Және инновация вице-министрінің «Сіздің елдің павильонының басты ерекшелігі неде?» деген



жүктеу 1.15 Mb.

бет1/11
Дата08.09.2017
өлшемі1.15 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Біздің электронды пошта: turkestan_gazeta@mail.ru 

Біздің сайт: www.turkystan.kz



Халықаралық саяси апталық

Газет 1994 жылғы қаңтардың 28-інен шыға бастады

Малайзия ғылым, технология 

және инновация вице-министрінің 

«Сіздің елдің павильонының 

басты ерекшелігі неде?» деген 

сұраққа: «Орман» деп жауап 

бергені тегін емес. Малай 

павильонында жасыл орман 

барлық жерде «жайқалып 

тұр»: қабырға жағалай ілінген 

экрандарда, бұрыш-бұрышта 

отырғызылған бұталарда, 

т беден еденге дейінгі 

суреттерде – қалың орман 

бейнесі. 

Мұнда  ндірілген балдың дәрілік 

қасиеті жоғары. Себебі дәл осы 

аймақта бал арасы қонатын 200-

ден астам  сімдік болса, оның 

40-тан астам түрі дәрілік ш птер. 

Сондықтан Алматы облысында 

ткен «Қазақстанның үздік тауары» 

байқауында «Үздік азық-түлік 

тауарлары» аталымы бойынша 

Лепсі балының бірінші орын иеленуі 

заңдылық.

Енді қоғамдық к ліктегі 

(метроны қосқанда) жол ақысы 

электрондық т лем арқылы – 80 

теңге к лемінде, ал қолма-қол 

ақша берген жағдайда 150 

теңге болады.  зірге бұл қаулы 

13 шілдеге дейін қоғамдық 

талқылаудан  тпек. Қаулы әділет 

органдарында мемлекеттік 

тіркеуден  ткен соң, 10 күннен 

кейін заңды күшіне енбекші.  

ТАЗА ҚУАТ  НДІРУ — 

АДАМЗАТТЫҚ МҮДДЕ

«ОҢАЙ» БОЛСА — 80 

ТЕҢГЕ, ЖОҚ БОЛСА...

БАЛ ЖЕП  СКЕН 

БАЛҒЫНДАР

07

11



05

Жалғасы 4-бетте

Жалғасы 4-бетте

№28 (


1198

)

2017 



ЖЫЛ

13 шілде, 

бейсенбі

ҚАЗАҚСТАН КИБЕРШАБУЫЛДАРҒА ДАЙЫН БА?



Әсел ӘНУАРБЕК

Ұрпақ тәрбиесінде еңбекке баулудың маңызы жоғары. Қазақ ерте 

кезден-ақ жас баланы еңбексүйгіштікке, жалқаулықтан ада болуға 

үйреткен. Ұлы ойшыл әл-Фарабидің өзі «тәрбиенің негізі – еңбекте» 

дейді. Сондықтан болар, қазақ отбасында тәрбиеленген балалар еңбекке 

ерте араласады. Бір өкініштісі, бүгінде балаларды заңсыз жұмысқа тарту, 

олардың еңбегін қанау күрмеулі мәселеге айналып отыр.

БАЛАНЫҢ БЕЙНЕТІ 

БІЛІНБЕЙДІ

«ТЕМІРДЕН БОЛАР 

КӨЛІГІ ...»

Майқы бидің айтқаны уақыт 

шындығына айналды десек те...

ал жеткіншектердің еңбегін қанау 

күрмеулі мәселеге айналып отыр

Анар ЛЕПЕСОВА

Бүгінде автокөлік әлемдегі ең қауіпті тасымал құралына айналды. Осыдан 

үш ғасыр бұрын «Темірден болар көлігің, темірден болар өлімің» деп 

айтып кеткен дуалы ауыз Майқы би көреген екен. Деректерге сүйенсек, 

әлем бойынша жол бойында жыл сайын 1 млн 200 мың адам, 1 күнде 3500 

адам бақилық болады.  Қазақстандағы көрсеткіштер де жан түршіктіреді. 

Әсіресе, қоғамдық көліктердің кесірінен көз жұмғандар саны артқан. 

Жолаушылардың өміріне жауапты екенін ұмытып, жоспар қуып, жол 

ережесіне жүре қарайтын жүгенсіз жүргізушілер талайдың өмірін қауіпке 

тігуде. 

Бүгінгі  күні  ақпараттық  қоғам  дамуының 

басты  қажетті  шарты  –  киберқауіпсіздік.  Сон-

дықтан  Мемлекет  басшысы  Қауіпсіздік  Ке-

ңесінің  отырысында  ең  бірінші  осы  мəселеге 

назар  аударды.  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 

өз  сөзінде  қазіргі  кезде  цифрлық  технология-

ларды  енгізудің  маңыздылығын  атап  өтті.  Бұл 

ретте  Мемлекет  басшысы  кибер  қауіп-қатер-

ге  жəне  ақпараттық  технологияларды  заңсыз 

пайдалануға  қарсы  тұру  керектігіне  тоқталды. 

«Ақпараттық-коммуникациялық технология-

лар  адам  өмірі  мен  мемлекеттің  барлық  сала-

сында  кездеседі.  Сондықтан  мен  «Қазақстан-

ның  Үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бəсекеге 

қабілеттілік»  атты  Жолдауда  цифрлық  техно-

логияларды  дамыту  мақсатын  қойдым.  Оның 

пайдасы  зор,  бірақ  оны  енгізумен  бірге  кибер-

шабуылдар жасау қаупі де туындайды. Сол се-

бептен,  Қазақстан  оған  дайын  болуға  тиіс»,    – 

деді  Нұрсұлтан  Назарбаев.  Өз  сөзінде  Мемле-

кет  басшысы  киберқауіпсіздіктің  кесірі  біздің 

елге  ғана  емес,  Америка  секілді  мемлекеттің 

өзіне  де  тигенін,  Ресейге  де  шабуыл  жасалып 

отырғанын  тілге  тиек  етті. 

Қауіпсіздік  Кеңесінің  отырысында  талқы-

ланған  екінші  мəселе  –  терроризмнің  алдын 

алу. Соңғы уақытта лаңкестер бүкіл əлем жұрт-

шылығының тыныштығын бұзып отырғаны жа-

сырын емес. Мұндай жағдайлар біздің елде де 

орын  алған  болатын.  Сондықтан  елімізде  тер-

роризмнің  алдын  алу  аса  маңызды.  Бұл  ретте 

Елбасы жиынға жиналғандардың назарын əлем-

дегі жəне еліміздегі лаңкестік  топтардың дест-

руктивті əрекеттерінің салдарына аударды. Сон-

дай-ақ, Нұрсұлтан Əбішұлы террористік топтар-

дың əрекеттеріне қарсы тиімді жұмыстарды бір 

жүйеге  келтіру  қажеттігін  ескертті. 

Аса  маңызды  мəселелер  талқыға  түскен 

Қауіпсіздік Кеңесі отырысының соңында Мем-

лекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  жауап-

ты  тұлғаларға  бірқатар  нақты  тапсырмаларды 

міндеттеді. 

Әсел ӘНУАРБЕК

Сейсенбі күні Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 

төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиында киберқауіпсіздікті 

қамтамасыз ету және терроризмнің алдын алу мәселелері сөз болды. 


ҚОҒАМ

2

13 шілде, бейсенбі, 2017 жыл

НАУҚАСТЫҢ «ЖЕКЕ КАБИНЕТІ» БОЛМАҚ

Денсаулық сақтау нысандарының компьютерлік техникамен 

жабдықталуы 74 пайызды құрады

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың 

төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысы 

денсаулық сақтау саласына арналды. Нақты айтқанда, 

жиында денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру, 

дәрі-дәрмек бағаларын мемлекеттік реттеу мәселелері 

кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, Үкімет мүшелері 

әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 

бағасының өсуіне жол бермеу шараларын қарастырды. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы 

денсаулық сақтау жүйесін ақпарат-

тандыру жəне оған ақпараттық тех-

нологияларды  енгізу  туралы  тап-

сырма  жүктеген  еді.  Бұл  шаралар 

«Цифрлы  Қазақстан»  бағдарлама-

сы аясында жүзеге асуы тиіс бола-

тын. Аталмыш мəселелер бойынша 

Үкімет  мүшелері  алдында  баянда-

ма  жасаған  Денсаулық  сақтау  ми-

нистрі Елжан Біртанов бүгінде он-

лайн-режімде  статистикалық  ақпа-

ратты жинау, саланы қаржыланды-

румен  қамтамасыз  етуге  арналған 

22  ақпаратты  жүйенің  жұмыс  іс-

тейтіндігін  атап  өтті.  Елжан  Бір-

танов  өз  сөзінде  2018  жылы  ем-

делушінің  «Жеке  кабинеті»  қол-

жетімді  болатындығын  айта  келе, 

бұл жүйе арқылы науқастарға ден-

саулық  сақтау  қызметтері  тура-

лы  ақпарат  алуға  мүмкіндік  бері-

летіндігін  тілге  тиек  етті. 

Үкімет  отырысында  белгілі 

болғандай, үстіміздегі жылдың со-

ңына  дейін  медициналық  ұйым-

дардың  барлығы  ақпараттық  жү-

йелермен  қамтылады.  Ал  2019 

жылдан  бастап  денсаулық  сақ-

тау  жүйесінің  жұмысы  қағазсыз 

форматқа  ауысады.  Сонымен  бір-

ге,  2020  жылға  қарай  Қазақ  с-

тан  халқы  толықтай  денсаулық-

тың  электронды  төлқұжатымен 

қамтамасыз  етілмек.  «Электрон-

ды  денсаулық  төлқұжатына  ар-

налған  клиникалық  мəліметтер 

жергілікті  медициналық  ақпарат-

тық  жүйелерде  қалыптасуға  тиіс. 

Олар əртүрлі медициналық ұйым-

дарда,  атап  айтқанда,  емxаналар-

да,  стационарларда  жəне  аралас 

типтегі  ұйымдарда  жүретін  кли-

никалық  жəне  клиникалық  емес 

процестерді автоматтандыру үшін 

қажет»,  –  деді  Елжан  Амантайұ-

лы.  Сондай-ақ,  Елжан  Біртанов 

қазіргі  уақытта  Денсаулық  сақ-

тау министрлігі Əлеуметтік меди-

циналық сақтандыру қорының ақ-

параттық  жүйесін  құру  бойынша 

жұмыстар жүргізіліп жатқандығын 

атап  өтті.  Министр  келтірген  де-

ректерге  жүгінсек,  2017  жылдың 

бірінші  жартысындағы  қорытын-

ды  бойынша,  денсаулық  сақтау 

ұйымдарының  компьютерлік  тех-

никамен  жабдықталуы  республи-

ка  бойынша  орташа  есеппен  74  па-

йызды  құраған  екен. 

Ал  «Ауылдық  жерлерде  талшық-

ты-оптикалық байланыс желілерін ор-

нату» жобасының алғашқы кезеңі бо-

йынша 900-ден астам денсаулық сақ-

тау  нысанын  интернетпен  қамтама-

сыз  ету  жоспарланып  отыр.  Бұл  ту-

ралы жиында сөз алған Ақпарат жəне 

коммуникациялар  министрі  Дəурен 

Абаев  айтты.  Министрдің  айтуынша, 

«Азаматтарға арналған Үкімет» мем-

лекеттік  корпорациясының  фронт-

кеңселерінде  жəне  пошталық  байла-

ныс  бөлімшелерінде  Жұмыспен  қам-

ту  орталықтарының  өкілдері  азамат-

тарға  міндетті  медициналық  сақтан-

дыру  мəселелері  бойынша  кеңес  бе-

реді. Ал «Электронды үкімет» порта-

лында  əрбір  азамат  онлайн-режімде 

əлеуметтік мəртебесін анықтай алады. 

Одан əрі Үкімет отырысында ден-

саулық  сақтау  мекемелерін  ақпарат-

тандыру  жұмыстары  бойынша  өңір 

басшыларының  есептері  тыңдалды. 

Шығыс  Қазақстан  облысының  əкімі 

Даниал  Ахметовтың  мəлімдеуінше, 

өңірдегі  компьютермен  қамту  дең-

гейі  27  пайызды  ғана  құрайды  екен. 

Олқылықтың  орнын  толтыру  үшін 

жергілікті  бюджеттен  1  млрд  теңге 

бөлініп, оған 3 ай ішінде 3 177 компь-

ютерлік техника сатып алу жоспарла-

нып отыр. «Осылайша, биылғы қазан-

да компьютерлік техникамен жабдық-

тау көрсеткіші бізде 100 пайызға же-

теді. 2018 жылдың үшінші тоқсанын-

болады. Ал қалған 6 пайызға қызмет 

көрсететін  336  медициналық  пунктті 

интернетке қосу мəселесі ашық қала-

ды»,  –  деді  Даниал  Ахметов.

Өңір басшыларының сөзін тыңдаған 

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 

əкімдерге қажетті техникаларды сатып 

алып,  медицина  ұйымдарына  ақпарат-

тық жүйелерді енгізу туралы тапсырма 

берді. Ал Ақпарат жəне коммуникация-

лар, Денсаулық сақтау министрліктеріне 

орталық жəне жергілікті атқарушы ор-

гандармен бірге ақпараттық жүйелердің 

бірлесу  жұмыстарын  биылғы  жылдың 

1 қарашасына дейін аяқтап, оның тоқ-

таусыз  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ету 

тапсырылды. 

Жиында  көтерілген  келесі  мə-

селе  –  дəрі-дəрмек  бағасын  мемле-

кеттік  реттеу.  Біраз  уақыттан  бері 

талқыға  түскен  дəрі-дəрмек  бағала-

рын  мемлекеттік  реттеу  жыл  соңы-

на  дейін  енгізілмек.  Денсаулық  сақ-

тау  министрінің  айтуынша,  қазіргі 

уақытта  ұлттық  дəрілік  саясатты 

іске  асыру  бойынша  арнайы  жоспар 

енгізілген. Бұл жоспар халықты дəрі-

мен  қамтамасыз  етуді  жетілдіру  ша-

раларын  енгізуді  мақсат  етеді.  «Ми-

нистрлік  əзірлеген  ережелер  жоба-

сына  сəйкес  баға  белгілеу  үдерісі  – 

өндіруші зауыттан бастап Қазақстан-

дағы жеткізушілер қоймаларына дейін 

түгел  тіркеледі.  Содан  кейін  Денсау-

лық сақтау министрлігі дəрі-дəрмектің 

шекті көтерме жəне бөлшек сауда құ-

нын бекітеді», – деді Елжан Біртанов. 

Елордада Жібек жолы ауыл шаруашылығы білім беру 

және ғылыми инновациялар альянсының отырысы өтті. 

13 елдің 69 жетекші ауыл шаруашылығы университеттері 

мен ғылыми орталықтарын біріктіретін бірлестік 2016 

жылдың қараша айында құрылған болатын. 

АЛҚАЛЫ ЖИЫННЫҢ ҚАУЗАҒАНЫ – 

АУЫЛ ШАР УАШЫЛЫҒЫ

Басқосуға  ҚХР,  ТМД,  Еуропалық 

одақ жəне Таяу Шығыс елдерінен 50-

ден астам университеттің ректорлары 

мен ғылыми орталықтардың жетекші 

ғалымдары  қатысты.  Форум  мейман-

дары  2018-2020  жылдарға  арналған 

агроөнеркəсіптік  кешен  саласындағы 

ортақ технологиялық міндеттерді бір-

лесе  шешудің  жұмыс  жоспары  жəне 

аграрлық  сектордағы  қуат  үнемдеу 

технологиясы мен баламалы қуат көз-

дерінің  келешегін  талқылады. 

Ауыл шаруашылығы министрінің 

бірінші  орынбасары  Қ.Айтуғанов 

С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агро-

техникалық  университеті  ұйымдас-

тырған  жиынның  аграрлық  ғылым 

мен  білім  саласындағы  маңызы  зор 

екендігін  айтса,  Парламент  Мəжілісі 

Аграрлық мəселелер жөніндегі коми-

тетінің  төрағасы,  Мəжіліс  депутаты 

С.Омарханов  басқо судың  халы-

қ а р а л ы қ   ЭКСПО  көрмесіне  сəй-

кес  келгеніне  тоқталып,  универси-

тет  базасында  Солтүстік  жəне  Орта-

лық  Қазақстанның  интеллектуалдық, 

инфрақұрылымдық  əлеуетін  бірікті-

ру  нақты  технологиялық  жетістік-

терге  қол  жеткізетіндігін  атап  өтті.  

С.Сейфуллин  атындағы  ҚазАТУ  рек-

торы А.Күрішбаев аграрлық ғылымның 

даму бағыттары жөнінде баяндама жа-

сады. Ректор аталған альянстың техно-

логия  трансферті  мен  біліми  жəне  ғы-

лыми  тəжірибелер  алмасудың  таптыр-

мас бірегей алаңы екенін, əріптестіктің 

өзге  тетіктерін  қоса  есептегенде,  аль-

янс  мүшелерінің  бірлесе  жұмыс  істеуі 

Жер шарының үштен бір бөлігіне өзара 

ауыл шаруашылығы инновацияларымен 

алмасуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Ал  Қытайдың  Солтүстік-Батыс 

Ауыл жəне орман шаруашылығы уни-

верситетінің ректоры Суи Чишин қа-

зақстандық  жоғары  оқу  орындары-

мен  əріптестіктің  өзектілігіне  тоқ-

талды.  «Ауа  райы  мен  жер  жағда-

йының  ұқсастығы  ауыл  шаруашы-

лығы ғылымының барлық саласында 

байланыста  болуға  жол  ашады.  Күш 

біріктіріп,  бірлесе  жұмыс  істеу  аг-

роөндірістік  секторда  технологиялық 

трансфертке қол жеткізуге, аймақтың 

азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

етуге  мүмкіндік  береді»,  –  деді  қы-

тайлық  маман.  Форумның  негізгі  нə-

тижелерінің бірі – Қазақстан, Қытай, 

Ресей  елдерінен  тағы  10  жоғары  оқу 

орнын қабылдау туралы меморандум-

ға қол қоюы. Олардың арасында Гуан-

си  ауыл  шаруашылығы  ғылымдары 

академиясы,  Шыңжаң  экология  жəне 

география институты (ҚХР), Тимиря-

зев атындағы Ресей мемлекеттік аграр-

лық  университеті,  Приморье  мемле-

кеттік ауыл шаруашылығы академия-

сы,  Оңтүстік  Орал  мемлекеттік  уни-

верситеті (РФ), Ш.Уəлиханов атында-

ғы  Көкшетау  мемлекеттік  универси-

теті, Қорқыт ата атындағы Қызылор-

да  мемлекеттік  университеті,  Жəңгір 

хан атындағы Батыс Қазақстан аграр-

лық-техникалық  университеті,  Қозы-

баев  атындағы  Солтүстік  Қазақстан 

мемлекеттік  университеті  жəне  Кас-

томану  университеті  (Түркия)  бар. 

Сонымен  қатар,  шетелдік  деле-

гация  өкілдері  Қазақстан-Қытай  аг-

роинженерлік  орталығында  болып, 

университеттің ет-сүт өнімдерін өнді-

ретін  цех  жұмысына  жоғары  баға 

берді.  ҚазАТУ  ректоры  қонақтарға 

университеттің агроөнеркəсіп кешені 

бойынша батыстық үлгідегі ғылыми-

зерттеу орталығына айналатындығын 

жеткізді. Ректордың айтуынша, Кали-

форниядағы  Дэвис  университетінің 

ұсынысы  негізінде  дайындалған  Қа-

зАТУ  даму  бағдарламасы  трансфор-

мациялауға  қажетті  барлық  өзгеріс-

терді  қамтиды. 

Мұнымен  қоса,  қонақтар  Қытай, 

Ресей,  Беларусь,  Германия  елдерін-

дегі əріптестердің қатысуымен құрыл-

ған ғылыми-зерттеу кампусы мен бір-

лескен орталықтардың жəне қытайлық 

серіктестердің  қолдауымен  жақында 

ашылатын  ветеринарлық  зертхананың 

жұмысымен танысты. Зертхана Қытай-

ға экспортталатын ет өнімдерінің сапа-

сын  бағалауға  жағдай  жасайды.  Ауыл 

шаруашылығы  министрлігінің  болжа-

мы  бойынша,  Қытайға  шығарылатын 

ет  экспортының  көлемі  жыл  сайын  30 

мың  тонна  сиыр,  360  мың  тонна  қой 

етін құрамақ. 

Екі  тараптың  мұнан  да  өзге  жос-

парлары жетерлік. Мəселен, Астанада 

түрлі  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін 

өсіру  үшін  елімізде  қандай  агротех-

нологияны қолдануға болатынын бір-

лесе  зерттеуге  мүмкіндік  беретін  ор-

ганикалық ауыл шаруашылығы өнім-

дерін сертификаттауға арналған зерт-

хана  ашу  көзделіп  отыр. 



Анар  БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Базбіреулер  бесінші  келіссөздер 

жемісті болған жоқ деп жалаулатып-

ақ жатыр. Шамасы, алты жылдан бері 

соғыс  өртіне  оранған  мемлекеттегі 

мүддесі  əр  қилы  топтардың  бəрін 

ымыраға  келтіруді  оңай  іс  көрсе  ке-

рек.  Шынын  айтсақ,  қарулы  топтар-

дың  серкелері  далалық  полигон  ке-

бенектерін тастап, иықтарына бейбіт 

кезеңнің киімін киіп, соғыс майданы-

нан үш жарым мың шақырым жерде 

жатқан  қазақ  даласына  арнайы  ке-

луінің  өзі  орасан  қажыр-қайрат  пен 

мүлтіксіз  дипломатиялық  өнерді  қа-

жет  ететін  еңбек.  Себебі  соңғы  екі 

жылда БҰҰ мұрындық болуымен Же-

нева қаласында алты кездесу өткенін 

білеміз,  бірақ  бұл  келіссөздердің 

кейбірі кейін қалдырылып, кейбірінде 

қатысушылардың саны кемшін түсіп, 

ортақ  мəмілеге  келудің  сəті  түспеді. 

Оның үстіне, Астана келіссөздерінің 

бір артықшылығы – мұндағы əңгіме-

ге ресми билік өкілдерімен бірге си-

риялық қарулы оппозицияның басшы-

лары  араласты,  ал  Женевада  төрелік 

айтуға  көбіне  Асад  үкіметінің  адам-

дары  таласқан  еді.  Сондықтан  аста-

налық келіссөздердің арқасында сіре-

се қатқан мұз көбесі сөгілді, сең қоз-

ғалды  деп  айтуға  негіз  бар.  Осы  се-

бепті  азуын  Айға  білеген  АҚШ  бұл 

процестен тыс қалудың тиімсіз екенін 

мойындап,  əуелі  бақылаушы  ретінде 

қатысып,  енді  екіжақты  кездесулер-

де  астаналық  келіссөздердің  барысы 

мен бүгінгі нəтижелерін талдауға құ-

лық  танытып  отыр. 

Сирия  мəселелері  жөніндегі  Ас-

танадағы  бесінші  келіссөздердің  нə-

тижесін  іле-шала  Қазақстан  мен  Ре-

сей мемлекет басшылары телефон ар-

қылы  өзара  əңгімелескенде  талдады. 

Одан соң бұл тақырып Ресей мен АҚШ 

президенттерінің  тұңғыш  кездесуі  ба-

рысында  тағы  қозғалды. 

Сонымен,  бесінші  келіссөздердің 

нақты  нəтижесі  не?  Біріншіден,  оқ 

атылмайтын  төрт  аумақтың  шекара-

сын  бекіту,  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

ету  сияқты  мəселелер  əлі  де  пысық-

тай түсуді қажет етеді. Себебі бұл үшін 

Асад үкіметі мен қарулы оппозициялық 

топтармен  қоса,  Сириядағы  майданға 

араласып отырған мемлекеттердің бар-

лығы ортақ мəмілеге келуі тиіс. Бұған 

дейінгі мамыр айындағы кездесуде бұл 

төрт аймақтың Идлиб аймағы, Хомс қа-

ласының  солтүстігі,  Шығыс  Гута  мен 

Сирияның  оңтүстігінде  құрылатыны 

келісілген  еді.  Бірақ  деэскалация  ай-

мақтарының  нақты  шекарасын  бекіту 

оңай  іс  болмай  шықты.  Есесіне,  осы 

мəселелерді  талқылап,  ортақ  шешім 

қабылдау үшін бірлескен жұмыс тобы 

құрылатын болды. Бұл топ тамыз айы-

ҚАРУДЫ ҰСТАҒАННАН – ТАСТАҒАН ОҢАЙ

Астана келіссөзінің нәтижесі сириялықтарға зор үміт сыйлады

Астанада Сирия мәселелерін талқылаған бесінші келіссөздер 

өтті. Жыл басынан бері Еуразия төрінде ай аралатып өтіп 

жатқан ұзын-сонар процесс мұхиттың ар жағы мен бер 

жағының назарын түгел өзіне аудара бастады. Өткен аптада 

Үлкен жиырмалық басқосуы кезінде АҚШ президенті 

Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің 

бірінші кездесуіне арқау болған да осы тақырып: Сирия. 

Астана алаңқайы. Ғаламдық саясат.

Министрдің айтуынша, ол бағаның 

құрылымында  тауарды  Қазақстан-

ға  дейін  жеткізу,  кедендік  рəсім-

деу,  қауіпсіздігі  мен  сапасын  баға-

лау шығындары ескеріледі. Осыған 

дейін қандай да бір дəрінің тапшы-

лығы пайда болса, дəріханалар оның 

бағасын  бірден  200  пайызға  дейін 

көтеріп жіберген кездер де болған. 

Ал мемлекет бекіткелі отырған «тір-

келген  баға»  дəріхана  қожайында-

рын мұндай мүмкіндіктен айырады. 

Қазіргі уақытта дəрілердің бағасын 

мемлекеттік реттеуге қатысты тиісті 

заң жобасы қоғам талқылауына са-

лынды . Ол биылғы жылдың қыркү-

йегінде Мəжілістің қарауына енгізі-

леді жəне жыл соңына дейін күші-

не  енуі  мүмкін.  Талқылауды  қоры-

тындылаған  Үкімет  басшысы  Ден-

саулық сақтау министрлігіне «Ата-

мекен»  кəсіпкерлер  палатасы  жəне 

фармацевтикалық  қоғаммен  бірге, 

дəрі-дəрмек бағаларын реттеу жəне 

қалыптастыру тетіктері мəселелерін 

пысықтауды  тапсырды.

Жиынды  қорытындылаған  тақы-

рып  –  əлеуметтік  маңызы  бар  азық-

түлік тауарларының бағасын тұрақтан-

дыру. Бұл мəселе бойынша Ұлттық эко-

номика  министрі  Тимур  Сүлейменов 

баяндама жасады. «Жасалған меморан-

думдар аясындағы министрліктер мен 

əкімдіктердің бірлескен жұмысы əлеу-

меттік маңызы бар азық-түлік тауарла-

рына  тұтынушылық  баға  индексінің 

өсу  қарқынын  қаңтар-наурыздағы  1,2 

пайыздан сəуір мен мамыр айларында 

0,6 пайыздан 0,9 пайызға дейін төмен-

детуге  мүмкіндік  берді.  Алайда  мау-

сымда бұл көрсеткіш 1,9 пайызға дейін 

артқаны байқалуда», – деді өз сөзінде 

Тимур  Сүлейменов.  Сондай-ақ,  Ауыл 

шаруашылығы бірінші вице-министрі 

Қайрат  Айтуғанов  тұрақтандыру  қор-

ларының  жұмысы  жөнінде  ақпарат 

берді.  Оның  сөзінше,  қазіргі  уақытта 

пияз,  картоп,  қырыққабат,  сəбіз  сияқ-

ты əлеуметтік маңызы бар азық-түлік 

өнімдерінің  бағасын  ұстап  тұру  үшін 

əрбір облыста тұрақтандыру қоры құ-

рылған. Сол арқылы жыл сайын атал-

ған тауарлар сатып алынып, тапшылық 

кезінде  арзан  бағамен  нарыққа  шы-

ғарылады.  Ал  бұл  өз  кезегінде  баға-

ны қымбаттатпауға мүмкіндік береді. 

Жиын  соңында  Премьер-ми-

нистр Бақытжан Сағынтаев əкімдік-

терге  əлеуметтік  маңызы  бар  азық-

түлік  тауарларының  бағаларын  тұ-

рақтандыру  бойынша  жұмысты  кү-

шейту жөнінде тапсырма берді. Ал 

Ұлттық  экономика  жəне  Ауыл  ша-

руашылығы министрліктеріне баға-

лар  қозғалысына  тұрақты  монито-

ринг  жүргізуді  қамтамасыз  ету  мін-

деті жүктелді. 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал