Және инновация вице-министрінің «Сіздің елдің павильонының басты ерекшелігі неде?» деген



жүктеу 1.15 Mb.

бет2/11
Дата08.09.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Əсел  ƏНУАРБЕК

да  барлық  медициналық  ақпараттық 

жүйелер өңірде іске қосылады. Қазір 

облыстағы  721  денсаулық  сақтау  ме-

кемесінің 242-сі интернетке қосылған. 

Бірақ осы 242 мекеме өңір тұрғында-

рының  77  пайызына  қызмет  көрсе-

теді.  Келесі  жылы  тағы  140  ұйымды 

ғаламторға қосамыз. Сонда бізде ин-

тернетке қол жеткізген ұйымдар тұр-

ғындардың  93,9  пайызын  қамтитын 

ның  алғашқы  күндері  Иранда  өз  жұ-

мысын  бастайды. 

Екіншіден, ортақ мəмілеге келе ал-

маса  да,  бұл  келіссөздерге  сириялық 

үкімет  пен  қарулы  оппозиция  деле-

гацияларының  жəне  кепіл  мемлекет-

тер мен бақылаушы елдер өкілдерінің 

төрт  көзі  түгел  қатысқаны  маңызды. 

Бас-аяғы алты айдың ішінде бес кезде-

су өткізу оңай шаруа емес. Оның үсті-

не,  бұдан  ертерек  басталған  Женева-

дағы  сириялық  келіссөздер  алты  бас-

қосу  өткізсе  де,  оған  сириялық  қару-

лы  оппозиция  өкілдерінің  ат  ізін  сал-

мағаны  мəлім.  Сондықтан  астаналық 

алаңқайдағы  əңгіменің  жөні  де,  сал-

мағы  да  бөлек. 

Үшіншіден,  алдағы  тамыз  айын-

да  мүдделес  тараптар  қайтадан  Аста-

наға  жиналып,  алтыншы  келіссөздер 

өткізетін болды. Бұл дегеніңіз, Астана 

алаңқайы жұмысын одан əрі жалғасты-

рады  деген  сөз.  Дипломатияның  күр-

делі  тіліне  салсақ,  ең  бастысы,  келіс-

сөздердің  тығырыққа  тірелмей,  ортақ 

шешім  іздеу  ісінің  тоқтамағаны  ма-

ңызды. Мұндайда нақты нəтижеге же-

тумен  қатар  шешім  іздеуде  қолды  бір 

сілтеп, шарасыздыққа ұрынудан сақта-

нудың өзі – жетістік. Астаналық алаң-

қайдың ғаламдық қауымдастыққа жол-

даған анық сəлемі – Сириядағы соғыс-

ты  тоқтатып,  бітіспес  қарсыластарды 

бітімге  келтірудің  үміті  бар,  қанды 

қанмен жууды қойып, дипломатиялық 

шешім  табуға  ұмтылу  керек.  Астана-

лық келіссөздер көрсетіп бергеніндей, 

алты  жылдан  бері  қанды  қырғынның 

ішінде  жүрген  оппозициялық  топтар-

дың  ішінде  сөз  ұстауға  лайық,  мəмі-

леге  келуге  бейім  серкелерді  табуға 

болады.  Тек  кіммен  қалай  сөйлесудің 

ебін білген жөн. Бəлкім, «қалауын тап-

са,  қар  жанар»  деген  қазақ  мəтелінің 

қолданылар  тұсы  осы. 

Əйтсе  де,  Астананың  халықара-

лық  деңгейдегі  арағайындығы  мен 

Сириядағы  əскери  қимылдарға  тіке-

лей  атсалысуы  екі  бөлек  мəселе.  Бі-

рақ осы күндері “Қазақстан Сирияға 

əскер жібереді-мыс” деген алыпқаш-

па  сөздің  тарағаны  рас.  Əскер  жібе-

ру  туралы  жорамал  ресейлік  тарап-

тан айтылған. Осыған орай, Қазақ с тан 

Сыртқы  істер  министрлігі  мен  Қор-

ғаныс министрлігі арнайы мəлімдеме 

жасап,  бұл  жөнінде  ешқандай  келіс-

сөздердің  тіпті  басталмағанын  пы-

сықтады. 

Расында,  жарты  жыл  ішінде  бес 

бірдей  басқосу  өткізіп  үлгерген  Аста-

на келіссөздер алаңқайының ең үлкен 

жетістігі – соғыс жүріп жатқан Сирия 

аумағында  оқ  атылмайтын  төрт  бір-

дей аралық аумақ құру туралы шешім 

қабылдау  болатын.  Бірақ  бұл  аумақ-

тардың  шекарасын  бекіту,  олардың 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  –  осы 

келіссөздерге  қатысатын  кепіл  мем-

лекеттердің,  яғни  Ресей,  Түркия  мен 

Иранның жауапкершілігіндегі іс. Қор-

ғаныс министрлігі өкілінің айтуынша, 

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы ре-

золюциясы қабылданбайынша, ешқан-

дай аймаққа қазақстандық əскер аттан-

байды. Сыртқы істер министрі Қайрат 

Абдрахманов  бұл  мəселе  туралы  рес-

ми  ұстанымын  білдірді:  «Қазақстан-

ның  Сирия  дағдарысын  реттеу  үшін 

мүдделес  тараптардың  кездесуіне  Ас-

тана  алаңқайын  беріп  отырғанының 

өзі  біздің  мемлекеттің  осы  іске  қос-

қан нақты үлесі. Қазақстан Сирияға өз 

əскерилерін аттандыру үшін ешкіммен 

келіссөздер  жүргізіп  отырған  жоқ»,  – 

деп  ашып  айтты. 

Қазақстан  биылғы  жылдың  басы-

нан бастап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 

тұрақты емес мүшесі болып сайланған. 

Ендеше, аймақтық қақтығыс ушыққан 

жерлерге  осы  ұйымның  мандатынсыз 

əскер  кіргізу  бейбіт  ұстанымдағы  Қа-

зақстанның сыртқы саясатына қайшы. 

Бұл  күндері  Сирия  мəселесін  рет-

теуге  тұсау  болатын  сыбыс  та,  сөз  де 

біршама. Соның бірі – Ақ үйдің Башар 

Асад  үкіметін  “жаңа  химиялық  ша-

буылға дайындалып жатыр” деп айып-

тауы.  Осылайша,  АҚШ  биылғы  жыл-

дың  4  сəуірінде  болған  Хан-Шейхун 

қаласындағы  80  адамның  өмірін  жал-

маған  қайғылы  оқиғаны  меңзеп  отыр. 

Егер  осыған  ұқсас  жағдай  тағы  бола 

қалса,  Ақ  үй  елу  тоғыз  «Томогавкі-

ден»  нөсер  жаудырған  əрекетін  қай-

таламақшы. 

Астаналық  жиынға  сириялық  оп-

позицияның тоғыз өкілі келіп қатысты. 

Бірақ бұл жолы олар қандай да мəлім-

деме жасаудан бойларын аулақ ұстады. 

Əйтсе де, астаналық алаңқайда қарулы 

оппозиция  өкілдерінің  болуы  өте  ма-

ңызды.  Бұған  қоса,  бүгінгі  таңда  Си-

рияда  уақытша  бітім  келісіміне  қару-

лы  оппозицияның  65  тобы  қосылға-

нын  айту  кету  керек. 

Сириялық  үкіметтің  делегация-

сын осы елдің сыртқы істер министрі 

Башар  əл-Джаафари  бастап  келген. 

Келіссөздердің  нəтижесі  туралы  сұ-

раққа  ол  Түркияны  кінəлаумен  жауап 

берді.  «Түркия  делегациясы  осымен 

бесінші мəрте оң нəтижеге қол жеткі-

зуді  қиындатып  отыр»,  –  деді  ол.  Си-

риялық  үкімет  өкілінің  былай  деуінің 

себебі  бар.  Себебі  ресейлік  дереккөз-

дерге жүгінсек, Анкара Сирияның сол-

түстік-батысындағы Эфрин қаласын өз 

бақылауына алу үшін Кремльмен сау-

даласып  отыр.  Яғни,  осы  қала,  Түр-

кия  ықпалына  өтсе,  онда  Анкара  Ид-

либ  қаласында  оқ  атылмайтын  аймақ 

құруға атсалысады. Бірақ бұл айыптау 

ашық айтылса да Түркия делегациясы 

үнсіз  қалып,  оның  орнына  Ресей  пре-

зидентінің  арнайы  елшісі  Александр 

Лаврентьев  жауап  берді.  «Астаналық 

процесте  кепіл  мемлекеттер  арасында 

шешім  консенсус  негізінде  қабылда-

нады,  деэскалация  аймақтарын  құру-

ды  мақсат  еткенде  біз  үш  кепіл  мем-

лекеттің  ұстанымын  ескеруіміз  керек. 

Түркия тарабы осы келіссөздер бары-

сында  қажетті  келісімге  келіп,  шешім 

қабылдауға  уақыт  сұрады»,  –  деді  ол. 

Сонымен  Хомс  аймағы  мен  Шығыс 

Гутаға  қатысты  келісім  бар,  енді  қал-

ған екі аймаққа қатысты уағдаластық-

қа  қол  жеткізу  керек. 

БҰҰ  Бас  хатшысының  арнайы 

елшісі Стеффан де Мистура астаналық 

процесті  одан  əрі  жалғастырудың  ма-

ңызын атап көрсетті. «Астанада бүгін 

ғана  емес,  бұған  дейін  болып  жатқан 

келіссөздер осы процеске өз үлесін қо-

сып отыр, себебі деэскалация біз үшін 

өте маңызды. Ал Женевадағы келіссөз-

дерге келсек – тым көп нəрсе күтудің 

қажеті жоқ екенін ескерткім келеді, ең 

абзалы осы. Мен 19 қақтығыс бойынша 

жұмыс  істедім,  бұл  –  солардың  ішін-

дегі ең күрделісі. Кейбір қақтығыстар 

бойынша  талқылау  10-15  раундқа  со-

зылды, шешім содан кейін ғана қабыл-

данды»,  –  деді  ол. 

Астаналық  келіссөздердің  алтын-

шы  кезегі  тамыз  айының  соңғы  апта-

сына  жоспарланып  отыр,  бірақ  ертерек 

өтуі  де  ықтимал.  Бұл  жолы  тұтқын  ал-

масу,  тарихи  ескерткіштерді  бүлінуден 

сақтау, ұлттық бітімге келу жөнінде си-

риялық комитет  құру сияқты мəселелер 

тағы  талқыланды.  Бірақ  бұл  мəселелер 

бойынша  келеге  келудің  орайы  деэска-

лация  аймақтарын  құрудың  қаншалық-

ты сəтті аяқталатынына байланысты. 

Əзірге  белгілісі  –  кепіл  мемлекет-

тер оқ атылмайтын аймақтарда жағдай-

ды бақылау үшін үйлестіру орталықта-

рын  ашуға  уағдаласты.  Қолда  бар  де-

ректерге  қарағанда,  бұл  аймақтарда-

ғы  тыныштықты  бақылауды  үш  кепіл 

мемлекет  өз  мойнына  алады:  Сирия-

ның оңтүстігінде – Ресей, солтүстігін-

де  –  Түркия  мен  Ресей,  орталығында 

– Иран мен Ресей. Ресейлік делегация 

басшысы  бұл  орталықтарда  жеңіл  қа-

руланған ресейлік əскери полицияның 

жұмыс  істейтінін  хабарлады. 

Астаналық келіссөзден бес күннен 

соң  Женева  келіссөздері  қайта  жан-

данды.  Бұған  астаналық  алаңқайдың 

септігі  тигені  даусыз.  Мистура  мыр-

за  айтпақшы,  Астана-5  пен  Женева-7 

келіссөздері бұдан əрі жалғасын таба-

ды,  себебі  соғысты  тоқтатып,  Сирия-

да  бейбіт  тіршілікті  қайта  жанданды-

руда бұл келіссөздердің саны емес, са-

пасы  маңызды.



Гүлбиғаш  ОМАР

Астана

13 шілде, бейсенбі, 2017 жыл

Бетті дайындаған Анар ЛЕПЕСОВА

«НҰР ОТАН»

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ:

Ө ІР ӨРКЕНДЕСЕ – ЕЛГЕ  Т



Парламенттегі кезекті сессияны 

тәмамдаған халық қалаулылары 

демалысқа шықса да, 

жұмыстарын тоқтатқан жоқ. «Нұр 

Отан» партиясы фракциясының 

мүшелері жергілікті тұрғындармен 

жүздесіп, талап-тілектеріне, 

мұң-мұқтаждарына құлақ түру 

үшін өңірлерді аралауға аттанды. 

Мəжіліс  төрағасының  орынбасары, 

«Нұр Отан» партиясы фракциясының же-

текшісі Гүлмира Исимбаева Астана күнін 

атап  өте  салысымен,  Алматыға  ат  басын 

тіреді.  Ұлт  жоспары  –  бес  институттық 

реформаны  жүзеге  асыру  жөніндегі  «100 

нақты қадам» бағдарламасы мен Елбасы-

ның  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғы-

ру» мақаласын түсіндіру мақсатында бір-

неше  кездесу  өткізді.

Алдымен  Айнабұлақ-3  ықшамауда-

нындағы  №11  қалалық  емхана  ұжымын-

да  болып,  ақ  халатты  абзал  жандар  ал-

дында  қазақстандықтар  үшін  қоғамдық 

сананы  жаңғырту  мəселесінің  маңызды-

лығына  тоқталды.

Гүлмира  Естайбекқызы  түске  дейін 

«Нұр  Отан»  партиясының  Алматы  қала-

лық филиалы төрағасының бірінші орын-

басары  Жұлдыз  Омарбековамен  бірге, 

BRB  APK  жылыжай  кешенін  де  арала-

ды. Бүгінгі таңда аты елімізде ғана емес, 

шетелге  шығып  үлгерген  жауапкершілігі 

шектеулі  серіктестік  қияр  мен  қызанақ 

өсірумен  айналысады.  Жылыжай  қыз-

меткерлері  өз  жұмыстарын  таныстырып, 

«Нұрлы  жол»  инфрақұрылымды  дамыту-

дың  2015-2019  жылдарға  арналған  мем-

лекеттік бағдарламасы мен «Нұрлы жер» 

тұрғын үй құрылыс бағдарламасына, сон-

дай-ақ  нəтижелі  жұмыспен  қамту  жəне 

жаппай  кəсіпкерлікті  дамыту  бағдарла-

масына  қатысты  көкейдегі  сұрақтарына 

жауап  алды.

–  Мемлекет  басшысы  өз  Жолдауында 

агроөндіріс кешенін дамытуды жəне эколо-

гиялық  таза  өнім  өндіруді  тапсырған  бола-

тын.  Бұл  өз  кезегінде  ел  эконо микасын  да-

мытып,  халықтың  əл-ауқатын  жақсартары 

сөзсіз. Өнімнің саны көп болған сайын, са-

пасы жақсара түседі. Бағасы да қолжетімді 

болады. Сондықтан бұл саланы дамыту – Қа-

зақстан үшін аса тиімді, – деп атап өтті жы-

лыжай қызметкерлерімен əңгіме барысында 

Парламент  Мəжілісі  төрағасының  орынба-

сары, «Нұр Отан» партиясы фрак циясының 

жетекшісі  Гүлмира  Исимбаева.

Бұдан  кейін  депутаттар  Алматы  қала-

сының  Наурызбай  ауданында  тұрғызылып 

жатқан  1200  орындық  жаңа  мектептің  құ-

рылысымен  танысты.  Білім  ордасы  мемле-

кеттік-жекеменшік əріптестік жобасы аясын-

да пайдалануға берілмек. Құрылыс алаңын-

да қонақтарды қалалық құрылыс басқарма-

сының  жетекшісі  Нұрбол  Нұрсағатов  пен 

білім  басқармасының  басшысы  Рахат  Ши-

машева  қарсы  алды.

Парламент Мəжілісі төрағасының орын-

басары жұмыс сапарын Наурызбай ауданын-

дағы №36 емхананың ашылуымен қорытын-

дылады.  Шараға  Алматы  қала сының  əкімі, 

«Нұр  Отан»  партиясы  қалалық  филиалы-

ның  төрағасы  Бауыржан  Байбек  қатысып, 

жаңа емхананы тұрғындар игілігіне ұсынды.

Ал Петропавлға ат басын бұрған Мəжіліс 

депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фрак-

циясының  мүшелері  Петр  Шарапаев,  Кəрі-

бай Мұсырман, Ольга Шишигина жəне Ар-

тур Платонов «Көпсалалы жабдықтар зауы-

ты»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі-

не  барды.  Мəжілісмендер  кəсіпорынның 

жұмысымен  танысты  жəне  жұмысшылар-

мен  кездесті.

Қазіргі  күні  зауыт  өнімі    Қазақстан-

ның  өнеркəсіптік  нарығында  ең  сұранысқа 

ие  тауарлар  қатарына  жатады.  Мұнда  қат-

ты пайдалы қазбаларды барлау жəне өндіру 

үшін бұрғылау білдектері шығарылады. Бұ-

йымдардың арасында – геологиялық барлау 

жұмыстарын  жүргізу  үшін,  бір  мың  метр-

ге  дейінгі  тереңдікте  ұңғымаларды  бұрғы-

лау жəне қатты пайдалы қазбаларды өндіру 

үшін  құралдар  мен  бұрғылау  білдектерінің 

мыңнан астам түрі бар. Бұдан басқа, кəсіп-

орында  бұрғылау  білдектері  үшін  қосалқы 

жабдықтар  жəне  энергетикалық  компания-

лар үшін қосалқы бөлшектер дайындалады.

Кəсіпорын «Петропавл ауыр машина жа-

сау зауыты» акционерлік қоғамы стандартты 

емес жабдықтарының бұрынғы цехы негізін-

де 1999 жылы құрылды. Зауытта екі жүзден 

астам адам еңбек етуде. Орташа жалақы ша-

мамен  120  мың  теңгені  құрайды.

Жұмыста  қазіргі  заманғы  металл  өң-

дейтін білдектер, дəнекерлеу қондырғылары 

пайдаланылады. Жақында кəсіпорын басшы-

лығы  30  миллион  теңгеге  зауыт  жабдықта-

рын  жаңартты.  Бағдар ламалық  басқарыла-

тын  2  токарлық  білдектер  жəне  1  тіс-фре-

зерлік  білдек  сатып  алынды.

Зауыт  директоры  Николай  Васильевтің 

айтуынша, кəсіпорынның жұмысындағы ең 

басты  нəрсе  –  өндірістік  қуаттарды  жүйелі 

түрде  жаңарту  жəне  жаңғырту.  Бұл  туралы 

Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев 

Жолдауында  ерекше  атап  көрсетті.

– Біз жыл сайын жаңа құрал-жабдықтар 

сатып аламыз. Соңғы жылдары бұл кəсіпо-

рын өнімділігін үш есе арттыруға мүмкіндік 

берді,  оның  үстіне,  шығарылатын  өнімнің 

сапасы  жақсарды.  Мысалға,  өткен  жылы 

өндіріс көлемі 662 миллион теңгеден асты. 

Бұл көрсеткіш осы жылдың бес айында ша-

мамен  330  миллион  теңгеге  жетті.  Ресейге 

тауарларды тұрақты экс порттауды жолға қой-

дық.  200-ден  астам  техника  пайдаланамыз, 

3 ауысыммен жұмыс істейміз. Қазір мұнай-

газ  саласы  үшін  бөлшектер  жасаудамыз,  – 

деді «Көпсалалы жабдықтар зауыты» ЖШС 

директоры  Николай  Васильев.

Көпсалалы  жабдықтар  зауыты  алдың-

ғы  жылы  «Өңдеу  өнеркəсібі  сала сында-

ғы  үздік  кəсіпкер»  номинациясы  бойынша 

«Жылдың  ең  үздік  кəсіпкері»  өңірлік  кон-

курсының  жеңімпазы  атанды.  Кəсіпорын 

қызметіне  Мəжіліс  депутаттары  да  жоғары 

баға  берді.  Олар  атап  өткендей,  мамандар-

дың  шеберлігінің,  қазіргі  заманғы  құрал-

жабдықтардың  арқасында  зауыт  өнімдері 

зор  сұранысқа  ие.

Мəжілісмендердің  бір  тобы  Қызылорда 

облысына  аттанған  болатын.  Сыр  өңіріне 

табан  тіреген  «Нұр  Отан»  партиясы  фрак-

циясының  мүшелері  Бақытбек  Смағұл,  Ба-

қытгүл Хаменова жəне Зəуреш Аманжолова 

Қармақшы ауданы Қорқыт ата станcасында-

ғы теміржолшылармен кездесті. Қорқыт ата 

мемориалдық  кешенінде  өткен  басқосуда 

Елбасының  «Қазақстанның  үшінші  жаңғы-

руы: Жаһандық бəсекеге қабілеттілік» Жол-

дауы  мен  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаң-

ғыру»  мақаласы,  сонымен  бірге,  Міндетті 

əлеу меттік  медициналық  сақтандыру  мəсе-

лелері  сөз  болды. 

Депутат Бақытбек Смағұл жауапты сəт-

те қоғам болып бірігу елдікке бастайтынын 

атап өтті. «Мемлекет басшысы ұсынған «100 

нақты қадам» Ұлт жоспары құнды құжатын 

басты бағдарға алып, үшінші жаңғыруға қа-

рымды қадам жасау – заман талабы», – деді 

өз  сөзінде  Бақытбек  Смағұл. 

Бүгінде  Қармақшы  ауданына  қарасты 

Қорқыт  ата  елді  мекенінде  200-дің  үстінде 

тұрғын  болса,  олардың  50  пайыздан  аста-

мы  теміржол  бекетінде  тұрақты  жұмыс  іс-

тейді.  Сондықтан  халық  қалаулыларының 

ең  əуелі  теміржолшылармен  кездесуді  құп 

көргені  бекер  емес. 

– Теміржолшылармен арнайы кездестік. 

Олар  заңды  тұрғыда  шешуді  қажет  ететін 

жəне  өздерін  толғандыратын  мəселелерді 

ортаға  салды.  Мəселен,  жалақыны  көтеру, 

жұмыстың ауырлығына байланысты зейнет 

жасын төмендету. Алдағы уақытта көтеріл-

ген осы мəсе лелерді тиісті органдардың қа-

рауына  ұсынамыз,  –  деді  депутат  Зəуреш 

Аманжолова. 

Айнұр  Еркінқызы  –  көпбалалы  ана. 

Ол  2016  жылы  жергілікті  филиал  өкіл-

дерінен жұмысқа орналастыруды сұраған 

еді. «Нұр Отан» партиясы аумақтық фи-

лиалының  қоғамдық  қабылдауына  жаз-

ған  өтінішіне  орай,  ол  Бəйтерек  ауы-

лындағы мектепке бастауыш сынып мұ-

ғалімі болып қызметке орналастырылды.

Ақпан айында Айнұр Еркінқызы ау-

дандық  партия  филиалының  қоғамдық 

қабылдауына  екінші  рет  өтініш  жасап, 

баспанамен  қамтамасыз  етуді  сұраған. 

Осыған байланысты «Нұр Отан» партия-

сы аудандық филиалының төрағасы – ау-

дан  əкімі  Б.Жұмабеков  тиісті  орындар-

ға  мəселені  шешуді  тапсырған.  Филиал 

қызметкерлері  «Дипломмен  –  ауылға» 

бағдарламасының  мүмкіндіктерін  пай-

далана отырып, өтініш берушінің тиісті 

құжаттарын  жинастырды.  Құжаттар  ау-

дандық  əкімшіліктің  қаржы  жəне  эко-

номика бөліміне тапсырылады. Жақын-

да  комиссия  шешімімен  Айнұрға  Элит-

ное  селосынан  баспана  сатып  алу  үшін 

ең  төменгі  пайызбен  3  миллион  теңге 

бөлінді.  Партия  қамқорлығына  бөлен-

ген  Айнұрдың  нұротандықтарға  алғы-

сы  шексіз. 



КӨПБАЛАЛЫ АНАНЫҢ 

ҚОС АРМАНЫ ОРЫНДАЛДЫ 

«Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облысы,  Қызылжар 

аудандық филиалының өкілдері жергілікті тұрғын Айнұр 

Тыныбекованың екі өтінішін де оңтайлы шешіп берді.

Акция «Бақытты отбасы – бақытты ба-

лалық  шақ»  партиялық  жобасы  аясында, 

қиын  жағдайға  тап  болған  жас  əйелдерді 

қолдау  мақсатында  өткізілді.

«Ана үйі» дағдарыс орталығы 1,5 жасқа 

дей інгі нəрестесі бар жəне 30 жасқа дейінгі 

жас аналарға көмектесуге арналған. Қазіргі 

таңда  орталықта  балалы  10  əйел  тұрады. 

Жас аналар орталықта медициналық жəне 

заңнамалық көмек алады. Орталықта пси-

холог  жұмыс  істейді.  «Ана  үйі»  жас  ана-

ларды жатақханаға орналасуға, тұрғын үй 

алу  кезегіне  қоюға  көмектеседі.

Акция барысында партияның Октябрь 

аудандық  филиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары  Бақытжан  Аманжолова  «Қа-

зақстан  –  2050»  стратегиясының  негізгі 

бағыттары  мен  мемлекеттігіміздің  дамуы 

үшін  маңызды  шарттарының  бірі  отба-

сын  нығайту,  салт-дəстүрді  сақтау  жəне 

қолдауға  бағытталған  партия  қызметі  ту-

ралы  баяндап,  жас  аналардың  сұрақтары-

на  жауап  берді.

–  Жас  аналар  күнделікті  тұрмыста-

рын  өздері  жасайды.  Кезек  бойынша  ас 

дайындайды  жəне  жинайды.  Төсек-орын 

жабдықтарын,  балалары  үшін  көрпе  жəне 

конверттер тігеді, – дейді Қарағанды қала-

сы бойынша жобаның кординаторы Айна-

гүл  Əмірова.

АНА МЕН БАЛАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

көрсететін орталық 

жас аналардан  қолдауды аямайды 



«Нұр Отан» партиясының Қарағанды қаласындағы Октябрь 

аудандық филиалы «Ана үйі» дағдарыс орталығының жас аналары 

үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Кездесуді  Жамбыл  облыстық  мəслихат 

депутаты,  «Нұр  Отан»  партиясы  фракция-

сының  мүшесі  Абай  Нұржанов  жүргізіп, 

жаңа жүйенің артықшылықтарына тоқталды. 

–  Жаңа  жүйе  бойынша  емделуші  адам 

емхананы да, дəрігерді де өзі таңдайды. Нə-

тижесінде дəрігерлер арасында бəсекелестік 

пайда болып, медициналық қызметтің сапа-

сы артады, – деді ол. 

Сондай-ақ,  кездесуде  медициналық  сақ-

тандырудың жаңа жүйесі арқылы емделудің 

қолжетімділігіне,  сапалы  медициналық  кө-

мекке  қол  жеткізілетіні  айтылды.  Шара  со-

ңында  жиынға  қатысушылар  осы  мəселе-

лерге  қатысты  сауалдарын  жолдап,  толық-

қанды жауап алды.

Партияның Алматы облысы, Іле аудандық 

филиалы да жергілікті тұрғындарға медици-

налық сақтандырудың мəн-жайын түсіндіру 

жұмыстарын жүргізуде. Апта басында «Бай-

серке»  бастауыш  партия  ұйымының  №28 

гимназиясы  партиялық  тобында  ауыл  тұр-

ғындарымен    кездесу  ұйымдастырды.  Бас-

тауыш  партия  ұйымының  төрайымы  Тілеу-

кен Көпбаеваның айтуынша, елімізде шілдеде 

бастау алған бұл жаңа жүйе əлі де тұрғындар 

арасында түсініспеушілік туғызуы ықтимал.   

Ақпараттық  топ  мүшесі,  Іле  аудан-

дық    орталық  ауруханасының  директоры-

ның  орынбасары    Лəзиза  Сүлейменова  ау-

дан  тұрғындарына  міндетті  əлеуметтік  ме-

дициналық  сақтандырудың  негізгі  мақсат-

тарын түсіндіріп берді.  

– Қоғамда салауатты өмір салтын тұрақ-

тандыру мен бірегейлікті сақтауды,  денсау-

лық  сақтау  жүйесінің  ашықтығы  мен  жа-

риялылығын негізге алатын, сапалы медици-

налық  көмек  көрсетуге  жол  бастайтын  бұл 

жаңа  жүйе    əрбір  аудан  тұрғынының  құқы-

ғы мен пайдаланатын мүмкіндіктерінің қан-

шалықты кең екенін көрсетеді. Егер сіз мем-

лекет тарапынан көмек көрсетілетін санатқа 

жатсаңыз,  медициналық  көмекті  тегін  ала-

тыныңызды  білуіңіз  керек.  Жеке  кəсіпкер-

лер,  қорғаушылар,  нотариустар,  азаматтық-

құқықтық  жауапкершілік  шарттары  бойын-

ша қызмет көрсететін тұлғалар салықтар тө-

лейді, сондай-ақ, міндетті əлеуметтік медици-

налық сақтандыру қорына жарналар аудара-

ды,  – деді өз сөзінде Лəзиза Сүлейменова. 

Өз  кезегінде  орталық  аурухана  дəрігері 

Назым  Өтембаева  МƏМС    əрбір  адамға, 

оның жынысына, жасына, əлеуметтік мəрте-

бесіне, тұрғылықты орнына жəне табысына 

қарамастан,  Əлеуметтік  медициналық  сақ-

тандыру қорының қаражаты есебінен меди-

циналық жəне дəрі-дəрмек көмегіне тең қол-

жетімділік  қамтамасыз  етілетініне  кепілдік 

беретінін айтты. 

– Міндетті əлеуметтік медициналық сақ-

тандыруды  енгізген  кезде  барлық  серіктес-

тердің  (мемлекеттік,  жұмыс  берушілердің, 

жұмыскерлердің)  міндеттемелері  орындала-

ды,  ал  жарналардың  мақсатты  сипаты  ден-

саулыққа жауапкершілікпен қарауға ынталан-

дырады, – деді ол.   

Түсіндірме  жұмысы  барысында  спикер-

лер арнайы интерактивті тақта, үлестірме бук-

леттерін пайдаланып, тұрғындар үшін өзекті 

сұрақтарға жауап берді.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал