Жер телімін инфрақұрылымды жасағаннан кейін ғана жекеге беру тұрғын үй саласын дамытуға кедергі келтіре ме?



жүктеу 0.68 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата14.02.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

Әрине, К.Бейкер мырзаның сөздік 

жасаудың қиындығын айтып қын жы-

латын жөні бар. Өйткені сөзге бай 

қазақ тілін қазақ ғалымдарындай білу, 

меңгеру оңай ма? Ал ертең дайын сөз-

дік шыққанда ондағы қателерді тізіп, 

түгендеп сын айтушылардың көбейе-

тіні сөзсіз. Осыны ескерген ғалым кез-

десу кезінде қазақ-ағылшын сөздігін 

сауатты етіп жасауға жанашырлық та-

нытатын қазақ ғалымдарын іздейтінін 

жеткізді. Бүгінгі жаһандану заманында 

тілімізге көптеген неологизм сөздер, 

жаңа терминдер енгені белгілі. Міне, 

дәл осындай сөздерді қазақ тілінің 

қай мағын бұзбай, мағынасына нұқсан 

келтірмей аудару терең білімді қажет 

етеді. Сондықтан өз тілімізді өзгеге 

зерттетіп, төл тарихымызды қашан 

шетелдік ғалымдар қазақ тілінде жа-

зып береді деп отыра бермей, өз ға-

лым дарымызға да еңбектенетін уақыт 

жеткен сияқты. Өйтпесек, ертең қазақ-

ағылшын тіліндегі сөздік ала-құла бо-

лып, қатеге тұнып тұрса, шетелдіктер-

ге емес, өзімізге сын. 

Менің айтпағым – осы күнгі еңбек 

тура сын дағы сөз. Қазақ әуел бастан Нау-

рыз мере 

кесіне ерекше даярланған. 

Көктем келіп, күн қыза бастағаннан-ақ ау-

ланы, тал-дарақ маңын қайыра тазалап, 

осы күн гі жастар, тіпті түбін әктеп, ерекше 

жай 

нап-жақсартады. Мұның барлығы 



кейін гі жастарға үлгі-өнеге болса керек. 

Себебі жас ұрпақ мезгілдің, жылдың жаңа-

ра ты нын ғана емес, адамның да жан-дү-

ние сін лас пен кірден ауық-ауық таза лап 

тұруы керек екенін осыдан-ақ ұқпай ма? 

Біздер,  ұстаздар, мектепте, ата-ана лар үй-

де айт қан ақыл-кеңес – өз алдына бір 

төбе, ал ондай өнегені көзбен көрген бала, 

тіп тен жадынан шығармақ емес. 

Сөз басында мысал еткен «бір тал кес-

сең, он тал егу» дәстүрі осы күні ауылдар да 

өз маңызын жойған емес. Мектеп оқу шы-

ларынан бастап, ата-аналарына дейін жұ-

мылдырылатын тал егу жұмысы арқылы 

балалардың табиғат – анаға, күллі жараты-

лысқа деген ықыласын оятып, адам бала-

сының табиғатпен үйлесімді түрде дамиты-

нын ұғындыру парыз. Талшыбықтай нәзік 

жасөспірім табиғаттың адам баласына 

қан шалықты пайдалы екендігін құр ауыз-

бен немесе сынып ішінде оқылатын дәріс-

пен жете ұғынбасы анық. Әсіресе бүгінгі 

техниканың озық дамыған кезеңінде, ба-

лаларымыз табиғаттан жырақтап бара 

жат қаны жасырын емес. Алты күн бойы 

са 


бақтан босамайтын қала балаларын 

жек сенбі күні «ойна» деп далаға жіберсек, 

қай та айналып келіп, теледидар мен ком-

пьютерге келіп отырады дегенді үлкен 



Наурызда тал егілмей қалды...

ОЙТОЛҒАҚ


«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған қазақ 

үшін тал егу – соңына ұрпақ қалдыру секілді ұлы істердің бірі. 

Сол үшін де Наурыз мерекесі ырыс пен еңбектің, молшылық пен 

татулықтың мейрамына айналған. Бұл күнгі ас та төк дастарқан 

қазақ халқының көңілінің дарқандығын тағы бір көрсетсе керек. 

Иә, қазақтың дастарқаны туралы айтылар әңгіме – бөлек дүние.

шаһар да тұратын ата-аналардың аузынан 

жиі естіп қаламыз. Меніңше, мұның алдын 

алудың бір жолы балаларды қол еңбегіне 

көбірек баулу дер едім. Ата-бабаларымыз 

әз Наурызда жүзеге асыруды дәстүрге ай-

налдырған тал егу шарасы – қол еңбегінің 

бір көрінісі. Ал оның адам ағзасына да 

пай дасы зор екендігі көпшілікке белгілі. 

Мек теп оқушыларын қол еңбегіне баулуға 

ауылдық жерлерде мүмкіндік көп. Сол 

үшін де табиғатты аялауға, оның бағасы 

мен пайдасын терең ұғынуға балаларды 

жастайынан баулу біздің, яғни ұстаздар-

дың азаматтық парызы дер едім. Қазақта 

«Атаң нан мал қалғанша, тал қалсын» де-

ген жақсы сөз бар. Бұл сөзді қосымша тү-

сін діру дің қажеті шамалы. Біздің ұстаздық 

міндет – оны бала санасына сөз күйінде 

емес, қарекет түрінде де сіңіру. Түркі ха-

лық тары атап өтетін жыл басының айтулы 

ерекшелігі табиғатқа зиян келтірмей, пай-

далы іске жұмылуда жатса керек.

Мыңжылдық өсімдікті түбінен қиған-

нан гөрі, оның көшетін отырғызу сауапты 

істердің бірінен саналмақ. Алайда бұл игі 

істі біз бір реткі сенбілікте ғана атқара са-

латын сияқтымыз. Қазір – нағыз көшет 

отыр ғызып, тал егетін мезгіл. Бірақ кешегі 

дүр кіреп өткен Наурыз мерекесін тойлауды 

біз тағы да дастарқан басынан ұзата 

алмадық. Қолға күрек алайық, ағайын. Әлі 

де кеш емес.

Сәкен ҚОЙБАҒАРОВ,

Әулиеағаш орта 

мектебінің ұстазы

Ежелден Алтай тауының екі шалғайын 

мекен еткен бауырлас өлкемен біздің 

өнер адамдарының барыс-келіс, қарым-

қа ты настары жақсы, етене аралас екенін 

білеміз. 2010 жылғы екі ел Прези 

дент-

те рінің Өскемендегі басқосуын да қол қо-



йыл ған аймақаралық ынтымақтастық ме-

мо рандумынан кейін бұл байланыс тіп тен 

қарқын алған. Екі жақтың өнер топ тары 

жыл сайын барысып-келісіп, нық ын 

ты-

мақтастық орнаған.



Алтайда Шығыс күндері өтеді

ШАРА


Ресейдің Алтай өлкесінде Шығыс Қазақстанның күндері 

өтеді. Осы айдың соңына белгіленген мереке аясындағы түрлі іс 

шаралардың ең бастысы әдеттегідей өнер шеберлерінің концерті 

болмақ. Бұл шарада әнші-күйші, бишілер тобынан құралған 100 

шақты әртісіміз өнер көрсетпек.

Облыс өнер шеберлерінің негізгі құ-

ра мы: облыстық филармония мен Жарма 

ауданының халық аспаптар оркестрі. Кон-

цертте классикалық дүниелермен қатар, 

ұлттық өнеріміздің інжу-маржандарына 

басымдық берілмек. Бір сөзбен айтқанда, 

ежелгі түркілер мекені қазақтың қоңыр 

ән дері мен күмбірлі күйінің сазына бөлен-

бек.


Азамат ҚАСЫМ, 

Өскемен

Арман АСҚАР

Р.S.

Блогшылардың биылғы құ-

рыл тайы Назарбаев универси-

тетінде өтті. Бұған дейін ол фо-

рум КИМЭП университетінде 

ұй ымдастырылған  болатын. 

Кім біледі? Бәлкім, болашақта 

осы жоғары оқу орындарын да 

білім алып жүрген дарын дар дың 

біреуі қазақ халқының бір ыңғай 

әлеуметтік желісін ойлап табар. 

Fasebook-ті де кезінде Гар вардта 

оқыған қарапайым бір студент 

жасап шығарған жоқ па?

ҚР Мәдениет және ақпарат ми-

нистрлігі 2012 жылдың 28-29 нау-

рызында Алматы қаласында Ғ.Мү-

сірепов атындағы Қазақ мемлекеттік 

академиялық балалар мен жас өс-

пірімдер театрында шетелдік ма-

мандардың қатысуымен Театр өне рі 

қайраткерлерінің ХІІ респуб ли калық 

практикумын өткізеді. Ми нистрліктің 

баспасөз қызметі та рат қандай, бұл 

шара фестиваль ға жатпайды. Мұнда 

тәжірибе алмасу, тал қы лаулар мен 

шеберлік  сабақ тары  ұй ым дасты ры-

лады. Практикум «Қазіргі заман 

театр ларындағы  дәс түрлер  мен 

жаңа 

шылдық» және «Театр сыны 



мен оның за манауи театр үрдісіндегі 

ала тын орны» тақы рыптарына арна-

лады. Аталған шара жұмысына Ре-

сей Фе дерациясы мен Польша мем-

лекет 

терінің ең 



бек сіңірген өнер 

қай раткері, мәде ниет пен өнер са-

ла сын дағы  Мәскеу  сыйлығының 

лау реаты,  Мәс кеу  Жур налистер  ода-

ғы сыйлығының ие гері, «Театральная 

жизнь» жур на лының бас редакторы 

Олег Пивоваров және театртанушы, 

режиссер, өнер кандидаты Алек-

сандр Смолья ков қатысады. Соны-

мен қатар прак 

ти 

кумға Қазақстан 



театр лары ның бас режиссерлері, ди-

ректорлары мен көркемдік жетек-

шілері, сондай-ақ Т.Жүр генов атын-

дағы Қазақ ұлт тық өнер ака де мия-

сының студенттері шақы

 

рыл ды.



Практикум  аясында  Д.Иса бе ков тің 

«Жау жүрек» (режиссері – Е.Оба ев), 

Э.Э. Шмит тің «Отель двух ми ров» (ре-

жиссері – И.Гонопольский), Т.Те ме-

новтің «Карменсита» жә не Ш.Айт ма-

товтың «Қызыл орамалды шынарым» 

(режиссері – Т.Теменов) спек такль де-

рінің  көрсетілімі  жос пар лан ған. 



Айнұр СЕНБАЕВА

да басқа блогтарды ашып, сан алуан 

сұх бат алаңдарын жүргізіп келеді. Бір 

өкі ніштісі, біздің біраз жобамыз Word-

press.com жүйесінде қалып қой 

ды. 

Қазір осы мәселені шешу жолдарын 

іздеп жатырмыз. Осыған қатысты ми-

нистрлікке де хат жаздық. Бірақ одан 

нақты жауап болмағаннан кейін, өз ор-

нымызды қазақстандық контенттен із-

дей бастадық. Бүгінде біз www.kazjur.

kz деген блог жүйесін аштық. Онда тір-

www


.k

er

ekinf



o.kz (фо

то)


Нұрғис

а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо

то)


№49 (731) 

27.03.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДАТ!


АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

Альберт Эйнштейннің айтқаны бар – «Энергияның келбетін өзгерту 

қажет!» деп. Міне, ғұламаның бұл сөзі әлі де өзекті болып тұр. Әсіресе, 

Қазақстан үшін ол қағидаттың маңызы зор. Біз көмірмен жұмыс 

істейтін жылу электрстансыларын саламыз деп отырмыз. Бұл – тек 

өткен тәжірибені жалғастыру ғана. Дамыған мемлекеттердің барлығы 

ол тәжірибені артқа тастап, бүгінде газ энергетикасына көшті. Біз де 

солай істей аламыз. Ол үшін тек ниет қана қажет. Қазақстандықтардың 

осы уақытқа дейін өз денсаулығына жұмсаған ақшасын санайтын 

болсақ, таза энергетика үшін ақша аямау қажеттігін түсінуге әбден 

болады.

ОҚШАУ ОЙ...

Қазақстандық ғалым шетелдік әріптесімен бірге белгілі бір ғылыми 

жобаны бастайды. Әріптесі өз еліне барып, зерттеу жұмысын бірден 

бастап кетсе, біздің ғалым қажетті технологияны бір жыл бойы күтеді. 

Ол уақыттың ішінде оның әріптесі бәрін жасап шығады. Міне, қазақ 

ғылымы үшін бұл – алып проблема. 

 

Елімізде құлдық немесе жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу 



деректерін хабарлауға арналған сенім телефоны бар ма? Оған ұялы 

телефоннан хабарласуға бола ма?

  

Жанар 

ҰЗАҚБАЕВА, 

Тараз қаласы

ҚР Ішкі істер министрлігі маман-

дарының мәліметінше, екі жылдан 

бері еліміздің аумағында адам 

саудасына қарсы күрес бойынша 

арнайы сенім телефоны жұмыс іс-

тейді. Оның нөмірі – 11616. Желі 

қалалық және ұялы телефон тұ-

тынушылары үшін бірдей қол жетімді. 

Былтыр дәл осы желінің көмегімен 

287 қылмыстық іс ашыл ған. Оның 

184-і – жезөкшелікпен айналысу үшін 

притон ұйымдастыру және жеңге-

тайлық деректері. Адамды еріксіз 

құлдыққа салу мен кәмелетке 

толмағандарды сату сияқты қыл-

мыстар да көп ашылды.

Қанат БАЙҒАРИН, Назарбаев университеті Энергетикалық зерттеулер 

орталығының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы:

Қанша қалада жарық 

бір сағатқа сөнеді?

Адам саудасымен күрестің 

сенім телефоны қандай?

– Қанат Әбдуәліұлы, жақын арада 

Үкімет еліміздің энергетикалық бағ-

дар ламасын қабылдауды жоспарлап 

отыр. Оның негізгі мақсаты – Қазақ-

станның бірыңғай энергетикалық 

жүйесін құрып, жаңа өндірістік ошақ-

тарды ішкі энергия көздерімен қам-

тамасыз ету. 2030 жылға дейінгі 

мемлекеттік бағдарлама көмір энер  ге-

ти касын барынша дамытуды көздейді. 

Баламалы энергия көздерінің үлесі 

10 пайыз болмақ. Кез келген саланың 

бола шағын ғылыми зерттеулер анық-

тайды ғой. Сіздіңше қазақстандық 

энергетиканы осы бағытта дамытқан 

дұрыс па?

– Қазақстан – энергия ресурстарына 

бай ел. Оған ешкімнің дауы болмас. Бізде 

көмір, мұнай, газ, уран бар. Оған су мен 

жел сияқты баламалы энергия көздерін 

қосыңыз. Әрине, мұндайда отандық энер-

гетиканы дамытудың нақты бір бағытын 

анықтап алған жөн. Сөз жоқ, көмір стра-

тегиялық шикізат болып саналады. Оның 

арзан екендігі айтпаса да түсінікті. Бірақ, 

өкінішке қарай, біз оны тиімді пайдаланып 

жатқан жоқпыз. Мәселен, әлемдік тәжіри-

бені алып қарайтын болсақ, Германияның 

өз энергия ресурстары болмаса да, ол кө-

мірді жаңа технологиялардың негізінде 

қайта өңдеп, сұйық көмір сияқты пайдалы 

әрі экологиялық қауіпсіз энергия көздерін 

шығарды. Оңтүстік Африка да бүгінде 

көмір ден сұйық отын жасайды. Былайша 

айтқанда, олар көмірді жайдан-жай жақ-

пай, оның энергиялық ресурсын барынша 

пайдаланып отыр. Қазіргі кезде көмірді 

газдандыру технологиясы да бар. Біз үшін 

ол – әзірше тым қымбат технология. Бізде 

ондай құрылғылар жоқ-ау деймін, ал көмір 

баршылық. Әрине, осындайда оны тезірек 

алып, сатып жіберу ниеті басым тұрады. 

Бірақ біз бір нәрсені анық түсінуіміз қажет, 

жердің астында жатқан көмір ешқайда 

кетпейді. Ал оны өндіріп, тиімді тауар 

ретінде шығаруға мүмкіндік беретін жаңа 

технологиялар дамыған сайын көмірдің де 

бағасы өседі. Біз болсақ, оны сыпырып 

алып, пешке салуға дайын тұрамыз. Бірін-

шіден, ол көмір сапалы емес, екіншіден, 

қазіргі өндірістің технологиялық жағдайы 

да сын көтермейді. Бүгінде жылу электр-

стансыларында жағылатын көмірдің 50 

пайызы күл болып шығады. Әрине, оның 

арты үлкен экологиялық проблемаға ұла-

сып жатады. Халықтың денсаулығы нашар-

лайды. Жаңа технологиялар бізге де жетеді, 

бірақ ол кезде елде денсаулық қала ма? Біз 

таза технологиялар туралы жиі айтамыз. 

Дегенмен ондай құрал-жабдықтар көмірдің 

бағасын өсіретіндігін біздің бизнес жақсы 

біледі. Сол себепті өндіріске енгізуге 

асықпайды. Себебі олар бәрін арзан бағаға 

алып, бірден мол табысқа кенелуге әбден 

үйренген. Бизнес жаңа технологияларды 

енгізуге мүдделі емес. Сондықтан бұл 

жұмыс мемлекеттің жіті бақылауында бо-

луы тиіс. Көмір Қазақстанның тұрақты 

дамуын мыңжылдықтарға қамтамасыз ете 

алады. Оны тиімді пайдаланса болғаны.

– Оған қоса, мұнай мен газ бар 

дейсіз ғой?..

– Мұнайдың әңгімесі бөлек қой. Бұл – 

біздің валютамыз, жаңа технологияларды 

әкелуге мүмкіндік беретін басты ресур-

сымыз. Негізі, бүгінгі әлемдік тәжірибе 

көрсетіп отырғандай, көмір, мұнай және 

газдың қатарында таза энергияның негізгі 

көзі газ болып саналады. Оны техно ло-

гиялық жағынан тасымалдап, өңдеу де 

ыңғайлы. Мәселен, Еуропаның барлық 

энер 

гетикалық саясаты газға негізделіп 



отыр. Кәрі құрлық сан алуан шиеленістерге 

қарамастан, Ресейдің газын барынша 

«сорып» отыр ғой. Себебі бұл отынның 

энер гетикалық тиімділігі зор әрі эколо-

гиялық қауіпсіз. Қазақстан болса, әлі күнге 

дейін көмірге қарап келеді. Әлбетте, біз 

одан бірден бас тарта алмаймыз. Сондықтан 

әзірше отынның бұл түрі энергияның негізгі 

көзі болып қала бермек. Дегенмен біз 

еліміздегі қуат көздерін барынша әртарап-

тандыруымыз қажет. Көмір стратегиялық 

шикізат болып қалса, ішкі тұтынушылар 

нарығы үшін газ бен баламалы энергия 

ресурстарын дамыту аса маңызды. Бізде 

газ кендері көп. Мұнаймен қатар келетін 

газды тиімді пайдалануға талап қойылды. 

Осы газдың бәрін біз құбыр арқылы басқа 

мемлекеттерге сатамыз ба? Олай істеуге де 

болады. Бірақ газ сияқты таза энергия көз-

дерін шетке сату дұрыс емес. Біз оны ішкі 

нарыққа жіберуіміз қажет. Себебі бұл – тұ-

рақтылықтың негізі. Қазақстанда табиғи 

газбен бірге көмір шахталарынан шығатын 

метан газы бар. Оған қоса, көмірден де газ 

шығаруға болады. Мінеки, бұл эконо-

микалық әлеуеттің мүмкіндіктері көп. 



– Қазақстандағы баламалы энергия 

көздерінің әлеуетіне тоқталсаңыз?

– Энергия көздерінің бұл түрі ауылға 

ауадай қажет. Бүгінде бизнес ауылға бар-

майды. Неге? Себебі ол жақта энергия көз-

дері тапшы. Мәселен, ет пен сүт сатумен 

айналысатын кәсіпкердің электр қуатын 

уақытша өшірді дейік. Бітті ғой. Оның еті 

бүлініп, сүті ашып кетпей ме? Ал шалғай 

жер 

лерге электр бағаналарды тартып, 



үлкен энергетиканың қуат көздерін жеткізу 

тиімсіз. Сондықтан бұл жерде баламалы 

энергия көздерін кеңінен қолданған жөн. 

Бұрынғы заманда бидайды жел диірмені 

арқылы тартқан жоқ па? Оның үлгісінде 

заманауи диірмен кешенін салуға болады 

ғой. Мәселен, кеңес заманында барлық 

ауылдарды орталық қуат көздерімен 

қамтамасыз еткен. Сол себепті баламалы 

энергия дамымай қалды. Қазір болса, 

ауылдарды орталықтың энергиясымен қам-

 та масыз ету тиімсіз. Меніңше, су, күн және 

жел сияқты баламалы энергия көз дерін 

мемлекеттің есебінен де дамыту қажет. Бұл 

саланың болашағы бар. Сол ар қылы біз 

ауылдағы өмірді тартымды ете міз. 

Мәселен, ауылда мал шаруашылығымен 

айналысу үшін, ең алдымен, су қажет. 

Солай емес пе? Жел немесе күн электр-

стансысы өндірген қуат арқылы құдықтан 

су тар ты лып, науа толып тұрса, төрт түлігіңді 

жайы лымнан алып келіп, құдықтың ба-

сында шелекпен су тартып, әуреленіп 

жатқаннан жақсы ғой. 

Әрине, баламалы энергетика экономи-

каның барлық проблемаларын шеше ал-

майды. Дегенмен ол қосымша энер гияның 

көзі бола алады. 



– Демек, Қазақстанның көмірмен 

жұмыс істейтін Балқаш және Торғай 

жылу электрстансыларын салу бас-

тамасы стратегиялық жағынан дұрыс 

қой?

– Әрине, бүгінгі Үдемелі индустриялық-

инновациялық бағдарлама аясында са-

лынып жатқан жаңа өндірістерге қосым ша 

электр энергиясы қажет. Бірақ қосымша 

жылу электр стансыларын салу қажет деген 

кезде, біз қатты қателесеміз. Шын мәнінде, 

еліміздің энергетикалық кешенін дұрыс 

жоспарлай білсек, болды. Салсақ, салайық. 

Бірақ қоршаған ортаны қорғау мәселесін 

басты назарға алайық! Мәселен, елордасы 

– Астана қаласын алып қарасақ, осы жер-

дегі жекеменшік тұрғын үй кешендерінің 

барлығы дизель отыны мен көмірді жағып 

жылынады. Ал қоршаған ортаны ойлап 

отыр ған ешкім жоқ. Бұл қала кезінде ауа 

тазалығы жағынан Кеңес Одағы бойынша 

екінші орында болған. Қазір солай деп тіпті 

айта алмайсыз. Сондықтан, егер біз қосым-

ша электрстан 

сыларын салатын болсақ, 

онда қалалардың жекеменшік тұрғын үй 

секторындағы локалды пештердің бәрін 

қолданыстан алып тастау керек. Міне, сонда 

ол бастаманың нақты тиімділігі байқа-

лады. 


Өз басым Балқашта көмірмен жұмыс 

істейтін жылу электрстансысын салуды 

жақ тамаймын. Энергетика және қоршаған 

орта мәселесімен айналысып жүрген ғалым 

ретінде айтарым, ондай өндірісті салғаннан 

кейін, экологиялық қауіп-қатерлер бәрібір 

болады. Оның қауіпсіздігі мінсіз болады 

деп қанша сендіргенімен, кез келген көмір 

стансысының қоршаған ортаға тигізер 

зияны бар. Балқашта жылу электрстансы-

сын салсақ, одан шығатын газ ауаға тарап, 

химиялық қосылыстарға түсудің нәти-

жесінде көлге, көлдің биологиялық тіршілік 

жүйесіне үлкен қауіп төндіреді. 

Бізде газ өндірісі мүлдем жоқ деуге 

болады. Сондықтан бұл сала стратегиялық 

маңызға ие болуы шарт. Ал көмір өндірісі 

өзі-ақ дами береді. Балқашта газ немесе 

атом электрстансысын салу керек деп ой-

лаймын. Әлбетте, ол жұмысты асықпай 

жүргізу қажет. Оған жаңа технологияларды 

аямаған дұрыс. Себебі Балқаш – экология-

лық маңызы бар нысан. Мен ол жерде кө-

мір стансысын салудың экологиялық әрі 

экономикалық талдау жұмыстары қалай 

атқарылғанын білмеймін. Бірақ темір-

жолмен бүкіл республика арқылы Екібас-

тұздың көмірін тасып, Балқашта жағу 

экономикалық жағынан тиімді әрі эколо-

гиялық жағынан қауіпсіз деп айта ал-

маймын. Мейлі, Балқашта жылу электр-

стан 


сысын салдық дейік. Бірақ одан 

шығатын зиянды газдарды жердің астына 

жіберу қажет. Қазіргі кезде ондай техно-

логия бар. АҚШ сияқты дамыған елдер 

көмір индустриясының стратегиясын жаса-

ған кезде, ең алдымен, осы мәселені ес-

кереді. Сондықтан Қазақстанда өткен 

ғасырдың жылу электрстансысын салу 

дұрыс болмайды деп ойлаймын. Ол за-

манауи кешен болуы шарт. Дейтұрғанмен, 

ол құрылысты бастаудың алдында тағы бір 

мәрте жақсылап тұрып ойланып көрейікші, 

ол жерде көмір электрстансысын салу 

қажет пе? 



– Ел Үкіметі шекті тарифтердің ар-

қасында біраз қаражатты, сондай-ақ 

энергия көздерін үнемдеуді көздеп 

отыр. Бұл да қосымша ресурс емес пе?

– Ашығын айту керек, біздің қоғамда 

электр энергиясының үнемдеу мәдениеті 

әлі қалыптаспаған. Негізі, зерттеу жұмыс-

тары көрсетіп отырғандай, үнемдеудің 

арқа сында 20-30 пайыз қосымша қуат 

көздерін алып қалуға болады. Бұл – жаңа 

электрстан сысын  салумен  пара-пар...



– Біз дағдарысқа қарсы мемлекеттік 

іс-шаралардың бірі ретінде қабыл-

данған Үдемелі индустриялық-инно-

вациялық даму бағдарламасын іске 

асыруға білек сыбана кірісіп кетіп, 

экологиялық қауіпсіздік мәселесін 

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет