Жер телімін инфрақұрылымды жасағаннан кейін ғана жекеге беру тұрғын үй саласын дамытуға кедергі келтіре ме?



жүктеу 0.68 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата14.02.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

Қоян жылының соңғы күндері 

Маңғыстау облысында бір 

шаруаның түйелері қырылып 

қалды. Бейнеу ауданының 

Сайқұдық елді мекенінде «Әбен» 

шаруа қожалығында Ойсылқара 

тұқымы шөптен уланды. 

Шаруа қожалығы жетекшісі Қ.Аб-

дуллаев бір емес, 56 түйесінен айырылып, 

жер сипап қалды. Түйелерінің қырылуына 

улы шөп себеп болған. Бастапқы сараптама 

осылай деп болжап отыр. Қожалық иесі 25 

орам (нығыздап оралған) шөпті Атырау 

облысынан сатып алған көрінеді. Қашада 

тұрған 67 түйенің шөп салғаннан кейін 

бірінші күні 25-і сұлап түскен, ертеңінде 

31-і қырылып қалған. Қысқасы, вете ри-

нарлар мен санитарлық эпиде мио ло гия-

лық қадағалау мамандары барлығы 56 

түйені көміп қайтқан. Түйеге құйылған су 

мен сатып алынған шөптің сынамасын 

«Ветеринарияның ұлттық ре 

фе 

ренттік 


орталығына» жіберген. Қазіргі күні соңғы 

қорытынды шығару үшін зертханалық 

зерттеулер жүргізілуде. 

Салтан СӘКЕН

Түйелер 

қырылып қалды

Өткен жылдың желтоқсанын-

да Атырауда әулиелілігімен 

әмбеге аян болған Сары атаның 

зиратын қиратқан бұзақы 

ұсталып еді. 22 жастағы жұмыс-

сыз Қуаныш Өтеғалиев есімді 

азамат тәртіпке шақырған құқық 

қорғау қызметкерлерін қаперіне 

де алмай, тіпті қолындағы 

балтасын қару қылған. 

Бұзақы бұнымен қоймай, «Егер маған 

жақындайтын болсаңдар, өз-өзімді жарып 

жіберемін» деп те қорқытқан. Алайда 

«Арлан» арнайы бөлімшесінің қызмет-

керлері бұзақыны бәрібір қолға түсірді. 

Жақында осы оқиға бойынша облыстық 

мамандандырылған ауданаралық қыл-

мыстық сот үкім шығарды. 

Гүлнар ХАЖЕНОВА, судья:

– Сотталушы Қ.Өтеғалиев жасаған 

қылмысына өкінбеді және сот залында Құ-

дайдың жалғыз екенін, адамдар ата-ба-

баларының зиратына табынбаулары керек 

екенін айтты. Оған 11 жыл бас бостан-

дығынан айыру және жазасын қатаң ре-

жимдегі колонияда өтеуге үкім шыға-

рылды.

Бақытгүл БАБАШ,

Атырау 

АЛАШ-АҚПАРАТ



Зиратты қорлап, 

сотталды

Атырауда жеке тұлғалардың 

атына тіркелген көлік саны 

66793-ті құрайды. Бұл – әрбір 

же тінші  атыраулық  автокөлік 

тізгінінде отырады деген сөз. 

Әрине, елдің әлеуметтік жағ-

дайының көтерілгенінің бір 

дәле лі боларлықтай бұл сандар 

жаман көрсеткіш емес. Бірақ төрт 

қабатты коттедж үйде тұрып, 

шетелдік қымбат көліктің кілтін 

ұстағандардың бәрі бірдей заңға 

бағынып, тиісті салықтарын 

төлей бермейді. 

Облыстық салық департаменті жария 

еткен мәліметте есімдері тек облысқа ғана 

емес, күллі республикаға белгілі бизнес 

ие лері де бар. Шаруаларын шыр айнал-

дырып отырған «байлардың» қазынаға 

тиесілі салық сомасын құймауына себеп 

не? Айталық, «Әдемі үй» деген әдемі атауы 

бар жауапкершілігі шектеулі серіктестікті 

басқарып отырған белгілі кәсіпкер Құр-

манғали Қағазовтың берешегі 1 711 025 

теңгеге жетіпті. Ал «Райхан» кешенінің бас 

директоры Раиса Көшекова 441 957 мың 

теңге берешек. «Ниссан Премьера» көлігі 

мен тоңазытқышы бар вагоны үшін жарты 

миллион теңге қазынаға қарыздар болып 

отырған кәсіпкер Көшекова аталған көлікті 

әлдеқашан сатып жібергенін айтады. 

Салықтың айналасында осындай да ұзақ 

түсіндіруді қажет ететін жайттар бар. 



Ербол ЖҰМАБЕКОВ, Атырау облысы 

бойынша салық департаментінің бөлім 

бастығы:

– Уақытында төленбеген салық қары-

зына өсімпұл қосылып, әкімшілік жауап-

кершілік қарастырылады және салық ор-

гандарымен қарызды өндіріп алу үшін 

сотқа шағым материалдары жіберіледі. 

Сондай-ақ салықшылар жол полициясы 

қызметкерлерімен бірге автокөлік жол-

дарына арнайы рейдке шығып, салық тө-

лем еушілерді анықтауды қолға алды. Ал 

берешегі бірнеше мың, миллиондарды құ-

раушылар әбден төлеп болғанша, көлік-

терімен қоштаса тұрады. 

Бақытгүл БАБАШ

Салық төлеуге 

салғырттық 

танытып...

Бүгін сағат 10.00-де Ақтауда 

Жаңаөзендегі оқиға бойынша 37 

тұлғаға қатысты алғашқы сот 

оты рысы өтеді. Бұл жайында 

кеше брифингіде Жоғарғы 

сот  тың ресми өкілі Оксана Петерс 

мәлімдеді. 

Сот отырысы «Арман» жастар орталығы 

ғимаратында өтеді. Отырысқа 37 сот та-

лушы, 100-ден астам жәбірленуші және 45 

куәгер қатысатындықтан, сот әдейі үл кен 

ғимаратта өткізіліп отыр. Қылмыстық про-

цеске, сондай-ақ 6 мемлекеттік айып таушы 

мен 12 қорғаушы қатысады деп жос  пар-

ланған. «Сот процесінің ашықтығы мен жа-

риялылығын, істің жан-жақты қа ралуын 

қамтамасыз ету мақсатында сот талқы лауы-

ның барысын бақылаушыларға және зар-

дап шеккендер мен айып та лушылардың 

туыстары, құқық қорғау ор 

гандарының 

өкіл дері үшін барлық қолайлы жағдай мен 

қосымша орындар қарас тырылған», – дей-

ді Оксана Петерс. 

БАҚ өкілдері үшін де арнайы баспасөз 

орталығы жұмыс істейді екен. Ресми өкіл дің 

айтуынша, әрбір сот отырысының нәтижесі 

бойынша облыстық соттың ресми өкілі 

журналистерге арнап брифинг өт кізеді. 

Сотталушылар үкімет өкілдеріне қатысты 

күш қолданғаны үшін, ғимарат тарды қи-

ратып, өртеп, тонап, бұзғаны және мүлік-

терді жоюға дейін барған тәртіп сіздіктерді 

ұйымдастырғаны үшін айыпталуда. 



Салтан СӘКЕН

Бүгін – сот...

№49 (731) 

27.03.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

Фестиваль емес, тәжірибе алмасу



Алматыдағы Ғ.Мүсірепов театрында театр фестивалі өтеді де-

генді естіп едім. Осы шараның бағдарламасы мен мақсатын білгім 

келеді.

Гүлбану, студент

Астанада «Студенттер кинотеатры» бар деп естідім. Ол қашан ашылған? Оған 

студенттер ғана бара ма?

Нұрбол ТҰРЛЫБЕКҰЛЫ, Көкшетау қаласы

Еуразия ұлттық университетіндегі сту-

денттік кинотеатр жақында ғана, Наурыз 

мере кесі қарсаңында ашылды. Атал ған оқу 

орны тарат қан мәліметтерге сүйенсек, жаңа 

нысанның ашылу салтанатына «Қазақфильм» 

киносту дия сының президенті Ермек Аман-

шаев, белгілі кинорежиссер Рүстем Әбді-

рашев, актерлер Нұр 

жұман Ықтымбаев, 

Алмагүл Әлішева және Мәжі ліс депутаттары, 

министрліктер мен елшіліктер өкілдері қа-

тыс қан болатын. Заманауи техникамен жаб-

дық талған  «Студенттік  кино театр дың»  би-

леттері  өзге  кино театр лар дікінен  анағұрлым 

арзан. Мұнда отандық классикалық кино-

туындылармен қатар, қазіргі білім-ғылым 

мен мәде 

ниетті кеңінен насихаттайтын 

қазақ стандық және шетелдік фильм дер де 

көр сетілетін болады. Аталған кинотеатр ғи-

мара тында  алда ғы  уақытта  белгілі  актерлер 

мен режиссерлермен кездесулер ұйым-

дастырылып тұрмақ. Бұл жөнінде универси-

тет басшылығы «Қазақфильм» студиясымен 

арнайы әріптестік туралы мемо рандумға қол 

қойды. «Студенттік кинотеатрға» Астана қа-

ла сының кез келген тұрғыны мен қала қо-

нақтары да бара алады.

«Студенттер кинотеатрына» студенттер ғана бара ма?

ӨРКЕНИЕТ

BL

OGCAMP-2012



Қазаққа бірыңғай әлеуметтік желі қажет

Негізі, қазақ тіліндегі блогинг осыдан 

бес жыл бұрын қалыптаса бастады. Ол кез-

де Wordpress.com тегін жүйесі негізінде бес 

жүзден астам қазақ блогтары ашылды. 

Бірақ былтыр бұл жүйеге тос 

қауыл 

салынғаннан кейін, қазіргі танымал блог-



тар LiveStreet арқылы дами бастады. Бүгінгі 

таңда оның негізінде www.kerekinfo.kz, 

www.aitaber.kz, www.teriskey.kz, www.

kazjur.kz, www.blogcamp.kz сияқ ты сайттар 

жұмыс істеп келеді. Онда біраз қазақ 

жастары жиналып, өзара пікір алмасып 

тұрады. Бірақ, өкінішке қарай, ол сайттарға 

өзге елде тұрып жатқан қан дас тарымыз 

кіріп, өз ой-идеяларын қоса алмай жатыр. 

Себебі Еуропа жастары латын әліппесін 

қолданса, Қытайдың қазақ тары төте жазу-

мен «тілдесіп» отырады. Осы ның салдары-

нан ғаламтор желі сін дегі барлық қазақ 

жастары бір-бірі мен толық қанды араласа 

алмай келеді. Қы тай дағы қандастарымыз 

бұл мәсе лені шешу ге даяр. Биылғы блог-

шылар құрыл 

тайында олар «М-агент» 

және «Скайп» үлгі сінде әзірленген «LKK» 

– лезде хабар ласу құралы» жобасын ұсын-

ды. «Оған дүние жүзі қазақтары қосылып, 

өзара пікір алма са алады. Онда кириллица 

мен төте жазу әліппесі қарастырылып 

отыр, тіпті бей не байланыс та бар. Енді оны 

енгізу үшін қа ражат қажет. Меніңше, оған 

бірнеше миллион кетеді. Әзірше демеуші 

жоқ», – дейді Қытайдағы «Сен – қазақ!» 

сай ты ның жетекшісі Ақыбек Шеризатұлы. 

Биылғы блог құрылтайға Парламент 

Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов те 

қаты сып, біраз мәселелерді ортаға салды. 

Ал 


дағы уақытта ол жастардың барлық 

тілек-ұсы 

нысын билікке жеткізуге уәде 

беріп отыр. 

Жалпы, бүгінде интернеттегі қазақтілді 

блогтар арқылы азаматтық журналистика-

ны жан-жақты дамыту аса қажет. Себебі 

осының арқасында әрбір адам өзінің же ке 

ой-пікірін барлық қоғамға айта алады. 

Осы орайда «Мінбер» орталығының жұ-

мы 

сын ерекше атап өткен жөн. Соңғы 



жыл дары аталған ұйымның өкілдері жас-

тарды блог жүргізуге үйретіп, аянбай ең-

бек етіп келеді. Бұған дейін орталық ма-

ман дары  Астана мен Алматы қалаларында 

бір қатар оқу семинарларын өткізсе, биыл 

Қы зылжар, Шымкент, Атырау және Өске-

мен қалаларында арнайы блог-семинар-

ларды ұйымдастыруды көздеп отыр. 



Есенгүл КӘПҚЫЗЫ, 

«Мінбер» журналистерді қолдау 

орталығының жетекшісі: 

– Wordpress.com жүйесінің жабыл-

ға нына қарамастан, жастар ғаламтор-

Аталмыш шараға БҚМУ ректоры Ас-

хат Иманғалиев бастаған ғылыми кеңес 

мүшелері, облыстық тілдерді дамыту бас-

қармасының бастығы Махамбет Ихсан-

ғали мен Жомарт Ерназаров және осы 

жоба 

ны бірлесе атқарған университет 



ғалым дары қатысты. Кездесу кешіне ақын, 

Халық аралық «Алаш» әдеби сыйлығының 

лау 

реаты Ақұштап Бақтыгереева мен 



ақын, аудармашы, тіл жанашыры Қайрат 

Жұма ғалиев арнайы шақырылды. 

Университет қабырғасында қазақ жас-

тарын ұлттық дәстүрді сақтауға, өз елінің 

тарихын білуге, мемлекеттік тілді игеруге, 

халық батырларының тарихи ерекшелік-

терін түсінуге тәрбиелеу, жас ұрпақтың 

ұлт тық тәлім-тәрбиенің ықпалымен руха-

ни жетілуіне әсер ету мақсатымен «Қыз-

дар әлемі» порталы ашылған болатын. 

Атал ған жоба аясында бірнеше тақырыпта 

тәрбие сағаттары дайындалып, олардың 

эл 

ектронды нұсқалары шықты. Тәрбие 



сағат 

тары қаладағы мектептермен бірге 

об лыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауы-

лында және әдістемелік құралдар дайын-

далып, «Қыздар әлемі» порталының жұ-

мы сы толықтай таныстырылды. Осы жоба-

ға басшылық жасаған БҚМУ доценті Айгүл 

Медешова жоба барысынан толықтай 

мағ 

лұмат берді. Жоба жетекшісі алдағы 



уа 

қытта музыкалық этнография, көркем 

әде би шығармалар қосу, интерактивтілікті 

Ұлт діңгегі – ұлттық тәрбиеде

ЖОБА


Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 

университетінде Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту 

басқармасының тапсырысымен жүзеге асырылған «Балалар 

үйінде, балабақша және мектеп бүлдіршіндерінің арасында 

мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған 

іс шаралар өткізу» атты жоба жұмысының орындалуын 

қорытындылау мақсатында кездесу кеші өтті.

ІЗ.ДЕН.ІС



50 мың сөзді қамтитын сөздік шықпақ

Бүгінде қазақ тарихына, тіліне қызығушылық танытып, біздің 

ана тіліміздің қыр-сырын зерттеуге ниет білдіріп жүрген ше-

телдік ғалымдардың қатары көбеюде. Осындай ғалымдардың 

бір тобы қазіргі таңда кең ауқымды қазақ-ағылшын сөздігін 

құрастыруда. Жобаны жүзеге асыруға тырысып жүрген топтың 

жетекшісі, америкалық ғалым Кристофер Бейкер таяу ара-

да жарық көретін сөздік жайлы ой бөлісу мақсатында қазақ 

ғалымдарымен және БАҚ өкілдерімен кездесті.

Кристофер Бейкер – қазақ әдебиетінің 

тарихы туралы докторлық диссертация 

жазып жүрген ғалым. Ол қазақ әдебиетінің 

кеңестік замандағы кезеңін, нақтырақ 

айтқанда 1960-70 жылдардағы әдебиетті, 

оның ішінде Мұхтар Мағауин, Ілияс Есен-

берлин секілді жазушылардың еңбектерін 

ерекше назарға алып зерттеуде. Америка-

лық ғалымның айтуынша, Қазақ елі өзге 

елдің ықпалынан шыға алмаған кеңес за-

ма нының өзінде өзінің тарихын, ұлттық 

идеясын өзінің әдебиетінде жақсы көрсете 

білген. Бірнеше тіл білетін, басқа да түркі 

елдерінің әдебиетін зерттеп жүрген ғалым 

қазақ әдебиетіндегі көптеген шығармалар-

дың әлемдік бестселер бола алатынын 

тілге тиек етті. 

Осы уақытқа дейін бірнеше қазақ-

ағылшын сөздіктері жарық көрген бола-

тын. Алайда сөздіктерде кемшіліктер көп 

кездеседі әрі қамтитын сөздік қорларының 

ауқымы да аса кең емес. Ал кең ауқымды 

қазақ-ағылшын сөздігін жасау туралы идея-

ны алғаш Моңғолияның қазағы Нұртілеу 

Бақыт деген азамат ұсынған екен. Кейіннен 

бұл идея көптеген шетелдік ғалымдардың 

тарапынан қолдау тапты. Сөйтіп, сөздік 

жа сауға кіріскен топ аталмыш жоба туралы 

Қазақ тіл білімі институтының ғалымы 

Көбей Құсайыновқа айтады. Сонда К.Құса-

йынов жобаны қолдайтынын білдіріп, 

сөздік жасау туралы бір хикаямен бөліскен 

екен. Ғалымның хикаясы бойынша, бая-

ғыда испандық бір ақсүйек біреумен ду-

эльге шығып, өлтіріп алған екен. Сонда 

оған жаза ретінде испан тілінің сөздігін 

жасау немесе өзін-өзі өлтіру бұйырылған. 

Сонымен әлгі ақсүйек өмірінің көбін испан 

тілі 


нің сөздігін жасауға арнап, алайда 

бәрібір аяқтай алмай өмірден өткен екен. 

Демек, осыдан-ақ сөздік жасаудың қиын-

дығы аңғарылса керек. Сөздік жасау маша-

қаты көп, өте күрделі жұмыс екенін тіл 

білімі саласының ғалымдары жақсы біледі. 

Әсіресе кең ауқымды сөздік шығару мықты 

мамандардың қыруар ізденісін қажет етеді 

әрі шығыны да көп. Шетелдік ғалымдар 

қолға алған аталмыш сөздік алғашында 

бір жылда аяқталады деп жоспарланған 

екен. Алайда қаржылық тапшылық, жұмыс 

барысында мамандар 

дың жобадан бас 

тартуы секілді себептер сөздіктің жасалу 

уақытының ұзаруына әсер етті. Ендігі 

уақытта 1300 беттен тұратын, елу мыңға 

жуық сөзді қамтитын қазақ-ағылшын 

сөздігі үстіміздегі жылдың жазында аяқ-

талып, күзге қарай жарық көреді деп жос-

парлануда. Сөздікте қазақ тілінде жиі кез-

десетін сөз тіркестері мысалдарымен бірге 

түгел дерлік қамтылмақ. 

Бүгінде Кристофер Бейкер жетекшілік 

ететін топта жобаны жүзеге асыру мақса-

тында бірнеше адам жұмыс істеуде. Олар-

дың бірі – Н.Назарбаев атындағы халық-

аралық университеттің профессоры Гэб-

риел Маклайн. Ол Тараз маңындағы Қыр-

төбе деген ауылда бір жыл тұрып, қазақ 

тілін үй реніп, біршама еңбектенген екен. 

Сон 


дай-ақ қазақ-ағылшын сөздігін 

жасау ға Индиана университетінің сту-

денттері де атсалысуда. Ал жобаға қолдау 

білдіру ші лердің бірі – Қазақстанда тіл сая-

сатын зерттеп жүрген ғалым Уиллиям Фи-

ермуан. Ал қазақ ғалымдарының арасын-

да Көбей Құсайынов шетелдік ғалым-

дардың бастамасын құп көріп, жобаға қол 

ұшын беруде. 

Кристофер БЕЙКЕР, 

шығыстанушы, түркітанушы ғалым: 

– Мен осы уақытқа дейін түркі тілде-

рінің арасында қазақ тілін, әзірбайжан, 

түрікмен тілін, ескі шағатай тілін үйрен-

дім. Түркі тарихын зерттеуде мені ерекше 

қызықтырған қазақ тілі мен әдебиеті 

болды. Алайда қазақ тарихын зерттеуде 

шетелдік ғалымдарға аса қиындық туды-

ратыны – қазақ тіліндегі материалдардың 

тапшылығы. Бүгінде қазақстандық сту-

денттердің арасында ағылшын тілін өте 

жақсы білетіндері бар. Алайда олар 

қазақ тілін жетік білмейді, көбі орысша 

сөйлейді. Шетелдік ғалымдар да Қазақ-

стан туралы материалдардың барлығын 

дерлік орыс тілінде алады. Алғашында 

маған Индиана университетінен осы 

қазақ-ағылшын сөздігін жасауға атсалы-

су туралы ұсыныс түскенде мен сөздік 

жасау дың қиындығын ұғына қоймаған 

екенмін. Кейін жұмыс барысында небір 

қиындықтар, кедергілер кездескенде, 

тіпті осы жобаны ортасынан тастай сал-

ғым да келді. Бірақ бастаған істі тастауға 

болмайды. Сондықтан бүгінде баршаға 

пайдалы, сөздер өте кең қамтылған сөз-

дік жасауға тырысып бағудамыз. Біздің 

осы жобамызға қаржылай көмек көр-

Астанадағы жаңа жылдың алғашқы күні қазақтілді блогшылардың 

Blogcamp-2012 атты кезекті құрылтайымен басталды. Наурыздың 

23-і күні Назарбаев университетінде кәсіби блогшылар, журналистер 

мен ақпараттық технология мамандары бас қосып, интернет желісін-

дегі қазақ жастарының сұхбат алаңын кеңейту мәселесін жан-жақты 

талқылады. Әрине, ол «алаң», яғни әлеуметтік желі тек Қазақстан 

жастарын ғана емес, әлемдегі барлық қандасымызды біріктіруі тиіс. 

Осыған байланысты Қытайдағы қазақ жастарының нақты ұсынысы 

да бар. Ол жақтың жастары «М-агент» және «Скайп» үлгісінде «LKK» 

– лезде хабарласу құралын әзірледі. Оған дүниежүзі қазақтары кіріп, 

емін-еркін тілдесе алады.

кү шейту жұмыстары жүргізілетінін айтып 

өтті. 

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА, ақын:

– Мен бұл тақырыпты жырладым, 

әлі жырлап келемін. Біреулер ақындар 

үшін ұсақ тақырып деп қарауы мүмкін. 

Бірақ бұл – тақырыптың ауқымы өте 

кең, үлкен қоғамдық проблема. Біздер 

өз өл еңдеріміз арқылы қыздарымызға 

ұлт тық тәрбие беруге тырысамыз. Өйт-

кені ұлт діңгегі – ұлттық тәрбиеде. 

Қазақ қызы тәрбие бастауын ана сүті-

нен алады. Қазақ әйелі қазақ қызына 

өне 

гелі тәрбие берсе, қазақ қызы 

қазақ қоғамының тірегі болары анық. 

Қыз дары мықты болмай, қоғам мықты 

бол майды деген ойдамын. 

Кешті қорытындылаған университет 

рек 

торы Асхат Сәлімұлы бұл жобаның 



БҚМУ базасында жүргізілуі үлкен мәртебе 

екенін, өйткені облыстық педагогикалық 

тәжірибесі мол ғалымдар басшылық етіп 

отырған шаралар инновациялық тұрғыдан 

оздырылуы тиістігін, жаңашылдыққа бет 

бұрып, болашақ педагогтерді тәрбиелеп 

отырған ұжым үшін маңызы зор екенін 

ерекше атап өтті.



Рита СҰЛТАНҒАЛИЕВА,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 

қауымдастырылған профессоры

келген 250-ден астам блог өзінің 

азаматтық ұстанымын білдіре бастады. 

Ендігі мақсатымыз – www.kazjur.kz сай-

тына жеке сервер алу. Ал биылғы Блог 

құрылтайдың негізгі мақсатына келер 

болсақ, ол қандай да бір саяси көз-

қарасты көздеп отырған жоқ. Біз қазақ 

блоггерлері мен журналистердің басын 

қосып, ғаламтордағы ортақ мәсе ле-

лерді талқылауды көздейміз. Негізі, 

бүгінгі жастар осындай алаңды іздеп 

жүр. Олар өз пікірлерін білдіріп, ойла-

рымен бөлісуге даяр. Өкінішке қарай, 

қазаққа келген кезде билік үнсіз қалып 

отырады. 

Ақыбек ШЕРИЗАТҰЛЫ, Қытайдағы 

«Сен-қазақ!» сайтының жетекшісі: 

– Өзіңіз жақсы білесіз, бүгінде Қы-

тай да 2 млн-ға жуық қазақ тұрады. 

Кезін де болған қитұрқы саясаттың сал-

дарынан Қазақстан жастары бүгін де 

кириллицаны қолданады. Біз бол сақ, 

Ахмет Байтұрсыновтың араб әліп пе сі 

негізіндегі төте жазуды пайдала на мыз. 

Осының салдарынан біз ақпа 

рат 

тық 

технологиялар саласында лез де ақпа-

рат алмаса алмай жатамыз. Мәселен, 

бүгінде бізде Fasebook сияқ ты кәдімгі-

дей әлеуметтік жүйе бар. Бірақ ол төте 

жазумен қолданылады. Бүгінгі таңда 

біз Қазақстанда болып жат қан жаңа-

лықтармен кириллицадан автоматты 

түрде аударып, танысып жатамыз. Ал 

латын жазуларын, шы ны керек, толық-

қанды түсінбейміз. Қа зіргі кезде осы 

әліппе мәселесі салдарынан Қазақстан 

мен Қытайдағы қа зақ жас тарының ара-

сында байла 

ныс нашар болып тұр. 

Болашақта  Қа зақ станда  төте  жазумен 

шығатын «Қаз Ақпарат» агенттігі мен 

«Егемен Қазақстан» газетінің сайттары 

Қытай да ғы қазақ тарға бет алып, біздің 

мәде ни-ру хани  өмірімізді  толықтыра 

түседі деп сенеміз.

Блог құрылтай аясында дәстүрлі сайт-

тар мен жобалар да назардан тыс қал-

мады. Шара демеушілері «Қазақ теле ком» 

АҚ ұсынған бір жылдық тегін хостинг – It 

tirlik жобасын ұсынған Тимур Бек тұрға, 

blogl.kz жобасы үшін Елдар Құдай 

бер-


геновке, зерделі жобасы үшін Нәзи ра Бур-

хановаға, бір жылдық тегін мега лайн – 

«Қыздар әліппесі» жобасы үшін Ай 

бек 


Қуан дықовқа, bugin.kz жобасы үшін Мей-

ірман Түйтешевке, бейнеблог жоба сының 

авторларына берілді. Ал «Қаз телерадио» 

АҚ ұсын ған «Отау ТВ» жүлдесіне «Айқа-

рагөз» сайты ие бол ды. Ал Вeeline бай-

ланыс опера торы үздік блогшыларға өз 

сыйлықтарын табыстады.

сеткен Н.Назарбаев университетіне, жа-

нашыр ғалымдарға алғысымыз шексіз. 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет