Және инновация вице-министрінің «Сіздің елдің павильонының басты ерекшелігі неде?» деген



жүктеу 1.15 Mb.

бет10/11
Дата08.09.2017
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ЭНЕРГИЯ  ҮНЕМДЕУ  САЛАСЫНА 

ИНВЕСТОР  КЕРЕК

 

  «Халықаралық  дəрежеде  мойындал-



ған  энергия  сервистік  келісімдер  меха-

низмі  арқылы  энергия  үнемдеу  саласы-

на инвесторлар тарту» 100 нақты қадам – 

Ұлт жоспарының 59-қадамы талқыланды. 

  ҚР  Инвестициялар  жəне  даму  ми-

нистрлігінің  Индустриялық  даму  жəне 

өнеркəсіптік  қауіпсіздік  комитеті  тө-

рағасының  орынбасары  Тимур  Нұра-

шев,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  Даму  бағ-

дарламасының  Қазақстандағы  тұрақты 

өкілінің  орынбасары  Алтангерел  Мунх-

туя, «Электр энергетикасын дамыту жəне 

энергия  үнемдеу  институты  (Қазақэнер-

гиясараптама)»  акционерлік  қоғамының 

басқарма  төрағасы  Айдар  Махамбет  қа-

тысты. 


Тимур  Нұрашев  атап  өткендей,  энер-

гия үнемдеу жəне энергия тиімділігін арт-

тыру  мемлекеттің  стратегиялық  міндет-

терінің  қатарына  қосылды.  Энергиялық 

тиімді  экономикаға  өту  аясында  энер-

гия үнемдеудің халықаралық тəжірибесін 

енгізу бойынша барлық алғышарттар қа-

лыптасты.  Энергиялық  тиімділік  саяса-

ты қолға алынғалы ЖІӨ энергия сыйым-

дылығының  төмендеу  үрдісі  байқалып 

отыр.  Нəтижесінде  ЖІӨ  энергия  сыйым-

дылық  2011  жылғы  деңгейден  30  пайыз-

ға  төмендеген.

«Энергиялық  тиімді  технологиялар 

мен  материалдарды  енгізу  шараларының 

тиімділігі 30-дан 50 пайызға дейін құрай -

ды, бұл ретте  шаралардың өзін-өзі ақтау 

мерзімі  3-тен  9  жылға  дейінгі  аралықты 

қамтиды», – деп атап өтті БҰҰ Даму бағ-

дарламасы  тұрақты  өкілінің  орынбасары 

Алтангерел  Мунхтуя.

Бұл  мемлекеттік-жекеменшік  əріп-

тестік механизмін қолдану арқылы энер-

гия  сервистік  келісім  қағидаты  бойынша 

жүзеге  асып  жатқан  алғашқы  жоба  жəне 

келешекте мемлекеттік секторда энергия-

лық  тиімді  жобаларды  іске  асыруда  үлгі 

болады  дейді  мамандар. 



Тоғжан  ТӨЛЕГЕН 

11

13 шілде, бейсенбі, 2017 жыл

ƏЛЕУМЕТ


ТАЗА ҚУАТ ӨНДІРУ – 

АДАМЗАТТЫҚ МҮДДЕ

Осы  аптада  Малайзия  «ЭКСПО-2017 

Астана»  көрмесі  аясында  өзінің  Ұлттық 

күнін  өткізді.  Бүгінгі  малай  ұлтының  қа-

заққа  ұқсас  жері  бар,  түрлі  құрам,  тағды-

ры  əр  қилы  түрлі  этностық  топтарды  бір 

ел,  бір  ұлтқа  біріктіріп  отыр.  Малайзия 

павильонының  алдында  ұлттық  би  би-

леп,  өнер  көрсеткен  топқа  қарап  осындай 

ойға  қалдық.  Себебі  малай  ұлтының  əр-

тектілігін  паш  еткісі  келгендей,  өнерпаз-

дар əрқалай киініпті: оның ішінде басына 

телпек,  үстіне  ашық  сарғыш  көйлек-шал-

бар  киген  жігіт  те,  жалаңаш  бұтын  алды-

артынан  ұзындығы  бес  елі  қатты  мата-

мен  жауып,  басына  ұзын  қауырсын  бай-

лап,  үндістерді  еске  түсіретін  бозбалалар 

да,  үнді  мен  кəрістің  ұлттық  киіміне  ұқ-

сас сəнмен жасанып, тотыдайын таранған 

сұлу  бикештер  де  осында.  Бір  емес,  бір-

неше  халықтың  мəдениеті  жымдасып,  ас-

тасып  кеткен  бе  дерсің.

Малайзия  павильонының  табалдыры-

ғын аттағанда, қалың жыныстың ортасына 

енгендей хал кешесіз. Расында, астаналық 

ЭКСПО-ның  «жасыл»  тақырыбына  осы-

лайша шынайы жасыл желектік реңк бер-

ген  осы  ел  болар.  Малайзия  ғылым,  тех-

нология жəне инновация вице-министрінің 

«Сіздің  елдің  павильонының  басты  ерек-

шелігі неде?» деген сұраққа: «Орман» деп 

жауап бергені тегін емес. Малай павильо-

нында  жасыл  орман  барлық  жерде  «жай-

қалып  тұр»:  қабырға  жағалай  ілінген  эк-

рандарда,  бұрыш-бұрышта  отырғызылған 

бұталарда,  төбеден  еденге  дейінгі  сурет-

терде  –  қалың  орман  бейнесі.  Осылайша, 

малайлықтар  «Таза  энергия  біздің  бола-

шағымызға  дем  береді»  деген  ұстанымды 

əйгілейді.  Бұл  тіркесті  тура  мағынасында 

да,  ауыспалы  мағынасында  да  түсінудің 

əбестігі  жоқ,  асылы.  Қалың  жынысты  ор-

ман – таза ауа, қоршаған ортаның тазалы-

ғы  –  дені  сау  адамзат. 

Тағы бір жаңалығы – Малайзия павиль-

оны  Ислам  қаржыландыру  жүйесін  наси-

хаттайды. Қайталанбалы қуат көздері мен 

Исламдық қаржыландыру жүйесі бір-біріне 

үйлесімді екенін жоққа шығару қиын. Се-

бебі екеуі де тазалықты, ешкімге, ештеңе-

ге  зиян  шектірмей,  керісінше  септесіп,  бір-

ге  тірлік  етуді  қолдайды.  Исламдық  қаржы-

ландыру жүйесі Қазақстанда əлі даму үстін-

де. Бұл тұрғыда Малайзияның жол көрсетер 

тəжірибесі  жетерлік. 

Малайзия  бұл  көрмеге  жасыл  энергетика 

саласындағы өзгеше инновациялық жобаларды 

ала келіпті. Астаналық ЭКСПО көрмесі көпте-

ген елдер үшін тиімді бизнес əріптестік орна-

тудың  оңтайлы  мүмкіндігіне  айналғаны  бай-

қалады.  Олар  Қазақстанмен  туризм  жəне  сау-

да  байланысын  күшейтуді  көздейді.  Сонымен 

қатар,  осы  жолы  малайлық  компаниялар  қа-

зақстандық компаниялар арасында ағын сулар-

ды тазарту жəне ауылшаруашылығында су қо-

рын тиімді пайдаланудың тиімділін арттыруға 

қатысты меморандумға қол қойған. 

Малайлық  алты  компания  осы  көрмеге 

экологиялық таза қуат көздерін дамытуға ар-

налған  нақты  жобаларды  алып  келген,  енді 

осы  салада  əріптестік  орнататын  қазақстан-

дық компанияларды тапса, бірге жұмыс істеу-

ге  əзір.  Мысалы,  «Bioeconomy  Corporation» 

компаниясы  пальма  майынан  диацид  өнді-

ретін  əлемдегі  тұңғыш  зауыт  салатынын 

мəлімдеді.  Жалпақ  тілмен  айтқанда,  диацид 

–  мұнай  өнімінің  баламасы,  оны  автокөлік 

бөлшектері, тұрмыстық химия мен опа-далап 

шығаруға  дейін  қолдана  беруге  болады.  Ең 

бастысы,  мұнай  өндірісі  сияқты  емес,  диа-

цид  шығару  қоршаған  ортаға  барынша  за-

лалсыз  болмақ. 

Ал «Free the Seed» компаниясы биоталшық-

тардан жасалған ыдыс-аяқты алып келіпті. Бір 

қарағанда көзге үйреншікті пластикалық ыдыс-

қа  ұқсағанымен,  бұл  ыдыс-аяқ  күріш  сабағы-

нан  жасалған,  яғни  қолданып  болған  соң  кү-

ресінге тасталса да, табиғи шіріндіге айналып, 

топырақты  құнарландырады.  Сонда  жүз  жыл 

шірімейтін, табиғатты ластап, жан-жануардың 

тіршілігіне  зиян  келтіретін  пластик  материал-

дардан жасалған ыдыс-аяқтан құтылудың жолы 

табылған  сияқты.  Күріш  өсірумен  айналыса-

тын  аймақтарда  осындай  ыдыс-аяқ  шығару-

мен неге айналыспасқа? 

Малайлықтардың  əкелген  жаңалығы 

бір  бұл  ғана  емес.  «Ronser  Biotech»  компа-

ниясы  ағын  суды  тазарту  жобаларын  қол-

ға  алған.  Олар  суды  тазартып  қана  қоймай-

ды, лас судың өзін қуат көзіне айналдырып, 

одан  биогаз  өндірудің  жолын  тапқан.  Бұл 

технологиямен Қазақстанда MEC компания-

сы  айналысуы  мүмкін  деген  дерек  бар.  Ал 

«Nanopac»  компаниясы  заманауи  смартфон-

дарды жетілдіріп, олардың күннен қуат ала-

тын  үлгісін  жасапты.  Мұндай  смартфондар 

күн  сəулесімен  қатар  үй  ішіндегі  жарықтан 

да  қуат  алатын  көрінеді. 

Малайзиялық  компаниялар  Қазақстанда 

халал өндірісті дамытуға үлес қосуға ниетті. 

«Muhibbah  Sinersia  Resources»  компаниясы 

халал  өнімдер  шығаруда  əріптестік  орнату-

ды  ұсынып  отыр. 

Сонымен,  Малайзия  Астаналық  ЭКСПО 

мінбері  арқылы  барша  халықаралық  қауым-

дастықты болашақтың игілігі үшін таза қуат 

көздерін өндіруге үндейді. Ендеше, бұл сала-

да  малайлық  ғалымдардың  қандай  жетістігі 

бар екенін білу үшін ғылым, технология жəне 

инновация министрі Уилфред Пангимус Тан-

гау мырзамен жəне малайлық компания өкілі-

мен  арнайы  сұхбаттастық. 



Малайзияның  ғылым,  технология 

жəне  инновация  министрі  Уилфред  Ма-

диус  Тангау:

МАЛАЙЛЫҚТАР  КҮННЕН 

ҚУАТ  АЛАДЫ

–  «Болашақтың  қуаты»  тақырыбын 

ашуда  Малайзия  павильонының  нендей 

жаңалығы  бар?

–  Малайзия  павильоны  «Жасыл  Өсуді 

қуаттандыру»  деп  аталады.  Біз  Малайзия-

ның  жасыл  технолгияларды  дамытудағы 

үздік жобаларын барша əлемге насихаттауды 

мақсат  еттік.  Павильон  концепциясына  сəй-

кес,  адамзат  болашағы  жасыл  желекке  бай-

ланысты.  Дүниежүзілік  банктің  мəліметіне 

жүгінсек, Малайзия орман шаруашылығы қа-

рыштап дамыған озық жүз елдің қатарында. 

Сондықтан біздің павильонымыз жасыл же-

лекке  оранып  тұр.  Астаналық  ЭКСПО  көр-

месіне  дайындалуға  Малайзия  Биоэкономи-

ка  Даму  корпорациясы  мен  Малайзия  Ғы-

лым  жəне  Индустриалды  зерттеулер  инс-

титуты  атсалысты.  Сондай-ақ  Cube  Global, 

Caiser  UKM,  Free  the  Seed,  Ronser  Biotech, 

Muhibbah Sinergia Resources, iCycle Malaysia 

жəне Nanopack компаниялары өз инновация-

лық  жобаларын  таныстырып  отыр. 



– Малайзиядағы жасыл технологиялар-

дың  даму  деңгейі  қандай?  Қазіргі  эконо-

микадағы  үлесі  қанша?

–  Қазақстан  сияқты  Малайзия  да  бүгін-

де қайталанбалы қуат көздерін дамытуға ден 

қойған. 2020 жылға қарай ел экономикасын-

дағы  биотехнология  саласының  ЖІӨ  үлесін 

5  пайызға  жеткізуді  көздеп  отыр. 

Жасыл  технологиялар  туралы  айтқан-

да,  бүгінгі  таңда  Малайзия  күн  сəулесі-

нен  қуат  өндіруде  əлемдегі  көшбасшылар-

дың  бірі  саналады.  Əлемдегі  Күн  сəулесі-

нен қуат алатын фотоэлектр модульдер мен 

ұяшық  шығаратын  ірі  өндіріс  ошақтары 

біздің  елде  орналасқан,  басқаша  айтқан-

да əлемдегі əрбір төртінші фотоэлектр мо-

дулін  біз  шығарып  отырмыз.  Қайталанба-

лы қуат көздерінің ішінен біз күн энергия-

сына басымдық беріп отырмыз, сондықтан 

бұл  сала  экономикамыздың  дамуында  же-

текші  салалардың  біріне  айналып  келеді. 

– Қазақстанға қандай жобаларды алып 

келдіңіздер?

–  Əзірге  екі  ірі  жоба  туралы  айта  ала-

мын.  «Free  the  Seed»  компаниясы  ауылша-

руашылық биологиялық өнімдер шығару са-

ласында,  ал  «iCycle  Malaysia»  компаниясы 

қалдықтарды  өңдеу  ісіне  қатысты  инвести-

циялық  жобаларды  жүзеге  асырмақшы.  Ал-

дағы  екі-үш  жылда  бұл  жобалардың  нəти-

жесін  көріп  қалармыз. 

– Жалпы, «ЭКСПО-2017 Астана» көр-

месіне  қатысу  Малайзияға  не  берді?

–  Малайзияның  ЭКСПО-2017  көрмесіне 

қатысуы  Қазақстанмен  екіжақты  қарым-қа-

тынасымызға  жаңа  серпін  əкеледі  деп  үміт-

тенемін. Осы көрме аясында біз түрлі тақы-

рыптардағы  апталықтар  өткіземіз  жəне  қа-

зақстандық  компаниялармен  «Ғылыми  дип-

ломатия»  деп  аталатын  ғылым  жəне  бизнес 

саласында əріптестер табуды көздеп отырмыз. 

Болашақта Қазақстан мен Малайзия арасын-

дағы  экономикалық  байланыс  қазіргіден  де 

күшейе  түсетініне  үміт  артамын. 



«Nanopaс Innovation» компаниясының бас 

атқарушы менеджері, доктор Ченг Кок Леонг:

ҚУАТ  ӨНДІРЕТІН  ТЕРЕЗЕ 

ШЫҒАРАМЫЗ

–  Күн  мен  жел  қуатын  өндіру  шы-

ғыны  өте  қымбатқа  түседі.  Бұл  жоба-

ларды  Малайзия  үкіметі  қаржыланды-

рып  отыр  ма?

– Əрине, күн көзінен қуат өндіру саласын 

қаржыландыруда үкіметтің қосатын үлесі зор. 

Екінші жағынан, күн көзінен қуат алу желден 

өндірілетін  қуатқа  қарағанда  арзанға  түседі. 

Мен ұзақ уақыт өлшеміндегі өндірісті айтып 

отырмын.  Себебі  желден  қуат  алу  үшін  ме-

ханикалық  құрылғыларды  орнату  керек,  ал 

күн  көзінен  қуат  өндірісінде  мұндай  күр-

делі  құрылыстың  қажеті  шамалы. 



–  Малайзияда  күн  сəулесінен  қуат 

өндіру  ісі  қалай  қаржыландырылады?

– Малай азаматтары өз үйіне күн сəу-

лесін  өндіретін  құрылғы  орнатып,  қуат 

шығаратын  болса,  малайзиялық  үкімет 

олардан  электр  қуатын  сатып  алады.  Бұл 

жүйе  бірнеше  сатымен  жүзеге  асырыл-

ды.  Біріншіден,  үкімет  күн  шаруашылық-

тарын  ашуды  жолға  қойды.  Он  компания 

күн  сəулесінен  қуат  өндіріп,  үкіметке  са-

тумен  айналысты.  Бұл  жобаны  сəтті  аяқ-

таған соң біз екінші сатыға көштік. Биыл-

дан  бастап  жеке  азаматтардан  қуатты  са-

тып алуды бастадық. Бұған қоса, күн сəу-

лесінен  қуат  өндіріп,  оны  өз  шаруашы-

лығында  қолданатын  компанияларға  үкі-

мет  салықтық  жеңілдіктер  қарастырған. 

Осындай  шаралардың  арқасында  күн  сəу-

лесінен қуат алу ісі жақсы жолға қойылды. 

Енді осы тəжірибені Қазақстанға алып келу 

ойымызда бар.



– Сонда Малайзияда электр қуатының 

қанша пайызы күн сəулесінен өндіріледі?

– Қазіргі таңда Малайзияда барша қуат-

тың шамамен жиырма пайызы күн сəулесі-

нен өндіріледі. 



– Қазақстанға нақты қандай жобалар-

ды алып келдіңіздер?

– Біздің компания тікелей күн сəулесінен 

емес,  жарықтың  барлық  түрінен  қуат  өнді-

ретін қондырғы шығарады. Мысалы, электр 

қуатын  өндіретін  терезе  жасадық.  Мұндай 

инновациялық жоба ешбір елде жоқ. 



–  Сонда  бір  күнде  бір  терезе  қанша 

қуат өндіре алады?

– Бір күнде бір терезеден 600-700 кило-

ватт электр қуат өндіре алады. Ең бастысы, 

бұл терезе сырттан түсетін табиғи жарықты 

да,  ғимарат  ішіндегі  жарықты  да  қуат  көзі 

ретінде тұтына алады.



– Сонда кəдімгі терезе мен осы «күн» 

терезесінің бағасында айырмашылық бо-

латыны  анық  қой.  Инновациялық  тере-

зенің бағасы қанша?

– Онша қымбат емес. М ысалы, Малай-

зияда  кəдімгі  терезелер  80  доллар  тұрса, 

электр  қуатын  өндіретін  терезенің  бағасы 

шамамен 120 доллар. 

–  Ал  мұндай  терезе  қанша  жыл  пай-

далануға жарамды?

–  25  жыл.  Сонда  сіз  оны  ширек  ғасыр 

əрі  терезе  ретінде,  əрі  электр  қуатын  өнді-

ретін  қондырғы  ретінде  пайдаланасыз.  Ма-

лайзияда  мұндай  терезе  өз  шығынын  бес 

жылда ақтайды. 



–  Қазақстанда  осы  өнімді  шығаруға 

ынта білдірген серіктес таптыңыздар ма?

– Жоқ, бірақ қазақстандық компаниялармен 

бизнес əріптестік орнатамыз деген үмітіміз мол.

Гүлбиғаш ОМАР

Астана

 ЭКСПО-дан не көрдік?

Малайзия:

Ағыстар да адамдар тəріздес. Бірі жақпар 

тастардан  жарыса  құлап,  күркіреп,  сарқы-

рап, арқырап ағады. Енді бірі жағасын ша-

йып, табанын лайлап, тасын қазып, тасырла-

на ағады. Ең əдемі ағыс – тұнық ағыс. Тұ-

нық  ағыстың  төңірегінен  қарасаң,  мамыр-

дың майда желі мамыражай толқындардың 

кекілін сипаған көркем сурет көз алдыңыз-

ға келеді. Жақындап барып түбіне жанары-

ңызды  салсаңыз,  тұнық  судың  тұңғиығын-

дағы тазалық сарайына тап болғандайсыз...

Жігіт  ағасы  жасына  жеткенше  адалды-

ғынан  айнымай,    азаматтығынан  тайқымай 

келе  жатқан  ақын,  публицист  Нұрлан  Қал-

қаны  осы  тұнық  ағысқа  теңер  едім.  Неге 

дейсіз  ғой?  Нұрланды  абыз  Алатаудың 

етегіндегі ертегі əлем – ҚазМУ-де өткізген 

сонау 90-жылдардың басындағы студенттік 

шағымыздан  бері  білеміз.  Бізден  жасы  аз-

кем  үлкендеу  болса  да  кішісің  деп  кісімсі-

мей,  тете  бауырдай  тең  сөйлесіп,  емен-

жарқын  етене  араласып  кеткен  Нұрлан-

ның  дауыл  соғып,  даланы  өрт  шалып  жат-

са  да  өзгермейтін  бірқалыпты  мінезі  дəл 

осы  ағыс  іспетті. 

Тірлігі  қауырт,  жауапкершілігі  жоға-

ры  мемлекеттік  қызмет  саласында  Ақпа-

рат  жəне  қоғамдық  келісім  министрлігінен 

бастап,  Премьер-министр  кеңсесінде,  одан 

кейін  Президенттің  баспасөз  қызметінде, 

бүгінде  Жоғарғы  сот  аппаратында  елеулі 

баспалдақтармен  сатылап  өскен  оның    ше-

неуніктік  жолының  өзі  –  өзгеше  бір  тұнық 

дастан.  Задында,  Нұрланның  қызмет  жолы 

шатырлатып, найзағайлатып төгіп тастайтын 

нөсер жаңбырға емес, бірнеше күн толассыз 

себездеп, жерге меймілдеп сіңгенше жауып 

тұратын ақ жауынға келіңкірейді. Оның ор-

нықтылығын, біліктілігін сырттай біліп, ке-

лесі жоғары қызметке арнайы шақырмайын-

ша,  ол  сол  орыннан  қаққан  қазықтай  қоз-

ғалмайды.  Оған  жауабы  да  дайын.  Кезінде 

үміт білдіріп, аттай қалаған адамның сенімі-

не  селкеу  түсірмеу  керек.  Мұндай  жағдай-

да  біз  оған  сенім  артқан  адамдарының  өсу 

тепкішегімен мүлдем басқа лауазымға ауы-

сып,  осы  күні  жаңа  салаларды  жанданды-

рып  жүргенін,  енді  қарайлаудың  да  қажеті 

жоқтығын алға тартамыз. Бұл уəжімізге де 

көніңкіремейді. Өйткені барған бойда жай-

дары  мінезімен  тонның  ішкі  бауындай  жа-

қын боп кеткен жаңа ұжымдастарын қимай-

ды,  оларды  орта  жолда  тастап  кетуге  дəті 

бармайды,  дəлірек  айтсақ,  ар-ұяты  жібер-

мейді.    Ұят  дегеннен  шығады,  Нұрланның 

кейде  бəріміздің  бойымыздағы  ауыл  бала-

сына тəн ұяңдықтан шыға алмай, «ұят қой» 

деп  өзін-өзі  тежейтін  тұстары  да  бар.  Бір 

оқиға есіме түсіп отыр. Бұған дейін екеуміз 

көршілес  ғимараттарда  қызмет  еттік.  Түс 

əлетінде  Есілдің  жағасында  жаяу  жүріп, 

ас сіңіріп, қан жүргізетін ескі əдетіміз бар. 

Жүретін жерлерімізді өзімізше құпияланды-

рып, қазақы атаулар қойып аламыз. Қадыр-

бай деген ағамызбен үнемі жолығысып қа-

латын  жерді  «Қадырбайдың  қақпасы»,  та-

ныс қыз бізбен ұдайы амандасатын орынды 

«Жарқынайдың жазығы», одан əрі көпірдің 

Т НЫ  А ЫС

астында жастар бұрқырата темекі тартатын 

жерді  «Шылымды»  деп  атаймыз.  Бір  күні 

Нұрлан  күнделікті  кездесетін  тұсқа  уақы-

тында келе қоймады. Əрлі-берлі күттім. Бір-

шама уақыттан кейін ұялы телефонына ха-

барластым.  Сөйтсем,    менен  бұрын  сырт-

қа ертерек шығып, «Шылымды» жаққа өтіп 

кетіпті. Қайтар жолда əлгі жастар темекінің 

түтінін будақтатуға кіріскен екен. «Жастар-

дың  жанына  барып  ескерткеніммен,  олар 

бəрібір темекісін тастап кетпейтіні белгілі. 

Мені  көрсе  қысылатыны  да  аян.  Сондық-

тан,  ыңғайсызданып,  түске  дейінгі  қауырт 

жұмыстан  қалжырап  қалған  болар,  ақыр 

тартқан  соң  аяғына  дейін  рахаттанып  шы-

лымдарын  шегіп  алсын  деп,  алысырақта 

күтіп  тұруыма  тура  келді»,  –  деді  шынды-

ғын  бүкпестен.

Нұрланның  журналистика  əлеміне  аяқ 

басуы  да  адами  лирикалық  пернелермен 

əсем  өріледі.  Ауылдағы  бір  бойжеткенге 

үздіге  жазылған  үшбу  хаттан  бастау  алған 

тілшілік  жолы  əскер  қатарында  жүргенде 

тың  ырғақ  табады.  Кезінде  жүздеген  мың 

таралыммен  халыққа  жеткен  «Қазақстан 

əйелдері»  журналында Германияның Вис-

мар қаласынан үшбу жолдайтын жас жауын-

гердің  «Солдат  хаттарымен»  біздің  тұстас-

тарымыз  таныс  та  болар.  Оның  авторы  – 

Нұрлан  Қалқа.  Ата-ана,  бауырға  деген  ыс-

тық  сағыныш,  торқалы  туған  жердің  бұра-

ла аққан бұлағына,  одан иіле су алып жат-

қан  бұрымды  қызға  деген  риясыз  іңкəрлік 

осы жауынгер хаттарында шынайы кестеле-

неді. Сөйтіп, Əзілхан Нұршайықовтың май-

дан даласынан жазған хаттарынан кейін ара-

ға 40 жыл салып, бейбіт заманда неміс елі-

нен Кеңес жеріне хат жолдаған қазақ Нұр-

ланның  Алматыға  өзінен  гөрі  атағы  ерте-

рек  жеткен  еді.  Жазғыш  тарландардың  қа-

тарында  оқуға  қабылданғаннан  кейін  жур-

налистік жолға біржолата бет бұрып, қолы 

қалт етсе боратып жазып, газеттерге бұрқы-

ратып  шығаруға  бел  шеше  кірісті.  Бірінші 

курста  «Өркенге»  өндіртіп  мақала  жазды. 

Бір  күні  ол  осы  жастар  басылымының  бас 

редакторы  Əшірбек  Амангелдіұлының  ка-

бинетіне  имене  кірді.  Ағамыз  қазақы  қа-

лыппен    ұяңдау  амандасқан  жас  жігітке 

ишара  танытып,  риза  көңілмен  амандаса-

ды.  «Ə,  əлгі  жазғыш  Нұрлан  Қалқа  сен 

екенсің  ғой»,  –  дейді  Əшекең  ризашылық-

пен. «Ал, енді келген шаруаңды айт». Нұр-

лан жазған дүниелерінің қаламақысын білу-

ге  келген  екен.  Бас  редактор  уақыт  оздыр-

май  есепшісін  шақырып,  шалақұрсақ  сту-

дентке  ақшасын  санап  беруді  тапсырады. 

Бірақ,  ағамыз  көз  алдында  сатырлатып  са-

нап жатқан ақшаға жүзі онша нұрлана қой-

маған Нұрланға қарап, неге қуанбай тұрға-

нын сұрайды. Нұрлан ойланбастан осы уа-

қытқа дейін жиналған барлық қаламақысын 

Аралды құтқару қорына аударуларын сұрай-

ды.  Бас  редактор  осы  баланың  қызуы  кө-

теріліп тұрған жоқ па екен деген таңданыс-

пен жүзіне аңтарыла қарайды. Əңгіме шын-

ға  айналып  бара  жатқанын  сезген  ағамыз: 

«Айналайын, сенің азаматтық ұстанымыңа 

көп рахмет. Бірақ сенің теңізге тамған там-

шыдай  ғана  азын-аулақ  қаламақыңа  Арал-

дың  толып  қалмайтыны  анық.  Сондықтан 

гонорарыңа  бəліш  алып  же,  артылып  жат-

са,  достарыңмен  бөліс»  деп  арқасынан  қа-

ғып  шығарып  салады.

Нұрланның  аңғырттықпен  суарылған  

адалдығының тағы бір оқиғасы əскерде бо-

лады. 1985 жылы қазанда əскери борышын 

өтеу үшін ГДР-дағы арнайы орталыққа кел-

ген қазақстандық жауынгерлерді жинап, өз 

таңдаулары бойынша Германияда қалатын-

дар, сержанттық оқуға баратындар жəне со-

ғыс  жүріп  жатқан  Ауғанстандағы  кеңестік 

армия  сапына  баратындар  болып,  үш  топ-

пен  іріктелетіндері  ескертіледі.  Əуелі  сер-

жанттық  оқуға  барғысы  келетіндерді  сұра-

ғанда, бірнеше жас бір қадам алға басады. 

Екінші  рет  «Ауғанға  аттануға  тілек  білді-

рушілер  бар  ма?»  дегенде,  Нұрлан  асқақ 

рухпен  екі  қадам  алға  басады.  Бір  қараса, 

сонша жігіттің ішінен азғантай ғана қатар-

ластарымен бірге алдыңғы қатарда тұр екен. 

Содан  олар  бір  аптадай  армияның  арнау-

лы  пунктінде  Ауғанстанға  баруға  бұйрық 

күтіп  жатады.  Артынан  олардың  тобы  Ау-

ғанға жіберілмейтін болып, ГДР-дағы басқа 

əскери бөлімдерге жол тартады. Осы оқиға 

Нұрланның «елім, Отаным» деген патриот-

тығы жасөспірім шағынан бастау алатыны-

на дəлел болса керек. «Айдың күннің ама-

нында неге ондай шешімге келдің?», деп сұ-

раймыз ғой кейінірек. Ол мұның бəрі отба-

сындағы, мектептегі тəрбиенің əсері екенін 

бүкпесіз сыр ғып айтады. «Бала кезден ба-

тырлар жырын, ертегілерді оқып өстік, одан 

кейін Қасым Қайсенов, Əди Шəріпов, Өте-

бай Қанахиннің партизандар туралы шығар-

маларымен  сусындадық.  Сол  сезім  алыста 

жатқан  ауған  жерін  азат  етуге  атсалысуға 

итермелеген  еді»,  –  дейді  өткен  күндерін 

жымия  еске  алып. 

Нұрланның  азаматтығы  сөз  болғанда 

жолдас-жорасы біле бермейтін мына жайт-

ты да айтпай кетпеуге болмас. Нұрланның 

екі қызы, бір ұлы бар  ұйыған отбасында-

ғы тұңғыштары Жанардың ертеректе көлік 

апатынан қайтыс  болған қайынағасының 

кіндігінен  тараған  перзенті  екенін  бы-

лайғы  жұртшылық  біле  бермейді.  Тағ-

дырдың  жазуымен  алты  айлығында  ата-

анасыз  қалған  нəрестені  əуелі  нағашы-

лары  Бекен  ата  мен  Өзипа  əже  бауыры-

на басады. Соңынан төрт кластық білім-

мен  шектелетін  ауыл  мектебінен  кейін 

нағашы  атасы  мен  əжесі  ақылдаса  келе, 

бауыр  еті  Нұрболаттарынан  қалған  көз 

қуаныштары Жанарды Алматыдағы Нұр-

лан мен Құралайдың отбасылық тəрбиесі-

не  беру  туралы    ұйғарымға  келеді.  Со-

дан бері Нұрлан ешбір жанға жақ ашпас-

тан,  Жанарды  тұңғыш  қызы  етіп  өсірді. 

Маңдай алды тұңғышым деп қолынан же-

тектеп мектепке апарды,  университетке  

түсіріп,  жоғары  білім  алуына  қолынан 

келгенше  жағдай  жасады.  Айдана  мен 

Қайраты  Жанарды  əлі  күнге  дейін  əпке 

деп  атап,  үйдің  тұңғышы  ретінде  айтқа-

нын  екі  етпейтіні  отбасылық  тəрбиенің 

жемісі. Өз қолымен ұзатып, Қуанжанмен 

құда  болып,  төс  түйістірді.  Бүгінде  Жа-

нарынан Айша мен Əминадай немерелер 

сүйіп,  ата  болып  отыр.  Қазақтың  «Жақ-

сы  жезде  –  əкедей»  деген  қанатты  сөзі 

осындайда  айтылған  болар. 

Ағайын-туыс,  дос-жарандар  бас  қо-

сатын  жиын-тойда  өлең  оқып,  жиналған 

жұрттың ауыл арасындағы қысыр əңгімесін 

ұлы мəртебелі өнерге қарай бұрмаса көңілі 

тоғаймайтын Нұрланнан бойындағы ақын-

дық қасиет қайдан келгенін сұраймыз ғой 

кей-кейде. Жер жаннаты Жетісудағы əйгілі 

Шарын  шатқалынан  сүрлеу  тартып,  одан 

əрі Қулық, Торайғыр тауларына тарамдала-

тын көркем мекенде дүниеге келген оның 

ақын болмауға да қақысы жоқтай. «Қазақ-

тың балаға бата беру, аузына түкіру деген 

дəстүрі тегін емес», дейді ол. Бұл жөнінде 

мына бір қызық оқиғаны еске алады. Биыл 

80-нің  сеңгіріне  шыққан  анасы  Əлімхан 

Қадырқызы мен сексен бестің белесін ба-

ғындырған əкесі Нұрахмет Молдақұлының 

кіндігінен тараған тоғыз баланың сегізі өз-

дері тұратын Ұзынбұлақ ауылында дүние-

ге келген. Тек Нұрлан ғана əке-шешесі мал 

бағып, атақты Асы жайлауына қоныстанған 

тұста, еркін далада киіз үйде дүние есігін 

ашыпты.  Сол  күні  Нұрахмет  əкей  ел  ара-

лап, малшы қауымды əн-жырымен сусын-

датып жүрген, Жетісуға танымал Əбдіреш 

ақынды қазақы дəстүрмен сəби есімін құ-

лағына айтқызу ниетімен шілдеханаға ша-

қырған. Əбдіреш ақын нəрестеге өлеңмен 

арнау  айтып,  өзіндей  өнерлі  адам  болсын 

деп  ақадал  тілекпен  ақ  батасын  береді. 

Сəби дүниеге келген күні аспаннан ақ нұр 

жауып тұрғандықтан, сəбидің өмірі де осы-

лай  нұрланып  жүрсін  деген  ниетпен  ана-

сының сіңілісі Зəуре апай оның атын Нұр-

лан  деп  қойыпты. 

Жаратқан  иеміз  даладай  көңіл,  бала-

дай  пейіл  берген  ақжүрек  ақынның  Ала-

таудың  етегінен  арна  тартқан  тұнық  ағы-

сы  бүгінде  Арқаның  бойымен  сырбазда-

на сыңғырлап ағып келеді. Бауырмал дос-

қа өзеннің өзіндік өрнегімен ұзаққа ағып, 

ел-жұрт тұнығыңнан қанып іше берсін де-

ген    ізгі  тілегіміз  бар.                                                                                    




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал