Және инновация вице-министрінің «Сіздің елдің павильонының басты ерекшелігі неде?» деген



жүктеу 1.15 Mb.

бет3/11
Дата08.09.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ЖАҢА ЖҮЙЕ – 

ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Лагерьдің негізгі мақсаты – Түркі ке-

ңесі  елдерінің  жастары  арасында  мəде-

ниет аралық байланыс, жастар саясаты са-

ласында  озық  тəжірибе  мен  инновация-

лық  жобалар  алмасу.

Лагерь  жұмысына  Түркия,  Қырғыз-

стан,  Əзірбайжан  елдерінен  деле гаттар, 

тəжірибесі мол білікті тренерлер мен ай-

мақтардан жастар саясаты саласының ма-

мандары  қатысып,  жастар  саясатындағы 

инновациялық идеялардың іске асуы, осы 

саладағы  Түркі  кеңесі  елдерінде  жүзеге 

асырылып  жатқан  тиімді  жобалар  мен 

басқа  да  өзекті  мəселелерді  талқылады.

Лагерьдің ашылуында Дін істері жəне 

азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нү-

кенов,  Түркі  кеңесінің  халықаралық  ла-

геріне  қатысушыларды  шараның  ашы-

луымен  құттықтап,  ел  болашағының  құ-

рылымын  қалыптастырудағы  жастардың 

рөліне тоқталды. Вице-министр өз сөзін-

де:  «Ұлттың  рухани  жаңғыру  жобалары 

жастар  саясаты  саласында  ынтымақтас-

тық  пен  жастармен  жұмыста  жаңа  əдіс-

терді  қалыптастыруға  мүмкіндіктер  бе-

реді.  Қазақстан  Түркі  кеңесіне  қатысу-

шы  елдердің  мəдениетаралық  диалог-

ты арттыру бойынша бастамаларын бел-

сенді  түрде  қолдайды.  Осы  орайда  жас 

азаматтар толеранттылық пен этникалық 

жəне  діни  ерекшеліктерге  төзімділік  та-

нытулары    аса  маңызды.  Жастар  мəде-

ниет,  бейбітшілік  пен  келісімді  орнату-

да  қызығушылық  танытулары  қажет»,  – 

деп  атап  өтті.

«Жас  Отан»  Жастар  қанатының  же-

текшісі  Данияр  Сүндетбаев  жиналған-

дарды  Мемлекет  басшысының  «Бола-

шаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 

бағдарламалық  мақаласында  көтерілген 

негізгі бастамаларымен таныстырып, ұлт-

тық  құндылықтарымыз  бен  тарихымыз-

ды, салт-дəстүрімізді, мəдени ескерткіш-

терімізді жаңғыртуда Түркі кеңесінің жас-

тары арасында өзара ынтымақтастықтың 

маңыздылығын  атап  өтті.

Шара  барысында  тренингтер  мен 

пікірталас  алаңдары  ұйымдастыры-

лып,  Түркі  кеңесі  қатысушы  елдердің 

бейбітшілік  бастамалары  туралы  Асқар 

Құмыран,  əлеуметтік  желі  жəне  жастар 

тақырыбы бойынша Асхат Садырбай жəне 

басқа да жаттықтырушылар өз тəжірибе-

лерімен  бөлісті.

Сонымен  қатар,  бір  аптаға  жоспар-

ланған  лагерь  жұмысы  аясында  мəдени-

дамыту,  тренингтер  мен  спорттық  шара-

лар, сонымен қатар EXPO – 2017 халық -

аралық маманданды рылған көрмесіне сая-

хат  жоспарланып  отыр.

МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ДИАЛОГ – 

БІРЛІКТІ БЕКІТЕР БАСТАМА

Ақмола облысының Зеренді ауданында Дін істері және азаматтық 

қоғам министрлігі және «Жас Отан» Жастар қанатының 

ұйымдастыруымен Түркі кеңесінің халықаралық жазғы лагерінің 

салтанатты ашылуы өтті.

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау об-

лыстық  филиалындағы  «Білім»  сарап-

тама  комиссиясының  отырысында  жал-

пы білім беретін мектептердің түлектерін 

жаңа  формат  бойынша  тестілеуден  өткізу 

мəселелері қаралды. 

Бұл туралы облыстық білім басқармасы-

ның басшысы Зейнеп Тастемірова баяндама 

жасады.  Ол  сонымен  қатар,  сараптама  ко-

миссиясының  мүшелеріне  техникалық  жəне 

кəсіптік мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу 

жылына арналған мемлекеттік білім беру тап-

сырысы туралы ақпарат берді.

– Биылғы оқу жылында 4900 оқушы мек-

теп  бітірді.  Өкінішке  қарай,  облыс  бойын-

ша 473 түлек ҰБТ-ның шектік балл деңгейі-

не жете алмады. Біз барлық түлектерді оқы-

тып,  жұмысқа  орналастыруға  бар  күшімізді 

жұмсаймыз,  –  деді  «Білім»  сараптама  ко-

миссиясы  төрағасының  орынбасары  Тілек-

тес Болатбаева.   

Білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне 

əлеуметтік  бағдарламалар,  жастар  саясаты 

жөніндегі облыстық басқармалардың басшы-

лары партияның «Сəтті қадам» жобасы аясын-

да  ҰБТ-дан  өтпей  қалған  жəне  ҰБТ-ға  бар-

маған жастарға көмек көрсету үшін үш жақ-

ты меморандумға қол қойды.  Бұл құжат бо-

йынша қол қойған ұйымдар  қыркүйек айына 

дейін сараптама жүргізіп, бос жүрген жастар-

ды қысқа курстарда оқыту, одан əрі жұмыс-

қа  орналастыру  мəселелерін  шешетін  бола-

ды. Сараптама комиссиясының отырысында 

партиялықтар мектеп түлектерінің барлығы-

на қолдау көрсетілетіндігін атап өтті.



СЫНАҚТАН СҮРІНГЕНДЕР 

СЕНДЕЛІП ҚАЛМА ЙДЫ  

«Нұр Отан» партиясы Тараз 

қалалық филиалының 

ұйымдастыруымен Т.И.Батуров 

атындағы Жамбыл ГРЭС-інің 

мәжіліс залында «Міндетті 

әлеуметтік медициналық 

сақтандыру» жүйесін 

түсіндіру бойынша өндіріс 

жұмысшыларымен кездесу өтті. 

Шараның мақсаты – міндетті 

әлеуметтік медициналық 

сақтандырудың жүйесін өндіріс 

жұмысшыларына кеңінен 

түсіндіру.

МƏСЕЛЕ

13 шілде, бейсенбі, 2017 жыл

4

Басы 1-бетте



Басы 1-бетте

Сұрақ:  –  Жұмыссыздарға,  өзін-өзі  нə-

тижесіз  жұмыспен  қамтығандарға  жəне 

елдің  экономикалық  белсенді  емес  халқы-

ның  басқа  да  санатына  медициналық  кө-

мек  қалай  қамтамасыз  етіледі?  Елімізде 

олардың  саны  қанша?

Жауап: – Статистикалық деректер бойын-

ша, өзін-өзі нəтижесіз жұмыспен қамтыған аза-

маттардың саны ҚР-да қазіргі таңда 500 мың-

нан  астам  адамды  құрайды.  Бұл  халық  сана-

ты  2020  жылға  дейін,  амбулаторлық-емхана-

лық көмек пакетін алады. Бірақ оған жоспарлы 

госпитализация кірмейді, яғни   адамның өмірі 

мен  денсаулығына  қауіп  төнген  жағдайларда 

ғана  медициналық  көмекке  иек  арта  алады.   

Сонымен  қатар,  бұл  халықтың  санатына 

төмендегідей  мүмкіндіктер  ұсынылады:

а)  тұрғылықты жері бойынша жұмыспен 

қамту  орталығына  хабарласуына  болады,  ол 

жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тəжіри-

беңізге  сəйкес  жұмысқа  орналасуға  болатын  

ұсыныстар болады. Егер ұсынылғандар сəйкес 

келмесе, онда сіз жұмыссыз деген статус ала-

сыз жəне бұл жағдайда мемлекет, белгіленген 

уақытқа Əлеуметтік медициналық сақтандыру 

қорына сіз үшін жарналарды төлеу бойынша 

міндеттемені  өз  мойнына  алады.   

б)  жеке  кəсіпкер  ретінде  салық  органда-

рында тіркеле аласыз жəне сіз мəлімдеген та-

быстың немесе табыс болмаған жағдайда  2 ең 

төменгі  жалақының    5%-ы  мөлшерінде  2017 

жылдың 1 шілдесінен  салымдар жасай аласыз. 

в)  егер  сізге  алдындағы  екі  ұсыныс  та 

ұнамаса,  онда  өзіңіз  екінші  деңгейдегі  банк-

тер  арқылы  2018  жылдың  1  қаңтарынан  бір 

төменгі жалақы мөлшерінен 5 %-ы мөлшерін-

де Медициналық сақтандыру қорына аударым-

дар  жасай  аласыз.                               



–  МƏМС  кезінде  төлеуші  қайтыс  бол-

ған  жағдайда  жиналған  қаражатты  туыс-

тарына  беру  қарастырылған  ба?

–  Жоқ,  қарастырылмаған,  əлеуметтік  ме-

дициналық  сақтандыру  жинақтаушы  жүйе 

болып  табылмайды.  Əрбір  төлеуші  жарнала-

рының  сомасына  қарамастан,  халықтың  бар-

лық санатына медициналық қызметтерге бір-

дей    жұмсалады.

– Балалар неше жасқа дейін МƏМС жү-

йесіне төленетін жарналардан босатылады?

–  18  жасқа  дейінгі  балалар,  жоғарғы  оқу 

орнының  студенттері  жəне  оқу  аяқталған-

ға  дейін    техникалық  жəне  кəсіби  білімнің  

күндізгі  оқудағы  оқушылар  Міндетті  əлеу-

меттік  сақтандыру  қорының  жарналарынан 

босатылған. 

– МƏМ сақтандыруда санаторийлік-ку-

рорттық  ем  алу  қарастырылған  ба?

– Жоқ, санаторийлік-курорттық ем көздел-

меген. Бірақ, əлеуметтік медициналық сақтан-

дыру шеңберінде, сақтандыру қаражаты есебі-

нен бірқатар аурулар (инсульт, инфаркт, онко-

логия, трансплантология) бойынша оңалту кө-

мегін  кеңейту  болжануда.     

– Қазақстанның медициналық сақтан-

дыру қорымен аумақтық белгісі бойынша 

шарт  жасаған  медициналық  ұйымдар  ту-

ралы  қайдан  білуге  болады?

– Медициналық сақтандыру қорының рес-

ми  сайтында    Қормен  келісім-шарт  жасаған 

медициналық ұйымдардың тізбесі орналасты-

рылатын болады, қордың ақпараттық қызмет-

терінде    де  ақпарат  алуға  болады.



–  МƏСҚ-мен  шартқа  отырмаған  ком-

мерциялық клиникалардың дəрігері жазып 

берген дəрілік заттарға жұмсалған шығыс-

тарды  МƏСҚ  өтей  ала  ма?

– Коммерциялық клиникалардың дəрігері 

жазып берген дəрілік заттары Міндетті əлеу-

меттік  сақтандыру  қоры  арқылы  Қор  мен 

клиника  арасында  шарт  жасалған  жағдайда 

ғана  өтеледі.



–  Емханаларда  ұйымдастырушылық 

техника  жетіспейді,  ал  қолданыста  бары 

ескірген, сондықтан анализге рецептті не-

месе  жолдаманы  40  минуттай  тосуға  тура 

келеді  (осындай  жағдай  6  емханада  бар). 

Оған қоса қабылдау кестесі сақталмайды. 

Сонымен қатар медициналық персонал екі 

есептілікті  жүргізуге  мəжбүр  –  қағаз  жəне 

электрондық. Нəтижесінде, арнаулы маман-

дарға жолдама алу үшін алдымен терапевт 

кабинетінің  жанында  жарты  күн  тұру  ке-

рек,  одан  кейін  УДЗ  немесе  басқа  да  тек-

серулерге жолдама алу үшін тағы 2-3 апта 

күту керек. Осындай жағдайларда, ақылы 

дəрігерге  қаражаты  жоқ  науқастар  алтын 

уақыттарын жоғалтады, ауру келесі кезең-

ге көшеді. Бұл проблема медициналық сақ-

тандыруға  көшкен  кезде  шешіле  ме?  Қа-

лай  шешіледі?

– Біріншіден, əлеуметтік медициналық сақ-

тандыру  жүйесі  жағдайында,  медициналық 

қызметтерді көрсетуге арналған конкурсқа жұ-

мыскерлерінің саны, техникалық жарақтанды-

рылуы  жəне  медициналық  көмек  ұйымының 

құрылымы белгіленген  минималды талаптар-

ға  (стандарттарға)  сəйкес  келетін  медицина-

лық  ұйымдар  ғана  қатыса  алады. 



Екіншіден, конкурста тек сапалы медици-

налық қызмет көрсеткендер ғана жеңе алады.

Ал  ауылдық  денсаулық  сақтауға  қатысты 

болса, онда оларға жалғыз қызметтерді көрсе-

тушілер    ретінде,  Міндетті  сақтандыру  қоры 

ұсынылатын  медициналық  көмектің  сапасын 

жыл сайын арттыру туралы талаптарын қояды.

Үшіншіден, 2018 жылдан бастап аурухана-

лар  мен  емханаларда  техникалық  қайта  жаб-

дықтау мүмкіндігі пайда болады, өйткені осы 

жылдан бастап Қор амортизациялық аударым-

дарға  қаражат  бөледі.

Төртіншіден,  қолданыстағы  ақпараттық 

жүйе бүгінгі таңда қабылдауға E-GOV, меди-

циналық ұйымдардың өз порталдары арқылы 

жазылуға мүмкіндік береді.  Əлеуметтік сақ-

тандыру  енгізу  сəтіне  қарай  барлық  ұйым-

дардың  əлеуметтік сақтандыру қорының ақ-

параттық  технологиялар  жүйелеріне  рұқса-

ты  болуға  тиіс.



«Түркістан-ақпарат»

МЕДИЦИНАЛЫҚ 

САҚТАНДЫРУ

ал жеткіншектердің еңбегін қанау күрмеулі мәселеге айналып отыр



ДҮНИЕ  ЖҮЗІНДЕ  85  МЛН  БАЛА 

ҚАУІПТІ  ЖҰМЫС  ІСТЕЙДІ

Балалардың  ауыр  жұмысқа  жегіл-

меуін  қадағалайтын  БҰҰ-ның  «Бала-

лар  құқықтарын  қорғау  туралы  Кон-

венциясы»  бар.  Бұл  құжатқа  Қазақ с-

тан  да  қол  қойған.  Аталған  құжатта 

«бала өзінің денсаулығына, білімі мен 

дамуына  қауіп  төндіретін  жұмыс  тап-

сырылған  жағдайда  қорғау  құқығына 

ие.  Мемлекет жұмысқа алуда бірінші 

кезекте  адамның  ең  төменгі  жас  мөл-

шері  мен  еңбек  жағдайына  қатысты 

талаптарды  белгілеуі  керек»  деп  көр-

сетілген. ҚР Еңбек кодексінде кəмелет-

ке толмағандардың еңбек қызметі сала-

сына қатысты мəселелер аталған жəне 

«Он сегізге толмаған жұмысшылардың 

еңбегін реттеу ерекшеліктері» 16-тарау-

да көрсетілген. Еңбек кодексінің талап-

тарына сəйкес, жас азаматтармен жеке 

еңбек шартын жасасқан кезде олардың 

білім  алу,  кəсіби,  мəдени  жəне  басқа 

да  əлеуметтік  мүдделері  ескерілуі  ке-

рек.  Кəмелетке  толмағандар  жұмыс-

қа  қабылданарда  міндетті  медицина-

лық тексеруден өтеді. Жасы он сегізге 

толмаған  адамдарды  дене  еңбегін  қа-

жет ететін ауыр жұмыстарға жəне ең-

бек  жағдайы  зиянды,  қауіпті  жұмыс-

тарға  қабылдауға  рұқсат  етілмейді. 

Сонымен  бірге,  олар  түнгі  уақытта-

ғы  жұмысқа  пайдаланылмайды.  Кə-

мелетке  толмағандардың  еңбегін  қор-

ғау,  оқуын  өнімді  еңбекпен  табысты 

ұштастыру  үшін  оларға  қолайлы  жағ-

дайлар туғызу мақсатында заңда қыс-

қартылған  жұмыс  уақыты  көзделген. 

16-дан  18  жасқа  дейінгі  қызметкер-

лер үшін аптасына 36 сағаттық жұмыс 

уақыты  белгіленген.  Ал  14  пен  16-ға 

дейінгі жасөспірімдер үшін – аптасы-

на 24 сағаттан аспайтын жұмыс уақы-

ты  көзделген.

 «ҚР Бала құқықтары туралы» Заң 

əр баланың еңбек бостандығына, қыз-

мет жəне мамандық түрін еркін таңдау-

ға құқығы бар екенін айтады. Он төрт 

жастан асқан  балалар ата-аналарының 

рұқсатымен оқудан бос уақытта денсау-

лығының жай-күйі  мен дамуы бойын-

ша  қолжетімді,  баланың  дене,  адам-

гершілік  жəне  психикалық  жай-күйі-

не зиян келтірмейтін қоғамдық пайда-

лы  еңбекке  қатысуға  құқылы.  Əрине, 

балаларды  жастайынан  еңбекке  бау-

лу  құптарлық  іс.  Бірақ  бұғанасы  қат-

паған  балаға  шамадан  тыс  жүк  арту-

ға  болмас.  Өйткені  баланың  ауыр  ең-

бекке араласуы оның дене дамуы мен 

психоəлеуметтік  дамуына  зор  нұқсан 

келтіруі  мүмкін.  Кейбір  зерттеу  мəлі-

меттеріне қарағанда, жұмыстағы бала 

мен  жұмыс  істемейтін  баланың  бойы 

мен салмағында орташа есеппен 13 см жəне 

12  келі  айырмашылық  болады  екен. 

Халықаралық еңбек ұйымының дерек-

теріне  сүйенсек,  Қазақстандағы  бала  ең-

бегі  ауыл  шаруашылығында,  мал  баққан-

да,  мектеп  шаруашылығында,  құрылыс-

та,  бензин  құю  стансаларында,  базарлар-

да,  көліктік  қызметтерде  пайдаланылады 

екен.  Тіпті,  кейде  ересектер  пайда  табу 

мақсатында  баланы  қайыр  сұрауға,  жез-

өкшелікке,  есірткі  тасуға  да  жұмсайтын 

жағдайлар  кездесіп  жатады.    Еңбек  жəне 

халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің 

мəліметінше,  Қазақстанда  2015  жылы  – 

600,  2016  жылы  75  баланы  жұмысқа  тар-

ту  дерегі  тіркелген.  Былтыр  Шығыс  Қа-

зақстан,  Қарағанды,  Қызылорда,  Жамбыл 

облыстарында  жəне  Алматы  қаласында 

кəмелетке  толмаған  жұмыскерлердің  ең-

бегін  пайдалану  бойынша  1  жағдайдан, 

Солтүстік  Қазақстан  облысында  –  5,  Ба-

тыс  Қазақстанда  –  22,  Алматы  облысын-

да  –  34,  Маңғыстауда  –  3,  Атырау  облы-

сында – 2 жəне Астана қаласында 4 дерек 

назарға  іліккен.  Нəтижесінде  жұмыс  бе-

рушілерге  əкімшілік  жауапкершілік  таға-

йындалды. Бір қуанатын жайт, биыл бала-

ларды жұмысқа жегу бойынша əзірге еш-

қандай  дерек  тіркелмепті. 

Көптеген  елдерде  бала  еңбегін  шек-

тейтін заңнамалар бар, ондағы заңдар Ха-

лықаралық  еңбек  ұйымының  нормативті 

актілері  негізінде  қабылданған.  Осыған 

қарамастан, бала еңбегінің қаналуы неме-

се мөлшерден тыс жұмыс істеуі орын алу-

да. Əсіресе, дамушы мемлекеттердегі жағ-

дай қиындау. Қазірдің өзінде дүние жүзін-

де  168  миллион  бала  жұмыс  істесе,  олар-

дың 85 миллионы қауіпті жұмыс түрлері-

не  тартылған. 

ЕҢБЕККЕ  ЕРТЕ  АРАЛАСУДЫҢ 

БІР  СЕБЕБІ  –  КЕДЕЙЛІК 

Мамандар баланың ауыр еңбекке тарты-

луына ата-аналардың сауатсыздығы мен от-

басындағы əлеуметтік ахуалдың себеп бола-

тындығын  алға  тартады.  Шынында  да,  ең-

бекке ерте араласатын балалардың көпшілігі 

тұрмыстық  жағдайы  төмен,  толық  емес  от-

басылардан  шығады.  Отбасындағы  қаржы-

ның жеткіліксіздігі, жоқшылық кейбір бала-

лардың еңбекке ерте араласуына əсер етеді. 

Жазғы демалыстарын түрлі жұмыстар атқа-

рып,  ақша  табуға  арнайды.  Тапқан  қаража-

тын келесі оқу жылына қажетті құрал-жаб-

дықтарына  жұмсайды. 

Балалардың жұмыс істейтін негізгі уа-

қыттары  –  жазғы  демалыс.  Үш  ай  бойы 

өз  нəпақасын  тапқысы  келетін  балаларды 

базарлардан,  көлік  жуатын  орындардан, 

қоғамдық  көліктерден  жиі  кездестіреміз. 

Əсіресе,  жазда  қара  базарда  арба  сүйреп, 

ұсақ-түйек заттарды саудалайтын балалар-

дың  қатары  артады.  Тіпті,  базарларда  өт-

кен-кеткенге алақан жайып, қайыр сұрай-

тын  балаларды  да  көзіміз  шалып  жүргені 

жасырын емес. Негізінде, балалар ересек-

терге  қарағанда  арзан  жəне  тілалғыш  жұ-

мыс күші. Ересектерге қарағанда балалар-

ды  басқару  оңай,  олардың  икемділігі  мен 

дағдылары    аз  болса  да,  өз  құқықтарын 

жете  түсінбейді,  əуре-сарсаңға  салмайды 

жəне  тез  бейімделгіш  келеді.  Сондықтан, 

кейбір жұмыс берушілер бала еңбегін пай-

даланғанды  құп  көреді.  Кей  жағдайларда 

ішіп-жемін  беру  арқылы  тегін  жұмысшы 

күші ретінде де пайдаланады. Əдетте, ба-

зарда жұмыс істейтін балалар ресми түрде 

еш жерде тіркелмейді. Олардың қолдарын-

да  жұмыс  беруші  тарапымен  арнайы  жа-

салынған  еңбек  келісімшарттары  да  жоқ. 

Сол  себептен,  балалар  ауырғанда  немесе 

еңбек  жарақатын  алған  жағдайда  олар-

дың  əлеуметтік  жағынан  қорғалуы  екіта-

лай.  Мұны  құқық  қорғаушылар  да  жоққа 

шығармайды. 

Тəрбиелік мақсатта баланы еңбекке бау-

лу  деген  түсінік  қазақ  халқында  ерте  кез-

ден бар. Ата-анасының жанында жүріп, ең-

бек  еткен  балалар  бір  уақыт  мақта  терген-

нен  құқығы  тапталмайды.  Базарларда  ата-

анасының  жанында  саудаға  көмектескен-

нен бала ешқандай зиян шекпейді. Мектеп-

те кезекшілік атқарып, тақта, еден сүрткен-

нен  білім  алуға  кедергі  келмейді.  Есесіне, 

балалар  еңбек  етуді,  адал  нан  тауып  жеуді 

меңгереді. Ерте жастан кəсіппен айналысу-

дың,  тіршілікке  араласудың  қандай  бола-

тынын көзбен көріп, үйренеді.  Бала  еңбек-

сүйгіш  болып  өссе,  оның  несі  айып?  Бі-

рақ еңбекке баулу – жеткіншектерді жөнсіз 

жұмысқа салу деген сөз емес. Ата-аналар 

мен балаларды «арзан жұмыс күші» ретін-

де пайдаланатындар осыны ескеруі қажет. 

Оқудан тыс уақытта табыс тауып, ата-ана-

ға көмектескен дұрыс-ақ. Алайда мектеп-

ке  мүлдем  бармай,  күні-түні  қара  базарда 

жүрген  балалардың  ауыр  жұмысқа  жегі-

луі  заң  жолымен  реттелуі  тиіс. 

БАЛАНЫҢ  ҚҰҚЫҒЫН  ҚОРҒАУ 

МАҢЫЗДЫ

  Бұғанасы  қатпаған  бала  балалық  ша-

ғында  мектепте  берілетін  біліммен  еркін 

сусындағаны жөн. Алайда нарық заманы-

ның  жазылмаған  ережелеріне  сай  кейбір 

ата-аналар күнкөрістің қамы үшін баласын 

ауыр еңбекке жүктеп қойған. Мұндай жағ-

дайлар əсіресе, оңтүстік өңірлерде жиі тір-

келеді екен. Əсіресе, еліміздің оңтүстігін-

дегі мақта теру науқанына қатысатын мек-

теп  оқушылары  көзге  жиі  ілігеді.  Мұның 

себебі оңтүстік қазақтарының ата-бабамыз-

дан  қалған  тəрбие  мен  дəстүрге  сүйеніп, 

«баланы  еңбек  арқылы  тəрбиелеу»  прин-

ципін  қолдайтындығында  тəрізді. 

  Баланың  ерте  кезден  еңбекке  арала-

суы  оларды  тəрбиелеуге  пайдалы  деп  са-

найтындар  да  жоқ  емес.  Мұндай  пікірді 

қолдаушылар  баланың  еңбек  етуі  зиянды 

əрекеттерден  əрі  бос  уақытын  зая  кетіру-

ден  қорғайды  деп  есептейді.  Сондай-ақ, 

балалардың денсаулығы мен білім алуына 

кесірін  тигізетін  жұмыстарға  жеткіншек-

терді  жолатпау  қажет  деген  ойды  қолдай-

тындар  да  аз  емес. 

Қоғамда бала еңбегіне қатысты пікір-

лер  сан  алуан  болғанымен,  балалардың 

құқығын  қорғау  –  баршаға  ортақ  мін-

дет.  Сондықтан,  жұмыс  істеймін  деген 

жеткіншектердің құқығын қорғау маңыз-

ды  мəселе.  Қазақстан  Республикасының 

заңдарында  бала  еңбегіне  шектеулер 

қойылып, кейбір түрлері үшін қылмыс-

тық  жəне  əкімшілік  жазалау  қарасты-

рылған.  Сонымен  қатар,  ҚР  Консти-

туциясы  бойынша  мəжбүрлі  еңбекке 

тыйым  салынған.  Бұл  шара  бала  ең-

бегін  реттейтін  арнайы  заңмен  де  то-

лықтырылған.

  Балалар  еңбегін  қорғайтын  заң  жо-

баларының  негізгісі  –  БҰҰ-ның  «Бала-

лар құқықтарын қорғау туралы Конвен-

циясы». Кейбір дамыған мемлекеттерде 

15  жасқа  толмаған  балаларды  ауыр  жұ-

мыстарға  толық  жұмыс  күніне  қызмет-

кер ретінде қабылдайды. Осылайша, ба-

лалардың  білім  алуына  кедергі  келтірі-

леді.    Сол  себепті,  заң  арқылы  баланы 

ауыр  жұмыстарға  қабылдамауды,  əри-

не,  қадағалау  қажет.  Балалар  еңбегін 

қанаумен  қатар,  оларды  қылмыстық  іс-

терге  итермелейтін  де  оқиғалар  бола-

ды. Міне, осындай жағдайларды əшкере-

леп, заңмен қудалау өте орынды.  Бұл – 

конвенцияның негізгі міндеті. Ал дема-

лыс  уақытында  ата-анасына  көмектесу, 

мектепте,  балалар  үйінде  кішігірім  жұ-

мыстарды атқару бала еңбегін қанау де-

ген  тұжырым  еш  жерде  көрсетілмеген. 

Керісінше,  осы  арқылы  бала  еңбек  ету-

ге  дағдыланады. 

Баланы  жастайынан  еңбекке  баулу 

арқылы  өмірге  бейімдеймін  дейтін  ата-

аналар  ұрпағының дені сау, білімді аза-

мат  болып  қалыптасуы  үшін  барын  са-

луы қажет. Кəмелеттік жасқа толғанша, 

балаға  қамқор  болу  –  əрбір  ата-ананың 

парызы.  Балалардың  құқығын  қорғап, 

олардың  заңсыз  жұмысқа  тартылмауы-

на да ең бірінші жауапты жан – ата-ана. 

Сондықтан,  балалардың  өміріне  қатыс-

ты жайлардың бəрі ата-ананың тəрбиесі-

нен  басталады. 

Балалар  еңбегін  қорғау  мақсатында 

жүзеге  асырылып  жатқан  шаралар  да  аз 

емес.  Мəселен,  12  маусым  –  Халықара-

лық  балалар  еңбегіне  қарсы  күрес  күні. 

1997 жылы Амстердам мен Ослода бала-

лар  еңбегінің  ең  нашар  түрлерімен  күре-

су  мақсатында  өткен  халықаралық  бала-

лар еңбегіне қатысты сұрақтар талқылан-

ған конференция бұл бастаманы көтеруге 

түрткі болды. Осы салмақты шара арқылы 

талай  істер  қолға  алынып,  нəтижелі  жұ-

мыстар  жасалды.  Осылайша,  кəмелеттік 

жасқа  жетпей  жатып,  ауыр  жұмыстарды 

атқарып, қиналғанша  еңбек етіп жүрген жас 

балаларды қорғайтын күн белгіленді. Атал-

мыш күннің аясында елімізде де жыл сайын 

маусым  айының  алғашқы  12  күнінде  ұлт-

тық  акция  ұйымдастырылып,  балалар  ең-

бегін қорғауға барынша назар аударылады. 

Оның үстіне, жыл сайын елімізде құзырлы 

органдар  тарапынан  жүргізілетін  балалар 

еңбегіне  қатысты  заңдық  жəне  əкімшілік 

бақылау күшейіп келеді. Бұл елімізде бала 

еңбегін  қанауға  тосқауыл  қою  үшін  қол-

дан  келгеннің  бəрі  жасалып  жатқандығын 

дəлелдейді.

Жуырда  Алматыда  қос  бірдей  қо-

ғамдық  көлік  апатқа  ұшырады.  17-ші 

бағыттағы автобустар тапа-тал түсте То-

баяқов көшесінің бойында соқтығысты. 

Куəгерлердің айтуынша, екі автобус тар 

жолға таласып қалған. Бетпе-бет соқты-

ғыспас үшін екі жүргізуші тізгінді жан-

жаққа  тартыпты.  Салдарынан  жоғары 

жылдамдықпен жүйткіген автобус алды-

мен ағашқа соғылып, кейін жол жиегін-

дегі  төрт  көлікті  талқандап  барып  əзер 

тоқтаған.  Апаттан  жеті  адам  ауыр  зар-

дап шекті. Олардың екеуі жас бала. Ав-

тобустарға  иелік  ететін  «Думан  Транс» 

автопаркі жүргізушілерінің жүгенсіздігі 

кесірінен  қып-қызыл  шығынға  батты. 

Көлік  қозғалысы  жылдан  жылға 

қиындап бара жатқан Алматы қаласында 

мұндай  апаттардың  саны  артуда.  Олар-

дың  біріне  тəртіпке  бағынбаған  жүргі-

зушілер  кінəлі  болса,  енді  бірі  тозығы 

жеткен,  ақауы  бар  көліктердің  кесірі-

нен  болады.  Мəселен,  биылғы  жылдың 

басында тежегіші істен шыққан автобус 

11 автокөліктің соқтығысуына себепкер 

болды.  31-ші  бағыттағы  автобус  жүргі-

зушісі  «Қазақфильм»  ықшамауданын-

дағы  аялдамадан  шыққан  соң-ақ  тізгін-

ге  ие  бола  алмай  қалған.  Еңіске  қарай 

жүйткіген қоғамдық көлік алдында келе 

жатқан «Хюндай» жеңіл көлігін қағады. 

Сосын жол жиегінде қаңтарылып тұрған 

8 автокөліктің барлығын жаншып өткен. 

Ақыры жолдың қарсы бағытына шығып

қоқыс тасымалдайтын ауыр жүк көлігі-

не тіреліп тоқтаған. Барлығы 9 адам ау-

руханаға  жеткізілді.  Олардың  арасында 

3 жасөспірім бар. Тексеріс барысында 2 

балаға жабық ми жарақаты, бас миының 

шайқалуы деген диагноз қойылды. Тағы 

бір  бала  іш  белдеуінің  соғылуы  деген 

диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Ал 

автобус  жүргізушісінің  өзі  аяқ-қолдары 

сынып,  травматология  бөліміне  түскен. 

№2  автобус  паркінің  басшылығы 

кінəнің  бəрін  жүргізушіге  үйіп-төкті. 

Əріптестері  оның  бірінші  күн  жұмыс-

қа  шыққанын  айтып,  автобустың  тех-

Майқы бидің айтқаны уақыт шындығына айналды десек те...

никалық  жағдайына  шаң  жуытпады.  Қала-

лық ішкі істер департаменті жол-көлік оқи-

ғасына байланысты соталды тергеу жұмыс-

тарын жүргізді. Апаттың мəн-жайына қанық-

қан қала əкімі  №2 автобус паркінің басшы-

лығына қатысты қатаң шара қолдануды, егер 

онда техникалық қауіпсіздік сақталмағанды-

ғы  дəлелденсе,  мекемені  лицензиядан  айы-

ру  қажеттігін  қатаң  табыстады. 

Жол-көлік  оқиғаларының  алдын  алу, 

азайтуға  бағытталған  рейдтер  барысында 

қалалық инспекторлар автокөлік құралдары-

ның техникалық жай-күйі мен құрылымына 

баса мəн береді. Қоғамдық көліктердің апат-

тық жағдайда қосалқы есіктерінің жұмыс іс-

теуін тексеріп, рульдік, тежегіш жəне жану 

жүйесінің  жарамдылығына  айрықша  назар 

аударады. Сондай-ақ, автокөліктердің қайта 

жабдықталуы  мен  реттелетін  бағытта  жо-

лаушы  тасымалдауына  берілетін  рұқсат  қа-

ғаздары  тексерілуде.  Тəжірибе  көрсеткен-

дей, қоғамдық көліктің  техникалық ақауы-

ның  зардабы  көп.  Тіпті,  болмашы  ақаудың 

кесірінен жол-көлік оқиғасы болатыны бар. 

Полицейлердің айтуынша, ондай тəртіп бұ-

зушыға қауіпсіздік талабына сай  келмейтін 

жолаушы  көлігін  пайдалануға  тыйым  салу 

шаралары  қолданылады. 

Еліміздің өзге аймақтарында да жолаушылар 

тасымалдайтын қоғамдық көліктердің қатысуы-

мен  болған  жол  апаттары  азаймай  тұр.  Тəртіп 

бұзған  автобус  жүргізушілерін  тезге  салудың 

бір  жолы  –  республиканың  түкпір-түкпірінде 

жүргізілетін «Автобус» профилактикалық іс-ша-

расы.  Аталмыш  шара  барысында  өткен  жылы 

Қызылордада  220  қоғамдық  көлік  жүргізушісі 

жауапкершілікке  тартылды.    Олардың  1-еуі 

–  көлік  құралын  алкогольдік,  есірткілік  жəне 

уытқұмарлық  масаң  күйде  басқару  бойынша 

(ҚР  ƏҚБтК-нің  608-бабы),  14-і  –  көлiк  құрал-

дары жүргiзушiлерінiң белгiленген  жүру жыл-

дамдығын арттыру дерегі бойынша (ƏҚБтК-нің 

592-бабы), 15-і – сақтандыру полисі жоқ жүргі-

зушінің көлік құралын басқару дерегі бойынша 

(ƏҚБтК-нің 612,1-бабы), 7-і – тиісті рұқсатсыз 

қайта жабдықталған көлік құралын басқару бо-

йынша (ҚР ƏҚБтК-нің 590,7-бабы), 9-ы – жаяу 

жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қа-

тысушыларына  жол  беру  талаптарын  орында-

мау фактісі (ƏҚБтК-нің 600-бабы, 1-бөлігі) бо-

йынша жазаланды. 

«Автобус»  профилактикалық  іс-шарасы 

көкшетаулық  қоғамдық  көліктерді  де  қа-

таң бақылауға алды. Нəтижесінде шараның 

бірінші күні-ақ 140 жол-көлік ережесінің бұ-

зылуы  анықталды.  Оның  ішінде  2  қызмет 

жəне  демалыс  тəртібінің  бұзылуы,  5  тех-

никалық байқау мерзімінің өтіп кету дерегі, 

рөлде  келе  жатып  телефон  арқылы  сөйле-

судің  31,  жылдамдықты  мөлшерден  асыру-

дың  7  дерегі  жəне  тағы  да  басқа  заң  бұзу-

шылықтар  тіркелді.  Тіпті,  мас  күйінде  қо-

ғамдық  көліктің  рөліне  отырғандар  да  бар. 

Автобус  жүргізушілерінің  жауапсызды-

ғы  мен  салғырттығы  қостанайлықтарды  да 

əбден қажытқан. Өткен жылы  облыста қо-

ғамдық көліктердің кесірінен болған төтен-

ше жағдайлар 10 пайызға көбейіп, 6 жолау-

шының  өмірін  қиған.  Облыстық  прокура-

тураның  дерегіне  сүйенсек,  өңірде  жалпы 

жол-көлік оқиғалары 2014 жылға қарағанда 

2015 жылы 15,9 пайызға азайып, одан зардап 

шеккендер саны 17,4 пайызға, қаза тапқан-

дар 17, 9 пайызға кеміген. Алайда қоғамдық 

көліктер қатысқан жол апаты көбейген. Бұ-

ған  автобус жүргізушілерінің жауапсызды-

ғы мен кəсіби машығының төмендігі себеп 

дейді  мамандар.  Қостанай  облысы  бойын-

ша  тексерілген  жүргізушілердің  35  пайы-

зының ішімдік ішкені немесе психотроптық 

заттар  қабылдағаны  анықталады.  Жол  апа-

тына байланысты Қостанай қаласында 1264 

жүргізушіні медициналық тексеруден өткіз-

генде  оның  71-інің  ішімдік  ішкені,  5  адам-

ның    есірткі  пайдаланғаны  белгілі  болды. 

Мұндай оқиғалар Қарағанды қаласында да 

жиі тіркелді. Мəселен, 2016 жылы №29 бағыт-

тағы  автобустың  тізгініне  марихуананың  уы-

тына  мас  күйде  отырған  жүргізуші  ұсталды. 

Жаяу жүргіншілер жолағында зейнеткерді ба-

сып өте жаздаған жүргізушіні тоқтатқан тəртіп 

сақшылары  оны  наркодиспансерге  жіберген. 

Онда жүргізушінің қанынан марихуана ізі та-

былды.  Ол  жұмысының  ауырлығынан  жəне 

алкогольді  ішімдік  ішуге  болмайтындықтан 

есірткі қолдануға «мəжбүр» болғанын айтып 

ақталған. Ауыр жұмыстан «демалудың» жолын 

тапқан жүргізуші жолаушылардың қауіпсіздігі-

не бас ауырта қоймаған сияқты. 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал