Жер телімін инфрақұрылымды жасағаннан кейін ғана жекеге беру тұрғын үй саласын дамытуға кедергі келтіре ме?



жүктеу 0.68 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата14.02.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА

Бұл басқосуға Беларусь, Қазақстан, 

Қыр ғыз Республикасы, Молдова, Ресей,  

Тә жікстан, Украина елдерінің мемлекеттік 

энер гетикалық қадағалау органдары мен 

элек троэнергетикалық  ұйымдарының 

өкіл дері, сондай-ақ ТМД ЭЭК атқарушы 

ко митетінің қызметкерлері қатысты. 

Еске түсірсек, ТМД-ның ұлттық элек-

тро э нергетикалық  жүйелерінің  параллельді 

жұмысын қадағалайтын орган құру, мем-

ле кеттік энергетикалық бақылау орган да-

рының жұмысын тұрақты жетілдіру қажет-

тігі және осы салада ынтымақтастық орнату 

жө ніндегі ұсыныс 2011 жылдың қазан 

айын да еліміздің Индустрия және жаңа 

тех 

нологиялар министрлігі тарапынан 



ТМД Электроэнергетикалық кеңесінде ай-

тылған болатын. Оған қатысушылар бұл 

бас таманы жаппай қолдағаны белгілі. 

Мәскеудегі басқосу – осы ұсыныстың 

нә тижесі. Жиынға қатысушылар жүйеара-

лық апаттарды тексеру кезіндегі бірлесіп 

әрекет ету жолдарын, қызметкерлердің 

білі мін бақылауға бағытталған жаңа тәсіл-

дерді әзірлеу, бірлескен зерттеу жобалары 

мен білім бағдарламаларын жүзеге асыру 

мәселелерін талқылады. 

Жақын арада ТМД Электроэнергетика-

лық кеңесі шеңберінде Достастық елдері 

мемлекеттік энергетикалық қадағалау ор-

гандары жетекшілерінің дөңгелек үстелі 

өткі зілмекші. Онда ынтымақтастық туралы 

меморандумға қол қойылып, ТМД-дағы 

қатысушы елдердің энергетикалық қадаға-

лау органдарының жұмысын реттеу бо-

йын ша комиссия құрылады.  



Гүлнар АХМЕТОВА

Сәуір айында еліміздегі 

жанар-жағармай бағасы 

тағы қымбаттауы мүмкін. 

Отандық сарапшылардың бір 

парасы осылай деп жорамал-

дап отыр.

ТМД елдері энергетикалық 

қадағалау саласындағы 

ынтымақтастық меморанду-

мы  на қол қою жөніндегі 

Қазақстан ның  ұсынысын 

қолдады. Осыған орай Мәс-

кеуде ТМД Электро энер ге-

тикалық кеңесі жұмысшы 

тобының отырысы өткізілді. 

Кәмшат  САТИЕВА

комиссия жұмысы заңмен реттелетін 

болады. Тіпті онда сатып алу мен 

сатулардың қалай, қандай кезеңде 

жүзеге  асырылатын ды ғын  құқықтық 

тұрғыда бекіту көзделген.  Жос пар 

бойынша бұл заң жобасының тұсауы 

жазғытұрым кесіледі. Міне, сол кезде 

азық-түлік бағасын реттеуші 

тұрақтандыру  қор л а рына  қатысты 

мұндай өрескел заңбұзу шылықтар 

орын алмауы тиіс деп ой лай мын.

Ал экономика ғылымының докторы, 

профессор Атамұрат Шәменовтің ай-

туынша, аталған факті тұрақтандыру 

қорла ры ның онсыз да белгілі тиімсіздігін 

тағы бір рет дәлелдеді. Сондықтан бюджет 

ақ ша сын текке шашпай, олардың қызметін 

до ғару  керек.



Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономика 

ғылымының докторы, профессор:

– Мұндай мәселенің орын 

алатындығы бесенеден белгілі 

болған. Өйткені нарық заманында бір 

қор құрып, оны ұстап тұру 

жауапкершілігін қадағалау өте қиын. 

Әрі бұл арада  бір қарағанда бағаны 

әкімшілік тұрғыда тұрақтандырып, 

ұтып жатқан секіл ді көрінуіміз мүмкін. 

Бірақ бұрынғыдан екі-үш есе 

шығындалып жатқанымыз ды көп шілік 

аңғармайды.  Өйткені экономи ка лық 

тұрғыдан мұндай қорларды ұстап 

тұру аса қымбат. Әрі оның жұмысы-

ның ашық тығына, мүл тіксіздігіне 

күмән басым. Осы жағы нан алғанда, 

билікке дер кезінде тоқ  тап, бұл 

жобадан бас тартқан дұрыс.

Тоқ тар  ЕСІРКЕПОВ,

экономика ғылымының докторы:

– Тұрақтандыру қорларын да 

құрып, базардағы бағаны нарықтың 

заңдылығымен реттеуге де болады, 

егер ауыл мен қаланың арасындағы 

экономи калық қатынастардың басын 

ашатын нақты бағдарлама 

қабылданса деймін. 

Бұл ретте ғалым АҚШ пен 

Ре сей   де гі  «Ауыл  шар уашылығы  – 

2020» секілді бағдарла ма ны мысалға 

келтіреді.

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

№49 (731) 

27.03.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ҚОҒАМ


Балабақша есепшісіне қай санат бойынша ақы төленеді?

Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу бас қар ма-

сының сарапшы маманының мәліметінше, азаматтық 

қыз метшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 

ұсталатын ұйымдардың қыз меткерлеріне, қазыналық 

кәсіпорындардың қыз 

меткерлеріне еңбекақы төлеу 

Қазақстан Респуб ликасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 жел-

тоқсандағы №1400 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) 

рет теледі.

Қаулыға 1-қосымшадағы Азаматтық қызмет шілер ла-

уазымдарының (білікті жұмысшыларды қоспағанда) 

тізіліміне сәйкес, жоғары білімді есепші лауазымы G-10 

санатына жатқызылған.

Сонымен бірге, Қаулының 6-тармағына сәйкес, ұйым-

дардың басшыларына мемлекеттiк басқару органымен 

келiсiм бойынша Азаматтық қыз 

метшiлер (бiлiктi 

жұмысшыларды қоспағанда) лауазым дарының санаттар 

бойынша тiзiлiмiнде көрсетiлген лауазымдар атауларына 

олардың қызметiнiң ерекшелiгiн сипаттайтын арнаулы 

қосымша атау ларды қолдану, сондай-ақ функ ционалдық 

мiндеттерiне қарай, өзге де лауазымдар атауларын 

теңестiру құқығы берілген.



Мен таяуда мемлекеттік балабақшаға есепші болып жұмысқа орналастым. Білімім жоғары. 

Балабақша есепшісінің жалақысы мектеп есепшісінің жалақысымен бірдей ме? Оларға қай санат 

бойынша ақы төленуі тиіс?

Дәмегүл ЕРЖІГІТОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы

Декреттік демалыстан кейін 

еңбек демалысы толық беріле ме?

Сарапшы мамандардың айтуына қара-

ғанда, Қазақстан Республикасы Еңбек ко-

дексінің (бұдан әрі – Кодекс) 192-бабына 

сәйкес, әйелге, қалауы бойынша, жүктiлiкке 

жә не босануға байланысты демалыстың ал-

дында немесе тiкелей одан кейiн не балаға 

кү тiм жасауға арналған демалыс бiткен соң 

жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берi ледi.

Жұмыс берушімен келісім бойынша еңбек 

демалысы толық немесе нақты жұмыс атқарған 

уақыт үшін беріледі.

Кодекстің 104-бабына сәйкес, жыл 

сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық 

беретiн жұмыс стажына:

1) нақты жұмыс iстелген уақыт;

2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ 

Бала күтіміне байланысты демалыстан кейін екі ай жұмыс істеп, қайта декреттік 

демалысқа кеттім. Енді декреттік демалыстан кейін маған кезекті еңбек демалысы 

толық беріле ме, әлде нақты жұмыс атқарған уақыт үшін бе? 

 Айсара ЖОРАЕВА, Жамбыл облысы

Гүлжан КӨШЕРОВА

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

МӘСЕЛЕ


Ерлердің денсаулығына 

алаңдайтын орталық ашылды

Елімізде алғашқы болып ашылған ор-

та лықтың тіпті ТМД-да теңдесі жоқ. Таң-

даудың оңтүстіктің орталығына түсіп 

отырғаны да тегін емес. Халық тығыз қо  -

ныс  танған, соған орай ерлер ара сындағы 

түрлі дерттердің дендеп кеткені алаң-

даушылық туғызған болатын. Оның үстіне, 

өткен жылдың қараша айында Аста надан 

ат арытып арнайы келген бес профессор 

да ерлердің денсаулығының тіптен на-

шарлап кеткенін айтып, дабыл қаққаны 

себеп болған-тын. Облыстық клиникалық 

аурухана базасында осындай орталық ашу 

үшін құжат дайындау ісі сол кезден бас-

талған болатын. Оған облыстық денсаулық 

сақтау басқармасының бастығы Жұмағали 

Исмаилов пен облыстық ауру хананың бас 

дәрігері Мұқан Егізбаев қол дау көрсетіп, 

ашылуына мұрындық болды. Облыстық 

бюджеттен 4,5 миллион теңге қаржы да 

бөлінді. Облыста бұрын қаны жерге тамбай 

тұрған бір ғана андролог маман бар деп 

аттандайтынбыз. Сөйтсек, басқа облыстар-

да ол да жоқ екен. Осы аса қажетті, нағыз 

керекті маман Мырзахмет Жанадилов осы 

орталықтың тізгінін қолына алды. Санкт 

Петербургте, Мәскеуде, Мароккода, Ита-

лияда оқып келген маман енді ерлеріміздің 

денсаулығын арттыруға атсалысуда. Еуро-

палық урологтар ассоциациясының мүшесі 

болып саналатын Жанадилов еліміздегі ер-

азаматтардың денсаулығы, расында да, 

тым мүшкіл дейді. Ең алдымен, маман 

жетіс пеушілігі басым. Аудандарда андро-

лог түгіл, тіпті уролог та жоқ. Туу көрсеткіші 

тым кеміп кеткен. Бедеулік пен белсіздік 

белең алған. Еркектер мен әйелдердің 

өмір сүру жасында айырмашылық көп. 

Еркектер әйелдерге қарағанда 12-14 жыл 

кем өмір сүреді. Ерлер арасында им-

потенция, простатит, белсіздік, жүрек-қан 

тамырлары аурулары, қатерлі ісік дерттері 

тым көбейіп кеткен. Бала сүйе алмай 

жүрген отбасыларға бұрын мониторинг 

жүргізілетін. Қазір ондай жоқ. Сосын есеп 

те жүргізілмейді. Соның салдарынан нақты 

қанша баласыз отбасылар бар екенін білу 

мүмкін емес. Тіпті Статистика департаменті 

де нақты есепті бере алмайды. Онда тек 

қана некеге тұрушылар, ажырасқандардың 

ғана есебі бар. Айтылып жүрген статистика 

тек долбар ғана. Алдағы уақытта осы 

орталық нақты есеп жүргізбек. Сондай-ақ 

скринингтік тексеру жүргізетін болады. 

Жастар тәрбиесі, оның ішінде сексуалды 

денсаулық, қауіпсіз жүктілік, жыныстық 

инфекциялардан сақтану жолдарын 

насихаттайтын «Салауатты өмір салтын 

қалыптастыру мектебі» де қоса жұмыс 

істемек. Жоспар бойынша алдағы уақытта 

8-9 облыста осындай орталық ашылса, 

оның бәрінің басын біріктіретін есеп 

базасы болады. Онлайн конференция 

өткізетін бейне-интернет жұмысын жолға 

қою да жоспарда қарастырылыпты. 

Науқастарды осындай тәсіл арқылы 

профессорларға көрсететін болады. 



Мырзахмет ЖАНАДИЛОВ, 

«Ерлер денсаулығы орталығының» 

меңгерушісі: 

– Жасамыс еркектердің тестес те-

рондарын тексеріп тұру керек. Ерлер-

дің ағзасындағы осы тестестерон 

азайса, адам тез қартаяды. Дер кезінде 

емде сек, ол ұзақ өмір сүретін болады. 

Бел сіздікті ақысыз емдеу, квота жүйесі 

жоқ елімізде. Біз әр кезең бойынша 

жұмыс істеп, бұл мәселені үкіметтік 

дең гейде шешуге қол жеткіземіз деген 

үмітіміз бар. Еркектерді көбіне уро-

логтар қарайды. Мен андролог ретінде 

эндокринологиялық, психологиялық 

тұрғыда қараймын. Кардиолог, уролог, 

эндокринолог төрт маман біріге 

отырып, нақты диагноз қоямыз. Ер-

кек тің денсаулығы мықты екенін дә-

лелдейтін бес көрсеткіш бар. Яғни 

бөксесі 94 сантиметрден кем болуы 

«Бала санын арттыруда 

басты рөлде ойнайтын 

еркектердің жәйін мүлдем 

естен шығарғандаймыз. 

Бүгінде олардың халі адам 

аярлықтай. Оларды 

күйзеліске түсіріп отырған 

күнкөрістің қиындығы ғана 

емес, қоғамымызда 

еркектерге деген белгілі бір 

көзқарастың жоқтығы. 

Еркектердің денсаулығын 

жақсартуға арналған бірде-

бір бағдарлама да, орталық 

та, тіпті кабинет те жоқ» деп 

«Алаш айнасында» жазып 

едік. Айта-айта ақыры 

арманымызға да қол 

жеткіздік. Оған дәлел, жуырда 

Оңтүстік Қазақстан 

облысында «Ерлер 

денсаулығы орталығы» 

ашылды.

керек, одан үлкен болса, онда семіздік 

дертіне тұсауланғаны. Ұйқысы қалыпты 

болуы тиіс. Түнде несеп шығаруға тұр-

мауы тиіс. Төсекке құлшынысы қа-

лыпты болуы тиіс. Біз үнемі сауалнама 

жүр 

гізіп отырамыз. Сонда белгілі 

болғаны 60 пайызында аталған мәсе-

лелер бар. Андрологиялық мәселелер 

көп. Па циенттердің тек 10 пайызы 

ғана дәрі герге қаралады. Қалғандары 

жеке кли 

никаларға, емшілерге 

қаралып, жазылдым деп жүре береді... 

Базасы мықты ауруханамызда 

урология бөлім шесі бар. Сонда ота 

жасаймыз, ЭКО орталық бар. Сонда 

репродуктивті технология бойынша 

көмек қолын созуға болады. ОҚО-да 

алғашқы бо лып ашылуының себебі 

мұнда орта лықтандырылған барлық 

бөлімдер бар. Шетелдерде ерлерді 

емдейтін клиникалардың бәрі де – 

жекеменшік. Онда тек өте бай адамдар 

ғана емделе алады. Ал бізде қара-

пайым адамдарға арналған арнайы 

орталық ашып, әрі оны тегін ем-

дейміз. 

Расында, маманның келтіріп отырған 

дәйектемелеріне бас шайқамастан басқа 

амал кем. Белсіздіктің салдарынан неке 

бұзатындардың көбейіп кеткені, расында, 

ащы шындық. Бұрынғы апа-әжелеріміз 

7-8 баладан қайыратын. Бүгінде бұл арман 

болып қалды. 10-15 жылда әлем бойынша 

денсаулығы мықты деген еркектердің 

өзінің денсаулығы нашарлап кеткені белгілі 

болып отыр. Еркектердің 16 пайызы 

ТҮЙТКІЛ


Елімізде бала асырап алу неге қиын?

Қазір елімізде бедеулік, белсіздік, некесіз бала туу, тастанды 

нәрестелер, жетімдер үйі деген секілділер тым көбейіп барады. Тіпті 

қызды-қыздымен кейбір мамандар перзентханалардың жанынан да 

тастанды нәрестелерді қабылдайтын арнайы орындар ашу керек деп 

даурығып жүр. Біз өзіміз тастанды балалардың санын азайтып, 

жетімдер үйін қайтып жабамыз деп жүргенде, енді тағы да 

перзентханалардың жанынан тастанды нәрестелерді қабылдайтын 

арнайы орындар ашатын болсақ, онда тастанды нәрестелер санын 

одан сайын екі-үш есеге дейін көбейтіп алмаймыз ба? «Көтеріп қалсам, 

перзентханадағы арнайы орынға тастап кетермін» дейтіндер 

көбеймей ме? Онсыз да жетімдер үйіндегі 50 мыңнан аса баланың 80 

пайызының ата-анасы бар. Қалғаны тұлдыр жетім. Сонымен елімізде 

тастанды сәбилер санын азайту үшін не істемек керек? Оны шешудің 

бірден-бір жолы – қазақстандықтардың бала асырап алуын жеңілдету 

үшін заңнамалық тұрғыдан жағдай жасау.

Қазір қарап тұрсаңыз, бала асырап алу 

үшін толып жатқан құжаттарды жинап 

алуы ңыз керек: 1. Жеке куәліктің көшірмесі; 

2. Баланы асырап алу жөніндегі өтініш; 3.

Не ке туралы куәліктің көшірмесі; 4. Жұ-

байы ңыздың келісімі; 5. Жұмыс орнынан 

алынған еңбекақыңыз көрсетілген анық-

тама; 6. Тұрып жатқан үй құжаттарының 

кө 


шірмесі; 7. Тұрғылықты жеріңізден 

анық   тама; 8. Бас прокуратура жанындағы 

Құқықтық статистика орталығы берген сот-

талмағандығыңыз жөніндегі мәлімет; 9. 

Ме  дициналық  тексеру  (Жұбайыңызбен 

бірге психиатор, нарколог, дермато-вене-

ро лог, терапевт және басқаларынан өте-

сіз); 10. Одан кейін баланы асырап алу-

шының тұрмыс жағдайын тексеру актісі 

(мұны асырап алушының тұрып жатқан 

аумағындағы мектептің қоғамдық инспек-

торы жасайды, ал актіні мектеп директоры 

растайды); 11. Жұмыс орнынан мінездеме 

(мөр, мінездеме берушінің қолы керек); 

егер жұмыс істемесеңіз, онда 2-3 көр-

шіңіздің сіз туралы пікірі керек; 12. Отба-

сыңыздың құрамы туралы мекен-жайы-

ңыздан анықтама (азаматтарды тіркеу 

кітабының көшірмесі); 13. СТН көшірмесі; 

14. Асырап алушылардың өмірбаяны; 15. 

Қорғаншылық және қамқоршылық орга-

Серік ЖҰМАБАЕВ

нының асырап алу, баланың қызы ғушы-

лығына сай және негіз бар екендігі жөнінде 

қорытынды; 16. Сіздің ол баланы асырап 

ала алатыныңызды дәлелдейтін айғақтар 

(яғни ереже бойынша балалар мекеме-

лерінің – балалар үйлері басшы ларының 

сіздің баламен жасаған қарым-қатына-

сыңыз туралы берген қорытындысы) қа-

жет. Осының бәрін жинайсыз. Одан бөлек, 

асырап алатын баланың құжаттары керек: 

1. Баланың туу туралы куәлігі; 2. Ата-ана-

сының жоқ екендігін дәлелдейтін құжаттар 

(қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі, 

ата-аналық құқынан айыру туралы, тәр-

биесінен бас тарту туралы, мекенжайы 

анық тамасы т.б.); 3.10 жасқа толғаннан 

бастап баланың қамқорлыққа келісімі; 4. 

Баланың тұрмыс-жағдайын тексеру актісі 

(мектеп толтырады); 5. Мү ліктерінің тізімі 

(мектеп толтырады); 6.Пә 

терді жеке-

шелендіру туралы шарттың көшірмесі 

(егер бала пәтерді мұрагерлікке алған 

болса); 7. Жылжымайтын мүлік бойынша 

орталықтың №1 ақпараттық анықтамасы; 

8. Баланың оқитындығы туралы мектептен 

анықтама қағазы; 9. Балаға мінездеме; 

10. Баланың тұрғылықты жерінен анық-

тама; 11. Баланың денсау лығы туралы 

анық  тама. Осы құжаттардың барлығын 

жи нап, асырап алатын баламен екі апта 

кездесіп, өз таңдауыңызды жасағаннан 

кейін құжаттардың барлығы сотқа жібе-

ріледі. Онда отырыс күні белгіленіп, оған 

Білім беру департаменті қамқоршылық 

және қорғаншылық органының өкілі және 

балалар мекемесінің басшысы, сонымен 

бірге, прокурордың қатысуымен соттың 

жабық отырысы өтеді. Бала асырап алу 

жөніндегі соттың шешімі шыққаннан 

бастап 15 күн өткеннен соң ғана баланы 

алып кете аласыз. Одан кейін АХАЖ 

бөлімдерінде баланы асырап алу тіркеледі 

де, асырап алу жөнінде куәлік беріледі. 

Осы құжаттың барлығын жинап бола-

мын дегенше, шыны керек, бір адамның 

шашы ағарып кететін шығар. Оның үстіне, 

бала да өсіп, ес біліп қалады. Ал асырап 

алушылардың барлығы дерлік жаңа туған 

немесе әлі ес біле қоймаған баланы асырап 

алғысы келеді. Енді оларды да түсінуге 

болады, өйткені ес білмейтін баланы 

бауырына басып, өздеріне етене жақын 

еткісі келеді. 

Әбдуәли МӘМЕДІЛ, психолог:

– Өкінішке қарай, бізде қағаз бас-

тылық көп. Бала асырап алғысы ке летін 

адам қаптаған құжаттарды көр генде, 

бастапқы ойынан айнып қалуы да бек 

мүмкін. Онымен қоса, елімізде бойдақ-

тардың да бала асырап алуына шектеу 

қойылған. Қазақстанда, әсіресе, қыз-

дардың тұрмысқа шыға алмай, уақытын 

зая кетіретінін ескерсек, бой дақтарға 

бала асырап алуға мүмкіндік беру 

баланы сыртқа сатқаннан қара ғанда 

әлдеқайда тиімді болар еді. Бізде жетім 

балалар туралы алдын ала ақ 

парат 

берілмейді. Ал көрші Ресейде ақпарат 

ашық. Ол жақта қамқорсыз қалған 

бүлдіршіндер туралы ақпарат тарату 

жақсы жолға қойылған. Интер 

нетті 

ашсаңыз, балаларға жарнама жасап 

қойған. Қазір осы заңның арқа сында 

Ресейде бала асырап алушылар 

көбейген. Бізге де неге осы жүйені 

қолданбасқа? 

Қазақстандықтардың бала асырап 

алуын жеңілдету үшін заңнамаға өзге-

рістер енгізу керек пе? 

Камал БҰРХАНОВ, 

Мәжіліс депутаты:

–Жасыратыны жоқ, бізде жетімдер 

үйінен бала асырап алу өте қиын. Ана 

құ 

жат, мына құжатты сұрап, «ертең 

кел», «ар ғы күні кел» деп әуре-сарсаңға 

салады. Сон 

дықтан мұны жетілдіру 

үшін осы сала 

ның мамандарымен, 

ғалымдармен,  заң гер лермен  бірлесе 

отырып, жан-жақты талқылап, егжей-

тегжейлі зерттеп, тара 

зы 

ға салып, 

әрине, мүмкіндік болғанша, өз 

азаматтарымызға бала асырап алу ісін 

жеңілдеткеніміз дұрыс. 

Қалай десек те, жетімін жылатпаған 

қазақтың бүгінгі ұрпағының тастанды сә-

билерді көбейткені, жетімдер үйінің жыл-

дан-жылға саны артып келе жатқаны жақ-

сы лықтың нышаны емес. Мұны шешудің 

жолдарын мемлекеттік деңгейде ойлас ты-

рып, бала асырап алудың құжаттарын 

азай тып, асырап алғандарға жәрдемақыны 

кө бейтіп, түрлі жеңілдіктер жасап, кешенді 

түрде шаралар қолдансақ, қандай тамаша 

болар еді...

ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

Елімізде қазір жалғызбасты аналардың саны – 444 мың 800, ал жалғызбасты әкелердің 

саны 42 мыңнан асып-жығылады. Сондай-ақ бүгінгі таңда некесіз туылған сәбилердің саны 

352 мыңнан асады. Соңғы он жылда еліміз бойынша 37 450 бала асырап алынды. Оның 

ішінде қазақстандық азаматтар – 28 мыңнан астам баланы (77 пайыз), шетелдік азаматтар 

8 мыңнан астам баланы асырап алған. Шетел асқандарды таратып айтсақ, АҚШ – 6406, 

Испания – 600, Бельгия – 343, Германия – 173, Канада – 167, Ирландия – 140, Франция 

131 баламызды асырап алған.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с):

– Ешкімі жоқ жетім балаларды өз асырауына алған адам менімен жұмақта бірге көрші болады.

оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы 

толық немесе iшiнара сақталған уақыт;

3) қызметкер еңбекке уақытша жарам-

сыздығына байланысты нақты жұмыс iстемеген 

уақыт;


 4) қызметкер жұмысына қайта алыну 

алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қо-

сылады.

Кодекстің 100-бабына сәйкес, жыл сайынғы 



ақылы еңбек демалысы жұмыс орны (лауазымы) 

мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгiлi 

бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.

Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай 

тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай 

ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы 

№1394 қаулысымен (бұдан әрі – Ереже) ай-

қындалады.

қосағының алдында дәрменсіз. Яғни 

белсіздік дертіне тұсалған. Әрбір алтыншы 

отбасыға бала сүю бақыты бұйырмаған. 

Генофонд құртылып барады. 20-30 жыл-

дан кейін елімізде 8-9 миллион ғана халық 

қалуы мүмкін деген де қорқыныш жоқ 

емес. 15 жылдың ішінде туу көрсеткіші 

көтерілмеген. Осындай-осындай шетін 

мәселелерді бірден шешіп тастаймыз десек 

артық айтқандық болар. Дегенмен дерттің 

дендеп кетпеуіне атсалысатын осындай 

орталықтың ашылғаны да көңілге демеу. 

Аталмыш орталық мамандары дәл осы 

саланы кепілдендірілген медициналық 

тегін көмектердің тізіміне ендіруге күш 

салып отыр. Елімізде балалар, жас өс пірім-

дер андрологы мүлдем жоқ десе де 

болады. Жастайынан дертін емдетпеген 

соң, есейген шақта оны ауыздықтау мүмкін 

емес екені белгілі. Мамандар осы мәселе 

де ескерілсе дейді. 

Бұл орталықта ерлерді емдеумен қатар 

түрлі аурулардың алдын алу жұмыстары да 

қоса атқарылуда. Облыстағы қай аудандар 

қауіпті, қандай мәселелер көп, соның 

бәрін де есепке алып отырады. Мәселен, 

Созақ ауданы. Онда уран өндірілетіні бел-

гілі. Соған байланысты онкологиялық 

аурулармен қатар, онда белсіздік көбеюі 

мүмкін. Кентау да экологиялық аумаққа 

жатады. Осы аймақтар ерлердің ұрық 

безінің кемдігіне әкеп соқтыруы бек мүм-

кін. Соған байланысты «мына аймақта 

мынадай мәселе бар» деген сияқты карта 

жасалынады. «Ерлер денсаулығы» орта-

лығында бүгінде 300-ден астам науқас 

уроандрологиялық аурулармен есепте тұр. 

Жылына төрт рет осында тестес 

терон, 


спер мо грамма, уретроскопия, УДЗ тек-

серуден өте алады. Оңтүстіктің бөрік тілері 

алысқа ат арытып сабылмай-ақ, осы 

орталықта дерттеріне дәру ала 

тын-

дықтарына қуанулы. Расында, қо ғамы-



мызда ерлердің денсаулығына деген 

қамқорлық енді бастау алғанының нақты 

дәлелі осы... 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет