Және инновация вице-министрінің «Сіздің елдің павильонының басты ерекшелігі неде?» деген



жүктеу 1.15 Mb.

бет4/11
Дата08.09.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Асқарбек  Нұртазаұлы,  қоғамдық 

көлік  жүргізушісі:

– Жол бойында өлімнің жиілеп кеткені 

қынжылтады. Ажал құшқандардың арасын-

да  жас  та,  жасамыс  та  бар.  Қаншама  жо-

лаушының өмірі мойнында екенін біле тұра 

жас жүргізушілердің автобусты жын қуған-

дай құйғытып айдайтынын күнде көремін. 

Өзім істейтін автобус паркіндегі жастардың 

біразын  тəубесіне  келтірдім.  Ал  басқала-

рына  сөзіміз  өте  бермейді.  Жоспар  дейді, 

кесте  дейді,  əйтеуір  асығып-аптығып  жү-

реді.  Автобус  ішіндегілер  жанұшыра  ай-

ғайлап  жатса  да  жылдамдықты  бəсеңдет-

пейді. Сондай жүгенсіздердің кесірінен ата-

аналар балаларын қоғамдық көлікке отыр-

ғызудан  қорқады.  Тіпті  жаяу  жүрудің  өзі 

қауіпті.  Əлгі  желмен  жарысқандар  жаяу 

жүргіншілер жолағында кетіп бара жатқан 

талай жолаушыны басып өтті емес пе? Ке-

ңес үкіметі тұсында мұндай жол-көлік апат-

тары  өте  сирек,  оқта-текте  ғана  ұшыраса-

тын.  Ол  кезде  тəртіп  өте-мөте  қатаң  болу-

шы  еді.  Кім  көрінген  қоғамдық  көліктің 

рөліне  отырмайтын.  Ал  қазір  ше?  Жүргі-

зуші куəлігін оқымай-ақ сатып алып, жолда 

білгендерін істейді. Құлақтарынан телефон 

түспейді.  Қауіпсіздікті  емес,  «жарыстан» 

бірінші  болып  келуді  ғана  ойлайды.  Мұн-

дай тəртіпсіздіктерге тоқтау қою үшін жол 

сақшылары тəртіпті күшейтулері керек деп 

санаймын. Өзімнің автобус жүргізгеніме 30 

жылдан асты. Шүкір, жол-көлік оқиғалары-

на  тап  болған  емеспін.  Мен  үшін  ең  бас-

тысы  –  жолаушылардың  амандығы.  Олар-

дың арасында өзімнің балаларымдай бала-

лар,  өз  анамдай  аналар  бар. 



Айгүл  Қалжанова,  мұғалім:

– Қала тұрғындарының басым көпшілігі 

қоғамдық  көліктермен  қатынайды.  Авто-

бус  пен  маршруттардың  іші  жастары  егде 

тартқан  кісілер  мен  қолдарында  балалары 

бар  аналарға  толы.  Алайда  қоғамдық  көлік 

жүргізушілері  жол  ережелерін  өрескел  бұ-

зып,  жолаушылардың  зəре-құтын  қашы-

ратынын  күнделікті  көріп  жүрміз.  Ұдайы 

бір-бірімен жарыса жөнелетін жүргізушілер 

адам өмірін қатерге тігетінін несіне жасыра-

мыз?! Көпке топырақ шашуға болмас, десе 

де, қаламыздағы көлік жүргізушілерінің мə-

дениеті  төмен  деңгейде.  Тəртіпке  бағынуға 

шақырған  жолаушыларға  зекіп,  кейде  тіпті 

жағаға жармаса кетеді. Өкінішке қарай, мұ-

ның соңы көп жағдайда қайғылы оқиғалар-

мен  аяқталуда.

БАЛАНЫҢ БЕЙНЕТІ БІЛІНБЕЙДІ

«ТЕМІРДЕН БОЛАР КӨЛІГІҢ...»


Қазақтың байтақ даласын сан түрлі жан-жануарлар мекен етеді. Солардың бірі – маралдар. Аса 

жоғары бағаланатын жануар Қазақстанның бірнеше өңірінде бар. Әсіресе, Шығыс Қазақстан, 

Қарағанды, Ақмола облыстарында жиі кездеседі. 

ҚАЗАҚТЫҢ БІР БАЙЛЫҒЫ – 

СҰЛУ МАРАЛ

бетте


бетте

6

6



-

-

Шынында  да,  бізде  жаңашыл  дүние 



дүрмегі  басылғанша  ғана.  Тіпті,  алғаш-

қы үш-төрт айда «Оңай» төлем картасын-

сыз  отырған  жолаушы  қоғамдық  көлік-

тен  түсіп  те  қалатын.  Арнайы  ұйымдас-

тырылған рейдтердің нəтижесінде бір са-

ғатта  жол  ақысын  төлемеген  жолаушы-

лар анықталып, олардың əрқайсысына екі 

айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшері,  яғни 

4242  теңге  айыппұл  салынып  жүрді.  Ар-

найы тексеретін мамандар «Оңай» карта-

сы жоқ жолаушылармен біраз текетіресіп 

бақты.  Мұның  бір  пайдасы  –  қала  тұр-

ғындары  жаңа  жүйеге  бой  үйретіп,  жол-

ақысын  қала  қазынасына  құйып  жатқа-

нын  сезінді.  Оған  дəлел  ретінде,  «Оңай» 

картасы  қолданысқа  енген  10  күн  ішін-

де  қала  бюджетіне  67  млн  290  мың  240 

теңге  түскенін  айтуымыз  керек.  Алайда 

қазір  бастапқы  кездегідей  емес,  жолақы-

сын  «Оңай»  төлем  картасымен  төлейтін-

дер азайып кетті. Неге? Оған бірнеше се-

бепті  айтуға  болады. 

Біріншіден,  қоғамдық  көлік  жүргі-

зушілері  мен  кондукторлары  жолақысын 

өздеріне  төлеуді  талап  етеді.  Екіншіден, 

соңғы уақытта əр қоғамдық көліктің кон-

дукторы  кассалық  аппарат  арқылы  билет 

таратады. Кейде тіпті, жолаушыға берген 

билетін түсерде қайтарып алып, келесісі-

не ұсынады. Ал мұның есебі бар ма, жоқ 

па,  тағы  белгісіз.  Үшіншіден,  жолаушы-

лар  тарапынан  «Оңай»  төлем  картасына 

салынған  ақшаның  жоғалып  кететіндігі 

немесе  өзінен-өзі  азайып  қалатындығы 

жөнінде шағымдар жиі айтылды. Олар бұ-

ған күніне бір емес, үш-төрт мəрте тексе-

ретіндер кінəлі деген уəжін жеткізді. Сол 

себептен де Алматы қаласының көптеген 

тұрғындары «Оңай» төлем картасын сөм-

кенің қалтасынан шығармай, есесіне қол-

ма-қол  есеп  айырысып  жүргенін  жасыр-

майды  да.     

Алайда  «Оңай»  төлем  картасының 

қала үшін де, жолаушылар үшін де тиімді 

екенін  уақыт  дəлелдеп  отырған  жоқ  па? 

Бұл  біріншіден,  қоғамдық  көлік  мəде-

ниетін  қалыптастырса,  екіншіден,  қала-

дағы  тозығы  жеткен  автобустардың  жа-

ңаруына да мүмкіндік туғызады. Үшінші-

ден,  адам  факторын  жойып,  бюджеттен 

тыс  кетіп  жатқан  ақшаны  жарыққа  шы-

ғарады.  Халық  ақшасын  қайда  шашып 

жатқанын білетін болады. Яғни, қала тұр-

ғындары өз қаржыларының өздеріне сапа-

лы  қызмет  ретінде  қайтып  жатқанын  бі-

луі тиіс. Бүгінде жаңа жүйенің арқасында 

6-7 миллиард теңгені көлеңкелі экономи-

кадан  шығаруға  мүмкіндік  мол. 



КАРТАСЫ  ЖОҚ  ЖОЛАУШЫ... 

150  ТЕҢГЕ  ТӨЛЕЙДІ

Бұған  дейін  Алматы  қаласының  қо-

ғамдық  көліктерінде  жолақысының  қым-

баттайтындығы  жөнінде  əңгіменің  шеті 

шыққан  болатын.  «Жел  тұрмаса,  шөптің 

басы  қимылдамайды»  демекші,  бұл  сөз 

шындыққа айналатын сияқты. Бұл туралы 

əкімдіктің  қаулысы  Қазақстан  Республи-

касының электронды үкіметі порталында 

жарияланды. Қаулыда қаладағы қоғамдық 

көлік тасымалдауларында жол ақысының 

дифференциалды  тарифін  енгізу  туралы 

айтылған.  Алматы  əкімдігі  «ҚР  Авто-

мобиль  көлігі  туралы»  Заңының  1-бабы 

2-бөліміне сəйкес, қоғамдық көліктегі кө-

леңкелі айналымды жою əрі электрондық 

төлем түрін  дамыту мақсатында осындай 

қаулы шығарған.  Енді қоғамдық көліктегі 

(метроны қосқанда) жол ақысы электрон-

дық  төлем  арқылы  –  80  теңге  көлемінде, 

ал  қолма-қол  ақша  берген  жағдайда  150 

теңге  болады.  Əзірге  бұл  қаулы  13  шіл-

деге  дейін  қоғамдық  талқылаудан  өтпек. 

Қаулы  əділет  органдарында  мемлекеттік 

тіркеуден өткен соң, 10 күннен кейін заң-

ды  күшіне  енбекші.   

Мұндағы  мақсат  –  қолма-қол  ақша-

мен  төлеген  жағдайда  жолақының  қым-

баттауын  əкімшілік  қаражаттың  көлең-

ке  айналымынан  арылып,  салық  түсімін 

арттыру жəне жолаушылар арасында элек-

тронды  картаның  көбірек  қолданылуына 

басымдық  беру.  Осылайша,  Алматы  қа-

ласының  қоғамдық  көліктерінде  24  шіл-

деден  бастап    жол  ақысының  дифферен-

циалды  тарифі  енгізілуі  əбден  мүмкін. 

«Оңай»  картаңыз  болса  –  80  теңге,  жоқ 

па  –  150  теңге  төлеуге  тиіссіз.   

«Алматы  транспорт  холдингі»  ЖШС 

директоры  Сəдір  Хамраевтың  айтуынша, 

келесі  аптадан  бастап  БАҚ-та,  автобус 

пен  троллейбустарда  «қоғамдық  көлікте 

дифференциалды тариф енгізіледі» деген 

ақпарат  ілінеді,  таратылады.  «Кез  келген 

жолаушы қолына сол күнгі, сол уақытта-

ғы жəне бағасы көрсетілген билет алмаса, 

жолақысын төлемеуге де құқы бар. Яғни, 

жəй қағазға не үшін ақша төлейді? Міне, 

біз  жолаушының  құқығына  байланысты 

бірқатар  мəлімет  береміз.  Бұл  маңызды. 

Себебі  24  шілдеден  бастап  полиция  қыз-

меткерлерімен  бірлесіп,  қала  бойынша 

рейд жүргіземіз. Сол кезде билетсіз жүр-

ген  жолаушылар  жазаланады,  қоғамдық 

көлік  мəдениетін  сақтамай,  ереже  бұзған 

көлік жүргізушілері мен кондукторлар да 

жауапқа  тартылады.  Былтыр  «Оңай»  тө-

лем картасы енгізілгеннен кейінгі қаңтар-

ақпан  айында  өткен  рейд  тұрғындардың 

есінде шығар. Яғни, рейд аяқасты ұйым-

дастырылып,  əр  уақытта,  əр  күні  өткізі-

леді. Əйтпесе, тиімділігі болмайды. Жыл 

соңына  дейін  рейдтің  нəтижесін  ақпарат 

құралдарында  жариялап,  заң  бұзғандар 

əшкереленеді. Қазірдің өзінде арнайы қау-

лы тапсырмасы қабылданып, атқарылатын 

іс-шаралар  жоспары  бекітілді»,  –  дейді 

«Алматы  транспорт  холдингі»  ЖШС  ди-

ректоры  Сəдір  Хамраев  баспасөзге  бер-

ген  сұхбатында. 

Ол «Оңай» картасын сатып алу қиын-

ға соғып жүр» деген қала тұрғындарының 

пікірін теріске шығарады. «Бүгінде қалада 

«Оңай»  төлем  картасын  сататын  1,5  мың 

нүкте бар. Газет дүңгіршектерінде, темір-

жол вокзалындағы «Атамекен» кассасын-

да, метро стансаларында, əуежайда саты-

лады. Тіпті, қазір картаны қоғамдық көлік 

жүргізушілері де, кондукторлары да саты-

лымға  шығарғанын  айтады. 

Осылайша,  Алматы  қалалық  жолау-

шылар тасымалдау мекемесі «Оңай» кар-

тасының  жаппай  қолданысқа  енуі  үшін 

іске  белсене  кіріспек.  Үздіксіз  жүргізі-

летін  рейдтің  арқасында  ойдағы  нəтиже-

ге қол жеткізетініне де сенімді. Егер тек-

серуші билетсіз жолаушыны ұстаса, оған 

өздігінен  айыппұл  сала  алмайды.  Ол  жо-

лаушыны  полиция  мекемесіне  əкелуі  ке-

рек.  Оған  уақыт  кетеді.  Ал  рейд  кезін-

де  полиция  қызметкерлері  де  тексеруші-

лермен  бірге  жүріп,  заң  бұзғандарға  сол 

орында  айыппұл  салады. 

Сол сияқты шараны ұйымдастырудың 

басы-қасында  жүрген  мамандардың  ай-

туынша,  халық  бəрібір  ақшасын  санауға 

көшеді. «Жаңа ереже қолданысқа енгізіл-

се,  картасыз  жүрген  жолаушылардың  20 

пайызы сол мезетте-ақ «Оңайға» көшетін 

болады.  Ал  қазан-қараша  айында  қолма-

қол  төлем  жасаушылар  саны  небəрі  3-4 

пайызға төмендейді. Қазір бұл көрсеткіш 

50х50.  Қала  тұрғындарының  70  пайызы 

«Оңай»  төлем  картасын  тұтынса,  30  па-

йызы қолма-қол төлейді. Демек, 30 пайы-

зы көлеңкелі бизнеске құйылып жатыр де-

ген  сөз»,  –  дейді  олар. 

Кез  келген  жобаның  қайтарымы  бо-

луы  қадағаланады.  Əуелгіде  жаңа  жүйе 

7-8  жылды  қамтиды  делінсе,  қазір  14-

15  жыл  уақытқа  созылады  деген  болжам 

бар. Ал бұл жүйеге əу баста 2,2 млрд тең-

ге  жоспарланғанмен,  3,6  млрд  теңге  са-

лынған. Тағы бір айта кетерлігі, «Оңай»-

төлем  жүйесін  енгізуге  қала  бюджетінен 

бір тиын да жұмсалмаған. Яғни, жеке ин-

вестицияның  қаржысымен  жүзеге  асып 

отырған  жүйе. 

Анықтама  үшін:  Қоғамдық  көлік-

терде  қолма-қол  төлем  –  150  теңге, 

«Оңай»  картасымен  –  80  теңге.  Ал  əлеу-

меттік  топтағы  азаматтар  –    зейнет-

керлер,  студенттер,  оқушылар  «Оңай»

    картасы  арқылы  ғана  40  теңге  төлей 

алады. Егер картасы болмаса, олар да 150 

теңге төлеуге мəжбүр. Бұл метроға да қа-

тысты.    Ал  жолақы  билеті  бұрынғысын-

ша  қала  береді.   



ЖАЛАҚЫ  ЖОЛАҚЫҒА  КЕТЕ  МЕ? 

 

Былтыр  тура  Астана  күні  мерекесі 



қарсаңында  Қызылорда  қаласындағы  қо-

ғамдық  көліктерде  жол  жүру  құны  50 

теңгеден 70 теңгеге көтерілген еді.   Қит 

етсе  жанармайдың  қымбаттауы  мен  тех-

никаның  ескіргенін  желеулететін  тасы-

малдаушылар  бағаны  бірден  90  теңгеге 

көтеруді сұраған. Алайда құзырлы орган-

дар ақылдаса келіп, ересектерге 70 теңге, 

оқушыларға  30  теңге  етіп  бекіткен.  Сол 

кезде  қала  халқы  мəдениеттен  жұрдай 

жүргізушілер тізгіндейтін лас автобустар-

да  жүру  үшін  70  теңге  тым  көп  дегенді 

айтқан. Қалалық коммуналдық шаруашы-

лығы,  жолаушылар  көлігі  жэне  автомо-

биль  жолдары  бөлімінің  басшысы  Марс-

бек Молдабаев қаладағы қоғамдық көлік-

тердің  сапасын  жақсарту  үшін  тарифті 

қымбаттату қажеттілігі туындап отыр жəне 

тұтынушыларға жайлы жағдай жасаймыз 

десе,  Қызылорда  автобус  паркі  директо-

рының  орынбасары  Бектібаев  Бақытбек 

Шəкірманұлы:  «Біз  де  халықтың  біріміз. 

Дегенмен,  қоғамдық  көліктердің  жағда-

йын жақсартуымыз қажет емес пе? Негізі 

жоғарғы  биліктен  жолақының  90  теңгеге 

көтерілуін  сұраған  едік.  Себебі  1  билет 

құны  124  теңге  болуы  тиіс,  яғни  газ,  со-

лярка, қыстық жəне жаздық баллон ауыс-

тыру үшін қаражат керек. Техника ескір-

мей тұрмайды. Оны жөндеу немесе ауыс-

тыру  үшін  қомақты  қаражат  керек.  Сон-

дықтан біз өз тарапымыздан ешқандай өз-

герту  жасай  алмаймыз.  Қазіргі  таңда  ав-

тобус паркіне қарасты 30 қоғамдық көлік 

бар, оған тағы 40 үлкен сыйымдылықтағы 

автобус  қосылады»  деген  болатын. 

Ал  араға  тура  бір  жыл  салып,  Аста-

на  күні  қарсаңында  Қызылорда  қаласын-

да  жолақы  90  теңгеге  жетті.  «Қызылор-

да»  автобус  паркі  ЖШС  жолақысын  100 

теңгеге, ал оқушылар үшін 50 теңгеге кө-

теру  жөнінде  бастама  көтерген.  Іле-ша-

ла  бұл  ұсыныс  қалалық  мəслихаттың  1 

шілдедегі  сессиясында  қарастырылып,  3 

шілдеден бастап ересектер үшін 90 теңге, 

оқушылар үшін 40 теңге  болып бекітілді. 

«Қызылорда» автобус паркінің дирек-

торы Əнуар Нақыптың мəліметінше, серік-

тестікте 450 адам жұмыс істейді. «25 қа-

лалық жəне  қала сыртына қатынайтын 6 

маршрутта екі ауысымда 870 автобус бар. 

Оның  112-сі  –  үлкен,  қалғаны  шағын  ав-

тобустар  мен  маршруттық  таксилер.  Бір 

жылда  жанармай,  дизельді  отын  мен  газ 

тарифі өсіп кетті. Бұдан кəсіпорындардың 

жағдайы кері кетпесе, жақсарған жоқ» де-

ген  пікірін  білдірді. 

 

Динара  МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ 



Алматы қаласының 

қоғамдық 

көліктеріне 

енгізілген «Оңай» 

төлем картасына 

алдағы күзде бір 

жыл толады. Осы 

уақыт ішінде жаңа 

төлем картасына 

үйреніп кеткендер 

де көп, керісінше 

баяғы қолма-қол 

төлеу әдетінен 

арыла алмай 

жүргендер де 

баршылық. Әу 

баста «Оңайды» 

жаппай қолдануға 

көшкен қала жұрты 

жаңа жүйеге 

неге сенімсіздік 

танытты? 

«О АЙ» БОЛСА – 80 ТЕ ГЕ, 

ЖО  БОЛСА... 

Алматы қаласы «Оңай» төлем картасын жаппай қолданысқа 

енгізу үшін қолдан келер амалдың бәрін жасамақ. Шын мәнінде, 

бұл жүйенің тиімді тұсы көп. Мұны жолаушылар да біледі. Ең 

бастысы, қолма-қол төлем 150 теңге болса, қала тұрғындары  

бұл жүйеге өздігінен-ақ көшетін сияқты. Ал Қызылорда қаласының 

жұрты «жалақымызды жолақы жалмайды» деп наразылық білдіруде. 

Дегенмен, жолақыны өсіру саясаты былтыр басталып, биыл нүкте 

қойылды. Есесіне, жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көліктер қызмет 

көрсету сапасын жақсарта ма, жоқ па, бұл тағы да уақыт еншісіндегі 

мәселе.   

P.S.

Дамыған  елдерде  бір  адам  жылына 

500  келі  сүт  өнімдерін  тұтынуы  тиіс 

болса,  бізде  бұл  мөлшер  небəрі  200-

230  келіден  ғана  бұйырады  екен.  «Со-

ның  салдарынан  дəрумендер,  минерал-

дар  жəне  микроэлементтер  адам  бойы-

на  тиісті  мөлшерде  дарымайды»  дейді 

мамандар. Олардың пайымдауынша, дү-

кен  сөрелеріндегі  əр  бесінші  сүт  өнімі 

ғана  елімізде  өндіріледі  екен.  Яғни, 

қалғаны  сырттан  жеткізіледі  деген  сөз. 

Кейбір  дерек  көздеріне  жүгінсек,  Қа-

зақстан  жылына  5  млн  400  мың  тон-

на  сүт  өндіреді.  Қазіргі  таңда  отандық 

сүт  жəне  сүт  өнімдері  халықты  сапалы 

өнімдермен  толық  қамтамасыз  ете  ал-

майды.  Өндірілген  шикізаттың  тек  үш-

тен бір бөлігі өнеркəсіптік қайта өңдеу-

ден  өткізіледі.  Отандық  кəсіпорындар 

оралған сүт өнімдерімен тұтынушылар-

дың  қажеттіліктерінің  тек  27  пайызын 

қамтамасыз  етеді.

Дегенмен,  соңғы  жылдары  елімізде 

сүт  өндірісінің  əлеуетін  арттыруға  ба-

сымдық беріле бастады. Мəселен, өткен 

жылы  сауын  сиырлары  бар  үй  шаруа-

шылықтарын кооперативтерге біріктіру 

ісі  қолға  алынған.  Жыл  сайын  еліміз-

де  сауылатын  сүт  көлемі  артқанымен, 

өндірістік  өңдеуге  тек  30  пайызы  ғана 

пайдаланылады. Қазір еліміздің түкпір-

түкпірінде ауыл шаруашылығы коопера-

тивтері құрылуда. Аздаған малы бар ша-

руалар бас қосып, ортақ ұжым құра ала-

ды. Артынша сүтті бір қоймада жинап, 

оны  қымбат  бағаға  өткізуге  мүмкіндік 

бар.  Мемлекеттік  демеу  қаржының  ар-

қасында  қайта  өңдеу  зауыттары  коо-

перативтерден  сүтті  70  теңгеден  емес, 

95  теңгеден  қабылдауы  шарт.  Бұл  екі 

жаққа да тиімді болса керек. Жеке сек-

тор  иелері  сиыр  өнімін  ұтымды  өткіз-

се,  кəсіп орын  өкілдері  кооперативтен 

сапалы шикізатты талап етуге  құқылы. 

Бұл салаға қанша қолдау көрсетілсе 

де,  отандық  сүт  өндіруші  компаниялар 

қазақстандықтардың сұранысын толық-

тай қанағаттандыра алмай отыр. Қазіргі 

уақытта елімізде сүт өнімдерін шығара-

тын 60-қа жуық отандық компания бар. 

Бірақ  сүт өнімдерінің импорты азаймай 

отыр.  Агросекторлы  ел  саналатын  Қа-

зақстанға сүт өнімдерінің 40 пайызы Қы-

тай, Ресей жəне Қырғызстаннан жеткізі-

леді.  Мамандар  мұның  бір  себебін  сүт 

шикізатының  күзгі  жəне  қысқы  мезгіл-

дерде  жетіспеуімен  байланыстырады. 

Жазды күні шаруалар бар сүтін өткізуді 

мақсат тұтса, қыс мезгілінде керісінше, 

кəсіпорындарда  тапшылық  пайда  бола-

ды. Осының салдарынан, қыста өндіріс 

ошақтарының қарқыны бəсеңдей түседі. 

Ал мұндай кезде отандық компаниялар-

дың  біразы  Ресей  мен  Белоруссиядан 

жеткізілген құрғақ сүтті езіп, сұйық сүт-

ке айналдырады. Деректерге сенсек, жаз 

мезгілінде  сүт  қыстан  қарағанда  9  есе 

көп  өндіріледі  екен.  Мұның  негізгі  се-

бебі – шикізаттың 70 пайызы жеке сек-

тордың иелігінде. Сондықтан, ең алды-

мен өнеркəсіп кəсіпорындары шаруадан 

алатын  шикізаттың  сапасын  жоғарыла-

ту  үшін  бағасына,  тасымалдау  құнына, 

тапсырыс  уақытына  алдын  ала  келісім 

жасауы  қажет.  Негізінен,  үй  шаруашы-

лығында  өндірілетін  Қазақстандық  сүт 

сапа  стандарттарына  жауап  бермейді.

Тағы бір айта кететін жайт, сүт өнді-

руші  кəсіпорын  басшыларының  жеке 

шаруалардан  алатын  сүттің  сапасына 

көңілі толмайды. Өйткені соңғы уақыт-

тарда  қол  сүтінің  құнарлылығы  төмен-

деп,  майлылығы  азайған.  Тіпті,  кейбір 

ауыл  тұрғындары  сүтке  су  қосып  жі-

беретін  көрінеді.  Ал  бұл  өз  кезегінде 

өнімнің  майлылығына  кері  əсер  етеді. 

Осындай олқылықтар орын алатындық-

тан, кəсіпорындар жұмысты нақты ша-

руашылықтармен жүргізгенді құп санай-

ды. Өйткені мұнда мал үнемі қатаң тек-

серістен  өтіп  отырады.  Олар  жем-шөп-

ке көп көңіл бөледі. Малдардың жағда-

йын күнде бақылайтын ветеринары бар. 

Ал жеке секторда сиырларды əркім əр-

қилы күтеді. Бұл, əрине, сүттің сапасы-

на  əсер  етеді. 

Соған қарамастан, сүт өнімдерін шы-

ғаратын отандық компаниялар да тұты-

нушыларын алдап кететін жағдайлар тір-

келуде. Мəселен, жыл басында отандық 

58 компанияның 38-і өз тұтынушыларын 

алдағаны белгілі болды. Қарапайым ха-

лықты  сан  соқтырған  компаниялардың 

қатарында  беделді  отандық  тауар  өнді-

рушілер  мен  шетелдің  ірі  компанияла-

ры  да  бар.  Нəтижесінде  соттың  үкімі-

мен  бірқатар  фирмаларға  79  млн  теңге 

көлемінде  айыппұл  салынған.  Сондай-

ақ,  адамның  өміріне  қауіп  төндіретін 

25  тонна  тағам  өнімдері  сатылымнан 

алынып тасталды. Тексеру нəтижесінде 

белгілі болғандай, сүт өнімдерін шыға-

ратын кейбір компаниялар табиғи сары 

майдың  орнына  өсімдік  майын  қосып, 

жалған өнімдер шығарыпты. Мұны Ұлт-

тық экономика министрлігі Тұтынушы-

лардың  құқығын  қорғау  комитеті  арна-

йы  мониторинг  жүргізу  арқылы  анық-

таған. Комитет 372 сүт өнімдеріне арна-

йы  тексеріс  жүргізіп,  117  өнімнің  жал-

ған  екенін  анықтаған.  Яғни,    олар    өз 

өнімдерін дайындаған уақытта шикізат-

ты  тексермеген.  Осыған    байланысты 

кейбір  компаниялар  өз  өнімдерінің  құ-

рамында  өсімдік  майының    болғанын 

да  білмеген. 

Қазіргі уақытта мезгілдік шикізат мə-

селесін шешу мақсатында «Агробизнес 

–  2020»  бағдарламасы  жұмыс  істеуде. 

Аталмыш жоба аясында шаруалар сүтті-

тауарлы  фермаларды  ашу  мүмкіндігіне 

ие болды. Енді тек асыл тұқымды мал-

ды  ғана  емес,  қарапайым  сиыр  басын 

көбейтуге    болады.  Табиғаттың  заңына 

бағынбай,  қолдан  ұрықтандырудың  ар-

қасында  сиырлардың  бұзаулауын  жос-

парлауға  мүмкіндік  туды.  Осының  нə-

тижесінде,  ферма  иелері  сүтпен  жыл 

бойы  үздіксіз  қамтылады. 

Қайта  өңдеу  зауыттарын  тағы  бір 

мəселе  алаңдатып  отыр.  Дүниежүзілік 

сауда ұйымына мүше болған Қазақстан 

ортақ ережеге сай, тауар өңдірушілерді 

қаржылай  қолдауын  тоқтатуы  тиіс.  Де-

мек кəсіпкерлер қосымша құн салығын 

төмендетілген  мөлшерлемемен  төлеу 

мүмкіндігінен  қағылмақ.  Қазір  өндіріс 

ошақтары  аталған  салық  түрін  белгі-

ленген  12  пайыздың  орнына,  4  пайыз-

дан ғана өтеп жүр. Төбе шашы тік тұр-

ған кəсіпкерлер енді тығырықтан шығар 

жолды  іздеп  əлек. 

Сүт  өндірісіндегі  тағы  бір  мəселе  – 

отандық сүт өнімдерінің бағасы. Ресей, 

Беларусь, Қырғыз Республикасынан ке-

летін  сүт  өнімдерінің  бағасы  отандық 

сүт өнімдеріне қарағанда арзан. Мыңда-

ған шақырым қашықтықтан жеткізілетін 

өнімдер бағасы өз жерімізде өндірілген 

тауарлардан қалай төмен болуы мүмкін? 

Мамандар  мұндай  жағдай  тауар  өнді-

рушілердің ірі сауда желілеріне тікелей 

тəуелділігінен  туындап  отырғандығын 

алға  тартады.  Яғни,  олардың  келісім-

шарттары  көбіне  екі  тарапқа  бірдей 

тиімді  болмайды  екен.  Ал  тауар  өнді-

рушілер сауда желілерінің отандық өнім-

дердің  бағасын  өз  қалауларынша  қым-

баттатып  сататындығын  айтады.  Өнім 

бағасы өссе, жергілікті тауар өндіруші-

лер  өз  тұтынушыларынан  айырылуы 

мүмкін  екені  айтпаса  да  түсінікті.  Бұл 

орайда    нарықты  шетел  тауарларының 

жаулап алатыны сөзсіз. Бұндай жағдай-

ға жол бермеу үшін қазір Ұ лттық пала-

та өкілдері Дүниежүзілік  сауда ұйымы-

ның шартына сай, сүт саласына тұтастай 

жеңілдік беруді қарастырып отыр. Алай-

да бұл жағдайда тек отандық өндіруші-

лер ғана емес, өзге елдің кəсіпорындары 

да  Қазақстанның  демеуіне  ие  болады. 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал