Жер реформасына қатысты тұрғындарды қабылдады



жүктеу 305.29 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата29.04.2017
өлшемі305.29 Kb.
  1   2   3

oral_oniri@inbox.ru

ОБЛЫСТЫҚ  ҚОғАМДЫҚ-САяСи  гАзЕТ

Орал өңірі



www.oRAloniRi.Kz

Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған



Сейсенбі,

24 мамыр 2016 жыл

№60 (20312)

+ 25 

0

С

+ 14 

0

С

«ЕРТІСПЕн»  

ТЕң  ОйнАДЫ

ТӘуЕЛСІзДІК

ҚОғАМ

КЕРуЕн САРАй

3

ғАСЫР  ДЕМІнДЕгІ 

АнА ТОЛғАғЫ

ЖАСАй  БЕР,  

«ЖАРҚЫн  БОЛАшАҚ»!  

8

27  тұрғынды     

ҚАбылдАды

4-5

Кеше «нұр Отан» партиясының облыстық филиалында облыс әкімі Алтай Көлгінов 

жер реформасына қатысты тұрғындарды қабылдады. Қоғамдық қабылдау шарасына 

облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов, облыстық мәслихаттың 

хатшысы Мәлік Құлшар, Орал қаласының әкімі нариман Төреғалиев және облыстық 

басқармалардың басшылары қатысты.

Т

өрт  сағатқа  созылған  шарада  өң­ір 

басшысы  27  адамды  қабылдады. 

Олардың­  көпшілігі  пәтер  мен  жер  телі-

мі  кезегіне  қатысты  сауалдарын  қойды. 

Мәселен,  Баян  Ғұбайдуллин,  Райхан 

Өтешева, Ботакөз Оразғалиева, Айнагүл 

Мұхайтова  2004  жылдан  бері  жер  ке-

зегінде  тұрып,  қуанышты  хабарды    12 

жылдан  бері  күтіп  жүр  екен.  Әрбір  аза-

матты  мұқият  тың­даған  әкім  еліміздің­ 

заң­намасына  сәйкес  республика  аза-

маттарына  10  сотық  жер  берілуі  тиіс 

екенін  айтты.  Бірақ  заң­дағы  өзгерістерге 

сәйкес су мен жарығы тартылған, жолы 

салынған,  яғни  коммуникациялық  же-

лілері  бар  аумақтан  ғана  тұрғын  үй 

салуға жер телімдері берілуі керек. Сол 

себепті  біраздан  бері  өң­ірімізде  жер 

телімдерін  беру  тоқтап  қалды.  Кезек 

көп.  Бүгінгі  таң­да  Орал  қаласында  67 

мың­ға  жуық  адам  кезекте  тұр.  Қазіргі 

уақытта  бұрын  жер  телімдері  берілген 

шағынаудандарға  коммуникациялық  же- 

лілер  тартылуда.  Бұл  бағыттағы  жұмыс-

тар аяқталғаннан кейін  мұндай желілер 

жаң­а  жерлерге  тартылады.  Жер  телім-

дері содан кейін беріледі. Ал көп балалы 

ана  Жанат  Ғабдуллина  202-інші  болып 

пәтер  кезегінде  тұрса,  Сәуле  Досанова  

мүгедектік  санат  бойынша  651-інші  бо-

лып  тұр.  Сондай-ақ  Аққойсын  Әнесова, 

Рахима  Баймағамбетова,  Алексей  Челя- 

ков сынды ең­бек ардагерлері де жайлы 

пәтер  алғысы  келеді.  Облыс  басшысы 

оларға  бүгінде  Орал  қаласында  пәтер 

кезегінде  15  мың­  адам  тұрғанын,  жыл 

өткен  сайын  оларға  беріліп  жатқан  пә-

тер саны артып келе жатқанын жеткізді. 

Мәселен,  былтыр  480-нен  астам  тұрғын 

қоныстойын тойласа, биыл олардың­ са-

ны 1 мың­нан аспақшы.

Қабылдауға келген азаматтар тарапы-

нан  өзге  де  мәселелер  көтеріліп,  түрлі 

ұсыныс-пікірлер  айтылды.  Ең­бек  арда- 

гері  Ескендір  Сұлтанғалиев  Аққозы  ба-

тырдың­  атын  жаң­ғыртуға  қатысты  ұсы-

ныс  айтса,  татар  этномәдени  бірлестігі- 

нің­  мүшесі  Закир  Хузасаитов  мемлекет- 

тік  саясатты  насихаттау  бағытында  қо-

ғамдық  қызметтер  атқаруға  дайын  еке- 

нін  білдірді.  Ғалым  Дәметкен  Сүлейме-

нова  Әлихан  Бөкейхановтың­  150  және 

Алаш  қозғалысының­  100  жылдығына 

орай іс-шараларды ұйымдастыруы үшін 

көмек сұрады. Әкім тиісті қолдау көрсе-

тілетінін жеткізді.

(Жалғасы 2-бетте)

Үшінші    

  жәрмеңке

Жыл  басынан  бері  Ақжайық  ауданын-

да  бос  жұмыс  орындарына  үш  жәрмең­-

ке  ұйымдастырылды.  Соның­  үшіншісі 

жуырда  Алмалы  ауылында  өтті.  Жұмыс 

беруші  –  10  шаруа  қожалығына  35  адам 

жолығып,  көптеген  сұрақтарына  жауап 

алып,  маусымдық  жұмысқа  сегіз  адам 

тартылды.  Жұмыспен  қамту  орталығы  ма-

мандарының­  айтуынша,  маусымдық  жұ-

мысқа  баратындар  алдағы  кезде  көбейе 

түспек.  Өйткені  Алмалыда  бағбандар 

баршылық.  Ал  осыған  дейінгі  аталған 

екі  шара  қорытындысымен  Чапаев  пен 

Тайпақта  24  адам  «екі  қолға  бір  күрек» 

тапқан еді. 



Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

2

oral_oniri@inbox.ru

Сейсенбі,  24  мамыр 2016 жыл

АҚПАРАТ


М

ұндай  шараны  құқық 

және  табиғат  қорғау 

органдары  бірлесіп, 

заң­сыз  балық  аулауға,  сатуға  жә- 

не  оларды  заң­сыз  тасымалдауға 

жол  бермеу  мақсатында  жыл  са-

йын  өткізеді.

Осыған  орай  таяуда  облыстық 

мамандандырылған  табиғат  қор-

ғау прокуроры, облыстық  ішкі іс- 

тер  департаментінің­  жергілікті 

полиция  қызметі,  сондай-ақ  ұлт- 

тық  қауіпсіздік  комитеті,  шекара 

қызметінің­    әскери  бөлімі,  облыс-

тық  орман  шаруашылығы  және 

жануарлар  дүниесі  аумақтық  инс- 

пекциясы  бірігіп,  «Бекіре  –  2016» 

балық  қорғау  акциясын  өткізу  ту- 

ралы  бірлескен  жоспар  қабыл-

даған болатын.

Аталмыш  жоспарға  сәйкес  ай-

лық акция аясында «Бекіре – 2016» 

акциясын  өткізуге  дайындық,  ак-

цияның­    үйлестіру  штабын  құру, 

жылжымалы  бекеттерді,  олардың­  

жүретін,  тұратын  жерлерін  және 

құрамын  бекіту,  ақпараттық  үгіт-

насихат  жұмыстарын  өткізу,  мо- 

бильдік  жылжымалы  топтар  құру 

қолға  алынды.  Штабтың­  басты 

міндеті  –  балық  қорғау  шарала- 

рын  ұйымдастыру  мен  олардың­ 

тиімділігін  арттыру  үшін  аумақ-

тық органдардың­ бірлескен іс-қи- 

 мылдарын  үйлестіру,  материал-

дық-техникалық  құралдарды  тар-

«Бекіре – 2016» 

    акциясы өтуде

Қазіргі уақыт – бекіре тұқымдас және басқа да 

балық түрлерінің уылдырық шашатын мезгілі. Осыған 

орай 10 сәуір-15 маусым аралығында Батыс Қазақстан 

облысы бойынша Жайық-Каспий бассейнінің балық 

шаруашылығы су айдындарында кең ауқымды «Бекі-

ре – 2016» балық қорғау акциясы өткізілуде.

ту  және  мәселелерді  жедел  түр- 

де шешу. Ал «Бекіре»  акциясының­ 

басты  мақсаты  –  құнды  балық 

түрлерінің­ уылдырық шашу орын-

дарына өтуіне жағдай туғызу.

Акция  барысында  браконьер-

лік  фактілерінің­  болуы  ықтимал 

жерлерде  стационарлық,  жылжы-

малы  бекеттер  және  жедел  рейд- 

тік топтар құру жұмысы ұйымдас- 

тырылды.  Сонымен  қатар  кеден- 

дік  бақылау  бекеттерінде,  әуе-

жайлар  мен  вокзалдарда  балық 

өнімдерін ел  аумағынан тыс жер- 

лерге  шығаруға  жол  бермеу  мақ-

сатындағы  бақылау  жұмыстары 

күшейтілді. Рейдтік іс-шаралар ая- 

сында  базарлар  мен  дүкендерде 

балық  өнімдерінің­  сауда  орын- 

дарына  жеткізілу  жолдары  тек-

серіліп, олардың­ заң­ талаптарына 

сәйкестігі  тексерілуде.  Балықтар-

дың­  уылдырық  шашу  орындары- 

на жетуін қамтамасыз ету, сондай-

ақ  суды  заң­сыз  құрылған  аулар 

мен басқа да құралдардан тазалау 

мақсатында  мемлекеттік  инспек-

торлар  су  айдындарын  күнделік- 

ті  сүзуде.  Сонымен  қатар  су  ай-

дындарында  жүзу  құралдарының­ 

қозғалысын бақылау күшейтілді.

Жайық-Каспий  бассейні бойын- 

ша  балық  ресурстарын  пайдала-

нуға  және  басқа  да  су  жануар-

ларын  заң­сыз  аулауға  тыйым  са- 

лынып,  шектеулер  қойылды.  Атап 

айтқанда,  Жайық  өзенінде  10  сә- 

уір-15  маусым  аралығында  Кө-

шім,  Киров,  Балықты,  Дөң­гелек 

және  Пятимар  өзендерінде  1  ма- 

мыр-15 маусым аралығында, Шал- 

қар,  Жайық-Көшім  суландыру  жү- 

йесінде  және  Қамыс-Самар  өзен- 

көлдерінде  1  мамырдан-31  ма-

мырға  дейін,  облыстың­  басқа  да 

өзен-көлдерінде  1  мамырдан-31 

мамыр  аралығында  балық  аулау- 

ға тыйым салынды. Сонымен қатар  

1  мамыр-30  қыркүйек  аралығын-

да,  қай  жерден  болмасын,  шаян 

аулауға шектеу қойылды.

Жоспарланған  шараларды  жү- 

зеге  асыру  уылдырық  шашу  кезе-

ң­інің­  сәтті  өтуін  қамтамасыз  етіп, 

бассейндегі  балық  ресурстары- 

ның­ өсіп-өнуіне септігін тигізеді.

Ағымдағы  жылдың­  сәуір  айын- 

да  табиғат  қорғау  мекемелері 

«Бекіре  –  2016»  акциясы  аясында 

облыс  бойынша  балық  қорғау  заң­-

намасының­  80  құқықбұзушылық 

жағдаятын  анықтады.  Тыйым  сал-

ған  мерзім  аралығында  әуесқой 

(спорттық)  балық  аулау    да    тоқ-

татылуы тиіс.   



З.  ТҰРӘЛИЕВ, 

 облыстық орман 

шаруашылығы және 

жануарлар дүниесі 

аумақтық инспекция 

басшысының  орынбасары 

27   тұрғынды  қабылдады



(Жалғасы. Басы 1-бетте)

Қ

абылдауға сондай-ақ кә- 

сіпкер  және  ісін  енді 

бастағысы  келіп  жүрген-

дер  де  келді.  Өң­ір  басшысы    осы 

азаматтарға  кәсіпкерлікті  қолдау, 

дамытуға  орай  мемлекет  тарапы- 

нан  тиісті  қолдау  көрсетіліп  жат- 

қанын  айтып,  бұл  бағыттағы  мем- 

лекеттік  бағдарламалар  туралы 

жан-жақты  түсінік  беріп,  қолдау 

көрсету  үшін  облыстық  кәсіпкер-

лік  және  индустриалды-иннова-

циялық  даму  басқармасының­ 

басшысы Мержан Сатқановқа тап- 

сырма  берді.  Ал  Теректі  ауданы-

нан  келген  Динара  Ұлмесекова 

«Орал» халықаралық әуежайы ма- 

ң­ындағы  Тоқпай  ауылына  бұрын 

№12  автобус  келіп  жүрсе,  қазір 

ол  соқпайтынын  айтты.  Сол  се- 

бепті  қалаға  қатынау  Тоқпайдың­ 

тұрғындарына  қиындау  соғуда. 

Ауылда  балаларға  арналған  ойын 

не спорт алаң­ы жоқ. Өң­ір басшы-

сы  бұл  мәселелер  де  шешілеті- 

нін жеткізді.

Қоғамдық  қабылдау  барысын-

да  жер  реформасына  қатысты 

ұсыныс жасаған азаматтар облыс- 

тық  қоғамдық  кең­естің­  отыры- 

сына шақырылды.

– Бүгін біз қоғамдық қабылдау-

ға  келгендердің­  көтерген  мәсе-

лелеріне,  әсіресе,  пәтер  мен  жер 

кезегіне  байланысты  жан-жақты 

түсінік  бердік.  Қолға  алынған  жо- 

балар  аяқталғаннан  кейін  барып, 

жаң­а  жобалар  басталатынын  айт- 

тық.  Аудандардан  келген  азамат-

тардың­  көтерген  мәселелері  не-

гізінен  аудан  әкімдері  дең­гейінде 

шешілуі  тиіс  жайттар.  Соған  орай 

біз аудан әкімдері де осындай қо-

ғамдық  қабылдау  ұйымдастыруы 

керек  деген  шешімге  келіп  отыр- 

мыз. Жалпы,  алдағы уақытта тұр- 

Құрметті 

облыс тұрғындары! 

Қазір әлеуметтік желіде, кей-

бір  тұрғындар  арасында  өткен 

сенбіге  байланысты  алыпқаш- 

па  әң­гімелер  бар.  Заң­ның­  орын-

далуын  қадағалайтын  орган 

өкілі  ретінде  келесі  ақпаратты 

сіздердің­  назарларың­ызға  ұсы-

намын.  Кейбір  адамдар  заң­  та- 

лаптарын  елемей,  ортақ  диа-

логтан  қашып,  халықты  заң­сыз 

акцияларға  шақырды.  Мұндай 

әрекеттер  Қазақстан  Респуб-

ликасының­  заң­дарына  қайшы. 

Осыған  байланысты  қоғамдық 

тұрақтылықты  сақтау  үшін  ел 

азаматтарын  мұндай  арандату- 

 ға ермеуге, азаматтық ұстаным- 

мен  жауапкершілік  танытуға  

шақырдық.

ҚР «Прокуратура туралы» за-

ң­ының­  25-бабын  басшылыққа 

алып,  біз  заң­сыз  митингке  ша- 

қыру,  оны  ұйымдастыру,  тіпті  оған 

қатысудың­  өзі  әкімшілік  неме- 

се  қылмыстық  жауапкершілік-

ке  әкеліп  соғатынын  алдын  ала 

ескерттік.  Мемлекетіміз  бар,  за- 

 ң­ымыз  бар,  мемлекеттік  орган-

дар  бар.  Сондықтан  бәріміз  заң­-

ға  бағынуымыз  шарт.  Бүгінде- 

рі  құқық  қорғау  органдары  кез 

келген  заң­бұзушылықтың­  жо-

лын кесіп, заң­да көрсетілген ша- 

раларды  қабылдады.  Азаматтар- 

 мен  түсіндіру  жұмыстары  жүр- 

гізілді.  Екі  адам  әкімшілік  жа-

уапкершілікке  тартылуда.  Бар- 

 лығы  да  заң­ның­  шең­берінде 

болды.


Облыстағы  жағдай  тұрақты. 

Өң­ір  тұрғындарының­  қобал-

жуына ешқандай негіз жоқ.

Х. ДӘУЕШОВ,

Батыс Қазақстан 

облысы прокурорының 

орынбасары 

Алаңдауға  

еш  негіз  жоқ

ғындар  арасында  түсінік  жұмыс-

тарын жүйелі түрде жүргізетін бо-

ламыз,  –  деді    қабылдау  соң­ында 

БАҚ  өкілдеріне  сұхбат  берген  

Алтай Көлгінов.

Осы  сипаттағы  қабылдау  апта-

ның­  сәрсенбі  және  жұма  күндері 

де  жүргізіледі.  Жұртшылықты  қа- 

былдау  сәрсенбі  күні  сағат  11.00-

13.00  аралығында  облыстық  мәс-

лихаттың­  ғимаратында,  ал  жұма 

күні  11.00-13.00  аралығында  Дос-

тық үйінде өтеді.



Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

«Нұр  Отан»  партиясы  облыстық  филиалының­  қоғамдық 

қабылдауына  2016  жылдың­  қаң­тар-сәуір  айлары  ішінде  

351 жолданым түсті.



Жолданым бағыттары:

жұмысқа  орналастыру,  еңбек  дауы – 51 (17%);

– тұрғын  үй  мен  жер  телімін  беру – 56 (18,7%);

– әлеуметтік  қамту – 54 (18%);

– сот  және  құқықтық  жүйе – 24 (8%);

– денсаулық  сақтау – 15 (5%);

– білім – 11 (3,7%);

– бизнес  және  кәсіпкерлік – 10 (3,3%);

– партия  қызметі – 6 (2%);

– ТКШ  (ЖКХ)  мәселесі – 21 (7%);

– несиелеу,  қайта  қаржыландыру – 18 (6%);

– шағым – 29 (9,7%);

– ұсыныстар  мен  пікірлер – 5 (1,7%). 

351 жолданымның 

99-ы оң шешімін 

тапты


3

oral_oniri@inbox.ru

Сейсенбі,  24  мамыр 2016 жыл

ҚоҒАм


О

блыстық,  қалалық  және 

аудандық  соттың­  судья-

лары  мен  облыстық  ең­- 

бек  инспекциясының­  қызметкер-

лері,  кәсіподақ    ұйымы  және  ҮЕҰ 

өкілдері  қатысқан  жиынды  аш-

қан  азаматтық  және  әкімшілік  іс- 

тер  жөніндегі  апелляциялық  сот 

алқасының­  төрағасы  Б.  Бегалиев 

биыл  жаң­а  Ең­бек  кодексінің­  қа-

былданғанын  айтып,  судьяларға 

сөз  кезегін  берді.  Басқосуда  сөй-

леген  облыстық  соттың­  судьясы 

Е. Боранбаев жаң­а Ең­бек кодексін 

бұрынғы  ең­бек  заң­ымен  салыс-

тырып,  ағымдағы  жылдың­  І  тоқ- 

санын  қорытындылағанда,  ең­бек 

дауына  қатысты  істерді  қарау  ба-

рысында  айта  қаларлықтай  қиын-

шылықтардың­ кездеспегенін  айт- 

Еңбек  дауына  қатысты  мәселелер 

ТАлҚылАнды

Жұма күні облыстық сот қызметкерлерінің 

ұйымдастыруымен «Еңбек дауына қатысты 

азаматтық істерді қарау барысында кездесетін 

проблемалық мәселелер» атты тақырыпта 

дөңгелек үстел өтті. 

ты.  Өйткені  алғашқы  тоқсанда 

істердің­  басым  көпшілігі  бұрын-

ғы  Ең­бек  кодексі  тәртібімен  қа-

ралған.

Бұдан  кейін  сөйлеген  №2  қа- 



лалық  соттың­  судьясы  А.  Айтуа-

рова  өткен  жылғы  және  ағымда-

ғы    жылдың­  алғашқы  тоқсанында 

қаралған  ең­бек  дауына  қатысты 

істерге  сараптама  жасады.  Оның­ 

мәлімдеуінше,  №2  қалалық  сотта 

ең­бек  дауы  бойынша  2015  жылы 

199  іс  қаралды.  Оның­  63-і  жұмыс 

орнын  қалпына  келтіру  жөнінде 

болса,  48-і  ең­бекақысын  өндіру  

туралы  және  88-і  ең­бек  дауына 

жататын  басқа  да  мәселелер  бо- 

йынша.  Ал  биыл  бірінші  тоқсанда 

ең­бек  дауына  қатысты  барлығы 

82  іс  түсті.  Соның­  20-сы  жұмыс 

орнын  қалпына  келтіру  жөнінде,  

18-і  ең­бекақысын  өндіру  туралы 

және  44-і  ең­бек  дауына  қатысты 

тағы  басқа  да  мәселелер  бойын-

ша.


–  Статистикалық  мәліметтерге 

жүгінсек,  өткен  жылы  апелляция- 

лық  тәртіпте  бірінші  инстанция-

лық  соттың­  төрт  шешімі  қайта- 

рылып, төртеуі өзгертілді.  Қадаға-

лау  тәртібінде  екі  шешім  қайта-

рылып  алынды.  Биылғы  жылдың­ 

бірінші  тоқсанында  медиация-

лық  тәртіп  бойынша  реттеліп,  екі 

жақтың­  келісімге  келуіне  байла-

нысты  апелляциялық  инстанция-

да  бір  шешім  қайтарылып  алын- 

ды және бір шешім өзгертілді. Бұл 

санаттағы  сот  актілерінің­  қайта- 

рылып  алынуы  мен  өзгеруі,  негі-

зінен,  жағдайдың­  жан-жақты  тал-

данып,  анықталмауынан  болып 

отыр,  –  деді  №2  қалалық  соттың­ 

судьясы өз сөзінде. 

Ғасыр  деміндегі 

АнА ТолҒАҒы

Өткен сенбі-жексенбі күндері Батыс Қазақстан 

облыстық қазақ драма театрында Қырғыз 

Республикасының еңбек сіңірген қайраткері

драматург Жеңішгүл Өзүбекованың «Толғақ» 

психологиялық драмасы-

ның премьерасы болды. 

Қойылымның режиссері – 

Самал Әбуов, суретшісі – 

Мұрат Мәмбетов. 

Д

раматург  отбасы  тірлігі 

арқылы  қоғамның­  жан-

ды  жарасын  көрсеткісі 

келген.  Және  ол  қоғамдағы  кө-

лең­келі  тұстарды  өмірге  ұрпақ 

әкелумен  байланыстырған.  Тол-

ғақ  қысқан  Мээркүлдің­  (актриса 

Жұлдыз  Мамедова)  жан  толқыны-

сы  өзен  жағасында  басталады. 

Ұрық  шашқалы  жатқан  форель  ба-

лықтарының­  балықшының­  ауын- 

 да  шоршып,  мөшегінде  тұншық-

қанын  көреді.  Мына  қатігездікті 

көрген  жас  ана  құрсағында  тоғыз 

ай  көтерген  тұң­ғышын  «Өмірге 

әкелем  бе,  жоқ  па?»  деп,  тәнімен 

қоса  жаны  да  бірге  толғатады. 

Кісі  өлтіріп,  қыз  зорлап  түрмеге  

отырып  шыққан  күйеуі  –  Элеге 

(актер  Думан  Омаров)  Мээркүл: 

«Баланы  туып,  өзенге  лақтырып 

жіберсем  бе  екен?  Сосын  оны 

балықтар  жейді,  ал  біз  балықтар-

ды  аулап,  жейміз...»  дейді.  Бірақ  

ол  ашынғаннан  айтады,  ананың­ 

ондай  қадамға  баруы  еш  мүмкін 

емес.  Бұл  жерде  режиссер  бүгінгі 

қоғамдағы,  тіпті  апта,  ай  сайын  елі- 

міздің­  түкпір-түкпірінде  болып  жат- 

қан  жантүршігерлік  оқиғаларды 

көрерменнің­  есіне  қайта  салғысы 

келген.  Баласын  туып  ауруханаға, 

жолға, әжетханаға лақтырып кетіп 

жатқан «аналар» қаншама?! 

–  Бұл  –  індет  және  өте  қауіпті 

дерт.  Қаракөз  қыздарымыз  бала-

ны  туып,  оп-оң­ай  далаға  лақты- 

рып  тастап  жатыр.  Бұл  –  мемле-

кеттің­  де  үлкен  қайғысы,  -  дейді 

режиссер Самал Әбуов.

Міне, тап осы жерде Ұмай ана-

ның­  (актриса  Эльмира  Мақаше-

ва)  төрт  ұл-келіні  арқылы  рухани  

іріген  отбасының­  кейпі  баянда-

лады.  Ұмай  ана  бейнесін  бірінші 

құрамда  Алматыдағы  Ғ.  Мүсіре-

пов  атындағы  балалар  мен  жас-

өспірімдер  театрының­  және  БҚО 

қазақ  драма  театрының­  актриса-

сы,  Қазақстанның­  ең­бек  сің­ірген 

қайраткері,  мемлекеттік  «Дарын» 

сыйлығының­  иегері  Әсел  Мәм- 

бетова  орындады.  Құрсағын  уыл-

дырығы  кернеген  байғұс  балық 

толы екі мөшегін біреуге ұрлатып 

алған  Добул  (актер  Асылжан  Жа-

кин)  оны  бауыры  Ойронға  (актер 

Дулат  Хамитов)  «Сен  ұрладың­!» 

деп  ойран  салады.  Жағасынан  

алады.  Отбасылық  ұрысты  өрші-

туге  Добулдың­  әйелі  Местекан 

(актриса Нарқыз Шадиева) «ең­бек 

сің­іреді».  Бұл  айқайға  толғақ  қыс- 

қан  Мээргүлдің­  Ұмай  анаға  кез-

десуі  «Құланның­  қасынуына  мыл-

тықтың­ басуындай» дөп келеді. Ой- 

ронның­  құрсақ  көтермеген  әйе-

лі  Аязканға  (актриса  Әйгерім  Са-

ғаденова) Местекан: «Бұл әйелдің­ 

ішіндегі  бала  сенің­  күйеуің­дікі»  

деп  айдап  салады.  Ақталу,  балық 

үшін  төбелес,  әкелерінің­  төрт 

ұлына  арнап  еккен  теректерін 

Ойронның­  балталап  шабуы,  тағы 

бір  ұл  Кубулдың­  (актер  Салауат 

Түменов)  әкесінен  қалған  бүркітті 

сатып  жіберуі,  сол  долларға  аға-

йындардың­  таласуы,  оған  Кубул- 

дың­  әйелі  Калайканның­  (актри-

са  Назгүл  Батанова)  «Ақша  біз-

дікі!»  деп  жармасуы,  бәрі-бәрі 

аналарының­  көз  алдында  өтеді. 

Шайпау  келіндері  енесін  бетінен 

алады.  Ең­  сорақысы  –  олар  жан-

дарында  толғақ  қысып,  ондалап 

отырған  әйелді  ұмытып  кетеді... 

Әке  аманаты  аяқ  асты,  отбасы 

құндылығы  адыра  болады.  Бұл 

қазақи  тәрбиенің­  ғасыр  әкелген 

кесепаттардан зардап шегуі...

«Бала  кезімде  ата-анамыз  үл-

кеннің­  алдынан  кесіп  өтпе!»  деп 

тәрбиелеп  еді.  Көшеде  үлкен  кісі 

келе  жатса,  жол  беріп,  тұра  қала-

тын  едім.  Бүгінде  адамдар  қатты 

өзгерді,  көп  жағдайда  ақылға  емес, 

ашуға  жол  береді.  Сабырлықтан 

айырылғандай,  жүйке  талшықта-

ры қатты бұзылған», - дейді режис-

сер.  Сахнада  жоғарыдан  түсіріл- 

ген  жіптер  сол  шиыршық  атқан 

жүйке  талшықтары  болар...  Бұл, 

әрине,  суретші  М.  Мәмбетовтің­ 

шешімі.  Актерлер  образды  қан-

шалықты  алып  шықты  десек,  бә-

рі  де  образға  жан-тәнімен  кір-

гісі  келген  және  ол  мақсаттың­ 

үдесінен  шыққан.  Жалпы,  Орал 

театрының­  мүмкіндігі,  актерлер- 

дің­  шың­далып  келе  жатқан  ше-

берлігі  республикаға,  жақын  ше- 

телдерге  белгілі.  Бұл  –  Самал 

сахналаған  алтыншы  қойылым. 

Оның­  төртеуі  ертегі  болса,  ақпан 

айында  тұсаукесері  өткен  А.  Ай-

ларовтың­  «Келісімшарт  бойынша 

қалың­дық»  комедиясын  көрер- 

мен  ұмыта  қоймаған  шығар.  Са-

малға  енді  талай  дүбірлі  фести-

вальдардан  жүлде  алып  оралған, 

бас  режиссер  Мұқан  Томановтың­ 

жолын берсін дейміз! 

Драма  Ұмай  ананың­  төрт  ұлы-

ның­  төмен  қарап,  ал  келіндерінің­ 

бастарын  жоғары  көтеруімен  бі-

теді.  Ол  нені  білдіреді?  «Еркектің­ 

бәсінің­  төмендеп  кеткенін  көр-

сеткім  келді»,  -  дейді  режиссер. 

Жас  ана  тұң­ғышын  өмірге  әкеле- 

ді,  бірақ  шарана  сахнадан  кө-

рінбейді.  Ол  қайда?  Мүмкін,  оны 

әжесі  болып  шыққан  Ұмай  ана 

бауырына  басқан  шығар,  мүмкін  

әжесі  ол  сәбиді  төрт  ұлына  ұқ-

самайтын азамат етіп тәрбиелер... 

Режиссер ана алдындағы міндетін 

дүние-боққа айырбастаған, пасық, 

бойкүйез,  «Өмірге  не  үшін  кел-

дім?» деп ойланып көрмеген, әке-

нің­ қаны мен ананың­ ақ сүтінің­ ба- 

ғасына  жете  алмаған  дүбәрә  ұр-

пақ  арқылы  көрерменге  «Ананы 

құрметтейікші!»  деп  айтқысы  ке-

ліпті. 

Қырғыз  театрларында  қойыл-



ған Жең­ішгүл Өзүбекованың­ «Тол- 

 ғақ» психологиялық драмасы 2006  

жылы Шығыс Қазақстан облыстық 

қазақ  драма  театрында  қырғыз 

тілінде  сахналанып,  кейін  Орта 

Азия  театрлары  фестивалінде  үш 

бірдей  аталымды  жең­іп  алған. 

Драманың­ тұң­ғыш қазақша нұсқа-

сын Орал театры сахналап отыр.

Премьераға  драматург  Жең­іш-

күл Өзүбекованың­ өмірлік жолда-

сы,  Қырғыз  Республикасының­  Түр- 

 кия  еліндегі  өкілетті  елшісі  Тош-

боо  Жумагулов  қатысты.  Ол  Қыр- 

 ғыстан  Республикасының­  Мәде-

ниет және спорт министрі Алтын-

бек  Максутовтың­  дипломдары 

мен  алғысхатын  ала  келген  екен. 

Онымен  БҚО  Мәдениет,  мұрағат 

және  құжаттама  басқармасының­ 

басшысы  Д.  Құсайынов,  актриса 

Ә.  Мәмбетова,  БҚО  қазақ  драма 

театрының­  директоры  Қ.  Аман-

дықов,  қойылымның­  аудармашы-

сы,  актриса  Э.  Мақашева,  режиссер 

С.  Әбуов  және  басқа  да  әртістер 

марапатталды.  Дәулеткерей  Атау-

ұлы  екі  ел  арасындағы  мәдени-

достық  байланыс  туралы  әң­гіме-

леп, қырғыздық қонақтарға шапан 

жауып,  пәлте  кигізіп,  құрмет  көр-

сетті.  Тошбоо  Жумагулов  та  об-

лыс  мәдениеті  мен  театрын  бас- 

 қарып  отырған  екі  азаматқа  қыр-

ғыздың­ қалпағын кигізіп, қазақ елі-

не  деген  ақ  тілегін  жеткізді.  Ақын 

Ақұштап  Бақтыгереева  Жең­ішгүл 

Өзүбекованың­  иығына  камзол 

жапты.


Каталог: wp-content -> oraloniri -> news -> img -> 2016
2016 -> Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
2016 -> Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
2016 -> Жуырда Жаңақаладағы аудандық рухани орталықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
2016 -> Облыстық ҚОғамдық­САяси газЕТ
2016 -> Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
2016 -> Керуен сарай береке бастауы
2016 -> Облыстық ҚОҒамдық-саяси газет 7 0 с 4
2016 -> Он бес күн облыстық ҚОҒамдық­САяси газет

жүктеу 305.29 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет