Және инновация вице-министрінің «Сіздің елдің павильонының басты ерекшелігі неде?» деген



жүктеу 1.15 Mb.

бет8/11
Дата08.09.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Динара  ДҮРМƏН

Сонымен  ел  халқының  санын 

18  миллионға  жеткізген  Муслима 

Сəбитқызы  Алматы  облысы,  Тал-

дықорған  қаласында  мамыр  айын-

да дүниеге келді. ҚР Ұлттық эконо-

мика  министрі  Тимур  Сүлейменов 

сəбидің қалай анықталғанын айтып 

берді.  «ҚР  Ұлттық  экономика  ми-

нистрлігі  Статистика  комитетінің 

деректері бойынша 2017 жылғы ма-

мырда Қазақстан халқының саны 18 

миллион адамға жетті, ал 18 миллио-

ныншы тұрғынының туған күні 2017 

жылдың 11 мамырына сай келді», – 

деді  министр. 

Муслима  –  отбасындағы  екінші 

бала.  Нəрестенің  ата-анасы  Тал-

дықорған  қаласында  тұрады.  Ана-

сы  –  Диана  Омарханова  –  дефек-

толог,  1991  жылы  туған,  əкесі  – 

Самат  Бестібаев  –  мұғалім,  1982 

жылы  туған. 

Алматы  облысының  əкімі  Аман-

дық  Баталов  Талдықорған  қаласын-

да тұратын Бестібаевтар отбасына ар-

найы барып құттықтап, 3 бөлмелі пə-

тердің  кілтін  табыстады.  Елбасының 

атынан нəрестеге арналған құрал-жаб-

дықтар,  бесік,  төсек,  қоларба,  ойын-

шықтар  секілді  қажетті  заттар  сыйға 

тартылды. «Еліміздің он сегіз миллио-



Қазақстанда 18 миллионыншы тұрғын дүниеге келген еді. Бұл кейбір 

мемлекеттердің статистикасы үшін болмашы көрсеткіш болғанымен

қазақ халқы үшін сүйінші сұрайтын жаңалық. 2017 жылы дүниеге 

келген Муслима миллиондардың жалғастырушысы, тарихи тізімге 

алынған тұрғыны болмақ. 

АҚЖОЛТАЙ МУСЛИМАҒА 

АРНАЛҒАН ПӘТЕР

ныншы тұрғынының Алматы облысының ор-

талығы Талдықорған қаласында дүниеге кел-

гені – бəріміз үшін ерекше қуанышты оқиға. 

Демографиялық өсімнің жылдан жылға ұл-

ғайып келе жатқаны халықтың Елбасымыз-

дың салиқалы саясатына, Қазақстанның бо-

лашағына  деген  сенімінің  зор  екенін  білді-

реді. Жас ұрпақтың алаңсыз өсіп, білім алуы-

на елімізде барлық жағдай жасалып келеді. 

Елбасының  атынан,  Жетісу  жұртшылығы-

ның атынан осы айтулы оқиғамен шын жү-

ректен құттықтаймын. Кішкентай нəресте 

аман-сау  өсіп,  ер  жетіп,  елдің  абыройлы 

азаматы болсын!», – деді Амандық Баталов. 

Халық санының жылдан жылға өсіп, 

демографиялық ахуалдың жақсаруы елдің 

əлеуметтік-экономикалық  жағдайының 

да  көтеріліп  келе  жатқанын  білдіреді. 

Əр  жылдарда  Алматының  миллионын-

шы тұрғыны, Астананың миллионыншы 

тұрғыны,  Алматы  облысының  1,5  мил-

лионыншы тұрғынын сүйінші сұрап, ха-

барлағанымыз  есте.  Өйткені  «əр  қазақ 

–  менің  жалғызым»  демекші,  қазақ  да-

ласында  дүниеге  келген  əрбір  азамат  – 

мемлекеттің  басты  құндылығы. 

Ақниет  БЕЙІМБЕТ 

«Түркістанның»  экономикалық  қосымшасы

Ырыс


13 шілде, бейсенбі, 2017 жыл

9

ТАНЫМ



ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей империясының Қазақстанды 

отарлау саясаты тереңдей түскені белгілі. Төрт ғасырлық хандық билік 

жойылды. 1868 жылғы уақытша ереже бұрынғы  Қазақ даласының 

тұтастығын бұзып, қоғамның ішкі ерекшеліктері мен сұраныстарын 

ескермей, жоғарыдан зорлықпен таңылған түрлі әкімшілік-басқару 

реформалары жүзеге асырылды. Жергілікті халықты атамекенінен, 

құнарлы жерлерінен айыру, оның ұлттық намысы мен сана-сезіміне  

тиіп, ежелгі дәстүрлі мәдениеті мен ата салтын аяқ асты ету қалыпты 

жағдайға айналды. 

АЛАШ М РАСЫ ЖӘНЕ 

ТӘУЕЛСІЗ  АЗА СТАН  

Патшалық Ресейдің отарлық саясаты Алаш 

қозғалысының бастау  алуының  негізгі саяси 

себебі  болғанына  дау  жоқ.  Алайда  осы  кезге 

дейін  бұл  аса  маңызды  қоғамдық  құбылыс-

ты барынша тереңірек ұғынуға көмектесетін, 

ежелден ұлттық əлеуметтік-рухани құндылық-

тарымыздың  жалғастығын,  тұтастығын  аша 

түсетін  əлеуметтік-рухани  негіздеріне  назар 

аудармай келеміз.  

Азаттық пен еркіндікті кез келген халық-

тың табиғи атрибуты санаған сонау əл-Фара-

би,  Асан  қайғыдан  бастау  алатын  ұлтымыз-

дың  рухани  құндылықтары  ХIХ  ғасырдағы 

қазақ  қоғамындағы  өзгерістерге  байланысты 

алғашқы  ағартушыларымыз  Шоқан  Уəлиха-

нов,  Ыбырай  Алтынсарин  жəне  ұлы  Абай-

дың  саяси-əлеуметтік  идеяларынан  жаңаша 

көрініс тауып еді. 

Орыс билеушілерінің өктем де озбыр əре-

кетін жақсы білген, өз халқының тағдырын əр-

кез жүрегінде ұстаған, тіпті, ел ішіндегі қиын-

шылықты жеңілдету үшін өзі əділетті аға сұл-

тан  болғысы  келген  Шоқан  Уəлиханов:  «Ха-

лықтың  қалыпты  түрде  өсуі  үшін  ол  даму-

дың  қандай  деңгейінде  тұрса  да:  өзіндік  да-

муы, өзін-өзі қорғауы, өзін-өзі басқаруы жəне 

өзіндік  соты  болуы  қажет»  деп  жазған  еді. 

Бұл, шынына келгенде, тəуелсіздіктің форму-

ласы  болатын,  бірақ  мұны  сол  кездегі  қоғам 

дамуының  кенжелігінен    «тəуелсіздік»  ұғы-

мы деп түсінетін де, оны асқақ идея етіп кө-

теретін де ешкім бола қойған жоқ.  

Өз заманының саяси сипатын жақсы таны-

ған озық ойлы Ыбырай Алтынсарин Ресейдің 

қазақ еліне «орыс селендерін» көшірген əрекеті  

туралы былай деген еді: «Бұл пікір, меніңше, 

ешбір ақылға сыймайтын нəрсе сияқты. Егер 

істі  дұрыс  жүргізе  білмесе,    онда  айттым  да 

қойдым, қазақтар, – келешегі жақсы деп үміт 

етіп  отырған осы халық, – тез құрып кетеді, 

содан кейін бұл істі  ешқандай түзете алмай-

сың». Бұдан өз кезінде орыстандыру саясаты-

ның белең ала бастағанын жіті байқаған ашық 

ойды  танумен  қатар,  сол  күдіктердің  қанша-

лықты  негізділігін,  сөз  иесінің  соншалықты 

көрегендігін  қазір  еліміз  тəуелсіздік  алғанда 

ғана терең сезіне алып отырмыз.  

Саяси  мəселеге  ашық  бармағанымен  Ре-

сей  саясатының  рухани  зардабын  Абай  да 

жеткілікті білген болатын. Ұлы ойшыл орыс-

тың  сотымен  қазақты  соттауға  болмайды  де-

гені, сонан соң оның қаламынан туған 74 бап-

тан тұратын «Билер ережесі» көп нəрсені аң-

ғартады. Ал «Жиырма бесінші сөзінде» орыс-

ша оқу керек, өнер де, ғылым да – бəрі орыста 

дей келе, Абай «Зарарынан қашық болу, пай-

дасына  ортақ  болуға»  орыстың  тілін,  оқуын, 

ғылымын  білмек  керек  деген  еді.  Осындағы 

«зарарынан  қашық  болу»  дегені  төркінді  сөз 

тіркесі болатын.  

Осындай  идея  жəне  ой  тұжырымдармен 

күрескерлік қызметтерін  байыта, ширата түс-

кен Алаш жетекшілері өз кездеріндегі қазақ қо-

ғамының рухани сұранысынан туған, мағына-

лары аса терең «Азаттық пен тəуелсіздік» де-

ген ұғымдарды нақты күн тəртібіне қоя білді. 

Шынында  да,  Тəуелсіздік  отарлық  езгі-

ге  төзбей,  халқының  азаттығы  үшін  күрес-

кен,  Атырауды,  Арқаны,  Сыр  бойын,  қазақ 

елін  тұтас  қамтыған  Сырым  Датовтың,  Иса-

тай  мен  Махамбеттің,  Кенесарының,  Жанқо-

жаның,  Есеттің  жəне  басқа  сансыз  батырла-

рымыздың  жан  қиярлық  ерлігінің  нəтижесі 

еді.  Бұл  қасиетті  ұғымда  түрі  жағынан  да, 

мазмұны жағынан да ұлттық мемлекеттік құ-

рылымға қол жеткізе алмай кеткен Алаштың 

аса көрнекті саяси тұлғалары – Əлихан Бөкей-

хан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұ-

лы, Мұстафа Шоқай жəне басқалардың асыл 

армандары  бар  болатын.  Бұл  сондай-ақ,  Қа-

зан  төңкерісінде,  одан  кейінгі  Азамат  соғы-

сында,  байып-бағдарсыз  жүргізілген  жаппай 

ұжымдастыру  мен  индустрияландыруда  күй-

зелген  қазақтың,  1930-жылдардағы  ашаршы-

лықта  қырылған  халқымыз  бен  жаппай  «ха-

лық жауы» деп қудаланған ардақтыларымыз-

дың көз жасы еді. Тіпті «кемелденген социа-

лизмнен  коммунизмге  аяқ басқан» кезеңдегі 

бүкіл кеңестік кеңістікті дүр сілкіндірген Жел-

тоқсан  көтерілісіндегі  жастарымыздың  қыр-

шын  кеткен  ғұмырларын  да  Тəуелсіздіктен 

ажыратып  алу  мүмкін  емес.  Сол  себепті  біз-

дер  үшін,  қазақ  халқы  үшін  бұдан  қасиетті, 

бұдан қастерлі ұғым жоқ. 

Тəуелсіздікті  ту  еткен  Алаш  қозғалысы 

өзінің  саяси  топ  басшылары,  қозғаушы  күші 

мен  алдына  қойған  мақсаты  жəне  қамтыған 

мəселелері жағынан бұрын-соңды қазақ тари-

хында ең маңызды əрі жоғары деңгейде ұйым-

дасқан қоғамдық құбылыс болды. Мұның бас-

ты  артықшылығы,  жер  жəне  билік  мəселесі-

мен  қатар  ұлттық  болмыс  пен  құндылықтар-

ды  сақтау  жəне  оларды  заман  талабына  сəй-

кес  етіп  бейімдеу  мəселесін  көздеуінде  жəне 

өзінің  күрес  жолында  саяси  демократиялық 

партия мен ұлттық «Алашорда» үкіметін құру 

деңгейіне шейін көтерілгенінде болды.   

Өз кезіндегі адамзат баласының қолы жет-

кен əлемдік тарих жəне əлеуметтік саяси ойтұ-

жырымдардан  жақсы  хабардар,  рухани  қуат-

қарымы мен өріс өрелері биік Алаш қозғалы-

сының жетекшілерінің негізгі мақсаты қазақ-

тың егеменді, «іргесі бөлек» тəуелсіз, ұлттық 

дербес мемлекетін құру болатын. 

Ұлттық  еркіндік  пен  дамудың  алғышар-

ты  болуға  тиісті  мұндай  ұлттық  мемлекеттің 

қажеттігі  1917  жылғы  24  маусымда  «Қазақ» 

газетінің  «Тағы  жалпы  қазақ  сиезі»  атты  ре-

дакциялық  мақаласында  арнайы  сөз  болған-

ды. Алаш зиялылары ұлттық мемлекетті бур-

жуазиялық демократиялық республика ретін-

де  ұғына  отырып,  оны  ұлттық  мүддені  қор-

ғайтын, қазақ елін Еуропаның өркениетті ел-

дері  қатарына  алып  шығатын  бірден-бір  дұ-

рыс  жол  деп  санады.  Бұл  идеялардың  маңы-

зы  бүгінгі  тəуелсіз  еліміз  жағдайында  арта 

түспесе, əсте кемімейді. Сонан соң сонау əл-

Фарабиден мұра болып келе жатқан қай дең-

гейде болса да, басқарудың ұжымдық нысаны 

да  өзінің  өзектілігін  жойған  жоқ.    Жеке  дара 

басқару еш уақытта оң нəтиже бере алмаған, 

бұл əсіресе азиялық, шығыстық  мемлекеттік 

нұсқаларда көптеген қайшылықтарға əкелген 

болатын.  Оған кəрі тарих куə. 

1917 жылдың 5-13 желтоқсаны аралығын-

да Орынборда өткен Бүкіл қазақтардың екінші 

съезінде  «Алашорда» аталған ұлттық сипаты 

айқын  Алаш  автономиясының  Ұлт  кеңесінің 

құрамына  25  адамның  сайлануы,  оның  10ы 

орыс жəне басқа халықтар өкілдері болуы жай-

Өз кезіндегі өркениетті елдердің тəжіри-

бесін  саралай  келе,  саяси  мəдениеті  жоға-

ры  елдерде  саяси  партиялар  аз  болатынын 

жақсы  білген  Əлихан  Бөкейхан  «Ыстамбул 

Һəм қылилар» деген мақаласында: «Англия-

дағы  қашаннан  бері  екі-ақ  партия:  бірі  бос-

тандық, жылдам ілгері басқан. ...Екінші Анг-

лияның саяси партиясы ақырын жүріп, ескіні 

бұзып,  жармай,  еппен  іс  қылған»  деп  саяси 

мəдениеті жоғары елдердегі қоспартиялықты 

үлгі  еткен  еді.  Бұл  арада  əңгіме  ел  ішіндегі 

саяси,  əлеуметтік  жəне  экономикалық  мəсе-

лелерді талдау, осыған байланысты өздерінің 

бағыт-бағдарларын айқындау негізінде билік-

ке келіп  отыратын ең жетекші консерватор-

лар  мен  лейбористер  партиялары  жөнінде 

екені  белгілі. 

Азаматтардың  бірлесу  бостандығының 

тəуелсіз  Қазақстан  жағдайында  конституция-

лық шешім табуы көппартиялықтың  тууына 

қолайлы  жағдай  жасады.  Саяси  ұйым  кешегі 

кеңестік  кезеңде  де  болған-ды.  Алайда  жал-

ғыз  коммунистік  партия  бүкіл  билікті  өз  қо-

лына шоғырландырып, қоғамды жеке-дара би-

леді.  Өйткені  оның  мəртебесі  кеңестік  конс-

титуцияда «кеңес қоғамының басшы жəне ба-

ғыт беруші күші, саяси жүйенің  мемлекеттік 

жəне қоғамдық ұйымдарының ұйытқысы» деп 

айқындалды. Ал жеке билеудің түбі – құлды-

рау. Кешегі кеңестік жүйенің құлауының  бір 

себебі де осында жатқан болатын.  

Қоғамның сипатын айқындай түсетін көп-

партиялық  бүгінгі  шындығымызға  айналды. 

лықтың көзі, құлағы һəм тілі. Адамға көз, құ-

лақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сон-

дай  керек.  Газеті  жоқ  жұрт  басқа  газеті  бар  

жұрттардың  қасында  құлағы  жоқ  керең,  тілі 

жоқ  мылқау,  көзі  жоқ  соқыр  сықылды»  –  де-

ген  алаштықтар  түсінігі  жаңа  жағдайда  жа-

ңартылмай отыр.   

Алаш  жетекшілерінің  өздері  өмір  сүрген 

қоғамның  ең  өзекті  деген  əлеуметтік  мəсе-

лелерін  биік  деңгейде  көтеріп,  оны  шешудің 

де  бірден-бір  жолын  өнер-білімнен  іздегені 

белгілі. Олар халықты түсінікті тілімен ғасыр-

лық ұйқыдан оянуға, білімге, еңбекке шақыр-

ды. Міржақып Дулатұлы  басқалармен тізеле-

суге, тартысуға, жарысуға оқу-білім керек дей 

отырып: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқу-

да. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақта-

сақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ 

та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсы-

лыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу» десе, 

ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: «Біз кейін 

қалған халық, алға басып, жұрт қатарына кіру 

керек.  Басқадан  кем  болмас  үшін  біз  білімді, 

бай һəм күшті болуымыз керек. Білімді болу-

ға  оқу  керек.  Бай  болуға  кəсіп  керек.  Күшті 

болуға бірлік керек. Осы керектердің жолын-

да  жұмыс  істеу  керек»  деген  болатын.    Бұл 

сөздерді  ұлтымыздың  мəңгілік  ұраны,  қазіргі 

тəуелсіз мемлекетіміздің бірден-бір əлеуметтік 

əрекет формуласы деуге болады.

Өз  халқын  шексіз  сүйіп,  айрықша  адал-

дық  танытқан  Алаштың  арыстары  ру,  ұлыс-

тарға  бөлініп,  халықтың  ішіне  іріткі  салатын 

ды  қалыптаса  алмағандығынан  сан  жылдар 

тілдік кеңістікте қордаланған қиыншылықтар 

мен  қайшылықтарды  жою  бағытында  батыл 

саяси  жəне  құқықтық  əрекеттер  жасалынба-

ды. Асқақ идея жаңа жағдайда ұлттық мұрат-

тарымызды    шешумен  жалғастырылып,  дəс-

түрлі  рухани  бұлақтан  суғарылып,  санамыз 

тəуелсіздік  талаптарына  сəйкес  тиісті  жаңара 

түспеді.  Бірнеше  ғасыр  отаршылдықтан  пай-

да болған жалтақтық, кеше ғана үстемдік жа-

саған, бүгін де жалғаса түскен құлдық психо-

логия əлі де үлкен кедергі болып, жігерлі іске 

жібермей келеді. 

Осындай  жағдайдан  бүгінгі  ана  тілдік 

кеңістікте əлі шешуін табатын мəселелер көбе-

йе түспесе, əсте азаятын емес. Мұның өзіндік 

негіздері  бар.  1990-ыншы  жылдары    қоғамы-

мыздағы  демографиялық  жағдайдың  аса  бір 

күрделі  кезінде  Конституцияның  7-ші  бабы-

ның 1-інші тармағында «Қазақстан Республи-

касында мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп жа-

зумен  бірге  2-інші  тармағында  «Мемлекеттiк 

ұйымдарда жəне жергiлiктi өзiн-өзi басқару ор-

гандарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлi-

мен  тең  қолданылады»  деген  құқықтық  нор-

ма қабылданды. Бұл елдегі тыныштықты алға 

қойғаннан  туғанымен,  өзінің  заңдық  сипаты 

жағынан  қайшылықты  болатын.  Оның  үсті-

не  мұның  орындалуына  қатаң  бақылау  ор-

ната  алмаудан  қазір  кез  келген  ұйымдар  мен 

мекемелерде  екі  тіл  қатар  қолданылып,  тіпті 

орыс  тілі  іс  жүзінде  мемлекеттік  мəртебеге 

ие  болып  алды.  Қазір  министрліктерде,  Үкі-

ізгіліктің  орындарына  айналуда.  Дегенмен 

ашық  қоғам  құрамыз  деп,  кейде  осы  ұғым-

ның  төркініне  жете  мəн    бермеу  салдарынан 

қоғамымыз көп дінділікке бой алдырып алды. 

Тіпті дəстүрлі ислам дінінің өзі түрлі ағымдар-

ға бөлініп, кейбір қалталы кісілер оларды мо-

нополиялауға ұмтылуда. Мұның да белгілі се-

бептері жоқ емес. 

1995 жылы қабылданған  Конституцияның 

5-бабының 5-тармағында:  «Шетелдік діни бір-

лестіктердің Республика аумағындағы қызметі, 

сондай-ақ  шетелдік  діни  орталықтардың  Рес-

публикадағы діни бірлестіктер басшыларын та-

ғайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік 

органдарымен    келісу  арқылы  жүзеге  асыры-

лады» деп жазып, шетелдік діндерге есік аш-

тық. Мұндай норманы мен ешбір елдің конс-

титуциясынан кездестіре алмадым. 

Рас,  2011  жылғы  11  қазанда    қабылдан-

ған «Діни қызмет пен діни бірлестіктер тура-

лы» Заң бірсыпыра мəселелерді шешті. Алай-

да Заңның  «Мемлекет жəне дін» деп аталатын 

3-бабында  «Мемлекет дін жəне діни бірлестік-

терден бөлінген» деген норма қабылдап, үлкен 

қателік жібердік. Дін – қоғамдық сананың бір 

түрі,  ол  –  адамның  нанымы  мен  сенімі,  көз-

қарасы, əдет-ғұрпы, керек десең іс-əрекеті де. 

Осындай  жағдайда  діннің  иесі  –  адамды  қа-

лай мемлекеттен бөлеміз? Əлде мемлекетті құ-

райтын адамдар емес, өзгелер ме? Бұған ақыл 

жеткізу қиын.   

Сондай-ақ,  Парламент бас-аяғы бір апта-

он  күнде    асығыс  қабылданған  Заңның  тағы 

бір «жаңалығы» – оның «Осы заңда пайдала-

натын негізгі ұғымдар» деп аталатын 1-бабы-

ның 5-тармақшасында «Миссионерлік қызмет 

– Қазақстан Республикасы азаматтарының, ше-

телдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, Қа-

зақстан Республикасының тіркелген діни бір-

лестіктердің атынан Қазақстан Республикасы-

ның аумағында діни ілімді таратуға бағыттал-

ған қызметі» деп осы кезге дейін талай уақыт 

сарабынан  өткен,  тиісті  сөздіктердегі  айқын-

далған анықтама белден басылып, «жетілген» 

анықтама берілгендігінде болып отыр. Бұлар-

дың  барлығын  тарқатып  айтуға  уақыт  тар. 

Айтпағым – дін туралы заңды принципті тұр-

ғыда  қайта  қарау  қажет  немесе  жаңа  заң  қа-

былдау  керек.  Ол  заң  еліміздегі  дəстүрлі  дін-

дердің  ізгі  əрекеттеріне,  халқымыздың  тату-

тəтті  өмір  сүруіне,  мемлекетіміздің  тұтасты-

ғына,  ұлтымыздың,  бүкіл  қазақстандықтар-

дың  ортақ  түсіністігі  мен  келісімді  тірлігіне 

игі ықпал ететіндей болуы керек. 

Біздер  Еуроазия  құрылығында  өмір  сүріп 

отырғанымызды, Қазақстанның географиялық

тарихи  жағдайларын  ескере  бермейтін  сияқ-

тымыз.  Осы  кезге  дейінгі  қазақ  ұлыларының 

қалыптасуын алып қарасақ,  атойлап тұратын 

мынандай факторды ескерген жөн. Ұлы Абай-

дың əлемдік дəрежедегі рухани шыңға көтері-

луі  оның  өз  халқының  сан  ғасырлық  ұлттық 

құндылықтарын  терең  игеруінің,  Батыс  пен 

Шығыстың  озық  мəдениетін  бойына  сіңіре, 

үйлестіре білгендігінің арқасында ғана мүмкін 

болғаны белгілі. Əсілі, бүгін қайта-қайта ора-

ла беретін жалғыз Батыспен қазақ ұзаққа бара 

алмаса керек. Демократия тек Батыстан тара-

ды, батыстық экономикадағы нарықтық қаты-

нас бəрін шешеді деп ойлау біржақты көзқарас. 

Тарихы шексіз, шетсіз мұраға бай, имандылық 

пен адалдықты мұрат еткен, қазір қайта оянған 

Шығыспен  санасып,  қажетті  құндылықтарды 

ала  білген  жөн.  Бірақ  жүрек  ұлтым,  қазағым 

деп соғып, елімізді, жерімізді сүйген өзге ұлт 

өкілдерін, Абай сөзімен айтқанда, адамзаттың 

бəрін сүй бауырым дегенді ескерген дұрыс. 

«Тəуелсіздік»  ұғымын  «ұлтшыл»  жəне 

«ұлтшылдық» деген ұғымдарсыз түсіну қиын. 

Сондықтан  бұларға  тоқтай  кеткен  жөн.  Бұл 

ұғымдарды патшалық Ресей де, кешегі кеңестік 

билік те өзінің саясатындағы қайшылықтарға 

қарсы  тұрған  ұлт  зиялыларын  басып-жанжу-

дың  басты  құралы  еткені  белгілі.  1986  жыл-

ғы Желтоқсан оқиғасынан кейін СОКП Орта-

лық Комитеті Саяси Бюросының қазақ халқы-

на  «ұлтшыл»  деп  баға  беруге  тырысуы  олар-

дың  қателескені  емес  еді,  бұл  ұғым  компар-

тияның  ұлттық  аймақтарды  бір  уыста  ұстау 

үшін  пайдаланған  идеологиялық  қаруы  бо-

латын.  Қазіргі  кезде  бұл  ұғымды  ресми  ақ-

параттарда  кеңестік  мағынасында  пайдалану 

жоқ емес. Ал мұны кезінде Алаштың арыста-

ры өз ұлтын шексіз сүюдің үлгісі ретінде пай-

даланған  болатын.  Мұстафа  Шоқай  ұлтшыл-

дық  идеясына  түсініктеме  бере  отырып:  «Ол 

–  халқымыздың    жаны  мен  жүрегі.  Ұлтымыз 

өмір сүрсе, ол да бірге өмір сүреді» деген еді. 

Алаштың арыстары өз ұлтын шексіз сүюдің 

үлгісі  ретінде  пайдаланған  «ұлтшылдық»  де-

ген ұғымды бүгінгі тəуелсіздік жағдайда шы-

найы түсінуіміз керек. «Ұлтшылдық» ұлтжан-

дылықтан  əлдеқайда  терең  мағналы,  ұлтын 

шынайы  сүюді  айқындайтын  қасиетті  ұғым 

екенін  толық  сезінетін  кез  келген  сияқты.  Өз 

ұлтының  қадіріне  жете  алмаған  адам  өзгені 

қадірлей қоймас. 

Тəуелсіздік  тағылымдарын  насихаттау  да 

бізде  кенже  қалып  келеді.  Бұл  кең  көлемде 

жүргізілуі  қажет.  Бізде  ұран  басым.  Болма-

ғанды  болды  деу,  толмағанды  толды  деу  жиі 

кездесіп жатады. Бүгінгі сан салалы жетістік-

терді  де,  кездесіп  жатқан  қиыншылықтарды 

да таразы басына сала отырып, тəуелсіздіктің 

құнын  халыққа  байыпты  да  ұтымды  жеткі-

зе  білу  керек.  Сонан  соң  Тəуелсіздікті  тек 

90-жылдардан бергі оқиғалармен байланысты-

ру бел алып барады. Бұл тарихқа қиянат, жал-

пы  тəуелсіздіктің  құнын  түсіреді.  Сондай-ақ, 

ұлттық тəуелсіздік, ұлттық тіл мен ұлттық рух 

– бұлардың барлығы ұлттың ең негізгі сипат-

тамалары ғана емес, «Тəуелсіздік» ұғымының 

бір-бірінен ажырағысыз компоненттері екенін 

есте ұстағанымыз абзал. 

Бүгінгі  күні  Алаш  жетекшілерінің  өшпес 

идеяларын жүйелі түрде насихаттау да жетіс-

пей отыр. Тіпті Алаш мұрасына деген көзқарас 

əлі кешегі кеңестік кезден көп ұзап кете қой-

ған  жоқ.  Əйтпесе    Алаш  қозғалысының  шын 

мəнісіндегі  көсемі  Əлихан  Бөкейханның  150 

жылдығын  атап  өту  туралы  ЮНЕСКО  қаулы 

қабылдағанда  қаржы  жоқтығын  сылтау  етіп, 

бұл  маңызды      оқиғаға  елімізде  тиісті  мəн 

бермеуді  басқаша  түсіну  қиын.  Ал  Алаш  кө-

семінің 15 томдық толық жинағын жеке кəсіп-

керлердің  күшімен  шығаруды  қалай  ұғынуға 

болады?  Алаш  алыптарының  бірі  Мұстафа 

Шоқайдың  1000  дана  он  екі  томдық  шығар-

малары еліміздегі облыстық кітапханалардың 

өзіне жетпегеніне не дерсің?

Осындай  жағдайда  Алаш  алыптарының 

осыдан  ғасыр  бұрын  айтқан  «Қазағым-ау, 

оян! Алаш намыстан! Алаш жігерлен!» деген 

сияқты жалынды ұрандарының күні туып тұр. 

Осы  жол  тəуелсіздігімізді  тұғырлы,  елімізді 

Мəңгілік етері сөзсіз.



 Əбдіжəлел БƏКІР,

саяси ғылымдарының докторы, 

профессор

дан-жай емес еді. Бұл қазақ даласындағы эт-

никалық ерекшеліктен жəне ұжымдық басқа-

рудың  қажеттігінен  туған  қадам  болатын-ды. 

Жеке  билеудің  зардаптарын  əлем  тарихынан 

да,  қазақ  хандығы  мысалынан  да  жақсы  біл-

ген  Алаш  жетекшілері  съез  қабылдаған    қа-

рарда аса бір мəнді мəселе – «демократиялық 

парламенттік республика құру» туралы қағи-

даны көтерген еді. 

Алайда Алаш қозғалысының ұлттық мем-

лекет  туралы  идеясының  өмірі  қысқа  болды. 

«Алашорда»  мен  осыған  қосылуы  ойласты-

рылған Қоқан автономиясы күшпен таратыл-

ды. Кеңестік тоталитарлық жүйе азаттықты аң-

саған идеяларға жан-жақты қысым жасап, ав-

тономия құрушыларды əртүрлі қуғын-сүргін-

ге ұшыратты, қырып-жойды.  

Еліміз тəуелсіздікке бет бұрғанда қабыл-

данған  Қазақстан  Республикасының  мем-

лекеттік  егемендігі  туралы  Декларациясын-

да ұлттық мемлекеттікті сақтау, қорғау жəне 

нығайту  жөнінде  шаралар  қолданады  деген 

біздің  бүгініміз    үшін  де,  келешегіміз  үшін 

де  қажет,  аса  маңызды  қағида  қабылдануы-

ның  негізі  бар  болатын.  Бірақ  кейін  бұл  ба-

ғытта қажырлы əрекет жасай алмадық. Мəсе-

лені бұлай айтуымыздың принципті мəні бар.  

Біздің  қазіргі  кенжелеу  келе  жатқан  рухани 

дүниеміздегі қайшылықты мəселелердің көбі 

мемлекеттің  ұлттық  сипаты  жетімсіздігінен 

туындап отыр. Мемлекет құрған жəне бүгінгі 

күні  көпшілікті  құрап  отырған  өз  ұлтымыз-

дың басты мүдделерін толыққанды мойындай 

қойған жоқпыз. Мұнсыз ұлтымыз  ең бірінші 

еліміздегі  өзге  халықтарды  топтастырушы-

лық, басын біріктірушілік  рөлді толыққанды 

атқара алмайды. Екіншіден, қазақтың шынайы 

ұлттық идеясы жалпы қазақстандық деңгейге 

көтерілмейінше, халқымыздың алдында тұр-

ған аса зор міндеттерді шешуіміз қиын. Мұ-

ның барлығы Қазақстанды ұлттық мемлекет 

ретінде дамытуды, қазақты шынайы мағына-

дағы  өркениетті  ұлт  есебінде  қалыптастыра 

түсуді  қажет  етіп  отыр.  Рас,  бұлар  аса  күр-

делі мəселелер, алайда мұнсыз Тəуелсіздікті 

тұғырлы  ете  алмаймыз.  Мəңгілік  ел  болуды 

басты  мұрат  етіп  отырған  бізге  бұдан  басқа 

жол  да  жоқ.  Ал  əлемдік  тəжірибеде  мемле-

кет құраушы ұлт 60 пайыздан асса, онда сол 

мемлекеттегі саясат мемлекет құраушы  ұлт-

тың мүддесі мен мұратына жұмыс істеуі қа-

жет  деген  қағида  бар. 

Съездің  ең  маңызды  шешімдерінің  бірі 

қазақтың  тұңғыш  ұлттық-демократиялық 

саяси  партияcының  құрылуы  болды.  Ол  қа-

зан айында «Алаш» атына ие болды. Əлихан 

Бөкейхан  өзінің  «Алаш  партиясы»  атты  ма-

қаласында былай деп жазды: «Сиез қаулысы 

халыққа  мəлім.  Партия  ұраны  десек,    баба-

мыздың «Алаш» ұранынан артық ұранды із-

десек  те  таба  алмаймыз.  Сөйтіп  қазақ  саяси 

партиясының  атын  «Алаш»  қою  ойлап  əуре 

болмастан  ауызға  түсіп  тұр». 

Қазақтың  арғы-бергі  төл  тарихында  те-

рең із қалдырған «Алаш» сияқты саяси пар-

тия болған емес. Оның саяси сахнаға шығуы, 

бір жағынан, патшалық Ресейдің Қазақстанды  

отарлау  саясатының  терең  дағдарысын  көр-

сетсе,  екінші  жағынан,  қазақ  қоғамын  жаңа 

саяси-экономикалық жəне рухани негізде қай-

та құру қажеттігін танытты. Партия  бағдар-

ламасы сол кездегі қазақ  қоғамындағы əлеу-

меттік-саяси ойдың деңгейін танытатын бір-

ден-бір аса маңызды құжат болды. Оның ав-

торлары дүние жүзінің алдыңғы қатарлы ел-

дерінің тəжірибелерін пайдалана отырып, қа-

зақ халқын дербес даму мен прогресс жолы-

на бастайтын мемлекеттік-құқықтық идеялар-

ды ұсына білді. «Алаш» партиясы бағдарла-

масының жалпыұлттық  тұтастықта болуды, 

қазақ  елінің  сан  ғасырлық  өркендеу  тəжіри-

бесін,  салт-дəстүрін  қоғам  дамуының  сұра-

нысына бейімдеуді жақтауы большевиктердің 

қазақ қоғамының таптық тұрғыдан жіктелуін 

ұсынған жобасынан көрі анағұрлым артық бо-

латын.  Кейінгі  тарих  мұны  айқын  танытты. 

Бұған Парламент сайлаулары толық дəлел бола 

алады.  Бірақ  та  сайлаудан  кейін  ұзақ  ұйқыға 

кететін  саны  бар  да,  сапасы  шамалы  партия-

лардың  тыныс-тіршілігін  көпшілік  біле  бер-

мейді.  Қоғамдағы  əлеуметтік-экономикалық 

жəне  саяси  реформаларды  жүргізуге  бел-

сенді қатысу, өмір сапасының стандарттарын 

қалыптастыру,  олардың  билік  органдарының 

қызметіне  қоғамдық  бақылауды  жүзеге  асы-

ру сияқты мəселелер партиялардың жарғыла-

рында əртүрлі дəрежеде болса да көрініс  тап-

қанымен оларды жүзеге асыру үшін жасалып 

жатқан қажырлы қызмет шамалы, тіпті көрін-

бейді де. Əсілі, саяси партиялар өздерінің ал-

дарына қойған мақсаттарын айқындай, тəжіри-

бе  жинай  жəне  жетіле  түсіп,  біріге  жəне  ірі-

лене отырып, үлкен саяси күшке айнала ала-

тын шығар.   

Қоғамның демократиялық барометрлерінің 

тиімді  түрлерінің  бірі  –  сайлау  жүйесі  екені 

мəлім. Сол себепті демократиялық ұстанымы 

туасы  берік  болған  Əлихан  Бөкейхан  патша-

лық Ресейдің отаршылдық жағдайындағы сай-

лау  үдерісін  сынай  отырып,  оны  Еуропаның 

озық  үлгісімен  салыстырды,    əділдік  болма-

ған жұртта береке, бірлік болмайды деді. 1913 

жылғы «Қазақ» газетінің №12 санында жария-

ланған  «Сайлау»  атты  мақаласында  «Европа 

жұртының  сайлауы  халыққа  тегіс  бір  үлкен 

той.  Европада  халық  партия  болғанда    адас-

пас  ақ  жол,  адам  адаспас  асқар  бел,  жұрт  іл-

гері басатын іс қыламыз деп таласады. Сайла-

ған адамы халық қызметшісі, һəр орынға сай-

ланғанда мынау білгіш, мынау шешен, мынау 

көсем,  мынау  əділ  деп  əрқайсысын  өз  орны-

на сайлайды» – деп, халқына еуропалық сай-

лау  жүйесін  үлгі  еткен  еді.  Міне,  содан  бері 

арада жүз жыл өтсе де, бұл идеялардың мəні 

жойылған  жоқ.  Еліміздің  тəуелсіздік  жағда-

йында халықты демократиялық үрдіске үйре-

тетін, өзінің бірден-бір азаматтық еркін білді-

ретін қазіргі сайлау жүйесін жетілдіре түсудің 

қажеттігі бүгінгі сайлаулардан аз-кем хабардар 

кісілерге айтпай-ақ түсінікті болар.   

Алаш  басшылары  алға  қойған  мақсат-

қа  жетуде,  ұлт  мүддесін  қорғауда,  халықтың 

əлеуметтік  санасын  көтеруде,  оның  күш-жі-

герін біріктіруде бұқаралық ақпарат құралына 

– «төртінші билікке» ерекше көңіл бөлген бо-

латын. Сонау өткен ғасыр басында қазақ қоға-

мы  үшін  аса  бір  жауапты  кезеңде  халқымыз-

дың  рухани  айнасы  да,  саяси  ұстанымы  да, 

ұйқы  ашар  ақпараты  да  бола  білген  «Қазақ» 

газеті,  Мұхтар  Əуезов  сөзімен  айтқанда,  «ел 

дертінің  себебін  ұғып,  емін  біліп,  енді  қазақ-

ты оятып, күшін бір жерге жиып, патша сая-

сатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да, 

бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп, та-

лап қыла бастаған уақытта» келген Алаш қоз-

ғалысының  шын  мəнісіндегі    ақпараттық  ай-

бынды мінбері бола алған еді.

Бүгін, Құдайға шүкір, республикамызда екі 

мыңның  үстінде  бұқаралық  ақпарат  құралда-

ры  бар,  оның  80  пайыздайы  қоғамның  саяси 

сипатына сəйкес тəуелсіз деп саналады. Олар-

дың көтеріп жатқан мəселелері де кең ауқым-

да,  терең  танымда.  Бірақ  газет-журналдарды 

бұқара  халық  пен  биліктің  арасында  рухани 

көпір болды, осы басылымдарда шығып жат-

қан материалдарға билік органдары тарапынан  

тиісінше  қолдау  жасалып  отыр  деу  қиындау. 

Ал парасатты ойларды, ұлағатты  үндерді құ-

лақ естімейді, көз көре бермейді. Əсіресе, қа-

зақ тілді басылымдарды мемлекеттік шенеунік-

тер оқи бермейді. Осындай себептерден 1913 

жылы    ашылған  «Қазақ»  газетінің    алғашқы 

санындағы    Ахмет  Байтұрсынұлының  оқыр-

мандарға арналған  мақаласында «газет – ха-

рушылдық психологиядан өздерін əркез алшақ 

ұстады. Олар ұлтты құтқару күресінде, ұлттық 

құрылыста  жік  тудыратындарды  ұлтшылдық 

идеясы мен мұраттарының жаулары деп есеп-

теді.  М. Шоқай: «Орыс империализміне қар-

сы  күрес  майданындағылардың  ұлтын,  дінін, 

нəсілін,  партиясын  тергеп-тектемейік,  алала-

майық.  Тек  осындай  жол  ғана  бізді  ұлттық 

азаттыққа  жеткізе  алады…  Бұдан  басқа  жол-

дардың  барлығы  алдамшы,  тұйық…  Өзінің 

ішкі      бірлігін  нығайта  алған  халықтар  ғана 

тəуелсіздігіне  қол  жеткізе  алады.  Жəне  оны 

қорғап қала алады” – деген болатын. 

Ел  ішіндегі  бірлігіміз  бен  ынтымағымыз-

ды  арттыра  түсу  жөніндегі  Алаш  алыптары-

ның өсиеттері бүгінгі көп этносты Қазақстан 

жағдайында  айрықша  мəнге  ие  болып  отыр. 

Тəуелсіздігімізді тұғырлы ете түсетін, алдағы 

аса күрделі міндеттерді шешуде күш-қуат да-

рытатын ұлттық бірлігімізді нығайта түсу ба-

ғытында Елбасымыздың жүргізіп отырған сара 

саясаты алыс-жақынды мойындатты. Сондай-

ақ,  үлкенді-кіші  көршілерімізбен  тату-тəтті 

өмір  сүріп,  екі  жаққа  тиімді  қарым-қатынас 

жасау  да  қазіргі  сыртқы  саясатымыздың  ма-

ңызды саласы болып отырғаны белгілі. 

Алаш ұлт-азаттық қозғалысының Тəуелсіз-

дік үшін күресі ең бірінші рухани дүниеміздің 

өзегі  –  тілдің  бостандығынан  басталған  еді. 

Өйткені  патшалық  Ресей  тарихы  ғасырларға 

кететін,  өзінің  əдет-ғұрпы,  салт-санасы  жөні-

нен ешкімнен кем емес қазақты «бұратана» са-

нап, оның тілін, ділі мен дінін жою үшін ба-

рын  салды.  Сонау  1905  жылдың  қарашасын-

да  Мəскеуде  өткен  Ресейдің    жергілікті  жəне 

қалалық  қайраткерлері  съезінде  5  миллионға 

жуық қазақ халқының атынан аса көрнекті сая-

си реформатор, ғұлама ғалым Əлихан Бөкей-

хан  сөз  сөйлеп,  өз  халқының  ана  тіліне  бос-

тандық берілуін, іс қағаздарының қазақ тілін-

де жүргізілуін, қазақ мектебінің қудаланбауын 

айтуы жайдан-жай емес еді. Ал Ахмет Байтұр-

сынұлы 1914 жылы жарық көрген «Бастауыш 

мектеп»  атты  мақаласында  «Қазақ  бастауыш 

мектебі қандай боларға керек?» деген сауалға  

орай  бастауыш  мектепте  оқығандар  ең  əуелі 

қазақша  толық  хат  білетін  дəрежеде  болуын 

көздеген  болатын.  Ол  бастауыш  мектептерде 

оқу  үшін  5  жылдықты  ұсынып,  оның  алғаш-

қы үш жылында бала бірыңғай қазақша оқып, 

өз  ана  тілінде  жаза,  сөйлей  алуын  қамтама-

сыз етіп, төртінші жылында  орысша оқыты-

луы қажет деді. 

Алаш жетекшілерінің тəуелсіздікті тілден 

бастаулары жайдан-жай емес еді. Шынына кел-

генде, шынайы тəуелсіздік тілдің тəуелсіздігі-

нен  бастау  алатыны,  онсыз  халық  толыққан-

ды тəуелсіз бола алмайтыны тарихтан белгілі. 

Оған  кешегі  өткен  тарихымыз  куə.  Осындай 

себеппен  ана  тіліміз  мəселесіне  кеңірек  тоқ-

тай кеткенді жөн көріп отырмыз. 

Егемендіктің елең-алаңында еліміздің ұлт-

шыл  азаматтары  ең  бірінші  тіліміз  үшін  кү-

ресіп,  1989  жылғы  Қазақ  КСР  Жоғары  Ке-

ңесінде  оның    мемлекеттік  мəртебесіне  қол 

жеткізілді.  Бұл  1995  жылғы  Ата  Заңда  конс-

титуциялық шешімін тапты. 1997 жылғы  «Қа-

зақстан  Республикасындағы  Тіл  туралы»  Заң 

қабылданып,  осы  маңызды  құжатты  жүзе-

ге асыру мақсатында алдағы басым бағыттар 

мен міндеттер де айқындалды. Аз уақытта көп 

нəрсе жүзеге асты.  Бұған дау жоқ. 

Алайда қайта құрудан басталған тіл үшін 

күрес,  егемендікке  жету  мен  тəуелсіздік  алу-

дан  əрі  аса  алмады.  Ең  өкініштісі,  патшалық 

Ресейдің  отарлық  саясаты,  соның  саяси  жал-

ғасындай  болған  кеңес  өкіметі  кезінде  мем-

лекетіміздің  де,  ұлтымыздың  да  толыққан-

метте,  тіпті  басқа  мемлекеттік  билік  тармақ-

тарына қарағанда ұлттық сипаты басым болу-

ға тиісті Парламенттің өзінде негізгі тіл орыс 

тілі екенін жұртшылық жақсы біледі. Бұл жағ-

дайлар қоғамда орыс тілінің белең алуына ті-

келей ықпал етіп отыр. 

Сонан соң Елбасымыздың жолдаусөздерін-

де  ұрпақтарымыз  үш  тілді  (əсте  үш  тұғырлы 

тіл емес) білсін деген өміршең өсиетін дұрыс 

түсіне  алмаушылық  та  көптеген  кедергілерге 

ұрындырып отыр. Тілдің жалғыз ғана тұғыры 

болатынын, ол ұлттық тіл екенін мойындағы-

сы  келмейтін  шала  сауаттылар  «триединст-

во языков» дегенді «үш тұғырлы тіл» деп ау-

дарып,  жұртшылықты  шатастырумен  келеді. 

Осындай себеппен соңғы жылдары Білім жəне 

ғылым  министрлігіндегілер  балабақшалар-

да, көбісі əлі өз ана тілінде сөйлей алмайтын 

əлеуметтік  ортада  4-5  жасар  ұл-қыздарымыз-

ға  қазақша,  орысша  жəне  ағылшыншаны  қа-

тар  оқытып  келеді.  Енді  балалардың  көбі  үш 

тілдің  бірде  біреуінде  дұрыс    сөйлей  алмай-

ды. Ең негізгісі, олардың ұлттық ойлау жүйе-

лері бұзылуда. Бұл – аса қауіпті. Бұл келешекті 

қияды. Алайда мұны түсінетін əлі бір мемле-

кеттік  мекеме  болмай  отыр.  Мұны  мен  жай-

дан-жай  айтып  отырғаным  жоқ.  Министрлік-

ке  де,  Үкіметке  де,  Парламентке  де  жаздым. 

Бірақ олардан қазақ ағылшын тілін қолдайды 

дегеннен басқа жауап ала алмадым.  

Қашанда  ескеретін  бір  шындық  –  ұлттық 

ойлау  жүйесін  дұрыс  қалыптастырып,  тілдің 

тұғыры  болып  саналатын  ұлттық  тілді  жетік 

білгенде  ғана  басқа  тілдердің  құнын  толық 

түсінуге болады. Тоғыз жүз төрт   еңбегін он 

тілде жазған, шетелде жүргеніне он бес жыл-

дан асқанда, яғни  1936 жылы Түркістан жас-

тарының алдында Мұстафа Шоқайдың радио-

дан сөйлеген сөзінің құдіретті күшіне таң қал-

мау мүмкін емес. Сөз отжалын шашады. Жа-

қындағанды  шарпиды.  

Өкінішке қарай, халқымыздың рухани ұс-

таздарының  бірі  Бауыржан  Момышұлының 

осыдан 70 жылдай бұрын айтқан, «өзінің ана 

тілінің үдесіне жете алмай – құр қалғандар, ұлт 

мақтаныш сезімінен, ұлт намысынан ажырап, 

«шөре-шөре»  болып  жүргендер»    қазір  көбе-

йе түспесе, азаятын емес. Өйткені барлық ұл-

қыздарымызды  қазақ  мектептерінде  оқытып, 

өз  ана  тілінде  білім  алдыра  алмай  отырмыз. 

Бүгінгі  орта  мектептегі,  орта  арнаулы  жəне 

жоғары  оқу  орындарындағы  орыс  топтары-

ның  басым  көпшілігі  –  өзіміздің  ұрпақтары-

мыз.  Қазақ  мектептеріндегі  балаларымыздың 

өзі сабақтан тыс уақытта орыс тілінде сөйлейді. 

Ал орысша оқып, орысша тəрбиеленген қазақ 

баласын ата дəстүрінде тəрбиелеу, оның сана-

сезімін ұлттық бағытта қалыптастыру  қиын-

ның қиыны. Өйткені олар орыс тілімен қатар 

тілі, діні, ділі бөлек сол елдің тəрбиесін де қа-

былдап отыр. Абай айтқан «зарарынан қашық 

болудың» төркіні осында да жатыр.

Ана  тіліміз  туралы  сөзімізді  мынандай 

ойымен  аяқтағанды  дұрыс  санап  отырмыз. 

Тəуелсіздіктің тұғырлы болуы да мемлекеттік 

мəртебеге ие болған тілдің жағдайымен тікелей 

байланысты.  Сол  сияқты  халықаралық  стан-

дартқа сүйенсек, мемлекеттік тілде сөйлемеген 

мемлекеттік  ұйымдар  мен  мекемелер  заңсыз 

деп саналатынын да есте ұстаған артық емес.

Тəуелсіздік жылдары халқымыз өзінің ру-

хани өркенінің өзектісі саналатын дəстүрлі діні-

мен қайта қауышты. Дінге сенушілер көбейіп, 

діни  бірлестіктердің  саны  артты.  Осы  аймақ-

тың  ежелден  жалғыз  иесі  болып  келе  жатқан 

қазақтың  дəстүрлі  ислами  бірлестіктері  бес 

есеге  өсті.  Мешіттер  көбейіп,  көптеген  діни 

оқу орындары ашылып, олар имандылық пен 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал