Және инновация вице-министрінің «Сіздің елдің павильонының басты ерекшелігі неде?» деген



жүктеу 1.15 Mb.

бет6/11
Дата08.09.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бал жеп өскен баланың ақыл-ойының жүйрік, есте сақтау қабілетінің өте 

жақсы болатынын жан-жақты зерделеген мысырлықтар ескі замандарда-

ақ күн сайын балаларына белгілі бір мөлшерде бал беруді дағдыға 

айналдырған екен. Мұндай үрдіс қайбір жылы Шығыс Қазақстан, Алматы 

және Солтүстік Қазақстан облыстарында да қолға алынып, мектептерде 

оқушылардың ас мәзіріне бал енгізілген болатын. Алайда бұл бастама 

өзге өңірлерде жалғасын таппады. Статистикалық дерекке жүгінсек, 

Қазақстанның әрбір тұрғыны жылына орта есеппен небәрі 40 грамм ғана 

бал жейді екен. Бұл бір шәй қасық қана. 1990 жылға дейін бал өндіруден 

Ресей, Украина және Беларусьтан соң төртінші орында тұрған Қазақстан 

жыл сайын алыс-жақын шетелдерге 50 мың тоннаға жуық ара балын 

экспорттаған. Кейіннен омарташыларға жеткілікті қолдаудың болмауы 

салдарынан бұл көрсеткіш 5 мың тоннаға дейін құлдырап кетті. Қайта 

жандана бастаған отандық бал өндірісі ішкі-сыртқы сұранысты өтеуге 

қауқарлы ма? 

БАЛ ЖЕП ӨСКЕН БАЛ ЫНДАР



өмірге деген құштарлығынан айырылмақ емес

Тарлан тарихқа көз жіберсек, омарта ша-

руашылығы тереңнен тамыр тартқанын кө-

реміз.  Тарихи  ескерткіштер  біздің  жыл  са-

науымызға дейін Армения мен Грузия хал-

қы кəсіптің осы түрімен белсенді айналыс-

қанын  дəлелдейді.  Сонымен  қатар,  ежелгі 

грек тарихшысы Геродоттың Шығыс Еуро-

паның далалық аймағында скифтер тіршілік 

еткенін, олар балмен жəне балауызбен емін-

еркін  сауда  жасағанын  атап  айтады. 

Көне  заманда,  егін  шаруашылығы  кең 

қанат  жайған  соң,  славяндар  бал  өндіруді 

негізгі кəсіптердің біріне айналдырған. Сол 

кездегі ормандарда жабайы аралар өте көп 

болған, олардың ұяларынан бал мен балауыз 

алған. Кейіннен кездейсоқ кездестірілген ұя-

лардан осындай олжа-тағамды алумен ғана 

шектелмей, келесі жылдары пайдалану үшін 

ара  ұялары  бар  ағаштарға  айрықша  белгі-

лер сала бастаған. Мұнан кейін аралар үшін 

ағаштарды ұңғылап қуыстар жасауды əдет-

ке  айналдырды.  Ормандағы  жабайы  орта 

–  ара  тұқымы  бар  осындай  қуысты  ағаш-

тар Башқұртстанның Бузян қорығында күні 

бүгінге дейін сақталған. Оның ғылыми жəне 

тəжірибелік  мəні  үлкен.  Себебі  Башқұрт    с-

тан  орта-орыс  ара  тұқымының  таза  күйін-

де сақталған бірден-бір орны. Мұндағы ара 

қысқа ерекше төзімділігімен жəне мол өнім 

беруімен  ерекшеленеді. 

Егіншіліктің  өркендеуіне  жəне  орман 

ағаштарын кесуге байланысты арнайы қуыс-

ты ара кəсібімен бірге елді мекенге жақын 

жерден  бөлшектелмейтін  ара  ұяларында 

омарта  шаруашылығы  құрылды.  Киев  Русі 

кезеңінде омарта шаруашылығы кеңінен да-

мыды. Ресейде бал ұзақ уақыт бойы ең көп 

таралған  тəтті  тағам  еді,  ал  қызылша  қан-

ты  ол  кезде  белгісіз  болды.  Қуысты  омар-

та шаруашылығы 15-ғасырдың басталуына 

дейін кеңінен таралды. Киев Полесьесіндегі 

бір ғана Лебедин саябағында бал жинаушы-

лар  кемінде  10  мың  пұт  бал  алған.

Омарта  шаруашылығының  əдіс-тəсіл-

дерін  жетілдіру,  омарталардың  өнімділігін 

арттыру ісіне көрнекті зерттеуші маман П.И. 

Прокоповичтің  қосқан  үлесі  зор.  Ол  омар-

та  шаруашылығының  дүниежүзілік  тəжі-

рибесінде  тұңғыш  рет  бөлшектелетін  ра-

малы  ұяларды  ойлап  тауып  (1814),  соның 

негізінде қоректендіру, бағып-күту, аралар-

дың  өсіп-көбеюі,  сырқаттарға  қарсы  күре-

су,  омарта  шаруашылығының  қоректік  ба-

засын жақсарту жəне оны тиімді пайдалану 

жөніндегі шаралар жүйесін белгіледі. Осы-

лайша П.И. Прокопович ауыл шаруашылық 

өндірісінің саласы ретінде осы кездегі омар-

та  шаруашылығының  негізін  қалады. 

МАҚСАТ  –  ДАЙЫН 

ӨНІМ  ШЫҒАРУ 

Бұған  дейін  омарта  ұстап,  бал  арасын 

өсіру  –  еліміздің  көптеген  өңірлері  үшін 

таңсық болып келді. Тауар өндірушілер оны 

дəстүрлі  емес  шаруашылықтың  қатарына 

қосты.  Бүгінгі  күні  агроөнеркəсіп  саласы 

өндірісінде  ара  шаруашылығының  алатын 

үлесі  жылдан-жылға  өсіп  келеді. 

Кəсіптің  бұл  түріне  жан-жақты  көңіл 

бөле  бастаған  аймақтардың  бірі  –  Ақтө-

бе  облысы.  Өңірде  11  жеке  кəсіпкер  бұ-

рын-соңды  өздері  айналысып  көрмеген 

омарташылыққа  бет  бұрып,  бал  өндіруге 

бел шеше кірісіп кеткен. «Ақтөбе омарта-

шылары»  атты  кооператив  құрылып,  бұл 

құрылым  34  кəсіпкер-ара  өсірушінің  ба-

сын біріктірді. Ендігі мақсат – омарташы-

лардың  шикізат  шылауында  қалып  қой-

май,  бал  өндіруден  оны  өңдеу  сатысына 

өтіп, дайын тауарлы өнім шығару деңгейі-

не  жеткізу.  Өңірде  бүгінгі  күні  мұндай 

жетістікке қол жеткізген агроқұрылымдар 

да  бар.  Атап  айтқанда,  «Таңшолпан»  ша-

руа  қожалығы  көш  бастап  келеді.  Фирма 

мамандары  балды  өңдеуге  арналған  цех-

ты  да  құрастырып  шығарыпты.  Таңшол-

пандықтар  əзірлеген  өнімдерін  жаңа  ди-

зайнмен сауда орындарына жөнелту жол-

дарын да ойластырып, оны қораптар мен 

банкілерге  салынған  күйінде  тұтынушы-

ларға  ұсынуды  жоспарлап  отыр. 

Əдетте  селекциялық  асылдандыру  жұ-

мыстары деген тіркес көп жағдайда мал ша-

руашылығына қатысты айтылатыны белгілі. 

Мұндай шаруалар ара шаруашылығын биік 

сапалық  деңгейге  жеткізуге  де  аса  қажет 

екен.  Ақтөбе  облыстық  ауыл  шаруашылы-

ғы басқармасының басшысы Құсайын Сəр-

сембайдың айтуынша, бұл тұрғыда Үкімет 

жеті  миллион  теңге  көлемінде  қаржылай 

қолдау  көрсетуді  белгілеген. 

Алматы облысында да бал өндірісі жан-

дануда. Алакөл ауданындағы Лепсі ауылы-

ның омарташылары биыл 300 тоннаға дейін 

бал жинап, өткізуге ниетті. Өнімді халықа-

ралық талаптарға сай ыдыстарға құйып, ше-

телге экспортқа шығаруға былтыр ашылған 

бал  цехы  мүмкіндік  берді. 

Лепсінің балы осыдан 1 ғасыр бұрын да 

əлемге  танымал  болған.  Оған  1913  жылы 

Ресей  императоры  Романовтар  əулетінің 

300 жылдығына орай балды Лепсіден арна-

йы алдырғаны туралы тарихи деректер куə. 

Лепсідегі бал цехы тек осы ауылдың омар-

ташыларының балын қабылдайды. Онда да 

арнайы  зертханада  сапасы  тексерілген  соң 

алады. Ауылда 40-тан астам омарташы бал 

өткізуде. Кəсіпорында 15 адам еңбек етеді. 

Еңбеккерлердің орташа жалақысы – 60 мың 

теңге.  Жұмысшылардың  басым  бөлігінің  өз 

омарталары бар. Əрбір қызметкер өз қолынан 

шыққан  өнімнің  шетел  асып  экспортталып 

жатқанын  мақтан  тұтады.  Омарташылар  бір 

кездері жинаған балды қолға түскен ыдысқа 

салып,  одан  кейін  оны  алатын  адам  таппай 

естері  шықса,  қазір  30  түрлі  ыдысқа  салын-

ған бал Біріккен Араб Əмірліктері мен Ресейге 

жөнелтілуде. Шетелдіктердің Лепсінің балы-

на қызығушылық танытуы бекер емес. Мұн-

да өндірілген балдың дəрілік қасиеті жоғары. 

Себебі  дəл  осы  аймақта  бал  арасы  қонатын 

200-ден астам өсімдік болса, оның 40-тан ас-

там түрі дəрілік шөптер. Сондықтан Алматы 

облысында  өткен  «Қазақстанның  үздік  тауа-

ры»  байқауында  «Үздік  азық-түлік  тауар-

лары»  аталымы  бойынша  Лепсі  балының 

бірінші  орын  иеленуі  заңдылық. 

Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Қа-

зығұрт  ауданы  да  омарта  шаруашылығы 

үшін  таптырмайтын  өңір.  Таулы  өңірде 

бүгінде  бал  арасын  ұстайтын  жеке  кəсіп-

керлердің саны 20-ға жуықтайды. Олардың 

арасында  Шымкент  қаласы  мен  Сарыағаш 

ауданынан  келіп,  қолайлы  жер  таңдап,  бал 

өндіріп  отырғандар  да  аз  емес.  Солардың 

бірі  –  сарыағаштық  Сергей  Маринков  10 

жылдан  бері  омарташылықпен  айналысып 

келеді. Ол бүгінде Қазығұрт ауданы, Сабыр 

Рақымов  ауыл  округі  маңындағы  жол  бо-

йында  бал  арасын  ұстап,  табиғи  таза  өнім 

өндіріп отыр. «Омарташылықпен інім, əкем 

үшеуміз айналысамыз. Сарыағаш ауданынан 

арнайы  келіп,  осында  орналастық.  Бүгінде 

тұрақты  алыпсатарларға  балымыздың  бір 



«ЖАСТЫҒЫҢДЫ  САҚТАҒЫҢ 

КЕЛСЕ,  БАЛ  ЖЕ!»

Еліміздегі  омарта  шаруашылығының 

отаны – Шығыс Қазақстан облысына Қа-

зақстанда  өндірілетін  бал  өнімдерінің  90 

пайызы  тиесілі.  Алғашқы  аралар  осыдан 

бір жарым ғасыр бұрын Өскеменнің іргесі-

не  əкелініп,  қолға  үйретіле  бастаған.  Бұл 

кəсіптің қыр-сырын ерте меңгеріп, 40 жыл 

бойы бал өндірумен айналысып келе жат-

қан ардагер омарташы Павел Сердюкті қа-

лада білмейтін адам кемде-кем. Оның ай-

туынша, бал арасын өсіруді омарта орна-

ласатын  орынды  таңдаудан  жəне  қажетті 

құрал-жабдықтарды  сатып  алудан  бастау 

керек. Бұл үшін омарта орналастырылатын 

жер телімі желден жақсы қорғалған, құр-

ғақ  жерден  таңдалғаны  дұрыс.  Сонымен 

қатар,  болашақ  омартаның  айналасында 

орман  немесе  ағаш  шоғырларының,  бау-

бақшалардың,  аралар  бал  тарта  алатын-

дай  гүлдер  мен  шөптер  өскен  далалық 

аумақтардың  болуы  қажет.  Омартаны  ор-

наластырған  кезде  ара  ұяларының  құры-

лысына мəн берудің де маңызы зор. Өйт-

кені оның сапасы жұмыс істеуге қабілетті 

аралар  тобының  қалыптасуына,  сонымен 

қатар,  омарташының  еңбек  өнімділігінің 

артуына  ықпал  етеді. 

Павел  Сердюктің  айтуынша,  қолда-

ныс аясы кең болғандықтан балға сұраныс 

ешуақытта  азаймайды.  «Балдың  пайдасы 

өте  көп.  Мəселен,  балдың  бір  түрі  асқа-

занға,  енді  бірі  жүрекке  пайдалы  деп  жа-

тады. Ара шаруашылығымен айналысу ба-

рысында  тұрмысқа  қажетті  өзге  де  заттар 

алынады.  Мəселен,  бал  балауызын,  пропо-

лисін, аналық сүті мен тозаңын пайдалану-

ға  болады.  Сонымен  қатар,  өлі  бал  арасы-

нан  жасалған  тұнба  да  өте  пайдалы.  Оны 

буын ауруларына ем ретінде қолданады. Ең 

бастысы, таза табиғи өнімді пайдаланып, ем 

шараларын дұрыс жасай білсе болғаны», – 

дейді  Павел  Сердюк. 

Балдың медицинада қолданылу тарихы 

тереңнен  бастау  алады.  Белгілі  философ, 

ғұлама дəрігер Ибн-Сина: «Егер жастығың-

ды сақтағың келсе, онда міндетті түрде бал 

же» деген екен. Ал Грекияның ұлы матема-

тигі Пифагор: «Менің көп жасауымның се-

бебі  –  үзбей  бал  жеуімнен»  деп  атап  көр-

сетті. Сөйтіп, бал ерте кезден-ақ өзінің жо-

ғары  бағасын  алған. 

Балдың құрамында 60-қа жуық зат бар. 

Олар  балдың  қай  мезгілде,  қандай  өсімдік 

гүлдерінен  жиналғанына,  ауа  райы  мен 

жер  жағдайына  байланысты  өзгеріп  оты-

рады.  Бұлардың  құрамында  ең  көп  кезде-

сетін  көмірсулар  –  глюкоза  мен  фруктоза. 

Олар балдың 70-75 пайызын құрайды. Бал-

дың құрамындағы көмірсулар адам бойына 

жақсы сіңеді. Олар əсіресе, жүйке жасуша-

лары мен бұлшықеттердің дамуына аса қа-

жет.  Егер  қан  құрамында  көмірсу  азайса, 

адмның  ойлау  қабілеті  мен  дене  еңбегіне 

деген  қабілеті  күрт  төмендейді. 

Балдың  құрамында  минералды  заттар, 

микроэлементтер, ферменттер мен дəрумен-

дер  де  аз  емес.  Сондықтан  бал  ас  қорыту-

ды, ішкі азғалардың қызметін жақсартады. 

Ол организмнің жалпы жағдайын нығайтып, 

асқазан қышқылының бір қалыпты болуына 

жағдай жасайды. Халық арасында суық ти-

генде, тұмауратқанда балды ыстық шай не-

месе сүтке езіп ішу əдеті дамыған. Дəрігер-

лердің  айтуынша,  бұл  өте  құптарлық  жай. 

Өйткені бал организмнің əр түрлі аурулар-

ға  қарсылық  күшін  арттырады.

Көп  жылғы  ғылыми  зерттеулер  бал-

дың  асқазан  аурулары  мен  жүйке  сырқат-

тарын  емдеуге  пайдалы  екенін  дəлелдеді. 

Дəрімен  ғана  емделген  адамдардың  əрбір 

үшіншісінің, ал бал мен дəріні араластырып 

емделген  екі  адамның  бірінің  асқазан  жа-

расы жазылғанын тəжірибе көрсетті. Асқа-

занда жарасы барлар мен асқазан қышқылы 

шамадан  тыс  көп  адамдар  балды  таңертең 

жəне  түскі  тамақтан  бір  жарым-екі  сағат-

тай бұрын, ал кешкі тамақтан соң үш сағат-

тан кейін пайдаланғаны жөн. Сонда бал ас-

қазан сөлінің бөліну процесін тежеп, қыш-

қылын төмендетеді, жүректің қыжылын ба-

сады. Сөйтіп ол ойық жараның жазылуына 

жақсы  жағдай  туғызады.  Балды  тамақ  ал-

дында пайдаланса, керісінше, асқазан сөлін 

едəуір көбейтеді. Сондықтан асқазан қыш-

қылы  төмендеген  адам  балды  ас  ішер  ал-

дында пайдаланғаны дұрыс дейді мамандар. 

Бал жүрек-қан тамырлары ауруларына да 

шипа. Оның құрамындағы глюкоза жүректің 

қызметін күшейтіп, көңіл-күйді жақсартады. 

Дəрігерлер  жүрек  ауруларына  шалдыққан 

науқастарға балды күніне бір шай қасықтан 

2-3  рет  пайдалануға  кеңес  береді.  Өйткені 

шамадан  тыс  жеген  бал  денеден  терді  көп 

бөліп, жүрекке салмақ түсіреді. Өкпе тубер-

кулезіне, анемия (қанның азаюы) аурулары-

на шалдыққанда, шаршап қажығанда балды 

сүтпен араластырып ішкен пайдалы. Ұйқы-

сы қашқан, жүйке ауруларына шалдыққан-

дарға  да  бал  таптырмас  ем. 

Балдың  қайталанбас  қасиеті  туралы  қа-

сиетті  Құран  Кəрімде  де  айтылған.  Араның 

тек адамның денсаулығына ғана емес, қорша-

ған ортаға тигізетін пайдасы да шаш-етектен. 

Экологтардың  айтуынша,  қара  топырақтың 

құнарлылығын қалпына келтіруде ара айрық-

ша  рөл  атқарады.  Сондықтан  елімізде  омар-

та  шаруашылығын  одан  əрі  дамытудың  ма-

ңызы  зор.  Кəсіпті  ілгерілетуге  кедергі  келті-

ретін  мəселелерді  шешу  күн  тəртібінен  түс-

пеуі керек. Бұл бағыттағы басты  түйткілдердің 

бірі  –  кəсіби  əрі  білікті  мамандардың  жетіс-

пеушілігі.  Осы  мəселеге  таяу  арада  жоғары 

өкілетті органдар тарапынан тиісті көңіл ау-

дарылмаса, еліміздегі омарта шаруашылығы-

ның тірлігі дөңгелемейді дейді дəстүрлі емес 

сала жанашырлары. 

Бүгінгі күні ғылыми ізденістерді қажет 

етпейтін өндіріс саласын табу қиын-ақ. Бал 

өндірісі де оған зəру. Аталған іс алға жыл-

жуы үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі 

тиісті ұсыныстар əзірлесе, ісіміз алға жыл-

жыр  еді  дейді  омарташылар.  Сондай-ақ

бал  өндірушілер  елімізде  омарта  шаруа-

шылығын  дамыту  жөнінде  арнайы  бағдар-

лама қабылданса деген тілектерін жеткізді. 

Қоршаған ортаға пайдасы мол, шығынынан 

кірісі көп кəсіптің нəсібін көргендер көбей-

се,  елге  сол  олжа. 

Анар  ЛЕПЕСОВА

ДОЛЛАРДЫ ТІЗГІНДЕУ АМАЛЫ

өткен ғасырдан бері жүргізіліп келеді, бірақ...

Кейбір  мемлекеттер  долларлық  айыр-

бастан  бас  тартуды  жөн  санап,  нақты  қа-

дамға бел буғаны жасырын емес. Мысалы, 

былтыр Түркия Үндістанмен сауда-саттық-

ты  доллардан  өзге  валюталарда  жүргізді.  

2012  жылдан  бері  Қытай  мен  Жапония 

айырбасты өз валюталарында іске асырып 

келеді. Сондай-ақ, Қытай өзара келісімшарт 

арқылы  Үндістан,  Бразилия,  Оңтүстік  Ко-

рея,  Австралия  жəне  Ресеймен  долларсыз 

есеп айырысады. Уго Чавес президент бо-

лып  тұрғанда  Венесуэла  Латын  Америка-

сының  12  елімен  мұнай  саудасын  доллар-

сыз жүргізіп отырды. Бұл саясатты қазіргі 

президент  Николас  Мадуро  да  жалғасты-

рып келеді. 2005 жылы Оңтүстік Корея ин-

вестицияларын  долларда  ғана  емес,  басқа 

да  шетелдік  валютада  сақтауды  ұйғарып, 

100  миллион  долларлық  облигацияны  са-

тылымға қойды.  Сол сияқты, Иран мұнай 

саудасында  доллардан  басқа  валюталарды 

пайланады.  Түркіменстан  билігі  АҚШ  ва-

лютасына  шектеу  енгізді.  Былтырдан  бері 

түркімен азаматтары банктерден доллар са-

тып  ала  алмайды.  Сондай-ақ,  базарларда 

да  долларды  заңсыз  айырбастауға  тыйым 

салынды.  Ресей  бірқатар  мемлекеттермен 

байланысты рубльмен жүргізуді ұсынғалы 

бірнеше жылдың жүзі. Соның негізінде Еу-

разиялық экономикалық одақ аясында ұлт-

тық валютамен айырбас жасау қолға алын-

ды.  Путин  бірер  жыл  бұрын  ТМД  елдері-

не  еуро  мен  доллар  арқылы  есеп  айыры-

суды  қысқарту  жөнінде  ұсыныс  жасағаны 

есте. «Тəуелсіз мемлекеттер достастығына 

қатысушы елдердің интеграциялық валюта 

нарығын  ұйымдастыру  саласындағы  əріп-

тестігі туралы келісімнің аясында есеп айы-

рысуда аралық валюта ретінде доллар мен 

еуродан бас тартуға мүмкіндік беретін ме-

ханизм жасалады. Бұл келісімде резидент-



Әлем елдері өзара сауда-саттықты доллар арқылы жасай берсе

доллардың дәурені ешқашан таусылмайды. Доллардың халықаралық 

айналымдағы үлесі  басқа валюталарға қарағанда едәуір жоғары. Егер 

доллармен сауда жасауды доғарып, әлем елдері өз валютасымен сауда 

жасаса қалай болады? Бұл мемлекеттерге тиімді ме? 

банктер ұлттық коммерциялық банктер ұсын-

ған ыңғайлы жағдайда бір-бірінің ішкі валю-

та нарығына банкаралық конверсиялық опера-

цияларды  жүргізуі  үшін  тікелей  рұқсат  беру 

қарастырылған. Сыртқы сауда жасау жəне қар-

жы  қызметтерін  ұсыну  салаларында  ұлттық 

валюталарды қолдану кеңейсе, ұлттық валю-

та  нарығының  өтімділігі  жоғарылайды. Сау-

да-экономикалық  ұзақ  мерзімді  стратегияны 

жəне инвестициялық əріптестікті жүзеге асы-

руға қосымша мүмкіндіктерін туғызуға, соны-

мен  қатар,  өңірдегі  жалпы  макроэкономика-

лық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағыт-

талған  келісілген  валюта  саясатын  өткізуге 

мүмкіншіліктер туады», – деген еді.

Bank  of  America  Merrill  Lynch-тің  Ресей 

бойынша  сарапшысы  Владимир  Осаковский 

доллардың  əлемдік  экономикадағы  гегемо-

ниясы  ертелі-кеш  бітеді  деп  отыр.  «Тарихқа 

көз  жүгіртсек,  əлемдік  валюта  ретінде  фунт 

стерлинг қолданылды. Ол ысырылып қалды. 

Дəл осы жағдай доллардың да басына келеді», 

– деді ол. Экономистің болжамынша, АҚШ- 

тың  əлемдік  экономикадағы  ықпалы  біртін-

деп  азайғанда,  доллардың  қолданыс  аясы 

қысқарады.  Оның  бағалауынша,  бұл  АҚШ-

тың  əлемдік  экономикадағы  үлесі  «табиғи 

түрде»  қысқарған  кезде  болады.  «Бұл  апат-

ты  жағдайға  алып  келу-келмеуі  нақты  емес. 

Бірақ  күндердің  күнінде  бұл  орын  болады», 

–  деді  Осаковский.  Сондай-ақ,  сарапшы  Құ-

рама  Штаттардың  қарызы  абсолютті  мəнде 

өте  үлкен  екендігін  атап  өтті  –  16-18  трил-

лион  доллар.  «Бұл  ретте  қарызы  одан  жоға-

ры  елдер  де  бар.  Мысалы,  Жапония.  Оның 

қарызы  АҚШ-пен  салыстырғанда,  екі  есе-

ге  көп»,  –  деп  экономист  Америкада  қарыз 

дағдарысы  болуы  ықтималдығына  қатысты 

ерекше пікір білдірді.

Қазіргі  таңда  халықаралық  есеп  айы-

рысудағы  доллардың  үлесі  –  80  пайызға 

жуық.  Бірақ  АҚШ-тың  əлемдік  ЖІӨ-дегі 

үлесі  22  пайыз  ғана.  Əрине,  бірден  дол-

лардан  бас  тарту  мүмкін  емес,  бұл  көпте-

ген  қиындықтарға  əкеп  соқтырады.  Деген-

мен дедолларизация процесі баяу жүргізіл-

се  де,  барлық  елдерде  басталып  кетті  деу-

ге болады. Тіпті, Еуроодақ елдері долларға 

тəуелділіктен  арылу  жөнінде  арнайы  оты-

рыс  өткізген  болатын.  Доллардың  орнын 

басуы  ықтимал  валюта  ретінде  сарапшы-

лар қытай юанін атап жүр. Мəселеге қатыс-

ты  əлемдік  сарапшылар  халықаралық  сау-

дада  долларсыздандыру  саясатының  бола-

шағы бар-жоғы туралы investing.com басы-

лымында өз ойларымен бөліскен еді. Еура-

зиялық даму банкінің интеграциялық зерт-

теу  орталығы  директорының  орынбасары 

Михаил  Димиденко  дəл  қазір  халықара-

лық  саудада  доллардан  түбегейлі  бас  тар-

ту мүмкін емес деген пікірде. «Біріншіден, 

доллар əлемнің өзге валюталарына қараған-

да  ең  тұрақты  валюталардың  бірі.  Контра-

генттер  бұл  тұрғыда  доллармен  сауда  жа-

сай отырып, валюта бағамынан келетін қа-

терлер мен тəуекелдерден сақтандырылған 

болады. Екіншіден, көптеген əлемдік баға-

лар тек доллармен ғана белгіленеді. Тиісін-

ше, бұл валютамен сауда жасау саясаткерлер 

үшін болмаса да, нарықтың нақты қатысу-

шы  саудагерлері  үшін  өте  тиімді.  Үшінші-

ден, долларға деген сенім жоғары. Ал өзге 

валюталарға  көшу  үшін  алдымен  ол  ва-

люта  түрлері  жылдар  бойы  өзінің  өмір-

шеңдігін дəлелдеуі керек», – дейді Еуразия-

лық даму банкінің өкілі. Михаил Димиден-

коның пікірінше, ұлттық валютаны халықа-

ралық саудаға шығару мен долларсызданды-

ру саясаты екі бөлек нəрсе. Бастапқыда əр 

елдің  өзінің  ұлттық  валютасын  айналымға 

енгізуге мүмкіндігі болғанымен, белгілі бір 

деңгейге  жеткеннен  кейін  ұлттық  валюта-

ны халықаралық сауда құралы ретінде ұстап 

тұру  техникалық  тұғыда  мүмкін  болмай 

қалады. Өйткені экономиканың субьекті-

лері, яғни жеке меншік компаниялар мен 

нарықтағы саудагерлер жұмысы үшін бұл 

тіпті  тиімсіз.  Ал  мемлекеттер  өздерінің 

ұлттық  валютасының  беделін  арттырғы-

сы келсе, алдымен инфляцияны азайтып, 

көпшіліктің оған деген сенімін арттыруы 

үшін  жұмыс  істеуі  керек. 

ХХ  ғасырдың  ортасында  долларды 

тізе  бүктірген  генерал  Шарль  де  Голль 

болатын.  1944  жылы  АҚШ-та  44  мемле-

кет  өзара  ақылдаса  келе  алтын  резервті 

ысырып  тастап,  дүниежүзіндегі  валюта 

қорын доллармен есептеуге келісіп, мəмі-

ле жасайды. Сарапшылардың байламын-

ша, осылайша Америка соғыстан кейінгі 

əлемдік  экономиканы  долларға  теліп,  өз 

саясатын жүргізбекші болады. Халықара-

лық сауда-саттықта доллар ғана пайдала-

нылды, басқа валюталар  қосымша валю-

та  ретінде  қолданыла  бастады.  Ал  АҚШ 

басқа  елдердің  сұрауы  бойынша  доллар-

ды  қалағанынша  басып  шығарып  отыр-

ды. Көп ұзамай америкалықтар долларды 

алтынға айырбастаудан қашқақтап, түрлі 

қулыққа көше бастады. 1965 жылы гене-

рал  де  Голль  Елисей  сарайында  халық а-

ралық айырбасты доллармен емес, алтын 

резервімен жүргізуді ұсынды. Осылайша 

АҚШ амалсыздан француз қазынасында-

ғы 1,5 миллиард долларды алтынға айыр-

бастап беруге келісті. Іле-шала доллар банк-

ноттарын  тиеген  екі  кеме  Америка  жаға-

лауына келіп, жасыл қағаздар тиелген кеме-

лер алтын тиеп, Францияға беттеді. Əлбет-

те, Ақ үй саясаткерлері Париждің бұл қада-

мын достықтың белгісіне балаған жоқ. Ге-

нерал де Голль болса: «Саясат –  саясаткер-

лерге сеніп тапсыруға болмайтын маңызды 

нəрсе» деп, НАТО-ның штаб-пəтері мен 29 

əскери базаны ел аумағынан шығарып тас-

тады. Осылайша өткен ғасырда доллардың 

бəсі төмендеген болатын. Одан бері жар-

ты ғасырдан астам уақыт өтті, доллардың 

дəурені  əлі  жүріп  тұр. 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал