Және инновация вице-министрінің «Сіздің елдің павильонының басты ерекшелігі неде?» деген



жүктеу 1.15 Mb.

бет9/11
Дата08.09.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1913 жылғы «Қазақ» газетінің №12 санында жарияланған «Сайлау» 

атты мақаласында «Европа жұртының сайлауы халыққа тегіс бір 

үлкен той. Европада халық партия болғанда  адаспас ақ жол, адам 

адаспас асқар бел, жұрт ілгері басатын іс қыламыз деп таласады. 

Сайлаған адамы халық қызметшісі, һәр орынға сайланғанда мынау 

білгіш, мынау шешен, мынау көсем, мынау әділ деп әрқайсысын өз 

орнына сайлайды» – деп, халқына еуропалық сайлау жүйесін үлгі 

еткен еді.

10

13 шілде, бейсенбі, 2017 жыл

ЭКОНОМИКА

ЫНТЫМА ТАСТЫ  – 

ЫНТАЛЫ Е БЕКТІ  ШАРТЫ



ГЕРМАНИЯДАН  КЕЛЕТІН 

ИНВЕСТИЦИЯ  АҒЫНЫ  КӨП

Еуропа мен Азияның  тоғысында тұр-

ған Қазақстанның геосаяси жағдайы, хал-

қының этникалық құрамының ерекшелік-

тері,  оның  экономикалық  қуаты  –  мұ-

ның  бəрі  жас  тəуелсіз  мемлекеттің  сырт-

қы  саяси  стратегиясын,  көп  қырлы  прин-

циптерін  айқындайды.  Еуразиялық    өзге-

шелік республиканың сыртқы саясатының 

қалыптасуында  үлкен  рөл  атқарады.  Еу-

ропалық  одақпен  қарым-қатынас  та,  сон-

дай-ақ оның құрамына енетін іргелі мем-

лекеттермен,  бірінші  кезекте  əлем  елдері 

ішіндегі экономикалық жəне саяси тұрғы-

дан  анағұрлым  дамыған  Германиямен  екі 

жақты  қатынастары  стратегиялық  жағы-

нан  өте  маңызды. 

2005 жылдан бері Германиядан Қазақс-

танға  тартылған  тікелей  шетелдік  инвес-

тиция ағыны шамамен 4 млрд АҚШ дол-

ларына  жеткен.  ҚР  Инвестициялар  жəне 

даму  министрі  Жеңіс  Қасымбек  Қазақс-

тан-Германия  іскерлік  кеңесінде  осылай 

мəлімдеді.  Оның  айтуынша,  «Қазақстан-

да  германиялық  капиталдың  қатысуымен 

құрылыс,  сауда,  өнеркəсіп  өндірісі,  кен 

орындарын  игеру  сияқты  салаларда  900 

бірлескен  кəсіпорын  жұмыс  істейді. 

Ал  энергетика,  химиялық  сала  жəне 

туризм болашағы бар бағыттар болып та-

былады».

2016 жылдың қорытындысы бойынша 

Қазақстан  мен  Германияның  тауар  айна-

лымы  1,7  млрд  АҚШ  долларын  құрады. 

«Германиялық  компаниялар  еліміздің 

индустриялық  дамуына  белсенді  атсалы-

сып, жаңа инвестициялық жобаларды жү-

зеге  асыруда.  Біз  ел  экономикасына  Гер-

маниядан  инвестиция  тартуға  мүдделіміз 

жəне  министрлік  бірлескен  жобаларды 

жүзеге  асыруда  барлық  қажетті  көмекті 

көрсетуге  дайын»,  –  деп  атап  өтті  Жеңіс 

Қасымбек.

Сонымен қатар, іскерлік кеңес отыры-

сында ынтымақтастық жөніндегі бірқатар 

келісімдерге қол қойылды. Олардың қата-

рында ҚР ИДМ мен немістің DENA энер-

гетикалық  агенттігімен  энергия  тиімділік 

жəне энергетикалық инфрақұрылым жəне 

өнеркəсіптік  жаңғырту  саласындағы  ын-

тымақтастық  туралы,  «Германия  маши-

на  жасау  Одағы»  мен  «Қазақстанның  ма-

шина жасау Одағы» ЗТҰ арасында маши-

на жасау саласы бойынша өзара іс-қимыл 

мен ынтымақтастық туралы меморандум, 

ҚР  ИДМ  мен  «AsadelInternational»  ком-

паниясы арасындағы OBI құрылыс нары-

ғы желісін дамыту бойынша ынтымақтас-

тық  туралы  меморандум,  ҚР  ИДМ  мен 

«HeidelbergcementKazakhstan»  арасында-

ғы  ынтымақтастық  туралы  меморандум, 

«KazakhInvest»  ҰК»  АҚ  мен  LindeGroup 

арасындағы инвестициялық қызметті қол-

дау  жөніндегі  ынтымақтастық  туралы 

негіздемелік  келісім,    «Казгеология»  АҚ 

мен    «ULMUS  Kazakhstan»  ЖШС  ара-

сындағы  ынтымақтастық  туралы  келісім, 

«Технологиялық  даму  жөніндегі  ұлттық 

агенттік»  АҚ  мен  TUM  International  ара-

сындағы  Астанада  неміс  технологиялық 

жəне  кластерлік  орталығын  құру  жөнін-

дегі ынтымақтастық туралы меморандум, 

«Қазақстан индустрияны дамыту институ-

ты» АҚ мен Fraunhofer институты арасын-

да  Industry  4.0.  бойынша  ынтымақтастық 

туралы  меморандум  бар.



ЖОҒАРЫ  СТАНДАРТҚА 

ЖЕТУ  МАҢЫЗДЫ

Қазақстан  Республикасы  Инвестиция-

лар жəне даму министрлігі қазіргі уақыт-

та  республикалық  маңызы  бар  1855-2152 

шақырым  болатын  «РФ  шекарасы  (Ека-

теринбург)  –  Алматы»  автомобиль  жолы-

ның  «Балқаш  –  Бурылбайтал»  аралығын-

дағы  297  шақырым  учаскесін  реконст-

рукциялау  жобасын  іске  асыру  үшін    Дү-

ниежүзілік  банктің  қаражатын  тарту  бо-

йынша  жұмыстар  жүргізуде.  Автомобиль 

жолының  учаскесін  4  қозғалыс  жолақта-

рымен  I-б  техникалық  санатқа  ауыстыру 

жоспарлануда.

 «Балқаш – Бурылбайтал» автомобиль 

жолының учаскесін реконструкциялау жо-

басында  өткізілген  қауіпсіздік  аудитінің 

нəтижесі  бойынша  ҚР  ИДМ  Автомобиль 

жолдары комитетінің төрағасы Сəтжан Аб-

лалиев  Дүниежүзілік  банктің  халықара-

лық  кеңесшісі  Люк  Роджерспен  кездесті.

Кездесуге  ҚР  ИДМ  Автомобиль  жол-

дары комитеті, ҚР ІІМ Əкімшілік полиция 

комитеті, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Қазақ-

автожол» РМК, «ҚазИнСт» РМК, «Ұлттық 

аккредиттеу  орталығы»  ЖШС  өкілдері 

жəне жобалардың авторлары шақырылды.

Аудиттің  мақсаты  –  iRAP  əдістемесін 

қолданып,  қабылданған  жобалық  шешім-

дерді  талдау  жəне  қауіпсіз  жол  қозғалы-

сын  ұйымдастыру  үшін  тиісті  ұсыныстар 

əзірлеу.  Нəтиже  қорытындысы  бойынша 

жоба  4*  (4  жұлдызды)  жоғары    бағаға 

ие  болғанын  атап  өту  қажет.  «Жұлдызды 

баға» автомобильшілерге, мотоцикл жүргі-

зушілеріне  жəне  жаяу  жүргіншілер  үшін 

қауіпсіздік деңгейін анықтау бойынша қа-

лыпты  жəне  объективті  шара  болып  та-

былады.  Бес  жұлдызды  жолдар  ең  төмен 

тəуекелдікті,  ал  бір  жұлдызды  жолдар  ең 

жоғары  тəуекелдікті  білдіреді.

Жол  қозғалысы  қатысушылардың  ма-

ңызды  жарақат  алу  жəне  өлім-жітім-

дер  тəуекелділігін  төмендететін  жол 

қауіпсіздігі  бойынша  ұсынылатын  шара-

лары  талқыланды.  Қауіпсіздікті  арттыру-

ға  бағытталған    шаралардың  көбі  қолдау 

тапқан жəне құрылыс-монтаж жұмыстары-

ның  барысында  қолданылады.  Жоба  аяқ-

талғаннан  кейін  автожол  учаскесін  пай-

далануға  берген  кезде  мүмкіндігінше  5* 

(бес жұлдызды) бағаға жету жоспарлануда.



ЕКІЖАҚТЫ  ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 

НЫҒАЯДЫ

ҚР Инвестициялар жəне даму вице-ми-

нистрі Ерлан Қайыров Швейцария Ұлттық 

банкінің президенті Томас Йордан мырза-

мен  кездесті.

Кездесу барысында  «Жібек жолының 

экономикалық  белдеуі»  бағдарламасы  ая-

сында екіжақты іс-қимыл мəселелері, сау-

да-экономикалық серіктестік, сонымен қа-

тар,  инвестициялық  ынтымақтастық  бай-

ланыстар  талқыланды.

Кездесуде айтылғандай, 2016 жылдың 

қорытындысы  бойынша  екі  ел  арасында-

ғы  тауар  айналым  2,8  млрд  АҚШ  долла-

рын  құрады.  Екі  тарап  та  алдағы  уақыт-

та  өзара  экспортты  ілгерілету  мен  тіке-

лей  бизнес  өкілдері  арасындағы  байла-

нысты  қамтамасыз  ету  арқылы  тауар  ай-

налымын  арттыруға  мүдделі.

  2005-2016  жылдары  Швейцариядан 

Қазақстанға  келген  тікелей  шетелдік  ин-

вес тицияның жалпы ағыны 16 млрд АҚШ 

дол ларын  құрады.  2017  жылдың  1  мау-

сы мындағы  жағдай  бойынша  Қазақстан-

да швейцариялықтардың қатысуымен 443 

заңды  тұлға,  филиалдар  мен  өкілдіктер 

тіркелген.  Қазіргі  уақытта  олардың  325-і  

жұмыс  істейді.



245  МИЛЛИАРД  ДОЛЛАРДАН 

АСТАМ  ИНВЕСТИЦИЯ  ҚҰЙЫЛДЫ

Екі жылда Қазақстан ел экономикасы-

на  осыншама  инвестиция  құйылды.    Ше-

телдік  қаржының  басым  бөлігі  пайдалы 

қазбаларды  игеруге  жұмсалды.  Соңғы 

мəліметтерге  сүйенсек,  биылғы  жылдың 

бірінші  тоқсанында  тікелей  инвестиция-

лардың жалпы көлемі 20 пайызға артқан. 

Бұл  туралы  құрметті  консулдар  съезінде 

Инвестициялар  жəне  даму  министрінің 

орынбасары  Ерлан  Қайыров  мəлімдеді. 

Шараның мақсаты – шетел инвесторла-

ры үшін Қазақстанда жасалып жатқан жағ-

дайларды  жан-жақты  түсіндіру  жəне  сол 

ақпаратты консулдар арқылы  барлық ин-

весторларға жеткізу. Басқосуға жергілікті 

жəне  шетелдің  130-дан  астам    құрметті 

консулы  қатысты.    «700-ден  астам  мем-

лекеттік  меншік  саудаға  қойылады.  Ше-

телдік  инвесторларды  сол  мүлікті  жеке-

шелендіру  мүмкіндігін  қарастыруға  ша-

қырамын.  Мемлекеттік-жекеменшік  əріп-

тестік  саласында  да  көптеген  жобаларды 

бірлесе  отырып  қолға  алуға  болады»,  – 

дейді  ҚР  Инвестициялар  жəне  даму  ми-

нистрінің  орынбасары  Ерлан  Қайыров.   



7  МЫҢ  ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ 

ПАЙДАЛАНУҒА  БЕРІЛЕДІ

Автомобиль  жолдарына  қатысты  көп 

айтуға  болады.  Кеңес  үкіметі  ыдыраған-

нан  кейін  барлық  салаға  түскен  ауырт-

палық  сияқты,  автомобиль  жолдарының 

мəселесі  де  күрделене  түсті.  Түрлі  қар-

жылық  дағдарыстар  болды,  қаржы  тап-

шылығын  да  еліміз  бастан  өткерді.  Бі-

рақ  Елбасымыздың  ұстанған  дұрыс  сая-

саты мен батыл шешімдерінің нəтижесін-

де экономикалық ахуалымыз артып, даму-

дың  жаңа  кезеңіне  қадам  бастық.  Эконо-

миканың  негізгі  күре  тамырларының  бірі 

болып  есептелетін  автомобиль  жолдары-

на  айрықша  көңіл  бөлінді.   

2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы 

жол» инфрақұрылымдық дамудың мемле-

кеттік  бағдарламасы  шеңберінде  жалпы 

ұзындығы  7  мың  шақырымнан  астам  11 

автожол  жобасының  іске  асырылуы  қа-

растырылған.  Бұл  жобалар  бүгінгі  таңда 

жүзеге  асырылып  жатыр.  Жол  құрылыс 

жұмыстарының қарқынды жүруінің нəти-

жесінде бүгінгі күні Астана-Теміртау, Ас-

тана-Павлодар, Алматы-Қорғас, Ташкент-

Шымкент,  Алматы-Қапшағай-Талдықор-

ған,  Көкшетау-Петропавл  жəне  Бейнеу-

Шетпе  учаскелерінде  920  шақырым  ас-

фальт-бетон  жəне  цемент-бетон  жамыл-

ғысы  салынды.  Биылғы  жылдың  қоры-

тындысы  бойынша  Астана-Теміртау,  Ал-

маты-Қапшағай жəне Көкшетау-Петропавл 

қалалары  учаскелерінде  жол  қозғалысын 

толық  іске  қосу  жоспарланған.

  «Нұрлы  жол»  мемлекеттік  бағдарла-

масы  аясында  75  мың  жұмысшы  тартыл-

ған 8 автожол жобасы іске қосылды. Жал-

пы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарлама-

сы  аясында  жұмыстар  бұдан  əрі  де  жал-

ғасатын  болады.  Сонымен  қатар,  Павло-

дар  қаласында  ұзындығы  12  шақырым 

болатын  Ертіс  өзені  арқылы  өтетін  көпір 

өткелін  жəне  Қостанай  қаласында  Тобыл 

өзені арқылы өту көпірін пайдалануға бе-

руге  дайындық  жұмыстары  жүргізілуде. 

Бұдан  бөлек  ұзақтығы  2  787  шақырым 

болатын  «Батыс  Еуропа  –  Батыс  Қытай» 

жобасы  аяқталуға  жақын.  Биыл  жыл  со-

ңына  дейін  жобаның  Қазақстан  террито-

риясындағы учаскелері толық пайдалану-

ға  беріледі. 

Ал Қазақстанда жеңіл жəне жеңіл ком-

мерциялық  көліктер  нарығына  қатысу-

шылардың  2016  жылғы  жұмысының  ал-

дын  ала  қорытындысы  шығарылды.  2016 

жылдың қаңтар-қараша айларында ресми 

дилерлер  жаңа  38  799  жеңіл  жəне  жеңіл 

коммерциялық  автомобильдер  сатқан.  Ал 

былтырғы жылдың қорытындысы бойын-

ша,  сатып  алынған  29  357  автокөлік  (76 

пайыз)  –  импорттық  өнім,  ал  қазақстан-

дық автозауыттардың көліктерін 9422 (24 

пайыз) сатып алушы таңдаған. Республи-

ка аумағындағы жаңа жеңіл автокөліктерді 

бастапқы  тіркеуден  өткізудегі  ресми  ди-

лерлердің  үлесі  95  пайызды  құрады.  Қа-

зақстандықтар  ең  көп  сатып  алған  көлік 

брендтері  де  анықталды.  Бұл  рейтингте 

Toyota  көш  бастап  тұр:  2016  жылдың  11 

айында  республика  аумағында  жапондық 

марканың  7  592  көлігі  сатылған.   

Қазақстан  нарығында  ірі  дилерлік 

топ  мəртебесін  «БИПЭК  АВТО  –  АЗИЯ 

АВТО»  холдингі  ұстап  тұр.  Есепті  ке-

зеңнің  қорытындысы  бойынша  барлық 

жаңа жеңіл автокөлік сатып алушылардың 

таңдауы  осы  компанияның  ұсыныстары-

на  тоқтаған.  Нарықтың  16,7  пайыз  өтімі 

«Astana  Motors»  компаниясына  тиесілі. 

Қазақстандық  авторетейл  бестігіне  «Ви-

раж»  (8  пайыз),  «Mercur  Auto»  (5,1  па-

йыз)    жəне  «Aster  Auto»(3,6  пайыз)  ком-

паниялары  еніп  отыр.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан об-

лысында «Азия Авто Қазақстан» АҚ авто-

мобильдің  толық  циклді  өндірістегі  авто 

зауыт  құрылысы  бойынша  жобаны  жүзе-

ге  асыру  жұмыстары  сəтті  басталды.  Бұл 

кəсіпорында  LADA  Granta,  LADA  Kalina 

Wagon, LADA Vesta, LADA X-Ray модельді 

автомобиль өндірілетін болады. Сондай-ақ, 

бүгінде «АЗИЯ АВТО» АҚ кəсіпорнында   

Skoda, Chevrolet, KIA, Lada маркалы авто-

мобильдер шығару ісі тəп-тəуір жолға қо-

йылды.  Ал  машина  құрастыру,  жасау  са-

ласында Қостанай облысындағы «Сарыар-

қаАвтоПром»  ЖШС-нің  аты  көпшілікке 

танымал. Елімізде электр мобиль шығару 

ісі  қолға  алынғанына  көп  уақыт  өте  қой-

ған  жоқ,  əйтсе  де  Қостанай  облысында-

ғы «СарыаркаАвтопром» компаниясының 

базасында  биыл  5  электр  мобиль  құрас-

тырылғаны  белгілі.  2020  жылдан  бастап 

компания  осындай  көліктердің  сериялы 

өндірісін  жолға  қоймақ.

ЖЫЛ  САЙЫН  –

30  МЛРД  ТЕҢГЕ

 

    ҚР  Инвестициялар  жəне  даму  ми-



нистрлігі Алматыдағы үлкен айналма жо-

лының  құрылысына  жұмсалатын  қаржы 

көлемінің  өзгергенін  мəлімдеді.

Автомобиль  жолдары  комитетінің  тө-

рағасы  Мереке  Пішембаевтың  айтуынша, 

қазіргі кезде министрлік аталған құрылыс-

пен айналысатын инвестормен келіссөздер 

жүргізіп  жатыр.  «Бəрі  ойдағыдай  болса, 

2018 жылы құрылыс жұмыстары бастала-

ды.  Егер  біз  келісетін  болсақ,  онда  жыл-

дың аяғында келісімшартқа қол қойылады. 

Алғашқы  жобаның  құны  44  млрд  болған. 

Алайда  ол  үш  жыл  бұрын  жасалған  еді. 

Қазіргі  кезде  біз  оны  жаңарттық.  Сөйтіп, 

құрылыстың жалпы сомасы 150 млрд тең-

геге  жетті.  Конкурс  бойынша  бір  күрделі 

жөндеу жəне екі орташа жөндеу қарасты-

рылған»,  –  деді  Пішембаев  Астанада  өт-

кен  баспасөз  мəслиxатында.  Оның  сөзі-

не  қарағанда,  жобаның  құны  өзгеруі  əб-

ден  мүмкін.  Ал  Алматы  қаласының  əкімі 

Бауыржан  Байбек  Алматыдағы  үлкен  ай-

налма жолдың құрылысына шамамен 350 

миллиард  теңге  кетеді  деп  мəлімдеген. 

«Аталған  жолдың  арқасында  Алматы  қа-

ласын  Батыс  Қытай  мен  Еуропа  арасын-

дағы  логистикалық  xаб  ретінде  дамытуға 

болады.  Осы  жобаға  шамамен  350  млрд 

теңге  кетеді.  Сол  жерде  мыңдаған  жұ-

мыс  орындарын  құрып,  алматылық  ком-

панияларды  кеңінен  тартуға  болады»,  – 

деді  қала  əкімі.     

Сондай-ақ,  Инвестициялар  жəне  даму 

министрлігі ақылы жолдардың концепция-

сын толығымен орындай алса, үш жылдан 

кейін  ол  жолдармен  жүретін  көліктерден 

жыл  сайын  30  млрд  теңге  жинап  отыру-

ға  мүмкіндік  бар. 

Автомобиль  жолдары  комитетінің  тө-

рағасы  Мереке  Пішембаевтың  айтуынша, 

алдағы  уақытта  7  000  шақырым  жолда 

ақылы  жүйе  енгізіледі.  Биыл  аталған  жү-

йені  Астана-Теміртау,  Алматы-Қапшағай 

мен  Алматы-Қорғаста  енгізу  жоспарлан-

ған.  «Осы  жолдарда  ақылы  жүйені  енгі-

зудің  арқасында  жыл  сайын  4  млрд  тең-

ге  түседі  деген  жоспар  бар.  Қазіргі  кезде 

басқа  13  учаскеде  ақылы  жүйе  бойынша 

жобалық-сметалық  құжаттарды  даярлау 

жұмысы  басталды.  2018  жылы  14,5  мың 

шақырым  жолда,  ал  2019  жылы  тағы  бір 

мың  шақырымда  ақылы  жүйені  енгізуді 

жоспарлап  отырмыз.  Сөйтіп,  2020  жыл-

дан  бастап  ақылы  жолдардан  жыл  сайын 

30 млрд теңгені жинаймыз деп ойлаймыз. 

Ол ақша ақылы жолдарды жөндеуге жəне 

тағы  басқа  жұмыстарға  толығымен  же-

теді»,  –  дейді  Пішембаев.  Айта  кетейік, 

комитет басшысы тағы 11 жолда құрылыс 

жұмыстарының  басталатынын  мəлімдеді. 



ҰШАҚ    БИЛЕТІ  АРЗАНДАЙДЫ 

Азаматтық  авиация  саласында  соңғы 

бес жылда негізгі көрсеткіштердің тұрақ-

ты өсуі байқалуда. Қазақстандық əуе ком-

панияларымен жолаушылар тасымалдау 44 

пайызға  ұлғайды.    Бұл  4,1  млн  адамнан 

5,9  млн  адамға  дейінгі  көрсеткіш.

Қазақстандық  əуежайларда  қызмет 

көрсетілген  жолаушылардың  саны  соң-

ғы  жылдары  тұрақты,  орта  есеппен  9  па-

йызға өсті. ҚР Инвестициялар жəне даму 

министрі  Жеңіс  Қасымбектің  айтуынша, 

ТМД  мүше-мемлекет  елдері  арасында 

Қазақстан  жолаушыларды  тасымалдаудан 

екінші орынға ие. 2015 жылы Астана (10-

орын) жəне Алматы (6-орын) əуежайлары 

қызмет көрсетілген жолаушылар саны бо-

йынша ТМД мемлекет-мүше елдерінің ірі 

халықаралық  əуежайлар  ондығына  енді.

Бүгінгі  күні  ҚР  20  қолданыстағы  əуе-

жайлардың  14-де  ҰҚЖ  (ұшу-қону  жола-

ғы) жəне 10 жолаушылар терминалдарын-

да  қайта  жөндеу  жұмыстары  жүргізілді. 

Жыл соңына дейін Петропавл қаласы тер-

миналын  қайта  жөндеу  жұмысын  аяқтау 

жоспарлануда.  Ал  2020  жылға  дейін  Се-

мей,  Қостанай  жəне  Өскемен  əуежайла-

рының  ұшу-қону  жолақтарын  қайта  жаң-

ғырту  көзделіп  отыр.

«Ұшу-қону жолақтарын қайта жөндеу 

бойынша  қабылданған  міндеттемелерді 

мемлекет  толыққанды  орындайды.  Əуе-

жай  иелері  терминалдарды  қайта  жаң-

ғырту  жұмыстарын  қамтамасыз  етулері 

қажет»,  –  деді  министр.  «Қазіргі  уақытта  

отандық əуе компаниялары Қазақстан тер-

риториясы  арқылы  жылына  250  мың  жо-

лаушы  тасымалдайды.  Яғни,  2010  жыл-

дан  бері  10  есеге  өскен.  Орташа  барлық 

транзиттік  жолаушылардың  70  пайызға 

жуығы Астана əуежайының үлесінде. Бұл 

175 мың транзиттік жолаушының Астана-

ға  жəне  75  мың  жолаушының  Алматыға 

келетінін  көрсетеді»,  –  деп  толықтырды 

пікірін  Жеңіс  Қасымбек.   

ҚР Инвестициялар жəне даму министрі 

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, келесі жыл-

дан бастап Қазақстан азаматтық авиация-

ны  толығымен  отандық  керосинмен  қам-

тамасыз  етсе,  ұшақ  билеттерінің  бағасы 

арзандауы  əбден  мүмкін. 

«Бізге жыл сайын 800 мың тонна авиа-

керосин керек. Қазіргі кезде Қазақстанда-

ғы  үш  мұнай  өңдеу  зауыты  тек  300  мың 

тоннаны беріп отыр. Сол себепті Ресейден 

сатып алуға мəжбүрміз. Ол өнімнің бағасы 

30-40  пайызға  қымбат.  Ал  осының  бəрін 

өзіміз өндірсек, билеттің бағасы да арзан-

дайды.  Себебі  билеттің  бағасының  30-35 

пайызы  –  керосиннің  құны.  Демек,  керо-

синнің бағасы түссе, билеттің құны да ар-

зандайды», – деп атап көрсетті Жеңіс Қа-

сымбек  мырза.  Айта  кетейік,  отырыс  ба-

рысында  министр  келесі  жылдан  бастап 

азаматтық  авиация  отандық  керосинмен 

толығымен қамтамасыз етілетінін жеткізді.   

Министрдің  айтуынша,  бүгінде  отан-

дық  мұнай  өңдеу  зауыттары  азаматтық 

авиацияны керосинмен тек 30 пайызға ғана 

қамтамасыз етілген. «Əуе керосинінің қал-

ған  бөлігі  Ресей  аумағынан  қымбат  баға-

ға жеткізіледі. Себебі тасымалдау шығын-

дары бар. Келесі жылы Қазақстанның мұ-

най өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыста-

ры аяқталады. Энергетика министрлігінің 

мəліметіне  сəйкес,  сол  кезде  керосиннің 

барлығы,  ол  шамамен  800  мың  тоннасы 

өз жерімізде өндіріледі», – деген министр 

азаматтық авиация саласындағы жолаушы-

лар мен жүктер тасымалы артып келе жат-

қанына  екпін  түсірді. 

 

  ҚАЗАҚСТАН  МЕН  ҚЫТАЙ 



БАЙЛАНЫСЫ  НЫҒАЯ  ТҮСПЕК

Қытай Халық Республикасының Пекин 

қаласында Қазақстан-Қытай ынтымақтас-

тық  комитетінің  Геология  жəне  жер  қой-

науын  пайдалану  саласындағы  ынтымақ-

тастық  жөніндегі  кіші  комитетінің  8-ші 

отырысының  ашылу  салтанаты  өтті.

Қазақстандық  делегацияны  Қазақстан 

Республикасы  Инвестициялар  жəне  даму 

министрлігінің атынан Геология жəне жер 

қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы 

Базарбай Нұрабаев жəне Қ.Сəтпаев атын-

дағы  Геологиялық  ғылымдар  институты-

ның  директоры  Мұрат  Өмірсеріков  бас-

тап  барды.

Қытай  Халық  Республикасы  атынан 

ҚХР  Жер  жəне  табиғи  ресурстар  ми-

нистрлігінің  басшылары,  ҚХР  Сыртқы 

істер  министрлігі  Азия  жəне  Еуропа  де-

партаментінің бірінші хатшысы, ҚХР Гео-

логиялық  барлау  партия  тобының  мүше-

лері  өкілдік  етті.

Ашылу  салтанатында  ҚХР  Жер  жəне 

табиғи ресурстар министрлігінің вице-ми-

нистрі Цао Вейсин отырысқа қатысушы-

ларды  құттықтап,  сөз  сөйледі.  Министр 

Қазақстандық  делегацияның  іс-шараға 

белсенді  қатысқаны  үшін  ризашылығын 

білдірді.  Министр  екі  елдің  геологиялық 

қызметтері  арасындағы  екі  жақты  ынты-

мақтастықтың жəне бірыңғай геологиялық 

карта  құру  мақсатымен  зерттелетін  өңір 

шегінде  геологиялық  ақпаратпен  алмасу 

бойынша жұмыстарды күшейтудің маңыз-

дылығын  атап  өтті. 

Қазақстан Республикасы Инвестиция-

лар жəне даму министрлігінің атынан Гео-

логия  жəне  жер  қойнауын  пайдалану  ко-

митетінің  төрағасы  Базарбай  Нұрабаев 

өз сөзінде осы іс-шараны ұйымдастырға-

ны үшін Қытай Халық Республикасында-

ғы  əріптестеріне  ризашылығын  білдірді.

«Біз  тек  қана  бірлесе  күш  сала  оты-

рып,  Кіші  комитет  шеңберінде  геология 

жəне  жер  қойнауын  пайдалану  саласын-

дағы одан əрі ынтымақтастықтың жемісті 

болуын  қамтамасыз  ете  аламыз.  Өйт-

кені  біздің  елдеріміз  арасындағы  геоло-

гия  жəне  жер  қойнауын  пайдалану  сала-

сындағы  өзара  тиімді  ынтымақтастыққа 

жəрдем  көрсету  үшін    отырыстарды  тұ-

рақты  өткізіп  отыру  маңызды»,  –    деді 

Б.Нұрабай.

8-ші отырыстың күн тəртібі жағымды 

жаңалыққа толы болды. Қазақстан-Қытай 

ынтымақтастық  комитетінің  жұмыс  жағ-

дайы  жөнінде  ақпарат  беру,  перспекти-

валық  учаскелерді  талдау  жəне  анықтау 

үшін  Қазақстан  мен  Қытай  арасындағы 

шекараға шектес алаптың бірыңғай карта-

сын құрастыру жөніндегі жобаны талқы-

лау, жобаны орындау бойынша түйткілді 

мəселелерді  талқылау  сияқты  геология-

лық саладағы екі жақты ынтымақтастық-

тың маңызды түйткілдері қарастырылды.

Сонымен  қатар  отырыста  бірлескен 

жобаларды  дамыту  бағыттары,  екі  елдің 

геологиялық  қызметтері  арасындағы  ын-

тымақтастықты  кеңейту  жəне  геология-

лық ақпаратпен алмасу жұмысын күшей-

ту жөніндегі жоспарлар талқыланды. Ал-

дағы  халықаралық  конгрестерге,  Қазақс-

тан  мен  Қытайдағы  геологиялық  барлау 

жəне  тау-кен  металлургиялық  бейін  көр-

мелеріне геологиялық барлау кəсіпорын-

дарының  қатысуы  мəселесі  сөз  болды.  

Қытай  тарапы  2017  жылдың  бірінші 

жарты  жылдығында  Геология  жəне  жер 

қойнауын пайдалану комитетінің қызмет-

керлері  мен  қазақстандық  геолог  маман-

дарды  геологиялық  бағыттар  бойынша 

оқытуды  қолға  алды.  Сондай-ақ,  Қытай 

тарапы  Қытай  Халық  Республикасының 

Үкіметі  атынан  стипендия  бөліп,  Пекин 

университеттерінде  оқып  жатқан  үздік 

қазақстандық  студенттерді  оқытуды  қа-

растырды. 

Ал  «Glencore»  компаниясы  Қазақс-

тандағы  геологиялық  барлауға  10  млн 

АҚШ долларынан астам инвестиция құя-

ды.  Лондонда  ҚР  Инвестициялар  жəне 

даму  вице-министрі  Ерлан  Қайыров  пен 

«Қазгеология»  АҚ  басқармасының  төра-

ғасы  Ғалым  Нұржанов  əлемдегі  аса  ірі 

Glencore  швейцария  компаниясының  ак-

ционері  əрі    «Kazzinc  Holdings»  ЖШС 

директорлар кеңесінің төрағасы Николой 

Поповичпен кездесіп, осындай мүмкіндік-

ке қол жеткізді. Тараптар бірлескен жоба-

ларды іске асыру жөніндегі жоспарларын 

талқылап,  уағдаластықтарға  келді.    Атап 

айтқанда,  Glencore  «Қазцинк»  ЖШС  ар-

қылы Қазақстандағы моноқалаларда жəне 

компанияның жұмыс істеп тұрған өндіріс-

терінің  маңында  орналасқан  5    перспек-

тивалы  учаскедегі  геологиялық  барлау-

ға  қаржы  салатын  болды.  2017  жылдан 

бастап  компания  осы  учаскелерде  геоло-

гиялық  барлауды  бірлесіп  жүргізуді  қол-

ға алды. Бастапқы кезеңде инвестициялар 

кемінде 10 млн АҚШ долларын құрайды. 

Сондай-ақ, «Казгеология» АҚ басшылығы 

Rio  Tinto  компаниясының  Африка-Еура-

зия өңірлерін геологиялық барлау опера-

циялары  жөніндегі  директоры    Кен  Тен-

тон  мырзамен  кездесу  өткізді.  Кездесуде 

Қарағанды  облысында  іске  асырылатын 

2  жоба  бойынша  неғұрлым  өзекті  мəсе-

лелерді  талқылау,  сондай-ақ  қазақстан-

дық  кадрларды  оқыту  мен  осы  саладағы 

инновациялық технологиялар трансферті 

бағытын  одан  əрі  жалғастыру  жоспарла-

рын  айқындау  мəселелері  талқыланды.

  Айта  кету  керек,  «Қазцинк»  ілес-

пе  мыстың,  қымбат  металдар  мен  қорға-

сынның  үлесі  зор  мырышты  бірге  өнді-

ретін ірі өндіруші. Тау-кен өндіру компа-

ниялары арасында əлемде 2-орын алатын 

«Glencore»  Швейцария  трейдинг  компа-

ниясы  оның  басты  инвесторы  болып  та-

былады. Сол сияқты Rio Tinto – капитал-

дану көлемі бойынша əлемде 2-орындағы 

тау-кен  металлургия  компаниясы,  алтын 

өндіруден    əлемде  7-орында,  алюминий-

ден  –  2-орында,  темір  кенінен  –  2-орын-

да,  көмірден  –  4-орында,  сондай-ақ  ал-

мас  пен  ураннан  –  3-орында.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал