Және инновация вице-министрінің «Сіздің елдің павильонының басты ерекшелігі неде?» деген



жүктеу 1.15 Mb.

бет11/11
Дата08.09.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 Қуат  БОРАШ,

ақын-публицист

Астана 

ҚАНДАСТАР ТУРАЛЫ ФИЛЬМ 

ТҮСІРГЕН КОМПАНИЯ

Қазақстандық  «Эйр  Астана»  компаниясы 

тек  əуе  тасымалдаушы  емес  екен.  Компания 

өзінің он бес жылдығына орай фильм түсіріпті. 

Фильм  болғанда,  қазақтың  даласын  əлемнің 

түкпір-түкпірімен  байланыстырып,  жер  ша-

рының  əр  бұрышында  жүрген  қандастардың 

өмір  тарихынан  сыр  шертетін  биографиялық 

деректі фильм. Олардың əрқайсысы Атажұрт-

тан алыста өмір сүрсе де, туған елмен байла-

нысын үзбеген, жүрегі Қазақстанға байланған 

азаматтар. Осы фильм кейіпкерлерінің кейбірі, 

атап айтқанда, Омбы қаласында «Мөлдір» қа-

зақ мəдени орталығын құрған Алтынай Жүні-

сова, Қытай Жазушылар одағының мүшесі, қа-

ламгер Акбар Мажит, Түркияда тұратын белгілі 

тарихшы, журналист Əбдіуақап Қара Астанада 

өткен осы фильмнің тұсаукесер рəсіміне арна-

йы келіп қатысты. 

Фильм кейіпкерлерінің əрбірінің елден 

ҚАЗАҚ ОПЕРАСЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ 

ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Қазақ операсының бастауында аты аңызға 

айналған тұлғалар – Күлəш Байсеитова, Роза 

Бағланова, Ришат Абдуллин, Бибігүл Төлеге-

нова сынды күміс көмей əншілер тұр. Олар-

мен қатар Ермек Серкебаев, Роза Жаманова, 

Əлібек Дінішевтің есімдері зор мақтанышпен 

айтылады.  Бұл  тұлғалардың  əрқайсысының 

жүріп  өткен  жолы,  өнегесі  бүгінгі  өнерпаз-

дарға  үлгі.  Осы  ұрпақтар  сабақтастығын  үз-

бес үшін «Қазақ операсының аңыздары» атты 

жоба жасалды. Бұл идеяның авторы – КСРО 

халық əртісі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл 

Төлегенова. Өнер саңлақтарының таспаға жа-

зылған дауыстары CD жəне DVD дискілерге 

жазылып, əрқайсысының өнердегі өмірбаяны 

мен олардың аудио, бейне жəне фотосуреттері 

жинақталған буклеттер шығарылды. Антоло-

гияның көлемі де ауқымды: əрбір опера саң-

лағына бір дискіден жазылғанда, 7 аудио жəне 

7 DVD дискі «Қазақ операсының аңыздары» 

деген ортақ атпен топтастырылған. Осылайша 

қазақ операсының аңыз тұлғаларының шығар-

машылығы бір жинақта топтастырылды. Қа-

зақстан Мəдениет жəне спорт министрлігі мен 

«Мирас» қоғамдық ұлттық мəдени қоры мұ-

рындық болған жоба ЭСКПО-2017 көрмесі ая-

сында өткізіліп отыр. Анығын айтқанда, мұн-

дай жоба бұрын-соңды болмаған.

Қазақ операсының аңызға айналған тұл-

ғаларының есімдері мен еңбектері ұмытыл-

масын  деген  ниетпен  жасалған  жобаның 

тұсаукесер  рəсімі  Астананың  қақ  төрін-

дегі  «Қазақстан»  орталық  концерт  залын-

да  өтті.  Концертті  Бибігүл  Төлегенова  өзі 

бастап  ашып,  соңына  қарай  өзі  əн  шыр-

қап,  көрерменге  көзайым  сый  жасады.  Ал 

бүгінде аңыз болған опера саңлақтарының 

ізін басып, оларды өнеге тұтқан жас əнші-

лер  осы  концертте  өнер  көрсетті.  «Астана 

Опера» театрының солист əншілері, белгілі 

өнер қайраткерлері Альфия Кəрімова, Тал-

ғат  Мұсабаев,  Андрей  Требугенко,  Жұпар 

Ғабдуллина,  халықаралық  байқаулардың 

лауреаты  Рустам  Сулейманов  пен  Тамара 

Асар  алдыңғы  буын  əншілердің  репертуа-

рынан əн шырқады. Олардың даусына Ер-

болат  Ахмедьяровтың  дирижерлік  етуімен 

Астана  қаласы  əкімшілігінің  Мемлекеттік 

академиялық филармониясының симфония-

лық оркестрі сүйемелдеу жасады. Осылай-

ша, кешегі аңыз тұлғалардың өнегесі бүгінгі 

өнерпаздардың  таланты  арқылы  жалғасып 

жатыр  деуге  болады.  Ал  қазақ  операсы  

аңыздарының даусын сағынған қауым олар-

ды антология таспаларынан тыңдай алады. 

жырақта жүруінің себебі əр қилы болғаны-

мен,  мұңы  ортақ.  Қайда  жүрсе  де  Қазақс-

танға қарай құстай ұшуға дайын қандастар-

ды  «Эйр  Астана»  өз  бортына  отырғызып, 

туған  жерге  жеткізеді.  «Ұшақтың  борты-

на  отырғаннан-ақ  күмбірлеген  күйді  есті-

ген  сəтте  қазақ  еліне  жеткендей  боламыз» 

дейді  фильм  кейіпкерлері.  Белгілі  режис-

сер  Жанна  Балақаева  «Air  Astana:  Соеди-

няя  судьбы» деп аталатын фильмді бір ай-

дың ішінде түсіріпті. Аз ғана уақыт ішінде 

Пекин, Омбы, Париж, Стамбұл, Франкфурт 

қалаларын  аралап,  кейіпкерлермен  көзбе-

көз  сұхбаттасуды  ұйымдастыру  оңай  ша-

руа  болмаса  керек.  Қалалар  мен  тағдыр-

ларды өзара байланыстыруда «Эйр Астана-

ның» ұшақтары мүлтіксіз қызмет атқарды.



Г.ЖЕҢІСБЕКҚЫЗЫ

  


ТЫНЫС

13 шілде, бейсенбі, 2017 жыл

12

Транзакция  жасалып  бол-



ғаннан  кейін  ҚХБ  еншілесінің 

қалған  40  пайызына  ие  болып, 

компанияға қатысты сатып алу-

шылармен  жасалған  акцио-

нерлік  келісімге  сай  оны  бас-

қару  жəне  басқа  да  шарттарға 

қатысты  белгілі  бір  құқықтар-

ды өзіне қалдырды. Altyn Bank 

директорлары  кеңесінің  төра-

ғасы  Арман  Дунаевтың  хабар-

лауынша,  акциялардың  бақы-

лау  пакетін  беру  банктің  бас-

қару  командасын  өзгертпейді. 

«Алдағы үш жылда банк қазіргі 

менеджмент  арқылы  басқары-

латын  болады  деген  алдын-

ала  келісім  бар.  Менің  ойым-

ша,  бұл  дұрыс.  Банк  қазір  жұ-

мыс  істеп  тұр,  оның  өз  тари-

хы  мен  жетістіктері  бар.  Бас-

шылыққа  жаңа  адамның  келуі 

тек  мақұлдауды  ғана  емес,  со-

нымен  бірге  жергілікті  ерек-

шелікке үйренуді қажет етеді», 

–  деп  түсіндірді  банкир.  Сон-

дай-ақ,  стратегиялық инвестор-

дың келуі Altyn Bank стратегия-

сына еш əсер етпейді деп есеп-

тейді  Арман  Дунаев.  «Қазіргі 

менеджмент  акционерлердің 

сатып  алғанға  дейін  талап  ет-

кен  барлық  стратегиялық  мін-

детін іске асыра алды. Бірінші-

ден,  бұл  клиенттердің  тұрақ-

ты  бөлігін  жоғалтпау.  Екінші-

ден,  менің  ойымша,  бұл  қолда 

бар  IT-жүйенің  негізінде  сан-

дық платформа құрып, оны то-

лық аяқтау.  Даму стратегиясын 

қайта қарау бойынша айтарлық-

тай  өзгеріс  болады  деп  ойла-

маймын», – деді ол. Келісімнің 

негізгі  өзегі  – Altyn  Bank  биз-

несін  дамыту  үшін  жаңа  ин-

вестициялық  мүмкіндіктерді 

ашу.  «Келісім  банктің  ірі  жəне 

орта  инфрақұрылымдық  жоба-

ларға  қатысуына  үлкен  инвес-

тициялық  мүмкіндік  береді», 

Аталған туындылардың түсірілім 

жұмыстарымен елімізге белгілі «Сақ» 

жəне  «Оңтүстік-фильм»  киностудия-

лары айналысады. Бұл туындылар Оң-

түстік  Қазақстан  облысы  əкімдігінің 

қолдауымен өңірдің киелі жəне тари-

Шымкентте қазақ-қырғыз базары ашылмақ. 

ТМД елдеріндегі ең ірі базарлардың бірі «Дор-

дой» мен Шымкент қаласындағы «Бекжан» ба-

зары  қосылып,  жаңа  халықаралық  сауда  орта-

лығы  бой  көтереді. 

Сонымен  Шымкент  қаласындағы  ірі  сауда 

орталығы  енді  «Шымкент-Дордой»  атауын  ие-

ленбек. Бішкектегі əлемнің ең ірі базарларының 

қатарына жататын «Дордой» сауда орталығының 

басшылығы  «Бекжан»  базарын  10  жылға  жал-

ға алып отыр. Ол үшін қырғыз-қазақ бірлескен 

серіктестігі  3  миллион  АҚШ  доллар  көлемін-

де  инвестиция  құймақ.  «Келісімшарт  аясында 

аталмыш  базар  ғимараты  əзірге  серіктестікке 

10 жылға жалға берілуде. Тиісті уақыт өткеннен 

кейін базар аталмыш серіктестіктің толыққанды 

иелігінде қалатын болады», – деді қалалық кəсіп-

керлік  бөлімінің  басшысы  Əсет  Əбдірахманов.

«Бекжан»  базары  Шымкент  қаласында-

ғы  соңғы  үлгіде  жабдықталған  жабық  екі    ке-

шеннің бірі болатын. Алдағы уақытта сауда ғи-

маратында  аттракциондар,  ойын-сауық  кешен-

дері  пайдалануға  берілмек.  Базардың  жаңа  ие-

лері жергілікті кəсіпкерлер үшін тиімді шарт та 

ұсынып отыр. Яғни, базар дүңгіршектерін жалға 

алушылар үшін алдағы бір жыл бойы салық са-

лынбайды жəне дүңгіршектерді жалға алу құны 

да  біршама  төмендейді.  Ал  базар  маңындағы 

4  гектар  жерде  5  мың  автокөліке  арналған  ав-

тотұрақ салынбақ. Сатушылар онлайн-режимде 

«Дордоймен» байланысып, қажетіне орай тапсы-

рыс беруіне мүмкіндік бар. Сондай-ақ, бұл сау-

да  орталығының  Түркістанда  да  аумағы  9  гек-

тарлық  бөлімшесі  ашылады.  Ол:  «Алтынбұлақ 

–  Дордой»  деп  аталады.  Қырғыз  кəсіпкерлерін 

ол жаққа да орналастыратын боламыз», –  деді 

базар  басшысы  Клара  Нəдірқұлова.

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шым-

кентте  барлық  тауарға  сұраныстың  болатыны 

айтпаса да түсінікті. 50 мың сатушысы бар «Дор-

дой»  базарының  Шымкентте  жұмыс  істей  бас-

тауы  оңтүстік  саудасын  қыздыра  түспек.  Бірақ 

ойланатын бір жайт бар. «Қазақтың бəрі сауда-

гер болып кетті» – деп, түкірігіміз жерге түспей 

жүргенде  қалың  қазақтың  ортасынан  қырғызға 

базар  ашып  бергенімізге  жол  болсын.

Бейімбет  АМАНЖОЛ 

ALТYN BANK-тың САЛМАҒЫ КІМГЕ АРТЫЛДЫ

?

Халық банк Altyn Bank-тың үлесін сатуға қатысты 

мәміле жасады. «Қазақстанның жинақтаушы 

халық банкі» АҚ (Қазақстан Халық банкі

ҚХБ) China CITIC Bank Corporation Limited (CITIC 

Bank) және China Shuangwei Investment Co-мен 

(Shuangwei) Altyn Bank-тың 60 пайыз акциясын 

сату туралы келісімге қол қойды. 

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылдың соңында 

«Көне жетігеннің сыры» атты 13 сериялы кинохикая мен 

«Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» атты 

анимациялық фильмдердің тұсауы кесілмек. Бұл туралы 

өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасаөз 

конференциясында «Оңтүстік-фильм» киностудиясының 

директоры Батырхан Дәуренбеков хабарлады. 

–  деп  есептейді Altyn  Bank  дирек-

торлар  кеңесінің  төрағасы  Арман 

Дунаев.  Қазақстандық  компания-

лардың  қытайлық  «Бір  белдеу,  бір 

жол»  бастамасы  аясында    өз  биз-

нестерін Қытайда дамытқылары ке-

летінін  көріп  отырмыз,  сондықтан 

өз  тұтынушыларымыздың  сұраны-

сын қанағаттандырмақпыз. Қытай – 

Қазақстан бизнесі үшін əлеуеті бар 

нарық,  қазақстандық  тауарлар  мен 

қызметтерді  өткізу  нарығы  ретінде 

үлкен  мүмкіндікке  жол  ашады.  Ал 

Altyn  Bank  болса  өзінің  қазақстан-

дық  тұтынушыларымызға  қажетті 

банктік қолдау ұсына алады, мыса-

лы, теңгені юаньға айналдыру, сау-

даны қаржыландыру, қазынашылық 

операциялар  жəне  несие  беру»,  – 

дейді  ҚХБ  басқарамасының  төра-

ғасы  Үміт  Шаяхметова. 

Арман  Дунаевтың  айтуын-

ша, «Жібек жолы» экономикалық жо-

басы  арқылы  Қазақстанда  іске  асып 

жатқан  инвестициялық  мазмұндағы 

барлық жоба, сондай-ақ ірі жəне орта 

инфрақұрылымдық  жобалар  Altyn 

Bank-ті  олардың  қаржылық  опера-

торы  етуге  мүмкіндік  береді.  ҚХБ 

баспасөз қызметінде көрсетілгендей, 

келісім  2017 жылдың екінші жарты-

жылдығында аяқталады деп жоспар-

ланып отыр.



Динара  ДҮРМƏН 

Бүгінде  танымал  футболшылардың  бірі  Криштиану  Роналду  аптасына 

365 мың фунт стерлинг (470 мың доллар), ал «Барселона» клубының жəне 

Аргентина  құрамасының  шабуылшысы  Лионель  Месси  аптасына  бір  мил-

лион фунт стерлинг (1,289 миллион доллар) табыс табады. 

 The Times газетінің жазуынша, бұған дейін əлемде мұндай табысқа ие 

футболшы  болған  емес.  Лионель  Месси  «Барселона»  құрамасының  негізгі 

футболшысы  ретінде  2003  жылы  қабылданған.  Осы  күнге  дейін  ол  коман-

дасы  үшін  585  ойын  өткізіп,  қақпаға  510  гол  салды.  Нəтижесінде  аргенти-

налық футболшы бес рет ғаламшардың ең үздік футболшысы атанды. Айт-

пақшы,«Барселона»  клубының  əкімшілігі  аргентиналықпен  келісімшартты 

2021  жылдың  30  маусымына  дейін  созатынын  мəлімдеген.  Жаңа  келісім-

шартқа 15 шілдеде қол қойылуы тиіс.

Ал  «Реал»  шабуылшысы  Криштиану  Роналду  мадридтік  клубта  2017-

2018  жылғы  маусымда  да  ойнайтын  болды.  32  жастағы  португалдың  бұл 

шешімі  корольдік  клубтың  басшылығына  қуантқаны  айқын.  «Реал»  Ронал-

дудың орнын басатын футболшы іздеуді тоқтатты деп жазады басылымдар. 

16  маусымда  футболшы  2009  жылдан  бері  өнер  көрсетіп  келе  жатқан  клу-

бынан  кеткісі  келетіні  жайында  емеурін  танытқан  еді.  Бұған  себеп  ретінде 

мадридтік  клубтың  шабуылшысына  салық  заң  бұзушылығы  жөнінде  айып 

тағылғанда, команданың қажетті қолдау білдірмей отырғаны айтылды. 

Маусым  айында  испан  прокуратурасы  Роналдуға  қатысты  іс  қозға-

ды.  Оған  себеп  –  Роналду  14,7  миллион  еуро  салық  төлемеген.  Айып 

өте  ауыр.  Ведомство  өкілдері  спортшы  арнайы  құрылған  бизнес-құры-

лым  арқылы  нақты  табысын  жасырды  деп  есептейді.  Өткен  маусымда 

Роналду «Реал» сапында Испания чемпионы əрі Чемпиондар лигасының 

 жеңімпазы  болды. 

Тоғжан ТӨЛЕГЕН 

МЕССИДІҢ МИЛЛИОНДАРЫ ҺӘМ РОНАЛДУДЫҢ РЕНІШІ



ТАРИХИ ОРЫНДАР ДӘРІПТЕЛЕДІ

ОЙНАМА, ҚАЗАҚ, «ДОРДОЙМЕН»

хи  жерлерін  дəріптеу  мен  туризмді 

насихаттау  мақсатында  түсірілуде. 

«Аталған  туындылардың  идея  авто-

ры – Оңтүстік Қазақстан облысының 

əкімі  Жансейіт  Түймебаев.  Жыл  ба-

сында  облыс  əкімі  бізді  арнайы  қа-

былдап,  ішкі  туризмді  дамытуға  се-

бепкер  болатын  кино  жəне  анима-

циялық фильмдер түсіруге тапсырма 

берген  болатын.  Кейіннен  бюджет-

тен  қаржы  бөлді.  «Көне  жетігеннің 

сыры»  атты  кинохикаяның  түсірілім 

жұмыстарына  30-ға  жуық  актер  тар-

тылып, жұмыс жүйелі түрде жалғасу-

да», – дейді Батырхан Қалдарбекұлы.

«Көне жетігеннің сыры» атты ки-

ножоба желісі өте қызықты. Қазығұрт 

асуындағы  жол  жөндеу  жұмысымен 

айналысып жатқан экскаваторшы сыр-

ты шіруге айналған тері қапшық тауып 

алады. Қапшықтың ішінен көне жетіген 

аспабы шығады. Ішектері мен асықта-

ры  жоқ  бұл  аспаптың  сыртқы  бетінде 

ескі  көне  түркі  əріптерімен  жазылған 

жазудың іздері көрінеді. Фильмнің бас-

ты  кейіпкері  –  Самал  мен  оның  досы 

Нұржан  жəне  археолог  Жандос  үшеуі 

жетігеннің  сыртындағы  өлең  шумақ-

тарының  құпия  сырларын  ашуға  ты-

рысады.

Фильмнің  бас  режиссері  Ну-



риддин  Паттеевтің  айтуынша,  кино 

Түркістан,  Арыстан  баб,  Отырар, 

Сауран,  Сайрам,  Ақсу-Жабағылы, 

Қазығұрт  тауы,  Өгем  секілді  тарихи 

жəне табиғаты əсем жерлерде түсірі-

луде.  Жалпы,  фильмге  70  млн  теңге 

бөлініп,  əр  сериясына  6  млн  теңге 

шығындалып  жатқан  көрінеді.

 

Динара  ДҮРМƏН 

БАТАНЫ «АЛ ЕНДІ», – 

ДЕП БАСТАЙДЫ ШАЛ

Таңсұлу АЛДАБЕРГЕНҚЫЗЫ

Жаратушы Раббымның жер бетіндегі мұсылман халқының 

өкілдеріне жүктеген бес парыздың бірі де бірегейі – 

қасиетті Ораза айы да артта қалды. Иісі қазақ тебірене 

күтетін айлардың сұлтаны – ораза айында ауыз бекітіп

ораза ұстағандарға биылғы жылғы жаздың жайма шуақ 

басталғаны да көп септігін тигізді. 

  Əр  шаңырақ,  əр  отбасы 

мүмкіндігінше  жақын-жұрағат-

тарына  арнап  дастарқан  жайып, 

ауызашар  дəм  ұсынғаны  айтпа-

са  да  белгілі.  Осындай  жиындар 

үстінде  көңілге  түйген  біраз  ой-

ларымызды  қағаз  бетіне  түсір-

генді  жөн  санадық.  Бізде  төңі-

регін əңгіме-думанға бөлеп, жұрт-

ты үйіріп отыратын ақсақалдары-

мыздың кейбірінің өресі тым таяз-

дығы қынжылтады. Алды сексенді 

алқымдап,  соңы  алпыстың  орта-

сынан  асқан  талай  ақсақалдары-

мыздың  аузынан  ақылман  дұрыс 

сөз  шықпақ  түгілі,  ғибратты  бата 

да жасай алмайтындары көңіл құ-

лазытатын-ақ  жағдай.  Тіпті,  бата 

сұраған  жағдайда  «ал  енді..»  деп 

бастап, күмілжіп аяқтайтын қария-

ларымыз да бар арамызда. Осын-

дайда аузынан ақ баталары ағыл-

ған,  айналасына  сөзбен  салтанат 

құрып  отыратын  бұрынғы  атала-

рымыз  еске  түседі  екен.

Қазақ халқының дəстүрлі əдеп-

ғұрпының жинағы – «Қасым хан-

ның  қасқа  жолы»  мен  «Есім  хан-

ның  ескі  жолын»  жетілдіру  мақ-

сатында  қабылданған  Тəуке  хан-

ның «Жеті жарғысы» – ел ішіндегі 

дау-жанжалдар мен саяси маңызы 

бар мəселелерді шешіп отырғаны, 

ал  оны  шешу  абыройлы  ақсақал-

дардың  көмегімен  жүзеге  асып 

отырғанын  тарихтан  жақсы  бі-

леміз. Жеті жарғы – қазақтың ше-

шендік  өнеріне  сəйкес  афоризм-

дерден, мақал-мəтелдерден, қанат-

ты сөздерден құралғанын еске ал-

сақ, бүгінгі қазақ ақсақалдарының 

тірлігіне көңіл көншімейтінін жа-

сыруға  болмас.  Жер  дауы,  отба-

сы  жəне  неке  дауы,  қылмыс  пен 

құн  дауына,  ұрлық-қарлық,  то-

нау-барымташылық,  міне,  осын-

дай ел дүрліктірер даулардың бəрі-

не  ауыл-елдің  ауызы  дуалы  ақса-

қал-қариялары араласып отыратын 

болған.  Тіпті,  ел  ішіне  бүлік  са-

лып, көтеріліс жасаған кісіге, елге 

опасыздық  жасағандарға,  жазық-

сыз  кісі  өлтірушілерге,  əйелімен 

зинақорлық  жасап,  ақ  некені  бұ-

зушыларға өлім жазасы бұйырыл-

ған. Сондықтан да, ауыл ақсақал-

дары «бұзықтарын» жөнге салып, 

ел  ішіндегі  тəртіпсіздіктердің  ал-

дын  алу,  ол  даудың  сыртқа  шық-

пауына, тентекті тəрбиелеуге аға-

йын  арасына  жік  түсірмеуге  аса 

мұқият  араласқан.  Сөзден  түйін 

түйген,  бір  ауыз  сөзіне  ағайын-

жекжаты  тоқтаған  тума  шешен-

дер, ділмарлар халықтың кез келген 

дау-дамайына  араласа  білген.  Бата-

лы  сөз  айтқан.

ХІХ  ғасырдың  ортасына  дейін 

қолданылып келген бұл Жарғы ке-

ңес  дəуірінде  «феодалдық  қаты-

настардың сарқыншағы» деген же-

леумен  қалыс  қалады.  Тəлім-тəр-

биенің қатал ұстанымы саналатын 

осы  Жарғы  ел  ішінде  дəл  бүгінгі-

дей ауыр қылмыстардың болмауы-

на, əсерін тигізген болған күнде де 

олар  тез  реттеліп  отырған  əрі  ха-

лықтың əлеуметтік хал-жағдайына 

да  тиімді  əсер  еткен.  Əкесіне  қол 

жұмсаған  ұлды  қара  сиырға  теріс 

отырғызып  масқараласа,  ата-анаға 

дауыс  көтерген  қыз  баланың  жа-

засын  анасы  шешкен...»,  –  делін-

ген  Жарғыда.

Халқымыздың  тарихынан  ойып 

орын  алатын  Төле  би,  Қазыбек  би, 

Əйтеке би қатысқан Күлтөбенің ба-

сындағы  жиында  бекітілген  Жеті 

жарғының  көптеген  ережелерін 

бүгінгі  қоғамдағы  болып  жатқан 

келеңсіздіктерге  қарап  отырып  аң-

сайды  екенсің!?  Қанымызға  сіңген 

үлкенге  құрмет,  кішіге  ізеттіліктің, 

мейірімділіктің сипаты осындай бол-

ған,  осылай  қалыптасқан.  Ал  қазір 

ше?  Теледидарды  бұрап  қалсаң  да, 

газет-жорналды ашып қалсаң да кө-

ретініміз,  еститініміз  бірін-бірі  жау 

санап, бірінің жанын бірі қинап жат-

қан  қанды  оқиғалар,  «Əке  көріп  оқ 

жонар,  шеше  көріп  тон  пішер»  ұр-

пақтың шектен шыққан тəртіпсіздік-

тері тыйылар емес. Көзіміз де, құла-

ғымыз да үйренді. Жанымыз түршік-

кенмен,  жүрегіміз  ауырғанымен, 

тəртіпке  салар,  аталы  сөз  айтар 

ақсақалдарымыздан бедел кеткен. 

Кеш бойы алдына қойған тағамнан 

басқа, маңайына иманды сөз айтар 

ақсақал  табудың  өзі  мұң.

Ауызашар беріп жүріп, ауыз          а-

шарларға барып жүріп көргеніміз, 

түйгеніміз  осы!  Күні  бойы,  таң-

нан  қара  кешке  дейін  Алла  риза-

лығы  үшін  ауыз  бекіткендердің 

ниеті қабыл болсын, ораза ұста-

маса да ауызашарға барып, ақса-

қалдарымыз  дастарқанның  шы-

райын кіргізіп, имани əңгімеден 

шуақ  шашып,  елдің  көкейінде 

жүрген сан алуан сауалдар төңі-

регінде  жұртты  ұйытып,  ашыла 

əңгімелеп  отырса,  қандай  жа-

расар  еді?!  Оның  үстіне,  соңғы 

жылдары жастардың көбі имани 

жолға  түсіп,  ораза  ұстап,  жұма 

намаздан  қалмай,  бес  уақыт  на-

мазын қаза жібермейтіндігі көңіл 

қуантатын  жағдай.  Сол  жастар-

дың  əңгіме  сəнін  кіргізіп,  шы-

рай беретін ақсақалдардан дуалы 

өсиет, өнеге күтетіні даусыз. Ар-

тынан ерген толқынға ауыз тол-

тырып айтары жоқ, жиын-тойда 

бата сұраса қарабайыр тілек ай-

тып кететін қарияларды көрген-

де,  еңсең  езіледі.  Ханды  да,  қа-

раны  да  тезге  салып,  дұрыс  ба-

ғыт беріп отыратын кешегі баба-

лар үрдісі қайда қалды?! Қарны-

мыздың тойғанына мəз тірліктің 

соңы не болар екен дейсің ғой... 

«Сөз тас жарар, тас жармаса бас 

жарар» дейтін кешегі аузын айға 

білеген шешендеріміздің бүгінгі 

ұрпағы  кеңестік  санадан  əлі  де 

арыла алмай жүрген сияқты көрі-

неді  осындайда! 

Бір таңданарлығы, қариялар-

дың кейбірі «Ал енді...» деп ала-

қан  жая  бастағанда  бата  шіркін 

тостқа  ұласып  кетпегей,  əңгі-

менің  соңы  «А лып  қойыңдар!» 

дегенге ұласпағай деп іштей қыл-

пылдайсың.           



Бағасы келісім бойынша

Газет «Түркiстан» газетiнiң компьютер орталығында терiлiп, беттелдi

Жаңабек ШАҒАТАЙ – бас редактордың бiрiншi орынбасары

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ – жауапты хатшы

Анар ЛЕПЕСОВА – веб-редактор

ЖУРНАЛИСТЕР:

Көлбай АДЫРБЕКҰЛЫ, Нəзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ, Ахмет ӨМІРЗАҚ, Таңсұлу АЛДАБЕРГЕНҚЫЗЫ, 

Ақниет ОСПАНБАЙ, Əсел ƏНУАРБЕК, Жəнібек ҒАЛЫМ.

Астанадағы меншікті тілші – Еркежан ЖҰМАТАЙ (87789050492)

Ұлыбританиядағы  меншікті тілші – Гүлбиғаш ОМАРОВА

Түркиядағы меншікті тілші – Əбдуақап ҚАРА (тел. 905545044961).

E-mail: karavahap@gmail.com



Қырғызстандағы меншікті тілші – Назарбек БАЙЖІГІТОВ (тел. 8996777400153), 

Е-mail: egilgen@mail.ru



ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ:

Айнагүл АУАНОВА (беттеушi-дизайнер), 

Марат БАЙМАҒАНБЕТОВ (беттеушi-дизайнер), Мақсат ҚҰСАЙЫНОВ (фототiлшi)   

ШЫҒАРУШЫ:«ТҮРКІСТАН»халықаралық газеті ЖШС

Бас редактор – Шəмшидин ПАТТЕЕВ

БАСҚАРУШЫ КОМПАНИЯ – 

«Нұр-Медиа» ЖШС

Бас директор – 

Жанай ОМАРОВ

М 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 П 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 



 Мақала авторының пiкiрi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi

Оқырман хаттарына жауап қайтарылмайды

«Түркiстанда» жарияланған материалдарды сiлтемесiз 

көшiрiп басуға болмайды. Cуреттердiң сапасына редакция 

жауап бередi

Мақалалар коммерциялық негiзде басылды

Жарнамалар мазмұнына редакция жауап бермейдi

©

TR



Корректорлар  Жанар ТƏПИ, Жанар ЕГЕМБЕРДІ

Нөмiрдiң кезекшiсi  Əсел ƏНУАРБЕК

Айлық таралымы 42 000

Газет ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігі, Байланыс, ақпараттандыру жəне ақпарат 

комитетінде тіркеуге алынып, есепке қою туралы №15358-Г куəлігі 06.05.2015 жылы берілген.

Индексi: Жеке жазылушылар үшiн – 65413, мекемелер мен ұйымдар үшiн – 15413.



Газет «Дəуiр» ЖШС РПИК баспа үйiнде басылды.

Алматы қаласы, Қалдаяқов көшесi, 17-үй. тел.: (727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс 10200. Таралымы 8010. Көлемi 6 б. т. Заказ:

Бас редактордың қабылдау бөлмесi – 394-42-51

Бас редактордың бiрiншi орынбасары – 224-84-76

Бөлiмдер: 224-84-74, Телефакс: (8727) 224-84-76

Бухгалтерия – 394-42-57

Жарнама бөлiмi: (8727) 224-84-75



Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, 3-ықшам ауданы, 40б үй, 4-қабат


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал