Жер реформасына қатысты тұрғындарды қабылдады



жүктеу 305.29 Kb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата29.04.2017
өлшемі305.29 Kb.
1   2   3

  Ұлдай САРИЕВА,

«Орал өңірі»

№2  қалалық  соттың­  тағы  бір 

судьясы  Б.  Жорабаев  жаң­а  Ең­бек 

кодексі  бойынша  ең­бек  келісім-

шартын  тоқтатудың­  негіздеріне 

тоқталды. Оның­ сөзінше, жеке  ең­- 

бек  келісімшарты  жұмыс  беруші 

мен  жұмысшы  арасындағы  ең­бек 

қатынастарына  өзгеріс  енгізетін 

немесе  оны  біржолата  тоқтата- 

тын  негізгі  құжат  болып  табыла-

ды.  Ең­бек  келісімшартында  жұ-

мысшының­  жұмыс  берушіге  зиян 

келтіретіндей  әрекет  жасамауы 

керектігі  айтылған.  Ол  сондай-ақ 

ҚР  жаң­а  Ең­бек  кодексіндегі  ең­-

бек  жағдайын  өзгерту  тәртібінің­ 

жең­ілдетілгенін  айтты.  Оның­  сө- 

зінше, жаң­а Ең­бек кодексі бойын-

ша  ең­бек  жағдайының­  өзгертілге- 

ні  туралы  жұмысшыларды  ескер- 

ту мерзімі бір айдан 15 күнге дейін 

қысқарды.  Жаң­аша  жағдайда  жұ- 

мыс  жасаудан  бас  тартқан  жағ- 

дайда,  жұмыс  берушінің­  қызмет-

керге  басқа  жұмысқа  (лауазы-

мы  төмен)  ауысуға  ұсыну  мін-

деті  алынып  тасталды.  Сонымен 

қатар  жаң­а  кодекс  бойынша 

зейнеткерлік  жасқа  толуына  екі 

жылдан  аз  уақыт  қалған    қызмет-

керлер  жұмыс  беруші  мен  қыз-

меткерлердің­  тең­  санынан  құ- 

рылған комиссия өкілдерінің­  ше- 

шімі  болмаса,  жұмыстан  қыс-

қартылмайды. 

Жиын  барысында  ең­бек  дауы-

на  қатысты  басқа  да  мәселелер 

талқыланып,  оларды  шешудің­ 

жолдары қарастырылды. 



 Айша  ӨТЕБӘЛІ,

«Орал  өңірі»

Бір-бірімізден

үйренеріміз бар екен

Сейсенбі,  24 мамыр 2016 жыл

4

oral_oniri@inbox.ru



ТәуелСіздік

...Биыл Ұлы далада 

азаттықтың ақ таңы 

атқанына 25 жыл! 

Отанымыздың Ұлы 

мәртебелі Тәуелсіздігінің 

осынау мерейтойына 

орай Елордамыз 

Астанадағы «Қазақстан» 

орталық концерт 

залында «Жарқын 

болашақ» атты тіл және 

мәдениет фестивалі өтті. 

Халықаралық «KATEV» 

қоры ұйымдастырған 

үшбу фестивальдің 

мәртебесін 25 шетелден 

келген жасөспірім-

көкөрім дарындар 

асқақтатты. 

Жасай  бер,  

«Жарқын  

Н

егізі  бұған  дейін  «Жар-

қын  болашақ»  қазақ  тілі 

бойынша білім олимпиа- 

дасы  ретінде  өтіп  келген-ді.  Ал 

ағымдағы  жылы  жоғарыда  атап 

өткеніміздей,  аталмыш  шара  ел  

тәуелсіздігінің­  25  жылдығына  

орай  Халықаралық  тіл  және  мә- 

дениет  фестивалі  дәреже-дең­ге- 

йінде  ұйымдастырылды.  Ретті  же-

рінде «Жарқын болашақтың­» мұн- 

дай  ауқымда  ұйымдастырылуына  

ҚР  Білім  және  ғылым  министрлі-

гіне  қоса,  Қазақстан  халқы  ассам- 

блеясының­  атсалысқандығын  атап 

өткен  жөн.  Фестиваль  қарсаң­ын- 

да  жылдағыдай  қазақ  тілі  бойын- 

ша  «Жарқын  болашақ»  олимпиа-

дасы өтті. 

-  Мемлекеттік  тілдің­  қолданылу 

аясын кең­ейту, мәртебесін нығай-

ту  мақсатында  биыл  сегізінші  рет 

ұйымдастырылған  білім  бәйгесі-

не  кең­  дүниенің­  әр  қиырынан  

5  мың­ға  жуық  талапкер  қатысты.  

Қазақ  тілі  мен  қазақ  әдебиеті 

бойынша  білім  сынына  түскен 

өрендер  «Тілші  әдебиетшілер», 

«Жас  ғалымдар»,  «Ақын-жазушы- 

лар»,  «Сөз  зергерлері»  және  «Ән- 

ші  бұлбұлдар»  аталымдары  бо- 

йынша  бақ  сынады.  Олардың­  іші- 

нен  172  оқушы  жең­імпаз-жүлде- 

гер  ретінде  танылып,  солардың­ 

42-сіне жоғары оқу орындарының­ 

білім  гранттары  берілді.  Бұл  жол- 

 ғы  олимпиадаға  бірінші  рет  ше-

телдерде  тұратын  қазақтардың­, 

атап  айтқанда,  Қырғызстан,  Өз- 

бекстан,  Моң­ғолия  және  Ресей- 

дің­  Алтай  өлкесін  мекендеген 

бауырларымыздың­  ұл-қыздары  қа- 

тысты.  Көрсеткен  білім  дең­гейле-

ріне  сәйкес  атамекендеріне  кел- 

ген бірқатар өрендерімізге тәуел-

сіз  қазақ  елінде  білім  алу  үшін 

білім  гранттары  бөлінді,  -  деді 

фестивальдің­  ашылу  салтанатын-

да  сөйлеген  сөзінде  «KATEV»  ха-

лықаралық  қоғамдық  қорының­ 

президенті Дархан Өте. 

Фестиваль  барысында  ел  тәуел- 

сіздігінің­  25  жылдығына  орайлас-

тырылып,  биыл  алтын  ұясымен 

қоштасып,  үлкен  өмірге  қанат  қа- 

ғып,  арман  сапарына  аттанатын  

25  өренге  Алматыдағы  Сүлеймен  

Демирел  атындағы  халықаралық 

қазақ-түрік  университеті,  Мұхам-

мед  Хайдар  Дулати  атындағы 

Тараз  мемлекеттік  университеті  

және  Қорқыт  ата  атындағы  Қы- 

зылорда  мемлекеттік  универси-

теті  сияқты  жоғары  оқу  орында- 

рының­  білім  гранттары  ұсыныл-

ды.  Көптің­  көзінше  отандық  уни- 

верситеттердің­  білім  грантына  ие  

болғандардың­  арасында  үш  бір- 

дей  шетелдік  бауырымыз  болды.  

Жүздері  қуаныштан  бал-бұл  жан- 

ған  түлектерге  гранттарды  ҚР 

Парламентінің­  депутаттары  Қуа- 

ныш  Айтақанов,  Сауытбек  Әбді-

рахманов  және  Қазақстан  халқы 

ассамблеясының­  мүшесі, 

Түркі  әлемі  ақсақалдар 

кең­есінің­  төрағасы, 

профессор  Әділ  Ахметов  сынды 

тұлғалар табыстады. 

 

Әлемнің 

әр алуан бояуы 

Жер  жиһанның­  әр  қиырынан 

келген  балауса  бұлбұлдардың­ 

өнер  фестивалі  басталмас  бұрын 

екі  сағаттай  аталмыш  шара  ая- 

сында  ұйымдастырылған  халық- 

аралық  көрмені  тамашаладық.  Бір-

ден  айта  кетелік,  көрмеге  жауап- 

ты тұлғалар шетелдік меймандар-

дың­  қазақ  халқының­  шежіресі 

мен тұрмыс-тіршілігінен хабардар  

қылуды  орынды  ескерген.  Қазақ-

стандық  киізүй-көрмеде,  тіпті  ті- 

зең­ізді  бүгіп,  халқымыздың­  бауыр-

сақ,  құрт-ірімшік,  қазы-қарта,  қы- 

мыз-шұбат  секілді  ұлттық  дәм-

тағамынан  ауыз  тиюуің­ізге  де 

жағдай жасалған. 

Әлқисса,  үшбу  көрмеде 

азуын  айға  білеген,  айдай 

әлемде  дәл  қазіргі  кезең­де 

бірден-бір  супер-держа-

ва  саналатын  АҚШ-тан 

бастап,  еуропалық  ел-

дерден  Түркия,  Испания, 

Румыния,  Косово,  Ук-

раина,  Ресей,  Мол-

дова,  ал  Азия 

құрлығынан  Ауғанстан,  Үндістан, 

Қырғыз  Республикасы,  Солтүстік 

Кәріс,  Филиппин,  сонымен  қатар 

Африканың­  Сенегал,  Уганда,  Ма-

рокко,  Мозамбик  секілді  мемле-

кеттерін  мекендеген  халықтар-

дың­  тарихы  мен  салт-дәстүрінен, 

дүниетанымы  мен  мәдениетінен 

мағлұмат  берер  жәдігерлер  ба-

рынша  қамтылғандығына  көз 

жеткіздік.  Көрмені  көрушілердің­ 

көбі  Америка  құрлығының­  ба- 

йырғы  тұрғындары  үндістерге 

және  Африканың­  «қара  маржан» 

нәсіліне  қатысты  жәдігерлердің­ 

маң­ына  көбірек  аялдады.  Косо-

волық  балауса  бойжеткен  әнші 

Алонэның­  табиғи  дауыспен  тамыл-

жыта  салған  әні  де  ел-жұрттың­ 

назарын  ерекше  аударды.  Әнді 

шынайы,  беріле  шырқауына  қоса, 

албан  қызы  Алонэның­  даусы  сан-

дуғаштың­  сайрағанындай  әдемі 

екен.  Ал  енді  үнді  мәдениетіне, 

әсіресе,  үнді  фильмдеріне  құмар 

отандастарымыз  Үндістанның­  көр- 

 месіне  көбірек  үймеледі.  Айтпақ- 

шы,  Әзірбайжан  көрмесін  тама-

шалаушылардың­  бірі  соғыс  өрті 

қайтадан  тұтанған  Қарабақтағы 

жағдайды  сұрап  жатқандығын  құ-

лағымыз шалып қалды...

 

Сенегалдың 

сандуғашы 

Біздің­  Отанымыздың­  тәуелсіз-

дігінің­  биылғы  25  жылдық  мерей-

тойына  орай  дүние  жүзінің­  25 



Сейсенбі,  24 мамыр 2016 жыл

oral_oniri@inbox.ru

5

ынТымАҚ


болашақ» ! 

мемлекетінен  келген  өнерпаздар-

дың­  концерті  «Үш  қоң­ыр»  әнімен 

ашылды.  Бұл  әнді  қос  бірдей  қа 

зақстандық  замандасымен  сене-

галдық  Фол  Мбеги 



(4-бетте)  қо-

сыла  шырқады.  «Қара»  құрлықтан 

келген  қара  қыздың­  қазақша  ән 

салуында  ешқандай  мін  болма- 

ды. Африканың­ батысындағы һәм 

Атлант  мұхиты  жағалауындағы  Се-

негалдан  келген  қара  нәсілді  ба-

лауса  бойжеткен  бұған  дейін  өмі-

рі  Қазақстанда  болып  көрмеген. 

Оған  қазақ  әндерін  осыдан  бі-

разырақ  жыл  бұрын  біздің­  еліміз-

дегі  қазақ-түрік  лицейлерінің­  бі- 

рінде мұғалімдік қызметте болған 

Түркияның­  азаматы  Мұса  Док- 

 тороғлы  үйреткен  көрінеді.  Бұл 

азамат  қазір  Сенегалдағы  сене-

гал-түрік  лицейлерінің­  бірінде 

мұғалімдік  миссиясын  жалғасты-

руда  екен.  Қазақстанда  қызмет 

істеген  жылдары  қазақ  өнеріне 

әбден  бауыр  басқан  Мұса  мырза 

сенегалдық  шәкірттеріне  бүгін-

дері  қазақ  әндерін  үйретуде 

көрінеді.  Міне,  ұстазының­  осы 

ең­бегін  еш  қылмай  сенегалдық 

сандуғаш  Фол  Мбеги  «Үш  қоң­ыр» 

әнін  мінсіз  шырқап,  еліміздің­  бас 

шаһарындағы  «Қазақстан»  орта- 

лық  концерт  залына  жиналған 

дүйім  жұрттың­  қошеметіне  бө-

ленді.  Жалпы,  осы  фестивальде 

25  елден  келген  балалардың­  іші-

нен  африкалық  ұл-қыздар  қазақ 

тілі  мен  мәдениетіне  деген  шы-

найы құштарлығымен ерекшелен-

ді.  Мәселен,  «қара»  құрлықтың­ 

шығысындағы  Угандадан  келген 

Роджерс Бирумасу «Қазағым» әнін 

әуелеткенде,  қол  соқпаған  адам 

қалмады.  Ал  марокколық  «қара 

домалақтар»  (өң­кей  ұл  балалар) 

қазақтың­ ұлттық киімімен сахнаға 

шығып,  біздің­  «Қара  жорғаға»  

ұқсас  өздерінің­  ұлттық  биін  биле-

генде,  залдағы  көрермендердің­ 

біразы  отырған  орындарынан  тұ- 

рып,  қосыла  биледі.  Бұған  қоса, 

сірә,  кезінде  ортақ  шаң­ырақтың­ 

аясында  болғандықтан  шығар,  ор-

та  жас  пен  аға  толқын  көрермен 



Қуаныш  АЙТАҚАНОВ, 

 ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігінің­  25  жылдығы  

қарсаң­ында  керемет  фестивальге  куә  болдық.  Бұл  өнер  

жәрмең­кесіне  25  елден  келген  25  өрен  ертең­  Астанамыз- 

дан  бейбітшіліктің­,  достықтың­  елшісі  болып  аттанады.  

Осының­  өзі  қандай  керемет!  Мен  тиісті  сала  басшыларына  

теледидарда  түк    татымы  жоқ  әр  түрлі  ток-шоуларды  көр- 

сете  бергенше,  осындай  іс-шараларды  мемлекетіміздің­  те-

леарналарында,  Түркияда  көрсетуді  ұсынамын.  Мұндай 

қадам біздің­ ынтымағымызды нығайта түсері кәміл.



Сауытбек  ӘБДІРАХМАНОВ, 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-  Осыдан  біраз  жыл  бұрын  халқымыздың­  ардақты  пер- 

зенті  Әбіш  Кекілбаевпен  Түркияға  жасаған  бір  сапары- 

мызды  осы  «KATEV»  қоры  ұйымдыстырған  еді.  Содан  бері 

де  бұл  қор  талай  тиянақты  істерімен,  жасампаз  бастамала- 

рымен көзге түсіп келеді.

 Біздің­ балаларымыз мектепте жаттайтын тақпақтарының­ 

бірінде «Ақпыз, қара, сарымыз, ағайынбыз бәріміз!» деп ке-

летін  керемет  өлең­  жолдары  бар.  Бүгінгі  тамаша  концерт 

адамзаттың­  бір-біріне  бауыр  екендігін,  бәріміз  Адам  ата  –  

Хауа ананың­ ұрпағы екенімізді дәлелдеді.

Молдавия,  Украина  және  Ресей-

ден  келген  балғын  өнерпаздар-

дың­  өз  тілдерінде  салған  танымал 

әндерді де қосыла шырқады.

«Қазақ елі 

қатты ұнады» 

Қарайған  мемлекеттен  деле-

гация  келген  «Жарқын  болашақ» 

фестивалі  келер  жылы  Астанада 

өтетін  «ЭКСПО  –  2017»  халықара-

лық  көрмесіне  де  лайықты  жарна-

ма  болғаны  шүбәсіз.  Олай  дейтін 

себебіміз,  шетелдік  меймандар 

бір  апта  бойы  Отанымыздың­  бас 

қаласын  аралап,  Астананың­  сән-

салтанатына  сүйсінумен  болды. 

Сондай-ақ  қонақтар  ҚР  Білім  жә- 

 не  ғылым  министрі  Ерлан  Саға-

диевтің­, Сыртқы істер министрінің­ 

орынбасары  Ержан  Ашықбаевтың­, 

ҚР  Парламенті  Мәжілісі  аппара-

тының­  басшысы  Жасұлан  Есенға-

лиұлының­  қабылдауында  болып, 

«Қазмедиа»  орталығын,  Ұлттық 

музей, «Бәйтерек» пен «Хан шаты-

ры» секілді көркі көз тартар біраз 

сәулет нысандарын аралады.

Бір апта бірге болған түрлі ұлт- 

ұлыстың­  перзенттерінің­  осы  уа- 

қыт аралығында бірі-біріне бауыр  

басып  қалғандығы  сөйлеген  сөз-

дерінен,  қимай  қоштасуларынан 

және көз жастарынан аң­ғарылды. 



P.S.

 «Жарқын болашақ» фестиваліне 

біздің­ өң­ірдің­ делегациясын Батыс Қазақстан 

облысының­ дарынды балаларға арналған 

қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей 

интернатының­ директоры Алмас Мұқанов бастап 

барды. Құрамына үшбу лицейдің­ педагогтары 

мен ұлдары аталмыш білім ошағында оқитын 

ата-аналар енген топ осы сапар барысында 

Ақтөбедегі және Астанадағы «Нұр орда» қазақ-

түрік лицейінде болып, қос ұжым мүшелерімен 

ой-пікір бөлісіп, тәжірибе алмасты. 

Соның­  бір  айшықты  мысалы,  «Үш 

қоң­ыр»  әнін  орындаған  сенегал- 

дық  Фол  Мбеги.  Қоштасар  сәт-

те  аялы  жанарында  көз  жасы 

мөлтілдеп  тұрып,  -  Маған  қа- 

зақ  халқы,  қазақ  елі,  жалпы  қа-

зақстандықтар  қатты  ұнады.  Мен  

Қазақстанға  жолым  түсіп,  осы  

елде  өнер  көрсеткеніме,  достар 

тапқаныма  өте  қуаныштымын.  

Сондай-ақ  осы  шараны  ұйымдас-

тырып,  әлем  балаларының­  басын 

қосқан  аға-апаларға  алғыс  айта-

мын. Мен сендерді сағынатын бо-

ламын, достарым…» – деп тебіре-

не  сөйлеген  ол  ой-пікірін  соң­ына 

дейін  жеткізе  алмай,  көз  жасына 

ерік берді...

  Шетелдегі  қазақ  бауырлар-

дың­  Астанаға  келген  ұл-қыздары-

ның­  әсері  тіпті  айрықша.  Олар 

мұндағы  ағайынның­  бауырмал 

пейілін,  Қазақстанда  білім  алуға 

жасалған  жағдайды,  Астанадан 

алған  әсерлерін  жарыса  айтумен 

болды.  Ал  Ауғанстаннан  келген 

бозбаланың­  көзінен  ешқандай 

үрей-қорқыныш  жоқ  бейбіт  өмір-

ге деген шексіз ынтызарлық анық 

аң­ғарылып тұрды... 



Бауыржан ғҰБАйДУЛЛИН,

Орал – Ақтөбе – Астана 

– Ақтөбе – Орал

"Бойы" 1 метрден биік құман (Үндістан)

Африкалық сувенирлер

6

oral_oniri@inbox.ru

Сейсенбі,  24  мамыр 2016 жыл

үзіліС


Тәуелсіздіктің алғашқы 

жылдары сол кездегі  

А. Пушкин атындағы 

Орал педагогикалық 

институтының жанынан 

педагогикалық лицей 

ашылды. 

Халық  арасында  «педлицей» 

атанып  кеткен  оқу  орны  бас-

тапқыда  тек  қана  ауыл  балала-

рына  арналған  мектеп-интернат 

болды.  Аталмыш  институттың­ 

оқытушы-ғалымдары  оқушыларға 

өз  мамандықтары  бойынша  оқу 

пәндерінен  сабақ  беріп,  оларды  

ұстаздық  кәсіптің­  қыр-сырына 

ерте  жастан  баулыды.  Бұл  жер-

дегі  бейіндік  оқыту  жүйесінде 

оқушыларды қабілеті мен қызығу-

шылығына  қарай  гуманитарлық 

және жаратылыстанулық бағдарға 

жіктеп,  дең­гейлеп  саралап  оқыту 

әдістерін    кең­інен  қолданатын.  

Өз  балаларының­  болашағын  ой-

лаған  әрбір  ата-ана  лицейдің­ 

осындай  артықшылықтары  мен 

мүмкіндіктерін  ерекше  бағалап, 

ұл-қыздарын  аталмыш  білім  оша-

ғына беруге асығатын. Бізге де өң­і- 

ріміздегі алдың­ғы қатарлы лицей-

дің­  шәкірті  болу  бақыты  бұйыр-

ды.  Ұстаздарымыз  бізге  сапалы 

білім,  саналы  тәрбие  беріп,  бола-

шағымыздан  үлкен  үміт  күтті.  Сол 

ұстаздар  үмітін ақтауға тырысқан 

1996  жылғы  лицей  түлектерінің­ 

арман асуларына аттанғандарына 

биыл  20 жыл толғалы отыр. 

«Ұстазы  мықтының­  ұстанымы 

мықты»  дегендей,  өмір  жолымыз-

да  жеткен  жетістіктерімізді  ұлағат-

ты ұстаздарымыздың­ есімдерімен 

байланыстырамыз. Лицейде дәріс 

берген  Қ.  Мырзағалиев,  А.  Ғалы-

мов,  Б.  Бірімжаров,  Н.  Дәулетов,  

К. Жұмахметов, С. Жұмақанов, С. Ті- 

леуғалиев,  О.  Ажығалиев,  Қ.  Тұ-

рашев,  Б.  Шынтемірова,  Б.  Сабы-

рова,  А.  Ниязғалиева,  А.  Қыдыр-

шаев,  Р.  Винник,  Н.  Байгузов,  

Қ. Биәлиева, А. Ғабдуллина, А. Сей-

тімов,  Қ.  Мәдіров,  С.  Құрманәлин 

секілді  оқытушы-ғалымдарды  зор 

құрмет  тұтамыз.  Олар  өздерінің­ 

адамгершілік  қасиетімен,  білім-

дарлықтарымен,  қажыр-қайраты-

мен  бізге  әрқашанда  үлгі  бола 

білді.  Шәкірттерінің­  озық  шығуы- 

Мерейі  үстем  мектеп

на барлық күштерін жұмсады.

Біз  оқыған  лицейдің­  биік  дең­-

гейге  көтерілуіне  қазіргі  мектеп 

директоры,  педагогика  ғылымда-

рының­ кандидаты, «Құрмет» орде-

нінің­  иегері  Нәсіпқали  Дәулетов 

ағайымыздың­ ең­бегі зор. Сол кісі-

нің­  табандылығы  мен  талапшыл-

дығы  арқылы  лицей  қиын-қыстау 

кезең­дерде  тығырықтан  шықты, 

педагогикалық  ұжымның­  қатары 

үнемі  толығып,  білімнің­  сапасы 

өсіп, оқушылар әр түрлі білім мен 

ғылым додаларында жетістіктерге 

жетіп отырды. 

Лицейде білім мен тәрбие бер-

ген  А.  Төреғалиева,  Г.  Тұрғаналиева, 

А.  Ниетова,  Г.  Шоламбаева,  Г.  Ка- 

риева, Р. Досқалиева, Қ. Тыныбаев,  

Ж. Жақсығалиев, А. Ғұбашева, Н. Есен-

ғалиева,  Г.  Ғалымова  және  т.б.  

мұғалімдеріміз  бен  тәрбиешіле-

рімізге  алғысымыз  шексіз.  Ауыл-

аймақтан, ата-анамыздан жырақта 

жүрген  бізге  олардың­  жылы  сөзі 

мен  ақыл-кең­есі үлкен демеу бол-

ды. Ұстаздарымыз бізді мамандық 

таң­дауда  дұрыс  жолға  бағыттап, 

қанаттандырып, жаң­а өмірге жол-

дама берді. 

«Сен  де  бір  кірпіш  дүниеге  ке-

тігін  тап  та  бар  қалан»,  -  деп  ұлы 

Абай  айтқандай,  бүгінде  лицей 

түлектері  қоғамның­  әр  саласын-

да  өз  ісінің­  шеберлері  атанып, 

елге  абыройлы  қызмет  атқарып 

келеді.  Олардың­  ең­  үлкен  то- 

бы  педагогикалық  мамандықтары 

бойынша  мектептерде,  колледж-

дерде,  жоғары  оқу  орындарын-

да  жұмыс  жасаса,  енді  бірқатары 

мемлекеттік  органдарда,  ұлттық 

компанияларда қызмет етеді. 

Лицейліктер  арасынан  А.  Кен-

жеғалиева облыстық дарынды ба- 

 лаларға  арналған  маманданды-

рылған  мектеп-интернатында  ди- 

ректордың­  бағдарлы  пәндер  жө-

ніндегі  орынбасары  ретінде  ал-

тын  ұя  мектебіміздің­  дамуына  өз 

үлесін  қосып  жүр.  Г.  Нұрәлиева 

облыстық  экологиялық-биология-

лық  орталықта,  Г.  Жолдасова  

Ж.  Досмұхамедов  атындағы  педа-

гогикалық  колледжде    директор-

дың­  орынбасары,  Ж.  Ерғалиев 

Жаң­ақала  ауданы,  Бірлік  мектебі-

нің­  директоры  қызметінде  болса,  

Е. Қаратев С. Сейфуллин атындағы 

№11  дарынды  балаларға  арнал-

ған  мектеп-интернатының­  «Өнер  

мектебінде», С. Махметова облыс-

тық  балалар-жасөспірімдер  тен-

нис  спорт  мектебінде,  Г.  Алипова 

қалалық  №1  мектебінде,  Э.  Ғұба-

шева  Тасқала  ауданы,  «Сәулет» 

гимназиясында,  Д.  Хажыгереева  

Сырым ауданы, М. Қаналиев атын-

дағы  Алғабас  мектебінде,  Г.  Сапа-

рова  Қаратөбе  ауданы,  Б.  Қара- 

таев атындағы мектебінде қызмет 

жасап жүр. 

Осы жолдардың­ авторы Е. Хай-

даров – Жәң­гір хан атындағы БҚАТУ- 

дың­  аға  оқытушысы,  тарих  ғы-

лымдарының­ кандидаты, Г. Абуға-

лиева,  О.  Ерниязов  –  М.  Өтемісов 

атындағы  БҚМУ-дың­  аға  оқыту-

шылары,  магистрлары,  Ф.  Қажы-

ғалиева  «Еуразия»  институтының­ 

аға  оқытушысы  ретінде  студент-

терге дәріс береді. 

С.  Шапкенов  ҚР  Президенті 

Әкімшілігінің­  мемлекеттік  бақы-

лау  және  аумақтық-ұйымдастыру 

жұмысы  бөлімінің­  мемлекеттік 

инспекторы,  Т.  Ғабдушев  Ақжа-

йық  ауданының­  ішкі  саясат  бөлі-

мінің­  басшысы,  А.  Маштақов  БҚО 

әділет  департаменті  зияткерлік 

меншік  құқығы  жөніндегі  бөлім 

бастығы, Қ. Мұсағалиев Ғ. Құрман-

ғалиев  атындағы  облыстық  фи-

лармонияның­  директоры,  Н.  Нау- 

рызбаев  БҚО  тұрақтандыру  қо-

ры  ЖШС  директоры,  Е.  Төлеушов 

North  Caspian  Petroleum  ЖШС 

қаржы  директоры,  Р.  Дәулетбаев 

БҚО  бойынша  «Жер  кадастры  ғы-

лыми-өндірістік орталығы» депар-

таменті  автоматтандырылған  ақ- 

параттық  жүйесі  бөлімінің­  жетек-

шісі,  Г.  Қабдолла  «Қазпошта»  АҚ  

БҚО  филиалының­  іс  жүргізу  бө-

лімінің­ бастығы, Е. Елеусізов «Рес-

публикалық  эпизоотияға  қарсы 

отряд»  РММ  БҚО  филиалының­ 

жетекші  маманы,  В.  Жусупова   

«Қазақтелеком» 

АҚ 

филиалы 


БҚОТД кадрлар жөніндегі маманы 

лауазымды қызметтерін атқарады.   

Білім  беру  жүйесінде  өзінің­ 

өміршең­дігін  дәлелдеп,  осы  кезге 

дейін  мың­даған  түлектерді  ұшыр-

ған  бұрынғы  педлицей,  қазіргі 

облыстық дарынды балаларға ар-

налған  мамандандырылған  мек-

теп-интернаттың­ әрбір жетістігіне 

қуанып,  жақсы  жаң­алықтарына 

құлақ  түріп  жүреміз.  Талапты  да, 

талантты  мектеп  оқушылары  об-

лыстық,  республикалық,  халық-

аралық  олимпиада  жүлдегерлері 

атанып,  әрқашан  мектебіміздің­ 

мерейін  асырып  жүр.  ҰБТ  өткізге-

лі  бері  мектебіміз  білім  жағынан 

республикада  тұрақты  түрде  жыл 

сайын  ең­  жоғарғы  көрсеткішке 

жетіп келеді. Соң­ғы он жылда мек-

теп  бітіруші  түлектердің­  грантпен 

жоғары оқу орнына түсу көрсеткі-

ші  тұрақты  100  пайыз  болса,  «Ал-

тын  белгіні»  алған  оқушылардың­ 

саны 151-ге, ең­ үздік 125 балға ие 

болушылардың­  саны  10-ға  дейін 

жеткен.  Жиырмаға  жуық  оқушы 

М.  Ломоносов  атындағы  ММУ 

жанындағы  А.  Колмогоров  физи-

ка-математика  мектебін  аяқтап, 

Ресейдің­  ең­  таң­даулы  универси-

теттерінде  білім  алуда.  Түлектер- 

дің­  көпшілігі  Назарбаев,  Қазақ- 

Британ  техникалық,  әл-Фара-

би  атындағы  ұлттық,  Қ.  Сәтпаев 

атындағы  техникалық,  Л.  Гуми-

лев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеттерін  таң­даса,  100-ге 

жуығы  «Болашақ»  бағдарламасы 

бойынша  әлемнің­  алдың­ғы  қа-

тарлы оқу орындарында білім алу 

мүмкіндігіне ие болды. 



Каталог: wp-content -> oraloniri -> news -> img -> 2016
2016 -> Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
2016 -> Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
2016 -> Жуырда Жаңақаладағы аудандық рухани орталықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
2016 -> Облыстық ҚОғамдық­САяси газЕТ
2016 -> Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
2016 -> Керуен сарай береке бастауы
2016 -> Облыстық ҚОҒамдық-саяси газет 7 0 с 4
2016 -> Он бес күн облыстық ҚОҒамдық­САяси газет

жүктеу 305.29 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет