Жәнібек Әлиман, «Орталық Қазақстан» Мәртебелі мереке



жүктеу 31.05 Kb.

Дата08.03.2017
өлшемі31.05 Kb.

Жәнібек ӘЛИМАН, 

«Орталық  Қазақстан» 

Мәртебелі мереке -

«Кітап күні» 

Дүниежүзілік кітап күні (16 мамыр) -

адамзат тарихындағы атаулы күндердің 

бірі. Мұны отырықшылыққа бейім оқымысты 

халықтар ерте біліп, белгілеген. Біз кенже 

қ

алсақ та, кенде  қалмағанбыз. Бұл күнді 



бертінде  қолға алғанымызбен, ықылымда 

ырысы тасыған  қазақтың балалары хат 

танитын ересектерге ескі кітаптардағы 

ертегі,  қисса-дастандарды оқытпай  ұйқыға 

кетпейтін болған. Бала Абайдың «бұлдыр-

бұлдыр күн өткен, бұрынғыда кім өткен» деп, 

әжесі Зеренің тізесін түртіп ертегі сұрауы -

соның мысалы. 

Адамзат ақыл-ойының, аптал мәде-

ниетінің асылдары кітапта. Оны былай 

қ

ойғанда,  Құдай сөзінің  қаріптік нұсқасы 



осы -  қаттамада. Ендеше,  құрлықтағы 

құ

ндылықтардың басында кітап тұр. Бұл 



- Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап 

ғылыми кітапханада дүниежүзілік кітап 

күніне орай өткен «Әдебиет - өмір айнасы» 

атты фестивальдағы әңгіменің өзегі. 

Екі шара - бір мейрам 

Фестивальға республикалық «Абай» 

журналының бас редакторы, ақын Мұратбек 

Оспанов бастап, Шығыс  Қазақстаннан 

Абай атындағы облыстық әмбебап ғылыми 

кітапхананың білікті мамандары келді. Біздің 

кітапхана өкілдерімен өзара тәжірибе алма-

сып, оқырмандармен рухани әңгіме, мастер-

класс өткізіп, мәдени өмірдің мәйегін тамыз-

ды. Сонау Семейден, Абай топырағынан 

Арқаға рухани көш  құлағанын естіген ақын 

Серік Ақсұңқарұлы мен Қойлыбай Асан да ат 

басын осында тірепті. Семейліктер «Абай» 

журналының биылғы жаңа нөмірлерін әкел-

се, оларға біз «Қасым» журналын  ұсынып 

қ

арық болыстық. Рухани жәрмеңке, шы-



ғармашылық байланыс деген - осы. 

Кітапхананың іші күндегіден  құлпырып 

кеткен. Мерекелік нышанда жасанған. 

Көз жауын алып, көңіл көншітер шараның 

шымылдығы бимен түрілді. Алғашқы  құт-

тықтау сөзді Н.Гоголь атындағы облыстық 

кітапхананың директоры Дина Базарбайқызы 

айтты. Алаштың адуынды ақыны С.Ақ-

сұңқарұлы өлең оқыды.  Қазір республика 

көлемінде өтіп жатқан «Бір ел - бір кітап» 

(биыл С.Мұратбековтің «Жусан иісі» кітабы 

оқылуда) акциясын Рауан  Қабидолдин жыр-

мен әспеттепті. Шараға шашу етіп, атаулы 

күнге арқау  қылды. Сондай-ақ, осындағы 

«Жыр - жауһар» поэзия клубының мүшелері 

- жас ақындар кітапхана алдындағы аллеяға 

көшеттер отырғызды. 

Бұдан кейін мазмұнды шара кітапха-

наның оқу залында жалғасты. Онда оқырман 

қ

ауым кітапхана  қорындағы ескі кітаптар 



қ

ойылған көрмеге көз суарса, «Абай» жур-

налының бас редакторы Мұратбек Ос-

панов сөз сөйлеп, ойын өз өлеңімен тұз-

дықтады.Қойлыбай Асан, ақын, филология 

ғылымдарының докторы, профессор: «Бүгін 

осында таң атқалы рухани жәрмеңке өтіп 

жатыр.  Ұлы Шыңғыстау - Абай, Шәкәрім, 

Мұхтар топырағының рухани ортасы Семей 

өңірінің мәдени інжу-маржандарын тарту-

таралғы ретінде әкеліп, әдеби, мәдени 

орта мен оқырмандарға таныстыруда. Бұл 

- кеншілер шаһары сексен жылдығы бары-

сында дүниежүзілік кітап күнін өте жоғары 

деңгейде атап өтті деген сөз. Қаланың руха-

ни деңгейінің өскендігі»,- деді. 



(Жалғасы 6-бетте). 

Екі шара -

бір мейрам 



Балға бергісіз бәсірелі 

думан 

Биыл Н.Гоголь атындағы облыстық 

әмбебап ғылыми кітапханада «Кітапхана 

түні» осымен үшінші рет өтіп тұр екен. 

Қ

атысушылар былтырғысы 



қ

ызықты 


болғанын айтады. Биылғысы тіптен кере-

мет шықты. 

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және 

құ

жаттама басқармасының  қолдауымен 



ұ

йымдастырылған акцияға кітапхана 

ұ

жымы, «Жыр-жауһар» поэзия клубының 



мүшелері мен оқырмандар  қатысты. Білім 

жолындағы кітап оқушылардың көңілін 

көтеру мақсатындағы мерекелік шараға 

қ

алағандары отбасымен келіпті.  Құдды 



бір оқымыстылардың балы дерсің. Әркім 

мерекелік үлгіде сәнді киінген. Мәз-мейрам. 

Балл іспетті екенін мынадан аңғарыңыз. 

Кітапхананың үшінші  қабатындағы үлкен 

зал - би алаңы. Мұнда көпшілігі вальс би-

леп жүр. «Арт-викторина» айдарындағы 

өнер туралы әдебиеттер бөлімінде сұрақ-

жауап сайысы.  Қарағанды  қаласына 

қ

атысты сауалдарға жауап бергендері ар-



найы сыйлықтарға ие болып жатыр. Екінші 

қ

абаттағы өлкетану бөлімі де осы іспетті. 



Айырмашылығы, бұл - топтық сайыс. 

Тәртібі - сәл бөлектеу. Нысанаға жебе 

қ

адап, қай санға тисе, сол торкөздегі сұрақ 



қ

ойылады. Сұрақтар тек Қарағанды шәріне 

байланысты. Жауап берсе, сыйлықтары 

қ

омақты. Қатысушылар көп екен. 



Белгілі журналист,  Қазақстан Жур-

налистер одағы сыйлығының лауреаты, 

шахматтан спорт шеберіне кандидат Аман 

Жанғожин өткізген шахматтан бірмезгілдік 

сайысқа он шақты үміткер  қатысып,  қаз-

қ

атар отырып, бақтарын сынауда. Аман аға 



өзі төрелік етіп жүр. «Әдебиет түймедағы» 

бөлімшесінде гүл секілді қағаз қатырманың 

кез келгенін алып, ішіндегі бір шумақ өлең 

қ

ай ақындікі екенін айтсаңыз,  қолма-қол 



шағын сыйлықтың иегерісіз. Өлеңдер мек-

теп бағдарламасындағы әдебиеттерден. 

«Ретро салон» бөлімшесінде ескі 

күйтабақтан Есенин өлең оқыса, ең көне 

кинотеатрдан балалар «Қасқыр мен  қоян» 

мультфильмін тамашалап мәз. Көрмеген 

зат - таңсық. Бұл - кітапхананың мұрағат 

қ

орындағы көне мұра. "Free market"-



тегін дүкенінен сусын ішіп шықсаңыз, 

төменгі жертөле қабатынан сізді қорқыныш 

бөлмесі күтеді. Кіру, кірмеу - өз еркіңіз. 

Бірінші қабаттағы «Шеберлер қаласы» кел-

ген қонақтарға шаш өрудің, байламдар мен 

галстуктарды сәнді байлаудың үлгілерін 

үйретуге дайын. «Кітапхана түніндегі» бір 

ерекшелік - «Кафе-барына» кіріп, отыру 

тегін. Тек  қалаған сусыныңызды кеншілер 

шаһарына қатысты бір сұраққа жауап беру 

арқылы аласыз. Жауап бере алмасаңыз, 

айналып келіп бағыңызды  қайта сы-

най аласыз. Сұрақтары аса  қиын емес. 

Осы  қаланың тұрғыны екеніңізді анықтау 

мақсатында ғана қойылған. 

Кешкі сегіздер шамасында басталған 

шараның ашылу салтанатында облыстық 

мәдениет, мұрағаттар және  құжаттама 

басқармасының басшысы Еркебұлан 

Ағымбаев сөз сөйлеп, Астанадағы  ұлттық 

кітапхана директорының I орынбасары 

Жанна Шаймұхаметова Гоголь атындағы 

облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ди-

ректоры Дина Базарбайқызына кітапхана 

ісінің үздігі атты «Құрмет» медалін табыс-

тады. Кәдімгі балға бергісіз шара соңы 

«Библиодрайв» би кешіне  ұласып, сағат 

00.00-де «Кітапқа салют» отшашуымен 

аяқталды. 

Орталық Қазақстан. - 2014. - 20 мамыр (№ 90). - 1-6 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал