Және инновация вице-министрінің «Сіздің елдің павильонының басты ерекшелігі неде?» деген



жүктеу 1.15 Mb.

бет5/11
Дата08.09.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Əсел  ƏНУАРБЕК

ҚОЮ СҮТТІҢ ҚАЙМАҒЫ

жеңсік асқа айналып кетпегей



Төрт түлік мал өсіретін қазақтың сүт өнімдерінен алшақ болуы 

әсте мүмкін емес. Алайда бүгінгі күні қаладағы жұрт табиғи сүт 

өнімдеріне оңайлықпен қол жеткізе алмайды. Дүкен сөрелерінде 

жайғасқан сүт және өзге де сүт өнімдері туралы қауесет көп. Тіпті, 

қазіргі кезде табиғи сүттің де құнарлылығы төмендеп, майлылығы 

азайған дегенді жиі естиміз. Мұның сыры неде? Еліміздегі сүт 

өндіру ісінде қандай кедергілер бар? Агросекторлы ел саналатын 

Қазақстанға сүт неге шет мемлекеттен жеткізіледі? 

№7 


(090) 

2017 

13  шілде,  бейсенбі

«Т ркістанны » экономикалы   осымшасы

Ырыс


6

13 шілде, бейсенбі, 2017 жыл

Басы 5-бетте

Оған қарапайым мысал, жағажайға апа-

ратын жолдар əлі күнге дейін нашар. Жаңа 

жол салынбаған. Ескісінің сау тамтығы қал-

маған, кейбір тұстарында тіпті жол жоқ. Жаз 

айларында ғана жұмысы жанданатын дема-

лыс  орындары  өз  ауласын  көркейтіп,  абат-

тандырғанымен  жағажайға  баратын  жолды 

естен  шығарғандай.  Қапшағай  су  қоймасы 

аумағында туризм инфрақұрылымының 187  

нысаны орналасқан. Ол жерлерде 9 қонақ үй, 

8  ойын  ғимараты,  3  слод-клуб  қызмет  көр-

сетеді.    Қапшағай  қаласының  əкімі  Талғат 

Қайнарбеков  алдағы  уақытта  туризмді  да-

мыту мақсатында көл жағалауларын дамыту, 

сапалы қызмет көрсету, қолжетімді демалыс 

аймақтарын қалыптастыру жұмысы жандан-

дырылатын  болады  деген  еді.  Алайда  Қап-

шағайда  демалып  келгендердің  əлеуметтік 

желідегі жазбаларына үңілсек, көпшілік қала 

ішіндегі жəне жағажайға апаратын жолдар-

дың сапасыздығын баса айтады. Қапшағайға 

жаз мезгілінде күніне 4 мың адам келіп ке-

теді. Оның басым көпшілігі жеңіл көлікпен 

қатынайтындар.  Сондықтан  жолдың  жайы 

баршаға  ортақ  түйткіл.  «Қапшағайда  жол-

дарды  жөндеуге  330  миллион  теңге  ақша 

бөлінді.  Бүгінгі  таңда  бірінші  саты  бойын-

ша 166 миллион теңгедей ақшаны игеру жұ-

мыстары жүргізіліп жатыр. Қапшағай қала-

сымен қосқанда барлығы 12 көшені жөндеу 

жұмыстары өткізіледі», – деді жақында Қап-

шағай  қалалық  автомобиль  жолдары  жəне 

жолаушылар  тасымалдау  бөлімінің  басшы-

сы  Мұрат  Абауов. 

Жалпы, қаржы орталығына айналуы тиіс 

қаланың тіршілігі назардан тыс қалып бара 

жатқандай.  Айталық,  бұрындары  Алматы 

өңіріне  салынатын  инвестицияның  басым 

бөлігі  Алматы  қаласына  салынса  (93  па-

йыз), одан кейін Қапшағайға бағытталатын. 

Бірақ  биыл  инвестиция  көлемі  Алматы  ма-

ңайындағы  өңірлер  –  Талғар,  Есік,  Қаске-

лең  жəне  Қапшағайға  тең  бөлініп  отыр.  Ең 

Қапшағай қаласының ойын-сауық орталығына айналғанына аттай 

жеті жыл болыпты. Осы уақыт аралығында Қапшағай Лас-Вегас сияқты 

қаржы орталығына айналмаса да, экономикасы дамыған, курорттық 

және ойын-сауық есебінен табысы мол қала дәрежесіне жетуі тиіс еді. 

Өкінішке қарай, жағажай демалысы мен ойынхана бизнесі жергілікті 

халыққа жұмыс тауып бергенімен, қала экономикасының еңсесін тіктей 

алмаған сияқты.  

ҚАЗАҚТЫҢ МАҚТАНЫШЫНА АЙНАЛМАҒАН ҚАЛА



Қапшағай жеті жылда туризм орталығы бола алмады. Неге? 

өкініштісі, соңғы кезде Қапшағайға салына-

тын негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 

75 пайызға кеміген, бұл – 1,4 миллиард тең-

ге. Ал Есік қаласына бағытталған капитал 8 

есеге  өскен,  шамамен  –  3  миллиард  теңге, 

Қаскелеңге  –  3  есе  артып,  8  миллиард  тең-

ге  бағытталса,  Талғарға  салынған  инвести-

ция  4,8  миллиард  теңгеге  жеткен. 

Биыл Есік, Талғар жəне Қаскелең өңіріне 

салынатын инвестиция көлемі 2016 жылмен 

салыстырғанда 17 пайызға, 2015 жылмен са-

лыстырғанда 81 пайызға артқан. Ал инвес-

торлардың жеке қаржы салымдары 40 пайыз-

ға  өсіп,  150  миллиард  теңгені  құрап  отыр. 

Осы  арқылы  бюджеттегі  жүктеме  төмен-

деді.  Бюджеттік  инвестицияның  көлемі  20 

пайызға кеміп, 28,4 миллиард теңге болды. 

Алматы  агломерациясындағы  ең  инвес-

тициялы  аймақтар  –  Алматы,  Талғар,  Есік, 

Қаскелең жəне Қапшағай.  Осы сияқты мо-

ноқалалар мен шағын қалалардың əлеуеті  – 

кейбірінде  орташа,  кейбірінде  төмен.  Сон-

дықтан  аталмыш  қалаларды  дамыту  əлі  де 

өзекті  күйінде  қала  береді. 

ЕКІ  ЖАҒАЖАЙҒА 

265  МЛН  ТЕҢГЕ  ЖҰМСАЛМАҚ

Қала  əкімінің  хабарлауынша,  екі  жа-

ғажайдың  пилоттық  жобасы  дайындалған. 

Оған  жұмсалатын  қаржы  –  265  миллион 

теңге.  Мұнда  жағалау  волейболы,  жағалау 

футболы алаңдары, жағалау бульвары, бала-

лардың  ойын  алаңдары,  қайыққа  арналған 

пирс, басқа да қажетті мүмкіндіктердің бəрі 

жасалмақ. Алматы облысының əкімі Аман-

дық  Баталов  қалалық  көл  жағалауы  дема-

лыс  аймағының  ең  алдымен  сапалы  жаса-

луына, қызмет көрсету құны қарапайым тұр-

ғындар  үшін  қолжетімді  болуына  назар  ау-

даруды  міндеттеді.  Туризмді  дамытуға  зор 

ықпал  ететін  жағалауды  абаттандыру  жо-

басын  əзірлеп,  ұсынуды  тапсырып,  облыс 

басшылығы тарапынан бұл іске барлық қа-

жетті  көмек  пен  қолдау  көрсетілетінін  айт-

ты.  «Қапшағай  –  географиялық  орналасуы 

жағынан,  экономикалық  даму,  туризмді  өр-

кендету жағынан мүмкіндігі зор аймақ. Қала 

əкімінің  2017  жылға  жасаған  жоспарларын 

өткен  жылдың  соңында  аудан,  қала  əкім-

дерінің  тыңдауын  өткізген  кезде  де  бірге 

талқылағанбыз.  Өнеркəсіп  аймақтарын  өр-

кендету,  инвесторлар  тарту,  қаланы  көрік-

тендіру,  көл  жағалауын  дамыту,  тұрғын  үй 

жəне басқа да əлеуметтік нысандар салу бас-

қа  да  айқын  жоспарларын  қолдап,  қажетті 

қолдау  көрсетеміз.  Өнеркəсіп  алаңдарында 

жаңа  кəсіпорындар  ашылады.  Қапшағайда 

заман  талабына  сай  Мəдениет  үйі  бой  кө-

теретін  күн  де  алыс  емес.  Саябақтар  жаңа-

ша келбетке енеді», – деді Алматы облысы-

ның  əкімі  Амандық  Баталов.

МОНОҚАЛАЛАР  ДА 

ЖАҚСЫЛЫҚТАН  ҮМІТТІ 

Моноқалаларды  дамыту  бағдарламасы 

бойынша  2012-2020  жылдар  аралығында 

моноқалаларды дамыту жүзеге асырылмақ. 

Бұл қалаларда 10-100 мыңның аралығында 

тұрғындар бар. Еліміздегі 86 қаланың 27-сі 

2012 жылы моноқалалар тізіміне енгізілді. 

Шамамен еліміздегі əрбір үшінші қала мо-

ноқалаға  жатады.  Олардың  көпшілігі  ке-

ңестік  дəуірде  салынған.  Тыныс-тіршілігі 

енді жанданған қалалардың бүгінгі бет-əл-

петінде  кезінде  қайнаған  тіршіліктің  бір-

де-бір нышаны да қалмаған. Ескірген тұр-

ғын үйлер, көненің көзіне айналған зауыт-

фабрикалар,  тастанды  қоймалар  мен  цех-

тар,  жұмыссыздық  етек  алған,  инфрақұ-

рылым,  инновация  атымен  жоқ.  Халқы 

қаша  бастаған  қалалардың  жағдайын  тү-

зету үшін құрылған бағдарлама бүгінде өз 

нəтижесін көрсетіп келеді. Ал 2020 жылы 

моноқалалардың экономикасы еңсесін кө-

теріп, өзін-өзі ақтайтын қалалар қатарына 

қосу  көзделген.

Қазіргі  кезде  Қапшағайдың  өнеркəсіп 

өндірісі  əлеуетін  арттыру  мақсатында  қа-

ланы бірнеше секторға бөліп қарастырып, 

дамыту  жоспарланып  отыр.  Олар  –  Қап-

шағай  өңірі,  Заречный  ауылдық  округі 

жəне  «Арна»  индустриалды  аймағы.  Со-

нымен  қатар  шағын  жəне  орта  бизнесті, 

туризмді  дамыту  қала  экономикасын  құ-

райтын  негізгі  салалардың  бірі.  Бүгінгі 

күні  қалада  3  мың  408  шағын  жəне  орта 

бизнес нысаны болса, онда 16,3 мың адам 

жұмыс  істейді.  Өткен  жылы  олар  шығар-

ған  өнім  мен  көрсеткен  қызмет  көлемінің 

құны  12,2 млрд теңге болды. Бұл бюджет 

түсімінің  60  пайызын  құрапты. 

Биыл  шағын  қалалар  мен  моноқала-

лардың  құрылысына  Аймақтарды  дамыту 

бағдарламасы бойынша 7,2 миллиард тең-

ге  қарастырылып  отыр.  Десе  де  бұл  был-

тырғы жылға қарағанда екі есе төмен. Қап-

шағай  қаласы  да  моноқалалардың    тізімі-

не енгізілген. Биыл бөлінген қаражат Қап-

шағай қаласының аулалары мен көшелерін 

абаттандыруға  жұмсалған.  Осылайша  ин-

фра құрылымды дамыту арқылы аймақтар-

дың  əлеуметтік-экономикалық  потенциа-

лын  көтеру  қарастырылмақ.  2018  жылы 

экономикалық өсім орталықтарының инже-

нерлік инфрақұрылымы 10 пайызға жақсар-

ғанымен,  15  пайызға  тозады  екен. 

Қапшағай қаласының əкімі Талғат Қай-

нарбеков  60  мыңнан  астам  тұрғыны  бар 

Қапшағайда былтыр өнеркəсіп өнімінің кө-

лемі  50  миллиард  теңгеге  жуықтап,  2015 

жылмен салыстырғанда 132,3 пайызды құ-

рағанын  жеткізді.  Негізгі  капиталға  тар-

тылған  инвестиция  көлемі  22,8  миллиард 

теңгеге жетіп, оның ішінде бюджеттен тыс 

инвестиция 51,2 пайыз болды. Жүзеге асы-

рылған жобалардың ішінде «АННАР» жел 

электр  станциясы,  «Грин  Лэнд  Алатау» 

ЖШС мен «LSTmarket» жылыжайларын ке-

ңейтудің 2-ші кезеңдерін атап өтуге бола-

ды. Аталмыш жобаларды жүзеге асыру ба-

рысында 145 жаңа жұмыс орны құрылған.

Жалпы,  республикалық  бюджет  тура-

лы  заңның  2018-2020  жылдарға  арнал-

ған  жобасына  сəйкес,  келесі  жылы  ша-

ғын  қалаларды  көркейтуді  қаржыланды-

ру  5  есеге  артпақ.  Сөйтіп,  37,8  миллиард 

теңге  инвестиция  бағытталса,  2019  жылы 

55,4  миллиард  теңге  бөлінеді.  Биыл  7  ай-

мақ  бойынша  инфрақұрылымдық  жоба-

лар жүргізіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақ-

стан, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Павлодар 

жəне  Алматы  облыстарындағы  9  моноқа-

лада 14 жоба қолға алынады. Ең алғашқы 

қаражат  Қарағанды  жəне  Жамбыл  облыс-

тарына  бағытталады.  Моноқалаларды  да-

мыту жобасы 2012 жылдан бері жүргізіліп 

келеді.  Осы  аралықта    бөлінген  қаражат 

пен  оның  игерілуі  туралы  есептерді  тың-

дап  келеміз.  Десек  те  осы  күнге  дейін  ірі 

қалаларға  бет  алғандардың  саны  азайған 

жоқ.  Керісінше,  жылдан  жылға  артып  ке-

леді. Соған қарағанда, шалғай ауылдар мен 

шағын  қалалар  халқының  жағдайы  əлі  де 

көңіл  көншітпейді-ау... 

 

Ақниет  ОСПАНБАЙ 

Мемлекеттің  тапсырысымен  2001 

жылы  құрылған  қарттар  үйінде  қазір 

42 адам тұрады.  Мұны естігенде «неге 

өз  үйлерінде  қала  бермеді  екен»,  «бұл 

жердің нендей артықшылығы бар» деп 

қу жүрегім қынжылды. Жауабын əлеу-

меттік үйде 15 жылдан бері тұрып жат-

қан соғыс ардагері, 93 жастағы Марга-

рита  Васильевна  берді:

  Бұл  үйде  мүгедек  қарттар  да  тұ-

рады.  Олардың  жүріп-тұрғандары,  

жуынғандары  қиынға  соғатындықтан, 

осы  жердегі  қызметкерлер  қол  ұшын 

созады.  Ауырып  қалсақ,  дəрігерлер  де 

жанымызда,  лезде  тиісті  көмектерін 

береді.  Ауруханаға  бару  керек  бол-

са,  көлікпен  апарып-алып  келеді.  Ме-

рекелерде  бізге  арнап  үлкен  концерт-

тер ұйымдастырылады. Демеушілердің 

сыйлықтарын, азық-түлік, киім-кешек-

терін көрсеңдер ғой, шіркін! Маған бұл 

жерде тұрған ұнайды, басқаларын біл-

меймін,  өз  көңілімнен  шығады.

Маргарита Васильевнаның қарттар 

үйіне  ғана  емес,  мына  жалған  дүние-

ге де өкініші, өкпесі жоқ. Бізге өмірлік 

ақыл айтып, қалжыңдасып, тіпті «Қар-

тайғым келмейді, қыздар» деп еркелеп 

те алды. Дəл сол сəтте Маргарита апа-

мыз  өмірге  деген  құлшынысы  тасып 

тұрған жас қыз секілді көрінді. Балала-

ры бар. Ресейге көшіп кеткен. Айтуын-

ша, немерелері келіп тұрады. «Неге ба-

лаларыңызбен  бірге  тұрмайсыз?»  де-

ген  сұраққа:  «Мен  Қазақстанда  бүкіл 

өмірімді  өткіздім,  табиғатын,  адамда-

рын қимаймын. Ал Ресейде маған бəрі 

жат»,  –  деп  жауап  қатты. 

–  Қарттардың  туыстары,  жақында-

ры  ара-тұра  келіп  тұрады.  1-2  жетіге 

дейін қонақ етуге рұқсат етеміз. Алай-

да  пəтерді  жалға  беруге,  сатуға  қатаң 

тыйым  салынады.  Зейнеткерлерге  де-

ген  барлық  жағдай  жасалған.  Тəулігі-

не  бір  рет  тегін  тамақ  береміз.  Апта-

сына  бір  рет  үйлерін  жинаймыз,  дү-

кенге,  дəріханаға  барып,  керек-жарақ-

тарын  алып  береміз.  Су,  жарық,  газға 

ақша төлемейді. Бəрі тегін. Əлеуметтік 

үйге  келуді  қалайтындар  көп.  Мұңда-

рын айтып қоңырау шалып жатады. Бі-

рақ жеке пəтерін үкіметке өткізуге кел-

генде  балалары  да,  жақындары  да  əл-

деқайдан  пайда  бола  қалады.  Сол  жа-

ғынан бір шешімге келу оларға қиынға 

соғады, – деп əлеуметтік жұмыс жөнін-

дегі маман Салуа Ешенханова тың ақ-

паратпен  бөлісті. 

Алайда  Людмила  Григорьевнаның 

əңгімесін  естіп,  басымды  жерден  ал-

май күрсінумен болдым. Людмила Гри-

горьевна өзінің үйін 10 жыл бұрын үкі-

метке  өткізгеніне  қазір  қатты  өкінеді. 

 Əрине, бұл жерде өмір сүрген жа-

ман емес. Бəрі жақсы. Тек сөйлесетін, 

ой бөлісетін адам жоқ. Қарттар үйі жа-

ңадан  ашылғанда  көптеген  үйірмелер 

болған.  Қазір  неге  екені  белгісіз,  бəрі 

жабылып  қалды.  Концерттер  де  сирей 

түсті.  Күні  бойы  үйде  отырып,  зерігіп 

кетемін.  Құрбыларым  да  жоқ.  Бұрын-

ғы үйімді сағынамын. Бəріміз тату-тəтті 

болып  едік.  Қолымнан  келсе,  бір  бөл-

мемді  жалға  беріп  қояр  ем,  ішім  пыс-

пайтын еді. Əттең, рұқсат бермейді. Бұл 

əлеуметтік  үйде  жаны  тыныш,  өмірге 

риза,  өкініші  жоқ  адамдарға  ғана  тұ-

руға  болады.  Кей  кездері  ұйықтап  жа-

тып шошып оянамын. Өз үйімде ұйық-

тап жатқандай болып көзімді аша қал-

сам...  жоқ,  мына  үйде  жатамын,  –  деп 

күрсінді.

Барлық жағдай жасалғанымен, жан 

тыныштығы  болмаса,  өмір  сүру  қиын. 

Жалғыздықтың күйін кешкен қарттары-

мызға қол ұшын созып, барымен көмек-

тесетіндер  де  аз  емес.  Демеушілерден 

бастап,  мүгедек  балаларға  дейін  кон-

церт  қойып  береді.  Кейбір  жүрегі  кең 

азаматтар  есімдерін  жарияламай-ақ, 

қайырымдылық  жасап  отырады.  Қарт 

кісілердің  ж ақындарынан  емес,  бөтен 

адамдардан көмек алатындары өкінішті. 

Динара  МҰХТАР,

ІТ  университетінің  студенті

«ЖЕТІМ»  АЛ АН 

АРТТАР

Алматы қаласындағы Тілендиев көшесінен өтіп бара 

жатсаңыз, үлкен жасыл үйді көресіз. Ол қартайғанда жалғыз 

қалған зейнеткерлер, ерлі-зайыпты қарттар мен мүгедектерге 

арналған Қазақстандағы жалғыз әлеуметтік үй. Бар болса, 

балалары мен туысқандарының рұқсатымен өздерінің жеке 

меншік үйлерін үкіметке өткізіп, орнына жасыл үйді пана 

еткен. Ал жоқ болса, дорбаларын сүйреп, өз еріктерімен көшіп 

келеді. 

Стамбұлда  өткен  Бүкілəлемдік  22-ші 

мұнай  конгресінде  Қанат  Бозымбев  мұ-

най  өндірісін  қайтадан  ұлғайту  мəселесі 

туындап  отырғаны  туралы  ресейлік  ба-

сылымдарға айтып берді. «Қараша айын-

да  ОПЕК-тің  кезекті  саммиті  өтеді.  Мұ-

най  өндірісін  қысқарту  туралы  келісімді 

республика  толықтай  орындап  отыр.  Ха-

лық  аралық энергетикалық агенттіктері мен 

Қазақстан энергетика агенттігінің бағалау, 

өнім көлемін есептеу өзгешеліктеріне бай-

ланысты  өнім  көлемі  əртүрлі  болып  ке-

леді»,  –  деді  министр. 

2016 жылдың соңында ОПЕК құрамы-

на кіретін елдер жəне оған кірмейтін мем-

лекеттер  мұнайдың  көлемін  тəулігіне  1,8 

млн  баррельге  қысқарту  туралы  келісім-

ге  келген  болатын.  Келісімге  сай  міндет-

терді  еліміз  көктемде-ақ  орындап  таста-

ды.    Қазақстан  2017  жылы  мұнай  өнді-

ру  туралы  алғашқы  жоспарын  81  мил-

лион  тоннадан  асыруы  ықтимал.  Алғаш-

қы  жартыжылдықта  42  миллион  тоннаға 

жуық мұнай өндіріп үлгергендіктен, ж ыл-

дың соңына дейін бұл көрсеткіш жоспар-

дан  асып  түсуі  мүмкін.

Министрдің  болжамына  сенсек,  2017 

жылдың  қорытындысында  Brent    марка-

сының  жылдық  орташа  бағасы  барреліне 

50  долларды  құрайтын  болады.

Бейімбет  АМАНЖОЛ  

ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ӨНДІРУДІ ҰЛҒАЙТПАҚ 

Марал – бұғы тұқымдастарының ішін-

дегі ең ірі түрі. Олар  көбінесе аралас ор-

мандарда, қайыңды-көктеректі қойнауларда 

кездеседі. Бұл жануар еті мен мүйізі үшін 

аса  жоғары  бағаланады.  Маралдың  мүйізі 

дəрілік  шикізат  ретінде  пайдаланылады. 

Мамандардың айтуынша, ең жоғары баға-

ланатыны – сүйектенбеген жас мүйіз. Ол – 

жүрекке,  қан  айналым  жүйесіне,  бұлшық 

етке,  тыныс  жолдарына,  ішек-қарын  жол-

дарына əсер ететін сергіткіш дəрі. Марал-

дың дəрілік шикізат алуға болатын мүйізі 

еркегінде ғана болады. Олар жылда түсіп, 

қайтадан өсіп шығады. Мүйіздерінің ұзын-

дығы  126-146  см,  ал  салмағы  11-22  кг-ға 

дейін жетеді. 12-14 жасында мүйіздері өз-

гере  бастайды.

Соңғы уақытта сары даланы мекен ет-

кен маралдар саны артып келеді. Мəселен, 

өткен жылдың соңында Шығыс Қазақстан 

облысындағы мамандар жаңа технология-

ларды  қолдана  отырып,  маралдардың  са-

нын арттыруды қолға алған болатын. Атал-

ған  тəсіл  өңірдегі  көрсеткішті  2  есе  арт-

тырды.  Яғни,  100  бас  аналықтан  80-90-ға 



Жуырда Қазақстан ОПЕК елдерінің мұнай өндіру көлемін азайту 

бойынша келісіміне шұғыл түрде емес, біртіндеп бас тартуды жөн 

санайды. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың мәлімдеуінше, 

Астана әлі де келісімшартты ұзарту туралы ұстанымын нақтылаған 

жоқ. Бұл мәселе ОПЕК-тің қараша айындағы кездесуінде белгілі 

болмақ. 

ҚАЗАҚТЫҢ 

БІР БАЙЛЫҒЫ – 

СҰЛУ МАРАЛ

дейін төл алуға мүмкіндік туды. 2016 жыл-

дың қазан айындағы деректерге сүйенсек, 

Шығыс Қазақстан облысындағы 18 шаруа-

шылықта 10 мыңнан астам марал өсіріледі. 

Ақмола  жəне  Солтүстік  Қазақстан  об-

лыстарының аумағында орналасқан «Көк-

шетау»  ұлттық  табиғи  саябағындағы  ма-

ралдар саны да жыл санап көбейе түсуде. 

Мұндағы маралдар, негізінен, қыс мезгілін-

де қарағайлы жəне қайыңды-көктеректі ор-

мандарда тіршілік етіп, жазға қарай егістік-

ке шығады. Көктемге дейін маралдар Ұлт-

тық табиғи бақтың қары аз жерлерін е жи-

налады.  Мəселен,  «Көкшетау»  ұлттық  та-

биғи  саябағында  2012  жылы  53  бас  ма-

рал  болса,  2014  жылы  бұл  көрсеткіш  64-

ке  жеткен. 

Сонымен қатар, Қарағанды мен Ақмо-

ла облысы аумағында орналасқан, 15 жыл-

дан  бері  жұмыс  істеп  келе  жатқан    «Бұй-

ратау» ұлттық мемлекеттік табиғи паркін-

де де маралдар санының артқандығы бай-

қалуда.    Ауыл  шаруашылығы  министрлігі 

Орман жəне аң шаруашылығы комитетіне 

қарасты  табиғи  паркте  өсіп,  көбейген  аң-

дар  кейін  далаға  жіберіледі. 



Əсел  МАҚСАТҚЫЗЫ

Кәсіпкерлікті дамыту – 

экономиканың негізгі қайнар 

көзі болғандықтан,  елімізде 

бизнеске заңсыз араласуды 

тоқтату, кәсіпкерлікке 

әкімшілік қысымды төмендету 

бойынша тұрақты жұмыстар 

жүргізілуде. Жеке кәсібін 

дөңгелетіп отырған іскер 

азаматтардың құқығын 

қорғаудың бір жолы – 

«Қамқор» мобильдік 

қосымшасы. 

Кəсіпкерлікке  кедергі  келтіретін 

негізсіз  тексерістердің  жолын  ке-

суді  көздейтін  «Қамқор»  қосымшасын 

«Googleplay»  жəне  «AppStopre»    жү-

йелерінің  көмегімен  жүктеуге  болады.  

Бұл  мобильді  қосымша  арқылы  кəсіп-

керлер  тексеруші  органнан  хабарлама 

алып  отырады.  Онда  тексеруге  бара 

жатқан    комиссия  комиссия  мүше-

лерінің  аты-жөні  мен    қызметі  туралы 

толық мағлұмат беріледі. Сонымен қа-

тар, тексерістің қанша уақытқа созыла-

тыны да көрсетіледі.  Егер  мобильді қо-

сымшадағы ақпараттармен мемлекеттік 

қызметкердің  мəліметтері  сəйкес  кел-

меген жағдайда тексеріс заңсыз болып 

есептеледі. Бұндай жағдайда əрбір аза-

мат    прокуратураға  шағымдана  алады.  

Қолданысқа  енгізілгеніне  ұзақ  уа-

қыт  бола  қоймаса  да,  «Қамқор»  элек-

трон ды  қосымшасы  кəсіпкерлердің 

игілігіне  айналып  үлгерді.  Мəселен, 

құрылғы  көмегімен  Жамбыл  облысы-

ның  кəсіпкерлері  прокуратураға  4  ша-

ғым түсірген. Тексеру барысында олар-

дың екеуі заңға қайшы екені анықтал-

ды. Бүгінде бұл қосымшаның қызметін 

мыңнан  астам  жамбылдық  кəсіпкер 

қолданып  жүр. 

«Жеке кəсіпкерлерге бұл өте ыңғай-

лы.  Ішінде  тексеру  күнін,  тексеру  ау-

мағын,  тексерушілердің  тізімін  білуге 

болады.  Жеке  кəсіпкер  ретінде  маған 

қатысты  заңсыз  тексерулер  жүргізіл-

ген  жоқ.  Негізсіз  тексерулер  жүргізіл-

ген  жағдайда  құқық  қорғау  органда-

рына  шағымдана  аламын»,  –  дейді 

жергілікті  кəсіпкер. 

«Хабарламалар  келіп  түскен  сəт-

те  мобильдік  топ  сол  жерге,  сол  сəт-

те  шығады.  Қаланың  ішінде  болса  да, 

шалғай  аудандарда  болса  да,  тексе-

ру  жүргізіліп  жатқан  нысанға  дереу 

барамыз.  Сол  жерде  мəн-жайды  тек-

серіп, тексерістің заңсыздығы растала-

тын болған жағдайда прокурорлық ық-

пал ету актілері қолданылады», – дейді 

ҚР  Бас  прокуратурасы  арнайы  есепке 

алу басқармасы бөлімінің аға прокуро-

ры  Лейла  Мəдиева.   

 

Анар  БАУЫРЖАНҚЫЗЫ



КӘСІПКЕРЛЕРДІ 

ҚОРҒАЙТЫН «ҚАМҚОР»

«Түркістанның»  экономикалық  қосымшасы

Ырыс


13 шілде, бейсенбі, 2017 жыл

7

келісін  1500  теңгеден  сатып  жүрміз.  Жал-



пы,  бір  маусымда  3,5  тоннадай  бал  өнді-

реміз»,  –  дейді  Сергей  Маринков.  Жуырда 

Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен бар-

ған  облыс  əкімі  Жансейіт  Түймебаев  Сер-

гейдің омартасына арнайы тоқтап, жұмысы-

мен танысқан болатын. «Омарташы болу – 

жақсы  кəсіп.  Табиғаттың  керемет  жерінде 

бал  арасын  өсіріп,  таза  табиғи  өнім  алып 

отырған  осындай  омарташыларға  қолдау 

білдіріп, басын қосып, кооператив құру қа-

жет. Сонда ғана жұмыс жүйеленіп, омарта-

шылық кəсіпті дамытуға жол ашылады», – 

деді  Жансейіт  Қансейітұлы.

Омарташылар  кооперативін  құрудың 

ішкі туризмді дамытып, шетелдік туристерді 

көптеп  тартуға  септігі  мол.  Сондай-ақ  оң-

түстік  омарташыларының  бірлесіп,  ұжым-

дасып  жұмыс  істеуіне  қолайлы  жағдай  ту-

мақ.  Алдағы  уақытта  қазығұрттық  балды 

брендке айналдырудың жолын қарастырып 

жатқан аудан басшылығы өңірге келетін ту-

ристерге балды қолжетімді ету үшін облыс 

орталығындағы қонақүйлерге бал өнімдерін 

пакеттеп  ұсынуды  көздеп  отыр. 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал