;

Роза Нұртазина (1958) – саясаттану ғылымының докторы;

Саябек Сахиев (1971) – физика-математика ғылымдарының 

докторы;


Еркін Рахымбергенов 

(1972) – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік 

қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің 

Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау 

департаментінің директоры.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, 

мәртебелеріңіз арта берсін! 

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры

ҒАЛЫМҚАЙЫР – араби ныспы. «Ғалым» – ілім, білім, «қайыр» жақсылық 

деген мағынаны білдіреді. Және де Ғалым сөзі – Алланың тоқсан тоғыз есімінің 

бірі. Бұл ныспыны нәрестеге «ғылымды терең игерген ғұлама болсын, сол 

ғылымын тек жақсылыққа, ізгілікке, Жаратқанды тануға бағыттасын» деген 

ниетпен қояды. 

К

е



зекшi  ред

ак

тор – Мәриям ӘБСА



ТТ

АР

Республикалық



қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


а

уапты х


а

тшы


Талға

т КIРШIБ


А

ЕВ  – 


ж

а

уапты х



а

тшының орынб

ас

ары


Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А

 – 



аға к

оррек


тор, т

е

л.: 



388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

а

т 

 



минис

трлiгiнде тiрк

е

лiп, бұқар



алық ақпар

а

т құр



алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Р

ед

акция авт



орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

а

уап


 

бермейдi.

Авт

орлар қо


лж

азб


асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


а

тын ма


териалд

ар

 



қабылд

анб


айды.

«Алаш айнасынд

а» ж

арияланған ма



териалд

ар мен с


уре

тт

ердi



 

көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

а

ты



 

алынып, г

азе

тк

е сiлт



еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк иесi 

– «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8

 (727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1498

А

ст



ана  қаласы «А

ст

ана-По



лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8

 (7172) 37-05-59

Тапсырыс – №573

Бағасы  к

е

лiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

лаш



 айнасы

» г


аз

ет



е ж

азы


лу

 ин


де

кс

i: 6



42

59

Ре



д

ак

цияның



 м

ек

ен



ж

айы


А

лм



ат

ы

 қ



ал

ас

ы



,05

0

05



1,

 Б

ег



ал

и

н кө



ш

ес

і, 1



4

8/

1 А



e-

m

ail



inf

o

@

a

lashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау – Бақытгүл Б

АБ

АШ, т



ел.: 87015533653

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

е

л.: 



388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

е

л.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

е

л.:


 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

е

л.: 



388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

е

л.: 



388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


е

л.: 


388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

е

л.: 



388-80-62

Та

р



ат

у қызме


тi 

(бөлшек


теп с

ат

у және ж



азылу)

 

те



л.: 

8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz



Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.



: 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

А

ст



ана бюросының ж

ет

екшiсi 



Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

А

рман А


СҚАРОВ – тілші

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Газетіміздің  №46 (728) санында жарияланған сканвордтың жуабы

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Қабат. Адо. Лист. Аджар. Тыл. Алма. Еретик. «Штурм». Сфера. Тау. Анна. Үрім. Осал. Адр. Го. Үміт. Дуан. 

  

    



  

ТІГІНЕН: Жайдар. Форум. Есе. Талант. Рамат. Тир. Ишан. Акт. Норд. Баттл. Утас. Ымыра. Ага. Коала. Муфлон. 

Ауа райы

06,43

12,30

19,03

ТОҚТЫ 

Осы күні өзіңізге өте се-

німді болудан аулақ бо-

лыңыз. Туған-туыс 

қан-

дарыңыз бен достарыңызға 



көңіл бөлуді соңғы кезде 

мүлде ұмытып кеткен сияқ-

тысыз. Жақында солардың 

көмегіне жүгінесіз. Жалғыз-

дыққа бой алдырмаған аб-

зал. 


ТОРПАҚ

Біршама қолайсыздық 

туғызатын күн болуы 

мүм кін. Сол себепті әрбір 

істің байыбына барып, 

ақылмен таразылап шешім 

қабылдаңыз. Көңіл күйіңіз-

дің көтеріңкі болуы өзіңізге 

байланысты. Кез келген 

істен ләззат ала білген 

жөн.

ЕГІЗДЕР

Сіз көпшілік ішінде жү-

ріп, зор ықыласқа бө-

ленесіз. Бірақ тәкаппар-

лыққа жол бермеңіз. 

Жақсылық пен жамандық 

қатар жүретінін есіңізде 

ұстап, кезіккен қиындық-

тарға шыдап ба ғыңыз. Өз 

мүмкіндік теріңізді  дұрыс 

қолдан ғаныңыз  жөн. 

ШАЯН

Көктемнің шырайлы 

күндері жаныңызды жа-

дыратып, жүрегіңізде жа-

ңа сезімдер оятады. Де-

генмен сезім жетегінде 

кетіп, асығыс шешім қабыл-

даудан сақ болыңыз. Жұмыс 

бабымен жол жүрсеңіз, 

жаңа достар табуыңыз ық-

тимал.

АРЫСТАН

Сіз үшін қолайлы кезең 

енді туды деп толық ай-

туға болады. Жеке өмі-

ріңізде таңғаларлық 

жетіс тіктерге  жетесіз.  От  ба-

 

сылы болсаңыз, өмірде 



орын алған түсініспеушілікті 

жеңіп, қуанышты сәттерді 

басыңыздан кешесіз. 

БИКЕШ

Барлық тілеулес 

те-

ріңіздің көмегіне сүйене 



аласыз. Сондай-ақ жаңа 

серіктестеріңізбен бірігіп 

жасаған жобаның же місін 

жейсіз. Ал жеке өмірде бәрі 

жақсы болсын десең

із, 


тақырыптан ауытқымай, 

ойды ашып айтқан жөн.



ТАРАЗЫ

Бүгін сіз көңілді әрі 

қуа  нышты  оқиғалардың 

ортасында боласыз. Қыз-

мет пен іскерлік салада 

жетістікке қол жеткізіп, алға 

қойған мақсаттарыңызға 

нық қадам басасыз. Махаб-

бат сезімі бүр жарып, 

бақыт қа бөлеуі ықтимал.



САРЫШАЯН

Осы күні сізге опти-

мистерге өмір сүру жеңіл 

деген ұранды берік ұста-

нуға тура келеді. Кейбір 

кикілжіңдерге бола көңіл 

күйіңізді түсірудің қажеті 

жоқ. Одан да көңіл бөлмей-

ақ қойған дұрыс. Уақыт өте 

барлығы өз орнына 

келеді.

МЕРГЕН

Бар күш-жігеріңізді 

жиып, жаңа асуларды 

бағын дыруға  тырысқан 

жөн. Бүгін сізге қызмет 

саты сымен  жоғарылауға 

көп мүмкіндік бар. Сол 

үшін шапшаң қимылдап, 

туын даған 

мүмкіндікті 

қажет тілігіңізге 

жара-


тыңыз. 

ТАУЕШКІ

Бойдақ болсаңыз, 

осы күні іздеген сүйік-

тіңізді кез дестіруіңіз мүм-

кін. Ал отбасы барлар 

думанды кештерді бірге 

өткізіп, көңіл күйлері жады-

райды. Соңғы кезде маза-

лап жүрген жоспар-

ларыңыздың біразы сәтті 

жүзеге асады. 

СУҚҰЙҒЫШ

Бұл күні сіз қызметке 

сіңірген еңбегіңіздің 

қызығын көресіз. Көптен 

күткен қуанышты жаңа-

лықтарды естуіңіз мүмкін. 

Күніңіз жағымды оқиға-

ларға толы болады. Егер 

денсаулығыңыз сыр берсе, 

дер кезінде дәрі 

герге 

қаралған жөн. 



БАЛЫҚТАР

Сізді бүгін қызықты 

күн күтіп тұр. Тек шы дам-

сыздық танытпай, сал-

қынқанды болсаңыз, 

көп теген  келеңсіздіктен 

оңай құтыласыз. Ең 

бастысы, жақсы араласатын 

әріп тестермен 

қарым-


қаты насты 

бірқалыпты 

ұстаған жөн.

Наурыз 2012

Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

16

17



18

19

20



21

22

23



24

25

26



28

29

30



31

27

Алматтың әзілдері



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДУМАН

2-нші, 


6-ншы 

АҚШ 


президенті

Жеке,


оқшау

Иоко


...

Белес


Қорқыныш

Киіз 


матадан 

жасалған 

сөмке

Құн, баға



Гектар

Лк Бэссон 

фильмі

Минералды



су көзіне

қойылған 

сорап қон-

дырғы


Футбол 

термині


Түйе 

жүнінен 


тоқылған 

кілем


Сайланбалы

басқарушы 

орган

Пәтер 


құжаты

Ағза 


маманы

Әсеттің


 әні

Бұршақ 


түрі

Тартпалы 

шкаф

Қыш  күй   ді -



ретін пеш

Тұқым, тек

Сирақ

Турку қаласы 



(шведтерше)

Муз.


шығарма

Австралия 

түйеқұсы

Күнә, 


қиянат

Тау 


құсы

Сыр


«Отелло»,

кейіпкер


АҚШ штаты

Адаматаның

баласы

Сылдырмақ-



ты барабан

Қазының


ең майлы жері

0+3

о

 

 -7-12

о

+2+4

о

 

-2-4

о

0-1

о

 

-5-7

о

 +6+8

о

 

2+4

о

6-8

о

 

 0-28

о

 

0+2



о

 

-9-10

о

0-2

о

 

-10-12

о

0-2

о

 

 -4-6

о

+15+17

о

 

+1+3

о

+17+19

о

 

+5+7

о

0-2

о

 

-11-15

о

-2-4

о

 

-9-11

о

 

+13+15

О

 

0+2

О

  

+10 +12

о

 

+2 +4

о

        


0-1

о

 

-8-10

о

 

+9+11

О

 

 

0 +2



О

  

0 -2

о

 

-5-7

о

  

0-2

о

 

-5-7

о

ОҚЫРМАН ЛЕБІЗІ

 

 

  



СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

Аядай көлігі бар қыздар 

дөрекі келеді

Австралиялық 4000-ға жуық 

жүргізушіден сауалнама алған 

Newspoll компаниясы күтпеген 

мәліметті жария етті: кішкентай 

мәшине айдайтын қыз-

келіншектер жол ережесін өрескел 

бұзып, рульде ашу-ызаға жиі ерік 

береді екен.

News.com.ua порталының хабар-

лауынша, сауалнамаға қатысқандардың 

60%-ы жолда жүргенде арақашықтықты 

сақтамайтынын және өзін жақтырмаған 

көлік иелеріне доңайбат көрсететінін 

мойындаған. Бұлардың дені габариті 

кішкентай көліктің жүргізушілері және, 

негізінен, жас қыз-келіншектер болып 

шық ты. Ал мұндай тәртіпсіздік үлкен 

көлік айдаушылардың үштен біріне ғана 

тән екен. Аядай машинасы бар рес-

понденттердің 46%-ы жол ережесін 

әдейі аяқасты етуді әдетке айнал дыр-

ғанын айтқан. Әдетте, құртақандай 

көліктерді тәжірибесі аз адамдар сатып 

алады. Әрі олардың бағасы да арзан 

болады. Мамандар мұндай көлік ие-

лерінің тәртіп сіздігін осы қарапайым 

статистикамен түсіндіріп отыр.

Допингіге үйір спортшыларға 

көк шай ішу керек екен



Көк шай мен ақ шай 

допингіге қарсы тестіні алдай 

алатын болып шықты. 

Лондондағы Кингстон 

университетінің зерттеу-

шілері атаққұмар спортшы-

ларға қажет болатын 

жаңалық ашты.

New Scientist басылымының 

мәліметінше, химик Деклан Но-

тон бастаған зерттеу тобы тәжі-

рибе жүзінде ақ шай мен көк 

шайдың құрамындағы катехин 

затының UGT2B17 энзимінің (ақ-

уызға ұқсас органикалық қосын-

ды) түзілуін тежейтінін анықтады. 

Ағзаға тестостерон енген жағдай-

да әлгі энзим оны глюкурон қыш-

қылымен байланыстырып, соның 

нәтижесінде күмәнді зат зәрмен 

бірге шықпай қалады. Ма ман-

дардың айтуынша, допингіге 

қарсы тестіні алдау үшін бір аяқ 

қою көк шай ішу жетіп жатыр. 

Дегенмен зерт 

теушілер қан 

үлгілеріне жүр 

гізілген талдау 

кезінде тестостеронның бәрібір 

тұтылуы мүмкін екенін жоққа 

шығар майды.

avtomaniya.com 

 season.kz 



Қоғамдық көлік ішінде бір жігіт қасындағы қызды 

«көзбен шешіндіріп» сұқтанып отыр. 

Бір кезде қыз әлгі жігітке қарап:

– Ағай, сіз келесі аялдамадан түспейсіз бе?

– Жоқ.

– Онда қайта киіндіріп жіберіңізші...

***

Күнделіктегі жазбалардан:

«Жаңа жыл мерекесінен кейін басың ауырса, 

Наурыз тойынан соң ішің ауырады».

***

МАИ қызметкері жүргізушіге:

– Қане, бауырым, бір рет үрлеп жіберші!

– Дөңгелегіңіз жарылып қалды ма, не?

***

Емханада:

– Дәрігер, менің итімді қарап бересіз бе?

– Мен мал дәрігері емеспін ғой.

– Білесіз бе, менің итім тура адам сияқты ақылды. 

Сіз ит адамдарды да емдей бересіз ғой осы.

Сағымбай ҚОЗЫБАЕВ,

Қазақстан Журналистика 

академиясының президенті

ТАБИҒИ АПАТ 



Алдағы тәуліктерде еліміздің 

шығысы мен батысында жауын-

шашын болады. Батыс Қазақстан, 

Ақтөбе, Қостанай, Шығыс 

Қазақстан облыстарында боран 

соғады. Тасқын қаупі батыс 

аймақта да күшейе түседі.

«Қазгидромет» кәсіпорнының мәлі-

метінше, атмосфералық таралымдардың 

жүруіне байланысты республиканың 

шығысы мен батысында қар жауып, тұман 

түседі, жел күшейіп, боранға ұла сады. 

Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қа рағанды, 

Жамбыл облыс тарында жел екпіні 22 м/с-

ға дейін жетеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, 

Шығыс Қазақстан облыстарында боран 

соғып, көктайғақ болады. Қостанай облы-

сында күндіз 17-22 м/с боран соғады. 

Маңғыстау,  Қызылорда облыс 

тарында 


күш 

ті жел тұрады. Алдағы тәуліктерде 

Сырдария өзенінде, Шығыс Қазақстан 

және Ал маты облыстарындағы өзендерде 

мұз қабаты бұзылады. Оңтүстік, оңтүстік-

шығыс пен шығыста өзендердің деңгейі 

өзгереді. Жайықтың төменгі сағасында 

және Батыс Қазақстан облысы ау-

мағындағы басқа да өзендерде көктемгі 

процестер жалғасады.



Болатбек МҰХТАРОВ

Батыс пен 

шығыста қар 

жауып, боран 

болады

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет