Және инновация вице-министрінің «Сіздің елдің павильонының басты ерекшелігі неде?» деген



жүктеу 1.15 Mb.

бет7/11
Дата08.09.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ақниет  ОСПАНБАЙ 

«Түркістанның»  экономикалық  қосымшасы

Ырыс


8

13 шілде, бейсенбі, 2017 жыл

«НҰРЛЫ ЖЕР»:

ЖАРНА ТӨЛЕУ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

Елімізде баспана мәселесі өзектілігін жойған емес. Себебі республика 

бойынша үйге деген сұраныс пен баспана жағдайын жақсартуға 

ниет білдірушілер саны күн санап арта түсуде. Сандарды сөйлететін 

болсақ, бүгінде Қазақстанда 2 млн 300 мың адам баспанаға мұқтаж. 

Соның 1 млн 300 мыңы – жер кезегінде тұрғандар. Оның 115 мыңы 

Астана қаласы бойынша өтініш бергендер. 

сында  салынатын  үйлердің  саны  да  еселеп 

артып  отыр.  Сондай-ақ,  қазақстандықтар 

жеңілдетілген  5  пайыздық  несиемен  де  пə-

тер ала алады. Бұл да «Нұрлы жер» мемле-

кеттік бағдарламасындағы бағыттардың бірі. 

Ал,  оны  қалай  алатынын  білу  мақсатында 

мемлекеттің  тұрғын  үй  бағдарламасын  жү-

зеге асырумен айналысып келе жатқан қар-

жы  институттарының  бірі  –  «Тұрғынүйқұ-

рылысжинақ  банкі»  АҚ.  Банк  «Жас  отба-

сы»  бағдарламасын  сол  2012  жылдан  бас-

тап сəтті жүзеге асырды. Бірақ соңғы уақыт-

та мемлекеттің тұрғын үйге қатысты саяса-

ты модернизацияға ұшырап, түрлену үстін-

де. Енді елдегі тұрғын үйге қатысты мемле-

кеттік  бағдарламалардың  барлығы  «Нұрлы 

жер» бағдарламасына бірігіп кетті. Жастар-

дың мəселесін енді арендалық баспана ше-

шетін  болады,  сатып  алу  құқығымен  жəне 

сатып алу құқығынсыз. Бұл бағыт жастарға 

да, əлеуметтік топқа жататын азаматтарға да

мемлекеттік жəне бюджеттік қызметкерлер-

ге де арналған. Яғни, үйдің алғашқы жарна-

сын төлеуге жағдайы жоқтарға таптырмай-

тын  мүмкіндік  болып  отыр.  Үй  алу  тетік-

тері  дəл  сол  бұрынғыдай:  кезекке  тұрып, 

қажетті  құжаттарды  рəсімдеу  керек.  Бірақ, 

бұрын  «Жас  отбасы»  бағытын  біздің  банк 

жүзеге асырып келген болса, қазір «Нұрлы 

жер»  аясындағы  аталған  бағытпен  Қазақс-

танның  ипотекалық  компаниясы  айналы-

сатын  болады.  Ал  «Несиелік  баспана»  де-

ген үлкен бағыт бар. Яғни, алғашқы жарна-

сын  салып,  жылдық  5  пайыздық  несиемен 

үйіңізді ала беріңіз. Оған халықтың барлық 

санаты қатыса алады. Алдымен пəтер сома-

сының 30 пайызын құю керек, қалған ақша-

сын  банк  береді. 

Бұл жаңа бағдарлама аясында енді жыл 

сайын  10  млн  шаршы  метр  баспана  пайда-

лануға беріледі. Тұрғын үйлер екі түрлі бол-

мақ: көпқабатты үйлер жəне қарапайым жер 

үйлер. Яғни, жыл сайын 5 млн шаршы метр 

көпқабатты,  5  млн  шаршы  метр  жер  үйлер 

салынып,  халыққа  беріледі. 



БАСПАНА  АЛУДА  ҚАНДАЙ 

ЖЕҢІЛДІК  БАР?

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі»  «Нұр-

лы жер» бағдарламасына қатысушылар үшін 

несие шарттарына едəуір жеңілдіктер енгізді. 

Бұл  жөнінде  банк  басқармасы  төрағасының 

орынбасары  Жанар  Жұбаниязова:  «Егер  бұ-

рындары  салымшы  «Тұрғынүйқұрылысжи-

нақбанкі» арқылы баспана алу үшін салым-

ның тура 50 пайызын жинауы қажет болса, 

ендігі  уақытта  «Нұрлы  жер»  бағдарламасы 

арқылы  баспаналы  болғысы  келген  салым-

шылар 30 пайызын жинайды. Қалған 20 па-

йыз бағдарламаның өсімімен интеграцияла-

нуға кетеді. Сонымен қатар бағдарлама ая-

сында ауқымды жеке тұрғын үй құрылысы 

да  жоспарланған.  Біз  еліміздің  өңірлеріне 

сапарлап қайттық. Əсіресе, Қостанай облы-

сында жеке тұрғын үй құрылысы қарқынды 

жүруде. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойын-

ша  жеке  тұрғын  үй  салу  үшін  несие  алуға 

өтінім  берген  алғашқы  салымшыларымыз 

да бар», – деді ол. Жанар Жұбаниязованың 

айтуынша, өңірлердегі баспананың ең жоға-

ры құны шаршы метріне 180 мың теңгеден, 

ал  Астана  мен  Алматы  қалаларында  шаршы 

метріне  220  мың  теңгеден  аспайды.  Жалпы, 

бағдарлама  аясында  шамамен  13  мың  шар-

шы  жаңа  пəтер  салынбақшы.  Бұл  шамамен 

860 мың шаршы метрді құрайды.

Бүгінде  бағдарлама  арқылы  баспаналы 

болып жатқан жұрт көп. Банк те шама-шар-

қынша  жеңілдік  шарттарын  ұсынып  бағу-

да. Алайда  бағдарлама баспанаға мұқтаж 2 

млн  300  мыңнан  астам  халықтың  жырты-

ғын  жамай  ала  ма? 

Динара  МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Үкімет  2017-2031  жылдарға  арналған 

«Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылы-

сы  бағдарламасын  əзірлегені  белгілі.  Бағ-

дарламаның  басты  мақсаты  –  қазақстан-

дық  отбасыларды  қолжетімді  тұрғын  үй-

мен  қамтамасыз  етуге  арналған.  Аталған 

жыл  ішінде  республика  бойынша  «Нұрлы 

жер»  бағдарламасы  аясында  1,5  миллион-

ға  жуық  қолжетімді  тұрғын  үй  салу  жос-

парланып  отыр.  Сондай-ақ,  «Нұрлы  жер» 

бағдарламасы  ҚР  Ұлттық  банкінің  сыйақы 

мөлшерлемесі  бойынша  жеке  құрылыс  са-

лушы компанияларға несие беруді қарасты-

рады. Бүгінгі күні бұл жылдық 16 пайызды 

құрайды, оның 7 пайызын «Даму» қоры суб-

сидиялайды, қалған жылдық 9 пайызын құ-

рылыс салушы төлейді. Субсидия кəсіпкер-

лердің  тұрғын үй салуға қатысты жаңа не-

сиесіне беріледі. Соның нəтижесінде бүгінгі 

таңда «Нұрлы жер» бағдарламасының арқа-

сында  құрылыс  секторы  жəне  ипотекалық 

несиелеу  нарығы  оң  динамиканы  көрсете 

бастады.  Айта  кету  керек,  «Даму»  қоры  – 

ұлттық даму институты.  Оның жалғыз ак-

ционері болып «Бəйтерек» ұлттық басқару-

шы  холдинг»  АҚ  табылады.

«Даму» қорының мақсаты – шағын орта 

бизнесті  сапалы  дамытуға  көмектесу,  сон-

дай-ақ  Қазақстанның  шағын  қаржы  ұйым-

дарының  консалтингтік  жəне  қаржылық 

қызметтерді  ұсынудың  интиграторы  мен 

операторы  ретінде  қызмет  атқарады.  Со-

нымен  қатар,  «Нұрлы  жер»  бағдарламасы-

ның тағы бір операторы – «Самұрық-Қазы-

на» жылжымайтын мүлік қоры». «Самұрық-

Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  ак-

ционерлік  қоғамы    2009  жылғы  6  наурыз-

да  құрылды.  «Самұрық-Қазына»  АҚ  Жыл-

жымайтын  мүлік  қорының  Жалғыз  акцио-

нері болып табылады. Жылжымайтын мүлік 

қоры  жалға  берілетін  жəне  коммерциялық 

тұрғын  үй  бағыты  бойынша  «Нұрлы  жер» 

бағдарламасымен  қоса,  Дағдарысқа  қар-

сы  бағдарламаның  операторы.  Бағдарла-

маның  келесі  бір  операторы  –  «Қазақстан-

дық Ипотекалық Компаниясы» (ҚИК) ипо-

текалық  ұйымы.  Бүгінге  дейін  ҚИК  «Банк 

ЦентрКредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Сбер-

банк»  АҚ,  «Bank  RBK»  АҚ,  «Цеснабанк» 

АҚ,  «ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкі»  АҚ. 

«ТенгриБанк»  АҚ  сынды  қаржы  ұйымда-

рымен  келісімге  келген.  Субсидияланатын 

қарыз бойынша қарыз алушы үшін түпкілікті 

мөлшерлеме 10 пайызды құрайды, мөлшерле-

менің  қалған  бөлігін  ҚИК  өтейді.  Бұл  ретте 

банктің  ең  жоғары  мөлшерлемесі  субсидия-

лау туралы шешім қабылданған сəтте қолда-

ныста  болған  Қазақстан  Республикасы  Ұлт-

тық  Банкінің  базалық  мөлшерлемесінің  дең-

гейінен  5  пайыздан  артық  емес  болу  керек. 

Айта кетейік, «Нұрлы жер» – үкіметтің қазақ   с-

тандықтарды барлық алдыңғылары біріктіріл-

ген қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету 

мəселесі  бойынша  атқарған  жұмысының  нə-

тижесі болып табылады: 2015-2019 жылдарға 

арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұ-

рылымдық дамыту бағдарламасының тұрғын 

үй  бөлімі  жəне  Өңірлерді  дамытудың  2020 

жылға  дейінгі  бағдарламасы. 

 

ПƏТЕР  АЛУ  ҮШІН  5  ПАЙЫЗДЫҚ 

НЕСИЕ  КІМДЕРГЕ  БЕРІЛЕДІ?

Биыл  1  қаңтардан  бастап  Өңірлерді  да-

мытудың  2020  жылға  дейінгі  мемлекеттік 

бағдарламасы  күшін  жойғаны  белгілі.  Бі-

рақ  бұл  халық  баспанасыз  қалады  деген  сөз 

емес. Керісінше, мемлекеттің тұрғын үй сая-

саты жаңа деңгейге шығып отыр. Бұған дейін 

жеңілдетілген жолмен баспана беретін бірне-

ше бағдарлама болса, енді оның бəрі «Нұрлы 

жер» бағдарламасына бірігіп отыр. Ал мұқтаж 

жандардың баспаналы болу мүмкіндігі бұрын-

ғыға  қарағанда  əлдеқайда  артқан.

Бірнеше  бағдарлама  деп  отырғанымыз: 

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағ-

дарламасы, «2012-2020 жылдарға арналған мо-

ноқалаларды дамыту», «2011-2020 жылдарға ар-

налған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын 

жаңғырту», «Қолжетімді баспана-2020» мемле-

кеттік бағдарламалары. Бұлардың бəрі енді бір 

жүйе негізінде жүзеге аспақ.

Мəселен, бұған дейін мемлекет жас отба-

сылардың  баспаналы  болуына  көбірек  екпін 

берсе,  қазір  əлеуметтік  жағдайы  төмен  отба-

сылар  да,  мемлекеттік  жəне  бюджеттік  сала 

қызметкерлері  де,  оралмандар  да  жəне  əлеу-

меттік статусы бар өзге азаматтар да пəтерді 

арендалық негізде ала алады. Мемлекет сала-

тын бұл пəтерлер сатып алу құқығымен жəне 

сатып  алу  құқығынсыз  берілетінін  де  айта 

кету керек. Яғни, алғашқы жарнасын төлемей-

ақ  үйлі  болуға  мүмкіндік  көп.  Оның  үстіне 

биылдан  бастап  мемлекеттік  бағдарлама  ая-



Оңтүстік Қазақстан облысында астық жинау науқаны басталды.  

Алғашқы болып егінге орақ салғандардың қатарында 

қазығұрттық «Айқожа» өндірістік кооперативі де бар. Техникасын 

жаңартып, науқанға қызу дайындалған кәсіпорын бидайдың 

алғашқы тоннасын қамбасына құйды. 1998 жылы құрылған 

кооператив меншігінде жалпы 12700 гектар жер бар.

ҚАРҒАНЫҢ МИЫ 

ҚАЙНАҒАН АПТАП ЫСТЫҚ

еліміздің барша аумағында жұртты әбігерге салуда

Биыл жаз кеш шықты, сəуірдегі 

қар, мамырдағы жауын-шашыннан 

кейін жаз шықпайтындай көрінген. 

Бірақ  жаз  ерекше  ыстық.  Маусым 

айынан  бері  республиканың  бар-

лық өңірлерінде аптап ыстық сақ-

талуда.  Шіліңгір  шілденің  аптабы 

зар  күйінде.  «ҚазГидромет»  аптап 

ыстыққа  байланысты  сан  дүркін 

ескерту  жариялады. 

САЛҚЫНДАТҚЫШ  КӨМЕГІНЕ 

ЖҮГІНГЕН  ЖҰРТ

Республика өңірлері тегіс ыстық-

тан зардап шегуде. Шілденің басын-

да  шығыстағы  аптап  ыстық  талай-

дың  мазасын  қашырды.  Кей  жерлер-

де  ауа  температурасы  +40  градусқа 

дейін  көтерілді.  Өскеменде  жерге 

тамшы  түспегелі  бір  айға  жуықта-

ған.  Ыстыққа  шыдамаған  бала-шаға 

қала  көшелеріндегі  су  бұрқақта  шо-

мылса,  көпшілік  өзен-көлдерді  жа-

ғалап,  жан  сақтауда.  Соның  салда-

рынан  суға  кеткендер  саны  да  жыл-

дағыдан  көп. 

Қызылорданың  қапырығы  биыл 

да  жас-кəріні  түгел  əбігерге  салды. 

Қалада  денсаулығы  сыр  бергендер 

көбейіп,  жедел  жəрдемге  түсіп  жат-

қан  шақыртуларда  есеп  жоқ.  Тұр-

ғындардың  редакцияға  жазған  хат-

тарында  көшедегі  ауа  температура-

сын өлшеуіштердің суреті де салын-

ған. Мұнда көшедегі температура +56 

градусты  көрсетіп  тұр. 

Маңғыстау облысының жазы тіптен 

ерекше.  Ауыл  тұрғынының  айтуынша, 

ауа температурасы көлік ішінде 56 гра-

дусқа дейін көтерілген. «Бұл көрсеткіш 

ағамның көлігінен түсірілген. Ал менің 

көлігімде  55,5  С  болып  тұрды.  Аптап 

ыстықтан ел салқындатқыштың көмегі-

мен жан сақтап отыр», – деді ол. Күннің 

күрт ысуынан Маңғыстау облысында 70 

гектар  алқап  өртке  оранды.

Аптап  ыстықтың  қаупі  əлі  сейіл-

ген  жоқ.  Республиканың  батысы  мен 

оңтүстігінде жауын-шашынсыз ыстық 

ауа  райы  шілденің  соңына  дейін  сақ-

талады. «Қазгидрометтің» болжамын-

ша, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Оң-

түстік  Қазақстан,  Батыс  Қазақстан, 

Қостанай,  Қарағанды  облыстарын-

да  айдың  соңына  дейін  аптап  ыстық. 

Сондай-ақ, Маңғыстау, Атырау, Ақтө-

бе  облыстарында  да  өте  қатты  ыстық 

болады.  Қызылорда,  Оңтүстік-Қазақ-

стан,  Қарағанды,  Қостанай,  Атырау, 

Батыс-Қазақстан  облыстарының  кей 

жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақ-

талады.  Дəл  осындай  жағдай  Қазақ с-

тан  аумағында  соңғы  рет  2012  жылы 

тіркеліпті.

Биылғы  жазда  дүниежүзінде  соң-

ғы  100  жылда  болмаған  жоғары  тем-

пература  тіркелді.  Иранның  батысын-

да  орын  тепкен  Ақбаз  қаласындағы 

ауа  температурасы  +53,7  °C-қа  жетті. 

Weather  Underground  ақпарат  көзінің 

келтірген  дерегіне  қарағанда,  аталған 

қалада +61 °C аптап ыстық тіркелген. 

Бұл  планетамыздағы  соңғы  100  жыл-

да  ең  алғаш  рет  тіркеліп  отырған  аса 

жоғары  көрсеткіш. 

ҰРҒАШЫ  ҚАРАҚҰРТТЫҢ  УЫ 

ҚАУІПТІ

Оңтүстік  Қазақстан  облысында  күннің 

ыстығында  ерекше  құтыратын  жəндіктер 

адамға  шабуылдай  бастаған.  Жаз  басынан 

бері  қарақұрттың  уынан  зардап  шегіп,  ау-

руханаға  түскендердің  саны  –  33-ке  жет-

кен.  Бұл  көрсеткіш  өткен  жылмен  салыс-

тырғанда едəуір артқанын байқауға болады. 

Жергілікті дəрігерлердің айтуынша, алдағы 

ыстық  маусымда  қарақұрт  құрбандарының 

саны  күрт  өсуі  мүмкін.

Қарақұрт  –  улы,  қара  өрмекші.  Денесі 

шағын,  түсі  қара,  құрсағында  қызыл  дақ-

тары  бар.  Шөлді  жəне  далалы  аймақтарда 

кездеседі.  Қарақұрттар  өте  өсімтал:  шілде-

де 100-700 жұмыртқа салып, оларды піллəсі-

мен қорғауға алады. Жұмыртқадан шыққан 

өрмекшілер  келесі  жылы  сəуірде  жан-жақ-

қа тарайды. Əсіресе ұрғашы қарақұрттың уы 

адам  мен  малға  өте  қауіпті.  Қарақұрт  шақ-

қан жерде қызыл дақ пайда болады, сəл уа-

қыттан  соң  білінбей  кетеді.  Қарақұрт  шақ-

қан адамның 10-15 минуттан кейін іші мен 

кеудесі  қатты  ауырады,  аяқтарының  жаны 

кетіп,  құрысып  қалады.  Дер  кезінде  жедел 

жəрдем көрсетілмесе, уланған адам 1-2 күн-

нен  кейін  өліп  кетуі  мүмкін. 

Күн ысыған сайын күшейетін улы жəндік 

қала ішінде де қаптап кеткен. Ал ыстық күн-

дердің  əлі  алда  екенін  ескерсек,  қарақұрт-

тан  зəбір  көретіндердің  саны  еселеп  артуы 

ғажап  емес.  Қазір  ауруханаға  түскендердің 

ішінде  жасөспірім,  əйел,  балалар  мен  ере-

сек  азаматтар  да  бар.  Жылқыны  4,  түйені 

6  сағатта  сеспей  қатыратын  жəндік  əсіресе 

шөп  арасында,  құрылыс  басында  көп  кез-

десуде.  Сондықтан  мамандар  қала  сырты-

на  серуендеуге  шыққандар  мен  құрылыс-

шыларға  аса  сақ  болуға  кеңес  береді.  Ста-

тистика бойынша, қарақұрт шаққан əр төрт 

адамның  бірі  өледі  екен. 

Ал Атырауда қарақұрт түйе малына ша-

буылдауда.  Жеті  түйе  улы  өрмекшілердің 

құрбанына айналды. Мал дəрігерлерінің ай-

туынша,  өрмекшілердің  белсенділігінің  ар-

туына аптап ыстық түрткі болған. Қарақұрт 

шаққан малды құтқаруға болады, бірақ иесі 

бір-екі  күн  ішінде  сырқатын  анықтап,  де-

несіне у тарамай тұрғанда ем жасауы керек.

Қарақұрт  Ақтөбеде  балаларға  да  шабуыл-

дай  бастаған.  Қарақұрт  ұйықтап  жатқан  бала-

ның  төсегіне  кіріп,  арқасынан  шағыпты.  Оқи-

ға  Темір  ауданының  Жаңажол  елді  мекенінде 

болған.  Қыздың  аяқ-қолы  құрысып,  ыстығы 

көтірілген  соң  ата-анасы  ауруханаға  жеткізген. 

Бірақ Темір ауданында бұл жəңдіктің уына қар-

сы дəрі жоқ болғандықтан,  бала санавиация ар-

қылы  дереу  облыс  орталығына  жеткізілді.  Бұл 

облыста  осымен  екінші  адамды  қара  құрт  ша-

ғып  отыр.  Осыған  дейін  Байғанин  ауданында 

жүкті  келіншекті  зиянкес  жəндік  шағып,  дəрі-

герлер оны аман алып қалған болатын. Кейбір 

мамандардың  айтуынша,  қарақұрт  уы  қыркү-

йекте аса қауіпті. 

Ертеректе  қазақ  халқы  жайлауда  қа-

рақұрттан  сақтану  үшін,  үй  тігетін  орын-

ға қой жаятын болған. Өйткені улы жəндік 

қойдың  иісі  шыққан  мекеннен  бойын  ау-

лақ ұстайтын көрінеді. Аймақ тұрғындары-

ның көбін қарақұрт даладағы ұйқы кезінде, 

құрылыс  жұмыстары  үстінде  шаққан.  Сон-

дықтан дəрігерлер табиғат аясына демалысқа 

шығатын, құрылыс жұмысын жүргізетін не 

далалы жерде ұйықтайтын адамдарға жабық 

киінуді, барынша мұқият болуды ескертеді. 

ШЕГІРТКЕ  ДЕ  ШЕТЕЛДІК 

ЕКЕНІН  БІЛДІРУДЕ

Жамбыл облысында көктемгі дала жұ-

мыстары қарқынды жүріп жатқанда шегірт-

ке  шаруаларды  əбігерге  салды.  Əсіре-

се  Талас,  Байзақ,  Жамбыл  аудандарының 

егістік  алқаптарын  шегірткелер  кең  жай-

лаған. Қазақ даласына қаптаған шегіртке-

лер  шетелдік  екен.  Шегірткенің  «Марок-

колық» тұқымдасы жергілікті шегіртке тұ-

қымдастарына қарағанда қауіпті, тез көбе-

йеді,  азық  талғамайды.  Мəселен,  марок-

колық  шегіртке  Оңтүстік  Қазақстан  мен 

Жамбыл  облыстарында  таралса,  Алматы, 

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау мен 

Шығыс Қазақстанда азиялық шегіртке жиі 

кездеседі.  Ал  итальяндық  прус  еліміздің 

барлық өңірлерінде ішінара кезедеседі. Де-

генмен,  олар  Қостанай,  Ақтөбе,  Қараған-

ды  облыстары  мен  солтүстік  аймақтарда 

кеңінен  тараған.  Сондықтан  болар,  биыл 

Алматы  қаласының  іргесінде,  тіпті,  қала 

көшелерінде де шегірткелер көбейіп, бау-

бақшаны  жайлап  алған.   

Диқандар көктемнен бері шегіртке қапта-

ды деп келеді. Қызылорда облысының Қаза-

лы ауданында 12 мың гектар жерді итальян-

дық прус шегірткесі жалмап тастаған. Азық 

талғамайтын жəндіктер негізінен құмды ай-

мақтарда көп. Қазіргі таңда Қазалы өңірін-

де  қаптаған  шегірткенің  көзін  жоюға  4  ар-

найы  техника  мен  1  дельтаплан  тартылған. 

Азиялық  шегірткеге  қарсы  химиялық  дəрі-

леу  жұмыстары  да  жүргізілді.  Жалпы,  об-

лыс  бойынша  өткен  жылы  161  мың  гектар 

жер  залалсыздандырылса,  биыл  бұл  көлем 

8  мың  гектарға  азайтылып  отыр.  ҚР  АШМ 

аумақтық  инспекция  басшысы  Еркебұлан 

Бекжанов  бұл  жұмыстардың  маусым  айы-

ның  соңына  дейін  жалғасқанын  жеткізді.

Көктемде  ҚР  Ауыл  шаруашылығы 

минстрлігі  Агроөнеркісіптік  кешендегі  мемле-

кеттік  инспекция  комитетінің  төрағасы  Ержан 

Айнабеков  биыл  үйірлі  шегіртке  1,5  миллион  

гектар алқапқа таралуы мүмкін деген еді. Биыл 

үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің таралуы 1 

570,7 мың гектар алаңда болжануда. Оның ішін-

де итальяндық прус 951,6 мың гектар, азиялық 

шегіртке 298,4 мың гектар, марокколық шегірт-

ке  320,7  мың  гектар  алқапқа  таралу  қаупі  бар. 

Оларды жою жұмыстарына 1,5 миллион теңге-

ден астам қаржы бөлінген. 

Жауын-шашынсыз  құрғақ  температура-

да дала өртінің қаупі басым, егістіктің күйіп 

кетуі  де  ғажап  емес. 



Ақниет  ОСПАНБАЙ

ОҢТҮСТІКТЕ БИДАЙҒА ОРАҚ ТҮСТІ

«Бүгінде біздің кооперативтегі жер көлемі 

12700 гектарға жетіп отыр. Оның 6700 гекта-

ры  тəлімді,  1000  гектары  шабындық,  қалға-

ны ауыспалы егіске жатады. Біз бидай, арпа, 

мақсары  ғана  емес,  картоп  жəне  сарымсақ 

егумен  де    айналысамыз.  Өткен  жылы  1050 

гектар  бидай  алқабының  əр  гектарынан  24 

центнерден  астық  орып,  қамбаға  2520  тон-

на  өнім  жинап,  мол  табысқа  қол  жеткіздік. 

Биылғы  межеміз  24,5  центнер  деп  болжап 

отырмыз», – дейді «Айқожа» өндірістік коо-

перативі төрағасының орынбасары Саян Ба-

тырбаев.  Қазіргі  таңда  орақ  науқанында  30-

ға  жуық  адам  еңбек  етуде.  Жұмысшылар-

дың  орташа  жалақысы  60  мың  теңге.  Коо-

перативтегі  егін  ору  науқанын  жаңадан  са-

тып  алынған  комбайндар  қыздыра  түскен. 

Жалпы, биыл қазығұрттық астық егумен ай-

налысатын қожалықтар жаңа 32 техника са-

тып  алған.  Күнгей  облыста  бидай  ору  нау-

қаны 10 күнге кеш басталды. Мамандар мұ-

ның себебін көктемгі жауын-шашынның мол 

түсіп, ауа райының жылдағыдан салқын бол-

ғанымен байланыстырады. «Биылғы ауа райы-

ның, нақтырақ айтсақ, көктемнің салқын бо-

луы əсерінен орақ оруды айдың аяғында бас-

тап  отырмыз.  Жылда  20-шы  маусымда  бас-

тап  жіберетінбіз.  Облыста  биыл  жалпы  218 

мың гектар жерге бидай мен арпа егілді. Со-

ның  177  мың  гектары  бидай,  41  мың  гекта-

рын арпа құрап отыр. Есеп бойынша биоло-

гиялық  түсімі  18,5  центнер  болады  деген  бол-

жам бар», – дейді облыстық ауыл шаруашылы-

ғы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков.   

Биыл    өңір  диқандарының  басым  бөлігі 

арпа дақылын егуге ден қойған. Оның басты 

себебі – гектарлы бидайға берілетін субсидия-

ның  алынып  тасталуы.  Мемлекет  тарапынан 

берілетін  демеуқаржыдан  қағылған  диқандар 

жаппай арпа, мақсары, жоңышқа мен сүрлем 

жүгері  егуді  қолға  алыпты.  Соның  себебінен 

биыл  арпа  көлемі  едəуір  артқан.  «Гектарлық 

субсидия  биыл  ақ  егіске  берілмейтін  болды. 

Тек бізде қазір мақтаның гектары мен тонна-

сына,  жоңышқаға,  мақсарыға,  жүгеріге,  яғни 

сүрлемге беріліп жатыр. Осыны ескерген ди-

қандар негізінен мал азығына қажетті дақыл-

дар егумен шұғылдануда. Есесіне, бұл үрдіс-

тен үркудің қажеті жоқ. Өйткені біздің облы-

сымыз  бидай  егуді  негізгі  бағыт  ретінде  ұс-

танбайды»,  –  дейді  Серік  Тұрбеков. 

Əрине,  оңтүстік  бидайының  сапасын  сол-

түстік  бидайымен  салыстыруға  келмейді.  Био-

логиялық сұрпына сай, жемазыққа өте қолайлы. 

Алайда жергілікті билік биыл өндірілген бидай-

дың 70 пайызын ұн өнімдерін дайындауға пай-

даланбақ ниетте. Ол үшін солтүстіктен сапалы 

бидай тасымалдап, жартысын араластырып, нан 

өнімдерін əзірлеуді жоспарлауда. «Оңтүстік би-

дайының сапасы төмен болғандықтан, бидайы-

мыздың  70  пайызын  ғана  пайдаланамыз.  Қал-

ған 30-40 мың тоннасын дəнге алып қаламыз», 

–  дейді    басқарма  басшысы.  Ақ  егіс  түрі  оң-

түстіктің  барлық  аудандарында  егіледі.  Бірақ 

биыл Бəйдібек ауданының диқандары 40 мың 

гектарға дəн сеуіп, қамбасын алтын дəнмен то-

лықтырмақшы. Екінші орында Қазығұрт ауда-

ны тұр. Мұнда диқандар 38 мың гектарға би-

дай  еккен.  Қазығұрт  ауданындағы  «Айқожа» 

өндірістік  коооперативіне  қарасты  егістік  ал-

қабына  арнайы  атбасын  бұрып,  егіс  ору  нау-

қанының  куəгері  болған  Оңтүстік  Қазақстан 

облысының  əкімі  Жансейіт  Түймебаев  аудан 

басшылығына  алдағы  жылдары  арпа,  бидай 

егіс  көлемін  арттырып,  оны    экспорттау  мен 

тұқымдық  сапасын  жақсарту  мəселесіне  на-

зар аударуды тапсырды. «Өкінішке қарай, об-

лысымызда  тұқымдық  сорттардың  зерттеліп, 

саралануы жоғары дəрежеде емес. Сондықтан 

шаруалар шамалары келгенше жергілікті сорт-

тарды  пайдаланып  келеді.  Осыған  байланыс-

ты қазір ақ егіс тұқымдарының сапасын рет-

теу  үшін  арнайы    бағдарлама  əзірлеп  жатыр-

мыз. Себебі егін егуде тұқымның сапалы болуы 

өте маңызды», – деді Жансейіт Қансейітұлы.  

Оңтүстік  Қазақстан  облысында    биыл 

218 мың гектар бидай егіліп, одан 401 мың 

тонна астық жинау жоспарда бар. Ал Жам-

был  облысының  диқаншылары  гектарына 

22-23 центнерден өнім алуда. Солардың бірі 

– «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-і. «Луго-

вой жылқы зауыты» жауапкершілігі шектеулі 

серіктестігі биыл 11 мың гектар алқапқа ас-

тық  сепкен.  Оның  4380  гектары  күздік  би-

дай жəне 7000 гектар жаздық арпа. Бүгінде 

орташа алқаптарда гектарына – 22-23 цент-

нерден  өнім  жиналып  жатыр. 

Егін жинау науқанына 60-қа жуық ауыл-

шаруашылық техникалары жұмылдырылған. 

Оның  ішінде  13  «Джон-дир»  комбайндары 

дəн  бастыруда.  Айта  кетейік,  «Джон-дир» 

комбайндарының  əрқайсысы  күніне  70  гек-

тардың астығын орып, бір тəулікте 800 гек-

тар  астықты  жинауға  қауқарлы.

Үстіміздегі жылы Жамбыл облысы  бойын-

ша 106,7 мың га алқапқа күздік бидай, 139 мың 

гектар жаздық арпа, 15 мың гектар дəндік жү-

гері, 2,2 мың гектар жаздық бидай, 9 мың гек-

тар қант қызылшасы, 87,7 мың гектар майлы 

дақылдар, 36,8 мың гектар көкөніс жəне бақ-

ша  дақылдары  себілген.  Ал  2016  жылы  егіс 

алқаптарынан жиналған өнімнің орташа көр-

сеткіші – 24 центнерге жеткен болатын.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал