Жер телімін инфрақұрылымды жасағаннан кейін ғана жекеге беру тұрғын үй саласын дамытуға кедергі келтіре ме?



жүктеу 0.68 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата14.02.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

Украина президенті 

Қазақстан Үкімет 

басшысымен 

кездесті 

«Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың 

өзекті мәселелерін талқылап, екі ел 

арасындағы қол жеткізілген саяси диалог 

динамикасын қолдау және дамыту 

қажеттілігін атап өтті», – делінген баспасөз 

хабарламада.В.Янукович пен К.Мәсімов 

сауда-экономикалық ынтымақтастық 

мәселелеріне баса назар аударды.Укрин-

форм хабарлағандай, кеше Виктор Яну-

кович ядролық қауіпсіздік мәселелері бо-

йынша саммитке қатысу үшін жұмыс 

са па рымен Корея Республикасына аттан-

ды.


Кеше Украина Президенті 

Виктор Янукович Қазақстан-

ның Премьер-министрі 

Кәрім Мәсімовпен кездесті. 

Бұл туралы Украина 

мемлекет басшысының 

баспасөз қызметіне сілтеме 

жасаған Укринформ 

хабарлады.

Көршілес мемлекеттердің бірі Өзбекстанның 

халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасы туралы жиі 

айтылады. Өзбекстан тұрақсыз мемлекет пе?

Ернар СЛӘМБАЙ, Алматы

Халықаралық ұйымдардың 

белгілі бір мақсатқа құрылып, 

мүше мемлекеттердің мүддесіне 

сай жұмыс істейтіні белгілі. Ха-

лықаралық деңгейдегі кез келген 

ұйымның жарғысында қандай 

да бір мемлекеттің күштеп енгі-

зілмейтіні туралы жазылады. 

Яғни мемлекеттердің ұйымға 

мүше болуы ерікті түрде болады. 

Дәл осындай принциптермен 

Өзбекстанның бірнеше ұйымның 

құрамынан шығып кеткені рас. 

Мысалы, Ұжымдық қауіпсіздік 

шарты ұйымына (ол кезде ке-

лісім) 1992 жылдың 15 мамы-

ры нан 1999 жылдың 2 сәуіріне 

дейін ғана мүше болды. Ал 2006 

жылдың 16 тамызында Өзбек елі 

аталған ұйымның қатарына қайта 

енді. Еуразиялық экономикалық 

қауымдастыққа 2006 жылы 

мүше болған көрші елі ЕурАзЭҚ-

тен 2008 жылы шығып кетті. Ал 

1997 жылы Гүржістан, Украина, 

Әзірбайжан және Молдова 

құрған ГУАМ ұйымының 

қатарына Өзбекстан 1999 жылы 

қабылданған болатын. Ұйым 

атауы ГУУАМ болып та өзгертілді. 

Алайда президент Ислам 

Кәрімовтің шешімімен 2005 

жылы аталған ұйымнан да шық-

ты.

Ядролық мемлекеттер мен ядролық қаруға ұмтылып отырған 

мемлекеттердің барлығын Қазақстаннан үлгі алуға шақырамын

Н.НАЗАРБАЕВ: 

Басы 1-бетте

БҰҰ-ның күнтізбесіндегі 365 күннің жартысына жуығы әртүрлі мереке, 

еске алу күні ретінде белгіленген. Әрине, бұл атаулы күндер шығын 

шығарып, той тойлап, көңіл көтерілсін деген мақсатта қойылмаған. 

Олардың әрбірі белгілі бір әлеуметтік топтың, таптың мәселесін, түрлі 

қордаланған проблемаларды көтереді. Атаулы даталарда әлем 

жұртшылығы белгілі бір проблеманы тағы бір сөз етіп, оны шешудің 

жолдарын талқылайды. Конференциялар, жиындар ұйымдастырылып, 

БАҚ-тарда сол тақырыптағы жарияланымдар жарық көреді. 

Сәкен КӨКЕНОВ

деп айта алмаймыз. Суды екінші реттік 

пайдалану мәселесі бізде ара-тұра сөз 

болып тұрады. Алайда оны нақты өмірде 

жүзеге асыру мәселесін ешкім қадағалап 

жатқан жоқ. Мәселен, біздегі автокөлік 

жуатын орындардың ешбірі қалдық суды 

екінші қайтара пайдаланбайды. Қала 

тір шілігінде осы көлік жууға ғана жұм-

салатын судың көлемі аз емес екені 

белгілі. Су проблемасының салмағын 

ұғына бастаған елдер де көлік жуу бары-

сындағы қалдық сулар түрлі құрылғылар 

арқылы қайта пайдаланылады. Мұндай 

құрылғылардың жұмыс істеу механизм-

дері де аса күрделі емес. Сол секілді кез 

келген отбасы тұрмыс тық қажеттіліктегі 

қалдық сулардың көле 

мін азайтуға 

немесе қайта пайдалануға күш салу 

қажет. Қазір Қазақстанда жеке үй лер ге 

де жаппай су есептеуіш құралдарын ор-

нату талап етіліп жатыр. Әрине мұны 

ілге рілеу деп атауға болады. Дегенмен 

мұн  дай ауқымды проблема үшін бұл ша-

ра лар аздық етеді.



СУ ҮНЕМДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ

* Егін шаруашылығына тамшылатып суғару технологиясын жаппай 

енгізу қажет;

* суды екінші реттік пайдалану мәселесін жолға қою;

* су қорларын жинақтаудың жолдарын жасау, дамбылар, қоймаларды 

көбейту;

* Өндірістік кәсіпорындарда суды барынша үнемдеуді жолға қою; 

* Азық-түлік пен өндіріс орындарындағы интеграция. Мәселен, балық 

шаруашылығы мен күріш егістіктерінің суды бір мезгілде пайдалануы. 

С.БОНДАРЕНК

О, Б.О

ТАРБ


АЕВ (фо

то)


№49 (731) 

27.03.2012 жыл, 

сейсенбі             



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

А

ЗЫҚ-ТҮЛІК ҚА



УІПСІЗ

ДІГІ


Шабан шешімдер шығынға батырады

НАРЫҚ


Әлеуметтік аз қамтылған жандарға арналып салынған үйлердің әділ үлестірілуі үшін не істеу керек?

Нұрлан 

ДУЛАТБЕКОВ, 

заң ғылымының 

докторы, профессор:

Мейрам 

БЕГЕНТАЕВ, 

Мәжіліс депутаты: 

Алмасбек 

НҰҒМАНОВ, Алматы 

қаласы Медеу ауданы 

әкімінің кеңесшісі:

– Ол үшін, ең алдымен, жемқорлықты тыю керек. Бүгінде 

тұрғын үйлердің жетімсіздігі үлкен мәселе. Ендеше, мұндай 

арнайы салынған үйлердің дұрыс үлестірілуі үшін құрамында 

министрлік өкілдері, Мәжіліс депутаттары, жергілікті билік пен 

әлеуметтік аз қамтылған жандар да бар комиссия құрылуы 

қажет. Аталмыш үйлердің іргетасы құйылар алдында пәтер 

алуы тиіс азаматтардың аты-жөндері анықталып, республика-

лық, облыстық, аудандық газетте жариялануы қажет. Ақпарат 

неғұрлым жариялы, ашық болса, соғұрлым оған сұғанақ қол-

дардың араласуы қиындайды. Біз әлеуметтік аз қамтылған 

жандар мен мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша 

салы нып жатқан үйлер туралы ақпараттың ашық болуын қамта-

масыз етуіміз қажет. Әйтпесе жылдар бойы кезекке тұрған 

адамдардың кезегі жақындамастан о дүниеге аттанып, ал ебін 

тауып екі асағандар пайдаға кенеле береді.  

– Жергілікті билік өкілдерінің өз қызметтерін асыра пайдаланып, 

жемқорлыққа жол беруі – қылмыс. Рас, мұндай үйлердің дұрыс бөлінуі үшін 

арнайы комиссия жұмыс істейді. Бірақ әлі де болса заңсыздықтардың орын 

алуы комиссия жұмысының да көңіл көншітпей отырғанын айғақтап береді. 

Мәселен, Петропавлда соңғы салынған үйлерден мүгедектерге 27 пәтер 

берілуі тиіс болса, тұрғын үй комиссиясы 19 пәтер ғана бөлген. Бұл – сегіз 

мүгедек жанның құқығы бұзылды деген сөз. Шыны керек, елімізде соңғы 

жылдары тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Әйтсе де жылдар 

бойы кезекте тұрған жандардың пәтер кезегі жылжыр емес. Сондықтан іске 

прокуратура мен Қаржы полициясын араластырып заңсыздыққа жол 

бергендерді қатаң жазалау қажет. Және пәтер үлестіру комиссиясы 

жауапкершілікті мойнына жүктей алатын азаматтардан құралып,  оның 

құрамына кім көрінгеннің кіріп кетпеуін қамтамасыз еткені жөн.  

– Әлеуметтік аз қамтылған топтарды 

тұрғын үймен қамтамасыз ету заңмен 

реттелген. Оның басқалай шешімі бо-

луы мүмкін емес. Тек мұқтаж жандарға 

берілетін пәтерлердің үлестірілуін қатаң 

қадағалау керек. Оның басты екі 

шартын айрықша атағым келеді. 

Біріншіден, әлеуметтік аз қамтылған 

топтардың ішінен баспанаға өте мұқтаж 

жандарды анықтау қажет. Екіншіден, 

ашықтық болуы тиіс. Пәтер кезегінде 

тұрғандар тізімі және басқа да соған 

қатысты ақпараттар жергілікті әкім-

діктердің сайтында жариялы түрде 

тұруы шарт.



Әзірлеген Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

ОЙ-КӨКПАР



Басы 1-бетте

Тасбай СИМАМБАЕВ, 

қоғам қайраткері

Қуаныш АЙТАХАНОВ, 

сенатор

Рас, елімізде ипотека, Тұрғынүй құры-

лысжинақ банкінде қаржы жинау арқылы 

пәтер алуға жағдай жасалған. Тұрғын үйге 

арналған мемлекеттік бағдарламалар да 

бар. Бірақ, шындығын айтқанда, ондай 

бағдарламалармен пәтер алуға бәрінің 

бірдей шамасы келе бермейді.  Оған 

қарағанда жер алып, үй салған арзанға 

түсер еді. Еске түсірсек, кезінде Алматының 

маңайында алдымен жер алып, үй салып, 

содан кейін қауымдасып су мен жарық 

тартып, бірнеше елдімекен құрылғанын 

білеміз. Шаңырақ, Алтын бесік секілді 

ауылдар солай салынған. Сол кезде қан-

шама адам баспаналы болды.

Енді Жер ресурстары агенттігі алдымен 

инфрақұрылым салынбай, жер берілмейді 

деп хабарлады. Ол да дұрыс шығар. Әл-

бетте, үй тұрғызған соң су  мен электр қуа-

тын, сондай-ақ газ тартып, жол салу қажет. 

Оған қыруар қаржы жұмсау қажет. Сон-

дықтан коммуналдық жүйелерді ретке 

кел тіріп алған соң тұрғын үй салған дұрыс 

де ген шешімді құптауға да болар. 

Алайда осы арада инфрақұрылым 

жағы кімге жүктеледі деген бір кілтипан 

шығады. Егер әкімдерге жүктесе, оның 

арты сиырқұйымшақтанып, ұзаққа 

созы луы мүмкін ғой. Себебі бізде 

әкім дердің өте баяу қимылдайтыны 

белгілі. Оны күтіп жүруге баспана-

дан қиналған жұрттың шыдамы 

жете ме?  

Содан кейінгісі – құжат мә-

селе сі. Бүгінде миллиондаған 

адам жұмысты ысырып қойып, 

үйдің құжатын дайындау 

үшін талай мекеменің табал-

дыры ғын  тоздырумен  күн 

өт кізеді. Құжат алатын ме-

ке ме лерді  жемқорлық 

әб ден жайла ған. Содан ба-

рып қанша 

ма үйдің құжаты 

жоқ. Бұл да – шешуі кезек күттірмей-

тін мәселе. Осыны халыққа қызмет көр-

сету орталығы секілді бір терезе ден құжат 

бе ретіндей етіп қолға алу қажет. Әйтпесе үй 

салған адам «генплан, геодезия, архи тек-

тура т.с.с.»  деп бір тонна қағаз жинап, әлек-

ке түседі. Тұрғын үй саласын дамы та мыз 

десек, халыққа жер беріп, сосын барлық 

жағдайын жасаған дұрыс болар еді.

 Суы, электр қуаты, жол мәселесі ше-

шілген соң ғана жер беруге рұқсат 

етілмек. Елді мекеннің жоспары жаса-

лып, инфрақұрылымы дайын болып 

тұрса, халық та тез арада үй тұрғызып, 

тез арада қоныстанар еді. Осылайша 

еліміздегі тұрғын үй саласы да дами 

түседі. 


Соңғы мәліметке қарасақ, 

биылғы жылдың өзін де 6,5 млн 

шаршы метр жекеменшік үй-

жай пайдалануға берілді. Мұ-

ны Елбасы өзінің халыққа 

 

Жол дауында атап айтты. Со-



ның 43,7 пайызы – жеке-

меншік есебінен салын ған 

үйлер. Әлбетте, біз жеке-

меншік есебінен үй салу ға 

жер бермейтін болсақ, біздің 

еліміз де салынатын құрылыстың 

жалпы көле мі екі есеге төмендеп кетеді. 

Жеке азамат тарға жер бермей, олар жеке 

үй салмай, біз бас пана мәселесін шеше 

алмай мыз. Бұл – онсыз да үлкен мәселе. 

Бірақ ол үшін алдымен инфрақұрылымын 

тартып, содан кейін жерді берген дұрыс. 

Себебі үй салу оңай емес, оған қыруар 

қаржы қажет. Ал енді оған қоса, су мен 



Жер телімін инфрақұрылымды жасағаннан кейін ғана жекеге 

беру тұрғын үй саласын дамытуға кедергі келтіре ме?

жарықты өзі тартып, жолды өздері салса, 

онда бұл жұртқа ауыртпалық  түсіретіні 

сөзсіз. Сондықтан алдымен инфрақұры-

лым  ды тартып беру керек. Оған соншама 

көп уақыт кетпеуі керек. Бұл, бір жа ғынан, 

мемлекет үшін де арзанға түседі. Ең бас-

тысы, жер тиген соң, халық үйді тез арада 

салып алады. Есесіне баспана проблемасы 

шеші ле  береді. 

Сол секілді ауыл шаруашылығындағы 

жер туралы заңға да өзгеріс енгізу керек 

деген ұсыныс айттым. Жер алып, сол жерге 

сүт фермасын тұрғызып, кәсібін жүргізем 

деушілерге жағдай жасау керек. Оларға 

жердің бағасын арзандатып берген жөн. 

Ауыл шаруашылығы өнімдері арзан бол-

сын десек, ауыл шаруашылығына берілетін 

жердің бағасын да арзандатқан дұрыс. 

Әлбетте, мұндай жерді үй салатын жердің 

бағасымен теңестірмеу керек. 

Дайындаған Гүлнар АХМЕТОВА

Негізінен, азық-түлік жөніндегі тұрақ-

тан дыру қорларының операторы – Әлеу-

меттік кәсіпкерлік корпорация мен  жер-

гілікті әкімдіктің бекітуімен құрылған 

ар найы комиссия  аймаққа қажетті азық-

тү лік түрлері мен көлемін және олардың 

кө терме бағасын анықтау бойынша шешім 

қа былдауы керек. Алайда, вице-министр 

Ев гений Аманның айтуынша, осындай ше-

шімді шығаруға келгенде, осы іске жауап-

ты лар жауапсыздық танытып жатқан жайы 

бар.

– Соның салдарынан азық қоры қойма-

да ұзағынан тұрып қалып, алды бүлініп те 

жатыр. Бұл қып-қызыл шығын мемлекеттік 

компанияларды тоқыратып, тіпті бүтін 

тұрақтандыру қорын құру туралы идеоло-

гия ға нұқсан келтіруде, – дейді Е.Аман. 

Бәрінен бұрын осы келеңсіз факті жыл 

басында еліміздегі азық-түлік бағасының 

белгілі бір деңгейде қымбаттауына әкеліп 

соқ қан. Ал, нақты мәнісінде, аталған қор-

лар бағаны ауыздықтап қана қоймай, оны 

ар зандатуға әсер етуі керек болатын. 

Бұл ретте вице-министр Алматы об-

лысын мысалға келтіреді. «Кезінде Алматы 

облысында тұрақтандыру қорын басқару 

бойынша облыс әкімі 19 адамнан тұратын 

арнайы комиссия құрған болатын. Бұл 

арада осы комиссия мүшесінің әрқайсысы 

өз жауапкершілігінен басын ала қашып, 

сөйтіп, жобаларға қол қою үдерісін ұзартып 

жатқанын баса айта кетейін. Жалпылай ал-

ғанда, министрлік аталған жағдай жергі-

лікті әкімшілік пен комиссияның ыждаһат-

сыз дығынан, ӘКК мен бизнестің жұмыс 

тә жіри бесінің аздығынан орын алып отыр 

деп санайды», – дейді Е.Аман.

Жалпы, бұл бағытқа мемлекеттен 

қыруар қаржы бөлініп жатыр. Бірақ 

жұмыстың нәтижесі, өздеріңіз байқап 

отырғандай, анау айтарлықтай емес. Тіпті 

былтыр Елбасының өзі Астана қаласын 

одан әрі дамыту мәселелеріне арналған 

кеңейтілген кеңесте осы өңірдің азық-

түлікпен қам та масыз етілуі бойынша бе-

ріл ген  тапсырманың  орын дал мағандығын 

қатты сынға алған да болатын. «Бұл мәсе-

лені іске асыруға бөлінген қаражат жет-

кілікті болатын. Атап айтқанда, Астананың 

өне бойын қоршай азық-түлік белдеуі құ-

рылған жоқ, коммуналдық рыноктар 

ашыл 


мады. Базарларды делдалдардан 

тазар тып, бағаны түсіруге ықпал ету керек 

де ген едім, ол да орындалмады» деп еді 

Мем лекет басшысы сол кездегі сөзінде. 

Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсе-

баев тың айтуынша, бұл – уақытша орын 



БЕЙТАРАП ПІКІР

Амалбек ТШАН, қоғам қайраткері:

– Меніңше, алдымен инфрақұрылымды салып, содан кейін жер беру керек 

деген шешім дұрыс емес. Жалпы, біз байыбына бармай, ештеңені шешпей 

жатып шектеу қоя береміз. Жай ғана мысал, қала көшелерінде автокөліктерді 

қоюды шектейді.  Ал ондай қадамға бармас бұрын алдымен машиналар 

тұратын тұрақ қажет емес пе? Егер Сингапурдағыдай жерасты, жерүсті көлік 

тұрақтары бар болса, бір жөн. Онда әлгіндей шектеу қоюға болар еді. 

Сол секілді жер берілмес бұрын алдымен инфрақұрылым жасау керек 

дейді. Ал оны кім жасайды?  Оған қаржы қайдан бөлінеді?  Тұрғын үй 

салатын  аумақтарға газды айтпағанда, су тарту керек, электр қуаты желіле-

рін жүргізу керек.  Одан кейін жол салу мәселесі шығады. Осының бәрін 

мемле кеттің мойнына артып қойса, онда тұрғын үй мәселесінің шешілуі 

кейін ге шегеріле беруі ықтимал. Ол үшін, ең алдымен, қаржы керек. Содан 

кейін ин фра құрылым жүргізуді қай мекеме мойнына алады? Алдымен соны 

шешіп алу қажет. Әйтпесе ертеңгі күні жер де берілмей, инфрақұрылым да 

жайына қалуы әбден мүмкін. 

Елбасының тапсырмасы-

мен еліміздің ірі мегапо лис-

тері мен облыс орталықта-

рында құрылған азық-түлік 

бағасын тұрақтандырады 

деген қорлардың жұмысы 

бүгіндері тұрақтана алмай 

жатыр.  Соның салдарынан 

азық қоры қоймада көбірек 

тұрып қалып, оның алды 

бүлініп те жатқан көрінеді. 

Бәрінен бұрын осы факті 

жыл басынан бері азық-

түліктің 1,2 пайызға 

қымбат тауы на  ықпал  еткен. 

Ауыл шаруашылығы вице-

министрі Евгений Аманның 

айтуынша, мұның бәріне 

айыпты  –  ісіне жауапсыз 

Әлеуметтік-кәсіпкерлік 

корпорация мен жергілікті 

арнайы комиссия. 

алып отырған мәселе. Яғни бүгіндері Мә-

жі лістің қа рауына берілген тұрақтандыру 

қор ларының құқықтық мәртебесін бекіте-

тін заң жо басы қабылданғаннан кейін жо-

ғары дағыдай келеңсіздіктер орын алмауы 

тиіс.

Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ, 

Мәжіліс депутаты:

– Бұл арада екі мәселе туындап 

отыр. Біріншісі, өңірлердегі тұрақтан-

дыру қор ла рына жергілікті нарықта 

сұранысы бар-жоғы на қарамай 

азық-түліктер тоғытыла бер ген секілді. 

Содан кейін сұранысы жоқ тар қоймада 

ұзағынан қалып қоюда. Екін шід ен, 

сақталу мерзімі шектеулі, мәселен, 

кө көністер бар. Оларды уақытында 

нарық қа шығарып отыру керек, 

әйтпесе тектен-тек ке бұзылып кетеді. 

Яғни, құзырлы мекеме бас-

шылығындағылар айтып отырғандай, 

жер гілікті билік осы мәселе шешімін 

кешік тіріп жатыр. Дегенмен бұл 

тұрақтандыру қоры деген керегі жоқ, 

ол қып-қызыл шығын деп айтуға 

мүлде болмайды. Әр өңірдегі жағдай 

әрқилы. Қыс кетіп, күн жы лынды. Осы 

уақыт аралығында, алдыңғы жыл-

дардағы дай, картоп, сәбіз, жуа секілді 

азық-түлік түрлерінің бағасы шарық та-

мады. Көп жерде  баға тұрақты бол ды. 

Бұған сөз етіп отырған тұрақтан дыру 

қорларының өзіндік үлесі бар. Әрине, 

бұл арада өздігі нен сұранып тұрған 

мәселе – сол қор лар дың жұмысын 

реттеп, бақылайтын заңның қажеттігі. 

Жақында ғана осы мәселені 

қарастыратын заң жобасы Парламент 

Мәжілісінің талқысына келіп түсті. 

Ауыл шаруашылығы ұжымдарына 

мемлекеттік жеңілдікпен қолдау 

көрсетуді мақсат ететін бұл заң 

жобасында тұрақтандыру қорлары ның 

функциясы, осы қорлардың операторы 

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар 

мен жергілікті билік тағайындайтын 

БАҒА


ЭНЕРГЕТИКА

Жанармайдың 

бағамы басты 

назарда тұр ма?

Қуатпен қамтуда 

ынтымақ қажет

Жалпы, сарапшы қауымның болжамын-

ша, егер көршілес Ресей елі ішкі нарығында 

жанар-жағармайдың шектік бағасын 

өсіретін болса, онда біздің елімізде де 

тұтынушылардың қымбат жанармай 

тұтынуына тура келеді. Себебі елімізге 

енетін жанар-жағармайдың бір бөлігі 

Ресейден тасымалданатыны бізге белгілі. 

Негізінен, жанармай бағамына қатысты 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 

«Жанар-жағармай» қауымдастығының 

төрағасы Қайыпбек Қамбаров:

– Қазір еліміздің Мұнай және газ 

министрлігі өнім бағасын бақылауда ұстап 

отыр. Әрине, біздің өзіндік тұрғыда қалып-

тасқан экономикамыз бар. Инфляция 

бағамын да тиісті орындар қадағалап 

отыр. Дегенмен Ресейде аталмыш өнім 

бағасы өсім беретін болса, онда көп 

кешікпей отандық нарықта да жанар-

жағармай бағасы өседі, – дейді. 

Ал, керісінше, бұл ретте экономист-

сарапшылардың екінші бір тобы «жанар-

жағармай бағамы сәуір айында сол күйін-

ше қалуы да мүмкін. Бірақ жаз ортасында 

АИ-92 бензинінің 1 литрі 120 теңгені 

құрап қалуы ықтимал» екенін құлаққағыс 

жасауда. 

Жалпы, сарапшылардың бұл тобының  

«сәуірде жанармай бағасы өсім бермейді» 

деуінің де өзіндік астары  бар. Себебі ал-

дағы сәуір айынан бастап еліміздегі 

жанар 


майдың шектік бағасын Табиғи 

монопо лияларды реттеу агенттігі бекітетін 

болады. Мұны өткенде Үкімет отырысында 

мұнай және газ вице-министрі Болат 

Ақшолақов мәлімдеген болатын. Бұл 

жөнінде мұнай және газ вице-министрі 

Болат АҚШОЛАҚОВ:

– 2011 жылғы  қабылданған шараларға 

сәйкес, елдің ішкі нарығындағы бағаны 

тұрақтандыру мақсатында жанармайдың 

шектік бағасын бұған дейін Мұнай және 

газ министрлігі бекітіп келді. Ендігі уақытта 

2012 жылдың сәуір айынан бастап бензин-

нің шекті бағасын бекітетін құзырлы орган 

– Табиғи монополияларды реттеу агент-

тігіне беріледі, – деген-ді. 

Міне, осыған орай сарапшылардың 

басым бөлігі «егер сәуір айынан бастап 

жанар-жағармайдың шектік бағасын 

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 

бекітетін болса, олар бірден бағаны өсіруге 

жол бере қоймайды. Демек, сәуір айында 

жанар-жағармай қымбаттамайды деп 

кесіп айтуға болады» деседі.

Сондай-ақ нақ осы жанар-жағармай 

мәселесіне қатысты Ақшолақов мырза 

«2012 жылы еліміздің мұнай өңдеу 

зауыттары 14,2 млн тонна мұнай өңдейтін 

болады. Бұл үрдіс ішкі нарықтағы жанар-

жағармай сұранысын ынталандырып, 

тұтынушыларды отандық өніммен қамту 

жағы арта түседі» дегенді мысал еткен-ді. 

Бұған қоса, вице-министр биыл көктемгі 

егіс науқанында шаруаға қажетті дизельді 

отынның бір литрі 72 теңгеден аспайтынын; 

болашақта отандық мұнай өңдеу зауыт-

тарының өнім шығару көлемі өсетінін; бұл 

үрдіс жанар-жағармай нарығына өзіндік 

бәсекелестік; бағаға қатысты тұрақтылық 

әкелетінін де  құлаққағыс жасады. Ақшо-

лақ ов мырзаның өзі осылай деген соң 

тұтынушының біразы  жанар-жағармай 

ба ғасының басты назарда тұрғанына, ал-

дағы уақытта қымбатшылыққа жол беріл-

мей тініне  үміттеніп-ақ  жүр. 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет